ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені «Мұғалімнің психологиялық-педагогикалық құзіреттілік диагностикасы» 5В010300-«Педагогика және психология»


Тақырыбы: Психологиялық-педагогикалық құзіреттілік мәселелерін зерттеу тарихы



бет3/5
Дата23.08.2017
өлшемі0,93 Mb.
#24853
1   2   3   4   5

Тақырыбы: Психологиялық-педагогикалық құзіреттілік мәселелерін зерттеу тарихы

Мақсаты: Құзіреттілік түсінігінің зерттелу тарихы жөнніде білім бере тырып, диагностикалық жұмыстардың ұйымдастырылуы жөнінде іскерліктерін қалыптастыру.

Жоспары: Психологиялық-педагогикалық диагностиканың мәні, маңызы. Жалпы орта білім берудегі мұғалім жұмысын диагностикалау субъектілері. Диагностикалауды ұйымдастыру шарттары.

Педагогикалық диагностика ұғымының мағынасын кең көлемде алатын болсақ, бұл оқу және таным процестерін бақылау, білім беру, оқыту-тәрбиелеу үрдісіндегі туындаған сұрақтар бойынша кеңес беру үшін диагностикалық міндеттерді қамтиды.



Педагогикалық диагностика өзекті педагогикалық шешімдерді қабылдауға ықпал ететін танымдық шаралар жиынтығы. Сонымен қатар, педагогикалық диагностика көмегімен оқу үрдісі және оқыту нәтижелеріне талдау жасалады. Педагогикалық диагностиканың ғылыми-зерттеулерден айырмашылығы – мұнде жеке оқушыға немесе оқушылар тобына қатысты өзекті педагогикалық шешімдердің қабылдануында.

Педагогикалық диагностика соңғы онжылдықта іс-әрекет обьектісі және мұғалімді басқару ұстанымын қарастырылып келеді. Қазіргі педагогика ғылымында мұғалімнің іс-әрекет обьектісі педагогикалық процес деп мойындалған. Соған орай мүғалімнің жұмыс тиімділігі оның іс-әрекет обьектісі ретіндегі біртұтас педагогикалық процесс теориясын қаншама білуіне және диагностикалау дағдысын меңгеруіне тікелей байланысты. Сонымен педагогикалық диагностикаға мына төмендегідей анықтама беруге болады: "сипаттама үшін аса қажет білім мен іс-әрекеттің жиынтығы және педагогикалық процесс жағдайы себеп-салдарын анықтау, мақсаттар арасындағы қарама-қайшылықты және "педагог-оқушы" жүйесінің мүмкіндіктерін айқындау"

Мұғалімге ақпараттың үш түрі аса қажет:

1.Бастапқы ақпарат, ол окушылар туралы алғашқы мәліметті алуға көмектеседі. Бастапқы ақпарат жеткілікті ұзақ мерзім бөлігінде (1-3 жыл және одан да көп) қалыптасады және жеткілікті ұзақ мерзімді әрекеттегі (сынып оқушының мәртебелік ережесі, оқушылардың білім, білік, дағды сапалары) педагогикалық процестің тенденциясын көрсетеді.

2.Тактикалық ақпарат, ол оқушылармен жүргізілетін жұмыс формаларын (жекелеген шаралар өткізу) дұрыс құрастыруға жәрдемдеседі. Тактикалық ақпарат мұғалімнің нақты бір кезеңді өткізу кезіндегі (сабақта жұп және топ құрамы, мектеп спектаклін әзірлеуде рөлдерді бөлу, т.б.) педагогикалық процестің кейбір мәселелерін оңтайлы шешу мүмкіндіктерін көрсетеді.

З.Жедел (ағымдағы) ақпарат, ол алдыңғы екі түрді толықтыруға, педагогикалық процесс жағдайы туралы нақтылы мәлімет алуға жол ашады. Ақпараттың бұл түрі қысқа мерзім бөлігінде (күн, апта) толығып отырады. Дегенмен оның мәні тез жойылады (оқушының сабақтан қалу себебін жою, материалды түсінбей қалған жағдайда көмек көрсету, т.б.).

Осылайша, педагогикалық процестің диагностикасы оқыту теориясы мен практикасында педагогикалық процесті басқарудың қәзіргі деңгейінің негізі ретінде қарастырылады. Сондықтан, қазіргі мұғалімнің жетекші міндеттерінің бірі педагогикалық процесті диагностикалау болып табылады, ол үшін ақпараттың негізгі түрлерін (бастапқы, тактикалық, жедел) білу қажет. Педагогикалық процестің барысы, жағдайы, нәтижесі туралы жеткілікті ақпарат жинау үшін негізгі сипаттамаларды және олардың көрсеткіштерін білу керек. Педагогикалық зерттеу әдістерін кешенді қолдану диагностикалық мәліметтердің толықтығын және дәлелдігін қамтамасыз етеді. Диагностикалық мәліметтер педагогикалык процесті басқаруға мезгілінде түзету енгізуге, педагогикалық процесті басқарудың алдағы жоспарын сапалы етуге жол ашады.

Диагностикалық зерттеудің міндеттері

Дамудың деңгейін анықтау.

Бұл міндетті оқушыларды белгілі бір бағытта экспериментальды зерттеу жүргізу арқылы шешеміз. Мысалы: ақыл-ойдың даму деңгейін анықтау үшін ақыл-ой көрсеткіштерін анықтап, оларға зерттеу жүргіземіз (яғни есте сақтауы, қиял, ақыл-ой қабілеттері және т.б.).

Белгілі әсердің ықпалынан оқушылардың даму деңгейіндегі өзгерістерге талдау жасау. Бұл үшін мүмкін болатын өзгерістердің пайда болу жолын және оны анықтаудың әдістерін білуіміз керек. Диагностикалық әдістерді қолдана отырып өзгерістерді анықтау үшін срез өткіземіз және алынған берілулер негізінде қолданылған оқыту және тәрбиелік ықпалдың практикалық нәтижелілігін анықтай аламыз. Осыдан педагогикалық қорытынды жасап, келесі жасалатын әрекетті жоспарлаймыз.

Психикалық дамудың мүмкін болатын деңгейін анықтау. Бұл болжамдық қызмет болып табылады. Жеке тұлға дамуының нәтижелері дамуды ары қарай жетілдіруге негіз бола алады. «Жақын арадағы даму аймағы. Л.С.Выготский бойынша».

Психологиялық зерттеу жүргізу барысында мұғалім белгілі бір педагогикалық міндетті шешу үшін бір ғана әдістеме мен шектелмейді, ал оқушылардың жекелей және жас ерекшеліктерін ескере отырып, әдістемелердің бір жүйесін іріктейді. Бұл жүйедегі әдістемелер табиғи сипатта, яғни дәстүрлі оқыту немесе тәрбиелік құрал ретінде болуы керек. Неғұрлым шынайы нәтижелерге қол жеткізу үшін бұл әдістемелер және тәсілдер зерттелінуші обьектінің барлық жақтарын қамти отырып, бір-бірімен байланыста болуы керек.



Диагностикалық зерттеудің негізгі атқаратын қызметі

Тәрбиелік.

Бақылау-түзету.

Болжам жасау.



Диагностикалық жұмысты жүргізуге қойылатын талаптар

Зерттеу әр бір оқушының психикалық даму ерекшеліктерін анықтауға бағытталу керек.

Психикалық даму диагностикасының нәтижелері қандай-да бір нормамен салыстырылмайды, ал сол оқушының алдыңғы диагностикалық жұмыстың нәтижесімен сәйкестендірілуі қажет. Бұл дамудағы өзгерістердің сипатын анықтауға мүмкіндік береді.

Әр бір оқушының психикалық даму үрдісін зерттеу оқудың барлық жылдарында жүргізіліп отыру қажет. Мектеп жасында баланың психикалық дамуында және мінез-құлқында көптеген өзгерістер болады.

Диагностика жекелей ерекшеліктердің өзекті (қазіргі) даму деңгейін ғана емес, ал «дамудың жақын аймағын ескере отырып» жүргізілу керек (яғни әрекет барысында ересектер мен бірлесе отырып қол жететін дамуы).

Дамудың деңгейі баланың іс-әрекетінің мазмұнды сипаттамасы болу керек, ал даму үрдісі осы іс-әрекеттің даму кезеңдерінің сапалы өзгерістері ретінде қарастырылады.

Оқушыларды және оқушылар ұжымын зерттеу белгілі педагогикалық міндеттерді шешуге бағытталуы керек.

Келесі талап педагогикалық оптимизмге байланысты. Адамның кемшіліктерін түзету үшін оның жақсы жақтарын анықтап, соларға сүйенуіміз керек.

Оқыту және тәрбие тұтас жүретін үрдіс болғандықтан, оқушыларды психологиялық зерттеуге де кешенді немесе комплексті болу талабы.

Жекелей ерекшеліктерді зерттеуде баланың жас ерекшеліктері ескерілуі тиіс, яғни экспериментальды тапсырмалар әр бір топ балаларына қол жетерліктей деңгейде болуы керек.

Психикалық дамуды зерттеу оқу-тәрбие үрдісінің табиғи жағдайында жүргізілуі керек. Қолданылатын негізгі әдістемелер оқу-тәрбиелік құрал ретінде болу керек.

Диагностика барлық оқушыларды қамту керек және әр бір психикалық даму параметрлері бойынша жоспарланған диагностикалық срез арқылы жүйелі жүргізілуі керек.


Тақырыбы: Психологиялық-педагогикалық құзіреттіліктің құрылымы және мазмұны

Мақсаты: Құзіреттіліктің құрылымы жөнінде білім беру.

Жоспары: Құзіреттіліктің құрылымдары. Арнайы кәсіби құзіреттілік түрлері.

Психологиялық-педагогикалық құзіреттілікті мазмұны


Арнайы кәсіби құзіреттіліктерді меңгеруі тиіс:

^ Педагогикалық (білімдік) құзіреттілік байланысты:

-оқыту, тәрбиелеу, жаттықтыру, сауықтыру әдістері және тәсілдерімен;

- іргелі кәсіби білімідермен, біліктілік және дағдылармен, педагогикалық шеберлікпен, педагогикалық қатынас пен жетекшілік жасау стилімен;

- сөйлеу мәдениетімен, оқытудың ұйымдастыру әдістерімен, оқыту мен тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерімен, оқытудың инновациялық технологияларымен;

- биологиялық, психологиялық, теориялық және әдістемелік білімдерді мұғалім мен жаттықтырушының кәсіби қызметіне жинақтай білу біліктілігімен.

- гностикалық бағыт дене рекреациясы мен қайта қалпына келтірудің тиімділігін арттыру тәсілдері мен түрлері туралы өзіндік білімдерін, оның дене шынықтыру-рекреациялық қызметтерге әсерін байытуды көздейді.

-педагогикалық қызметтің коммуникативті бағыты тәлім алушы мұғалім мен жаттықтырушы арасында жан-жақты өзара қатынастардың орнығуынан тұрады.


^ Биологиялық құзіреттіліктің шарттары:

- түрлі қарқынды, биоэнергетикалық бағыттағы дене жүктемелерін, базалық және таңдаған спорт түрлері бойынша ағза жүйесіне әсерін бағалаумен байланысты арнайы білім, білік және дағдыларды меңгеруі;

- бакалаврдың сабақта және жаттығу сабақтарында шұғылданушының ағзасындағы физиологиялық жағдайын бағалау қабілеті;

- ағзаның қызметі, оның жеке бейімделу мүмкіндіктері мен дене жүктемелерінің ағзалардың жүйесіне реакциясын ескеру арқылы (асыра жаттығу салдарынан ағза жүйесінің қызметін бұзбау жағдайын қалыптастырмас үшін және шұғылданушының мүгедектігіне немесе өліміне жол бермеу үшін) оның қорлары туралы білімдер негізінде ағзаның жаттығуын басқару қабілеті.


^ Психологиялық құзіреттілігі:

психологиялық жағдайдың сипатына лайықты тәлім алушыға психологиялық әсер ету әдістерін таңдау біліктілігі;

жеке тұлғаның даму заңдылықтарын, шығармашылық әрекетін дамытуды, жеке тұлғаның өзін-өзі тани білуін, оқу қызметінің мотивациялық әдістерін, адамгершілікті мінез-құлықты, тәлім алушының өзін дамыту жолдарын білуі;

тәлім алушыға оқу және спорттық жетістіктер жағдайын жасай білу;

педагогикалық өзара әсер ету, жағымды психологиялық микроклимат қалыптастыра білу қабілеті.

Қазіргі жағдайда нарықтық қатынастың дамуы және бәсекелесуде кез келген мамандықтарда субьект-обьекттік әрекеттесуде адами фактордың рөлі және субьект-субьекттік кәсіби қарым-қатынасы күшейе бастады. Әсіресе соңғысының тиімділігі кәсіби мамандардың іс-әрекетінің нәтижесіне қатты әсерін тигізеді. Осы орайда бәсекелесу жағдайында тұлғаның педагог мамандығының иегері ретінде кәсіби коммуникативті құзыреттіліктің тиімді формаларын меңгеруі қазіргі таңда маңызды болып табылады. Ол педагогтардың қарым-қатынас ерекшеліктерін меңгере алу қабілеттілігі педагогикалық ұжымда үйлесімді әлеуметтік-психологиялық ахуалды қалыптастыру.

Педагогикалық қарым-қатынастағы білім беру үдерісінде субьектілерінің өзара әрекеттесуі туралы профессор С.М.Жақыпов былай деген: «Оқыту процесіндегі субьектілердің қарым-қатынасындағы мағыналардың өзгеруі біріккен іс-әрекеттің мотивтері мен мақсатының заңды құрылуына мүмкіндік береді және оларды оқыту процесінде ескеру, біріккен танымдық іс-әрекетті қалыптастыру үшін қажетті шартты жасайды». Сондықтан педагогикалық қарым-қатынастың нақтылы бірізділігі болашақ тұлғаның дамуына орасан зор ықпал етеді.

Педагогикалық әрекет – күрделі әрі көпжақты. Оның көптеген компоненттерінің ішінен үш негізгісін бөліп көрсетуге болады: мағынасы, әдістемесі және әлеуметтік-психологиялық компоненттері. Осы үш компоненттің біртұтастығы мен өзара байланысы педагогикалық жүйенің міндеттерінің толық жүзеге асуын қамтамасыз етеді. Бұл бірліктегі негізгі компонент — әлеуметтік-психологиялық, яғни педагогикалық қарым-қатынас, соның негізінде қалған екеуі жүзеге асады. Негізгі тәрбиелік өзара қатынастардың жүйесі қарым-қатынас процесінде қалыптасады, тәрбие және оқыту процесінің тиімділігіне тікелей әсер етеді. Қарым-қатынас педагогикалық әрекеттің негізгі әсер етуші құралы болып саналады.

Қарым-қатынастың жеке стилін қалыптастырудың төмендегі жүйесін тиімді деп есептейміз:

- өз тұлғалық ерекшеліктерін зерттеу;

- жеке қарым-қатынастағы кем тұстарды анықтау, ұялшақтықты жеңу жөніндегі жұмыстар;

- өзіңнің жеке ерекшеліктерің негізінде педагогикалық қарым-қатынас элементтерін игеру;

- педагогикалық қатынас технологиясын қарым-қатынастың қалыптасқан стиліне сәйкес игеру;

- педагогикалық қызметті жүзеге асыру, балалармен қарым-қатынасты – жеке стиліңді бекіту.

Адамның тұлға болып дамуы психиканың қажеттілік, белсенділік және сапаның даму жағдайы оның қажеттіліктерін қанағаттандыруына байланысты. Сонымен психология саласында қарым-қатынас тұлға дамуында көкейкесті мәселелердің бірі. Қарым-қатынас бірлескен іс-әрекеттің жемісті нәтижесі. Барлық бағыттарда сапалық жаңа құрылымдар қалыптасады. Организмнің, сана-сезімнің, үлкендермен және жолдастарымен қарым-қатынастың, олармен әлеуметтік өзара іс-әрекет әдістерінің, мүдделердің, танымдық және оқу-іс әрекетінің, мінез құлыққа, іс-әрекет пен қарым-қатынасқа арқау болатын моральдық-этикалық ноормалар мазмұнының қайта құрылуы нәтижесінде ересектік элементтері пайда болады. Қарым-қатынас процесінде индивид мотивке, мақсатқа, бағдарлмаға, қабылданған шешімге, ерекше қозғалыстарды орындауға және оларды бақылауға, жалпы өзінің серіктесінің іс-әрекетіне ықпал жасай алады.

Божович Л.И. өз тәжірибелерінен қарым-қатынасқа итермелейтін бірнеше моивтерді анықтап берді:

- Өзін-өзі сыйлау, өзін құрметтеу және өзін таныту.

- Тұлғаның өзіндік бейнесін көрсету.

- Тұлғаның дербестікке ұмтылуы

- Баланың достары мен үлкендердің қолдауын және мақұлдауын қажет етеді.

- Өз бетінше тәуелсіздікке ұмтылу.

- Қоршаған адамдардың оны шеттетіп, жалғыздық сезіміне бөленуден қорқыныш мотивы.

Әлеуметтік-психологиялық құзіреттілікті еңбекке психологиялық даярлық пен кәсіби шеберліктен айыра білген дұрыс. Әлеуметтік психологиялық құзіреттіліктің табиғаты тиісті білімдерден, ұсыныстардан және стереотиптерден тұрады. Психологиялық даярлық пен шеберлік тек білімді ғана емес, сондай-ақ әрі шеберлікті , әрі біліктілікті және басқа да компоненттерді білдіреді. Әлеуметтік- психологиялық құзіреттілік білімге тірелгенімен, ол кәсіби қызметте ешқандай тәжірибелік рөл атқармайды деуге болмайды.

Педагогикалық іс-әрекеттегі тәуелділік және оның орындау процесі кезіндегі қарым-қатынастың туу себептері, сонымен қатар қоғамдық ортадағы өмірдің тәуелділігі, пікірлесішілердің арасындағы ара-қатынастың барлығы қарым-қатынастың түрлері. Қарым-қатынастың түрлері адамның дүниеге келген күнінен бастап жас ерекшелікке қоршаған ортаның ықпалына байланысты дамиды. Тек қана басқалармен қарым-қатынас арқылы адам «басқа көзбен» өзін өзі таниды және бағалайды. Қарым-қатынас мотивы адамның өзінің және басқа адамдардың сапаларымен толықтырылады, қоршаған адамдардың әсері арқылы индивид өзін тануға және бағалауға кіріседі.

Ксіби құзыреттілік мәселесін зерттеген ғалымдардың ой-тұжырымдарын терең талдай отырып, 12 жылдық білім беру жағдайындағы педагогтың құзыреттілігін мынадай үш аспектімен бірдей кешенді сипатталады:

мәндік аспект, яғни ахуалды жете түсіну, оны ұғыну және оған деген қарым-қатынас: бұлжағдайда 12 жылдық оқытуға көшу маңызын, теориялық негізін, өткір мәселелерді ұғыну;

проблемалық-практикалық аспект: осы жағдайда педагогтың алдына мақсат, міндет нормаларын қойып және орындау жолдарын анықтауды сипаттайды;

коммуникативті аспект: бұл- педагогтың осы үрдіске, ахуалға, қатысын және өзара ықпал жасауын қамтамасыз етеді .

Қазіргі жағдайларда құзырлы қарым-қатынас дамуы оның үйлесімділігінің бірқатар ұстанымды бағыттарын қарастырады. Құзырлы қарым-қатынасқа қол жеткізу серіктестердің үш деңгейінде жүзеге асады: коммуникативті, интерактивті, перцептивті. Осыған орай, қарым-қатынастағы құзырлылықтың түрлері түрлері туралы айтуға болады. Тұлға өзін жан-жақты үйлесімді қалыптастыруға мүмкіндік беретін барлық психологиялық позицияларды игеруі қажет.

Сондықтан ұжымда үйлесімді психологиялық ахуалды қалыптастыру мен дамытуға арналған ұсыныстар жасалды:

1. Педагогикалық ұжымды қарым–қатынас туралы теориялық білімдермен машықтандыру;

2. Қарым–қатынас жасаудың жағымды жақтарына терең мән беру, қарым-қатынас қиындықтарының себептерін анықтау;

3. Бірлескен іс–әрекетті тиімді жоспарлау, үйлесімді қарым–қатынас жасау дағдысын қалыптастыру, мәдени қарым–қатынас ерекшелігін дамыту.

Қорытындылай келе, педагогикалық бірлескен іс-әрекеттегі қарым-қатынас ерекшеліктері олардың өмірінде алатын орнын, әр түрлі жас шамасындағы қарым-қатынастың маңыздылығын анықтау, соның ішінде оқу-тәрбие процесінің нәтижесі артып, тиімділігінің маңызды.


Тақырыбы: Мұғалімнің кәсіби бағдарлау жұмысының психологиялық-педагогикалық диагностикасы

Мақсаты:

Жоспары: Кәсіптік бағдарлау міндеттерін шешудегі мұғалімнің ықпалы. Кіші мектеп оқушы тұлғасының жеке ерекшеліктерін айқындау әдістемесін пайдалану. Бастауыш сынып оқушыларының әлеуметтік даму деңгейінің диагностикалық картасы. Мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің сапасын бағалау мен өзін-өзі бағалаудағы әдістемелер.
Педагогикалық сферадағы маманның кәсіби іскерлігінің жан-жақты қорытындысын Ф.Н.Гоноболин шығарды. Ол адамгершілік, идеялы-әлеуметтік, эмоционалды-ақылды тұлға деп кәсіби іскерліктің негізін ашып көрсетті. Берілген зерттеудің ерекшелігі – кәсіби түсініктердің күрделі және өзіндік спецификалылығы. Онда «педагогикалық ойлау», «педагогикалық сөйлеу», «психологиялық қабілет», «психологиялық қызығушылық». Ең алдымен, психолог жеке тұлғасының мінез-құлық қасиетінің құрылымын қарастырады. Автор кәсіби маманның жеке тұлғалық кәсібилік ерекшеліктерін атап көрсетеді:

оқушыны түсіне алу қабілеті;

педагогикалық такт;

ұйымдастырушылық қабілеті;

өзін ұстай алу қабілеті;

өз жұмысының нәтижесін белгілей және анализдей алу қабілеті.

Педагогикалық іскерлік мәселелерін шеше отырып, Н.В.Кузьмина іскерліктің психологиялық құрылымын жасады. Ол психологиялық құрылым төрт функцияны қарастырды:

диагностикалық;

құрылымдық;

ұйымдастырушылық;

жағымсыз қылықтардың тууына жағдай жасалуы.

Психолог – педагогикалық ұжымның толық құқылы маманы. Психолог өзінің жұмыс әрекетінде педагогикалық процесс жағдайына, сонымен қатар педагогикалық процесс кезіндегі оқушылардың психикалық дамуы, психологиялық жағдайына жауапты. Өз жұмысында психолог психикалық дамудың өзіндік және жасөспірімдік заңдылықтары жөніндегі білікті біліміне сүйенеді. Психикалық даму және аадмның мінез-құлқының мотиві, жеке дара тұлғаның психикалық жағдайдағы алда тұруын қарастырады.

Л.Н.Митиннің айтуынша, кәсіби маманда «профессионалды қасиеттің»

болмауынан баланың индивидуалды психологиясы босайды және керісінше, баланың индивидуалды қасиетінің дамуына, адамгрешілік сферасын дамытуға маманның бағыттылауы болады».

К.Д.Левитов зерттеулерінде маманның іскерлік, педагогикалық беделі қызметі арқылы көрінеді. Бұл психологтың оқушылармен тәрбиелік мақсатқа байланысты өзгеруі, бұл толықтай кәсіби психологтың жеке тұлғасына байланысты.

А.К.Маркова маманның жеке тұлғалық құрылымы мынадай:

- жеке тұлға мотивациясы (жеке тұлғаның бағыттылығы және түрлері);

- жеке тұлға қасиеттері (педагогикалық қабілет, мінез-құлқы, жеке тұлғаның психикалық процессі, жағдайы);

- жеке тұлғаның интервалды мінез-құлқы (педагогикалық өзіндік сана, индивидуалды стиль);

- жеке тұлғаның бағыттылық мотивациясына мотивтері.

Психологтың жеке психологиялық ерекшеліктерін анықтайтын мәселелерге қатысты шетелдік зерттеулер бойынша оған оның жоғары деңгейдегі интеллектуалдық дамуын, өзін-өзі реттеу, өзін-өзі тәртіпке келтіре білуін, табандылық, қиын жағдайларда адамдарға психологиялық көмек көрсету қабілетін, төзімділік, үлкен моральдік жүктемелерді атқаруға қабілеті мен қисынды ойлауын, іскерлігін, сергектігін, сезімталдығын жатқызады. Психологтың кәсіби біліктілігі мен интеллектуалды деңгейі ғана емес, жүйке жүйесінің ерекшелігі де үлкен роль атқарады;

сезім толғанысына ұстамдылығы;

қарым-қатынаста әртүрлі жұмысты атқаруға қабілеттілігі;

балалармен жұмыс жасау кезіндегі әсерлі шаршауды жеңе білу;

педагогикалық, психотерапевтік және т.б. жүктемелерге төзе білуі.

Психологтың тұлғалық сапалары оның психологиялық қызметінде көрінеді;

● оқушыны тұлға ретінде қабылдау, оның табысқа жететіндігіне сендіре білу және мүмкіндіктерін көре білу, әрі оны нығайтып отыру;

● психологиялық әдістемелерді баланың жас ерекшелігіне сай қолдана біліп, психологиялық көмек көрсете алуы;

● жаңа жағдайларға тез бейімделуіне психологиялық жағдай жасай алуы;

● оқушының ерік-жігерін басқара алуына, ықыласын қолдап отыра білу;

● ата-аналармен, оқушылармен, педагогтармен жүргізілетін психологиялық жұмыстардың нәтижелілігін көре білуі.

Психологтың педагогикалық қарым-қатынасы ғалымдардың зерттеулерінше үлкен тарихи құбылыс. Ол өз бастауын сонау адам дамуы, пайда болуы формациясынан алады. Содан бері ол бірігудің, ұйымдасудың, еңбек етудің, байланыс орнатудың бірден-бір құралы, басты әрекет болып табылады. А.В.Петровский мен М.Г.Ярошевскийдің айтуы бойынша, қарым-қатынас күрделі, әрі көп түрлі, көп жоспарлы процесс. Әрекет орнату мен дамудың, адамаралық қасиеттерді өтеудің негізгі құралы. Практик психологтың кәсіби шеберлігі психологтың қарым-қатынасы арқылы көрінеді. Жалпы қарым-қатынастың өзіндік сана мен коммуникацияға құрал тілге тоқтала келе адам деңгейіне тән процесс. Әрбір адамның өзіндік тұлға болып қалыптасуы белгілі бір нәрсеге әрекетінен қарым-қатынас өзіндік мазмұнды ой алуға болады. Мектеп психологы психокоррекциялық әдістемелерді жүргізу кезінде балалардың психикалық саулығына көңіл аударады. Себебі: білім беру мекемелерінде психокоррекциялық жұмыстар дамуындағы ауытқушылығы бар балалармен жұмыс істеуде адамның ішкі әлемінің барлығын бейнелейді . Психокоррекциялық әдістемелерді қолдануда баланың жас ерекшелігінің және оған қойылатын қажетті психолог баланың психикалық дамуы бұзылуы мен ауытқуларын анықтаған кезде медицина саласындағы қызметкерлермен бірге жұмыс атқаруы тиіс. Ондағы ауытқулар мен бұзылулардың негізгі себептерін медициналық құжат және ата-аналармен әңгімелесу негізінде және коррекциялық әдістемелердің нәтижесі бойынша белгілі бір тұжырым жасауға болады.

Психолог қызметіндегі кәсібилілік пен шеберліктің көрінуінің алғы шарттары:

Ата-аналардың, мұғалімдердің және тәрбиелеу процесінде қатысатын басқа да тұлғалардың баланың психикалық дамуындағы жастық және жеке ерекшеліктеріне баса көңіл бөле білуі;

Психикалық дамуы бұзылған және дұрыс жетілмеген балаларды анықтап, оларды мамандарға тіркеу жұмысы;

Психолог өз қызметінде клиентке психологиялық жағынан көмек көрсете отырып, қауіпсіз жағдай туғызуы керек, клиент өзі қалай дұрыс деп шешсе, солай іс-әрекет етуіне құқы бар. Бұл клиенттің барлық ойымен келісу дегенді білдірмейді, ол тек психологтың жеке тұлғаның ішкі әлемін түсінуге ұмтылысын, адамның іс-әрекеті мен ойларының мағынасын түсінуге талпынысын білдіреді. Сондықтан, психолог жұмысының сәттілігі жеке тұлғалық қасиеттерге сүйене отырып, адамды тұтастай түсінуге ұмтылуға байланысты.

Маманның кәсіби анықталу теориясының негізгі компоненттерін қарастырайық: фактілер, заңдылықтар, принциптер. Кәсіби анықталуда ғылыми әдістер арқылы алынған фактілер аз. Сондықтан да басты міндеттердің бірі – жаңа фактілер жинап, оларға дұрыс интерпритация беру. Кәсіби анықталудың маңызды компоненті - анықталған заңдылықтар. Оларды іздестіру ғылыми әрекеттердің жалпы мақсаты болып табылады. Заңдылықтарды танып білу – бұл ғылыми зерттеулер қабылдау үшін жасалған басты әрекеттердің бірі. Табылған заңдылықтар әдетте түсінілген аппарат пен ғылымның спецификалық тілімен айқындалады. Олар үлкен нақтылықпен ерекшеленеді. Кәсіби анықталу басқа ғылым ұғымдарымен сәйкестендірудің үлкен мүмкіндіктерімен ерекшеленеді. Әрбір теорияның даму деңгейі принциптер құрамы және қасиеттерімен анықталады. Олар әрекеттің негізінде болу қажет. Алайда, кәсіби анықталудың принцип жүйесінің зерттемесі аяқталды деп айтуға болмайды: әлі барлық қажеттіліктерді өтейтін пішінді, қарама – қайшы емес жүйесін құру мәселесі тұр.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет