ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Физиканы оқытудың жаңа технологиялары»



бет1/13
Дата17.02.2017
өлшемі4,35 Mb.
#9608
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

ПОӘК 042-18-38.46/03-2013


№1 басылым

________2015 ж.



беті беттің






ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СемЕЙ қаласындағы ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейлі СМК құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18-38.46/03-2014




ПОӘК

«Физиканы оқытудың жаңа технологиялары» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары


№ 1 басылым

_____2015 ж.



ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«Физиканы оқытудың жаңа технологиялары»

«5В060400 – Физика» мамандығы үшін


ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ

Семей


2015

Мазмұны


1

Глоссарий

3

2

Дәрістер

5

3

Практикалық сабақтар

52

4

Студенттердің өздік жұмыстары

53


1 ГЛОССАРИЙ

Физика – материаның қарапайым және жалпы формаларының қозғалысы және олардың өзара өзгеруі жайындағы ғылым, ол дәл ғылымдар қатарына жатады және бізді қоршаған ортадағы процестер мен құбылыстардың сандық заңдылықтарын оқытады.

Физиканы оқыту әдістемесі – физиканы оқытудың дидактикалық принциптерінің қосымшасы болып табылатын педагогикалық ғылым.

Физиканы оқыту пәні – физиканы оқыту процесінде оқушыларды дамыту мен тәрбиелеудегі, физиканы оқытудың теориясы мен практикасы.

Физиканы оқыту әдістемесінің міндеттері - үш сұрақтың жауабын іздеу: неге оқытамыз, нені оқытамыз және қалай оқытамыз.

Оқыту технологиясы - бұл оқытудың формалары және тәсілдері, әдістері

Оқытуды гуманизациялау - барлық оқу-тәрбиелеу процесінің орталық суьбектісі болып табылатын баланың жеке қасиеттеріне баса көңіл аудару.

Оқытуды гуманитаризациялау – сәйкес оқу сабақтарында (әлемдіккөзқарас, әдіснамалық, тарихи-бионрафиялық, экологиялық) меңгерілетін ғылымдардың гуманитарлық аспектілеріне баса көңіл аудару.

Оқытуды дифференциациялау – оқушылардың жеке шығармашылық және қызығушылық қабілеттерін ескеретін оқу процесін ұйымдастыру.

Гимназия - V-XI сыныптар құрамында жұмыс істейтін, ой еңбегіне бейімді оқушыларды дамытатын және тәрбиелетін орта жалпы білім беретін оқу орны.

Лицей - VIII-XI немесе X-XI сыныптар құрамында жұмыс істейтін кәсіптік бағытталған жалпы білім беретін мекеме.

Колледжкәсіптік дайындықты жүзеге асыруға бағытталған кәсіптік бағыттағы білім беру мекемесі.

Базистік оқу жоспары - орта жалпы білім беретін мекемелердің жұмысын реттейтін құжат.

Экология - орта жағдайы мен тірі организмдердің өзара қатиынасы жайындағы ғылым.

Ойлау – обьективті шындықты бейнелетін адамзат танымының жоғары басқышы.

Әлеуметтік мотивтер – оқушылардың басқа суьбектілермен әртүрлі өзара әсерлермен байланысқан побуждения.

Танымдық мотивтер – оқу іскерлік процесімен және мазмұнымен байланысты побуждения.

Өткен байланыстар бьасқа пәндердің ертеректе меңгерілген материалдарымен физика курсының байланысты.

Ілеспелі байланыстарбірмезгілде меңгерілетін әртүрлі оқу пәндерінің ұғымдары, теориялары, заңдары арасындағы байланыс.

Алдағы байланыстар - бұл физика курсының материалдары басқа пәндерді меңгеру үшін база болып табылатын байланыстар.

Сабақ – бұл мұғалім дәл тағайындалған уақыт мезетінде оқушылардың тұрақты танымдық іскерлік топтарын басқаратын оқытудың ұйымдастырылған формасы.

Күнтізбелік-тақырыптық жоспар – бұл оқу материалының әрбір тақырыбын сабақтар бойынша бөлу.

Оқытудың сөздік әдісі материалды баяндаудың сөздік әдісі (әңгімелеу, түсіндіру, әңгімелесу, дәріс), сондай-ақ кітаппен жұмыс істеу (оқулықпен, хрестоматиямен, анықтамалық құралдармен, дидактикалық материалдармен және т.б.).

Әңгімелеу – меңгерілетін тақырыпқа жататын іс-жүзіндегі материалды жалғасымдылықпен баяндау.

Түсіндіру – мұғалімнің жаңа ақпартты дәлелдеп, негіздеп, талдап түсіндіруі.

Әңгімелесу - оқытудың «сұрақжауап» әдісі.

Оқу эксперименті бұл сабақта физикалық құбылыстарды арнайы құралдардың көмегімен шығару.

Демонстрация – бұл мұғалімнің физикалық құбылыстарды және олардың арасындағы байланыстарды көрсетуі.

Фронтальды тәжірибе – мұғалімнің текелей басшылығынсыз, жазбаша нұсқаулықсыз оқушылардың қандай-да бір практикалық іс-әрекеті (бақылау, өлшеу).

Сыныптан тыс тәжірибелер мен бақылаулар - күнделікті ортада, табиғатта, ауылшаруашылық өндірістерінде оқушылардың үйде орындайтын қарапайым тәжірибелері.

Физика кабинеті – бұл оқу қондырғыларымен, көрнекі құралдармен, оқытудың техникалық құралдарымен жабдықталған өзара байланысты орындар бөлінген мектептің оқу бөлімшесі.

Физикалық есеп – логикалық ойқорыту, физикалық эксперимент және математикалық амалдар процесі қолданлатын физика әдістері негізінде шешілетін кішігірім мәселе.

Есептерді шығару технологиясы – есептің шартында берілген және ізделініп отырған шамалар арасындағы байланысты тағайындайтын, есептің жауабына әкелетін амалар мен тәсілдер жиынтығы.

Физикалық есептерді шығаруға үйреті технологиясы – оқушыларға есеп шығару дағдысын қалыптастыруға әкелетін тәсілдер жүйесі.

Сынақ –сабақ уақытында ұйымдастырылатын оқушылардың білімдері мен іскерліктерін тексерудің жалпы формасы.

Оқытудың техникалық құралдары – техникалық қондырғылардың және олардың арнайы дидактикалық материалдарының жиынтығы.

Дыбыстық құралдар (аудиоқұралдар) ақпарат тек дыбыстық каналдар арқылы берілетін оқытудың техникалық құралдары (ОТҚ).

Аудиовизуальды (экранды-дыбыстық) құралдар – бұл ақпаратты бірмезетте көру және дыбыстық каналдар арқылы беретін ОТҚ.

Диафильмдер - өзара байланысты текс пен бейнелердің қатаң жалғасымды кадрлары.

Дербес (индивидуальная работа) жұмысжекелеген оқушылармен физика және техника бойынша жетекшілік жасау мақсатында, осы мақсатта реферат, баяндама және мазмұндама дйындау.

Топтық жұмыс – жаңа білімдер мен рактикалық іскерліктерді меңгеру мақсатында оқушылардың тұрақты шағын тобымен және балалардың қызығушылықтарын қанағаттандыруға бағытталып жүргізілетін жүйелі жұмыс.

Оқытудың жаңа технологиялары – ЭЕМ көмегімен ақпараттарды көрсету, тарату.

Оқытудың компьютерлік технологиясыбұл техникалық құрал компьютер болып табылатын оқыту жүйесі.

Компьютерлік сауаттылық – бұл оқыту құралы ретінде мұғалім мен оқушыға ЭЕМ қолдануға мүмкіндік беретін білім мен іскерлік.



Төртінші деңгейде оқушы өз бетімен сыныптан тыс оқулықтармен есеп шығарады, мектеп курсында қарастырылмайтын тақырыптарды өз бетімен оқитын оқушылар. Мұндай оқушылар олимпиадаға қатысып, шығармашылық ізденіске ие болады.

Егер сабақта қайталау сабағы болсын, жаңа тақырып болсын оқушы шығармашылық ізденіс үстінде меңгеріп, көптеген қосымша әдебиеттерден іздейді. Қазіргі ғарыштық ғылыми зерттеулер барысында жаңалықтармен оқушылар интернет арқылы ізденуге болады немесе ғарыш кеңістігін зерттеу барысындағы ғарышкерлер өмірі жайында мәліметтерді іздену арқылы қарастыруға болады.

Деңгейлеп оқытудың тиімді жақтары:


  1. Сыныптағы барлық оқушы жұмыспен қамтамасыз етіледі және әрі

оқушының белсенділігін оятады.

  1. Оқушы өзіне тән қарқымен өз білімінің деңгейінде жұмыс жүргізеді.

  2. Оқушының өз бетімен жұмыс істеуі тиянақтылыққа, төзімділікке, ұстанымдылыққа тәрбиелеп, жауапкершілігін оятады. Жауапкершілікті сезіне отырып, оқушы ізденімпаздығын, шығармашылығын, дарынын, талантын тәрбиелейді.

Сондықтан да оқушыларға физика сабағында жаңа бағыттағы оқытудың технологияларының бірі деңгейлеп оқытудың маңызы зор.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

  1. Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты қандай?

  2. Деңгейлеп оқыту технологиясының негізгі сатыларын көрсетіңдер.

  3. Деңгейлік тапсырмалар қалй ажыратылады?



Тақырыбы: Топтық оқыту технологиясы

Дәрістің жоспары:

  1. Топтық оқыту технологиясы жайында мағұлымат

  2. Коммуникативтік құзіреттілік


Дәрістің қысқаша мазмұны

Сапалы білім беру қай заманда болса да өзекті мәселе болып табылады. Оны жүзеге асырудың бір жолы – оқыту процесінде топтық оқытуды қолдану болып табылады.

Қазіргі кезде қоғамның әлеуметтік-экономикалық өміріндегі түбірлі өзгерістерге байланысты білім жүйесінде және оның мазмұны мен оқыту технологиясында да өзгерістер болып жатыр.

Соның ішінде, ең бастысы, әлемдік білім кеңістігіне ену мақсатындағы алғашқы қадамдар жасалып жатыр. Бұл қасиетті істерде мұғалімге қойылар талап та ерекше. Мемлекеттік білім саясаты да осы мұғалім арқылы жүзеге аспақ. Ал бүгінгі таңда мектептің, мұғалімнің ең қасиетті міндеті – рухани бай, жан-жақты дамыған, жеке, дарынды тұлға тәрбиелеу. Әр мұғалімнің алдындағы сәулелі мұраты – өз пәнінен білім беріп қана қоймай, әр баланың “менін” ашу, сол “менді” шығармашылыққа жеткізіп, баланың өзіне деген сенімін туғызу.

Оқушының өз бетінше оқып үйрену оның жеке талабын қанағаттандыруға және көкейінде жүрген сұрақтарға жауап беруге үлкен ықпал етеді.

Өз бетімен оқып білуге үйрету – баланың қоршаған ортаның өз бетінше танып білуге деген табиғи ынтасы негізінде құрылған оқытудың негізгі тәсілі. Өз бетімен оқып білуге үйретудің негізгі мақсаты – оқушының адамзаттық мәдениеттің қай саласында болсын өз бетімен шығармашылық  жаңа іс-әрекет тәсілдерін игеруге дайындығы мен қабілетін қалыптастыру.

Ол – белгісізді іздеу, жаңа білімді іздеу үрдісі. Бұл – адамның танымдық әрекеттерінің бірі.

Әрине, білім беруде тиімді нәтижеге жету үшін оқыту әдістері мен құралдарын іріктеу, технологияны таңдау, оқу үрдісін құру – мұғалім құзырындағы іс.

Оқушылармен жұмыс жасауда жеке дара, топтық, ұжымдық топтарға бөлудің психотерапиялық мүмкіндігінің зор екені де белгілі болып отыр.
Адамша ойлау, ізденімпаздық – табиғаттың адамзатқа берген тамаша сыйы. Бұл қабілет барлық адам бойынан табылатыны сөзсіз, бірақ біреуге аз, біреуге көп дегендей.

Топ – қазіргі адамның қоғамдық өмірін ұйымдастырудың басты тәсілі, оның ажырамас қасиеті болып табылады. Топтық уақыт өткізудің мәні мен жалпыға ортақтығын Д.Картрайттың және А.Зандердің мына сөздері дәлелдейді: «егер ... болжамдық марстық адам Жерді бір қарап шықса, ол, мүмкін, жер адамдарының бір нәрсені топта жасап, өз уақытының сонша бөлігін бірге өткізетініне таң қалатын шығар».

Топтық оқытудың мәні ХХ ғасырдың 20-шы жылдарынан бастап ескерілген. Бірақ осы күнге дейін көп сұрақтар өз жауабын күтуде. Ең алдымен, айта кететін жайт, «топ» ұғымы негізінен әлеуметтік психологияға тән; ұғымның мәнін жасау, топтық феномендерді зерттеу көбіне көп осы ғылым тұрғысынан жасалып келген. Әлеуметтік энциклопедиялық сөздікте топқа мынадай анықтамалар берілген:


  1. «Кез-келген жалпы қасиетпен: жалпы кеңістік және уақыт болмысымен, іс-әрекетпен, экономикалық, демографиялық, психологиялық және т.б. Сипаттамалармен біріктірілген индивидтер жиынтығы»;

  2. «Арасында белгілі бір тікелей немесе жанама әлеуметтік қарым-қатынастары бар индивидтер жиынтығы»;

  3. «Өзара әрекеттесудің стандартталған үлгілері негізінде өздері қабылдаған нормаларды ұстанатын және өздері белгілеген әлеуметтік рольдерді орындайтын индивидтер жиынтығы».

Педагогикалық және психологиялық сөздікте «топ - әлеуметтік тұтастықтан белгілі бір нышандары негізінде бөлінетін адамдардың шектеулі шамадағы қауымдастығы; бұл нышандар атқаратын қызметтерінің сипаты, әлеуметтік не таптық қатыстылығы, даму деңгейі және т.б. болуы мүмкін. Топты мөлшері бойынша саралау: үлкен, шағын, кіші топтар (диада, триада) деп бөлу кең тараған. Педагогикада топ: 1) оқушылар ұйымының мерзімдік не ағымдағы жұмысын атқару үшін құрылған белгілі бір бөлігі. Топ жұмысын топ мүшелері сайлаған топ кеңесі немесе топбасы басқарады; 2) оқу процесінде жоғары мектеп талапкерлерінің курс ішіндегі белгілі бір тұрақты бөлігі; 3) сыныптан не мектептен тыс үйірмелерге (көркемөнер, спорт, т.б.) қатысушылардың қызығушылығы бойынша біріккен бөліктері.

«Шағын топ – ортақ мақсат-міндеттерге ие, тікелей қарым-қатынас жасайтын индивидтердің белгілі бір санының бірігуі. Үлкен және күрделі топтардан шағын топтың ерекшелігі – оның салыстырмалы «құрылымдық қарапайымдылығы». Бұның мәні – шағын топта, әдетте, беделді көшбасшысы болады, оның айналасында топтың басқа мүшелері бірігеді. Бұнда топтың көлемі маңызды емес, ол бірнеше ондықты қамтуы мүмкін» делінген ресейлік педагогикалық энциклопедияда.

Топтарды талдау барысында оларды жіктеу проблемасы айқындалды. Әдебиеттерді шолу барысында анықтағанымыз, көптеген тұрғылардың барына қарамастан бір типология жоқ. Топтарды ажырату белгілері зерттеушілер еңбектерінде өте кең ауқымды болып келген.

Г.А.Цукерман әлемде жүргізілген зерттеулерді жалпылау кезінде, топтық оқу іс-әрекетіндегі келесі ережелерді көрсетеді:



  1. Балалардың танымдық белсенділігі мен шығармашылық деңгейі өседі;

  2. Оқушылар арасындағы өзара қатынас сипаты өзгереді;

  3. Оқушылар маңызды әлеуметтікдағдыларға ие болады: әдеп, жауапкершілік, басқалардың позициясын есепке ала отырып өз мінез-

  4. Құлқын қалыптастыру іскерлігі, қарым-қатынастың гуманистік түрткілері;

  5. Мұғалім топқа бөлуде балалардың өзара бейімділіктерін, олардың дайындық деңгейлерін, жұмыс қарқындарын есепке ала отырып, оқытуда дараландыру мүмкіндігін алады.

Топтық оқу әрекетін өзгеше оқу ситуациясы ретінде бағалай отырып, В.В.Рубцов және В.В.Агеев оның келесі талаптарға жауап беруі керектігін атап өтеді: мақсаттың ортақтығы, әр қатысушының өзінің даралық әрекетін орындауы, барлығының барлығымен үйлестірілуі, аудитивтіксіз, яғни, іс-әрекеттерді жай ғана қосу емес, ортақ нәтижені алу.

Топта оқыту - ол баланың ойлауы мен қабылдау қабілетін дамытады, сабақты ұйымдастыруда жұмыстыңтоптық формалары, соның ішінде «миға шабуыл» және т.б. қабілеттерін дамыту мақсатында тапсырмалар ұсынылады;

Жеке және шағын топтарда міндеттерді зерттеу және шешу-бұнда мұғалім әрбір баланың қызығушылығын анықтап, олардың іс-әрекетін басқару және кеңес беру қызметін атқарады.

Жоғары сынып оқушыларының танымдық белсенділігін топтық оқыту арқылы қалыптастыруда «Оқу және жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» стратегияларын қолданудың маңыздылығы ерекше. Өйткені топтағы оқушылардың барлығы өз ойларын еркін айтуға,пікірлерінқорғай білуге мүмкіндік алады. Мұның барлығы топтағы оқушылардың қарым-қатынасының жақсаруына, сабаққа қызығушылықпен және белсенділікпен қатысуына өз ықпалын тигізіп, оқу материалын саналы түрде меңгеруіне мүмкіндік береді. Мұндай оқыту стратегияларының ішінен «Ассоциация», «2 жақты күнделік», «Топтастыру», «Түртіп алу», «РАФТ» стартегияларын гуманитарлық пәндерді оқытуда пайдалануға болады.Мектептегі жоғары сынып оқушыларына бұл стратегияларды қолдану оқу-тәрбие үрдісінің жұмысының жоғары деңгейге көтерілуіне үлкен септігін тигізер еді.

Шағын топта коммуникативтік құзіреттіліктерді қалыптастырудың педагогикалық технологиясын жобалау кезінде оқытуды ұйымдастыру формасы және оқыту әдістерін таңдау көп жағдайда топтың мақсаты және ерекшеліктерімен анықталады. Яғни, коммуникативтік құзіреттілікті қалыптастырудың шағын тобын жүйелеу қандай да болмасын негіз бойынша жасалуы керек. Біздің ойымызша, шағын топта коммуникативтік құзіреттілікті қалыптастырудың педагогикалық технологиясын модельдеуде бес критерийді есепке алу қажет: материалды зерттеу тереңдігі, оқудың ұзақтығы, қатысушылардың құрамы, оқушылардың дайындық деңгейі, коммуникативтік құзіреттілікті қалыптастырудың шағын тобының қызметінің ұзақтығы.

Коммуникативтік құзіреттілік- адамдармен өзара әрекет пен қарым- қатынас тәсілдерін білуді, түрлі әлеуметтік топтарда жұмыс істеу дағдыларын, қоғамдағы түрлі әлеуметтік рөлдерді орындауды, өмірдегі нақты жағдайларда шешім қабылдау үшін байланыстың түрлі объектілерін қолдана алу білігін, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болуын қарастырады.

Осылайша, коммуникативтік құзіреттілікті қалыптастырудың шағын тобы (педагогикада) – тұрақты, саны бойынша үлкен емес (әдетте, 5-7 адам) оқу тобы, топ мүшелері жалпы оқу-танымдық іс-әрекетпен біріктірілген, бір-бірімен тікелей өзара әрекеттесуде (жеке және коммуникативтік қарым-қатынастар және т.с.с.) болады, бұл өз алдына эмоционалдық байланыстардың, спецификалық тұлғааралық құндылықтардың, топтық нормалар мен топтық құндылықтардың пайда болуына әкеледі.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары


  1. Топтық оқыту технологиясының мағынасын ашыңыз

  2. Коммуникативтік құзіреттілік деген не?


Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Қазақстан республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. //Егемен Қазақстан.14 желтоқсан 2010.

  2. Цукерман Г.А. Совместная учебная деятельность как основа формирования умения учиться: автореферат дисс. на соиск. уч. степ. докт. психол. наук. М.,1992

  3. Мұханбетжанова Ә.М., Мұқанбетова Ш.Т. Тұлғалық- бағдарлы технологиялар. Орал,2007

  4. Мұқанбетова Ш.Т. Коммуникативті құзыреттілікті қалыптастыру. //Қазақстан мектебі.№11,2009


Тақырыбы: жекелеп оқыту технологиясы

Дәріс жоспары:

1. Оқыту формалары мен даму тарихы

2. Сабақ – оқытудың негізгі формасы  

3. Сабақтарды жіктеу


Дәрістің қысқаша мазмұны

Форма деген ұғым латын тілінен аударғанда "forma" сыртқы көрініс дегенді білдіреді, сыртқы сызық - белгілі орныққан тәртіп. Философия пәніңде «форма» ішкі мазмұнды ұйымдастыру деген ұғыммен анықталады. Демек, оқыту формасы – оқу материалын меңгерудегі оқушылардың өзара әрекеті. Оқыту формасы: әдіспен, амалдарға, құралдарға, оқушылардың іс-әрекетіне тәуелді болады.



Жекелеп оқыту технологиясы. Жекелеп оқыту – оқу процесін ұйымдастырудың мына түрлері мен үлгілерін қарастырады:

- мұғалім бір ғана оқушымен жұмыс істейді;

- оқушы тек оқу құралдары мен өзара қатынаста (оқулықтар, компьютер, т.б) болады.

Жекелік оқудың басты жетістігі баланың қабілетімен оқу қызметінің желісін әдісі мен мазмұнын өз қабілетіне қарай бейімдеуіне мүмкіндік береді.

Оқыту формасы мұғалімнің белгілі бір оқу материалын игеру барысындағы оқушының оқу іс-әрекетін басқару және оқу тәсілдерін меңгерумен сабақтас. Сабақтың сыртқы көрінісі оқу материалының ішкі бөліктерінің басын біріктіріп және дидактикалық категория ретінде оқу үрдісін ұйымдастырудың сыртқы пішінің белгілейді, мұның өзі оқушылардың білім сапасының көрсеткіші мен өтетін уақыты және орны, оның жүзеге асырылу тәртібі секілді жағдайлармен байланысты.



Педагогика тарихында педагогтардың тұжырымдары және оқуды ұйымдастырудың әр түрлі формалары белгілі. Оның дамып, жетілуі қоғамның қажеттілігі мен сұранысының талап-мүддесіне қатысты (6-сурет).

 


6-сурет. Оқыту формаларын жіктеудің өлшемдері
Осыған қарап оқытудың формалары төмендегідей бөлінеді:

- жеке (бір ғана оқушымен жұмыс істейді);

- жеке-жұптық (оқушы-оқушы, мұғалімнің оқушымен қарым-қатынасы, қазіргі жағдайда оқушымен қарым-қатынасы жеке оқушының әзірлік үрдісіндегі қызметі мен айқындалады);

- жеке-топтық: топ мектепте жұмыс істейді, бірақ бір мектепте оқытылатын оқушылардың жасы әр шаманы құрайтын топ болады (оқытудың бұл түрлі орта ғасыр мектептерінде қолданылған);

- өзара бірлесіп оқыту (аталған оқыту жүйесі Англияда пайда болған, атауы-Бел-Ланкастер жүйесі);

- саралап оқыту, оқушылардың қабілетіне қарай оқыту (мангейм жүйесі);

- бригадалық оқыту, тапсырманы бригада алады: бір сыпыпта 5–6 оқушы ұйымдасады, есеп беруші - бригадир (оқытудың бұл түрі XX ғасырдың 20-жылдарына тән);

- Американдық «Винетка – жоспар», «Трамп – жоспар», т.б.

- Оқытудың микротоптық жүйесі (фронтальді, ұжымдық жұмыс, т.б.).

Педагогика тарихында алуан түрлі оқыту нысандары пайда болды, нәтижесінде педагогика ғылыми тәжірибеден көптеген деректер жинады.



Баланы оқытуды ұйымдастырған алуан түрлі жұмыстар зерттеліп, олардың ішінен қазіргі заманға лайықтылары іріктелді. Мектепте оқитын оқушылардың саны, олардың оқитын жерлері, оқу жұмысының ұзақтығы зерттеліп, баланы жекелеп оқыту, топты, ұжымды оқыту, сыныпта, сыныптан тыс, мектепте, мектептен тыс жерлерде оқыту жолдары анықталды (7-сурет).


7-сурет. Оқыту формаларының дамуы
Баланы жекелеп оқыту өте ерте кезден бар. Ол тапсырманы мұғалімнің не өзінің үйінде орындайды. Тапсырма мұғалім оқулығынан беріледі. Жекелеп оқыту қазір де қолданылады. Баланы жекелеп оқыту XIII ғасырға дейін қолданылған. Әсіресе, ауқатты адамдар балаларын жекелеп оқытқан.

Жекелеп оқытудың жақсы жақтары:



  • Мұғалім оқушының нені білетінін, нені білмейтінін анықтайды.

  • Оқушының қатесін уақытында түзетеді.

  • Оқушы өзіне ыңғайлы уақытта жұмыс істейді.

Кемшіліктері:

  • Мұғалім оқушыға білім беріп, оны оқушы қалай түсінгенін тексерумен шектеледі.

  • Оқушы басқа оқушылармен қарым-қатынаста болмайды.

  • Бала ұжымда, әлеумет арасында жұмыс істеуге үйренбейді.  

Міне, сондықтан жекелеп оқыту XI ғасырдан бастап азая бастады.

Балаларды жекелеп-топтап оқыту түрі қалыптасты. Мұғалім тек бір оқушыға емес, түрлі жастағы балаларға тапсырма берді. Олардың дайындық деңгейлері де түрліше еді. Сондықтан мұғалім әр оқушымен жеке жұмыс жүргізді. Мұғалім әрбір оқушыдан өткен материалдарды сұрап, әрқайсысына жаңа тақырыпты түсіндіріп, жеке тапсырмалар берді. Оқушылар оқуға жылдың кез келген уақытында келді. Жеке, жеке-топтық оқыту түрлері XI ғасырдың аяғы, XII ғасырдың басында қоғам сұранысын қанағаттандырмады.

Сынып-сабақ ұғымының пайда болғанына 350 жылдай уақыт болды. XIII- ХІХ ғасырларда ағылшын діни қызметкері А.Белл және мұғалім Джон Ланкастер өзара оқыту жүйесін қолданды. Алдымен жоғары сынып оқушылары мұғалімнің басшылығымен тақырыпты өздері оқып, одан нұсқаулар алып, бастауыш сынып оқушыларын оқытты. Бірақ, өмір бала оқыту үшін арнайы дайындық керек екенін көрсетті.

Бригадаларға біріктіріп оқыту. Тапсырма бір топ оқушыларға беріледі. Олар өз беттерімен зертханаларда жұмыс істеп, мұғалімдер оларға кеңес береді. Есепті бригадир береді. Кемшілігі: оқушылардың білім деңгейінің, жауапкершілігінің төмендеуі, оқытудың нәтижесінің жоқтығы, мұғалімнің түсіндіруінсіз тапсырманы орындай алмау.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет