Пән: Информатика сынып 6 16. 11. 16 ж Тақырып



бет1/2
Дата25.08.2017
өлшемі1,01 Mb.
#27112
түріСабақ
  1   2
Т.Ақбозов атындағы орта мектеп

Ашық сабақ:
Алгоритм жазу жолдары. Блок-схема.


Сынып:6

Информатика пәнінің мұғалімі: Жаңабаев Куаныш
пән:Информатика сынып 6 16.11.16 ж
Тақырып: Алгоритм жазу жолдары. Блок-схема.
Мақсат:Алгоритмді жазу жолдарымен таныстыру, блок-схема құруды үйрену.

Білімділік –оқушыларға алгоритмді жазу түрлері туралы жалпы мағлұмат беру.

Дамытушылық –Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық  сауаттылығын дамыта отырып, олардың  пәнге  деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік – оқушыларды тәртіптілікке, сабырлылыққа, еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа  тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: Оқушылар алгоритм жазу түрлерін біледі;

Алгоритмді блок-схема түрінде құра алады.



Сабақ түрі: аралас

Құрал-жабдықтар: ДК, оқулықтар, дәптерлер, презентация, (көзге арналған жаттығу), постер, таратпа карточкалар, Activstudio құрылғысы.
Сабақтың барысы: «AПTA.kz»

І. «Дүйсенбі» Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. «Сейсенбі» Үй тапсырмасын сұрау кезеңі. «Самалет» әдісі

ІІІ. «Сәрсенбі» Жаңа сабақ

IV. «Бейсенбі» Сабақты бекіту.

V. «Жұма» Сабақты қорытындылау.

VІ. «Сенбі» Үйге тапсырма

VІІ. «Жексенбі» Оқушыларды бағалау.
І. «Дүйсенбі» Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу, сыныпты топқа бөлу

1 топ- Алгоритм жазу жолдары

2 топ- Блок-схема

ІІ. «Сейсенбі»Үй тапсырмасын сұрау кезеңі. «Самалет» әдісі


  • Алгоритм ұғымы қайдан шықты?

  • Алгоритм дегеніміз не?

  • Алгоритмнің негізгі қасиеттерін ата?

  • Алгоритмнің үзіктілігі дегенді қалай түсінуге болады? Мысал келтір.

  • Алгоритмнің нәтижелігі дегенді қалай түсінуге болады: Мысал келтір.

  • Алгоритмнің жалпыламалығы дегенді қалай түсінуге болады? Мысал келтір.

  • Алгоритмнің түсініктілігі дегенді қалай түсінуге болады? Мысалкелтір.

  • Алгоритмнің формальды орындалуы дегенді қалай түсінуге болады? Мысал келтір.

ІІІ. «Сәрсенбі» Жаңа сабақ

Алгоритм жазу жолдары

Алгоритмді компьютерде орындау үшін оларды алдын-ала жазып алу керек. Жалпы жағдайда, алгоритм жазудың келесі түрлері қабылданған:

       1) табиғи тілдегі жазылуы;

       2) белгілі бір түйінді сөздер – терминдер арқылы қысқаша тізбекті түрде жазу;

       3) графиктік жолмен жазу;

       4) программалау тілдеріндегі жазылуы.

Бірақтабиғитілдежазылған алгоритм компьютердеорындалмайды, өйткенібұлжағдайдадәлдік, нақтылықсақталмайды. Алгоритмдердіграфиктікжолменжазу, кейіннен осы программалаутіліндегіпрограммағаайналдыружұмысымемлекеттікстандартпенбекітіліп, ақпаратөндеужұмысындакеңіненқолданылады.

Алгоритмнің графиктік түрде кескінделуі

Алгоритмнің графиктік түрде кескінделуі – кең таралған әдіс. Бұл – жазудың түсінікті, анық, көрнекі түрі болып табылады. Алгоритмдерді графиктік жолмен жазудың мемлекеттік стандарты анықталған. Ондакез-келген амал белгілі бір геометриялық фигурамен өрнектеледі. Олар фигуралар немесе блоктар, амалдар немесе операциялар символы деп те аталады. Блоктар бағытталған сызықтармен байланысып, бірінен соң бірі ретімен орналысады. Ақпарат өңдеудің әрбір буыны немесе орындалатын операциялар реті алгоритм схемасымен айқындалады. Алгоритм схемасын оның блок схемасы деп аталады. Алгоритм блоктарының ішінде орындалатын іс-әрекеттің мазмұны жазылады. Блок схемада пайдаланатын фигуралар оның блоктары, ал оларды бір-бірімен қосатын сызықтар байланыс сызықтары деп аталады.





Блоктаркескіндемесі

Блоктарқызметі

1

 




Алгоритм басы

2

 




Алгоритм соңы

3

 




Есептеуіш әрекет

4

 




Мәліметтерді енгізу, мәліметтерді шығару

5



 

Шартты тексеру



6

 




Циклдың басы

7

 




Көмекші алгоритмді шақыру

8

 




Байланыс бағытын көрсету

Алгоритмдік тіл және программалау тілі ұғымы

Алгоритмдік тіл деп – орындалатын әрекеттерді, амалдарды бірыңғай және дәл жазуға арналған, өз тіліміздің кейбір сөздерімен пайдаланатын белгілер мен ережелер жүйесін айтады. Алгоритмдік тіл бір жағынан табиғи тілге жақын, сондықтан оны қарапайым мәтін түрінде жазады және оқиды. Алгоритмдік тіл – математикалық белгілер сандар, шамалар мен функция атаулары, арифметикалық белгілері, жақша және басқа да символдар мен қатар белгілі бір қызмет атқаратын терминдер қамтиды. Алгоритмдік тілде мәтін құруға пайдаланылатын қарапайым белгілер – тілдің символдары деп, ал ондай символдар жиынын – оның алфавиті деп атайды.

Алгоритмдерді және алгоритмдік тілде құрылған амалдар тізбегін компьютерге түсінікті командалар мәтіні түрінде жазуға арналған жасанды тілдерді программалау тілдері деп атайды. Паскаль, Си, Дельфи, Бейсик, Фортран тәрізді программалау тілдері – ағылшын тіліндегі кейбір сөздерді алгоритм құруда кеңінен пайдаланады. Ол сөздердің саны онша көпемес, оларды түйінді сөздер деп атайды. Әр компьютердің өзінің машиналық тілі болады, ол командалар тілін емесе кодтар тілі деп аталады. Алгоритмдік тілде және программалау тілінде программа жазу – ыңғайлы болып табылады. Оларды белгілі бір машинада орындау үшін сол программалау тілін машина тіліне автоматы түрде аударатын түрлендіргіш программалар болуы керек, оларды транслятор деп атайды. Трансляторлар үштүрге бөлінеді: интерпретатор, компилятор және ассемблер.

              Интерпретатор –берілген прогамманың әр бір жолын (командасын) жеке-жеке аударып отырып орындайтын транслятор түрі.

              Компилятор –бірден барлық программа мәтінін толық аударып машина тіліндегі бір модуль түріне келтіреді де, сонан соң сол модульді компьютер жадына қайта жазып алып, оны кейін тек біздің алауымыз бойынша орындайды.



              Ассемблер – тек автокод түрінде яғни ассемблер тілінде жазылған программаларды ғана машина тіліне аударады.

Программаны орындау кезеңдері



Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет