Пәні қазақ тілі Сыныбы



бет1/6
Дата18.05.2017
өлшемі0,82 Mb.
түріОқулық
  1   2   3   4   5   6
Күнтізбелік – тақырыптық жоспарлар


Қазақ тілі 1-4 сыныптар


2013-2014 оқу жылы

Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау

Пәні қазақ тілі

Сыныбы

саны 32

ІІ жартыжылдықтағы сағат саны 34

Барлығы 66сағат

Апталық сағат саны 2

Жоспарланған бақылау жұмыстарының саны

мазмұндама

диктант

Оқулықтың авторы:А.Қайырбекова ; Алматы «Атамұра », 2012 ж.

Жоспарлау ҚР БҒМ 2013-2014 оқу жылында Қазақстан

Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқыту Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы
23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламалары арқылы жүзеге асырылды.


Оқулық туралы мәлімет :

Оқулық авторы: А.Қайырбекова

Баспасы : «Атамұра» 2012 ж.

Сыныбы: 1

1-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

- Пәндік нәтижелер бойынша 1-сыныптың соңында оқушылар:


      1) естіген жеке сөздерді, сөз тіркестерін, сөйлемдерді дұрыс дыбыстауды;
      2) әліпбиді және әріптердің графикалық таңбаларын дұрыс жазуды;
      3) сөздегі дыбыстардың жуан-жіңішке үндесімдерін айыруды, дыбыс-әріп үйлесімдігін;
      4) белсенді қорына енген сөздердің екпінін/дауыс ырғағын дұрыс қоюды;
      5) тақырыптар бойынша ұсынылған 100-120 жаңа сөзді;
      6) лексикалық бірліктердің мағыналарын;
      7) бас әріппен жазылатын сөздерді;
      8) грамматикалық құбылыстардың қарапайым үлгілерін;
      9) белсенді сөздік қорына енген сөздерден тұратын қарапайым сөйлемдерді сауатты құрудың жолдарын білуі тиіс.
- Сөйлесім әрекетінің түрлері бойынша:
      1) дыбыстарды таңбалары арқылы айыруды;
      2) тыңдаған сөздерді дұрыс түсіне алуды;
      3) тыңдаған мәтін мазмұнына сәйкес суреттерді таңдап, ретімен қоя алуды;
      4) тыңдалған ақпараттан түсінгені бойынша сурет сала білуді;
      5) әріп пен дыбыстарды сәйкестендіріп оқуды;
      6) сөздердің лексикалық мағынасын түсініп оқуды;
      7) кім?, не?, қандай? сұрақтарына жауап беруді;
      8) затқа 2-3 сөйлеммен қарапайым сипаттама беруді;
      9) суретке қарап 2-3 сөйлем құрап айтуды;
      10) өзі, досы туралы айтуды;
      11) қысқа өлең-тақпақ айтуды;
      12) қазақ тіліне тән әріптерді дұрыс жазуды;
      13) қазақ тіліндегі сөздерді дұрыс жазуды;
      14) сөздерді кітаптан, тақтадан көшіріп жазуды;
      15) 2-3 сөйлемнен тұратын шағын мәтін жазуды;
      16) адамды не затты атап, оларға сандық, сапалық тұрғыдан қарапайым сипаттама беруді;
      17) қойылған сұраққа жауап беруді;
      18) сұрақ қоя білуді;
      19) қарапайым тілдік модельдер бойынша амандасу, қоштасу, танысу, алғыс білдіруді меңгеруі тиіс.


Түсінік хат.

Ұсынылған бағдарлама 1 сыныптарының Қазақ тілі оқулығына сай құрылған.

1 сынып оқулығы «Атамұра» баспасында 2012 жылы 3- баспа бойынша А. Қайырбекованың авторлығымен шығарылған.

Оқу орыс тілінде жүретін мектептерде егеменді еліміздің мемлекеттік тілі-қазақ тілін оқыту өмірлік зор маңызға ие болып отыр.

Сондықтан қазақ тілін оқытудың негізгі міндеті мен мақсаты: оқушыларды қазақша сөйлету болып табылады.

Бағдарламаның басты мақсаты – бастауыш сынып оқушыларын қазақ тілінде сөйлей білуге үйрету, сөздік қорын дамыту, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру, өзіне берілген сұрақты тыңдап, түсініп, қысқа жауап беруге белгілі бір дәрежеде жүйелі сөйлей білуге, диалог түрінде әңгімелесе білуге үйрету.

Бағдарламаның мақсатын іске асыру жолдары:


  1. Дыбыс, буын, сөз, сөйлем туралы ұғымдарды біртіндеп меңгерту.

2.. Сөз құрап тұрған дыбыстарды, дауысты, дауыссыз, жуан, жіңішке болып бөлінетінін тиісті көрнекілік, ойын- жаттығуларын орындату арқылы меңгерту.

3. Үлестірмелі карточкаларды қолданып сөйлем, сөз, буын құрату.

4. Балаларға қоғамдық өмір құбылысы, адамгершілік, еңбек әрекетін, халықтар достығы туралы білімдерін қалыптастыру. Ол үшін қысқа өлең-тақпақ, мақал-мәтел, жұмбақ, шағын әңгіме, ертегі оқып, тыңдату, әңгімелету.

5.Оқушыларды әдептілікке, адамгершілікке тәрбиелеу, туған еліне, Отанға деген сүйіспеншілікке баулу.

Бағдарлама 1 сыныпқа аптасына 2 сағат бөлінген. Барлығы 66 сағат.

Бағдарлама үш ая бойынша құрастырылған: «Әлеуметтік –тұрмыстық ая», «Әлеуметтік – мәдени ая», «Оқу – еңбек аясы».

І аяда – 5 модуль, 30 сағат. І модульде «Сәлем, менің атым – Әлібек!» - 6 сағат, ІІ модульде «Менің досым – 6 сағат, ІІІ модульде «Аңдар – 6 сағат, ІV модульде «Мен алтыдамын, жетідемін – 6сағат, V модульде «Робот – менің досым» - 6 сағат.

ІІ аяда – 3 модуль, 18 сағат. І модульде «Менің аулам» - 6 сағат, ІІ модульде «Үзіліс. Жүр, асханаға кеттік – 6 сағат, ІІІ модульде – «Мынау не? – 6 сағат.

ІІІ аяда – 3 модуль, 18 сағат. І модульде «Сөмкеңде не бар?» - 6 сағат, ІІ модульде « Мектептің жүзу бассейні» - 6 сағат, ІІІ модульде «Кел, санайық!» - 6 сағат.

Бағдарламада оқушылардың логикалық ақыл-ойын, эмоциялық еркін зейінін, сабаққа деген ынтасын арттыру мақсатымен қосымша бөлімінде жұмбақтар, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, санамақтар, сөзжұмбақтар берілген.

Білім беру жүйесінің жаңа әдісі – модульдік жүйе арқылы қазақ тілін үйрету оқушының тілдік білімі мен бейімін қатар қалыптастырып, қызықтырып оқыту, қарапайымнан күрделіге жетелейтін қазақ тілін үйретіп оқыту, яғни қарым-қатынас деңгейіне жеткізу мақсаты қойылған.


тоқсан

Күні

Сағат саны

Сабақтың тақырыбы

Оқулық беті

Лексика

Грамматика

Әлеуметтік – тұрмыстық ая (30 сағат)

І модуль. Сәлем, менің атым- Әлібек! (6 сағат)

І тоқсан (18 сағат)

1.




1

Сәлем, бұл – мен! Әлібек, бұл - ә дыбысы

26бет


Сәлем,дәптер,әтеш,әке,,әже.

Тәуелдік жалғау

2.




1

Әлібек, бұл - ү,ұ дыбысы

28-32 беттер

Үйрек,үкі,үй,гүл,үлкен,ұл,қыз,ұлу,ұя,ұшақ.

Жуан,жіңішке дауысты дыбыстар

3.




1

Әлібек, бұл - і, ө дыбысы

33-36 беттер

Кітап,кірпі,түлкі,әріп,өзен,көл,өрмекші,көше

Жуан,жіңішке дауыстылар

4.




1

Әлібек, бұл - ы дыбысы

37,38 беттер

Бер,берші,маған,ыдыс,сызғыш,сары

Ы-і салыстыру

5.




1

Әлібек, бұл - ғ, қ дыбысы

39-43 беттер

Ғарышкер,торғай,сағат,мұғалім,ағаш,тақта,оқушы,қоян,қар,қаз,қуыршақ,қыз

Сөйлем құрылысы

6.




1

Әлібек, бұл - ң, һ дыбысы

44-46 беттер

Аң,шаңғы,қоңырау,шаң,қаһарман,айдаһар,жиһаз

Алфавит



ІІ модуль. Менің досым (6 сағат).


7.




1

Менің досым

47 бет

Бұл,мұнау,қой,дене мүшелері

Бұйрық рай

8.




1

Достық

49,50 беттер

Дос,достық,ақылды,әдемі

Тәуелдік жалғау

9.




1

Менің атым – Әлібек!

51 бет

Көп,өте,жақсы

Тәуелдік жалғау

10.




1

Екі дос

53, 54 беттер

қайда

Сұраулы сөйлем құрылысы

11.




1

Достар

55, 56 беттер

Бар ма,ит

Тәуелдік жалғау

12.




1

Досымның отбасы

57,58 беттер

Тату,көрші,аға





ІІІ модуль. Аңдар (6 сағат).


13.




1

Піл

66, 67 беттер

Қара,билеймін,секіремін,ән айтамын,ойнаймын

Сөз мағынасы

14.




1

Мектепте

68-70 беттер

Салдым,жаздым,биледім

Жіктік жалғау

15.




1

Санамақ

71 бет

Дәптерім,қаламым

Тәуелдік жалғау

16.




1

Әлібек пен піл

73 бет

Хайуаннатар бағы,қала,қалада

Қазақ тіліне тән дыбыстар

17.




1

Аңдар

75 бет

Орман,орманда,күшті

Сұраулы сөйлем құрылысы

18.




1

Аю. Қандай аңдар?

77- 80 беттер

Біл,көрсет

Сұраулық шылаулар


ІV модуль. мен алтыдамын, жетідемін (6 сағат).


ІІ тоқсан (14 сағат)

1.








Мен алтыдамын

4 бет

Мен,ат,атым,сана,жас,жаста

Тәуелдік жалғау

2.




1

Өзім туралы

6 бет

Балабақша,барамын,мектеп,доп

Сан есім

3.



1

Менің достарым

8, 9 беттер

Кім,неше

Сұраулы сөйлемдер


4.




1

Менің ойыншықтарым

10 бет

Ойыншық,текше

Тәуелдік жалғау

5.




1

Ойындар




Жақсы көремін,әкелді,әдемі

Неше

6.




1

Қандай ойыншық?

21 бет

Менің,сенің

Тәуелдік жалғау


V модуль. Робот – менің досым (6 сағат).


7.




1

Мынау- Робот

81 бет

қайталау

Сан есім

8.




1

Бұл – адам

84 бет

Адам,дене мүшелері

Тәуелдік жалғау

9.




1

Кел, жаттығайық!

88 бет

Оң,сол

Қазақ тіліне тән дыбыстар

10.




1

Түстер

90 бет

Түстерді қайталау




11.




1

Роботбек, кел, ойнайық!

94 бет

Терезе,бар,күн,апта күндері




12.




1

Роботбек, сөйлеп үйрен!

95 бет







Әлеуметтік-мәдени ая (18 сағат)

І модуль. менің аулам (6 сағат).

13.




1

Біздің аула

101 бет

Аула,қабат

Реттік сан есім

14.




1

Сенің аулаң

103 бет

Балалар,жап,аш

неше

ІІІ тоқсан (18 сағат)

1.





1

Біздің үй

104 бет

Үй,сүрт,бөлме




2.




1

Үйлер.Қандай үй?

106 бет

Еден,кімнің

Сан есім

3.




1

Менің бөлмем,бөлме заттары

110бет







4.




1

Диктант











ІІ модуль. Үзіліс. Жүр, асханаға кеттік (6 сағат).


5.




1

Асханада

117 бет

Асхана,тамақ

Жіктік жалғау

6.




1

Біздің асхана

119 бет

Үзіліс,барайық,жүр

К-қ салыстыр

7.




1

Асханада не бар?Әлібек,бұл-азық-түлік

121 бет

Ішемін,ботқа,жеймін,азық-түлік

Өткен шақ




8.




1

Әлібек, бұл-жемістер!

125 бет

Жеміс,дәмді

Сұраулы шылаулар

9.




1

Әлібек, бұл- көкөністер!

127 бет

Көкөністер атауы

Сұраулық шылаулар

10.




1

Әлібек, бұл-жедектер!

129 бет

Жидек атаулары




ІІІ модуль. Мынау не? (6 сағат).


11.




1

Қалам

131 бет

қайталау

Кім,не

12.




1

Қалам - оқу құралы

132 бет

Оқу құралдарының атауы




13.




1

Оқу құралдары

134бет

қайталау

Сан есім

14.




1

Кім не алды?

136 бет

қайталау

Сөз тіркестері

15.




1

Қандай қалам?

138 бет

қандай




16.




1

Бұл кімнің қаламы?

142 бет







Оқу-еңбек аясы (18 сағат).


Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау

Каталог: Docs
Docs -> Рефераты қызылорда, 2013 ж
Docs -> Ұлы пайғамбар ( с. ғ. с.) ұлықталған ғибратты кеш Наурыздың 11-і, қасиетті жұма күні Елордамыздағы Конгресс-Холл сарайында «Нұр Астана»
Docs -> "Псюхе" ұғымы келесі мағынаны білдіреді
Docs -> C мінез-құлық d санадан тыс
Docs -> Бердіқожа назгүЛ бердіқожақызы зейнолла Шүкіров өлеңдерінің жанрлық, көркемдік ерекшеліктері
Docs -> Анықтама басылымдар 070(574) Қ 17 Қазақ телевизиясы
Docs -> Мадиева жансая қойшыбайқызы абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезовтің шығармаларындағы педагогикалық идеяларының сабақтастығы
Docs -> Сабақ Мұхтар Әуезов «Біржан сал Абай ауылында»
Docs -> Мұражай-қорық коллекцияларына жаңадан алынған бұйымдар (ақын Төлеу Көбдіковтің 140 жылдығына орай) «Әдебиетті дарынды тұлғалар жасайды. Ал тұлғаны жарататын халық»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет