ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 5В073100 «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» мамандығы үшін



Дата25.08.2017
өлшемі220,54 Kb.
#27832

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласыныңШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ




3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18.38.5/01-2014


ПОӘК

«Физика1»пәнінің

оқытушыға арналған бағдарламасы


№2басылым 25.06.2014ж.

ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
5В073100 - «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» мамандығы үшін

«Физика1»

ПӘНІНІҢ ОҚЫТУШЫҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫ

Семей

2014

Алғы сөз


1 ҚҰРАСТЫРЫЛҒАН

Құрастырушы _________«_25_»___06__2014 __ж.

Қасымханова Куляш Агыбаевна аға оқытушы,«Физика» кафедрасы

2 ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1 « Физика» кафедрасының мәжілісінде

Хаттама № _10_ «_25_» _06_2014 _ ж.

Кафедра меңгерушісі п.ғ.д., профессор__________ С.С.Маусымбаев
2.2 Физика-математика факультеттің оқу-әдістемелік бюросының отырысында қарастырылды

Хаттама №_6_ «_26_» __06_ 2014_ж.

Төрайымы ______ К.А.Батырова

3 БЕКІТІЛГЕН

Университеттің оқу-әдістемелік кеңес мәжілісінде қаралып, баспаға ұсынылды

Хаттама «_11__» ___09__2014_ жыл, №_1__

ОӘК төрайымы_____ _____________Г.Искакова

4 11.09.2013 ж. № 1 басылым ОРНЫНА ЕНГІЗІЛІП ОТЫР



Мазмұны

1

Қолдану саласы

4

2

Нормативтік сілтемелер

4

3

Жалпы ережелер

4

4

Оқу пәннің (модульдің) мазмұны

6

5

Білім алушылардың өздік жұмысына арналған тақырыптардың тізімі

11

6

Оқу-әдістемелік әдебиетпен қамтамасыз етудің картасы

12

7

Әдебиеттер

13


1 ҚОЛДАНУ САЛАСЫ

5В073100 - «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі»

мамандығы бойынша оқитын студенттер үшін оқу-әдістемелік кешенге кіретін оқытушыға арналған пәннің оқу бағдарламасы



2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

Аталған « Физика 1» пәнінің оқытушыға арналған оқу бағдарламасы төмендегі құжаттарға сүйене отырып жасалынып, осы пән бойынша оқу процесін ұйымдастыру талаптарын тағайындайды:

-5В073100 - «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі»мамандығының Типтік оқу жоспары;

- СТУ 042-СГУ-4-2014«Пәндердің оқу- әдістемелік кешенін әзірлеуге және ресімдеуге қойылатын жалпы талаптар» университет стандарты;

- ДП 042-1.01-2014 «Пәндердің оқу- әдістемелік кешенініңқұрылымы және мазмұны» құжаттандырылған процедурасы.

3 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

3.1 «Оптика» пәнінің мазмұнының қысқаша сипаттамасы:

« Физика 1»пәні бакалавр дайындау барысында маңызды орын алады және 5В073100 - «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» мамандығында оқитын студенттер үшін негізгі пәндер блогының міндетті бөлігі болып табылады, өйткені студенттер профессионалды жұмыс барысында көп нәрсені біліп, істей алу тиіс;


3.2 Пәнді оқып-білудің мақсаты:
Осы курсты оқытудың мақсаты: студенттерге жарық құбылыстары туралы түсінікті, жарық шамаларын, жарықтың заттармен әрекеттесу және орталарда таралу заңдылықтарын меңгерту.

3.3 Пәнді оқып-білудің негізгі міндеті:

- оптиканы оқытудың негізгі мақсаттарын, оларға жетудің негізгі тәсілдерін меңгерту;

- оптикалық құбылыстар жайлы білімді, олардың өту ерекшеліктерін, негізгі ұғымдарды, шамаларды, олардың математикалық жазылуларын, өлшем бірліктерін, тәжірибелік әдістердің негіздерін және өлшеу нәтижелерін өңдеу туралы мағлұматтар беру және талдау;

3.4 Пәнді оқып-білудің нәтижелері:

Пәнді оқып-білудің нәтижесінде студент мыналарды:

игеруі қажет:


  • негізгі құбылыстарды, олардың өту ерекшеліктерін, негізгі ұғымдарды, шамаларды, олардың математикалық жазылуларын, өлшем бірліктерін; тәжірибелік әдістердің негіздерін және өлшеу нәтижелерін өңдеуді; физика заңдарын нақты физикалық есептерге қолдануды, құралдармен жұмыс істеуді;

ұға білуі қажет:

  • негізгі физикалық заңдылықтарды, олардың табиғатта байқалуын және техникада қолданылуын, математикалық сипатталуын;

меңгеруі қажет:

  • физикалық приборлармен жұмыс істеуді, физиканың нақты есептерін шығаруды және оны физика заңдарымен байланыстыра білуді;

Курсты оқығаннан соң студент мынаны

істей білуі қажет:



  • құбылыстың физикалық механизмін аша білуі, белгілі бір нақты процестерде құралдармен және жүйелердің негізгі параметрлерін өлшеу әдістерімен жұмыс істей білуі;

  • физикалық эксперименттердің техникасын меңгеруі, оптикалық параметрлерді, тұрақтыларды

  • құбылыс сипаттамаларын өлшей білуі, өлшеу нәтижесін бағалай білуі,

  • компьютерді қолдана білуі және өлшеу нәтижесінің статистикалық өңдеуінің нәтижесін ала білуі; оптика есептерін шығара білуі.

3.5 Курстың пререквизиттері:Математика 1

3.6 Курстың постреквизиттері:Физика 2.

3.7 Оқу жұмыс жоспарынан көшірме:1кесте

Курс

Семестр

Кредиттер

ДР сағ.

СПС сағ.

ЗС сағ.

ОСӨЖ (сағ)

СӨЖ сағ.

Бар-лығы

сағ.


Қорыт-ынды бақылау түрі

1

2

3

15

15

15

22,5

67,5

135

емтихан


4 ОҚУ ПӘННІҢ(МОДУЛЬДІҢ) МАЗМҰНЫ
Кесте 2

Тақырыптардың атауы және олардың мазмұны

Сағат саны

1

2

1МИКРОМОДУЛЬ «Механика негіздері.Тербелістер мен толқындар.Статистикалық физика»

Дәріс сабақтары

Дәріс № 1. Кіріспе. Механика. Кинематика негіздері. Механикалық қозғалыс – материя қозғалысының қарапайым үлгісі. Қозғалыс заңы. Жылдамдық пен үдеу радиус-вектордың уақыт бойынша туындылары. Айналмалы қозғалыстың кинематикасының элементтері. Қисық сызықты қозғалыстағы жылдамдық пен үдеу.

1

Дәріс № 2 Материалық нүктенің және қатты дененің динамикасы. Масса. Күш. Механикадағы күштердің түрлері. Инерциалды санақ жүйелері. Салыстырмалылықтың механикалық принципі. Галилей түрлендірілуі. Инерциалды емес санақ жүйесі. Абсолют қатты дене түсінігі. Қатты дененің инерция моменті және күш моменті. Қозғалмайтын оске қатысты қатты дененің айналмалы қозғалыс динамика сының негізгі теңдеуі. Штейнер теоремасы.

1

Дәріс № 3.Механикадағы сақталу заңдары. Материалдық нүктелер жүйесі. Сыртқы және ішкі күштер. Массалар центрі. Механикалық жүйенің массалар центрі (инерция центрі) және оның қозғалыс заңы. Импульстің сақталу заңы - табиғаттың іргелі заңдарының бірі. Реактивті қозғалыс. Энергия - әр түрлі көріністегі формалы қозғалыстар мен өзара әсерлесудің әмбәбап өлшемі. Қуат. Механикалық жүйенің кинетикалық энергиясы және оның жүйеге түсірілетін сыртқы және ішкі күштердің жұмысымен байланысы. Сыртқы күш өрісіндегі материалдық нүктенің потенциалдық энергиясы. Консервативті және консервативті емес күштер. Механикадағы энергияның сақталу заңы. Импульс моменті. Импульс моментінің сақталу заңы.

1

Дәріс №4. Арнайы салыстырмалылық теориясының элементтері. Эйнштейн постулаттары. Лоренц түрлендірулері. Түрлендірілудің инварианттары. Жылдамдықтарды қосудың релятивтік заңы. Релятивтік динамика.

1

Дәріс № 5Сұйықтар мен газдар механикасы. Тұтас орта түсінігі. Сұйықтар мен газ дардың жалпы қасиеттері. Идеаль және тұтқыр сұйық. Бернулли теңдеуі. Сұйықтардың ламинарлық және турбуленттік ағысы. Стокс заңы. Пуазейль теңдеуі. Серпімді кернеулер. Серпімді деформацияланған дененің энергиясы.

1

Дәріс № 6.Тербелістер мен толқындар.Гармониялық тербелістердің жалпы сипаттамалары. Серіппедегі жүктің тербелісі, математикалық және физикалық маятниктер. Тербелістерді қосу. Еркін өшетін тербелістер Өшу коэффициенті. Синусоидалық күштің әсерінен болатын еріксіз тербелістер. Резонанс. Автотербелістер. Толқындық қозғалыстардың негізгі сипаттамалары. Толқын теңдеуі. Қума және тұрғын толқындар. Фазалық жылдамдық. Допплер эффектісі. Дыбыс толқындары. Ультрадыбыс.

1

Дәріс № 7.Статистикалық физика және термодинамика. Молекула - кинетикалық теорияның элементтері.МКТ тұрғысынан газдың қысымы. Температураның МКТ тұрғысынан мағынасы. Идеал газ молекулаларының орташа кинетикалық энергиясы. Термодинамикалық параметрлер. Тепе-теңдік күйлер мен процестер, оларды термодинамикалық диаграммаларда көрсету. Идеал газ заңдары. Идеал газ күйінің теңдеуі. Ықтималдық және флуктуация. Максвелл таралуы. Бөлшектердің жылулық қозғалысының жылдамдығы. Сыртқы потенциялық өрістегі бөлшектер үшін Больцман таралуы. Идеал газдың ішкі энергиясы. Идеал газдың жылу сыйымдылығының молекула-кинетикалық теориясы және оның шектелуі.

1

Практикалық сабақ




Машықтану сабағы № 1 «Материалық нүктенің кинематикасы».

1

Машықтану сабағы № 2 «Материалық нүктенің динамикасы»

1

Машықтанусабағы № 3 «Қаттыдененіңдинамикасы»

1

Машықтану сабағы № 4 «Механикадағы сақталу заңдары»

1

Машықтану сабағы № 5«Арнайы салыстырмалылық теориясы элементтері». «Тұтасорталармеханикасының элементтері»

1

Машықтану сабағы № 6 «Гармоникалық тербелістер. Толқындық процестер»

1

Машықтанусабағы № 7 «Газ заңдары. Статистикалықтаралу»

1

Зертханалық сабақ

№ 1 «Зертханалық жұмыстарды жүргізу, өлшеу нәтижелерін өңдеу. Зертханалық жұмыс нәтижелерін жазу»

1

Зертханалық сабақ № 2 «Обербек маятнигі көмегімен айналмалы қозғалыс заңдылықтарын зерттеу».

2

Зертханалық сабақ №3 «Стокс әдісімен сұйықтың тұтқырлық коэффициентін анықтау»

2

Зертханалық жұмыс № 4 «Тербелмелі қозғалыс заңдарын зерттеу»

2

2МИКРОМОДУЛЬ

«Термодинамика негіздері. Электр және магнетизм»

Дәріс сабақтары

Дәріс № 8. Термодинамика негіздері.Термодинамиканың 1-ші бастамасы. Изопроцестер. Карно циклі және оның п.ә.к. Карно теоремасы. Келтірілген жылу. Клаузиус теоремасы. Энтропия. Термодинамикалық потенциалдар. Термодинамиканың екінші бастамасы және оның физикалық мағынасы. Термодинамиканың екінші бастамасының статистикалық сипаттамасы. Энтропияның күй ықтималдығымен байланысы.

1

Дәріс № 9. Тасымалдау құбылысытары. Нақты газдар.Тасымалдау құбылысының жалпы сипаттамасы. Молекулалардың соқтығысуының орташа саны және еркін жүру жолының орташа ұзындығы. Релаксация уақыты. Термодинамиканың тепе-тең емес күйлердегі тасымалдау құбылысы. Жылуөткізгіштік, ішкі үйкеліс (тұтқырлық), диффузия, тасымалдау құбылыстары. Молекулааралық өзара әсер күштері. Молекулалардың эффективті диаметрі. Ван-дер-Ваальс изотермалары. Бірінші және екінші текті фазалық тепе-теңдік және фазалық алмасулар. Клапейрон-Клаузиус теңдеуі. Кризистік нүкте. Метастабильді күйлер. Үштік нүкте.

1

Дәріс № 10. Электростатика. Электр зарядтарының сақталу заңы. Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі. Электрлік диполь. Векторағыны. Гаусс теоремасы. Электр өрістерінің кернеуліктерін есептеу үшін Гаусс теоремасын қолдану. Электростатикалық өрістің жұмысы. Электростатикалық өрістің циркуляциясы. Потенциал. Потенциалдың электростатикалық өріс кернеулігімен байланысы. Электростатикалық өрістегі өткізгіштер. Өткізгіштер және өткізгіш бетіне жақын жердегі электр өрісі. Өткізгіш - вакуум шекарасындағы шекаралық шарттар. Электр сыйымдылық.

1

Дәріс № 11. Электростатикалық өрістегі диэлектриктер. Поляризацияланған зарядтар. Диэлектиктердің түрлері. Заттардың диэлектрлік өтімділігі және оның температураға тәуелділігі. Электрлік ығысу. Екі диэлекриктің шекарасындағы шарттар. Электр зарядтарының өзара әсерлесу энергиясы. Зарядталған конденсаорлардың және өткізгштер жүйесінің энергиясы. Электростатикалық өріс энергиясы. Электрлік өріс энергиясының көлемдік тығыздығы.

1

Дәріс № 12 Тұрақты электр тоғы. Электр тогының болу шарттары және оның жалпы сипаттамасы. Металдардың электрлік өткізгіштігінің классикалық электрондық теориясы. Ом және Джоуль-Ленц заңдарының дифференциалды түрі. Бөгде күштер. Гальваникалық элементі бар тізбектің бөлігі үшін жалпы Ом заңы. Кирхгоф ережелері. Газдар мен плазмадағы электр өрісі.

1

Дәріс № 13. Магнит өрісі. Заттағы магнит өрісі. Магнит индукция векторы. Суперпозиция принципі. Био-Савар-Лаплас заңы. Қарапайым жүйелердің магнит өрісіндегі зарядталған бөлшектің қозғалысы. Лоренц күші. Холл эффектісі. Ампер заңы. Магнит өрісіндегі тоғы бар орам. Тоғы бар рамкаға әсер етуші күш моменті. Магнит ағыны. Магнит өрісі үшін Гаусс теоремасы. Тогы бар өткізгішті магнит өрісінде ауыстырғанда істелетін жұмыс. Магнетиктер. Диа- және парамагнетиктер Ферромагнетиктер.Магниттік гистерезис. Кюри температурасы. Екі ортаның шекарасындағы шекаралық шарттар. Заттағы магнит өрісі үшін толық ток заңы.

1

Дәріс № 14. Электромагниттік индукция құбылысы.Максвелл теңдеулері.Электромагниттік индукцияның негізгі заңы. Ленц ережесі. Өзара индукция және өздік индукция құбылысы. Ұзын соленоидтың индуктивтігі. Өзара индукиця коэффициенті. Токтың магнит энергиясы. Магниттік энергияның тығыздығы.Электромагниттік индукция құбылысың Фарадейлік және Максвелдік түсініктемесі. Ығысу тогы.

Максвелл теңдеулерінің жүйесі. Электрлік және магниттік өрістерінің салыстырмалылығы. Толқындық теңдеу.



1

Дәріс № 15.Электромагниттік тербелістер. Электромагниттік тербелістер.Тербелмелі контур. Еркін және еріксіз электромагниттік тербелістер. Резонанс. Айнымалы электр тогы. Айнымалы ток үшін Ом заңы. Кернеулер мен токтардың резонансы.

1

Практикалық сабақ




№ 8 «Термодинамиканың І заңынизопрцесстергеқолдану»

1

№ 9 «Тасымалдауқұбылыстары. Реал газдар»

1

№ 10 «Зарядтардыңөзараәсерлесуі. Электростатикалықөрістезарядтардытасымалдаужұмысы.Электрөрісініңэнергиясы»

1

№ 11 « Остроградский – Гаусс теоремасынқолдану»

1

№ 12 «Тұрақты ток заңдары»

1

№ 13 «Био-Саваар–Лаплас заңынқолдану»

1

№ 14 «Электромагниттік индукция заңы. Магнит жәнеэлектрөрістеріндезарядталғанбөлшектердіңқозғалысы»

1

№ 15 «Электромагниттіктербелістер. Айнымалыэлектртоғы»

1

Зертханалық сабақ

№ 5 «Газдың жылу сиымдылықтарының қатынасын Клеман-Дезорма әдісімен анықтау»

1

№ 6 «Құмның жылу өткізгіштік коэффициентін анықтау»

1

№ 7 «Электростатикалық өрісті зерттеу»

2

№ 8 «Металдардың кедергілерінің температураға тәуелділігін анықтау»




№ 9 «Уитстон көпірі арқылы кедергілерді анықтау»

2

№ 10 «Жердің магнит өрісінің кернеулігінің горизонталь құраушысын анықтау»

2



5 БІЛІМАЛУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ

5.1. Инерциалды санақ жүйелері. Салыстырмалылықтың механикалық принципі. Галилей түрлендірілуі. Инерциалды емес санақ жүйесі. Абсолют қатты дене түсінігі. Қатты дененің инерция моменті және күш моменті. Қозғалмайтын оске қатысты қатты дененің айналмалы қозғалыс динамика сының негізгі теңдеуі. Штейнер теоремасы.

5.2 Серіппедегі жүктің тербелісі, математикалық және физикалық маятниктер. Тербелістерді қосу. Векторлық диаграмма. Еркін өшетін тербелістер Өшу коэффициенті. Өшудің логарифмдік декременті. Синусоидалық күштің әсерінен болатын еріксіз тербелістер. Еріксіз тербелістердің амплитудасы мен фазасы. Резонанс. Автотербелістер. Толқындық қозғалыстардың негізгі сипаттамалары. Толқын теңдеуі. Қума және тұрғын толқындар. Фазалық жылдамдық. Допплер эффектісі.

Идеал газ заңдары. Идеал газ күйінің теңдеуі. Ықтималдық және флуктуация. Максвелл таралуы. Бөлшектердің жылулық қозғалысының жылдамдығы. Сыртқы потенциялық өрістегі бөлшектер үшін Больцман таралуы. Идеал газдың ішкі энергиясы. Идеал газдың жылу сыйымдылығының молекула-кинетикалық теориясы және оның шектелуі.

5.3 Электрлік диполь. Гаусс теоремасы. Электр өрістерінің кернеуліктерін есептеу үшін Гаусс теоремасын қолдану. Электростатикалық өрістің жұмысы. Электростатикалық өрістің циркуляциясы. Потенциал. Потенциалдың электростатикалық өріс кернеулігімен байланысы. Электростатикалық өрістегі өткізгіштер. Өткізгіштер және өткізгіш бетіне жақын жердегі электр өрісі.

5.4 Магнит индукциясы векторы. Суперпозиция принципі. Био-Савар-Лаплас заңы. Қарапайым жүйелердің магнит өрісіндегі зарядталған бөлшектің қозғалысы. Лоренц күші. Холл эффектісі. Ампер заңы. Магнит өрісіндегі тоғы бар орам. Тоғы бар рамкаға әсер етуші күш моменті. Магнит ағыны. Магнит өрісі үшін Гаусс теоремасы. Тогы бар өткізгішті магнит өрісінде ауыстырғанда істелетін жұмыс. Токтың магнит энергиясы. Магниттік энергияның тығыздығы.Электромагниттік индукция құбылысын Фарадейлік және Максвелдік түсініктемесі. Ығысу тогы.

Максвелл теңдеулерінің жүйесі. Айнымалы электр тогы. Айнымалы ток үшін Ом заңы.
6 Оқу-әдістемелік әдебиетпен қамтамасызетудің картасы 3 кесте

Оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың атауы

Дана (саны)

Студенттердің саны

Қамтама-сыз етілу пайызы

1 Физика курсының лекциялары: жоғары орын. студенттеріне арналған оқу құралы / Ж. Абдула, Т. Аязбаев; ҚР жоғары оқу орын. қауымдастығы.- Алматы, 2012

20

6

100

2 Жалпы физика курсы. Т.Бижигитов,2013

10

6

100

3 Физикадан есептер жинағы,2013.А. Үргшіншібеков,Ж.Айдарова.

10

6

100

4 Физикадан есептер шығару. Ә.М.Бектенов, Б.М.Бектенов.2013.

10

6

100

5. Волькенштейн В.С. Жалпы физика курсының есептер жинағы Алматы, Мектеп, 1974 ж.

17

6

100

6 Сборник задач по курсу общей физики / Под ред. М.С.Цедрика М:Просвещение, 1989

5

6

100

7 Жумагулов А.Ж., Естекбаев М.Қ., Тұрысбекова Б.Ш., Паримбеков З.А. Физика лабораториялық практикум. Семей,1995 ж




6

100

8 Трофимова Т.И. Курс физики учебное пособие для вузов. М.: академия, 2004

15

6

100

9 Лабораторный практикум общей физике / Под ред. Е.М.Гершензона,-М.:Просвещение,1986

7







7ӘДЕБИЕТ

7.1Негізгі әдебиет

7.1.1 Физика курсының лекциялары: жоғары орын. студенттеріне арн. оқу құралы / Ж. Абдула, Т. Аязбаев; ҚР жоғары оқу орын. қауымдастығы.- Алматы, 2012

7.1.2 Савельев И.В. Жалпы физика курсы. Том I, II. М., Наука, 1982 ж. «Мектеп», Алматы -1977.

7.1.3 Абдуллаев Ж. Жалпы физика курсы, Ана тілі, 1991 ж.

7.1.4 Волькенштейн В.С. Жалпы физика курсының есептер жинағы Алматы, Мектеп, 1974 ж.

7.1.5 Жумагулов А.Ж., Естекбаев М.Қ., Тұрысбекова Б.Ш., Паримбеков З.А. Физика лабораториялық практикум. Семей,1995 ж

7.1.6 Сборник задач по курсу общей физики / Под ред. М.С.Цедрика М:Просвещение, 1989

7.1.7Лабораторный практикум общей физике / Под ред. Е.М.Гершензона,-М.:Просвещение,1986


7.2 Қосымша әдебиет

7.2.1. Мелешина А.М. Учебное пособие для самостоятельного обучения решения задач по физики в вузе, Воронеж, ВГУ, 1968 г.



      1. Физический практикум под редакцией Ивероновой В.И., М, Наука, 1968 г.

      2. Беликов Б.С. Решение задач по физике, М, Высшая школа,

      3. Саржевский А. Оптика. Полный курс. М., Едиториал УРСС,2004

      4. Трофимова Т.И. Курс физики учебное пособие для вузов. М.: академия, 2004

      5. Қожанов Т.С., Рысменде С.С. Физика курсы 2 том Электр және магнетизм. Оптика. Атом және ядролық физика. Алматы 2003.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет