Пәні: Қ/қ ә/ті. Сынып: Күні: Бекітемін: С. Мажитова



Дата14.04.2017
өлшемі20,73 Kb.
#13788
Пәні: Қ/қ ә/ті. Сынып: 9. Күні:---------------. Бекітемін:--------------. С. Мажитова.
Сабақтың тақырыбы: Жыраулар поэзиясы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: - ХҮІІІ ғ. қазақ әдебиетінің дамуы мен оның көрнекті өкілдері, тарихи әңгімелер мен шежіренің, саз бен айтыс өнерлерінің дамуы туралы білім беру;
Тәрбиелік: - Жас ұрпақты ұлттық мәдениет жауһарларымен таныстыра отырып, бабалардың ұрпаққа аманат етіп қалдырған асыл мұраларын қастерлеп, қадірлей білуге және патриотизмге тәрбиелеу;

Дамытушылық: - оқушылардың топпен жұмыс жасай білу және өз бетімен оқып - үйрену дағдыларын дамыту.


Сабақтың түрі: интерактивті сабақ
Сабақтың әдісі: белсенді оқыту әдістері: интерактивті тақтамен, сайттармен, оқулықпен жұмыс, баяндау, топпен, ұжымдық жұмыс түрлері, сұрақ - жауап, сауалнама, т. б
Көрнекілігі: интерактивті тақта, видеороликтер, слайдтар, суреттер, ХҮІІІ ғ. Қазақстан картасы, флипчарттар, маркерлер, стикерлер, магниттер т. б.
І. Ұйымдастыру бөлімі: Ойын: « Мен және менің әлемім». Шарты: оқушылар өзіне ұнаған фигураларды таңдайды.
Мұғалім әр фигураға берілген мінездемені оқып береді.
Оқушыларды топқа бөлу: әртүрлі конфет қағаздары арқылы таңдаған оқушыларды бір топқа біріктіру.
Топ ережесін оқушылармен бірге құру.
ІІ. Оқушы білімін тексеру: «Кубик» ойыны.
ІІІ. Жаңа сабақ жоспары:
1. ХҮІІІ ғ. қазақ халқының рухани мәдениеті.
1/. Бұхар жырау Қалқаманұлы (1668 - 1781).
2/. Ақтамберді Сарыұлы (1675 - 1768)
3/. Тәтіқара жырау (1705 - 1780).
4/. Үмбетей Тілеуұлы (1706 - 1778).
5/. Шал ақын (Тілеуке Құлекеұлы) (1748 - 1819).
2. Тарихи әңгімелер.
3. Шежіре.
4. Саз өнері және айтыс.
5. ХҮІІІ ғ. соңында ашылған мектептер.
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Жыр - дастан, ұзақ өлең, эпикалық жырлар. Оны жаттап айтушыларды - жыршылар деп атайды. Ал Жыраулар деген кім? Олардың жыршылардан қандай айырмашылығы бар? (оқушылардың жауабы).

Жыраулық өнер - Қазақ хандығының құрылуына байланысты өркендеген.


- ХҮІІІ ғ. қазақ халқының мәдениет тарихында ерекше орын алады. Көшпелі өмір салты жағдайында халықтың ауыз әдебиеті, жыраулық дәстүр, музыка өнері ерекше дамыған. Қазақ халқының жоңғарларға қарсы күресі, патша үкіметіне қарсы ұлт - азаттық қозғалысы сол кездегі ақын - жыраулардың өзекті тақырыбына айналды. Қазақ әдебиеті тарихында Ақтамберді Сарыұлы, Бұхар жырау Қалқаманұлы, Тәтіқара, Үмбетей Төлеуұлы сияқты көрнекті ақындары мен жыраулары ерекше орын алды
1 - топқа: Бұқар жырау Қалқаманұлы туралы топтастыру құруға тапсырма беріледі. Топ оқушылары жұмыстарын қорғайды және Бұхар жыраудың толғауларынан үзінді оқиды.
2 - топқа: Ақтамберді жырау туралы постер құру:
Топ оқушылары жұмыстарын қорғап, жыраудың толғауларынан үзінді келтіреді.
3 - топқа: Тәтіқара жырау туралы топтастыру тапсырмасы: топ оқушылары өздерінің жұмыстарын қорғайды және Тәтіқара жыраудың толғауынан үзінді оқиды.
4 - топқа: Үмбетей Тілеуұлы туралы сызбаларын бір оқушы шығып, қорғайды және толғауларынан үзіндіні мәнерлеп оқып береді.

Оқушыларға өздері қызыққан тақырыптарға байланысты шығармашылық тапсырма беру.


Жеке оқушымен жұмыс:
1.- Ақын деген кім? Қазіргі кездегі қандай ақындарды білесің?
*Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең деп,- ұлы Абай атамыз айтқандай, халықтың әрбір сәті - әнге, күйге толы.
Сұрақтар беру.
*Оқушы білімін бекіту
Каталог: uploads -> doc -> 0ad9
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0ad9 -> Білім беру саласы: «Шығармашылық«, «Әлеуметтік» Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Экология, жапсыру
0ad9 -> Сабақ 6-сынып Пәні: ф изикалық география
0ad9 -> Сабақтың тақырыбы: Мәліметтердің айнымалы типтері Сілтеме
0ad9 -> «Ұлттық бірыңғай тестілеуде кездесетін есептерді шығару»
0ad9 -> Сабақтың тақырыбы: Виложарыс жеңімпазы (Күрделі етістік) Сабақтың мақсаты: Білімділік


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет