Пәні: Құқық негіздері Сыныбы: 10 а Пән мұғалімі: Шалғынбаева А. С тақырыбы



Дата18.02.2017
өлшемі33,28 Kb.
#10265
Пәні: Құқық негіздері

Сыныбы: 10 а

Пән мұғалімі: Шалғынбаева А.С


Тақырыбы: Ерікті еңбек ету құқығы туралы түсінік. Кәсіпорындар

Мақсаты: Еңбек құқығы, еңбек қатынастары туралы білім беру.

Жауапкершілікке, адал еңбек етуге, адамгершілікке тәрбиелеу.

Дәлелді пікір айту арқылы өзіндік қөзқарастарын дамыту.

Сабақтың түрі: пікіралмасу сабағы

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: ҚР Конституциясы, Еңбек кодексі, сызбалар, кестелер

Сабақтың барысы: І. Психологиялық дайындық

Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстанның жас ұрпақтары ретінде еліміздің құқықтық реформаларын түсінуге, Ата заңымызды сыйлауға әрқашанда дайынбыз! (Оқушылар бір- бірлерінің қолыдарынынан ұстап тұрып ант береді)



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

1.Сұрақтарға жауап беру: 1.1Азаматтық құқық дегеніміз не?Жауап: Азаматтық құқық - ҚР құқық салаларының бірі ретінде ол мүліктік қатынастарды және онымен байланысты жеке мүліктік емес қатынастардыда реттейді.

1.2Жауапкешілік дегеніміз не? Оны қалай түсінесіңдер? Мысал келтірейік.

1.3 Азаматтық құқықтық жауапкершілік дегеніміз не?

1.4 Кәмелетке толмағандар жасаған құқық бұзушылық үшін жауапкершілік жағдайларының ерекшеліктері қандай?

1.5Ал, 14 жас пен 18 жас аралығындағы құқық бұзушылық үшін жауапкершіліктің екрекшелігі қандай?
2. Экраннан талқыға салайық бөлімінің тапсырмасы шығады.

«15 жасар Қайрат өз үйінің жанында жаттығып жатқан. Ол өзі оқыған оқу орнындағы футбол командасының мүшесі еді. Ебедейсіз қимылдаған Қайрат допты алысқа теуіп жіберді. Доп Қарсы беттегі дүкеннің терезесін сындырды. Күзетшілердің бірі жүгіріп шығып Қайратты ұрып жіберді. Оны директорға алып келіп, ата-анасын шақыртты. Оларға шығынның орнын толыру керектігін айтқан. Оның ата-анасы үйге барып, Қанаттан мән жайды сұрап білгеннен кейін ойланамыз, көреміз деген. Кейін олар зиянның орнын толтырудан бас тартып, Қайратты емдетуге кеткен Шығынның орнын толтыруды талап еткен, өйткені күзетшінің соққысынан оның миы шайқалған. Дүкен дирекциясы сотқа арыз берген. Ол арызда дирекция Қайраттың ата-анасынан терезенің құнын талап еткен. Ата-анасы Қайраттың естияр және істеген ісін түсінетінін айтқан. Келтірген зиянды баланың өзі жұмыс істеген кезде төлейді, ал дүкен дирекциясы Қайраттың денсаулығына келтірген зиянды өтеуге тиіс, өйткені ол зиянды дүкен қызметшілері келтірді деген.» Дауласушыларға төрелік айтуға тырысыңдар.

( оқушылар жауабы тыңдалып, қорытынды шығарылады)
3. Киіз үйдің шаңырағының уығына ҚР-ның құқық салаларын жазу.

(шаңырақты бейнелеудегі мақсатымыз айта кету керек)



ІІІ. Жаңа сабақ: Осы аталған құқықтық заңнамалардың мақсат-міндеттерімен , негізгі түсініктерімен танысқан болатынбыз. Азаматтық құқық мүліктік қатынастарды және онымен байланысты жеке мүліктік емес қатынастардыда реттеуші құқықтық саласы ретінде қарастырылса, ал бүгінгі өткелі отырған ерікті еңбек құқығы ҚР азаматтарының еңбек ету бостандығын реттеуші құқықтық сала екендігіне, сонымен қатар бұл құқықтық салалардың барлығы ҚР конституциясына негізделетіндігін атап өту керек тәрізді.Олай болса, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбымен таныс болайық.

Тақырып слайдтан шығады: Ерікті еңбек құқығы туралы түсінік. Кәсіпорындар.Мақсаты слайдтан шығады.

Сабақ жоспары: 1. «Қандай тұрғыдан қарайсың?»бөлімі (оқушылармен сұрақ- жауаптармен алмасу)

2. «Кім жылдам» ойыны. Еңбек туралы сөздердің қарама- қарсы мағыналарын тез жазу керек.(Сергіту сәті)

3. «Талқыға салайық» Оқулықтағы тақырып соңындағы тапсырмалармен жұмыс.

4.ҚР Конститутциясы 24 бап оқу

5. Кестемен жұмыс

6. Заңгер Абдыхалық ағамен сұхбат
ІҮ. Сабақты қорытындылау.Сұрақтар қою. 1.Ерікті еңбек құығы деп нені атаймыз? 2.Мамандық бойынша жұмыстың маңызы қандай? Мамандықты еркін таңдауға бола ма? Жұмыс беруші деген кім?
Сызбамен жұмыс: Еңбек

Р=а+в+с

А Х В


Құқықтық

қатынастар



Қоғам Адам

С

ІҮ. Үйге тапсырма беру: Оқу. «Менің сүйікті мамандығым» тақырыбында шығарма жазу.
Каталог: uploads -> doc -> 0aa6
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0aa6 -> Сабақтың тақырыбы: Бауыржан Момышұлы «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» Сабақтың мақсаты
0aa6 -> Сабақтың атауы Әдебиеттік оқу С. Торайғыров «Кедей» Мақсаты Күтілетін нәтиже
0aa6 -> Қазақ тілін өзге тілде оқытатын мектептің 6- сыныбына арналған
0aa6 -> Орындаған: Қапасова Г.Қ “№17 орта мектебі”кмм
0aa6 -> Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет