Пәні: Әдебиеттік оқу. «Батылдық» Сәбит Мұқанов Күні: 13. 04. 17 Сынып : 2 Тақырыбы: Батырлық білекте емес,жүректе. Мақсаты



Дата17.06.2018
өлшемі30,44 Kb.
#43206
Пәні: Әдебиеттік оқу. « Батылдық» Сәбит Мұқанов

Күні: 13.04.17

Сынып : 2

Тақырыбы: Батырлық білекте емес,жүректе.

Мақсаты: Әңгіме мазмұнын ашу, негізгі ойды ұғындыру, Балуан Шолақ туралы мағлұмат беру, әңгімені түсініп, мәнерлеп оқуға жаттықтыру..

Міндеттері: 1.Оқушыларға қазақ балуаны Балуан Шолақ туралы түсінік

беру,оқу дағдысын қалыптастыру, түсінгендерін қысқа әрі

нақты әңгімелей білуге үйрету.

2. Сөздік қорларын, тіл байлығын дамыту.

3. Батылдыққа , өз ісіне жауапты бола білуге тәрбиелеу.

Көрнекілік: С..Мұқанов Балуан Шолақ суреттері.

әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру

түрі: Дәстүрлі сабақ

Пән аралық байланыс: Қазақ тілі

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

- Сабаққа әзірлік

ІІ Үй тапсырмасын тексеру

Алып бала

Сұрақ жауап арқылы сұралады.

ІІІ. Білімдерін тексеру сұрақтары.

Мәтінде кім туралы әңгімеленген?

Ол қандай ерлік көрсетті?

Әңгіме неліктен « Алып бала » деп аталған? Сен қалай айтар едің?

Мәтінді екіге бөліп талдау 1) Өгіздің өлімі. 2)Ауыл адамдарының

таңғалуы,

Әр бөліктің жігін тауып көр. Берілген суретке зер сал.

ІҮ. Мақсат қою кезеңі

Батылдық


- Ребусты шешу.

1.Ер жүрек адамды кім деп атайды?

2.Өткен мәтіндегі басты кейіпкер кім?

3.Жеңіс күні мамырдың қай күні?

4. Мұқан қандай бала ?

5.Батыр қыз кім?

6.Мәншүк өлеңінің авторын ата.

7. Батырдың несі ? ұмытылмайды.

8.Батыр-елінде, не ?... көлінде. (мақалды аяқта )
- Батылдық сөзі шығады.

- Осы батылдық сөзінен бірнеше сөздер құрастырайық.

Батыл,ат,қыл,бақ,дақ,дақыл,ақыл,ақ,лақ, дабыл, бал, тал, ал,бақыт

Ү. Жаңа сабақ

Мақал-мәтелдерді түсініп оқы.

Батырлық білекте емес,жүректе.


Айлалы батыр алдырмас.

Осы мақалдардың мәнін ашатындай Балуан шолақ туралы әңгіме оқиық.Әңгіменің авторы – Сәбит Мұқанов.

а/ Автор туралы түсінік

Солтүстік Қазақстан облысында 1900 туып, - 1973 жылдар

Аралығында өмір сүрген. Ол көрнекті жазушы. «Балуан Шолақ » романын жазған.

ә/ Мұғалімнің мәтінді мәнерлеп оқуы.

- мәтінмен жұмыс

- тізбектей оқу

- Мәтінді талдау.

. Түсінгендерін тексеру

- Нұрмағамбет қасқырды қалай байқап қалды?

- Ол неліктен батыл бала,балуан бала атанған?

- Бала қандай тәуекелге барды?

- Ол қасқырды немен түртті?

- Қасқыр қандай әрекет жасады?

- Қасқыр неге қалжырады?

- Айқас немен аяқталды?

- Баланың батылдығын суреттейтін жерді тауып оқу.



Оқулықтан тыс Балуан Шолақ туралы жекелеме түсінік беру. Не себепті Балуан Шолақ екенін оқушыларға қарапайым түрде жеткізу.

Балуан Шолақ (шынаты — Нұрмағамбет) Көкшетау облысы, Еңбекші ауданында 1864 жылы дүниеге келген.

Баймырзаұлы Балуан Шолақ қазақтың халық композиторы, ат ойынының түрлі тәсілін меңгерген өнерпазы, күш өнерін көрсеткен спортшысы, жауырыны жерге тимеген балуаны. Оның есімін де халық осы соңғы өнеріне сүйсінгендіктен еркелетіп, жас күнінде саусағын үсітіп алуына байланысты «Балуан Шолақ» деп атаған, әйтпесе өзінің азан шақырылып қойылған шын аты — Нұрмағанбет..

Әкесі Баймырза ағаш шебері болған. Әкесіне қарағанда, шешесі Қалампыр қарулы кісі болған дейді. «Алып — анадан» деген ғой, Балуан Шолақ та осы анасына тартып, теңдессіз алып күштің иесі болған.



14 жасынан бастап күреске түсіп, ат құлағында ойнаған спортшы болған, шауып келе жатқан ат үстінде әртүрлі күрделі жаттығуларды шебер орындаған. Мысалы: жүйткіп келе жатқан ат үстінде түрегеліп, не басымен тұруы, аттың бауырынан өтуі, бір аяғын үзеңгіге қыстырып, шалқалап жатып шабуы бойындағы жойқын күшті, ептілікті шебер игере алатындығын, қазақтың далалық цирк өнерінің іргетасын қалағандығын

айғақтайды. Көкшетау қаласындағы үлкен жиындарда 51 пұт (830кг-дай) кірдің тасын көтеріп, дүйім жұртты таңқалдырған.



Дәптермен жұмыс

а) Оқушылар мәтіннен қасқырды сипаттаған жерін тауып, жазады

б) Сөздік жұмыс жүргізу

Құрық – басында ілмек арқаны бар, асауды ұстайтын ұзын сырық ағаш.

Жәукемдеп – жайратып,құрту.

Сергіту сәті: Австриялық жауын
Суретпен жұмыс

Суреттен нені көріп тұрсың?

Мәтінге сүйеніп, «алып баланың» күштілігін неден байқағаныңды әңгімеле.

Жоғарыда оқыған нақыл сөздер кімге қатысты айтылған деп ойлайсың?

ҮІІ Бекіту.Рефлексиялық бағалау кезеңі

Әңгіме кім туралы екен?

Батырлық ерлік туралы мақал-мәтелдер білесіңдер ме?

ҮІІІ. Үйге тапсырма

219-222 беттерді әңгімелеу.



Шығармашылық тапсырма: Батылдық туралы шығарма жазу.

ПәніДүниетану «Жануарлар әлемінің алуан түрлілігі» 
«Жануарлар немен қоректенеді»


Күні: 15.04.2017
Сыныбы:
2-3- сынып
Сабақтың тақырыбы: «Жануарлар әлеміне саяхат»

Сабақтың мақсаты:
Жануарлардың топтары-шөпқоректілер, жыртқыштар, талғаусыз қоректілер туралы , тіршілік ету ортасы туралы, атауларын ажырата білу, жануарларға қамқорлық көрсетуге, оларды қорғауға тәрбиелеу.  
Сабақтың міндеті

Оқушылардың ақыл ойын,сөйлеу тілін дамыту,қиялын ұштау.

-Тапсырмалар арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ 
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, салыстыру, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, үлестірмелі тапсырмалар, жануарлар суреті.

Сабақтың барысы: 
І.Ұйымдастыру кезеңі.
1\Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

2/Психологиялық дайындық



Жағымды көңіл күй орнату

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанайық,достарым,

Арайлап атқан күнге!
-Балалар сендердің көңіл күйлерің қандай?

-Ендеше бүгінгі сабағымызды да осындай көтеріңкі көңіл күйде өткізейік.



ІІ .Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.

-Балалар, өткен сабақта қандай тақырып өтіп едік? Немен таныстық? –Өсімдік дүниесін қорғау және жануарлар қыста қалай жылынады.

Олай болса балалар өткен тақырыпты қалай меңгергенімізді білу үшін

2\Топқа бөліну.

Оқушыларды қима суреттер арқылы «Шөпқоректілер», «Жыртқыштар» атты екі топқа бөлу.



/Оқушылар түстерді таңдап екі топқа бөлініп отырады/

тест арқылы үйге берілген тапсырманы тексеріп ,бағалау.



Тест.

1) Орман емшісі деп қай құсты атаймыз?

а) аққу ә) тоқылдақ б) үкі

2)Жыртқыш құсты тап.

а) бүркіт ә) көгершін б) қарға

3) Жүні ауыстырылып отыратын жануар

а) қоян , Ә) борсық) б) жылан

4)Ұша алмайтын құс.

а) түйеқұс ә) шағала б) сауысқан

5) үй құстарын белгіле.

а) үкі, ә) жапалақ, б)тауық.

3- сыныппен «Сұхбат» дидактикалық ойынын өткіземін.

«Сұхбат» дидактикалық ойыны.

Ойынның шарты

Мұғалім тілші,ал оқушылар саяхаттаушы болады.Тілші саяхаттаушыларға сұрақ қояды,ал саяхаттаушылар тілшінің қойған сұрақтарына жауап береді.

СҰРАҚТАР.

-қызыл кітапқа енген өсімдіктер ?

-Қандай өсімдіктерден жарма мен ұн алады?

-Күріштің өсуіне қандай жағдай керек?

-Сенің жеріңде қандай жеміс- жидектер өсіріледі?

ІV. Жаңа сабақ
Біз топқа бөлінгенде нелердің суреттері арқылы бөліндік?

-Не себепті осы суреттер арқылы бөліндік?

-Бүгінгі өтетін сабағымыз тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?
Екі топқа бірдей ойын: «Артығын тап ойыны»

Топтық тапсырма.Хатқалтадағы сөздерді оқып артық сөзді анықтау.

Шырша,қарағай,сиыр,алма,тары.

Таңқурай,емен,жүгері,аю,алмұрт.

Бидай,қарбыз,өрік,жүзім,барыс.

Қарақат,шие,қауын,түйе,асқабақ.
Сиыр, аю, барыс, түйе.

ЖАНУАРЛАР

Сабақ мақсатын хабарлау. 

Жаңа әдіс-тәсілдерді қолданып,

жануарлардың қоректенуі туралы білімін қалыптастыру.

1 топ: Жануарлардың алуан түрлілігі:

1.Жолбарыс , сілеусін, қасқыр қандай жануарлар? (жыртқыш)

2.сиыр ,тиін, қоян, жылқы, қой , аю қандай жануарлар? (өсімдікқоректі)

3. Кірпі, борсық қандай жануарлар?( Жәндікқоректі)



2топ:  жануарлардың (жыртқыш)қоректенуі.

1)Тоқылдақтың қоректенуі арқылы табиғатқа қандай пайда келтіреді?

2)Қасқыр қоректенуі арқылы табиғатқа қандай пайда келтіреді?

3)Ара қоректену арқылы табиғатқа қандай пайда келтіреді?

4)Үй жануарлары қоректену арқылы қандай пайда келтіреді?

5) Қоректену арқылы жануарлар табиғатқа қандай пайда келтіреді?

Жануарлармен олардың қоректерінің суреттерін қоямыз.

Әр топтан бір-бір оқушыдан шығып әр жануардың қорегін өзіне апару.

Бүгінгі сабақ бойынша оқушылар пікірлерін стикерлерге жазу ұсынылады.

1/Жаңа тақырыпқа шолу:

Өсімдіктер сияқты жануарлар да алуан түрлі болып келеді. Жер бетінде жануарлардың түрлері өте көп.

Ғалымдардың зерттеуі бойынша олардың 2 млн-дай түрі белгілі болды. «Жануар» сөзі парсының «джан-джанвар» деген сөздің екінші бөлігінен алынған. «джан-джанвар» қазақша-жануар әлемі, яғни дүние жүзіндегі тірі мақұлықтар дегенді білдіреді.
Жануарлар мынадай топқа бөлінеді:
ЖАНУАРЛАР түрлері
Құстар, балықтар, жорғалаушылар, қосмекенділер, бунақденелілер, сүтқоректілер

Құстар-8600 түрі бар. Айырмашылығы ұшады.((Балықтардың 20 000 түрі бар. Олардың айырмашылығы жүзеді.


Қосмекенділердің-4000 түрі бар. Олардың айырмашылығы құрлықта да, суда да тіршілік етеді.
Сүтқоректілердің – 5000 түрі бар. Олардың айырмашылығы балаларын өз сүтімен асырайды.
Жорғалаушылардың – 8000 түрі бар. Олардың айырмашылығы бауырымен жорғалайды.
Жәндіктердің – 700 000 түрі бар.

Жануарлардың қоректенуі:
Жануарлар әртүрлі азықпен қоректенеді.Олардың көпшілігі ағаштың жапырағымен және шөппен қоректенеді.Оларды шөпқоректілер дейді.Оларға бұғы,ақбөкен,ешкі,қой,түйе т.б жатады.
Ақбөкен шөл, шөлейтті және далалық аймақтарда тіршілік етуге бейімделген. Олардың қоныс өзгертуі ауа райына, Ақбөкен жұп тұяқты жануарлардың ішіндегі ең өсімталы, жылына бір рет төлдейді. Жаппай төлдеуі мамырдың 1-жартысында өтеді. Бұл кезде күн салқындап, жауын-шашын көп болады да, оны қазақ халқы «Құралайдың салқыны» деп атайды. Көбіне егізден, кейде 3 лақ та туады. Ақбөкендер өсімдіктердің 80-нен астам түрімен қоректенеді. Олардың басты жауы – қасқыр, ал жас төлдеріне бүркіт, дала қыраны мен қарақұстар да шабуыл жасайды.
Ақбөкен аусыл, пастереллез ауруларымен ауырады. Ақбөкен – дәмді еті, құнды мүйізі мен тұяғы, әдемі терісі үшін ауланатын кәсіптік маңызы бар жануар. Қазақстанда Ақбөкенді аулауға тыйым салынған. Оның мүйізінен пантокрин дәрісі алынады, тұяғын күйдіріп, одан алынған күлді денедегі теміреткіге жағады, сусамыр ауруына шалдыққандарды емдеу үшін пайдаланады
Саршұнақ Далада және тауда мекендейді. Інінен шыққан күйі артық аяғымен шоқиып тұрып, жан-жағында қауіптің бар-жоғын барлайды. Төңірек тыныш болса, тұқымдар, шөптермен қоректене бастайды. Егер маңайда жүгері немесе егістік болса, саршұнақ сол жерге қоныстанады. Ол астықтың дәні мен сабағын жеп, егіске зиян келтіреді.
Басқа жан жануарлардың етімен қоректенетін жануарларды жыртқыштар дейді.Қасқыр,түлкі,барыс,жолбарыс т.б
Барыс мысық тұқымдасына жататын жыртқыш аң. Дене тұрқы 125 – 135см, биіктігі 60см (шоқтығынан алғанда), құйрығы 90 – 100см, салмағы отыз – қырық килограммдай. Түсі көк сұр, теңбіл шұбар, сақина тәрізді дөңгелек қара дақтары бар, жүні ұзын әрі қалың. Қазақстан мен Орталық Азияның биік тауларында (2000м-ден астам) кездеседі. Оның ең көп жүретін жері – басын мәңгі қар басқан тасты тік беткейлер мен қиялар. Қыста қар қалың түскенде, барыс таудың орманды белдеуіне дейін төменге түседі. Барыс тұяқты жануарларды, әсіресе, арқарды, тау текені, тау ешкілерін, еліктерді, ал құстардан ұлар мен кекіліктерді ұстап жейді. Аулауға тыйым салынған, санының азайып кетуіне байланысты халықаралық және ұлттық «Қызыл кітапқа» (1996) енгізілген.
Қасқыр Қасқырдың өзге хайуандардан дара, олардың ешқайсысына ұқсамайтын қасиеттері көп. Оның бойындағы осындай ерекшеліктерге негізделіп айтылатын аңыздар да жетерлік. Солардың бірі – түркілердің түпнегізін көкбөрімен байланыстыруы. Қасқырлардың ішіндегі көк аспан түстес келетіндері мен ақ қасқырлар аса киелі хайуан болып есептеледі. Олардың адамдарға көрінуі де сирек. Мұндай көкбөрілермен кезіккен адам да «тегін адам емес, киелі қасиеттерге ие кісі» болып табылады.(Яғни)
Қабан сүтқоректілер класының жұптұяқтылар отрядына жататын жануар.
Қызылорда облысының қамыс-құрақты қопалар мен батпақты жерлерінде, өзен аңғарларында көп кездеседі. Денесі ірі, екі бүйірі қысыңқы, мойыны жуан, басы сүйір, тұмсығы конус тәрізді көлденеңнен кесілген болып келеді. Ұшында жұп тұяғы бар, аяғы мықты, екеуі жақсы жетілген төрт саусағы болады. Құлағы үлкен және жалпақ, көзі кішкентай, танауы таңқы. Денесін қалың қылшық басқан. Аталығының арқасында жалы болады. Қорек таңдамайтын жануар, топырақты қазып құрт-құмырсқа, өсімдік тамырлары, ұлулар және ұсақ тышқандармен қоректенеді. Денесін ірі қылтан қаптаған. Ересек қабан шошқаларынын түсі коңыр, торайларының терісінде ұзынан орналасқан ақ жолақтары бар. Ірі қабандардың ұзындығы 2 м, салмағы 300 кг. Топтасып өмір сүреді. Үй шошқасының арғы тегі. Кәсіпшілік жануар
Өсімдіктерді де,жануарларды да жей беретіндерді талғаусыз қоректілер деп атайды.
Аю жыртқыш аң.Қорек талғамайды.Оның қорегі балық,аң,мал,жидек,өсімдік түбірлері.

Борсық пен кірпі өсімдіктерді,бунақденелілерді,құрттарды және басқа ұсақ жәндіктерді корек етеді.Кірпі жыланнан қорықпай бас салып,оны жеңіп,жеп қояды.

Сергіту сәті.

Австралиялық жауын

V.Оқулықпен жұмыс

1/Топтық жұмыс:

Әр топ өзіне қатысты мәтінді оқиды, топта отырып талқылайды. Топтан бір оқушы ортаға шығып, автор орындығына отырып, екінші топқа әңгімелеп айтады.



Постер құру:

Мақсаты: Оқушылардың жаңа тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау
«ШӨПҚОРЕКТІЛЕР» тобы шөпқоректілер туралы

«ЖЫРТҚЫШТАР» тобы жыртқыштар туралы


VІ. Жаңа сабақты бекіту. 
1/Дәптермен жұмыс:

1-тапсырма
Әр қатардағы артық тұрған жануарды тап және оны айналдыра сыз.Өзіңнің таңдауыңды түсіндіруге тырыс.Қалған жануарлар тобының атауын жаз.
 2/тапсырма 

Осы жануарлар үшін қорек мәзірін дайында. 


 

1/Бағалау 
2/Үйге тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұндау. 
Каталог: uploads -> doc -> 09e5
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
09e5 -> Сабақтың тақырыбы: Саптағы жаттығулар. Гимнастика. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сапта келе жатып орындалатын жаттығуларды үйрету
09e5 -> «Бекітемін» кмм байет жоббм мектеп директорының м а Екібастұз қаласы
09e5 -> Білім беру ұйымдарының үздік моделі 2015-2016 оқу жылы, I тоқсан Таллис Оқушы Мұғалім
09e5 -> Сабақ: №14 Пәні: информатика Мектеп: №19 Оқытушының аты-жөні: Махаева А. К
09e5 -> Сабақ жоспары Тақырыбы : «Шамалар арасындағы тәуелділікке байланысты есептер»
09e5 -> Сабақтың тақырыбы: Дулат Исабековтің «Әпке» пьесасы, «Ата үміті» хикаяты
09e5 -> Сабақ №1 Коучинг тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет