ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «мал шаруашылық Өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау» мамандық үшін 5В120200-«Ветеринариялық санитария» ОҚУ Әдістемелік материалдар



бет1/7
Дата08.09.2017
өлшемі4,93 Mb.
#30812
  1   2   3   4   5   6   7

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ




СМЖ 3 дәрежелі кұжаты

ПОӘҚ



ПОӘҚ 042-18-23.1.08/01-2014

ПОӘҚ

Оқытушыға арналған пән

«Мал шаруашылық өнімдерін ветеринариялық -санитариялық сараптау »

бойынша бағдарламасы


Баспа №_ күні _____






ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«МАЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМДЕРІН ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ - САНИТАРИЯЛЫҚ САРАПТАУ »


мамандық үшін 5В120200-«Ветеринариялық санитария»

ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей


2014




Мазмұны



  1. Глоссарий
  2. Дәріс
  3. Зертханалық және практикалық сабақ
  4. Курстық жұмыс ( жоба)
  5. Білім алушылардың өздік жұмыстары
  6. Емтихан сұрақтары








































1 Глоссарий


Ветеринариялық-санитариялық сараптау - жануарлар мен өсімдіктер тектес өнімдерді ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан бағалайтын және зерттеу әдістерін оқытатын ғылым.

Қағыну (септикалық) үрдістері – денеге іріңді микробтардың енуі әсерінен (стрептококки мен стафилококкилар) мүшелердің қалыптан тыс артуы. Олар жергілікті жерде қабыну үрдістерін туғызады.

Іріңді ісік - сойылатын малдардың бұлшық еттерінде, лимфа түйіндерінде және ішкі мүшелерде шоғырланады.

Флегмона – жайылып кетуге ықтимал, жұмсақ дәнекер тканьінің жіті түрде іріңдеп қабынуы. Бұл іріңді ісіктен де қауіпті, өйткені іріңді бактериялар зақымданған учаскелерден әртүрлі мүшелерге және тканьдерге өте кең арада өтеді.

Жаралар – тері және тері ащы тканьдерінің ашық жарақаттануы. Егер жара іріңдеп кетсе, онда жарада іріңді микробтардың өсіп-өну үрдістер жүріп жатыр деп есептелінеді.

Сыртқы сәулену - организмге түсетін сәуленің көзі сырттан ( басқа жақтан) ауадан келіп түседі. Бұлар ядролық жарылыстың радиациясы организмді қоршаған топырақта, ауада, суда және мал терісінде болады.

Ішкі сәулену - радиактивті заттардың ионизациялық сәулелері азық, су, ауа, тері ақылы организмге өту салдарынан болады.

Улы инфекциялар (токсикоинфекциялар) бұлар микроорганизмдер мен олардың уларының біріккен әсерінен пайда болатын аурулар. Бұл микроорганизмдер: салмонеллар, эшерихий коли, протей Cl.perfringens , B. сereus.

Тағамдық токсикоз – микробтардың көп жиналып, өсуі әсерінен пайда болатын экзотоксиндердың (сыртқы улардың) организмді улауы.Тағамдық токсикозды микробсыз-ақ улаудың өзі ғана тудыруы мүмкін.

Тағамдық аурулар, не тағамнан болған аурулар - әр түрлі себептерден болған және клиникалық белгілері әр түрлі жіті және созылмалы түрде өтетін аурулар, бірақ та ауру пайда боларда, міндетті түрде тағам арқылы бактерия, вирус, саңырауқұлақ, тоғышар, химиялық улы заттар мал денесіне өтуі қажет.

Тағамдық инвазиялар – тоғышарлардың қоздырғыштары тағам арқылы адам денесіне өтуі. Бұлар трихинеллез, цистицеркоз, описторхоз және басқа гельминтоз қоздырғыштары.

Тағамдық бактериотоксикоздар- бактериал тектес улы уыт, басқа сөзбен айтсақ сыртқы уыт (экзотоксин).

Тағамдық фитотоксикоздар (өсімдік токсикоздары)- тағы және мәдени өсімдіктердің құрамында алкалоид немесе гликозид, салониндер,фито (токсиндер) сияқты уытты заттардың әсерінен улану.

Тағамдық микотоксикоздар – саңырауқұлақтар бөлетін уытты заттардың (микотоксины) әсерінен туады.

Тағамдық зоотоксикоздар - табиғатында улы мал өнімдерімен тағамданудың әсерінен болады







1 модуль. Пәнге кіріспе.
Дәріс №1

Пәнге кіріспе. Тағам сапасы туралы түсінік.


  1. Пәнге кіріспе. Тағам сапасы туралы түсінік.

  2. Отандық және шетелдік всс даму тарихы. ВСС дамуына ғалымдардың қосқан үлесі. Адамдардың және жануарлардың денсаулығын қорғау ісіндегі мал шаруашылығы өнімдерінің всс рөлі.

Ветеринариялық-санитариялық сараптау жануарлар мен өсімдіктер тектес өнімдерді ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан бағалайтын және зерттеу әдістерін оқытатын ғылым. Ветеринариялық-санитариялық сараптаудың негізгі міндеттері: тағам, жануарлар тектес техникалық және азық өнімдері арқылы тарайтын адамдар мен жануарларды індетті және инвазиялы аурулардан сақтандыру.Ветеринариялық-санитариялық сараптау ғылым ретінде індеттанумен, паразитологиямен, микробиологиямен, патологиялық анатомиямен, гистологиямен, биологиялық химиямен және ветеринариялық санитариямен тығыз байланысты, өйткені бұл пәндерді меңгермей ветеринариялық – санитариялық сараптау бағдарламасын түсіну мүмкін емес. Пәнді меңгерген соң, студенттен ветеринария дәрігері – сарапшы қалыптасады. Ветеринариялық-санитариялық сараптау студентті жан-жақты кәсіптік біліммен қамтамасыз ете отырып, әлеуметтік маңызы жоғары, ветеринариялық тұрғыдан тек қана таза және қауіпсіз өнімді шығаруға құқық береді.

Адамдар мен жануарлар арасында індетті және инвазиялы ауруларды таратуға жол бермей, қаншама адамның денсаулығын сақтап, өмірін ұзартқан ветеринариялық - санитариялық дәрігер – сарапшының практикалық қызыметі нәтижесінің экономикалық тиімділігін анықтау мүмкін емес. Сондықтан болар, ветеринария магистрі С.С.Евсеенконың «Медицина адамдарды қорғайды, ал ветеринария адамзатты қорғайды» деген қанатты сөзі ветеринария мамандығының маңызы өте жоғары екендігін білдіреді. Ветеринариялық-санитариялық сарапшылар тағам базарларындағы мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық зертханаларда, мал сою, ет өңдейтін кәсіпорындарында (ет комбинаттары, құс фабрикалары қасапханалар, құс сою пункттері, шұжық және консерві заводтары) жануарлар ауруларына қарсы күресетін мекемелерде, ветеринариялық зертханаларда, шекара және көлік ветеринария пункттерінде, сүт, ара, балық зауыттарында, ғылыми-зерттеу институттарында, тағам өнімдерін сертификаттайтын зертханаларда және басқа да мекемелерде жұмыс атқара алады.Ветеринариялық-санитариялық сараптаудың негізгі бөлімдеріне малдарды сою гигиенасы және оның өнімдерін өңдеу; ұша мен ағзаларды сойғаннан кейінгі сараптау; жануарлар мен өсімдіктер тектес өнімдерді зертханаларда зерттеу әдістері; ет, сүт, балық және оның өнімдерін ветеринариялық-санитариялық бағалау; шартты түрде жарамды және тағамға жарамсыз өнімдерді залалсыздандыру әдістері мен әдістемеліктері; жабайы жануарлардың өнімдерін сараптамадан өткізу енгізілген. Оған қоса, жануарларды союға дайындау және сою, жануарлар мен өсімдіктер тектес өнімдерді сату, сояр алдындағы дайындық, союға айдап апару, малды және өнімдерді тасымалдау, ет, сүт, тауық жұмыртқасы, тері, жүн, былғары өнімдерді өңдеу және сақтау кезеңдерінде және тағы басқа жануарлар мен өсімдіктер тектес өнімдерді ветеринариялық-санитариялық сараптау мәселелері оқылады. Ветеринариялық-санитариялық сараптау пәнін оқыту барысында тасымалдаудың барлық көліктердегі санитариялық талаптары, импорт және экспорттаудағы жануарлар мен өнімдерді ветеринариялық - санитариялық бақылау, шикізат пен өнімдерді дайындайтын, сақтайтын, өңдейтін кәсіпорындарда балық, ара шаруашылықтарында ветеринариялық-санитариялық ережелердің сақталуы қарастырылады.

Жаппай зақымдайтын қаруды қолдану кезінде ветеринариялық-санитариялық сараптаудың негізгі ерекшеліктеріне зақымдау көзін анықтау ; жануарлардың терісін ветеринариялық өңдеу; зақымдалған өнімдерде радиоактивті, залалды химиялық заттар және қатерлі инфекциялы аурулардың қоздырғыштарын анықтайтын арнайы дозиметриялық аспаптарды зертханаларда қолдана білу жатқызылады. Қазіргі таңда ірі ет және сүт кәсіпорындары азайып, шаруа қожалықтары, акционерлік қоғамдар т.б. ауыл шаруашылығы нысандары пайда болған кезеңде өнімдерді ветеринариялық-санитариялық сараптау мәселелері өзгеше сипат алуда. Ет, сүт, шұжық, консерві өндірістерінде әртүрлі бактериалды препараттар қосып дайындайтын жаңа технологиялар енгізілуде. Жаңа өнімдер пайда болуда, оның үстіне шет елден келетін өімдердердің саны да күннен күнге артуда.Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының Ветеринария туралы заңына сәйкес ветеринария қызметкерлері ауыл шаруашылығы малдарын аурулардан және адамдарды жануарлар мен адамдарға ортақ зооантропоноздардан, адамдарды ветеринариялық – санитариялық тұрғыдан қауіпті ауыл шаруашылығы өнімдерінен болған тағамдық уланулардан қорғау бағытында, ауыл шаруашылығы өнімдерін әлемдік тағам рыногына интеграциялау мақсатында жоғары деңгейде ветеринариялық – санитариялық сараптау мен бағалау іске асырады және арнайы шараларды ұйымдастырады. Бұл шаралардың басты мақсаты жануарлар мен өсімдіктер тектес өнімдерді ветеринариялық – санитариялық сараптау және сертификаттау кезіндегі өнім сапасы мен қауіпсіздігін бағалаудың әдістері мен ережелерін бірыңғайландыру жүйесін құру және «Фитосанитария және санитария шаралары жөніндегі келісім» СФК ӘСҰ және АТҰ стандартына (Әлемдік тағам ұйымы) сәйкестендіру.

Ветеринариялық – санитариялық сараптау ілімінің қысқаша даму тарихы

Қазақстандағы ветеринариялық – санитариялық сараптау ілімі тарихының бастапқы кезеңі Ресей империясымен тығыз байланыста болды. Ветеринариялық – санитариялық тексеру жайлы алғашқы деректер1649-1682 жылдары пайда болды.

Қазақстанда ветеринария саласының дамуы әсіресе соғыстан кейінгі жылдары жылдамдай түседі. Облыстық, аудандық малдәрігерлік лабораториялар құрылады. Қазақстанда малдәрігерлік лабораториялардың қызметін ұйымдастыруда ғалымдар: У. Б. Базанов, Т.И. Исенгулов, С.А. Аманжолов, А.Р. Абишев, Н.Ж. Жанузақов, академик З.К.Көжебеков және т.б. үлкен үлес қосты.

Ветеринариялық – санитариялық сараптаудың лабораториялық зерттеу әдістемеліктерін шығаруда Н.Ф.Шуклин, Т.М.Тілеуғали, С.Қ. Қырықбаев, Ж.Б. Мырзабеков және т.б көптеген ғалымдар өз үлестерін қосты. Елімізде ет өнеркәсібінің дамып өсуіне байланысты, құрамында ветеринариялық-санитариялық зертханасы бар Бүкіл Одақтық Ет өнеркәсібі Ғылыми-зерттеу иституты (БОЕӨҒЗИ) ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасында жоғарыда келтірілген ветеринариялық-санитариялық сараптаудың ірге тасын қалаушылармен қатар, оның дамуына, Н.Ф. Шуклин Т.М.Тілеуғали, С.Қ. Қырықбаев, Ж.Б. Мырзабеков, С.Т. Дюсембаев, Н.Б. Сарсембаева, Б.С.Майқанов, П.Ш. Пірімқұлов және олардың көптеген шәкірттері үлкен үлес қосты. Олардың ғылыми тұжырымдамалары мемлекеттік стандарттарға, ережелерге, ұсыныстарға және әдістемелік нұсқаулықтарға енгізілді.




ӘДЕБИЕТТЕР

1. Дюсембаев С.Т. Ветеринариялық - санитариялық сараптау. Алматы 2013ж, б.6-9.

2. Нұрғалиев Б.Е. Мал және құс өнімдерін ветеринариялық - санитариялық сараптау. Алматы 2011 ж, б.3-6.

3.Макаров В. А. «Ветеринарно-санитарная экспертиза с основами технологии переработки продуктов животноводства». Москва, 1991 г.с. 4-24.


2 модуль. Сойыс өнімдерін ветеринариялық - санитариялық тексеру әдістері және оны ұйымдастыру.
Дәріс №2

Лимфа жүйелерін зерттеудің ветеринариялық - санитариялық сараптау үшін маңызы.

Жоспар:

  1. Етті ветеринариялық - санитариялық сараптаудағы лимфа жүйесінің маңызы

  2. Лимфа түйіндерінің топографиясы

  3. Әртүрлі малдардағы лимфа түйіндерінің орналасу ерекшеліктері


Лимфа түйіндерінің топографиясы.
Әр түрлі сойыс малдарының көптеген лимфа түйіндерінің орналасуы көбіне бірдей болып келеді.

Ірі қара малында және қойларда лимфа түйіндерінің орналасуы бірдей. Олар бұршақ тәрізді, сопақ-ұзынша және домалақ пішінді, әдетте май ұлпасымен қоршалған және тіліп қарағанда сұр немесе сарғыш сұр түсті (май ақ немесе сары).

Ешкілерде олардың орналасуы бірдей, бірақ көбінің пішіні жарты ай тәрізді.

Шошқалардың ірі лимфа түйіндерінің беткейлері айқын бөлшектелген немесе бұдырлы болып келеді. Жеке лимфа түйіндері май ұлпасында орналасқан әр түрлі мөлшердегі ұсақ түйіндерден тұратын қап түрінде болады (әсіресе бас және мойын аймақтарында). Тілгенде лимфа түйіндерінің түсі ақшыл қызыл немесе ақ (олар майға ұқсайды, бірақ консистенциясы тығыз болады).

Жылқылардың лимфа түйіндері басқа жануарлардікі тәрізді орналасқан, бірақ кейбір ерекшеліктері бар. Олар қаптарды құрайтын түйіндер тобынан тұрады (20-40 және одан да көп). Олардың түсі бозғылт сұр.

Ішкі мүшелердің лимфа түйіндері (өкпе, бауыр, ішек) пигменттердің болуына байланысты (гемосидерин, меланин т.б.) тілгенде көбіне қощқыл түсті болып келеді. Малдардың басы және ұшасының барлық лимфа түйіндері жұп (оң және сол) болады.


Ветеринариялық – санитариялық қызметтегі ауыл шаруашылық және кәсіби жабайы жануарлардың лимфа жүйесі
Ветеринариялық санитариялық эксперттер үшін малдардың лимфа жүйесін мұқият білу маңызды болып саналады, себебі ол сойғаннан кейінгі диагностикада және ұшалар мен мүшелерді санитариялық бағалауда негізгі орын алады. Лимфа жүйесі тамыр және ретикулоэндотелийальді жүйенің бір бөлігі болып, организмді лимфада болатын бөгде заттар мен микробтардан тазартады. Сонымен қатар, ол метастаздар, инфекцияның қоздырғыштары, алғашқы сепсис және паразиттердің балаңқұрттары үшін транзитті жол болып келеді. Сол себепті, ол организмдегі патологиялық үрдістермен тығыз байланыста болып, лимфа түйіндерінде спецификалық реакцияларды туғызады. Сондықтан ұша мен мүшелерді сойғаннан кейінгі зерттеуде лимфа түйіндерін тексеруге үлкен диагностикалық мән беріледі, себебі ол ұлпа мен мүшелердің жағдайының нәтижесін ғана емес, сондай-ақ жалпы организмнің жағдайының көрсеткіші болып табылады.
Ірі қара және шошқа бастарындағы лимфа түйіндерінің топографиясы
Жақ асты лимфа түйіні – In. mandibularis – жұп, сопақ немесе домалақ пішінді, ұзындығы 2,0-4,5 см, жақ асты сілекей безі мен төменгі жақ сүйегінің ішкі беткейінің аралығында орналасқан. Лимфаны бастың төменгі және жақ бөлігінің терісінен, тістерден, ауыз және мұрын қуысының алдыңғы бөлігінің қабырғаларынан, тілден, үстіңгі және төменгі еріндерден, беттен, сілекей бездерінен жинайды.

Құлақ маңы лимфа түйіні - In. parotideus – жұп, сопақ пішінді, ұзындығы 6-9 см, жақ буынынан төмен орналасқан, алдыңғы бөлігі терімен, ал артқы бөлігі – құлақ маңы сілекей безімен жабылған. Лимфаны бас терісінен және бұлшық етінен, үстіңгі және астыңғы жақтан, көзден, сыртқы құлақтан және бас сүйектен, мұрын қуысының алдыңғы бөлігінің қабырғасынан, үстіңгі және астыңғы еріннен, тістің қызыл иегінен және молярларынан жинайды.

Жұтқыншақ лимфа түйіні (ортаңғы) - In. retropharingeus medialis – жұп, сопақ пішінді, ұзындығы 3-6 см, жұтқыншақ пен бас сүйегінің негізіндегі бас бүгілдіргіштерінің аралығында орналасқан. Лимфаны ауыз қуысының және жұтқыншақ қабырғасынан, тілдің түбінен және терең бөлігінен, мұрын қуысының артқы бөлігінің қабырғасынан, жұтқыншақ бездерінен (миндалиндер), төменгі жақтан, тіл асты және жақ асты сілекей бездерінен, көмейден жинайды.

Бүйір жұтқыншақ лимфа түйіні - In. retropharingeus lateralis – жұп, ұзындығы 4-5 см, атлант қанатының алдында орналасқан және жартылай немесе түгелдей құлақ маңы сілекей безінің артқы бөлігімен жабылған. Лимфаны бас бөліктерінен (тіл, құлақ, ми), жұтқыншақ қабырғасынан, алдыңғы үш мойын омыртқаларынан және оларға бекінген бұлшық еттерден және қалқанша бездің мойын бөлігінен жинайды. Лимфаны бастың барлық лимфа түйіндерінен қабылдап, оны кеңірдектік лимфа өзегіне жібереді. Басты 3-4-ші кеңірдек сақинасының деңгейінде алғанда бұл лимфа түйіні баста қалады, ал алғашқы екі сақина деңгейінде алынса – ұшаның мойын бөлігінде қалады.

Мойынның беткі лимфа түйіні - In. cervicalis superficialis – жұп, ұзынша пішінді, ұзындығы 7-9 см. Жауырын-иық буынының алдындағы жағында және жоғарырақ орналасқан. Лимфаны мойын, шоқтың, арқа, кеуде қабырғасының (8-10-шы қабырғаға дейін) және кеуденің төменгі беткейінің бұлшық еттерінен және теріден, сонымен қатар алдыңғы аяқтардың терісінен, бұлшық еттерінен, буындарынан және сүйектерінен жинайды. Оң жақтағы лимфа түйіні лимфаны оң жақ кеңірдектік өзекке, ал сол жақтағы лимфа түйіні көбіне кеуделік өзекке береді.

Мойынның тереңдегі лимфа түйіні - Inn. cervicalis profundae – алдыңғы, ортаңғы және артқы болып бөлінеді. Мойында кеңірдектің екі жақ жандарында көлденеңінен орналасады: алдыңғы – қалқанша безінің маңында, ортаңғы – кеңірдектің ортаңғы бөлігінде, артқы – мойынның төменгі бөлігінде, алғашқы қабырғалардың жанында орналасады. Бұл түйіндердің ұзындығы 0,3-2 см, лимфаны мойын омыртқаларынан, мойынның терең бұлшық еттерінен, өңеш пен кеңірдектен, ал алдыңғылар сонымен қатар жұтқыншақ аймағынан, сілекей және қалқанша бездерінен жинайды. Олардың шығаратын тамырлары – кеңірдектік лимфа өзектерімен бірігеді. Кеңірдек пен өңешті алғанда бұл түйіндер әдетте бұзылады немесе қанмен ластанады және оларды табуға қиынға түседі.
Шошқа басының лимфа түйіндері
Шошқалардың басында жақ асты, құлақ маңы, жұтқыншақ лимфа түйіндері бар, олардың анатомо-топографиялық шекаралары ірі қара малының шекараларымен бірдей.

Ерекшеліктері: жақ асты лимфа түйіндері жеке бөліктерге бөлінген ( негізгі және қосалқы), ал құлақ маңы және жұтқыншақ лимфа түйіндері кейде екіге бөлінген болады; жұтқыншақ медиальді лимфа түйіндері көлемі өте кішкентай болғандықтан зерттеу өте қиын, бірақ олар қандайда бір патологиялық үрдіске жауап беру кезінде тез ұлғаяды.

Мойынның беткі лимфа түйіндері- үш топтан тұрады: дорсальді, ортаңғы және вентральді.

Мойынның дорсальді беткі лимфа түйіндері- басқа малдардың беткі мойын лимфа түйіндерімен сәйкес келеді және бір ірі, сопақ пішінді (4,5 см дейін) және 1-2 үлкен емес түйіндерден тұрады.

Мойынның вентральді беткі лимфа түйіндері- кеуде сүйек бағытымен күре тамыр сайында жатады, құлақ маңы сілекей безіне дейін, 3-8 түйіннен тұратын тізбекті құрайды.

Ортаңғы топ- 1-3 үлкен емес түйіндерден тұрады, дорсальді және вентральді түйіндердің ортасында орналасады.

Мойынның тереңдегі лимфа түйіндері- ірі қаранікіндей кеңірдектің екі жағында орналасқан және краниальді, ортаңғы және каудальді болып бөлінеді. Краниальді және ортаңғы топтар 2-3 (5-7 дейін) үлкен емес түйіндерден тұрады, ал каудальді топ- бір ірі түйіннен немесе ұсақ конгломераттардан ( 14 түйіншектерге дейін). Каудальді түйін кеңірдекке вентральді, кеуде қуысына кіреберісте орналасады.
Жылқы, қой, енеке (буйвол), түйе малдарының басындағы лимфа түйіндерінің топографиясы.
Жылқылардың лимфа түйіндері ірі қара лимфа түйіндерімен бірдей жерлерде (анатомо-топографиялық шекарасы) орналасады және бірдей қызметтерді атқарады. Бірақ жылқыларда лимфа бір лимфа түйініне емес, қап ретінде орналасқан үлкен емес лимфа түйіндерінің топтарына (8-10 және одан көп) жиналады (борпылдақ дәнекер ұлпасының қабатында).

Жақ асты лимфа түйіндері- жақ асты кеңістікте, терінің және тері бұлшық етінің астында, төменгі жақтың бұтағының ішкі бетінде орналасады ( қапта 35-75 түйіндер болады, әр жақта).

Тіл асты лимфа түйіндері- жақ аралық кеңістікте, төменгі жақтың бұтақтану бұрышына жақын жерде орналасады.

Құлақ маңы лимфа түйіндері- қапта 6-10 түйіннен болады, жоғарғы жақтың қырының артында, жақ буынынан төмен жатады; құлақ маңы сілекей безімен жабылған.

Жұтқыншақ лимфа түйіндері- екі топтан тұрады: медиальді және латериальді. Медиальді топ жұтқыншақтың жоғарғы қабырғасында орналасқан, ал латеральді топ ауа қапшығының бір жақ бетінде орналасады. Бастың барлық лимфа түйіндерінен лимфа беткі мойын лимфа түйіндеріне келеді.

Терең мойын лимфа түйіндері- краниальді, ортанғы, каудальді топтар түрінде болады, орналасуы ірі қаранікіндей. Шығарғыш өзектері кеңірдек лимфа бағаналарымен бірігеді.

Беткі мойын лимфа түйіндері- иық буынының алдында ( қапта 60-180 түйін), иық бұлшық етінің астында орналасады. Лимфаны бастың артқы бөлігінің, мойынның, алдыңғы аяқтардың терісі мен бұлшық етінен және тұлғаның кеуде бөлігінен жинайды. Лимфа кеңірдектің лимфа өзегіне барады.
Қойлардың лимфа түйіндерінің ерекшеліктері
Қойлардың лимфа түйіндерінің топографиясы ірі қаранікімен бірдей. Лимфа түйіндерінің көп мөлшері тақ, бұршақ пішіндес, бірақ кейбіреулері 2-3 және одан да көп үлкен емес түйіндерден тұратын қап ретінде болады. Ерекшеліктері келесідей: қойларда зерттеуге болатын түйіндерінің саны 130-дан көп емес. Бас және мойын аймағында аса маңызды және ірі болып ортаңғы жұтқыншақ лимфа түйіндері (3 см дейін) және беткі мойын лимфа түйіндері (4,5 см дейін) табылады. Терең мойын лимфа түйіндерінен тек каудальді түйін ғана тұрақты. Перде аралық түйіндерден зерттеу барысында вентральді, ортаңғы және дорсальді түйіндер табылмайды, ал каудальді түйіннің (6,0-9,0 см) зерттеу кезінде маңызы бар. Қойларда әсіресе шажырқай лимфа түйіндерінің топтарының саны көп.

Түйелердің лимфа түйіндерінің ерекшеліктері
Түйелердің лимфа түйіндерінің анатомиялық құрылысы ірі қара лимфа түйіндерімен және аздап жылқылардың лимфа түйіндерімен бірдей ( кейбіреулері бөлшектенген және олар қап ретінде болады). Сойған кезде түйелерде жақ жұтқыншақ және бірінші қабырға лимфа түйіндері табылмайды. Тізе қатпарының лимфа түйіндері ірі (10 х 6 см) болып табылады, ал ортаңғы және артқы аралық перде лимфа түйіндері ұзындығы 30 см дейін, ені 2 см дейін бір түйінге біріккен.
Ірі қара және шошқа ұшаларындағы лимфа түйіндерінің топографиясы
Ірі қараның қанат асты лимфа түйіні - In. axillaris propria – жұп, ұзындығы 2,0-3,5 см, 3-ші қабырғаның деңгейінде жауырын-иық буыны мен кеуде қуысының қабырғасы аралығында орналасқан (сонымен қатар оны жауырын асты лимфа түйіні деп атайды). Лимфаны иықтың және алдыңғы аяқтардың бұлшық еттерінен, сүйектерінен, буындарынан және терілерінен жинайды. Лимфаны 1-ші қабырғаның подкрыльцовый лимфа түйініне береді.

1-ші қабырғаның қанат асты лимфа түйіндері – Inn. axillares primae costae – олардың саны 1-ден 3-ке дейін болады, әрқайсысының ұзындығы 0,75-1,5 см, жауырын мен кеуде қуысының қабырғасы аралығында (1-ші қабырға деңгейінде) орналасады. Лимфаны кеуде бұлшық еттерінен және иық белдеуімен алдыңғы тізелерден жинайды. Шығаратын тамырлары кеңірдектік өзекпен бірігеді.

Қабырға-мойын лимфа түйіні - In. costocervicalis – жұп, ұзындығы 1,5-3,0 см, 1-ші қабырғаның алдыңғы жағында және медиальді, өңеш пен кеңірдектің жанында орналасқан. Лимфаны мойынның артқы бөлігінің терең бұлшық еттерінен (4-7-ші омыртқалар аумағынан), қабырға плеврасынан (1-4-ші қабырғалар аумағынан), жауырын және иық белдеуінің бұлшық еттерінен жинайды. Шығаратын тамырлары жалпы кеуделік өзекпен бірігеді.

Шошқаның жамбас лимфа түйіндері- саны 1-2, аортаның ішкі мықын артерияларына бөлінетін жерінің артында орналасады. Лимфаны құрсақ қабырғасының артқы бөлігінен, бел, жамбас және құйрық омыртқаларының бұлшық еттерінен жинайды.

Тізе асты лимфа түйіндері- беткі және терең болып бөлінеді. Тізе буынының артында, жоғары, санның екі басты бұлшық еті мен жартылай сіңір бұлшық етінің аралығында, май ұлпасында орналасады. Беткі лимфа түйіндері шошқаларда болмауы да мүмкін.

Тізе қатпарының лимфа түйіндері- сыртқы мықын төмпегі мен тізе буының аралығында, санның төрт басты бұлшық етінің алдында, май қатпарында орналасады (2-5 үлкен емес түйіндер). Лимфаны құрсақ қабырғасының бұлшық етінен және терісінен, арқадан, сауырдан, бөксе бұлшық етінен жинайды; оның тамырлары ортаң жіліктің жоғарғы бөлігіне дейін жайылған.

Беткі шап лимфа түйіндері- аталықтарда жыныс мүшесінің бір жағында, шап сақинасының алдында орналасады; аналықтарда емшектердің бір жақ шеттерінде май қабатында қап ретінде орналасады (кейде олар емшектердің жанында болады).

Бұл қаптар 5-8 үлкен емес түйіндерден тұрады. Лимфаны құрсақ қабырғасының жанындағы және төменгі бетінен, сүт бездерінен, ұшадан жамбас белдеуінің беткі және терең қабаттарынан жинайды.

Терең шап лимфа түйіндері- бірнеше түйіншектер түрінде (қап) жамбасқа кіреберістің бір жағында, ортан жілік каналының қасында, санның терең артериясынан жоғары орналасады. Лимфаны сауырдың және артқы аяқтардың бұлшық еттерінен, жамбас қуысының мүшелерінен және артқы аяқтардың лимфа түйіндерінен жинайды.

Портальді лимфа түйіндері, асқазан, шажырқай лимфа түйіндері және тік ішек лимфа түйіндері- ірі қараның лимфа түйіндерімен бірдей жерде орналасқан және бірдей қызмет атқарады.

Шошқадағы бірінші қабырғаның қанат асты лимфа түйіндері- 1-5 ұсақ түйіннен тұрады, бірінші қабырғаның кеуде сүйегімен қосылған жерінде, каудальді мойынның тереңдегі лимфа түйіндері жақын орналасқан.

Қанат асты лимфа түйіндері шошқаларда әдетте болмайды, ал олардың қызметін негізінде каудальді мойынның тереңдегі лимфа түйіндері атқарады.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет