Пән: Ағылшын тілі Тақырыбы: «Түстер әлемінде» Мақсаты



бет1/3
Дата25.08.2017
өлшемі251,19 Kb.
#25878
  1   2   3
Павлодар қаласы

33 «Ақ бота» сәбилер бақшасы

Касимова Анаргуль Адыловна

Ағылшын тілі пәні мұғалімі

2,5 жыл

Білім беру саласы: Қатынас

Пән: Ағылшын тілі

Тақырыбы: «Түстер әлемінде»
Мақсаты: Ағылшын тілінде түстерді атауын үйрету.
Міндеттері: 1. Білімділігі: Ағылшын тілінде түстерді атап беруге үйрету,

ажырату, қазақ тілімен салыстыру.

2. Дамытушылығы: ағылшын тіліндегі дыбыстарды дұрыс

шығару, сөздерді дұрыс, нақты айту, зейінді тұрақтандыру, шапшаң ойлауды дамыту, сөз қорын байыту.

3. Тәрбиешілігі: Шет тіліне деген қызығушылықтарын арттыру, балалардың арасында сыйластық, бір біріне деген құрмет сезімін қалыптастыру.
Әдіс – тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ – жауап, мнемосызба әдісі арқылы тақпақ үйрету.
Көрнекі құралдар: түстердің(қызыл,көк,сары,жасыл,тоқсары) суреттері, мнемосызба, «Спот» ит ойыншығы, тақта, үнтаспа мен магнитафон, доп, теледидар, слайдтар,қағаздан жасалған гүл, қарандаштар, жемістер(алма,апельсин,алмұрт,банан), жасанды шырша, шырша ойыншықтары (бала санына қарай), шарлар.
Сөздік жұмыс: жаңа сөздерді енгізу red, blue, yellow, green, orange,

«I like» сөз тіркесі.


І. Кіріспе. Амандасу. (Greeting)

Мұғалім балалармен амандасады.

- Good morning children!

Балалар мұғаліммен ағылшын тілінде тақпақ түрінде амандасады.

-Good morning, good morning

Good morning to you!

Good morning, good morning,

I’m glad to see you!



Шаттық шеңбер.

  • Балалар, бізге қонаққа «Спот»келді.

  • Ол бізбен бірге танысқысы келеді. Қане бәріміз шеңберге тұрайық. Доппен ойнап өз атымызды ағылшын тілде атап берейік (балалар шеңберге тұрып, мұғалім допты әр балаға лақтырып сұрайды:

  • «What's your name?» Сенің атың кім?

  • Балалар жауап береді: My name is...»Менің атым...)



Фонетикалық жаттығу

  • - Балалар, «Спот» өте қуанышты. Ол бізге бір хат әкелді. Қане көрейік, бұл хатта не жазулы екен. Онда бір тақпақ бар екен. Ол тіл туралы.

Ал, енді тілдерімізді жаттықтырайық.

- «Терезесі жоқ үйде тіл өмір сүріпті

Ағылшын тілінде біраз сөйлепті

Таңертең жаттығу жасап [ а/b/]

Төсек орнын жинап

Тісін тазалап [θ - ә] үй жинап, Есікті ашатын [р/w] .





ІІ. Негізгі бөлім

Балалар мен сендерге жемістер және олардың түстері туралы ертегі айтып берейін.



Түстерге байланысты ертегі.

Ерте, ерте,ертеде жемістердің түстері ақ болған екен. Бір күні жаңбырдан кейін аспанда кемпірқосақ пайда болыпты. Кемпірқосаққа қызыққан апельсин үстіне шығып сары түстің үстімен сырғанап түседі. Оны көрген басқа жемістер де сырғанай бастайды. Сөйтіп алмұрт – жасыл, апельсин – сары, алма - қызыл түске боялады, кешке үйлеріне қайтып келгенде сары түске боялған апельсинді лимон деп мазақ етеді, ашуланып ұялған апельсин қызыл түстің үстімен сырғанап қазіргі түсіне боялады.



Мұғалім балаларға жемістерді көрсетіп, қандай жеміс екенін балалардан сұрайды.

  • What is it? Мынау не?

  • It's apple, orange, pear, banana.

  • Бұл алма, апельсин, алмұрт, банан.

Мұғалім балалардан жемістердің қандай түсті екенін сұрайды. Балалар қазақ тілінде жауап береді де, мұғалім сабақтың тақырыбын, мақсатын балаларға айтып береді, балалармен түстер туралы әңгімелейді.

Мұғалім бес түстердің суреттерін көрсетіп, түстерді атап береді. Балалар мұғалімнің артынан бірнеше рет қайталайды.



  • red – қызыл

  • green – жасыл

  • blue- көк

  • yellow – сары

  • orange – тоқ сары


Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет