Пән бойынша оқыту бағдарламасының титулды парағы (Syllabus)



Дата17.06.2018
өлшемі230,5 Kb.
#42868

Пән бойынша оқыту бағдарламасының титулды парағы (Syllabus)




Нысан

ПМУ ҰС 7.18.3/37



Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі


С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Тарих және құқық факультеті
Әлеуметтану және саясаттану кафедрасы

пән бойынша оқыту бағдарламасы

(Syllabus)
«Әлемдік саясат және халықаралық қатынастар»
пәні бойынша
5В050200 «Саясаттану» мамандығы студенттеріне арналған

Павлодар



1 Оқытушы туралы мәлімет:
Артықбаева Гүлжан Тұрыспекқызы – «Әлеуметтану және саясаттану» кафедрасының аға оқытушысы (дәріс, тәжірибе, СМӨЖ)

Кафедрадағы қабылдау уақыты: дүйсенбі 11.00 – 11.30, кабинет № 429, телефоны 67-36-87 (ішкі номері 11-24)


2 Пән туралы мәлімет:

Пән 5В050200 «Саясаттану» мамандығы студенттеріне арналған және 1 семестр бойы оқытылады. Көлемі 3 кредит – 30 сағат дәріс, 15 сағат тәжірибе және 90 сағат өзіндік жұмыс, соның ішінде СМӨЖ – 22,5 сағат жоспарланған.


3 Пәннің жұмыс көлемі


Семестр

Кредиттер саны

Аудиториялық сағаттар түрлері бойынша контактілік сағаттар саны

Студенттің өзіндік жұмысының сағаттар саны

Бақылау түрлері

барлығы

дәр

тәж

лаб

студ

инд

барлығы

СӨЖ

6

3

135

30

15

-

-

-

135

90

емтихан

Барлығы




135

30

15

-

-

-

135

90

емтихан


4 Пәннің мақсаты:

Пән студенттерді қазіргі әлемдік дамудың негізгі тенденцияларымен таныстыруға, оның қозғаушы күштерін көрсетуге, жаңа халықаралық жағдайдың отандық және батыстық еңбектерде бейнеленуін ескере отырып қалыптасу үрдісімен таныстыруға арналған.

Пәннің мақсаты қазіргі замандағы халықаралық қатынастар туралы, әлемдік саясаттың негізгі мәселелері мен аспектілері туралы жүйелі көзқарастарды қалыптастыру болып табылады
Пәннің міндеттері:

- қазіргі халықаралық қатынастардың негізгі бағыттарын анықтау;

- қазіргі халықаралық қатынастардың ұғымы, мәні, құрылымы туралы білімдерді қалыптастыру;

- қазіргі заманның қауіптерін зерттеу;

- әлемдегі қауіпсіздік және қарулануды бақылау мәселелерін ашу;

- қазіргі замандағы бейбітшілікті реттеу үрдістерін зерттеу;

- қазіргі халықаралық қатынастардың мәселелерін талдау және оларға объективті баға беру дағдыларын қалыптастыру.

5 білімдер мен дағдыларға қойылатын талаптар
Осы пәнді игеру нәтижесінде студенттердің көзқарасы қалыптасуы керек:


  • Әлемдік саясат пен халықаралық қатынастар теорияларының негіздері мен әдістері туралы көзқарастар;

  • Халықаралық қатынастардың ғылым ретінде қалыптасуы мен дамуы, ғылыми мектептердің ерекшеліктері туралы көзқарастар;

  • Ғаламдану жағдайындағы әлемдік саясаттың ерекшеліктері туралы көзқарастар;


Білу:

  • Әлемдік саясаттың тарихы мен теориясын, оның негізгі бағыттарын;

  • Халықаралық қатынастардың жаңа құрылымын және жаңа әлемдік тәртіптің қалыптасуын.


Істей алу:

  • Алынған білімдерді кәсіби іс-әрекетте қолдану;

  • Оларды өзгеріп жатқан саяси шындыққа бейімдеу;

  • Қазіргі саяси үрдістерді реттеу тәсілдері туралы көзқарасқа ие болу;

  • Халықаралық қақтығыстардың себептерін анықтап, талдай білу.


6 Пререквизиттер:

Пәнді меңгеру келесі пәндерді меңгеру барысында алынған білімдерге негізделеді: философия, саясат теориясы, қолданбалы саясаттану, халықаралық қатынастар теориясы, саяси әлеуметтану, экономикалық теория негіздері.


Постреквизиттер:

Осы пәнді меңгеру барысында қалыптасқан білімдер мен дағдылар келесі пәндерді меңгеруге қажетті: саяси технологиялар, ҚР ұлттық қауіпсіздігі.



Пәннің тақырыптық Нысан

жоспары ПМУ ҰС 7.18.2/07


7 Пәннің мазмұны


7.1 Пәннің тақырыптық жоспары (оқыту түрі- күндізгі)




П/п

Тақырыптың атауы

Сағаттар саны

Дәріс

Тәжір.

СӨЖ

1

2

3

4

5

1

Әлемдік саясат және халықаралық қатынастар зерттеу объектісі ретінде

2

1

6

2

Халықаралық қатынастар мен сыртқы саясат мәселелері әлеуметтік-саяси ойдың тарихында

2

1

6

3

ХХІ ғасырдағы мемлекеттер жүйесі және оның жаңа сипаттамалары

2

1

6

4

Биполярлықтың құлдырауынан кейінгі халықаралық құрылым. Халықаралық құрылымның қазіргі концепциялары

2

1

6

5

Демократизация 90 жж. әлем-жүйелік өзгерістердің факторы ретінде

2

1

6

6

Әлемдік саясаттағы сепаратизм мен интеграция

2

1

6

7

Қазіргі халықаралық қатынастардағы «Үшінші әлем»

2

1

6

8

Әлем-жүйелік реттеудің жаңа құралдары. Халықаралық қатынастардағы күш қолданудың моральдық шектеушілері. Қазіргі халықаралық қатынастардағы интеллект және құқық

2

1

6

9

Әлемдік саясаттағы қазіргі Батыс

2

1

6

10

Қауіпсіздіктің жаңа түрлері және халықаралық қақтығыстықтың бастаулары

2

1

6

11

Қазіргі халықаралық қатынастардағы қауіпсіздік тәртіптері

2

1

6

12

Халықаралық қатынастардағы халықаралық ұйымдар

2

1

6

13

Халықаралық саясаттағы қару-жараққа бақылау орнату және қарусыздану мәселесі

2

1

6

14

Біртұтас ақпараттық-телекоммуникациялық кеңістіктің қалыптасуы

2

1

6

15

Еуразиялық интеграцияның қазіргі жағдайы

2

1

6




Барлығы

15

15

90

7.1.2 Дәріс сабақтарының мазмұны
1 тақырып Әлемдік саясат және халықаралық қатынастар зерттеу объектісі ретінде

1 «Әлемдік саясат», «халықаралық қатынастар», «сыртқы саясат», «геосаясат», «қауіпсіздік», «қақтығыс», «тоқырау» категорияларының арақатынасы.

2 Халықаралық қатынастардың заңдылықтары.

3 Халықаралық қатынастар теориясы әлеуметтік-саяси ғылымдар құрылымында.



4 Халықаралық қатынастарды зерттеу әдістері.
2 тақырып Халықаралық қатынастар мен сыртқы саясат мәселелері әлеуметтік-саяси ойдың тарихында

1 Ежелгі дүниедегі саяси ойдың сыртқы саяси концепциялары.

2 Қайта өрлеу және

3 Жаңа заман саяси ойындағы халықаралық қатынастар туралы реалистік көзқарастардың пайда болуы мен дамуы. Халықаралық саясаттың либералды концепциясының генезисі.

4 Саяси реализм және саяси либерализм.
3 тақырып ХХІ ғасырдағы мемлекеттер жүйесі және оның жаңа сипаттамалары

1 Қазіргі халықаралық қатынастардың ұғымы мен мәні.

2 Халықаралық қатынастардың мемлекеттік емес субъектілері.

3 Мемлекетаралық бірлестіктердің ролі.


4 тақырып Биполярлықтың құлдырауынан кейінгі халықаралық құрылым. Халықаралық құрылымның қазіргі концепциялары

1 Биполярлықтың құлдырауының негіздері және оның нәтижелері.

2 Көпполярлы және биполярлы құрылымдардың мықты және әлсіз тұстары.

3 К. Дойч пен Д. Сингердің, Дж. Гэддис пен К. Уолцтың көзқарастары.

4 «Аралас құрылым»теориясы (А.Тонак)
5 тақырып Демократизация 90 жж. әлем-жүйелік өзгерістердің факторы ретінде

1 90 жж. халықаралық жүйе мемлекеттерінің ішкі эволюциясы факторлары.

2 «Шығыс – Батыс» өзара идеялық-стратегиялық қарсыласуының құлдырауының себептері мен ерекшеліктері.

3 Демократизацияның аймақтық ерекшеліктері (Шығыс Еуропа, бұрынғы КСРО, Оңтүстік Африка, Латын Америкасы, Азия).

6 тақырып Әлемдік саясаттағы сепаратизм мен интеграция

1 Ұлттардың өзін-өзі анықтауы және оның 90 жж. түсіндірілуі.

2 Ұлттар мен мемлекеттер: идентификация қақтығыстары.

3 Қазіргі замандағы интеграциялық тенденциялардың перспективалары.


7 тақырып Қазіргі халықаралық қатынастардағы «Үшінші әлем»

1 Экономикалық ғаламдану тұрғысынан Солтүстік пен Оңтүстіктің бөлінуі мәселесі.

2 «Модернизация» және «тәуелділік» концепциялары.

3 Даму мәселесінің қазіргі кездегі жағдайы. Дамудың технократиялық үлгісі және «Үшінші әлем» ресурстары мәселелері.


8 тақырып Әлем-жүйелік реттеудің жаңа құралдары. Халықаралық қатынастардағы күш қолданудың моральдық шектеушілері. Қазіргі халықаралық қатынастардағы интеллект және құқық

1 Дипломатия мен дипломатиялық механизмдердің қазіргі ролі.

2 Әлем-жүйелік реттеудің негізгі органдары. БҰҰ және «Жетілік тобы».

3 Сыртқы саясат пен халықаралық қатынастарды аналитикалық қамтамасыз ету.


9 тақырып Әлемдік саясаттағы қазіргі Батыс

1 Алып мемлекеттердің әлемдік саясаттағы ролі.

2 АҚШ - экономика, саясат және әскери салаларда әлемдік көшбасшы.

3 Халықаралық қатынастардың Батыстық және Батыстық емес секторлары.


10 тақырып Қауіпсіздіктің жаңа түрлері және халықаралық қақтығыстықтың бастаулары

1 Қауіпсіздік түсінігі, тарихи эволюциясы, принциптері.

2 Ғаламдану және халықаралық қауіпсіздік.

3 Қауіпсіздіктің аймақтық деңгейдегі жаңа дәстүрлі емес аспектілері.


11 тақырып Қазіргі халықаралық қатынастардағы қауіпсіздік тәртіптері

1 Қауіпсіздік түсінігінің 90- жылдардағы эволюциясы.

2 Экологиялық, әлеуметтік, энергетикалық қауіпсіздік.

3 Ұлттық мүдде. Ұлттық қауіпсіздік қатері.


12 тақырып Халықаралық қатынастардағы халықаралық ұйымдар

1 Үкіметаралық ұйымдар, қызметі, әлемдік саясаттағы орны мен ролі.

2 Экономикалық ұйымдар мен топтар.

3 НАТО құрамы мен ықпал ету аймағының ұлғаюы: геосаяси тепе-теңдіктің бұзылуы.

13 тақырып Халықаралық саясаттағы қару-жараққа бақылау орнату және қарусыздану мәселесі.

1 Қару-жараққа бақылау орнатудың жолдары, құралдары және әдістері.

2 Қару жараққа бақылау орнатудың халықаралық құқықтық нормалары.

3 Технология және қазіргі кезеңдегі ӘӨК (ВПК) дағдарысы.


14 тақырып Біртұтас ақпараттық-телекоммуникациялық кеңістіктің қалыптасуы

1 Мәдени және ақпараттық ғаламдану.

2 Біртұтас ақпараттық-телекоммуникациялық кеңістік.

3 Бұқаралық ақпарат құралдарының әлемдік саясатқа ықпалы.


15 тақырып Еуразиялық интеграцияның қазіргі жағдайы

1 Еуразиялық интеграция және ТМД.

2 Еуразиялық геосаяси және экономикалық кеңістік.

3 Қазақстан еуразиялық өркениеттің ядросы ретінде



7.1.3 Тәжірибе сабақтарының мазмұны


  1. тақырып 1 Әлемдік саясат және халықаралық қатынастар зерттеу объектісі ретінде

1 «Әлемдік саясат», «халықаралық қатынастар», «сыртқы саясат», «геосаясат», «қауіпсіздік», «қақтығыс», «тоқырау» категорияларының арақатынасы.

2 Халықаралық қатынастардың табиғаты.

3 Мемлекет халықаралық қатынастардың басты акторы ретінде.

4 Халықаралық қатынастардың негізгі мәселелері.




  1. Тақырып 2 Халықаралық қатынастар мен сыртқы саясат мәселелері әлеуметтік-саяси ойдың тарихында

1 Халықаралық қатынастар туралы реалистік көзқарастардың пайда болуы мен дамуы.

2 Халықаралық саясаттың либералды концепциясының генезисі.

3 Марксизм және халықаралық қатынастар.

4 Саяси идеализм.




  1. Тақырып 3 ХХІ ғасырдағы мемлекеттер жүйесі және оның жаңа сипаттамалары

1 Халықаралық жүйелердің тарихи түрлері және оның қазіргі түрінің қалыптасуы.

2 Мемлекеттер, ұлттық мемлекеттер және империялар.

3 Шағын мемлекеттер мәселелері.

4 Мойындалмаған мемлекеттер.




  1. Тақырып 4 Биполярлықтың құлдырауынан кейінгі халықаралық құрылым. Халықаралық құрылымның қазіргі концепциялары

1 Халықаралық қатынастар табиғатының қазіргі құрылымын талдау критерийлері.

2 Полярлықтың қазіргі концепциялары.

3 Қазақстанның сыртқы саяси артықшылықтарын қалыптастырудағы халықаралық қатынастардың қазіргі құрылымын талдаудың ролі.


  1. Тақырып 5 Демократизация 90 жж. әлем-жүйелік өзгерістердің факторы ретінде

1 Құндылықтар конвергенциясы және оның шектері.

2 Демократизацияның жалпы әлемдік салдары.

3 Халықаралық қоғамның әлемдік қоғамға айналуы концепциясының қазіргі анықтамалары.


  1. тақырып 6 Әлемдік саясаттағы сепаратизм мен интеграция

1 Жаңа мемлекеттерді мойындаудың критерийлері және шарттары.

2 Интеграция халықаралық қатынастардың ғаламдық тенденциясы ретінде

3 Интеграцияның қақтығыстықты тежеудің құралы ретіндегі ролі және шектеулілігі.


  1. Тақырып 7 Қазіргі халықаралық қатынастардағы «Үшінші әлем»

1 Экономикалық ғаламдану тұрғысынан Солтүстік пен Оңтүстіктің бөлінуі мәселесі.

2 Либералды экономикалық тәртіпті құру талпыныстары және «Үшінші әлем».

3 Дамудың демографиялық аспектілері.

4 Халықаралық миграцияның саяси аспектілері.

5 «Тұрақты даму» ұғымы және концепциялары.


  1. Тақырып 8 Әлем-жүйелік реттеудің жаңа құралдары. Халықаралық қатынастардағы күш қолданудың моральдық шектеушілері. Қазіргі халықаралық қатынастардағы интеллект және құқық

1 БҰҰ және «Жетілік тобы».

2 Сыртқы саясат пен халықаралық қатынастарды аналитикалық қамтамасыз ету.

3 Рим клубы.

4 Адамның әмбебап құқықтары және оларды қорғау.

5 Босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушылардың құқықтары мәселелері.


  1. Тақырып 9 Әлемдік саясаттағы қазіргі Батыс

1 АҚШ - экономика, саясат және әскери салаларда әлемдік көшбасшы.

2 Германия - Еуропадағы экономикалық және саяси көшбасшы.

3 Францияның, Ұлыбританияның, Италияның халықаралық қатынастардағы ролі.

4 Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдері қазіргі халықаралық саясат үрдісінде.

5 Американдық көшбасшылықтың перспективалары.


  1. Тақырып 10 Қауіпсіздіктің жаңа түрлері және халықаралық қақтығыстықтың бастаулары

1 Халықаралық, аймақтық, ұлттық және ғаламдық қауіпсіздік түсініктері. Ұжымдық қауіпсіздік мәселелері.

2 Қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі МАГАТЭ-нің ролі.

3 Күшті және әлсіз елдердегі қауіпсіздіктің ерекшеліктері.

4 Мәдени қауіпсіздік. Ақпараттық қауіпсіздік.

5 Ұйымдастырылған қылмыс. Халықаралық терроризм мәселесі.


  1. Тақырып 12 Халықаралық қатынастардағы халықаралық ұйымдар

1 Үкіметаралық ұйымдар - БҰҰ, ЕҚЫҰ, ЕО және т.б.

2 Экономикалық ұйымдар мен топтар.

3 Мемлекетаралық аймақтық бірлестік түрлері: ЕО, НАФТА, АТЭК, ОАЕ, ОЭС және т.б.

4 Халықаралық экономикалық ұйымдар және олардың Қазақстандағы қызметі.

5 Интерполдың халықаралық қылмыспен күресі. Еуропол аймақтық ұйым ретінде.


  1. Тақырып 13 Халықаралық саясаттағы қару-жараққа бақылау орнату және қарусыздану мәселесі.

1 Тыйым салынған қару-жарақтың түрлерін өндіру мен сақтау жөнінде ақпараттармен өзара және жедел алмасу.

2 Жаңа өзгерістер мен қорғаныс технологиясын жетілдіру.

3 Әскери технологиялар және қос мақсатты технологиялар - қақтығыстық потенциал.

4 Ресей, Қазақстан және ТМД-ның басқа да елдерінің НАТО елдерімен әскери-саяси байланыстарының тереңдей түсуі. ПРО, ДНЯО, ДВЗЯИ, ОВСЕ.




  1. Тақырып 14 Біртұтас ақпараттық-телекоммуникациялық кеңістіктің қалыптасуы

1 Коммуникацияның ғаламдық жүйелері. Интернет және әлемдік торап www (World wіde web).

2 “Ақпараттық соғыстар”.

3 Қоғамдық пікірді қалыптастырудағы ақпараттық-насихат қызметтердің, телевидения мен телевизиялық компаниялардың ролі.


  1. Тақырып 15 Еуразиялық интеграцияның қазіргі жағдайы

1 Ресейдің геосаяси жағдайы.

2 Ресей және Батыстың-“дәстүрлі емес қатерлердің” маңызын бағалаудағы әртүрлі тәсілдері.

3 Ресейдің ТМД елдерімен экономикалық ынтымақтасуының модельдері.

4 Еуроатлатикалық және еуразиялық аймақтардағы қауіпсіздік пен ынтымақтастықты нығайту шаралары.






7.2 Студенттің өзіндік жұмысының мазмұны
7.2.1 СӨЖ түрлерінің тізімі




СөЖ түрі

Есеп беру түрі

Бақылау түрі

Сағат бойынша көлемі

1

Дәріс сабақтарына дайындалу




Сабаққа қатысу

0,5*30=15

2

Тәжірибе сабақтарына дайындалу

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысу

2*15=30

2

Тәжірибе сабақтарына қатысу, үй тапсырмаларын орындау

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысу, ауызша жауап

1*15=15

3

Аудиториялық сабақтар мазмұнына енбеген материалдарды игеру

Материалдар конспектісі, кестелер құру, т.б.

Сабаққа қатысу, ауызша жауап

1*15=15

4

Межелгі бақылауға дайындық

Тест тапсыру нәтижесі

МБ 1, МБ 2

2*7,5=15

Барлығы:

90


7.2.2 өз бетінше оқып, үйренуге арналған тақырыптар


  1. Тақырып 1 Әлемдік саясат және халықаралық қатынастар зерттеу объектісі ретінде

Халықаралық қатынастардың заңдылықтары. Күш және билік халықаралық қатынастарды негізгі реттеуші құралы ретінде. Халықаралық қатынастардағы жағдайлар мен үрдістерді үлгілеу ерекшеліктері. Тарихи суреттеу және саяси суреттеу әдістері. Қолданбалы әдістер.

Ұсынылған әдебиеттер: [9, 6-14 бб.]




  1. Тақырып 2 Халықаралық қатынастар мен сыртқы саясат мәселелері әлеуметтік-саяси ойдың тарихында

Халықаралық қатнастарды теориялық жағынан ұғынудың концептуалдық негіздері. Классикалық бағыттар: (Н.Макиавилли, Т.Гоббс, Э.Деваттель, К.Клаузевиц). Идеалистік бағыт: (Ф.де Виториа, Г.Гроций, И.Кант). Либералдық интернационализм. Г.Дж.Моргентаудың саяси реализмі.

Ұсынылған әдебиеттер: [3, 25-38 бб.]




  1. Тақырып 3 ХХІ ғасырдағы мемлекеттер жүйесі және оның жаңа сипаттамалары

Халықаралық жүйелердің тарихи түрлері және оның қазіргі түрінің қалыптасуы. Ұлттық мемлекеттер және империялар. Жүйе ішілік қарама-қайшылықтардың өсуі. Көпұлтты корпорациялар және әлемдік саясаттағы трансұлттық мүдделер.

Ұсынылған әдебиеттер: [11, 14-20 бб.]




  1. Тақырып 4 Биполярлықтың құлдырауынан кейінгі халықаралық құрылым. Халықаралық құрылымның қазіргі концепциялары

Халықаралық қатынастар табиғатының қазіргі құрылымын талдау критерийлері. К. Дойч пен Д. Сингердің, Дж. Гэддис пен К. Уолцтың көзқарастары. «Аралас құрылым»теориясы (А.Тонак). Қазақстанның сыртқы саяси артықшылықтарын қалыптастырудағы халықаралық қатынастардың қазіргі құрылымын талдаудың ролі.

Ұсынылған әдебиеттер: [1, 45-54 бб.]




  1. Тақырып 5 Демократизация 90 жж. әлем-жүйелік өзгерістердің факторы ретінде

90 жж. халықаралық жүйе мемлекеттерінің ішкі эволюциясы факторлары. «Шығыс – Батыс» өзара идеялық-стратегиялық қарсыласуының құлдырауының себептері мен ерекшеліктері. Демократизация мен ішкі саясат және халықаралық тұрақтылық мәселелері.

Ұсынылған әдебиеттер: [1, 58-66 бб.]




  1. Тақырып 6 Әлемдік саясаттағы сепаратизм мен интеграция

Халықаралық қауымдастықтың жеке мемлекеттердегі өзін-өзі анықтау үрдістерін реттеудегі ролі. Интеграция халықаралық қатынастардың ғаламдық тенденциясы ретінде, оның қақтығыстықты тежеудің құралы ретіндегі ролі және шектеулілігі.

Ұсынылған әдебиеттер: [11, 47-55 бб.]




  1. Тақырып 7 Қазіргі халықаралық қатынастардағы «Үшінші әлем»

«Модернизация» және «тәуелділік» концепциялары. Көпжақты бірлестіктер негізіндегі Солтүстік пен Оңтүстік диалогы. Халықаралық қауіпсіздіктің табиғатты қорғау аспектілері.

Ұсынылған әдебиеттер: [12, 89-97 бб.]




  1. Тақырып 8 Әлем-жүйелік реттеудің жаңа құралдары. Халықаралық қатынастардағы күш қолданудың моральдық шектеушілері. Қазіргі халықаралық қатынастардағы интеллект және құқық

Қазіргі замандағы әлемдік реттеудің параллельдік құрылымдарының қалыптасуы. Аналитикалық ұсыныстарды жасау бойынша халықаралық орталықтар. Давостағы бүкіләлемдік экономикалық форум. Әйелдер құқықтары және қазіргі гендерлі мәселелер. Аз топтардың құқықтары. Мәдени құқықтар. «Мәдени плюрализм» және «мәдени-ұлттық автономия» концепциялары.

Ұсынылған әдебиеттер: [12, 48-58 бб.]




  1. Тақырып 9 Әлемдік саясаттағы қазіргі Батыс

Алып мемлекеттердің әлемдік саясаттағы ролі. Еуропалық Қауымдастық интеграцияның жаңа кезеңінде. Шенген аймағы. ЕО-дағы бейтарап мемлекеттердің позициялары. Халықаралық қатынастардағы жаңа әлеуметтік және саяси даму модельдері. Полицентризм моделі. “Мондиализм”, “еуропацентризм”, “еуразиялық”, “исламдық фундаментализм” доктриналарының идеологиялық теке-тіресі.

Ұсынылған әдебиеттер: [9, 28-39]




  1. Тақырып 10 Қауіпсіздіктің жаңа түрлері және халықаралық қақтығыстықтың бастаулары

Халықаралық қауіпсіздіктің негізгі ұстанымдары мен компоненттері. Халықаралық қауіпсіздіктің деңгейлері: жеке, топық, ұлттық, халықаралық. Қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі МАГАТЭ-нің ролі. Үрейлендіру ядролық қаруды қолданудың алдын алудың маңызды элементтерінің бірі ретінде.

Ұсынылған әдебиеттер: [13, 78-85 бб.]




  1. Тақырып 11 Қазіргі халықаралық қатынастардағы қауіпсіздік тәртіптері

Қауіпсіздік түсінігінің 90- жылдардағы эволюциясы. Американдық дәстүр. Еуропалық дәстүр. Ұлттық қауіпсіздік концепциясының анықтамасы. Ұлттық қауіпсіздік қатері.

Ұсынылған әдебиеттер: [13, 89-94 бб.]




  1. Тақырып 12 Халықаралық қатынастардағы халықаралық ұйымдар

БҰҰ-ның жаңаруы. БҰҰ қазіргі әлемде. Халықаралық сот жаңа жағдайларда. ЕҚЫҰ-ның жаңа функциялары. НАТО және Ресей: қатынастар мәселесі. Интерпол және Еуропол.

Ұсынылған әдебиеттер: [9, 88-105 бб.]




  1. Тақырып 13 Халықаралық саясаттағы қару-жараққа бақылау орнату және қарусыздану мәселесі

Әскери технологиялар және қос мақсатты технологиялар - қақтығыстық потенциал. Ресей, Қазақстан және ТМД-ның басқа да елдерінің НАТО елдерімен әскери-саяси байланыстарының тереңдей түсуі.

Ұсынылған әдебиеттер: [9, 106-115 бб.]




  1. Тақырып 14 Біртұтас ақпараттық-телекоммуникациялық кеңістіктің қалыптасуы

Ақпараттық төңкеріс. Әлемдік экономиканың өзгеру процесіндегі қазіргі заманғы ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар. Қоғамдық пікірді қалыптастырудағы ақпараттық-насихат қызметтердің, телевидения мен телевизиялық компаниялардың ролі.

Ұсынылған әдебиеттер: [10, 58-67 бб.]




  1. Тақырып 15 Еуразиялық интеграцияның қазіргі жағдайы

Ресей Еуропа кеңесінде. Ресейдің ТМД елдерімен экономикалық ынтымақтасуының модельдері. Еуразиялық интеграция және ТМД. Еуроатлатикалық және еуразиялық аймақтардағы қауіпсіздік пен ынтымақтастықты нығайту шаралары. ЕАО және ТМД-дағы интеграциялық процестер.

Ұсынылған әдебиеттер: [1, 11-18 бб.]




8 Әдебиеттер тізімі
Негізгі:


  1. Абдулпаттаев С. Халықаралық қатынастар және Қазақстанның сыртқы саясаты. Алматы: Қарасай, 2006

  2. Жамбылов Д. Саясаттану : оқулық – Өзгерiссiз 4-басылымы – Алматы : Жетi жарғы, 2008

  3. Көкебаева Г. Халықаралық қатынастар тарихы: Хрестоматия. 1-бөлім. 1918-1939жж. Алматы, 1997

  4. Нұрмағамбетов Ғ. Саясаттану негіздері : оқу құралы – Қарағанды :ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы, 2011

  5. Нұрымбетова Г. Саяси iлiмдер тарихы : оқу құралы – Алматы : Бiлiм, 2008

  6. Нұрымбетова Г.Р Салыстырмалы саясаттану : оқу құралы – Алматы : ҚазҰПУ, 2007

Қосымша:


  1. Арын Е. М. Орысша-қазақша түсiндiрме сөздiк. Әлеуметтану және саясаттану – Павлодар : ЭКО, 2006

  2. Нұрымбетова Г.Р. Саясаттану пәнiн оқытуда интерактивтi әдiстi қолдану : оқу құралы – Алматы : Өнер, 2008

  3. Ланцов С. А. Мировая политика и международные отношения. СПб., 2006.

  4. Моргентау Г. Международная политика. // Антология мировой политической мысли: В 5 т. М., 1997.

  5. Бжезинский З. Великая шахматная доска. М., 1998.

  6. Валлерстайн И. Анализ мировых систем и ситуаций в современном мире. СПб., 2001.

  7. Коновалов А. А. Новые вызовы национальной и международной безопасности // Современные международные отношения и мировая политика. М., 2004. С. 334-406.

«Әлемдік саясат және халықаралық қатынастар» пәні бойынша 5В050200 «Саясаттану» мамандығы студенттеріне арналған СӨЖ тапсырмаларын орындау мен тапсыру және сабақтарда жұмыс істеуді



Бақылау шараларының күнтізбелік кестесі


1 рейтинг

1 МБ

Жалпы

балл

Апталар

1

2

3

4

5

6

7

8







Ең жоғарғы балл

5

13

13

13

14

14

14

14




100

Дәріске қатысуы

1

1

1

1

1

1

1

1




8

Тәжірибе сабағына қатысуы

1

1

1

1

1

1

1

1




8

Дәріс конспектісі

3

3

3

3

3

3

3

3




24

Тәжірибе сабағы конспектісі




3

3

3

4

4

4

4




25

Тәжірибелік сабақтағы толық жауабы




5

5

5

5

5

5

5




35

Межелгі бақылау

























100




Жалпы балл




100

2 рейтинг

Жалпы

балл

Апталар


9

10

11

12

13

14

15

2 МБ




Ең жоғарғы балл

























100

Дәріске қатысуы

1

1

1

1

1

1

1




7

Тәжірибе сабағына қатысуы

1

1

1

1

1

1

1




7

Дәріс конспектісі

3

3

3

3

3

3

3




21

Тәжірибе сабағы конспектісі

4

4

4

4

4

5

5




30

Тәжірибелік сабақтағы толық жауабы

5

5

5

5

5

5

5




35

Межелгі бақылау






















100




Жалпы балл




100

20___ж. «___» ________________ кафедра жиналысында ұсынылған

Хаттама №___

«Әлеуметтану және саясаттану»

кафедрасының меңгерушісінің м.а. _____________________________ Калиев И.А.

«__»________ 20__ж.



9 Студенттердің білімдерін бағалау критерийлері



Межелгі бақылаудың жүргізілуі ережелері

Семестрде екі рет 7-8 және 14-15 апталарда межелгі бақылаулар жүргізіледі. Межелгі бақылау тест түрінде жүргізіледі. Әрбір межелгі бақылаудың максималды баллы – 100 балл.


Қорытынды емтихан өткізу түрі

«Әлеуметтану» пәні бойынша емтихан тапсыру екі кезеңнен тұрады: бірінші кезең – тест тапсырмаларын орындау. Бұл кезеңде студент тест тапсырмаларын орындайды. Тестілеу бойынша максималды балл – 60 балл.

Екінші кезең – жазбаша емтихан. Емтиханның жазбаша бөлімінде әрбір студент 1 билетке жазбаша түрде жауап беруі керек. Жазбаша емтиханға жалпы 25 билет қарастырылған, әр билетте екі сұрақтан. Әрбір сұраққа дұрыс жауап 20 баллдан, барлығы максималды – 40 балл. Жазбаша емтиханға бөлінетін уақыт – 60 минут.
Емтихандағы тәртіп

1. Тек өзіңіздің билетіңіздегі емтихан сұрақтарына жауап беруіңіз керек.

2. Сіздің жауабыңыз толық, сұрақтың мәнін ашатын, сонымен қатар нақты да қысқа болуы керек.

3. Жазбаша емтихан аяқталысымен жауап парағы емтихан қабылдаушыға өткізілуі керек.



4. Емтихан барысында қатал тыйым салынады:

- емтихан билеттерін ауыстыруға;

- емтихан билеттерін аудиториядан алып шығуға;

- жауап парақтарын алмастыруға;

- ұялы телефонды пайдалануға;

- шпаргалка, конспект, оқу құралдарын пайдалануға.

4 пункттегі талаптарды бұзған жағдайда емтихан жауаптары қабылданбай, 0 балл қойылады.

Емтиханда келесі көрсеткіштер есепке алынады:

Билеттің екі сұрағына да толық, терең, нақты, логикалық дұрыс құрылған жауап үшін 40 балл қойылады.



30 баллды материалды білетін, бірақ жауабы толық емес, немесе стилистикалық, логикалық қателіктері бар студент алады.

20 балл негізгі материалды білетін, бірақ жауабы терең емес, жеткіліксіз және аз болатын студентке қойылады.

10 баллды қойылған сұрақты толық аша алмаған, барлық материалды толық игере алмаған студентке қойылады.

1-9 арасындағы баллды жауабы нақты билет сұрағына белгілі бір дәрежеде сәйкес келмейтін, жауаптары шатыстырылған, логикаға сай келмейтін жауап үшін қояды.
Емтихан баллдарын қою критерийлері

Университеттің Ғылыми кеңесінің бекітуімен қорытынды бақылау және ағымдағы үлгерімді бақылау шараларының түрлері бойынша келесі салмақтық үлес анықталған:




Қорытынды бақылау түрі

Бақылау түрлері

Салмақтық үлесі

Емтихан

Емтихан

0,4

Жіберу рейтингі

0,6

Студенттің пән бойынша жіберілу рейтингі келесі формуламен анықталады:

ЖР = (Р1+Р2) / 2

Студенттің рейтингі келесі формула бойынша анықталады:

Р1(2) = АҮ1(2) * 0,5 + МБ1(2) * 0,5

Мұндағы АҮ – студенттің ағымдағы дәріске қатысу және дәріс конспектісі, тәжірибе сабақтарына дайындығы және конспектісі, өзіндік жұмысының нәтижелерін қамтитын жиналған баллдары. МБ – межелгі бақылауда алған баллдары.

Студенттің пән бойынша оқу жетістіктері қорытынды бағамен анықталады (Қ). Қорытынды баға ЖР мен ҚБ (қорытынды бақылау, яғни емтихан) бағаларының қосындысымен анықталады (мұнда олардың салмақтық үлесі ескеріледі).

Қ = ЖР*ЖРСҮ (0,6) + ҚБСҮ (0,4)


Пән бойынша қорытынды рейтинг (Қ) төмендегі кестеге сәйкес цифрлық, әріптік және дәстүрлі көрсеткіштерге ауыстырылып, қорытынды емтихан тізімдемесіне қойылады.


Қорытынды баға (Қ)

Баллдың цифрлық баламасы (Ц)

Әріп жүйесі бойынша баға (Ә)

Дәстүрлі жүйемен баға (Д)

Емтихан

95-100

4

А

Өте жақсы

90-94

3,67

А -

85-89

3,33

В +

Жақсы

80-84

3

В

75-79

2,67

В -

70-74

2,33

С +

Қанағаттанарлық

65-69

2

С

60-64

1,67

С -

55-59

1,33

D +

50-54

1

D

0-49

0

F

Қанағаттанарлықсыз

Егер студент емтиханда «қанағаттанарлықсыз» бағасын алса (50 баллдан төмен) оның пән бойынша қорытынды рейтингі анықталмайды, тізімдемеге «қанағаттанарлықсыз» бағасы қойылып, осы пән бойынша қайталап оқыту курсына жіберіледі.


10 Оқытушының талаптары, саясаты және процедуралар

1) дәрістер, тәжірибелік сабақтар, межелгі бақылауға қатысу – міндетті болып табылады. Барлық сабақтарда белсенді болыңыздар. Сабақтарға әрдайым дайындалып жүріңіздер. Оқытушыға түсінбеген сұрақтарыңызды қойыңыздар. Сабақтарда пікірталастық сұрақтарды талқылауға қатысыңыздар. Тақырып бойынша қосымша әдебиеттерді пайдаланыңыздар.

2) Сабаққа қатысу міндетті. Егер сіз себепсіз (анықтамалық құжаттарсыз) 2 және одан да көп сабақты босатсаңыз оқытушы сізден сабаққа қатысу үшін деканаттың рұқсатын талап етуге құқылы. Сабаққа қатысу бағаланатынын есте сақтаңыз.

3) Оқытушының талап ететін жазбаша жұмыстарын (дәріс және тәжірибе сабақтарының конспектілерін) дер кезінде тапсырыңыз.

4) Сабаққа себепсіз кешікпеңіз! Екі рет кешігу сабақты бір рет босатқанға теңестіріледі.

5) Сабақта әңгімелесуге тыйым салынады. Екі ескертуден кейін оқытушы студентті сабақтан шығарып жіберуге құқылы.

6) Сабаққа әрдайым дайындалып келіңіз – сабақтар конспектісі, дәптерлеріңіз, қаламдарыңыз ұқыпты болуы керек. Әр аптаның соңында оқытушы сабақ үлгерімінің баллдарын электронды порталға қояды.

7) Босатылған сабақтарды студент оқытушымен бекітілген уақытта қайта тапсыруына болады.

8) Сабақтарда ұялы телефондарыңызды өшіріп қойыңыз. Сабақта ұялы телефондарды, плеерлерді пайдаланғаны үшін 10 балл төмендетіледі.

9) Сабақта сағыз шайнауға қатаң тыйым салынады.



10) 49 және одан төмен баға алған студент емтиханға жіберілмейді.
Сәттілік тілейміз!

Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Методические указания по прохождению учебной практики для студентов специальности 5В020400 «Культурология»
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Бағдарламасының титулдық пму ұс н 18. 4/19 парағы (syllabus) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет