ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Бухгалтерлік есеп және аудит» пәні бойынша 5В0


Баланс сөзі латын тілінен аударылғанда теңдікті, теңдестікті немесе қандай да бір қызметтің тараптары арасындағы қатынастың сандық көрсеткішін білдіреді



бет4/17
Дата21.04.2017
өлшемі3,88 Mb.
#14359
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Баланс сөзі латын тілінен аударылғанда теңдікті, теңдестікті немесе қандай да бір қызметтің тараптары арасындағы қатынастың сандық көрсеткішін білдіреді.


Ақпараттарды баланстық жинақтау есепте, қаржы­-шаруашылық қызметті талдауда, басқару шешімдерін негіздеу мен қабылдау үшін, кәсіпорындардың, ұйымдардың нарық экономикасында бағыт алуы үшін кеңінен қолданылады.

Баланстың негізінде кәсіпорында бар қорлар, олардың жағдайы туралы, құрамы мен орналасуындағы өзгерістер, сондай-ақ олардың пайда болу көздері туралы мәліметтер алады. Бұл мәліметтер белгілі бір күнге жалпы ақшалай көрсеткіштермен берілген.

Сонымен, бухгалтерлік баланс кәсіпорынның мүлкін ақшалай бағамен белгілі бір сәтке екі топпен: орналасуы мен пайдалануы бойынша және олардың пайда болу көздері бойынша жалпылай көрсетудің әдісі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігінің 3.03.94 ж. №10-4/1143

Хатына сәйкес кәсіпорындар мен ұйымдар меншік нысаны қызметінің түрлеріне қарамастан тоқсан сайын есепті кезең аяқталған бойда 30 күннен кешіктірмей бухгалтерлік балансты жасайды.

Сыртқы түрі бойынша бухгалтерлік баланс кесте болып көрінеді де, оның сол жақ бөлігінде мүліктер құрамы мен орналасуы бойынша, яғни баланс активі көрсетіледі. Оң жақ бөлігінде осы мүліктердің қалыптасу көздері, яғни балланс пассиві көрініс табады.

Актив пен пассив жиынтықтарының арасында теңдік болуы тиіс. Мұның өзі баланстың активі мен пассиві қорлардың сол бір ғана жиынтығын екі түрлі топтарда көрсетілетіндігімен түсіндіріледі.

Баланстық бап бухгалтерлік баланстың негізгі элементі болып табылады. Ол мүліктердің, міндеттемелердің түріне (атауына), мүліктердің қалыптасу көздеріне сәйкес келеді.

Кәсіпорын мүлкінің жекелеген түрлерін, оның пайда болу көздерін, міндеттемелерін сипаттайтын баланс активі мен пассиві көрсеткіші (жолы) бухгалтерлік баланстың бабы деп аталады. Бухгалтерлік балансты жасаған кезде бұл баптар топқа, топтар бөлімдерге бірігеді. Бірігу олардың экономикалық мағынасына қарай жүзеге асырылады. Баптардың ерекшеліктері:

- активтік баптар шаруашылық қорлардың құрамы, орналасу және пайдалану бойынша, ал пассивтік баптар олардың пайда болу көздері бойынша көрсетуге қызмет етеді;



  • активтік баптар барлық материалдық құндылықтарды, ақша ресурстарын, берешектерді, ал пассивтік баптар меншікті капиталды, кәсіпорынның қарыздарын көрсетеді.

Баланс-брутто және баланс-нетто деген бар. Қазіргі кезде халықаралық бухгалтерлік стандарттардың талаптарына сәйкес белгіленген нысаны пайдаланылады, мұның өзі баланс-неттоға сәйкес келеді.

Баланс-брутто түрлі ғылыми зерттеулер үшін пайдаланылады.

Бухгалтерлік баланс-неттоның активінде екі бөлім, пассивінде үш бөлім бар.

АКТИВ:


  1. Ұзақ мерзімді активтер.

  2. Ағымды активтер.

Меншікті капитал мен міндеттемелер:

  1. Меншікті капитал (Акционерлік капитал).

  2. Ұзақ мерзімді міндеттемелер

  3. Ағымдағы міндеттемелер.

Баланстың активі мен пассиві бойынша жиынтықтар баланс валютасы деп аталады. Баланс активі мен пассивінің аталып өткен әрбір бөлімінде тиісті баптар болады.

Баланс-неттода бірқатар баптар ашық түрде көрсетіледі. Мысалы, “Материалдық емес активтер”, “Негізгі құралдар” баптары бойынша бастапқы құны, тозу және қалдық құн көрсетіледі.

Баланс-неттоның актив валютасына материалдық емес активтердің, негізгі құралдардың қалдық құндары ғана енгізіледі.

1-бөлім.Бұл бөлімде ұзақ мерзімді активтер көрсетіледі:

Материалдық емес активтер – бұл бап бойынша ұзақ мерзімді кезең бойы (бір жылдан астам) шаруашылық қызметте қолданылатын және табыс келтіретін материалдық емес обьектілерге кәсіпорын салатын салымдар көрсетіледі.Бұл орайда түсіндірме жазуларда амортизация есептеудің әдісі, есептеу мерзімі, сондай-ақ есепті кезеңдегі: гудвилл-патенттердің, тауар таңбаларының және басқалардың есептен шығарылуы көрсетіледі.

Негізгі құралдар – бұл материалдық салада, сондай-ақ өндірістен тыс салада қызмет мерзімі бір жылдан аспайтын материалдық активтер.

Мұнда мынадай баптар ашылұға тиіс:

А/ жер;


ә/ үйлер мен ғимараттар;

б/ машиналар мен жабдықтар;

в/ жіктемесіне сәйкес негізгі құралдардың басқа да түрлері;

г/ жинақталған тозу;

д/ аяқталмаған күрделі құрылыс.

Бұған қоса түсіндірме жазуларда ұзақ мерзімді жалға алынған негізгі құралдар мен төлемі кейінге қалып, сатып алынған негізгі құралдар бөлек көрсетіледі.

Инвестициялар – кәсіпорынның табысты активтеріне (бағалы қағаздар, акциялар, облигациялар), жарғылық қорына және басқа кәсіпорынға салған ұзақ мерзімді (бір жылдан астам мерзімге) инвестициялары, өзге кәсіпорындарға берілген қарыздар көрсетіледі.

Мұнда мынадай баптар ашылады:

А/ еншілес серіктестіктерге берілген инвестициялар;

Ә/ тәуелді заңды ұйымдарға берілетін инвестициялар;

Б/ ағымдағы құнды көрсететін өзге де инвестициялар, бұл олардың баланстық құнына ерекшелінеді.

2-бөлім.Ағымдағы активтер.



Өңдеу және сату мерзімдеріне қарамастан тауарлы-материалдық қорлар (шикізат қалдығы, негізгі және көмекші материалдар, отын, сатып алынатын жартылай фабрикаттар, қосалқы бөлшектер).

Алдағы кезең шығындары – есепті күннен бастап бір жыл ішінде есептен шығарылуы мүмкін.

Ақша қаражаттары. Пайдалануына шек қойылған ақша қаражаттарына шектеулер бір жыл ішінде алынып тасталса, олар ағымдағы активтерге қосылады.

Қысқы мерзімді қаржы инвестициялары – мерзімі бір жылға дейін.


Дебиторлық берешек – есепті күннен бастап бір жыл ішінде алынуы мүмкін.


Мұнда мынадай баптар ашылуы тиіс:

А/ аванстық төлемдер;

ә/ алуға арналған шоттар мен вексельдер;

б/ еншілес серіктестіктердің дебиторлық берешегі;

в/ лауазымды тұлғалардың дебиторлық берешегі;

г/ өзге де дебиторлық берешектер.

Сомасы бір жыл ішінде алынбаса, дебиторлық берешек ағымдағы активтерге толықтай қосылады.

3-бөлім.Меншікті капитал мен резервтер.

Баланстың пассивінің меншікті капиталының бірінші бөлімінде меншікті капитал туралы ақпарат ашылып көрсетіледі.Жарғылық капитал – кәсіпорынның құрылтай құжаттарына сәйкес оның меншік иелерінің (қатысушыларының, құрылтайшыларының) салымдарына есебінен құралған жарғылық қор.

Түсіндірме жазуларда есепті кезеңде жарғылық капиталда болған өзгерістер жайлы ақпаратты ашып көрсету керек.

Акционерлік қоғамдарда мынадай ақпараттар ашылып көрсетілуге тиіс:

А/ мәлімделген, шығарылған және айналымда жүрген (мәлімделген, жазылатын және төленген капитал) акциялардың саны мен сомасы;

ә/ төленбеген капитал;

б/ акцияның номиналдық және ағымдағы құны;

в/ оларға ие адамдардың құқы, дивидендтерді бөлу мен мүлік бөлігін төлеудің шарттары;

г/ ерекшелінген акциялар бойынша төленбеген дивидендтер;

д/ өтемі төленіп алынға меншікті акциялар (Алынып қойылған капитал);

е/ болашақта шығаруға мәлімделген акциялар.

Өзге меншікті капитал:

А/ номинал құнынан артық төленген капитал;

ә/ негізгі құралдар мен қаржы инвестициясын қайта бағалау сомасы.

Резервтік капитал. Бұл бап бойынша кәсіпорында қалыптасқан резервтік капиталдың қалдығы көрсетіледі.

Бөлінбеген кіріс (жабылмаған зиян).

4-бөлім. Шығарылған капитал.

5-бөлім. Ұзақ мерзімді міндеттемелер.

Ұзақ мерзімді міндеттемелерді ашып көрсеткен кезде, бір жылдың ішінде өтелуге тиіс бөлігін қоспағанда, мыналар жеке ашылып көрсетілуге тиісті:

А/ қамтамасыз етілген несиелер;

ә/ қамтамасыз етілмеген несиелер;

б/ еншілес серіктестіктер ұсынған несиелер;

в/ төлемі кейінге қалдырылған салықтар.

Түсіндірме жазбада проценттік ставканы, несиені өтеудің мерзімін өтеудің тәртібін және шартта көзделген басқа да талаптарды көрсету керек.

6-бөлім.ағымдағы міндеттемелер.

Ағымдағы міндеттемелерді ашып көрсеткен кезде, кредиторлардың талабы бойынша төленуге тиісті міндеттемелер мен есепті күннен кейінгі бір жылдың ішінде өтелуге тиісті ұзақ мерзімді міндеттемелердің бөлігін қоса алғанда, мынадай баптар ашылуға тиіс:

А/ қысқа мерзімді несиелер немесе овердрафт;

ә/ салықтар бойынша берешек;

б/ төлеуге арналған дивидендтер;

в/ еншілес серіктестіктерге берешек;

г/ акционерлік қоғамның лауазымды тұлғаларына берешек;

д/ өзге кредиторлық берешек.

Төлеуге есептелген шығындар – болжанбаған жағдайлар бойынша есептелген төлемдер.

Алдағы кезеңдердің табыстары – бұл бапта есепті жылы алынған, бірақ болашақ есепті кезеңге жатқызылатын (жалдық төлем) қаражаттар көрсетіледі.

Егер заңды тұлға міндеттемені ұзақ мерзімді негізде қайта қаржыландыруға шешім қабылдаса, ұзақ мерзімді міндеттемелердің ағымдық бөлігі ағымдағылардың алынып тасталады. Мұндай жағдайда міндеттемелердің сомалары мен қайта қаржыландыру сомалары ашып көрсетіледі.




  1. Шаруашылық операцияларының әсерінен баланстағы болатын өгерістер және олардың сипаттамасы.

Жалпы бухгалтерлік есепте баланс баптарының сомасына әсер ететін шаруашылық операцияларын төрт тұрге бөліп қарастырады.

Бірінші тұріне жатқызылатын шаруашылық операциялары бухгалтерлік баланстың тек қана актив бөліміне әсер етеді. Бұл жағдайда актив бөліміндегі бір бап қандай да бір сомаға азайса, екінші бап тура сол сомаға артып отырады. Ал активтің жалпы сомасы мен баланстың сомасы ешқандай өзгермейді.

Мысалы, кәсіпорынның банктегі есеп айырысу шотынан кассаға 100 (жүз) мың теңге алынды.



Бұл жағдайда есеп айырысу шоты бабындағы сома 100 (жүз) мың теңгеге азайса, касса деп аталатын баптың сомасы 100 (жүз) мың теңгеге артады. Баланстың активі мен пассиві арасындағы теңдік өзгермейді.

Екінші тұріне жатқызылатын шаруашылық операциялары бухгалтерлік баланстың тек қана пассив бөліміне әсер етеді. Актив бөлімінде өзгеріс болмайды. Бұл жағдайда пассив бөліміндегі бір бап қандай да бір сомаға — азайып, екінші бап тура сондай сомаға артады. Ал пассивтің жалпы сомасы мен баланстың сомасы ешқандай өзгермейді.

Мысалы, ұйым өзінің жабдықтаушы-мердігерлердің аддындағы 500 (бес жүз) мың теңге қарызын банк мекемесінен алынған несие арқылы қайтарды делік.

Бұл уақытта көсіпорынның бухгалтерлік балансындағы жабдықтаушы-мердігерлермен есеп айырысу деп аталатын бабыңдағы сома 500 (бес жүз) мың теңгеге азайып, ал банк несиесі бабындағы сома 500 (бес жүз) мың теңгеге артады. Ал баланстың активі мен пассиві арасындағы теңдік өзгермейді.

Үшінші тұріне жатқызылатын операциялардың жоғарыда аталған екі тұрден айырмашылығы, бұл операциялар барысында баланстың активі мен пассиві бірдей сомаға артады. Яғни бұл жағдайда операция әсерінен баланстың актив бөліміндегі бір баптың сомасы қандайда сомаға көбейсе, пассив бөліміндегі баптың да сомасы осындай сомаға артады.

Мысалы, жабдықтаушы-мердігерлерден кәсіпорынға 200 (екі жүз) мың теңгенің материалдары келіп түсті.

Бұл уақытта ұйымның бухгалтерлік балансындағы жабдықтаушы-мердігерлермен есеп айырысу деп аталатын бабындағы сома және материалдар деп аталатын бабындағы сома бір уақытта 200 (екі жүз) мың теңгеге көбейеді. Яғни кәсіпорынның материалдарының артуына сәйкес жабдықтаушыларға қарызы да көбейеді. Сонымен қатар 200 (екі жүз) мың теңгеге баланстың сомасы да өсті.

Баланс баптарының сомасына әсер ететін шаруашылық операцияларының төртінші тұрі үшінші тұріне жатқызылатын операцияларға ұқсас болып келеді. Бұл уақытта да баланстың актив және пассив жағындағы баптары бір уақытта бірдей сомаға өзгереді. Айырмашылығы — үшінші тұрге жататын операциялар барысында баланс сомасы (актив және пассив бөлімдері) белгілі бір сомаға көбейсе, төртінші тұрге жататын операциялар әсерінен актив пен пассив, сондай-ақ баланстың сомасы қандайда бір сомаға кемиді.

Мысалы, кәсіпорынның есеп айырысу шотынан бюджетке қосылған құнға салынатын салық үшін 50 (елу) мың теңге борышы төленді.

Осыған байланысты есеп айырысу шотындағы ақшалары және бюджетпен есеп айырысу (қосылған құнға салынатын салық үшін қарыз) деп аталатын баптарының сомалары бір уақытта 50 (елу) мың теңгеге азаяды. Сонымен қатар баланстың сомасы да 50 (елу) мың теңгеге кемиді.



Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Активтер, меншікті капитал, инвестицияланған капитал, міндеттемелер терминдеріне түсінік беріп, бұлар



қандай мағынада қолданылатындығын түсіндіріңіз.

2. Баланстық теңдіктің теңдеуін жазып, мұның мәні мен мәнісін түсіндіріңіз.

3. Бухгалтерлік баланстың активі мен пассивіне анықтама беріңіз.



4. Ұйымдардағы активті қаражаттар не үшін керек? Актив үғымына анықтама беріңіз?

5. Қор көздері қандай типтерден құралады?



6. Меншік иесінің және инвесторлардың салған қаражаттары қалай аталады?

7. Бухгалтерлік есеп жүргізудің негізгі принципі қалай аталады, мұның маңызы неде?

8. Үйымдардың қалдық капиталын сипаттаушы принцип қалай аталады?

9. Баланстың актив жағы қандай тараулар мен элементтерден құралады?

10. Бухгалтерлік баланстың активті қаражаттары қандай тарауларға бөлінген?

11. Баланстың пассйв жағы қандай тараулар мен элементтерден құралады?

12. Баланстың пассивтік көздері қандай тарауларға бөлінген?


Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасы Президентінің Бухалтерлік есеп туралы 26.12.2005 №2732 заң күші бар Жарлығы.

  2. Бухгалтерлік есептің станадарттары және әдістемелік ұсынымдары. Алматы, Кәуса бұлақ баспасы, 2010

  3. Субъектілерді қаржы-шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есебі шотарының Бас жоспары. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жөніндегі ұлттық комиссиясының 18.11.2010 қаулысы.

3-тақырып. Шоттар жүйесі және екі жақты жазу
Дәріс мақсаты: Бухгалтерлік есеп счеттарындағы қалдықтың қай счетта орналасқандығын және қандай счеттарды қолдану керектігін анықтау процесін - счеттарды құрылымы мен атқаратын міндетінг қарай классификациялаудағы дайындық кезеңін тусіндіру


  1. Бухгалтерлік есеп счеттар, счеттарды классифкациялау

  2. Екі жақты жазу

  3. Аналитикалық және синтетикалық есеп

4. Бухгалтерлік есеп счеттарының типтік бағдарламасы
1. Бухгалтерлік есеп счеттар, счеттарды классификациялау

Бухгалтерлік есеп счеттарының құрылымы мен атқаратын міндеріне қарай классификациялау мақсаты - белгілі топтарға топтастырылған счеттардың қалай ұйымдастырылып, есептің қандай тәсілдермен жүргізілетіндігін түсіндіреді. Егер счеттарды экономикалық маңызы жағынан клссификациялауда бухгалтерлік есеп счеттарында ненің және қандай объектілердің есебі жүргізілетіндігін білсек, счеттарды құрылымы мен атқаратын міндетіне қарай классификациялауда счеттар номенклатурасының құрылу нышанын, айналым мен соңғы қалдық көрсеткіштерді есептеу тәсілдерін қолданудың әдістері және аналитикалық есепті ұйымдастыру жөнінде түсінік аламыз.

Бухгалтерлік есеп счеттарындағы қалдықтың қай счетта орналасқандығын және қандай счеттарды қолдану керектігін анықтау процесін - счеттарды құрылымы мен атқаратын міндетінг қарай классификациялаудағы дайындық кезеңі деп түсінген жөн. Бұдан кейінгі кезең де счеттарды қүрылымы мен атқаратын міндетіне қарай классификациялауда барлық синтетикалық счеттар номенклатурасы дербес қолданылатын және реттеуші счеттарға бөлінеді. Дербес қолданылатын счеттарда бухгалтерлік есеп объектілерін сипаттаушы негізгі көрсеткіштер алынады, ал реттеуші счеттарда дербес счеттардағы негізгі көрсеткіштерді бағалау мен дәлдікке келтіру және тек қана реттеуге жататын дербес счеттар мен егіз жүргізілетін счеттар жатады.

Дербес қолданылатын счеттар атқаратын міндетіне қарай ресурстың, операциялық және қаржылық нәтиже счеттары болып бөлінеді.



Ресурстың счеттарда өндірістік ресурстар және қаржы көздері ресурстарының есебі жүргізіледі. Ресурстар счетында мүліктік, міндеттемелік және қор көздерінің есебі жүргізіледі. Мүліктік счеттарда ұйымдардың мүліктерінің - материалды емес активтер, негізгі құралдар, материалдар, тауарлы-материалды Құндылықтар, дайын өнімдер есебі жүргізіледі. Мүліктердің аналитикалық есебі міндетті түрде ақшалай және натуралды өлшеммен жүргізіледі. Мүліктік счеттардағы бастапқы қалдық Дебеттік (активтік счеттар) болып, мұндай счеттардың дебетіне материалды және материалды емес активтердің алынуы, ал кредитіне - бұлардың жұмсалуы мен есептен шығарылуы жөніндегі операциялар жазылады. Мүліктік счеттардағы кредиттік қалдық жіберілген қатені көрсетеді.

Мүліктік счеттар - мүліктік калъкуляциялық счеттарға топтастырылуы да мүмкін. Бұларға: аяқталмаған құрылыс, аяқталмаған өндіріс т.с.с, жатады. Мүліктік калькуляциялық счеттар есепті жыл ішінде жұмсалған шығындарды жинақтауға, өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауға (өнімдер, жұмыстар, қызметтер) арналған. Мұндай счеттар құндылықтарды дайындау, құру және мүліктерді алуға байланысты калькуляциялаушы счеттар болып ажыратылады.

Мүліктік калькуляциялық счеттардың дебетіне (ресурстың счеттардың кредитінен амортизация, алашақтар қарызы, жанама бөлінетін шығындар) калькуляциялық объектілер мен өзіндік құн баптарына сай жұмсалған шығындар сомасы жинақталады. Калькуляциялаушы счеттардың кредитінен аяқталған өндірс пен объектілер жөніндегі көрсеткіштер басқа счеттарға аударылып жазылады.



Міндеттемелік счеттарда — заңды және жеке тұлғалармен осы ұйымның есеп айырысу жөніндегі операциялар есебі жүргізіледі. Бұларға міндеттемелер бойынша есеп айырысудың барлық түрлері, барлық алашақтарымен есеп айырысу счеттары жатады. Міндеттемелік счеттардың дебетінде осы ұйымның берешек қарыздарының пайда болуы, ал кредитінде берешек қарыздардың жабылуы және алашақтардың алашақ қарыздарының сомалары жазылады.

Қор көздері счеттарында - ұйымдардың жарғылық капиталы, резервтік капитал, қосымша төленген капитал есебі жүргізіледі. Қор көздері счеттарында қор көздерінің пайда болуы мен жұмсалуы жөніндегі шаруашылық фактілерінің мазмұны көрсетіледі. Қор көздері есебіне арналған счеттардағы бастапқы және соңғы қалдық міндетті түрде кредиттік болады. Мұндай счеттардың кредитіне қорлардың көбеюі немесе белгілі бір қор құрамына аударылған сомалар, ал дебетіне қорлардың азаюы мен жұмсалуы жөніндегі сомалар жазылады. Қор көздері счетына бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян) счетын да жатқызуға болады.

Операциялық счеттар - өнідірістік, шаруашылық және қаржылық процестер мен қаржы нәтижесін шығару счеттарынан тұрады. Операциялық счеттарға - таратушы, жинақтаушы және салыстырушы счеттар жатады.

Таратушы операциялық счеттар - жауапкершілік орталықтары, сондай-ақ шығындарды тіркеуші ақпараттар бойынша жекелеген шығындар түрін жинақтау мен есепті кезеңдерге таратуға арналған. Таратушы операциялық счеттар есепті кезеңдер бойынша таратушы (бюджеттік - таратушы) және жинақтап таратушы, тексеріп таратушы счеттарға бөлінген.

Кезеңдер бойынша таратушы операциялық счеттар бұрын жұмсалып, орын алған шығындарды (мысалы, «Алдағы кезеңдер шығындары» счеты) есепті кезең шығындарына немесе өндірістік шығындарға, сондай-ақ сатудан тыс түскен табыстардың белгілі бір бөлігін (мысалы «Алдағы кезең табыстары» счеты) есепті кезеңдегі табыстарға қосу немесе құрылған резервтерді бірнеше кезеңдерге жатқызуға («Күмәнді қарыздар талабының резерві» счеты) арналған.

Бірінші жағдайда бастапқы және соңғы қалдық дебеттік болып, дебет бойынша есепті кезеңдерге таратуға жататын шығындар, ал кредиті бойынша есепті кезеңге жатқызылған шығындар есебі жүргізіледі. Екінші жағдайда қалдық кредиттік болып, счеттың кредитінде бірнеше есепті кезеңдерге таратылып жазылатын табыстар мен резервтік сомалар көрсетіледі, ал дебеті бойынша есепті кезеңге қалған шығындар сомасының белгілі бір қалған бөлігі көрсетіледі.

Жинақтап таратушы операциялық счеттар (Әкімшілік шығындары» счеты) жинақталып (дебет), калькуляцияланатын есеп объектілеріне таратылып (кредит) жазылатын шығындар есебін жүргізуге арналған. Мұндай счеттарда тек ағымдағы есепті кезеңге жатқызылатын көрсеткіштер ғана болады. Бастапқы және соңғы қалдық мұндай счеттарда болмайды, счеттар есепті кезең ішінде ашылып, есепті кезең соңында жабылады. Батыс елдерінде және Қазақстан Республикасында «Бухгалтерлік есеп счеттарының сипаттамасы және бұлардың типтік корреспонденциясында» жинақтап таратушы операциялық счеттарды - транзиттік (уақытша) счеттар деп аталынады.

Тексеріп таратушы операциялық счеттарға дайындау процесінде сақтауда, сатуда (мейлі шығындарға, мейлі жауапты адамдар есебіне жатқызу немесе жатқызбау себептеріне қарамастан) есептен кем шыққан материалды құндылықтар (ақшалар да қосылады) есебі ақпараттарын жинақтауға арналған счеттар жатады.

Салыстырушы операциялық, счеттарда арнайы тексеруді талап ететін есеп объектілері бойынша операциялар жүргізіледі.

Біздер «Негізгі өндіріс» счетында өндірістік шығындар есебі мен өндірілген өнімдердің (жұмыстар, қызметтер) өзіндік құны калькуляцияланатындығын білеміз.

«Негізгі өндіріс» счетындағы дебеттік қалдық аяқталмаған өндірісті көрсетеді де, бұл счеттың кредитіндегі айналым сома қоймаға жіберілген дайын өнімдердің өзіндік құны сомасын көрсетеді.

Дайын өнімдердің өзіндік құнын шығару үшін есепті жылдың басында қалған аяқталмаған өндіріс (міндетті түрде түгенделген) сомасына осы жылы жұмсалған шығындар сомасын қосып, бұл сомадан есепті жылдың аяғына қалған аяқталмаған өндірістің (міндетті түрде түгенделген) өзіндік құнының сомасы шегеріледі. Бухгалтерлік есеп тәжірибесінде аяқталмаған өндірісте қалған сомасы есепті жылдың аяғында түгенделеді, ал өндірістік цехтардан, т.б. жерлерде өндірілген дайын өнімдер, бұлардың дайын болуына қарай қоймаға кіріске алынып отырады. Яғни дайындалған дайын өнімдердің цехтан жіберілгендігі және өнімдердің сатып алушыларға жөнелтілгендігі жөніндегі ағымдағы есеп осы жылға белгіленген есепті (нормативтік немесе жоспарлы) бағамен есепке алынады.

Осындай мақсатпен дайын өнімдер (бұлардың дайындалғандығына қарай) ағымдағы есепте нормативтік (жоспарлы) бағамен «Дайын өнімдер» счетына (1) және «Негізгі өндіріс» счетының кредитіне жазылады.

Дайындалған өнімдердің өзіндік құнын кіріске алу бағасымен есептен шығару «Сатылған өнімдердің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны» счетының дебетіне «Дайын өнімдер» счетының кредитінен (2) жазылады. Дайын өнімдерді сатып алушыларға сату бағасымен (нарықтық немесе базарлы сауда бағасымен) жөнелтіп, жеткізіліп берілген кезде «Сатып арушылар және тапсырыс берушілердің қысқа мерзімі берешегі» счеты дебеттеліп, «Өнімдерді және көрсетілген қызметтерді сатудан түскен табыс» (3) счеты кредитттеледі. Сатудан түскен табыстың нақтылы сомасын көрсету үшін «Өнімдерді және көрсетінген қызметтерді сатудан түскен табыс» счеты дебеттеліп, «Бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян)» счеты (4) кредиттеледі. Есепті жылдың аяғында сатылған дайын енімдердің өзіндік құны «Сатылған дайын өнімдерін және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны» счетының дебетіндегі сома, "Бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян)" счетына дебеттеу арқылы (5) жазылады. Дайын өнімдерді, т.б. құндылықтарды сатудан түскен есепті жылдағы пайданы (таза табыс сомасын) "Бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян)" счеты дебеттеліп, «Есепті жылдың пайдасы (зиян)» счеты (6) кредиттеледі.

Қазақстандық бухгалтерлік есеп тәжірибесінде табыстар мен шығындар есебі салыстырушы операциялық счеттарда жүргізіледі. Сату операциялары бойынша дебет пен кредитте бір мазмұндағы шаруашылық фактілері әртүрлі сомада, мысалға, сату счетының кредитінде сату бағасы, ал дебетінде сатылған өнімдердің өзіндік құнымен көрсетіледі. Осындай сабақтастыққа сай дебеттік және кредиттік айналым айырымы салыстырылып, анықталған нәтиже қаржылық нәтиже счетына жазылады.

Қазақстандық бухгалтерлік есептің синтетикалық (жинақтаушы) счеттар тобынаң жұмыс жоспарының тізімінде операциялық салыстарушы счеттарға "Өнімдерді және көрсетілген Қызметтерді сатудан түскен табыс", "Бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян)", "Есепті жылдың пайдасы (шеккен зиян)", "Сатылған өнімдердің және көрсетілген қызметтердің өзіндік Құны" счеттары жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет