Пән: қазақ тілі. 2сынып Тақырыбы: Мәтін түрлері



Дата27.12.2016
өлшемі26,31 Kb.
#6004
Пән: қазақ тілі . 2сынып

Тақырыбы: Мәтін түрлері

Мақсаты: Мәтін құрастыру, негізгі идеясын; ондағы негізгі ойды анықтау арқылы мәтінге жоспар құру; құрылған жоспар бойынша мәтін құрастыруды үйрету.
Күтілетін нәтиже: берілген жоспар, суреттер бойынша және белгілі бір жағдайға байланысты әңгіме құрау.
Сабақтың әдісі: «Араласып кеткен оқиғалар», «Авторға сұрақ қою», «Әңгімені бірлесе жазу» стратегиялары.

Психологиялық дайындық
Біз әдепті баламыз,
Біз ерекше боламыз.
Қонақтарды көргенде:
Сәлеметсіздер ме! – деп
Сәлемдесіп аламыз.
Геометриялық фигураларға жазылған сандарға байланысты топқа бөлу
Ой - толғаныс.
- «Менің мысығым» тақырыбына жазған мәтіндерін тыңдау

Жаңа сабақ
Қызығушылығын ояту
«Араласып кеткен оқиғалар» стратегиялары бойынша жұмыс істеу шағындау мәтін таңдап алынады. Мәтін бір бет қағазға жазылады, бөлімдер бойынша бірнеше бөлікке бөлініп қырқылады. Ол бөліктер партаның бетіне орындарын ауыстырып, араластырып, жайылып қойылады. 
Оқушылар осы мәтіннің бөліктерін оқып, мазмұнына қарай тауып құрастырады. Әр топқа құраған мәтіннің мазмұнын айтқызуға болады.
Содан кейін осы мәтіннің әр бөлігіндегі негізгі ойды тауып, бір сөйлеммен жазу тапсырылады. Әр топтың жазғанын тыңдай келе, ішінен біреуі таңдап алынып, тақтаға жазылады. Міне, осылайша мәтін жоспарын құру дағдыларын қалыптастыру көзделеді.

Кіріспе.
Мағынаны тану кезеңі
1 - жаттығу. 49 бет
Мәтінді оқы. Мәтіндегі абзацтардың орны ауысқан. Абзацтарды дұрыс орналастыр.
1. Ботаның орамалын ұмытуы
2. Орамалын тауып алуы
3. Ұмытшақтығына ұялуы
2 - жаттығу 50 бет
Сөйлемдерді оқып, қандай қате жіберілгенін табу.
Құстарды қорғау керек, өйткені олар біздің қанатты достарымыз.
Көлдің жағасында балықшылар отыр.
Құстар күзде жылы жаққа ұшып кетеді.
Бұзау өрістен келе жатқан енесін көріп, мөңіреді.

Сергіту сәті.
Ой қорыту:
«Әңгімені бірлесе жазу» стратегиясы былай жүзеге асырылады. Әртүрлі тақырып жазылған бірнеше карточка болады, әр топ бір - бір тақырыпты таңдап алады.
Алдымен топ мүшелері тақырып бойынша қандай идеялар қамтылатынын топтастыру арқылы жазады.
Оқиға желісін анықтап алғаннан кейін, 1 - оқушы мәтіннің басталуын (кіріспе бөлім) жазады, 2 - оқушы болған оқиғаны жазады, яғни негізгі мәселеге тоқталады, 3 - оқушы мәтінді аяқтайды (қорытынды бөлім), 4 - оқушы оқиғаға өз көзқарсын білдіреді.
Өзін - өзі бағалау, жұптық бағалау, бағалау парағы арқылы бағалау
Каталог: uploads -> doc -> 0fb0
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0fb0 -> Сабақ Тақырыбы: Жақсылық- жан азығы Құндылық: Дұрыс әрекет
0fb0 -> Сабақтың тақырыбы: Өткен материалды бекіту сабағы. Сілтеме: Жоспар, 2 сынып әдістемесі
0fb0 -> Сабақ: Тақырыбы: «Ацетилен көмірсутектері немесе алкиндер»
0fb0 -> Сабақ: Музыка Мектеп: №19 Тақырыбы: Әлияны әлемге паш еткен Роза Рымбаева
0fb0 -> Сыныбы 4 Әдебиеттік оқу Тақырыбы: Жазғытұрым. Мағжан Жұмабаев Сабақтың мақсаты
0fb0 -> Сабақ «0» а сыныбы Пән: Көркем әдебиет 15. 12. 2015ж
0fb0 -> Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектерге амалдар қолдану Сабақ мақсаты
0fb0 -> Сабақ Сабақтың тақырыбы: Дөңес төртбұрыш. Көпбұрыш. Сабақтың мақсаты: Дөңес төртбұрыштың қасиеттерін зерттеуде оқушылардың танымдылық ой-өрістерін кеңейту


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет