ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Экономикалық, әлеуметтік және саяси географияға кіріспе» 5В011600 – «География» мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет4/5
Дата08.07.2017
өлшемі0,79 Mb.
#20926
1   2   3   4   5

Дәріс №6
Тақырыбы: Транспорт географиясы мен халықаралық экономикалық қатынас.

Мақсаты:студенттерге дүниежүзілік шаруашылыққа транспорт және халықаралық экономикалық қатынастардың әсерін көрсету.

Жоспары:


1.Транспорт түрлері, орналасу ерекшеліктері

2.Халықаралық экономикалық қатынастар, олардың формалары


Көлік мемлекеттік және халықаралық еңбек бөлінісінің материалдық негізін кұрайды. Барлық байланыс жолдары, көлік кәсіпорындары мен көлік құралдары дүниежүзілік көлік жүйесіне бірігеді. Көлік жүйесін дамытудың, әсіресе аумағы ете үлкен елдер үшін маңызы ерекше. Сондықтан көлік жүйесінің салаларын дамытуға бұл елдер көп қаржы жұмсайды.Ғылыми-техникалық революция көліктің барлық түрлерінің карқынды дамуына негіз болды. Бұл көліктер жылдамдығының артуынан, олардың жүк көтеру және тасымалдау мүмкіншіліктерінің кеңеюінен айқын көрінеді.

Көлік қатынасы жоғары дамыған елдерде жақсы жолға қойылған. Шығыс Еуропа елдері мен Ресейдің көлік жүйесі жолдардың жиілігі мен сапасы, жүк айналымының мөлшері жөнінен Батыс Еуропа елдері мен АҚШ-тан әлдекайда төмен дәрежеде. Дамушы елдер бойынша осы заманғы көлік жүйелері тек жекелеген елдерде ғана жоғары дамыған, ал көпшілік елдерде ат-арба, адам күшімен жүк тасу әлі де болса, кең орын алып келеді. Ауғанстан, Непал сияқты елдерде теміржол мүлдем жоқ. Сол сияқты Парсы шығанағы жағалауындағы мұнай өндіруші елдер мен Мұхит аралдары, Кариб теңізі алабындағы кейбір елдерде де теміржол жоқ.

Құрлық көлігінің құрамына теміржол, автомобиль және құбыр жолы кіреді.

Автомобиль көлігінің үлес салмағы жыл сайын арта түсуде. Оған дәлел — тасжолдардың ұзындығының күрт өсуі; қазіргі кезде дүниежүзі бойынша олардың жалпы ұзындығы 25 млн км-ге жуықтады.

Бұл көрсеткіш жөнінен әсіресе АҚШ айрықша көзге түседі: мұнда 1000 адамға шаққанда 600 автомобильден келеді. Автомобиль жолдарының ұзындығы жөнінен де (5 млн км) АҚШ жетекші орын алады. Ал жолдардың жиілігі жөнінен Батыс Еуропа мен Жапония алға шығады.

Автомобиль көлігінің өте қарқынды дамуы көліктің жылдамдығына әрі жүкті шалғай аудандарға жедел жеткізуіне байланысты. Жалпы алғанда, дүниежүзілік жүк айналымының 10%-ы, жолаушы тасымалының 80%-ы автомобиль көлігінің үлесіне тиеді.

Дүниежүзіндегі теміржолдың жалпы ұзындығы 1 млн 250 мың км-ге жуық. Теміржолдың ұзындығы жөнінен де АҚШ алда келеді. Бірақ жолдардың жиілігі Батыс Еуропада өте жоғары, онда 100 км2 жерге 10 км теміржол тиесілі болады. Жүк айналымындағы теміржол үлесі 15% шамасында.

Құбыр көлігі соңғы жылдары мұнай өндірудің артуына байланысты жедел қарұынмен дамуда. Ұзындығы 4,5—5 мың км болатын мұнай және газ тасымалдайтын құбырлар Ресей, Канада, АҚШ жерінде орналасқан. Құбыр көлігінің үлесіне жүк айналымының 10%-ы тиесілі.

Теңіз көлігінің үлесіне елдер арасындағы жүк тасымалының 80%-ы, дүниежүзілік жалпы жүк айналымының 60%-ы тиеді. Ірі теңіз державалары арасындағы өзара бәсеке салдарынан көптеген ірі кемелер салық тұрғысынан ұтымды болатын дамушы елдердің туы астында жүзеді. Сондықтан теңіз жүк тасымалындағы жетекші елдер қатарынан Панама, Либерия, Грекия, Кипрді көруге болады. Ірі сауда кемелерінің үлесі Ұлыбритания, Жапония, Норвегия, АҚШ, Ресей, Қытай елдерінде де жоғары.

Теңіз жолының ежелден белгілі ауданы — Атлант мүхиты. Ірі порттары: Роттердам (Нидерланд), Жаңа Орлеан (АЩП), Марсель (Франция), Гамбург (ГФР). Соңғы кезде Азияның жаңа индустриялық елдерінің қарқынды дамуы Тынық және Үнді мұхиттарындағы теңіз жолдарын игеруге мүмкіндік беруде. Бұл аймақтағы халықаралық маңызы бар ірі порттар қатарына Кобе, Нагоя, Иокогама (Жапония) және Сингапур жатады. Теңіз жолдарының түйіскен жері жіңішке бұғаздар мен теңіз каналдары болып табылады. Ла-Манш бұғазы арқылы тәулігіне 500, Зонд бұғазы арқылы 175, Гибралтар бұғазы аркылы 140 кеме өтеді. Сонымен қатар Ормуз, Малакка, Босфор бұғаздарының маңызы зор. Адамзаттың ақыл-ойы мен еңбегінің нәтижесінде пайда болған жасанды бұғаздар — Суэц, Панама және Киль каналдары экономикалық жағынан аса тиімді теңіз кақпасы болып табылады

Жүк айналымында мұнай мен мұнай өнімдері алдыңғы орынды алып, сол сияқты құрғақ жүк деп аталатын темір кені, көмір, астық, ағаш және т.б. жүктер де көбеюде. Мамандандырылған кемелердің, әсіресе танкерлердің үлесі артуда.

Өзен-көл көлігі көбінесе жеке елдердің, сондай-ақ халықаралық жүк тасымалының да бір бөлігін қамтиды. Еуропада Рейн, Дунай, Эльба, Одер, Америкада Әулие Лаврентий, Парана өзендері мен Ұлы көлдер ірі халықаралық су жолдары болып саналады. Біздің еліміздегі Каспий теңізінің де осындай маңызы бар.

Әуе көлігі — көліктің ең жаңа және қарқынды дамып келе жатқан түрі. Әуе көлігі көбінесе жолаушы тасымалы мен тез бұзылатын (жемістер мен көкеністер) жүктерді тасымалдауда үлкен маңыз алуда. Соңғы жылдары турбовинтті және реактивті ұшақтардың енгізілуі әуе көлігінің тиімділігін арттыруда. Олардың қатарында көбінесе халықаралық әуе тасымалын қамтамасыз ететін "Боинг— 747" (АҚШ), "Ил—86" (Ресей), "Аэробус" (ГФР— Франция — Ұлыбритания), жылдамдығы 2—3 мың км/сағ-қа жететін "Конкорд" (Франдия — Ұлыбритания) ұшақтары бар.

Әуе көлігі ең күшті дамыған ел — АҚШ, ол дүниежүзіндегі жолаушылардың 50%-ын тасымалдайды. Дүниежүзіндегі ең ірі әуежайлар: "О' Хара" (Чикаго), Даллас, Лос-Анджелес, Атланта, "Хитроу" (Лондон), "Ханеда" (Токио) және т.б.


Өздігінен қарастырылатын сұрақтар:

1.Әуе көлігінің ел экономикасында алатын орны қандай?

2.Қазақстанда экономикаға транспорттың маңызы қандай?

3.Дүниежүзінде ірі теңіз порттарды картадан көрсетіңіз
Дәріс №7

Тақырыбы: ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ. Еркін экономикалық аймақ. Трансұлттық компаниялардың глобализация үрдісінде әрекеті.

Мақсаты: трансұлттық компаниялардың елдер экономикасында алатын орнын студенттерге түсіндіру
Жоспары:

1. Ынтымақтастықтың негізгі формалары

2. Үш негізгі географиялық орталықтар

Ынтымақтастық – түрлі мүдделі топтардың бейбіт қатар өмір сүру жағдайында экономикалық, саяси-әлеуметтік, рухани-мәдени және халықаралық мәселелерді бірлесіп шешудегі қабілеттілігі. Ынтымақтастық қоғамдық қатынастардың әр түрлі деңгейінде көрінеді. Микродеңгейдегі ынтымақтастық ретінде түрлі топтардың, ұйымдардың, партиялардың, қоғамдық ұйымдардың белгілі бір мәселелерді ұйымдасып шешіп отыруға ниетін атауға болады. Мезодеңгейдегі (орта) ынтымақтастыққа әлеуметтік топтар мен топтар, халықтар мен этностар арасындағы ортақ мәселелерді (экономика даму, әлеуметтік мәселелер, этнография даму) және міндеттерді шешуде бірігіп әрекет етуді жатқызуға болады. Макродеңгейдегі ынтымақтастыққа мемлекеттер, халықаралық ұйымдар арасындағы ғаламдық планетаралық мәселелерді шешуге бағытталған ұжымдық іс-әрекеттерді жатқызамыз. Ынтымақтастық қазіргі адамзаттық өзара түсінісуінің, ортақ мәселелерді біріккен әрекеттермен шешуге ұмтылуын, бейбітшілікті қамтамасыз етуінің негізгі формасы болып табылады. Сондықтан қазіргі әлемдік қатынастардағы ынтымақтастық бағыттары сан алуан. Әрине шешуші ынтымақтастық бағыттары – экономика ынтымақтастық, сауда, мәдени-техника, технология және ақпараттық ынтымақтастықтарының маңыздылығы арта түсуде. Ғаламдық мәселелерді шешудегі ынтымақтастықтың халықаралық ұжымдық мақсаттарының көрінісі ретінде БҰҰ-ны атауға болады. Мысалы: Қазақстан өзінің экономика мәселелерін Шанхай ынтымақтастық ұйымы арқылы жүзеге асыруда. Ал мемлекеттік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұжымдық қауіпсіздік туралы келісімшарт ұйымы арқылы шешуде. Ынтымақтастық – әрбір мемлекеттің ішкі және сыртқы дамуына жағдай жасайтын, басқа күштермен бірігіп әрекет етуінің, қарым-қатынастар жасауының негізгі принципі және екі жақты, көп жақты пайдалы ахуалды қалыптастырудың жолы болып табылады.

Глобализация терминін алғаш рет 1981 ж Дж.Маклин пайдаланған. Жалпы алганда «Глобализация» концепциясы дүние жүзінің кешенділігі және бірлігі туралы ойды қалыптастырады және ол батыстағы шаруашылық тәжірибесін басқа елдерге таралуымен негіздейді.

Глобализация идеяларының негізгі жүзеге асырушылары «Дүниежүзілік банк», «Халықаралық волюталық қор», Дүниежүзілік сауда ұйымы, ТҰК, байлар клубы. Олар үшін глобализация ұғымы экономикалық дамыған елдерге жақсы жағдай жасау үшін ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарларын жүзеге асыру құралы.

Экономикалық глобализация – капитал айналымымен, жаңа идеяларды игеруді жеделдетуді қамтамасыз ететін біртұтас дүниежүзілік экономикалық (негізінен қаржылық) және ақпараттық кеңістіктің қалыптасуымен даму процессі.

ХХІ ғасырдың басында экономикалық және технологиялық дамудың үш орталығы қалыптасты; 1) Солтүстік америкалық- (НАФТА), 2) Батыс Европалық (ЕС); 3) Азия – Тынықмұхиттық.

Дүниежүзілік жиынтық өнімнің 21%-АҚШ, 20%-Батыс Европа, 12%- Қытайдың, 7,5%- Жапонияның үлесінде.

1980-2000ж Қытайдың үлесі 3 есе өсті.

Солтүстік америкалық полюс (АҚШ) еркін кәсіпкерліктің үлгісі, Батыс Европа – бір өркениеттің шекарасындағы экономикалық интеграцияның үлгісі, Азия – Тынық мұхиты батыс технологиясын жергілікті әлеуметтік-мәдени дәстүрмен байланыстыруды жоғарғы дәрежесін көрсетеді.

Глобализация процессі позитивті процесстермен қатар негативті салдарға алып келеді. Егер 1960 жылы жан басына шаққандағы 20% бай адамдардың табыстары 20% кедей адамдардың табыстарынан 30 есе артық болса, 2000 жылы 80 есе артық.


Өздігінен қарастырылатын сұрақтар:

1.Глобализация идеяларының негізгі жүзеге асырушыларды атаңыз?

2.Глобализация терминін алғаш болып еңгізген ғалым экономист?
Дәріс №8

Тақырыбы:Қазіргі дүниедегі ғаламдық проблемалар.
Мақсаты: студенттерде қазіргі кездегі дүниежүзіндегі ғаламдық проблемалар туралы білімдерді қалыптастыру
Жоспары:

1.Ғаламдық мәселелер: ұғымы, шешу жолдары

2.Негізгі ғаламдық проблемалар және ғаламдық болжаулар
Ғаламдық проблемалар - әлемді тұтас қамтитын табиғи, табиғи-антропогендік немесе таза антропогендік құбылыстар. Осы құбылыстардың даму процесі жаһандану деп аталады. Қазіргі таңда Халықаралық деңгейде мынадай ғаламдық проблемалар бар:

- ресурстар проблемасы;

- азық-түлік немесе ашаршылық проблемасы;

- энергетикалық проблема;

- демографиялық проблема;

- климаттың өзгеруі;

- экологиялық проблемалар;

- «үшінші әлем» елдерінің артта қалуын жою;

- қауіпті ауруларды жою;

- Әлемдік мұхит пен космосты игеру;

- қылмыспен және терроризммен күрес;

- наркобизнеспен күрес.

Ғаламдық проблемаларды ерекше білім саласы - глобалистика зерттейді. Аталған ғаламдық проблемалар өзара тығыз байланысты және барлығы іс жүзінде жердегі экологиялық дағдарыстың даму процесімен қамтылады. Әрбір ғаламдық проблеманы міндетті түрде шешу қажет, өйтпесе оның дамуы апатқа - еркешелікттің жойылуына дейін апарып соғады. Ғаламдық проблемаларды шешу үшін ғаламдық, аймақтық, ұлттық бағдарламалар жасалады, бірақ оларға келісушілік және үйлестірушілік жетіспейді. Ғаламдық проблемаларды шешуге жұмсалатын шығындардың жартысына жуығын экологиялық проблемаларды шешу шығындары құрайды. Өйткені басқа проблемалардың ішінде ғаламдық экологиялық проблемаларды ең артықтау проблема деп санайды.

Ғаламдық экологиялық проблемалар - ғаламдық, аймақтық және ұлттық деңгейлерде айқындалған экологиялық проблемалар кешені. Зор геосаяси проблеманын экологиялық қауіптілігінің мынадай көріністері бар: табиғи экожүйенің бүлінуі, озон қабатының жұқаруы, атмосфераның, Әлемдік мұхиттың ластануы, биологиялық әралуандылықтың азаюы және т.б. Олар тек қана барлық елдердің қатысуымен, БҰҰ-ның басқаруымен шешілуі мүмкін. Экологиялық проблемалардың ғаламдығы оны шешу үшін барлық елдердің жігерін жұмылдыру қажеттігін тудырып отыр; қарудың барлық түрлерін азайтпай экологиялық дағдарыстан айырылу мүмкін еместігі; биосфераның жалпыға ортақ ластануына қарай ядролық соғыс ғана емес, тіпті жай соғысты жүргізудің мәнсіздігі; қазіргі өркениеттің технологиялық құрылымын қайта құру, өмір негізі болатын табиғатпен өзара іс-әрекеттің жаңа сапалы әдістері мен құралдарын жасау; қоршаған ортаны қорғау проблемасы бойынша БҰҰ органдары жұмысының тиімділігін арттыру және оларға төтенше өкілеттік беру.


Өздігінен қарастырылатын сұрақтар:

1.Экологиялық мәселелерді атаңыз?

2.Қазақстанда экологиялық проблемаларды атаңыз


Практикалық жұмыс № 1

Тақырыбы: Дүниежүзінің қазіргі саяси картасы

Мақсаты: қазіргі елдердің басты топтарын қарастыру, қазіргі әлемде әлеуметтік – экономикалық жүйелер туралы түсініктерді қалыптастыру.

Керекті құралдар: пән бойынша аңықтама кітаптары, түсті қарандаштар, атлас карталар.

Тапсырма №1.

«Ел», «Мемлекет» «территория» терминдерге аңықтама беру. Саяси картада қанша мемлекет бар? Қай аймақтарда олардың саны көп?



Тапсырма №2.

Екі шеңбер сызып біріншісіне: территориясы аса үлкен елдерді (бірінші ондыққа кіретін), екіншісіне: халқының саны көп елдерді (бірінші ондыққа кіретін) жазыңдар. Ортасындағы шеңберге территориясы аса үлкен және халқының саны көп (бірінші ондыққа кіретін) елдерді жазыңдар.



Тапсырма №3.

Кестені толтырыңдар. Қай аймақтарда монархиялық елдер көп таралғанын аңықтандар және бұл ерекшелікті түсіндіріндер. Атлас карталарын пайдаланып қай параллель монархиялық басқару формасы бар елдерді кесіп өтеді.



Елдер

Басқару формалары

Елдер

Басқару формалары

Шетелдік Еуропа

1.Андорра

Княздық

7. Лихтенштейн

Княздық

2.Бельгия

Корольдік

8.Люксембург

Ұлы герцогтық

3.Ватикан




9.Монако




4.Ұлыбритания




10.Нидерланды




5.Дания




11.Норвегия




6.Испания




12.Швеция




Шетелдік Азия

1.Бахрейн

Эмират

8.Оман

Султанат

2.Бруней

Султанат

9.БАӘ

Эмират

3.Бутан




10.Сауд Аравиясы




4.Иордания




11.Тайланд




5.Камбоджа




12.Жапония




6.Катар




13.Малайзия




7.Кувейт










Африка

Мұхиттық

1.Лесото

Корольдік

1.Тонга

Корольдік

2.Морокко










3.Свазиленд












Тапсырма №4.

Кескін карталарға басқару формасы бойынша монархия елдерді; бөлінуі бойынша федеративті елдерді түсіріңдер.


Практикалық жұмыс № 2

Тақырыбы: Халқының құрамы.

Мақсаты: студенттерде әлем халықтары туралы түсініктерді қалыптастыру
Керекті құралдар: пән бойынша аңықтама кітабтары, түсті қарандаштар, атлас карталар.

Тапсырма №1.

«Тұрғындар географиясы», «Демография», «Демографиялық кризис», «Демографиялық саясат», «Урбанизация», «Агломерация» терминдерге аңықтама беріңдер.



Тапсырма№2.

Атлас карталарды пайдаланып кестені толтыру.



Кесте № 1

Халқының саны бойынша қалаларды топтастыру.


Халқ. саны.
Аймақтар

10 мыңға дейін

10-50 мың

50-100 мың

100-500 мың

500 мың -

1 млн.


1 млн.

аса


Еуропа



















Шығыс Азия



















Оңтүстік Шығыс Азия



















Орталық Азия



















Солтүстік Америка



















Оңтүстік Америка



















Африка



















Австралия



















Мұхиттық аралдар


















Ескерту:

Кіші – халқ.саны 12 – нан 50 мыңға дейін

Орташа – 50-100 мыңға д.

Үлкен – 100-250 мыңға д.

Ірі – 250-500 мыңға д.

Аса ірі – 500-1 млн.д.

Миллионер қалалар –1 млн.көп


Тапсырма № 3.

Әртүрді әдебиет көздерін қолданып қазіргі кезде нәсілдердің араласу үрдісі жүретін аймақтарды аңықтандар. Бұл үрдістердің болуына қандай факторлар әсер етеді?



Тапсырма №4.

«Қазіргі кезде әлем халқының дінаралық жағдайы» тақырыбына шығарма – эссе жазу. (0,5 бет)



Тапсырма №5.

Кестені толтырыңыз.





Практикалық жұмыс № 3

Тақырыбы: Табиғи ресурстар географиясы. Экологиялық мәселелер.

Мақсаты: студенттерде табиғи ресуртар туралы білімдерді бекіту, әлем елдерінде табиғи ресурстардың қамтылуын есептеуге үйрету.

Керекті құралдар: атлас карталар, калькулятор, сызғыш, түсті қарандаштар және т.б.

1 тапсырма

1. Берілген кестедегі мәліметтерді пайдаланып елдердің көмір ресурсының қамтылуын аңықтау.

Ел

Көмірдің қоры (млрд.т)

Өндіру

(млн.т)


Ресурспен қамтылуы (қанша жылға жетеді)

АҚШ

445

1020




Қытай

296

1240




Ресей

202

250




ОАР

116

220




Австралия

116

280




ГФР

106

250




Үндістан

78

330




Украина

47

75




Ұлыбритания

45

50




Қазақстан

31

70



2. Кестедегі мәліметтерді пайдаланып столбик диаграммасын құру.

3. Дамыған және дамушы елдердің ресурспен қамтылу айырмашылығын аңықтау.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет