Пәні қазақ тілі Ашық сабақтың тақырыбы



бет1/2
Дата22.08.2017
өлшемі1,95 Mb.
#24616
  1   2
Тараз қаласы №36 орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі Ботамкулова А.Б.

Пәні қазақ тілі

Ашық сабақтың тақырыбы Лепті сөйлем

Ашық сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға лепті сөйлем туралы мәлімет беру. Сөйлем туралы түсініктерін нығайту. Сөйлем түрлері жайлы білімдерін толықтыру. Сөйлем түрлерін ажырата білуге үйрету.

Дамытушылық: оқушыларды лепті сөйлем құра алуға және оны сөйлем ішінен таба алуға дағдыландыру, есте сақтау және логикалық ойлауын дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды көркем жазуға, ұқыптылыққа үйрету.

Сабақтың типі: Аралас сабак.

Әдіс-тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері. Түсіндіру, сұрак-жауап, көрнекілік көрсету

аркылы түсіндіру, ойын.



Көрнекілік: интерактивті тақта, үлестірмелі қима қағаздар, семантикалық карта

Сабактың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Білімді жан-жақты тексеру

ІҮ. Білімді белсенді меңгеруге дайындау

Ү. Жаңа сабақ меңгеру

ҮІ. Жаңа сабақты бекіту

ҮІІ. Үй тапсырмасын беру

ҮІІІ. Бағалау

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

183-жаттығуды тексеріп шығу, оқыту

Сөйлемдерді көшіріп жазып, қарамен жазылған сөздерді салыстыр.

Сабақтан кешікпе. Айдос ауылдан келіп пе? Ешқашан өтірік айтушы болма. Қар қалың жауды ма?



Қарамен жазылған сөздердің жазылуына назар аударып, өзің қорытынды жаса.

ІІІ.Білімді жан-жақты тексеру

Викториналық сұрақтар

  • Сөйлем дегеніміз не?

  • Сөйлем неден құралады?

  • Сөз неден құралады?

  • Дыбыс, әріп дегеніміз не?

  • Айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?

  • Хабарлы сөйлем дегеніміз не?

  • Сұраулы сөйлем дегеніміз не?

  • Мәтін дегеніміз не?

  • Мәтіннің қандай түрлері болады?

  • Мәтін құрылымын ата?


Семантикалық карта




Хабарлы сөйлем

Сұраулы сөйлем

Әріптер

Сөз

А, ы, о, ұ,













Қастеев атаңды білесің бе?













Ақан шанамен сырғанады.













Шекарашылар













ІҮ.Білімді белсенді меңгеруге дайындау

Жаңа сабағымызды бастамас бұрын сендерге жұмбақ жасырайын

1.Бір хабарды жеткізу 2.Сұрақ қойып қашанда

Әрқашан оның мақсаты. Жауабыңды аласың.

Сөйлемнің ол-бір түрі, Бұл да – сөйлем бүр түрі,

Мақсатына қарай айтылуы Тез ойлансаң табасың?

(хабарлы сөйлем) (сұраулы сөйлем)

Жағдаят (тақтаға 2 оқушы шығады, 1-жақсы оқитын,2-нашар оқитын. Оларды мақтау және жазалау арқылы көңіл күйлерін байқау)



Олай болса, жаңа сабағымыз адамның көңіл-күйін, сезімін білдіретін сөйлем туралы болмақ. Ол қандай сөйлем еді?

Ү. Жаңа сабақты меңгеру Лепті сөйлем

185 - жаттығу. Өлеңді рөлге бөліп оқып, көтеріңкі дауыс ырғағымен айтылған сөздерді тап.

Балақай

  • Бүлдірген тереміз, балақай.

  • Алақай!

  • Ат жарыс көреміз, балақай.

  • Алақай!

  • Айға ұшып барамыз, балақай.

  • Алақай!

  • Кел, ағаш жарамыз, балақай.

  • Әй, ата-ай!

(
Қадыр Мырза Әли)

Қадыр Мырза Әли- қазақ ақыны, жалық жазушысы, балалар әдебиетінің дамуына үлес қосқан ақын. 1935ж 5 қазанда Орал облысы Жымпиты кентінде туған. 1980 жылы жарық көрген «Жерұйық» деген кітабы бар.Бұрынғы әнұранымыздың сөзін жазған ақындардың бірі.76 жасында қайтыс болды.

Сөйлем соңындағы тыныс белгілеріне назар аудар.

Ереже

Адамның көңіл-күйін, сезімін білдіретін сөйлемді лепті сөйлем дейміз. Олар көтеріңкі дауыспен айтылады. Лепті сөйлемнен соң леп белгісі (!) қойылады.



Дәптермен жұмыс. Көркем жазу сәті

(Оқушыларға ай, күнді жаздыру. Қаламсапты дұрыс ұстау мен дұрыс отыру ескертіледі).



«Кім тез табады?» ойыны



Каталог: 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Жырымен елін қуантқан Т.Әбдірахманова – 95ж
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет