ПӘнінің ОҚУ Әдістемелік кешені оқУ-Әдістемелік материалдар



бет1/4
Дата10.06.2017
өлшемі2,04 Mb.
#18612
  1   2   3   4



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18.1.71/03-2015


ПОӘК

«Болжау және фирмаішілік жоспарлау» пәні бойынша оқу-әдістемелік материалдар



№ 1 басылым

11.06.2015



5В050600 - «Экономика» мамандық студенттері үшін

«БОЛЖАУ ЖӘНЕ ФИРМАІШІЛІК ЖОСПАРЛАУ»

ПӘНІНІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей - 2015



Мазмұны

  1. Глоссарий

  2. Дәрістер

  3. Практикалық сабақтар

  4. Студенттердің өздік жұмысы


1 Глоссарий

Автаркия – нақты бір елді экономикалық оқшаулау саясаты, жеке бір мемлекеттің шеңберінде томаға – тұйық, өзін - өзі қамтамасыз ететін экономика құру мақсатымен оны әлемдік нарықтан ерікті немесе мәжбүрлі түрде тұйқтау.

Автократия – экономиканы, кәсіпорынды басқарудың билікті бір адамның қолына шоғырландыруға негізделген тісілі, стилі; шексіз билікке ие ұйым басшысына көссіздікпен, сөзсіз бағынушылық.

Автономия - өзін - өзі басқару, аумақтарды, кәсіпорындарды басқарудағы тәуелсіздік, дербестік.

Авторитаризм – демократияға қарсы, құқыққа қарсы тұжырымдама және билік жүргізу практикасы.

Авторитарлық - өкіметке құлдық ұрып бағынушылыққа негізделген басшылық стилі.

Әдіс – табиғи құбылыстарын, қоғамдық өмірді танып білу тәсілі; теория, ілім, тәсілдері немесе нақты міндетке бағындырылған тұрмыс салт.

Әміршілдік экономика - экономикалық жүйені ұйымдастыру тәсілі, мұнда материалдық ресурстар мемлекеттік меншікті құрайды, ал экономикалық қызметтің бағыты мен үйлестірілуі бір орталықтан жоспарлау арқылы жүзеге асырылады.

Бизнес – кәсіпорындардың немесе ұйымдардың, жекеше тұлғалардың өңделмеген түрде өнім шығару, тауар өндіру немесе сатып алу және сату немесе табыс табу мақсатымен басқа тауарларға немесе ақшаға айырбас ретінде қызмет көрсету.

Бизнес-жоспар – кәсіпорынды белгілі бір кезеңде дамыту жоспары;пайда алу мақсатыменмәмлені жүзеге асырудың бағдарлама-жоспары.

Бизнесмен, табыскер – бизнеспен айналысушы адам, коммерсант, кәсіпкер.

Болжау мен жоспарлаудың әдістері – кәсіпорынның оның бөлімшелерінің, басқарудың басқа деңгейлеріндегі болжамдары мен жоспарларын әзірлеу тәсілдері.

Бюджет – мемлекеттің нмесе отбасының не жеке тұлғаның белгілі бір уақыт кезеңіндегі ақшалай кірісі мен шығысының тізімі, сметасы.

Жергілікті бюджеттер – жергілікті өкілдікті органдардың қаржы базасы, олардың қажетті шараларды қаржыландыруға арналған қаражатын қалыптастырудың негізгі жоспары.

Мемлекеттік бюджет – мемлекеттің ақшалай қаражатының белгілі бір уақыт кезеңіндегі кірісінің құралуы мен шығысының атқарылуының заңды тәртіппен бекітілген смета.

Республикалық бюджет – жалпы республикалық мәні бар шараларды қаржыландыру үшін қаражатты құраудың негізгі жоспары.

Бюджет жүесі – түрлі деңгейдегі бюджеттердің экономикалық қатынастар мен заңдылық нормаларға негізделген жиынтығы.

Бюджет кірісі – салық түсімдер мен салыққа жатпайтын түсімдердің, алымдардың көлемі.

Бюджет процесі – мемлекеттік өкімет пен басқару органдарының бюджетті әзірлеу, қарау, бекіту, атқару бақылау жөніндегі заңмен және тбасқа нормативті актілермен тәртіптелген қызмет.

Бюджет статистикасы – мемлекеттік бюджет статистикасы-қаржы статистикасының аса маңызды бөлімі; отбасы бюджеттерінің статистикасы- әлеуметтік –статистиканың құрамдас бөлігі.

Бюджет тапшылығы – бюджеттің шығыс бөлігінің кіріс бөлігінен асып түсуі.

Бюджетті тәртіпке келтіру – бюджет жүесін ұйымдастыру және оның құрылымының негізгі қағидаларын тұжырымдау.

Бюджеттен тыс қорлар – кейбір қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін таратылатын және ұйымдық дербестігі негізінде кешенді түрде жұмсалатын қаржы ресурстарын қайта бөлу мен пайдалану нысаны.

Бюджеттік есеп – бюджеттің атқаруына және бюджеттік мекемелер шығысының сметаларына бухгалтерлік есеп жүргізу.

Бюджеттік жоспарлау – бюджеттің жоспарлы түрде жасалуы, қаралуы, бекітілуі және атқарылуы барысы.

Бюджеттік несие – бекітілген бюджет бойынша шығыстың белгілі бір түрлерін қаржыландыруға берілетін қаражат.

Бюджеттік қаржыландыру – кәсіпорындарға олардың қызметін жүзеге асыру және дамыту үшін тегін берілген бюджет қаражаты.

Бюджеттік реттеу – жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджеттерге олардың кірісі мен шығысын тепе- тең ұстау үшін бөлінетін қаражат.

Бюджеттік тексру – халықтың әртүрлі қоғамдық топтарының тұрмыс дәрежесін туралы алынатын мәліметтердің көзі болып табылатын отбасының бюджеттің статистикалық тұрғыдан іріктеп тексеру.

Жобалау – кәсіпорынды, ғимаратты салу немесе оларды жаңғырту үшін қажетті техникалық-экономикалық негіздемеден, сызбалардан, түсіндірме жазбалар мен басқа да материалдардан тұратын техникалық құжаттама кешенің әзірлеу.

Стратегия – қоғамдық, саяси күреске басшылық өнері, оны жүргізудің қоғам дамуының нақты кезеңінің жағдайларынан туындайтын жалпы жоспар.

Тактика – экономикалық әлеуметтік және басқа саясатта алға қойылған мақсатқа жету үшін қолднылатын құралдар мен тәсілдер.

Ретроспективті талдау — объектінің бұрыннан қалыптасқан техникалық, әлеуметтік, экономикалық даму тенденциясын оның даму стратегиясын қалыптастыру мақсатында зерттеу әдісі.

Верификация - болжау моделінің ақиқатын (адекваттығын) тексеру.

Ықтималдықберілген жағдайдың аяқталу мүмкіндігінің деңгейі (0 ден 1 дейін өзгереді).

‘’Мақсаттар ағашы’’жүйеленген, иерархиялық қағида бойынша құрылған жүйе, бағдарлама, жоспар мақсаттарының жиынтығы.

Динамикалық қатарболжау объектісі айнымалысының өткенді шолатын мәндерінің уақытша тізбектелуі.

Болжау тапсырмасы – болжау мақсаттары мен міндеттерін анықтайтын, оны жасау тәртібін реттейтін құжат.

Болжау объектісінің мағыналы айнымалысы – болжау міндетіне сәйкес объектіні сипаттау үшін қолданылатын болжау объектісінің айнымалысы.

Корреляциялық дала - әрбір фактор мен функция арасындағы байланыс формасы мен тығыздығын анықтау мақсатында құрылған функцияның фактордан тәуелділігін көрсететін графикалық сызба

Стьюдент критериі – модельге кіретін факторлар мағынасын сипаттайтын математикалық критерий.

Болжау әдісі- болжау жасауға бағытталған болжау объектісін зерттеу әдісі.

Болжау әдістемесі – нақты болжам жасау барысында болжау әдсітерін қолдану тәртібінің жиынтығы. Параметрлік әдіс – бір жағынан объект параметрлері мен өндірістің ұйымдастырушылық-техникалық деңгейі арасындағы тәуелділікті көрсетуге негізделген, екінші жағынан пайдалы тиім немесе шығын элементтері арасындағы тәуелділікті көрсетуге негізделген пайдалы тиім, шығын және басқалардың элементтерін болжау әдістері.

Экономикалық-математикалық әдістер - жоспарланған немесе қалыптасқан экономикалық жағдайлардағы шаруашылық шешімдерді анықтайтын ең жақсы, оңтайлы нұсқауларды таңдауда қолданылатын талдау және оңтайландыру әдістері.

Экспертті әдістер – осы облыстағы мамандар тобының ұжымдық пікірлесуіне негізделген болжау әдістері.

Экстраполяция әдістері -1) бағдарламаның сол немесе басқа аспектісін жүзеге асыруға қажетті өнімді болжауға негізделген әдістер.

-2) объектінің оның бұрынғы даму тенденциясы бойынша болашақта дамуын болжау әдістері.



Модуль – объектінің болашақта мүмкін болатын жағдайын болжауда қолданылатын оның жеңілдетілген көрінісі.

Анықталмаған жағдайлар – потенциалды нәтижелердің ықтималдығын бағалау мүмкін болмаған жағдайда пайда болады.

Нормативті болжам – болжау объектісінің белгілі бір жағдайға жету мерзімі мен жолдарын белгілейтін болжам.

Алдын-ала саралау кезеңі – бұл болжам жасалынып жатқан кезең.

Жоспар – белгілі бір мақсаттар мен ресурстарға байланысты іс-әрекеттер тізімі мен мерзімін директивті анықтау, шешім.

Ізденіс болжамы – болжау объектісінің мүмкін болатын жағдайын көрсететін болжам.

Көрсеткіш – объект жағдайын білуге мүмкіндік беретін көлем, өлшем.

Жорамал – белгілі бір объектінің немесе процестің болашақтағы жағдайы туралы пікрдің логикалық тізбегіне негізделген қорытынды.

Болжам әдісі – белгілі бір кезеңде нақты объект алуға бағытталған бір немесе бірнеше логикалық немесе математикалық операциялар.

Болжау – объектінің болашақтағы жағдайы немесе осы жағдайға жетудің альтернативті жолдары туралы ықтималды пікір.

Болжамдық ретроспекция (өткенді шолу) – олардың жүйелі сипатын алу мақсатында болжамдық фон және болжау объектісінің тарихы зерттелетін болжау кезеңі.

Болжау шегі – болжаудың нақтылығы мен сенімділігі қамтамасыз етілетін саралаудың максималды кезеңі.

Болжамдық диагноз – мәселелерді, даму тенденциясын көрсету және болжау әдісін таңдау мақсатында болжамдық фон және болжау объектісінің тарихы зерттелетін болжау кезеңі.

Прогностика (футурология) – болжау жасау заңдылықтары туралы ғылыми пән.

Жоба – нақты шараға, құрылысқа қатысты шешім.

Проспекция – таңдалған әдістерді пайдалана отырып болжау, болжау фонының объектілері болжанатын, олардың верификациясы жүргізілетін болжау кезеңі.

Менеджментті жүйелі қарастыру – кез-келген объект, жүйе бір-бірімен байланысты элементтер жиынтығы ретінде қарастырылатын жағдай.

Құрылым – оның басты мақсатын дұрыс орындауға қажетті жүйенің құрамды бөлімдерін сәйкестендіру әдісі.

Басқарушылық шешім – менеджмент жүйесінің нақты мақсаттарына жету үшін альтернативаларды таңдау, экономикалық негіздеу, оңтайландыру, болжау, талдау нәтижесі.

Факторфункцияға әсер ететін, жүйедегі объектінің немесе процестің жеке көрсеткіші.

Сырт көзге ғана дұрыс статистикалық мәліметтер – болжау объектісін талдау немесе ресми статистика мәліметтерін пайдалана отырып ретроспекция кезеңінде алатын мәліметтер.

Функция – регрессия деңгейі бойынша есептелген нәтижелі белгі, болжамдық көлем.

Болжау объектісінің сипаттамасы – болжау объектісінің кез-келген қасиетінің сапалық немесе сандық жағынан бейнеленуі.

Мақсатты болжам – жиынтығында жүйе эволюциясын құрайтын оқиғаның уақыт және кеңістікте жүйелі түрде өрбуінің гипотезалық суреті.

Болжау объектісінің экзогенді айнымалысы – болжау фонының (сыртқы ортаның) қасиеттерін бейнелейтін болжау объектісінің маңызды айнымалысы.

Болжау объектісінің эндогенді айнымалысы – оның өз қасиеттерін бейнелейтін болжау объектісінің маңызды айнымалысы.

Энтропия – объектінің белгісіздік деңгейін сипаттайтын көрсеткіш.

Болжау кезеңі - өзінің міндеттерімен, әдістерімен, нәтижелерімен сипатталатын болжау жасау процесінің бөлімі.

2 Болжау және фирмаішілік жоспарлау пәні бойынша дәрістер жинағы:

Тақырып 1. Болжау және фирмаішілік жоспарлау: негізгі түсініктер, пәні, әдістері және болжам типтері.

  1. Болжау және фирмаішілік жоспарлау мәні, оның пәні, болжау формалары және объектілері.

  2. Болжау және фирмаішілік жоспарлау типтері.




  1. Болжау және фирмаішілік жоспарлау мәні, оның пәні, болжау формалары және объектілері.

Кез келген мемлекеттің қоғамдық өмірі болашақты анықтаусыз алдағы даму жолын болжамдаусыз дамуы мүмкін емес.
Мемлекеттің басты міндеті – барлық ұжымдарға, кәсіпкерлікке, жалпы мемлекеттік халықтың мүдделерге тиімді жол жасау. Бұл міндеттерді іске асыруда маңызды роль атқаратын құралдардың бірі – болжамдау мен жоспарлау.
Жоспарлау және болжау бұл алдымен қоғамдық өндірістің заңдылықтарына және әлеуметтік, ғылыми-техникалық прогрестің қарқынына негізделген, оның дамуы мен нәтижелерін ғылыми жағынан алдын-ала көру болып табылады. Зерттелген процесс сипаты мен нақтылығына байланысты алдын-ала көрудің 3 формасын бөліп көрсетуге болады:

  1. гипотеза (жалпы ғылыми алдын-ала көру);

  2. болжам;

  3. жоспар.

Болжам немесе болжау дегеніміз – біріншіден, түп мағынасы гректің алдын – ала білу түсінігінде жатқан. Екіншіден, ғылыми негізінде – обектінің жағдайы немесе оның альтернативті даму жолы мен іске асырылу мерзімі көзқарас ұғымын білдіреді.
Болжамдау – бұл болжамдарды жасау процесін атайды. Болжамдар гипотезаға негізделеді.
Гипотеза дегеніміз – алдын – ала білуді жалпы ғылыми теория деңгейінде сипаттау. Яғни, гипотезаның негізін ғылыми теория, оның негізінде ашылған заңдылықтар зерттеу объектісінің дамуы және байланыстары анықтайтындығын көрсетеді. Гипотеза негізінде жоспарлар жасалынады. Әр түрлі салалардағы, деңгейлердегі (жалпы мемлекет, облыс, аудан, қалалар т.б.) жоспарларды жасау процесін – жоспарлау деп атайды.
Жоспарлау – бұл мүмкіндіктер мен ресурстарды тиімді пайдалануға және халық шаруашылығы салаларында оптималды, пропорционалды байланыстардың болуын қамтамасыз етуге бағытталған экономикалық жұмыстар жүйесі.

Болжам - мүмкіндік, жоспар - міндеттілік сипатта болады. Жоспар қабылданған бір беткей шешім, болжам мүмкін болу жағдайы.

Жоспарлау мен болжаудың қажеттігі келесідей себептерден туындайды:


Біріншіден, экономиканың өсу қарқынымен қатар ҒТР, жаңа технологиялар дамып келе жатыр. Өнім арттырудың инновациялық, ұтымды тәсілдері, еңбек күшінің техникамен алмастырылуы қарқынды өсіп келе жатқандықтан, нәтежиесін жоспарлау мен болжау қажет,
Екіншіден, жоспарлау мен болжау экономиканы реттеу үшін мемлекет тарапынан жиі қолданылады. Экономикалық циклді реттеп отыру үшін қажетті. Халықтың әлсіз топтарының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін де мемлекетке тиімді.
Үшіншіден, нарықта кез-келген фирма өзінің саласына қарамастан, белгілі бір нәтежиеге жету үшін, жұмысқа кіріспес бұрын алға қойған мақсаттары мен жоспарын, кәсіпкерлік стратегияын жасауға міндетті. Дұрыс бағыт-бағдар таңдау арқылы ғана экономиканың қажетті түрде дамуына болады.
Болжамдау мен жоспарлаудың экономиканы реттеу қызметтеріндегі қажеттіліктері келесідей анықталады:
1) алдағы тиімді жағдайларды сапалы пайдалануға мүмкіндік береді
2) алда болатын проблемаларды алдын ала бөлуге қол жеткізеді
3) басқару органдарына іс – қимыл жоспарларын, бағдарламаларын сапалы іске асырылуына мүмкіндік береді
4) экономика салаларындағы экономикалық қатынастарды ұтымды үйлестіруге, реттеуге қол жеткізеді. Мемлекттің шектеулі қаражаттарын халық шаруашылығы бағыттары бойынша тиімді бөлуге, пайдалануға ықпал жасайды
5) бөлінген, жұмсалынған қаражаттардың тиімділігін бақылауға мүмкіндік береді. Қоғам өмірінің әлеуметтік – экономикалық дамуын болжамдаудың маңызды түрінің бірі бұл – экономикалық болжамдау.
Экономикалық болжамдау – бұл экономикалық құбылыстардың түсінігін, ғылыми әдістерін және болжамдау мен экономикалық теория тәсілдерінің, құралдарының барлық жиынтығын пайдалануға негізделінген экономикалық болжамдар жасау процесі.

Экономика шаруашылығын реттеуде қолданылатын болжамдар — өздерінің объектілеріне, уақыт интервалдарына, функционалдық белгілеріне және т.б. жағдайларына қарай классификацияланады.

Әлеуметтік – экономикалық болжамдар классификациясы :
I Болжамдау масштабына қарай:
1) макроэкономикалық болжамдар
2) халық шаруашылығы кешендерінің болжамдары (отын-энергетикалық, агроөнеркәсіптік, инвестициялық, өндірістік инфрақұрылым, қызмет көрсету сферасы және т. б.).
3) стратегиялық өнімдер болжамдары
4) құрылымдық (салааралық және аймақаралық) болжамдар
5) әрбір кәсіпорынның, жеке өндіріс, өнімнің болжамдары
II Зерттеу объектілеріне қарай:
1) өндірістік қатынастардың даму болжамдары
2) ғылыми – техникалық прогресс болжамдары
3) еңбек ресурстары және оны толықтыру болжамдары
4) халықтың тұрмыс деңгейінің болжамы
5) сыртқы экономикалық байланыстар болжамы
6) сұраныс өзгеру болжамдары
III Уақыт мерзіміне қарай:
1) оперативті (немесе шұғыл)
2) орта мерзімді
3) ұзақ мерзімді
Жасалу бағытына қарай:

4) ізденісті – іздеуші бағдар, өткен мен кәзіргінің жалғасындай даму оған әсер ететін жағдайларды есепке алмау


5) нормативті – нормативті бағдар, мақсатқа байланысты жететін деңгейдің жолын, уақытын анықтау

Жоспарлау – бұл мақсаттарды анықтау және оларға жету тәсілдерін таңдау процесі. Бұл процестің алгоритмі:

А) ағымдағы жағдайды анықтау және оны талдау. Негізгі міндеті: кәсіпорынның күшті және әлсіз жақтарын анықтау;

Б) мақсаттарды таңдау; міндеті. Мүмкіндіктерді және қауіптерді зерттеп, нысандарды анықтау,

В) мақсатқа жету тәсілдерін анықтау; міндеті. Жүретін жол мен қажет құралдарды табу.

Нарықтық экономика жағдайында жоспарлау жүйесі бір-бірімен тығыз байланысты 2 бағытта болады:


  1. Республикалық және аймақтық деңгейдегі мемлекеттік-индикативтік жоспарлау. Оған ғылыми болжамдар жасау тауар өндірушілерге бағытталған басқа да жоспарлы құжаттармен бағдарламалар жасау кіреді.

  2. Шаруашылық (фирмаішілік) жоспарлау.ол шаруашылық субъектінің, оның өнімдерін тұтынатын тұтынушылардың қызығушылығына жауап беретін мақсатты бағытталған қызметті ұйымдастыру функциялары мен көрсеткіштерін көрсететін мемлекеттік бағдарламалар мен болжамдарды есепке алады.

Жоспарлаудың жіктелуі:

  1. қолдану өрісіне қарай:

  • жалпы;

  • жарым-жартылай.

  1. мазмұнына қарай:

  • стратегиялық;

  • тактикалық;

  • оперативті.

  1. жоспарлау уақытына қарай:

  • мақсатты қорларды жоспарлау;

  • бағдарламалық жоспарлау;

  • іс-әрекеттерді жоспарлау;

  1. қызмет ету өрісіне қарай:

  • өткізуді жоспарлау;

  • өндірісті жоспарлау;

  • персоналды жоспарлау;

  • жабдықтауды жоспарлау;

  • инвестициялық жоспарлау;

  • қаржыны жоспарлау;

  • кеңейтілген жалпы жоспарлау;

  1. жоспарлау тереңдігіне қарай:

- глобальді;

- контурлы;



  • бөлшекті;

  • шекті.

  1. Мерзіміне қарай:

  • қысқа;

  • орта;

  • ұзақ,

  • мерзімді.

  1. Құрылымдық ұйымдастыру тұрғысынан:

  • жалпы жоспарлау;

  • кәсіпорын орналасуын жоспарлау;

  • қызмет өрісін жоспарлау;

  • жеке бөлімдерді жоспарлау;

  • учаскелерді жоспарлау;

VIII. Уақытқа қарай жеке жоспарларды координациялау бойынша:

  • жүйелі;

  • біруақыттық.

IX. Мәліметтердің өзгеруін есепке алу бойынша:

  • қатал;

  • икемді;

X. Уақыттағы реті бойынша:

  • реттелген;

  • ағымдағы;

  • ауыспалы;

  • кезектен тыс.

Жоспарлау әдістері:

  1. төменнен жоғары қарай жоспарлау;

  2. жоғарыдан төменге қарай жоспарлау;

  3. қарама-қарсы жоспарлау;

Тақырып 2. Болжау және фирмаішілік жоспарлау қағидалары мен жүйелері.

Дәріс сұрақтары:



  1. Болжау және фирмаішілік жоспарлау жүйесі.

  2. Болжау және фирмаішілік жоспарлаудың негізгі топтары.

  3. Болжау және фирмаішілік жоспарлаудың негізгі қағидалары мен функциялары.

Жоспарлау жүйесі ұйымдастырушылық нысандар мен әдістердің жиынтығы, ол арқылы қоғамның экономикалық талаптарының заңдары жүзеге асырылады. Мерзімі бойынша өзара байланысты, барлық деңгейлердегі әлеуметтік-экономикалық дамудың болашақтағы және ағымдағы жоспарларынан тұрады. Осы жоспарлардағы тапсырма, оларды әзірлеу әдістері, онда көрсетілетін өзара шартталған. Нарықтық экономика жағдайында жоспарлау жүйесіне екі өзара байланысты бағыттар кіреді. Біріншісі – бұл тауарлар мен қызметтер өндірушілерінің бағдарына бағытталған ғылыми болжамдар, бағдарламалар, басқа да жоспарлы құжаттарды әзірлеуден тұратын республикалық және аймақтық деңгейдегі мемлекеттік индикативтік жоспарлауы. Индикативтік жоспарлау, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамудың мақсаттары мен басымдылықтарынан, сол мақсаттар мен басымдылықтарға және оларға жету тәсілдеріне сәйкес келетін параметрлердің (индикатор) жүйесінен тұрады. Екіншісі – өнім мен қызметтердің шаруашылық субъектісі тұтынушысының мүддесіне жауап беретін, мақсатты қызметті ұйымдастырудағы функцияларды атқаратын және бағдарлау көрсеткіштері, мемлекеттік бағдарламалар, болжамдарды ескеретін бизнестің шаруашылық жоспарлауы (фирмаішілік).

Жоспарлау жүйесі

Мемлекеттік-индикативтік Шаруашылық (фирмаішілік)

жоспарлау жоспарлау (бизнес-жоспар)

Ғылыми Жоспар (жоба) ұйымдастырушылық-

болжаулар шаруашылық құрылым

Мақсатты Болашаққа жасалған

бағдарламалар жоспар

Индекативті жоспарлар Жылдық жоспар

Экономикалық Қаржылық Опертивті жоспар

және басқа да жоспарлау

бағыттар

2. Техника-экономикалық болжау халық шаруашылығының, оның салаларының даму перспективаларын, өндірістің орналасуын, өнім өндірудің техника-экономикалық көрсеткіштерінің динамикасын, оның жаңа түрлерін меңгеру, өндірісті қаржыландыру, экономикадағы құрылымдық өзгерістерді және т.б. зерттейді.

Ғылыми-техникалық болжамдар ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін, негізгі және қолданбалы зерттеулер дамуын, техника мен технологиялардың жаң түрлерін, ғылыми техникалық прогресс салдарын қарастырады.

Әлеуметтік-экономикалық жоспарлау тұрғындардың өмір сүру, пайда, өндірістік емес тауарлар мен тамақ өнімдерін тұтыну деңгейінің, әлеуметтік инфрақұрылым салаларының, демографияның, жұмыспен қамтылу деңгейінің динамикасы туралы сұрақтарды зерттейді.

Жаратылысты-табиғатты болжау табиғи ресурстардың қорын және оларды шаруашылық айналымға салу мүмкіншіліктерін, өсімдік пен хайуанаттар әлемінің жағдайын, қоршаған ортаның жағдайын сипаттайды.

3. Жоспар мен болжамды жасау барысында белгілі бір қағидаларға сүйену қажет. Жоспарлаудың ең маңызды қағидасы – жоспарлы есептер мен тапсырмалардың нақтылығы және ғылыми негізделуі, оған ғылым мен техниканың және технологияның жаңа жетістіктерін және өндірісті ұйымдастыру мен басқару жетістіктерін пайдалана отырып, объективті экономикалық заңдар талаптары негізінде қол жеткізуге болады.

Екінші маңызды қағида – жоспар көрсеткіштерінің тереңдігі, бір-бірімен байланыстығы және пропорционалды болуы. Бұл қағиданың негізгі әлеуметтік - экономикалық процестерді белгілі пропорция шегінде реттеу болып табылады. Яғни, сұраныс пен ұсыныс ауыл шаруашылық және өнеркәсіп өнімдері бағаларының арасындағы және тағы басқа қарым-қатынасты, байланысты жетілдіру.

Жоспардың келесі қағидасы – мемлекет, қоғам және шаруашылық объектілер қызығушылығын және территориялық, әрі салалық жоспарлауды сәйкестендіру болып табылады. Бұл қағиданы іске асыру құралы ретінде бекіткен мақсаттар және ұлттық бағдарламалар болады.

Жоспардың басты қағидаларының бірі алға қойған міндеттерді орындауға қажетті жалпы жүйені, басты звеноны бөліп көрсету.

Жоспарлаудағы маңызды қағидалардың бірі болып үздіксіздік қағидасы табылады.

Келесі қағида бірлік, яғни жоспарды жасаумен оның орындалуын күнделікті тексеру, қажетті түзетулер мен өзгерістерді уақытылы өзгертуге мүмкіндік береді.

Жоғарыда қарастырған жоспарлау мен болжаудың маңызды қағидалары үлкен теориялық және практикалық мәнге ие. Олар басқарудың барлық деңгейлерінде шаруашылық даму жоспарларын жасаумен, оның орындалуын қамтамасыз етудің бастамасын ұйымдастыру негізі болып табылады.



Болжаудың негізгі функциялары:

  1. Ретроспекция (өтеһкенді талдау), диагноз, проспекция сияқты үш кезең бойынша жүзеге асатын экономикалық, әлеуметтік, ғылыми-техникалық процестер мен тенденцияларды ғылыми талдау;

Жұмыс уақытының бірінші кезеңінде өткен уақыттағы бағдарлама жасайтын жердің, мәселенің жағдайын сипаттайтын мәліметтерді жинақтап, жүйеге келтіріп, қолданылатын әдіс, тәсілдерді анықтап, талдау жасап, қорытындысындақұрылым, құрамдарды анықтау, яғни бағдарламаға дайындық. Екінші кезең анықтау (диагноз). Онда бағдарламадағы дамудың жолдары, үлгісі,әдістемесі жүйеге келтіріліп, бірнеше түрлерінен таңдау жасап тиімдісін таңдап алады. Үшінші бөлімде анықтау нәтижесінде даму жолы жасалып, оның дұрыстығын ( өміршеңдігі, анықтығы, дәлдігі, дәлелдігі) бағаланып, бағдарлаудың қағидалары негізінде мақсатты жүзеге асыру көрсетіледі. Бұл жұмыстың барысында жетіспейтін мәліметтер анықталып, толтырылып, зерттеулер жасалады.


  1. Белгілі бір кезеңдегі нақтылы жағдайлардағы халық шаруашылығы дамуының әлеуметтік-экономикалық көріністерінің объективті байланыстарын зерттеу;

  2. болжау объектісін бағалау;

  3. экономикалық және әлеуметтік дамудың объективті нұсқауларын көрсету;

  4. белгілі бір шешімдерді таңдауды негіздеу үшін ғылыми материалдар жинақтау.



Тақырып 3. Болжау және фирмаішілік жоспарлау әдістері.

  1. Экономикалық болжау әдістерінің мәні және олардың классификациясы.

  2. Болжау әдістерінің сипаттамасы.


Жоспарлау әдістемесі – ол жоспардың орындалуын талдауға қажетті, сонымен қатар жоспар мен болжамның жеке көрсеткіштері мен бөлімдерін құрастыруға қажетті техникалық – экономикалық және экономикалық – математикалық тәсілдер мен нақты әдістердің жиынтығы.

Экономиканы болжау және жоспарлау өте күрделі көп сатылы және қайталамалы үрдіс, оның жүзеге асырылу барысында көптеген әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық мәселелердің кең шеңбері қарастырылады, сонымен қоса көптеген әр қилы әдістердің жиынтығы пайдаланады. Ғалымдардың айтуы бойынша, болжамның 150-ден аса әр түрлі әдістері бар, ал тәжірибеде тек негізгісі болып 15–20 ғана пайдаланылады.


Қалыптасу деңгейі бойынша экономикалық болжау әдістерін интуитивтік және қалыптасқан деп екіге бөліп қарастыруға болады. 
Интуитивтік әдіс интуитивтік-логикалық ойлауға сүйенеді. Оларды мынадай жағдайларда қолданады: болжау объектісінің аса күрделілігіне байланысты көптеген факторлардың әсерін ескеру мүмкін емес болғанда немесе объект тым қарапайым болып, үлкен есептерді қажет етпеген жағдайларда.
Интуитивтік әдістердің ішінде эксперттік баға беру әдісі кең таралымға ие болды. Олар тек біздің елде ғана емес, шет елдерде де өндірістің дамуына болжамдық баға беру барысында, ғылыми-техникалық үрдісте, ресурстарды пайдалану әсерлілігінде және тағы да басқа жағдайларда кенінен қолданылады.
Сонымен қоса тарихи аналогия әдісі мен үлгі бойынша болжау әдістері де кең көлемде қолданады. Бұл жерде өзіндік бір экстраполяция байқалады. Болжау техникасы жоғары дамыған жүйенің (мемлекет, аймақ, сала) бір және соған жақын деңгейдің , ал ол болса осындай жүйенің шамалы дамыған деңгейінде болады, осы айтылып отырған үрдістің даму тарихына сүйенетін болсақ, жоғары дамыған жүйеде шамалы дамығандары үшін болжам жасалынады. Тәжірибе көрсеткендей, осындай аналогияны жаңа саланың және жаңа техниканың (ЭВМ жасау, телевизорлар және т.б.) даму жолдарын, өндіріс құрылымдарын, тұтынушылықтарды және тағы басқаларды анықтауда пайдалануға болады. Әрине осындай жолмен алынған «үлгі» – ол тек болжамның алғашқы сатысы. Ал шешуші қорытындыға жету үшін ішкі шарттарды және даму заңдылықтарын анықтау барысында ғана келуге болады.
Қалыптасқан әдістерге экстрапо­ляция әдісі мен моделдеу әдістері жатады. Олар математикалық теорияға негізделеді. 
Экстраполяция әдістеріңің арасында ең кіші квадраттар әдісінде (ККӘ) негізделетін қызметтерді тандау әдісі кең таралымға ие болды. Қазіргі замандық жағдайларда ККӘ модификациясына мән бере бастады.
Моделдеу әдістері математикалық тәуелділік және қарым-қатынастар түріндегі зерттелетін экономикалық үрдістің қалыптасқан сипатын көрсететін әр түрлі экономикалық-математикалық моделдерді болжау үрдісінде (объектісінде) пайдалануға болады.
Моделдердің келесі түрлері бар: матрицалық, опти­мальды жоспарлау, экономикалық-статистикалық (трендтік, факторлық, эконометрикалық), имитациялық, шешімдерді қабылдау. 
Экономикалық-математикалық моделдерді қолдану үшін экономикалық-математикалық әдістерді пайдаланады.
Болжау және жоспарлау тәжірибесінде сонымен қоса экономикалық (жүйелік) әдісі, нормативтік және баланстық әдістер пайдаланылады. Ал мақсатталған кешенді бағдарламаларды жасау үшін басқа да әдістермен байланысқан бағдарламалы-мақсатты әдістер (БМӘ) қолданылады. 
Берілген әдістер және олардың топтары жеткілікті болып табылмайтындығын атап өту керек. Әлемдік тәжірибеде кең таралған әдістерді қарастырайық. 
Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет