ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені өсімдіктер систематикасы


Дәріс №2. Балдырлар. ( 2 сағат)



бет2/8
Дата01.04.2017
өлшемі1,46 Mb.
#13241
1   2   3   4   5   6   7   8

Дәріс №2. Балдырлар. ( 2 сағат)

Жоспар:


  1. 1.Балдырлардың жалпы қасиеттері.

  2. Классификациясы.

  3. Көбею жолдары.

  1. Жасыл балдырлардың жалпы сипаттамасы

  2. Жасыл балдырлардың классификатциясы

  3. Сары-жасыл балдырлардың классификатциясы

  4. Классификатциясы

Түрлерінің жалпы саны 15 мыңдай. Негізінде тұщы суларды, теңіздерде, ылғалды топырақтарда, ағаштар діндерінде, дуалдарда кең таралған өсімдіктер. Клеткалары бір ядролы, көп ядролы болуы да мүмкін. Пигменттеріне хлорофилл, каротиноидтар жатады. Артық қор заттарына крахмал және шыны майы жатады. Вегетативті, жыныссыз, жыныстық жолдармен көбейеді.



2. Классификациясы. Бес топқа бөлінеді: вольвоксты балдырлар класы (Volvocophyceal), протококты балдырлар класы (Рrotococcophyceay), улотриксті балдырлар класы (Ulotrichophyceal), сифонды балдырлар класы (Siphonophyceale) тіркеспелі немесе конъюгациялы балдырлар класы. (Conjiuqatophyceal).

Вольвоксты балдырлар класы – Volvocophyceae. Балдырлар класына жасыл балдырлардыңең қарапайым өкілдері жатады. Вольвоксты балдырлардың басым көпшілігі бір клеткалы организмдер, сонымен бірге колониялы формалары да болады. Шалшық сулардың немесе кішілеу көлшіктердің беттері жасыл бояуға боялған кездерде мұнда ең жиі кездесетін хламидомонада болады екен. “Хламидомонада” деген сөзді грек тілінен аударар болсақ, сыртқы қабықшамен қапталғант қарапайым организм деген ұғымды білдіреді. Хламидомонада тек микроскоппен қарағанда ғана анық байқалатын бір клеткалы жасыл балдыр. Ол жасыл түсті, құрамында бүткіл клеткаға жасыл өң беретін хлорофилл бар. Клетка қабықшасы арқылы хломидомонада судан минералды заттар мен көмірқышқыл газын бойына сіңіреді. Суды зиянды қоспалардан тазартады. Хламидомонада жыныссыз жолмен көбеюі оның жазда қолайлы жағдайларда бөлінуі арқылы жүзеге асырылады. Жыныстық жолмен көбейгенде клеткасынан мөлшері жағынан бірдей бірнеше зооспораға ұқсас ұсақ гаметалар пайда болады. Гаметалар суға шығып, екі – екеуден қосылады. Бұл жағдайда зигота түзіледі.

Протококты балдырлар класы – Protococcophyceae.

Протококты балдырлар класына негізінен бір клеткалы, сиректеу колониялы организмдер жатады. Тек қарапайым жіп тәрізді және пластинкалы формалары ғана көп клеткалы болып келеді. Біл клеткалы жасыл балдырлардың ішінде кең тарағандарының бірі хлорелла (Chlorella) . Ол тұщы суларда және топырақта көптеп кездеседі. Хлорелланың клеткалары ұсақ, шар тәрізді, тек микроскоппен қарағанда ғана жақсы көрінеді.Хлорелланың клеткасының сыртын жылтыр қабықша қаптап тұрады, оның астында цитоплазмасы мен ядросы орналасқан, ал цитоплазмасының –жасыл хроматофоры болады.

Хлорелла қозғалмайтын автоспоралары арқылы өте тез көбейеді және өзін қоршаған ортадан органикалық заттарды белсенді түрде сорып отырады. Сондықтан да оны лас суларды биологиялық жолмен тазартуға жиі пайдаланады. Космос корабльдеріндегі және сүңгуір қайықтардағы ауаның тұрақты және қажетт құрамын сақтап тұруға аса қажет. Соңғы кезде хлорелланың өндірістік мақсатта өсіруге бағытталған тәжірибе жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Улотриксты балдырлар Ulothrichophyceae.

Улотриксты балдырлар клсына талломның құрылысы жіп тәрізді немесе пластинкалы болып келетін жасыл балдырлар жатады. Ағын сулы өзендердің астындағы тастарда және шіріген ағаштардың қалдықтарында жабысып тұрған ашық көк түсті жіптердің жиынтығын көруге болады. Ол көп клеткалы жасыл балдыр улотрикстың клеткаларының бөлінуінің нәтижесінде жіптер ұзарып өсіп отырады. Улотриксте фотосинтез процессінің нәтижесінде қоректік, органикалық заттарды өзі синтездейді және судан органикалық заттарды сорып қабылдайды. Жыныссыз көбеюі сопақша болып келген төрт талшықты зооспоралар арқылы жүзеге асады. Қолайлы жағдайда зигота бөлініп, одан төрт қозғалмайтын клетка спора түзіледі. Олардың әрқайсысы су астына шөгіп, жаңа жіп тәрізді балдыр улотриксқа айналады.

Сифонды балдырлар класы –Siphonophyceace.

Бұл класқа жататын балдырлардың басқа жасыл балдырлардан айырмашылығы сол, олардың клеткалық құрылысы болмайды. Сифонды балдырлар өте ертеде жасыл балдырлардың көбінен бұрын пайда болған. Олардың қазіргі кезде өмір сүретін түрлерінің саны көп емес 400-500 түрден аспайды. Сифонды балдырлардың 90% теңізде өседі. Негізгі өкілдерінің бірі каулерпа туысы. Бұл Жерорта теңізінде жиі кездесетін талломының ұзындығы 1м жететін балдыр. Нағыз жыныссыз көбеюі жоқ, кейде талломының бөліктері арқылы вегетативтік жолмен көбейеді. Жыныстық процессі изогамиялы.

Тіркеспелі балдырлар класы – Conjugatophyceae.

Тіркеспелі бюалдырлар класына негізінен микроскопиялық жасыл балдырлар жатады. Түрлерінің жалпы саны 4700 – дей болады. Олардың көбісін десмидиялылар қатары түзеді. Талломы көп клеткалы жіп тәрізді немесе бір клеткалы талшықсыз болып келеді. Жыныстық процесі тіркесу арқылы жүреді. Зооспоралары мен гаметалары болмайды.

Негізгі өкілдерінің бірі ткөп клеткалы жіп тәрізді балдыр спирогира туысы (Spiroqira). Ол сыртқы кілегеймен қапталған ашық көк түсті матасқан жіптердің жиынтығы түрінде ақпайтын немесе жай ағатын сулардың қабаттарында жүзіп жүреді, немесе судың түбінде салынды түзеді. Спирогираның клеткалары ұзынша созылған цилиндр пішінді болып келеді. Клетка қабықшасы қалың және ол целлюлозадан тұрады. Клетканың ішінде спирал тәрізді бұралған аситаға ұқсас хромотофоры болады. Вегетативті көбею жіптердің үзілуі арқылы жүзеге асады. Жасыл балдырлдардың табиғатта маңызы зор. Олар фотосинтез процессінің негізінде органикалық заттар түзіп судан өз бойына көмір қышқыл газын сіңіреді және оттегін бөліп шығарады. Онымен суда мекендейтін жануарлдар тыныс алады. Жасыл балдырлар шамадан тыс көбейіп кетсе, шаруашылыққа зиян келтіруі мүмкін. Сондықтан каналдарды және көлшіктерді балдырлардан тазалап тұру қажет.

Хара балдырлар бөлімі – Charophyta.

Қазіргі кезде дүние жүзі бойынша хара балдырларының 300 – дей түрі сиптталып жазылған. Талломы күрделі тарамдалған болып келетін үлкен балдырлар. Олар көп жағдайда тұщы суларда кездеседі. Су астында ну болып жиі өседі. Жыныссыз жолмен көбеймейді. Вегетативтік көбеюі ризоидтарында пайда болатын түйнектері немесе талломының төменгі бөліктері арқылы жүзеге асады. Жыныстық көбею органдары оогоний мен антеридийелері көп клеткалы.Хара балдырлары жасыл балдырлардың ішіндегі ең жақсы жетілгендіріне жатады. Пісіп жетілген қызғыш – сары түске боялады. Ұрықтанған жұмыртқа клеткасынан зигота түзіледі өмірлік циклы гаплоидты фазада өтеді. Зигота ғана диплоидта.



3. Бұл бөлімге 25 мыңдай түр жатады. Олардың тамомы көп клеткалы жіп тәрізді, клеткаланбаған. Сары – жасыл балдырлар негізінен тұщы суларды, сиректеу тұзды суларда мекендейді. Олар планктондар, бентостардың маңызды компоненттерінің бірі болып табылады. Сонымен қатар сары – жасыл балдырлар топырақта және тастық бетінде де өседі. Олардың клеткаларының қабықшалары протопектинді, целлюлозасы аз болады. Ядросы көп жағдайда біреу, клеткаланбаған түрлерінің ядросы көп болады. Хромотофорында хлорофилден басқа талломға сары – жасыл түс беретін каротиноидтар болады. Пиренойдтары болмайды. Артық қор заттары ретінде шыны майы, кейде лейказиннің және валютиннің түйіршіктері жиналады.

Вегетативтік көбеюі клетканың екіге бөлінуі арқылы немесе талломдардың бөлшектері арқылы жүзеге асады. Жыныстық процессі негізінен изогамиялы. Сиректеу оогамиялы болып келеді. Зооспоралары мен сперматозоидтарының ұзындықтары әртүрлі, екі талшығы болады : біреуі қысқа түзу, жылтыр, ал екіншісі ұзын және қауырсынды болып келеді.



4.Классификациясы. Бұл бөлім мынадай 6 кластан тұрады : ксантомонадалылар класы (Xanthomonodaphyceal), ксантоподалалылар класы (Хanthopodophyceal) kcantokan салылар класы (Хаnthocapsophyceal), ксантококкалылар класы (Хanthococcophyceal), ксантококкалылар класы (Xanthotrichophyceal), ксантотрихалылар класы (Xanthotrichophyceal), kcanto сифондылар класы (Хanthosiphonophyceal) осы 6 кластың ең үлкені және теориялық тұрғыдан маңыздысы ксантосифондылар класы.

Ксантосифондылар класы – Xanthosiphonophyceal.

Бұл класқа сифонды құрылысты яғни талломы леткаланбаған сары – жасыл балдырлар жатады. Негізгі туысының бірі Вошерия (Vaucheria). Вошерия туысы пигменттерінің құрамына және ассимиляциясының өнімдеріне қарай систематиктер бұл туысты жасыл емес бұрынғыдай сары – жасыл балдырларға жатқызды. Табиғи жағдайда бұл түр ақпайтын тұщы және ағын суларда, сонымен бірге суы тартыла бастаған су қоймаларының жағалауларында қара – көк түсті, жіп тәрізді талломдардың жиынтығын түзеді. Топыраққа ризоидтары арқылы бекініп тұрады.

Талломы клеткаланбаған, тармақталған, көп ядролы диск тәрізді көптеген ұсақ хромотофоралары болады. Жыныссыз көбейгенде жіпшесінің жоғарғы ұшында зооспорангий түзіледі. Оның ішінде көптеген екеу – екеуден жұптасқан талшықтары бар бір ғана зооспора жетіледі. Зооспора біраз уақыт суда жүзіп жүреді, содан соң талшықтарын тастап, тоқтайды да өсіп жаңа талломға айналады. Жыныстық процесі оогамиялы. Актеридни мен оогонийт бір клеткалы болады. Біраз тыныштық кезеңінен соң зигота редукциялық жолмен бөлінеді де өсіп жаңа особьқа айналады.


Тақырып : Диатомды, қоңыр балдырлар бөлімі – Diatomophyta.
Жоспар:
1. Диатомды балдырлардың жалпы сипаттамасы

2. Көбеюі

3. Классификациясы

4. Қоңыр балдырлардың жалпы сипаттамасы


Түрлердің жалпы саны 6 мың шамасында болады. Бұлар бір клеткалы, колониялы организмдер. Диатомды балдырлар барлық жерлерде кездседі. Олар ащы және тұщы суларда, ылғалды топырақтарда, жар тастарда, ағаштардың діндерінің қабықтарында және т.б. жерлерде өседі. Судың түбіндегі ұйық батпақтарда олар өте көп кездеседі. Диатомды балдырлардың клеткасының пектинді қабықшасына, сырт жағынан кремнезем (SiO2) cіңеді. Қорғаныш қызмет атқаратын “сауыт” түзеді. Ол бір біріне тығыз болып киілген екі бөлектен сыртқы эпитека және астыңғы гипотекадан тұрады. Бұл бөліктің әрқайсысы екі жақтаудан тұрады. Эпитеканың белдеуі гипотеканың белдеуіне қарай тығыз болып жылжиды. Жақтауларында оларды тұтас тесіп өтетін тесіктері – поралары және бос қуыстары болады. Жақтауларының құрылысы алуан түрлі болып келеді және оның систематикалық тұрғыдан қарағанда маңызы зор. Клетканың ішінде протопластпен вакуольдері орналасады. Ядросы біреу. Хромотофорасының түсі қоңыр, өйткені оның хлорофиллі қоңыр пигменттермен, кароминоидтармен және диатоминмен жабылып көрінбей тұрады. Артық қор заттары шыны майы, сонымен бірге валютин және лейкозин түрінде де жиналады.

2. Вегетативтік көбеюі протопластың методикалық жолмен бөлінуінің нәтижесінде жүзеге асады. Осыдан кейін клеткалар бір бірінен ажырайды да әрбір протопласт жаңа гипотеканы өздері түзеді. Бұл жағдайда аналық клеткадан қалған гипотека жас клетканың эпитекасына айналады. Осындай бірінен соң бірі келетін бөліністердің сериясынан кейін особьтар біртіндеп ұсақтанады. Осындай особьтардың одан әрі ұсақтануына жыныстық процесс шек қояды. Бұл жағдай особьтардың санының айтуына емес, олардың бұрынғы мөлшерінің қайтадан қалпына келуіне мүмкіндік береді. Жыныстық көбеюінің формасы алуан түрлі : ұсақтанған особьтар бір – бірімен жақындасады да жақтауларын тастап, шырышты сұйықтың ішіне енеді. Осындағы клетканың әрқайсысы редукциялық жолмен бөлінеді, нәтижесінде олардан төрт гаплоидты клетка – тетрада пайда болады. Әртүрлі тетрадалардың екі клеткасы бір – бірімен қосылады, қалған клеткалар жойылады. Зиготаны өсу спорасы (ауксоспора) деп атайды. Одан мөлшері қалыпты жағдайдағыдай жаңа особь пайда болады.Диатомды балдырлардың өмірлік циклы диплоидты фазада өтеді. Диатомды балдырлардың шіріген қалдықтарынан диатомит және трепел пайда болған. Оларды жарылғыш заттар жасау өндірісінде динамиттер жасауға пайдаланады.

3. Классификациясы. Диатомды балдырлар бөлімі екі кластан тұрады : пенатталылар класы (Pennatophyceal) центрикалылар класы (Centrophyceal).

Бөлімнің негізгі туысының бірі пиннулярия (Pinnularia). Ол пенаттылар класына жатады. Бұл судың түбіндегі ұйықта көп мөлшерде кездесетін, клеткасының формасы салақтау, эллипс тәрізді, ұштары дөңгелектеніп келген, ортаңғы бөлігі жалпақтау, бір клеткалы балдыр. Клетканы бойлай тігіс (щель) өтеді, оның ұшында және ортасында түйін деп аталынатын, үш қалыңдаған төмпешік болады. Пинулярияның жақтауларында көптеген көлденең жолақтары болады, олар клетканың сыртындағы кремнеземнің бірыңғай тегіс болып жиналмауының нәтижесінде түзілген. Клеткасында ядро вакуоль және екі пластинка тәрізді қоңыр түсті хромотофорасы болады.



4. Түрлерінің жалпы саны 1.5 мыңдай болады. Қоңыр балдырлар бентостың маңызды компоненттердің бірі болып табылады.Қоңыр балдырлардың таломының бояуы сарғыштан қара-қоңыр, тіптен қара-қышқыл түске дейін болады. Қоңыр балдырлардың талломы көп клеткалы болады. Олардан эволюцияның дамуын ұсақ организмдерден бастап, аса үлкен 60-100м жетеді.Қарапайым түрлерінің талломы жіп тәрізді болып келеді және бір қатар клеткалардың тізбегінен тұрады. Жақсы жетілгендерінің клеткалары әртүрлі бағытта бөлінеді және көп жағдайда дифференцияланып, ассимиляциялық, қорлық арқаулық және механикалық өткізгіштік ұлпаларға ұқсас клеткалардың дараланған комплекстерін түзеді. Мұндай дифференциация талломның әртүрлі қызмет атқаратын участоктерге ризоидтарға өстік бөлікке (сабаққа) және филлоидтарға (жапырақтарға) бөлінуіне байланысты болса керек.

Қоңыр балдырлардың клеткалары бір ядролы. Хромотофоры көп жағдайда диска тәрізді, көп болады. Артық қор заттары ламинарын (полисахарид), маннит (сахароспирт) және шыны май тамшылары түрінде жиналады. Пектинді – целююлозды клетка қабықшасы оңай шырыштанады. Талломы төбелік немесе қысытырма меристемасы арқылы өседі. Өмірінің ұзақтығы бірнеше бөліктерге үзілуі арқылы жүзеге асады.Жыныссыз көбеюі көптеген екі талшықты зооспоралары немесе қозғалмайтын тетроспоралар арқылы жүзеге асады. Зооспоралары бір клеткалы сиректеу көп клеткалы зооспораларда, ал тетраспоралары тетраспорангияларда пайда болады.

Жыныстық процесі изогамиялы, гетерогамиялы, оогамиялы болып келеді. Изо және гетерогаметалары көп клеткалы гаметангияларда пайда болады, оонийлері мен антеридийлері – бір клеткалы. Қоңыр балдырлардың фикуста басқаларында өмірлік циклінде ұрпақ алмасуы айқын байқалады. Мейоз зооспорангияларда немесе тетраспораларда жүреді. Зооспоралары немесе гаметофитке бастама береді. Гаметофиттері қос жынысты немесе дара жынысты қос жынысты немесе дара жынысты болады. Зигота тыныштық кезеңіне көшпей-ақ спорофитке (2п) айналады. Әртүрлі түрлерінде ұрпақ алмасу әртүрлі болады.Біреулерінің спорофиті мен гаметофиті сырт қарағанда бірдей болады, ал екіншісілерінің спорофиті гаметофитіне қарағанда біршама үлкен болады. Қоңыр балдырлар теңіздердің түбінде орман немесе шалғын түзеді. Кейбір қоңыр балдырлардың талломының ұзындығы 60-100м.

Классификациясы. Үш кластан тұрады : изогенераттылар класы (isoqeneratae), гетерогенераттылар класы (Нeteroqeneratal) және циклоспоралар класы (Cyclosporeal).


Тақырып: Пирафитті, эвглена, қызыл балдырлары.
Жоспар:

1. Пирафитті балдырларға жалпы сипаттама

2.Эвглена балдырлардың жалпы сипаты

3.Қызыл балдырларға жалпы сипаттама


Бұл бөлімге тиісті балдырлар микроскопиялық, негізінен бір клеткалы, көбінше екі талшықты, суда еркін жүзеді.Клеткасы дорзовентраль түзілген.Олардың сыртында бойына және еніне қарай жайғасқан бір – бірімен қосылған жерінде түрлі ұзындықта 2-ден талшық шығады. Клеткасы қабықсыз немесе целюзолалы көпшілігі құмтаспен оралған. Хромотофоры клетканың шетінде жайласқан, құрамындағы хлорофилл, каротин және ксантофил пигменттері клеткаға ақ, қоңыр, қоңыр, кейде сарғыш, қызғыш түс береді. Қор заттары ретінде крахмал, май пайда етеді, жай бөліну жолымен көбейеді.Пиррофит балдырларда жыныссыз көбеюде кездесіп тұрады. Мұнда екі талшықты зооспора немесе қозғалмайтын аплоноспора пайда болады. Ыңғайсыз жағдайда цистаға айналады.Жыныстық көбею кездеспейді. Парофитт балдырлардан судың биологиялық анализыда оның ластанулық дәрежесін анықтауда пайдаланады.Пиррофит балдырлардың 1100 – ден артық түрді өз ішіне алады.

2 класқа бөлінеді : крифтофиттер және динофиттерге бөлінеді.

Пиррофит балдырлардың динофиттер класынан церацкумва перидиумды атап өтеміз.

Церацкум – Ceratiumhirundinella. Клеткасы бойына ұзыншақ түзілген балдыр. Клетканың кең бөлімінде көлденең каналша болып, оны екі бөлімге бөледі. Алдыңғы ұзын өсіндіні апикал жағы, екі немесе үш әртүрлі ұзындықтағы қайрылған өсінділі бөліміні апика бетт деп аталады. Екі талшықтан бірі алдыңға қарай бағытталып, екіншісі денені каналша бойлап орап алады.

Көбеюі. Клетканың қарапайым жолмен екіге бөліну арқылы өтеді.

Перидиум – Peridinium. Клеткасы шар, немесе жұмыртқа тәрізді көрініске ие. Клетка қабықтары құм заттары мен тойынған қалқан көрініске ие. Протопласта бір ядросы бар. Хромотофоры қоңыр реңді пиреноидтары жоқ. Фотосинтез нәтижесінде крахмал және май тамшылары пайда болады.Клеткаларының тең екі бөлімге жай бөлінуі жолымен көбейеді.Су қоймаларында планитонда өмір сүреді.



2. Эвгленалар бір клеткалы, бір ұзын талшығы жәрдемінде таза жасыл хромотофоралары арқылы актив әрекеттенеді.Клеткасының пішіні көбінше элиппс, ұзын болып келеді. Оларда целлюлозалы қабық болмайды. Оның қызметін целлюлозаның сыртқы қабығы қалыңдауы нәтижесінде пайда болатын перипласт немесе пеликула деп аталатын үстіңгі қабат атқарады. Пелликула иілуші болғандығы себепті клетка өз денесін, пішінін өзгертіріп тұрады.

Цитоплазмада бір немесе бірнеше хромотосфорлар болады, онда жоғары өсімдіктер хлорапластындағы сияқты хлорофилл а және б каротин және ксантофиллі бар.Кейбір эвгленаларда қызыл реңді астаксантинде кездеседі. Фотосинтез нәтижесінде крахмал жиналмайды оған ұқсас парамилон пайда болады. Парамилон жалтырақ дәндерге ұқсас көріністе хромотофорда немесе оның төңірегінде жиналады. Хромотофор көбінше жұлдыз, лента ірі пластинка және диска тәрізді болып, клетка қабығы жанында жайласқан. Хромотофор пиреноидты және пиреноидсыз болады. Эвгленалар клеткасының алдыңғы бөлімінде ворониа тәрізді сайлық болып олардан бір немесе екі талшық шығып тұрады. Тірі эвглена клеткасының алдыңғы бөлімінде қызыл нүкте стигма жайласып ол орототаксис жарықтықтан әсерлену ерекшеліктеріне ие.

Көбеюі.Клетканың бойына қарай екіге бөліну жолымен амалға асады. Бөліну алдынан талшықтарына тастайды ядро, стигма және хромотофорлар бөлінгеннен соң, клетканың алдыңғы бөлімінде саңлау пайда болады. Ол үлкейіп екі клетка пайда болады. Талшықтар пайда болған соң актив әрекеттене бастайды. Эвгленалар табиғатта ақпайтын түрлі экологиялық жағдайдағы су қоймаларында кездесуі мүмкін. Эвгленалар миксотроф және сапрофит қоректенуіне байланысты ластанған су қоймаларында биологиялық тазалануында үлкен роль ойнайды. Эвгленалардың табиғатта 400-ге жақын түрі кездеседі олар екі қатарға бірігеді негізгі өкілдері эвглена және трахемонас.

Эвглена – Euqlenaviridis. Клеткасы ұршық бір талшықты цитоплазматикалық перипласт қабығымен оралған клетканың алдыңғы бөлімінде воронка тәрізді бума болып, ол цитоплазмадағы қысқарушы вакуола мен байланысады. Буынның жан бөлімінде қызыл гематохроль пигменті мен толған көзі жайласқан. Цитоплазмада бір ядро және жасыл реңді жұлдыз тәрізді даналы, лента тәрізді пиреноидсыз хромотофоралары болады. Қор зат ретінде көмірсулар, парамилондар пайда болады. Эвглена денесі ұзынына жай бөліну жолымен көбейеді. Көл мен суларды азотты органикалық заттарға бай кіші су қоймаларында кездесіп, олардың гүлдеуіне себепші болады. Трахеломонас – Trachelomonac. Оның бір талшықты әрекетшең клеткасы домалаң немесе эллипс тәрізді үйшіктің ішінде жайласқан. Бір талшығы сыртқа шығып тұрады.Темір бірікпесері не бай кіші су қоймаларында кездеседі. Эвгленалылар бір клеткалы формалары ішінде цитоплазманың ішінде крахмал орнына парамилон пайда етуімен басқа балдырлардан айырмашылығы бар. Эвгленалылар басқа бөлім балдырлардан ешқандай туысқандық байланыстары жоқ.



3. Қызыл балдырлардың түрлерінің жалпы саны 4 мыңдай болады. Олар тропикалық және субтропикалық елдердің теңіздерінде климаты қоңыржай болып келетін облыстарда да көптеп кездеседі. Тек аздаған түрлері ғана суы тұщы бассейндер мен топырақта өседі.

Қызыл балырлардың талломы ұзындығы 2м – ге жететін көптеген бұтақтанған жіпшелерден, сиректеу пластинка немесе жапырақ тәрізді құрылымнан тұрады. Ұлпаларға дифференциациялану байқалады. Талломының өсуі диффузды немесе төбелік клеткалары арқылы жүзеге асады. Ең қарапайым түрлерінің талломы бір клеткалы немесе колониялы болып келеді. Өмірлік циклында қозғалмалы талшықты формалары болмайды. Хромотофоралары көп жағдайда диск тәрізді келеді, Сондықтан да мұндай балдырларды агар алуға қажетті шикі зат ретінде пайдаланады.

Екінші бір түрлерінің клетка қабықшаларының сыртын известь қаптап тұрады, әртүрлі өрнек түзеді. Мұндай түрлер коралырифтердің түзілуіне қатысады. Қызыл балдырлардың клеткаларында хлорофилл, каротин, ксантофил,қызыл фикоэритрин, көк фикоциан пигменттері болады. Осыларға байланысты қызыл балдырлардың талломасы ашық – қызылдан, көкшілдеу – күлгін түске дейін боялады.

Көбеюі. Қызыл балдырлар вегетативті, жыныссыз және жыныстық жолдармен көбейеді. Вегетативті көбеюі сиректеу үзілген талломдарында арнайы өсу бүршіктері пайда болады. Олардан жаңа особьтар жетіледі.

Жыныссыз көбеюі споралар арқылы жүзеге асады. Споралары спорангияның ішінде бір – бірден немесе төртеуден (тетраспоралар) пайда болады. Споралар спорангияның қабықшасының жыртылуының нәтижесінде босап сыртқа шығады да қабыққа оранады соң судың түбіне шөгіп өсе келе жаңа таллом (гаметофит) береді. Жыныстық көбеюі оогамиялық жолмен жүзеге асады. Аналық жыныс органы карпоген қысқа бұтақтардың қолтығында бір – бірден өседі. Карпогон – колба пішінді, ол кеңейген түпкі бөлімнен және жоғарғы жіңішке түтік тәрізді мойны трихогинадан тұрады. Қарапайым түрлерінің трихогинасы болмайды. Антеридий және карпогон сыртқы құрылысы жағынан айырмашылығы жоқ әр особьтарда дамиды.Антеридиден босаған аталық гамета (спермация) судың ағынымен карпогонға келіп трихогинаға жабысады да, қабықпен қапталады, соң трихогина арқылы карпогонның кеңейген бөліміне өтіп жұмыртқа клеткасын ұрықтандырады.

Ұрықтанғаннан соң трихогина жойылып кетеді. Карпогонның кеңейген бөлімі ұлғайып, өсе келе көп клеткаға айналады оны цистокарпий деп атайды. Цистокарпийден карпоспора дамиды, олар судың ағынымен таралады да жаңа талломға айналады. (спорофитке).

Классификациясы. Бөлім екі класқа бөлінеді:бангиевалылар класы (Вanqiophyceal), флоридеялылар класы. (Florideophyceal) олардың әрқайсысында 6- дан қатар бар. Бангиевалылар класында 20туыс, 70 түрі бар. Көп тараған туыстарына порфира (рorhyra) комсопогон (Comsopoqon) т.б жатады. Флоридеялылар класында 49 тұқымдас бар.Бұл класқа леманеа (Lemanea), батрахосперум (Ваtrachospermum), полисифон (Polysiponia) т.б туыстар өкілдері жатады. Қызыл балдырлар кондитер, басқа өнеркәсіптерде пайдаланады.
Дәріс №3

Саңырауқұлақтар бөлімі

Жоспар:


  1. Құрылысы

  2. Қоректенуі

  3. Көбеюі

  4. Классификациясы

Саңырауқұлақтардың 100000 – дай түрі блгілі. Бірқатар белгілері бойынша саңырауқұлақтар балдырларға ұқсас, бірақ олардың клеткаларында хлорофилл болмайды. Кейбіреулері бірклеткалы организмдер болып келеді, көпшілігі көпклеткалы организмдер.Қоректену ерекшеліктеріне қарай саңырауқұлақтарды не сопрофитті, не паразиттерге жатқызады. Сопрофитті саңырауқұлақтар өлі органикалық заттармен қоректенеді, ал паразитті саңырауқұлақтар тірі организмдердің денесінде өмір сүреді және солардың клеткаларынан өзіне қажетті заттарды сорып қоректенеді.



Құрылысы. Саңырауқұлақтардың талломасы мицелий, немесе грибница деп аталынады. Мицелий гифа деп аталатын жіңішке тарамдалған жіпшелерден тұрады. Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың гифаларында көлденең перделер болмайды, сондықтан да олар тарамдалған үлкен бір клетка түрінде болады. Ал жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтардың клетка қабықшасы целлюлозалан тұрады. Саңырауқұлақтардың көпшілігінің гифасының қабықшасының құрамы біршама күрделі болады : төменгі сатыдағыларының қабықшасы пектинді заттардан, ал жоғарғы сатыдағыларының целлюлозаға жақын углеводтардан және насекомдардың хитиніне ұқсас азоттық заттардан тұрады. Клетка қабықшасының астында протопласт жатады. Ядросы өте ұсақ және клеткада 1-2 немесе көптен болады.Қор заты ретінде гликоген немесе май тамшылары жиналады. Крахмал еш уақытта түзілмейді. Гифалары жоғарғы арқылы өседі. Қолайлы жағдайларда олар өте тез өседі. Жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақ-тардың гифалары көп жағдайда матасып жалған ұлпа – плехтенхима түзеді. Одан келешегінде жыныстық спора дамитын жемісті дене түзеді. Саңырауқұлақтардың суды бойына өткізетін және оны буланудан сақтайтын арнайы тетігі болмайды. Сондықтан да олар тек ылғалды жерлерде өседі.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет