ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені өсімдіктер систематикасы



бет5/8
Дата01.04.2017
өлшемі1,46 Mb.
#13241
1   2   3   4   5   6   7   8

2. Гүлдің шығу тегі. Жабық тұқымды өсімдіктерде гүлдің пайда болуының үш түрлі теориясы белгілі. Олардың ішінде ең белгілілерінің бірі Р. Веттштейіннің псевдант (грекше Pseudos) жалған anthos – гүл теориясы. Р. Веттштейіннің тұжырымдауы бойынша ең қарапайым гүлге ие болғандар бір жағында өсімдіктер (Monochlamydeal). Оларға шамшат гүлділер, қайың гүлділер, тал гүлділер жатады. Бұл тұқымдастылардың гүлдері ашық тұқымдылардың стробилдері (бүршіктері шишка) секілді аталық және аналық болып бөлінеді. Әсіресе бір жабынды өсімдіктердің гүлдері ашық тұқымдылардың ішіндегі қылшаның (эфедра) шоғырланған стробилдеріне (соцветия) ұқсас.

Р. Ветштейіннің пікірі бойынша барлық ең қарапайым жабық тұқымдылардың құрылысы қарапайым және бір ғана гүлсерігінен тұрады, немесе гүлсерігі көп жағдайда дара жынысты болады.



3. Стробилярлық теория – (стробиляр – қарағай, шыршаның бүршіктері - шишкалары), немесе эванттық (грекшесі – толық anthons -гүл) басқаша айтқанда толық жетілген гүл деген мағына. Бұл гүлдің пайда болуы туралы гипотезаның авторлары Н. Арбер және Д. Паркине теориясының пайда болуын 1907 жылы мезозойлық қосжынысты. Гүлдер стробилдері бар ашық тұқымдылардың ерекше бір тобының бенетиттердің табылуы себеп болады.

Сырт кескіні мен, тік бұтақталмаған діндерімен, жапырақтарымен бенетиттер пальмаға, көбірек ашық тұқымды саговниктерге ұқсас болған. Бірақ саговниктердің стробилдері дара жынысты. Мөлшері әртүрлі болып келетін бенетиттердің стробилдерінің жақсы жетілгені конус тәрізді өсі болады, оған әртүрлі жапыраққа ұқсас органдары орналасады. Төменнен жоғары қарай жабындық жапырақшалары “гүлсерігі” микроспрофильдері және аналығы (гинецей) орналасады. Микроспорангилері бірігіп біршама күрделірек құрылым микроспаринги түзеді. Аналығы (гинецей) тек микроспорофильдері түсіп қалған (протерандрия) стробильдерінде ғана байқалады. Тұқымбүрі аяқшаның ұшында орналасады және интегументері болады. Екі тұқым жарнағы бар ұрығы жақсы сақталған болады. Эндоспермдерінің болмауы ашық тұқымдыларда мүлдем кездеспейтін құбылыс. Бинетиттердің кейбір ерекшеліктері стробилдерінің қосжынысты болуы, жекелеген бөліктерінің орнласу ерекшелігі өсінің формасы, олардың көп жемістері мен жынысының жақындығы болған деген жорамал айтуға мәжбүр етті. Стробилярлық теория бойынша жабық тұқымдылардың гүліне бенетиттердің стробилдеріне де бастама берген, бізге дейін жетпеген, мезозойдың алғашқы кезеңдерінде өмір сүрген архайлық қосжынысты стробилі бар ашық тұқымды өсімдіктер болған. Мұндай стробилді К. Арбер және Д. Пазкине проангостробил деп атаған. Ол өстен жабынды микроспрофилдерден және мегаспрофилдерден тұрған. Прантостробил жабық тұқымдылардың гүліне барлық бөліктерінің құрылысы мен әсіресе микро және мегаспрофилдермен біршама айырмашылығы болған.



4.Көп ғасырлар бойындағы жабық тұқымдылардың классификациясының тарихын төрт кезеңге бөлуге болады. Утилитарлық систематиканың кезеңі. Классификацияның ең ескі кезеңі бұл кезеңдерде белгілі өсімдіктерді олардың шаруашылығындағы маңызына қарай топтастырған: тамаққа пайдаланатын улы, дәрілік тоқымалық т.бұл ең ұзақ кезең болған.

Жасанды системаның кезеңі. Бұл кезеңдегі классификацияның басты принципі ұсақ өсімдіктер негізінен бірғана морфологиялық белгілеріне қарай бөлу. Кезеңнің ең жоғарғы жетістігі ботаникамен зоологияны белгілі – бір жүйеге келтірген реформатор К. Линнейдің системасы. К. Линней бар – жоғы 24 класқа бөлген. Автор бұл жерде гүлдегі аталықтардың санын, олардың бірігуін, ұзындығын негізге алған. Соңғы класқа гүлдері жоқ өсімдіктерді жатқызған. Бұл құпия некелілер класы. К. Линнейдің системасының басты кемшілігі әрбір класқа түрлерді топтастырғанда, олардың тек бір ғана белгісін негізге алған. Бір класқа жататын түрлер әдетте нағыз туыстың жақындығымен топтастырылмаған. Гүлдердің құрылысының бір кездейсоқ сәйкестіктер аталықтарының саны шешуші роль атқарады.

К. Линнейдің ситемасы жасанды системалар ішінде прогрессивті болғанымен ол өсімдіктер дүниесінің эволюциясын көрсетпейді.

Табиғи системаның кезеңі алғашқы табиғи системаны 1789 жылы А. Жюссье жариялаған. Ол өсімдіктерді 1-2 белгісі бойынша емес, көптеген жиынтығы белгілерін ескере отырып топтастырған. Ол өсімдіктердің бірнеше органдарының белгілерін топтастырған. Органикалық дүниенің эволюциялық системасын құру принципі. Ч. Дарвиннің “түрлердің шығу тегі” атты еңбегі жарық көргеннен соң қалыптасты. Бұл еңбегінде Ч. Дарвин әртүрлі материалдар негізінде эволюцияның өзін және оны қорғаушы күшін ғылыми тұрғыдан дәлелдеді. Т. Дарвиннің эволюциялық бағытта дамуына ескі әдет –ғұрыптармен және метафизикалық кезеңнің қалдықтарымен күресуде маңызы зор.

Филогенетикалық системаның кезеңі Ч. Дарвиннің еңбегінен кейін ғылымда жаңа кезең басталады. Жүз жылға созылған бұл кезеңде жалпы биологиялық масштабтағы эволюциялық морфологияның және жекелеген ғылымның деңгейіндегі осы маңызды мәселелер зерттелді. Дүниежүзінің көптеген елдерінде ондаған филогенетикалық системалар құрылды. Филогенетикалық системаны құрастыруда Б.О.Р. ғылымдарының орны ерекше. Н. И. Кузнецов, Б. М. Козополянский, Н.А. Буш, А.А. Гроссгейм, А.Д. Тахтаджанның системалары жиі қолданылады. Қорыта айтқанда жабық тұқымдылардың табиғи топтарын гүлдерінің құрылысына және өмірлік формаларына қарай бөледі.

Жабық тұқымдылардың классификациясы – жабық тұқымдылар қос жарнақты (Dicotyledoneae) және дара жарнақты (Monocotyledoneal) кластарына бөлінеді. бұл кластардың бір – бірінен ажырататын көрнекті белгілерін келтіреміз.

Қос жарнақтылар. Ұрықтың екі тұқым жарнағы болады. Ұрықтың тамырша келешегінде жанама тамырлары бар кіндік тамырға айналады. Тамырлары екінші рет қалыңдауға қабілетті. Тамырларының формасы көп жағдайда кіндік тамыр. Сабағы өсімдіктің өсу барысында жуандайды. Сабақтың көлденең кесіндісінде өткізгіш шоқтары ашық көлденең кесіндісінде шеңбердің бойымен орналасады, немесе барлығында бірдей өткізгіш цилиндрі болады. Жапырақтары жәй және күрделі жүйкеленуі торлы. Гүлдерінің мүшелері 5 қатар, сиректеу 4 қатар түзіп орналасады.

Дара жарнақтылар. Ұрықтың бір ғана тұқым жарнағы болады. Ұрықтың тамырша біршама ертерек өледі, қосалқы тамырлар пайда болады. Тамырлары екінші рет қалыңдауға қабілетсіз. Тамыр системасы шашақ тамыр. Сабағы жуандамайды, өткізгіш шоқтары жабық. Сабақтың көлденең кесіндісінде олар ретсіз шашыранқы орналасады. Жапырақтары жай, паралель немесе дара тәрізді жүйкеленген болып келеді. Гүлдерінің мүшелері 3 қатар түзіп орналасады.

Жабық тұқымдылар. Ағаштар, бұталар, шөптесін өсімдіктер. Вегетатив органдары көптеген әртүрлі гистологиялық элементтерден тұрады. Арнайы маманданған вегетативтік органдары бар түйнектері, баданалары, тамыр сабақтары. Тұқым бүрін жеміс жапырақшалары жауып тұрады.

Гаметофит. Аналық гаметофиті сегіз клеткадан тұратын ұрық - қабық. Аталық гаметофиті тозаң, вегетативтік және генеративтік клеткалардан тұрады. Аналық гаметофиті эндосперм және екі немесе оданда көбірек архегониялар. Аталық гаметофиті тозаң бірнеше проталиальды, антеридиальды және вегетативтік клеткалардан тұрады.

Ұрықтануы. Қосарланып ұрықтанады, спермияның бірі жұмыртқа клеткасымен, ал екіншісі – екінші реттік ядромен қосылады. Бірақ рет ұрықтанады – спермияның бірі архегонияның бірінің ішіндегі жұмыртқа клеткасымен қосылады.

Тұқымы. Тұқымы тез пайда болады 3-4 аптадан бір вегетативті кезеңге дейін созылады. Эндоспермі триплоидты (3п). Ұрықтың 1-2 тұқым жарнағы болады. Тұқым жемістің ішінде болады. Тұқымның пайда болуы өте жай жүреді (1,5 –2жыл) тозаңдану мен ұрықтанудың арасы 13 айға созылады. Эндоспермі гаплоидты (п). Ұрықтың тұқым жарнағы көп жағдайда екіден көп болады. Тұқым тунымдық қабыршақтың үстінде ашық жатады.


Дара жарнақтылар Қос жарнақтылар

1. Ұрығында жалғыз тұқым жар-нағы болады, тұқымында бүйір-лене орналасады. 1.Ұрығында екі тұқым жарнағы болады, бір-біріне қарама-қарсы орналасады.

2. Ұрық тамыршасы дамымайды, қосалқы тамырлардан шашақ тамыр жүйесі пайда болады. 2.Ұрық тамыршасынан негізгі тамыр, онан жанама тамырлар пайда болып, кіндік тамыр жүйесін береді.

3. Жай жапырақты, жапырақтары паралелльді және доға тәрізді жүйкеленген. Жапырақ тақтасы бөлшектенбеген, тұтас, қынапты. 3.Жай және күрделі жапырақты, жапырақтары қауырсынды, саусақты-салалы кейде доға тәрізді жүйкеленген. Жапырақ тақтасы тұтас немесе көп жағдайда бөлшектенген немесе тілімделген.

4. Гүлсерігі спираль түрінде орналасқан, үш мүшелі, қауыз, қабыршақ немесе қылтанақ түрінде редукцияға ұшыраған. 4.Қарапайым түрлерінде гүлсерігі спиральды орналасады; көпшілігінде гүлсерігі бес мүшелі, сирек жағдай-ларда гүлдері төрт мүшелі. Гүлдері тостағанша, күлте, аталық, аналық болып бөлшектенген.

5. Дара жарнақтыларда камбий жоқ, екінші рет жуандау кездес-пейді, түтік талшық шоқтары жабық. 5.Қосжарнақтылардың нағыз камбий-лері бар, осыған орай екінші рет жуандап өсу тән, түтік талшық шоқтары ашық.

7.3. Дара жарнақтылар тұқымдастарындағы туыстастардың, түрлердің анықтағышы.
1.Астық тұқымдастары – Graminea ( Poaceae ) Juss.


Тұқымдас паспорты.
Дүниежүзілік флорадағы туыстар 650 (Қазақстанда - 83).

Дүниежүзілік флорадағы түрлер – 10000 (Қазақстанда – 418).

Таралуы барлық жер шарына.

Гүлінің формуласы – P (2)+2 A3 G(2)(p – perigonium)

Тіршілік формасы біржылдық және көпжылдық шөптесін.

Тозаңдануы жел арқылы.

Жемісі дән; жануарлар және жел арқылы таралады.

Маңызды туыстарына: құмай, қонақ, итқонақ, ший, қау, атқонақ, түлкіқұйрық, айрауық, қамыс, келлерия, қоңырбас, ақмамық, бетеге, арпабас, бидайық, қияқ және т.б.

Мәдени түрлеріне жүгері, сұлы, бидай, арпа, қара бидай, күріш жатады.

Шаруашылықтағы маңызы – тамақ өнеркәсібінде пайдаланылады және малазықтық маңызы зор.
Астық тұқымдасы жабық тұқымдылардың ішіндегі ең үлкен тұқымдас. Астық тұқымдасы барлық құрлықтарда кең таралған, өсімдіктер жабынында басым болып келеді. Астық тұқымдасы негізінен адамзатқа тағам ретінде (бидай, жүгері, күріш, тары т.б.) белгілі.

Бүкіл әлемде бұл тұқымдастың алатын өрісі кең, ол жер шарында жақсы таралған.

Астық тұқымдасының түрлері негізінен шөптесін өсімдіктер, тек ағаш тәрізді өкіліне бамбук жатады. Сабағы цилиндрлі, сабан (соломина), буынаралықтары ұлпалармен толған. Жапырақтары кезектесіп орналасқан, таспа тәрізді, ұзын қынапты. Жапырағы таспа тәріздес тақтадан тұрады, оның қынаппен түйіскен жерінде жарғақ тәрізді өскіні немесе тілшесі болады. Қынап сабақты қаптап тұрады, өсімдіктердің көпшілігінде қынаптардың жиектері кірікпейді. Ол сабақ пен қынаптың арасына судың өтуіне мүмкіндік бермейді. Қынаптың кірікпеген, әрі қайырылған екі ұшы құлақша деп аталады. Құлақша жалпақ немесе жіңішке жартылай ай пішіндес өскін. Астық тұқымдастарының кейбір түрлерінде құлақша болмайды, оның орнында түктер түзіледі. Түрлерді анықтауда тілше мен құлақша негізгі белгілердің бірі болып есептеледі.

Ұсақ, реңсіз гүлдері саны жағынан әртүрлі масақшаларды түзеді, олар біріге орналасып жай және күрделі гүлшоғырларын (сыпыртқы, масақ, сұлтан) береді. Әрбір масақшаның түп жағынан 2 (онан да көп) масақша қауыздары пайда болады, олардың қойнауында гүлдер түзіледі. Масақша ішінде бір немесе бірнеше гүлдер орналасады. Әрбір гүлдің сыртын екі гүл қауыздары қоршап жатады, оларды орналасуына байланысты жоғарғы және төменгі гүл қауыздары деп атайды. Астық тұқымдастардың көптеген түрлерінде масақша және гүл қауыздарынның ұштарында қылтанақ немесе тісше тәрізді қатайған өскіндер пайда болады. Олар тік, қисық, бұратылған, түкті немесе жалаңаш болып келеді. Сонымен қатар, гүлдер орналасқан масақша осі ұзын, қысқа, түзу немесе ирек келеді. Бұл белгілер кейбір түрлерді анықтауда кеңінен пайдаланылады. Гүл қауызының ішінде3 аталығы (андроцей) 1 аналығы (гинецей) болады. Гүлдері қосжынысты; аналығының сыртын қалың түктер қаптаған, ауызы көбінесе түктенген қауырсын тәрізді екі тармақтан тұрады. Жатын бір ұялы, онда жалғыз тұқымбүршігі дамиды. Аталығы жоғары орналасқан, гүлдеу кезінде аталық жіпшесі тез ұзарып өседі, оның ұшындағы тозаңқап тігінен жарылып, тозаңдар жел арқылы таралады. Жемісі дән, дәнек, жарғақты немесе жалаңаш. Тұқымы эндоспермді.


ІІ. Лалагүлділер тұқымдасы – Liliaceae Hall.
Тұқымдас паспорты.
Туыстары - 45 (21), түрлері - 750 (229).

Гүлі - * Р 3+3 А 3+3 (3) G (3)

Таралуы Евразияның, Африканың және Солтүстік Американың қоңыржай белдеулерінде.

Тіршілік формаларыкөпжылдық пиязшықты және түйнекті пияз-шықты, кейде тамырсабақты шөптесін өсімдіктер.

Тозаңдануы бунақденелілер арқылы.

Маңызды туыстары жуа, қазжуа, қызғалдақ, қандық, қасқыржем, сепкілгүл, қырлышөп, шырыш.



Мәдени өсімдіктер қызғалдақ (Tulipa), лалагүл (Lilium L.).

Шаруашылықтағы маңызы: көптеген түрлері әсемдік, тағамдық, эфир майларын, бояу алуда және дәрілік маңызы бар.
Лалагүлділер тұқымдастары көпжылдық пиязшықты және тамыр-сабақты өсімдіктер. Бұл тұқымдастардың өкілдері бүкіл ғаламдық флорада кездеседі. Лалагүлділер арасында орманда өсетін түрлері мен туыстастары кездеседі (қаракөз, қырлышөп). Басқалары керісінше ашық, жазық далалы және шөлді далалы (шырыш, қызғалдақ), үшіншілері таулы аймақтарда кездеседі (лалагүл).

Пиязшығы маманданған түрі өзгерген өркен. Лалагүлділердің пиязшықтары көпжылдық бірнеше өмірлік циклдардан тұрады немесе олар біржылдық болады. Біржылдық пиязшықтардың вегетациялық даму кезеңінің соңында барлық қабыршақтары өліп, ескі қабыршақтарының орнына жаңадан жас пиязшық пайда болады. Көпжылдық пиязшықтарының кейбір қабыршақтарының бір бөлігі өледі, сондықтан пиязшықта бірнеше жылда немесе жылдық даму циклінде жаңа қабыршақтарымен толықтырылып отырады.

Жапырақтары ұзын қандауыр немесе таспа тәрізді, параллельді немесе доғаланып жүйкеленген, етжеңді, жылтыр, бүтін жиекті, қондырмалы, кезектесіп орналасады.

Жер үстінде орналасқан гүл сағағы жапырақты және жапырақсыз атпасабақ түрінде болады. Гүлдері ұсақ, ірі, жеке немесе әртүрлі гүлшоғырларын құрайды. Лалагүлділерді біріктіретін негізгі белгілері, жоғарыда келтірілгендей гүлдерінің құрылысы мен формуласы.

Гүлсерігі күлте тектес, дұрыс, қосжынысты. Аталықтары 6-у, екі шеңбер жасай орналасқан, аталық жіпшелері бос немесе кіріккен, аналығы үш ұялы, жатыны жоғары орналасқан. Жемісі - қорапша немесе жидек. Көптеген ауыспалы формалардың кездесуіне байланысты лалагүлділерді бірнеше тұқымдастарға(лалагүлділер, асфоделдер, жуалар, қасқыржемдер, сциллалар, сассапарил-дер), сирек жағдайда оларды жеке тұқымдас ретінде қарастырады.

Мектептің «Биология» оқулығында жуалар және меруертгүлділер жеке тұқымдас ретінде қарастырылған. Қазіргі систематиктердің бірі А.Г.Еленевский лалагүлділердің мұндай классификациясын тиімді емес деп есептейді. Алайда, лалагүлдідердің анықтағышын құруда жуалар, меруертгүлділер жеке тұқымдас ретінде қарастырылды. Оның тағы бір себебі М.С Байтенов «Флора Казахстана» (1999г.) еңбегінде оларды тұқымдас ретінде бөлген.

Қазақстандағы лалагүлділер тұқымдасының ірі туыстарына жататыны: қазжуа (38 түр), қызғалдақ (32 түр), шырыш (13 түр), қасқыржем (11 түр).
ІІІ.Жуалар тұқымдасы – Alliaceae J.
Тұқымдас паспорты.
Туыстары 30 (1), түрлері - 650 (107).

Гүлі * Р6 А 3+3 G (3)

Таралуы Австралиядан басқа барлық жер шарының континент-терінде.

Тіршілік формалары - көпжылдық пиязшықты және түйнекті пиязшықты өсімдіктер.

Тозаңдануы айқас тозаңданады, әдетте бунақденелілер (ара, шыбын, қоңыздар, көбелектер) арқылы.

Жемісі: қорапша.

Маңызды туысы жуа.



Мәдени өсімдіктер пияз немесе қатпарлы жуа, сарымсақ, екпе, батун.

Шаруашылықтағы маңызы: жуаның көптеген түрлері тағамдық өсімдіктер. Құрамында қант, ақуыз, дәрумендер С, РР, В, А, сонымен қатар каротин бар. Жуалардың жапырақтарында эфир майлы, бактерияларды жою қасиеті бар, сондықтан халықтық және ғылыми медицинада қолданады.

Жуалар – көпжылдық полиморфты шөптесін өсімдік. Кейбір жуалардың жапырақтарының пиязшық түзуші қынап бөлігі жуанданбайды, сондықтан мұндай жуалардың пиязшықтары нашар жетіледі.

Жуалар пиязшықты өсімдік, пиязшықтары қысқа немесе жатаған тамырсабақта орналасады; жапырақтары ұзын, бүтін жапырақ қынабын түзеді, жапырақтары таспалы, қандауырлы, белдік тәрізді, толық немесе етжеңді түтік тәрізді.

Гүлшоғыры – шатырша, гүлдемей тұрғанда, 2 жапырақтан тұратын жабынмен бүркеулі болады.

Гүлсерігі бір – бірімен негіздері арқылы біріккен немесе бос, 1 жүйкесі болады. Гүлсерігінің сыртқы пішіні қоңырау немесе жұлдызша тәрізді, гүлдеп болғаннан кейін қалып қояды. Аталығы 6, аталық негіздері гүлсерігімен бірігіп кеткен, тозаңқаптары аталық жіпшелерге арқа жағымен орналасқан. Аналығының мойыны жіпше тәрізді, аналық ауызы 3 қалақты, жатыны 3 ұялы. Жемісі 3 ұялы, тұқымы бұрышты, кейде домалақ.
5. Құртқашаштар тұқымдасы – Iridaceae L.
Тұқымдас паспорты.
Туысы – 80 (5), түрі - 1800 (35).

Гүлі –* Р 3+3 А3 G(3)

Таралуы: тропикалық және субтропикалық елдерде кең таралған.

Тіршілік формасы: көпжылдық жатаған тамырсабақты және түйнек пиязшықты шөптесін өсімдіктер.

Тозаңдануы: айқас тозаңданады, жәндіктер арқылы (аралар, шыбындар, қоңыздар, көбелектер).

Жемісі – көптұқымды дөңгелек қорапша.

Маңызды туыстары: құртқашаш, шиқылдақ, бәйшешек.

Мәдени өсімдіктері: құртқашаш, бәйшешек, гладиолус.

Шаруашылық маңызы: көпшілігі декоративті өсімдіктер.

Құртқашаштар тұқымдастары - тропиктік жерлерде, субтропиктерде және қоңыржай климатты облыстарда кең таралған өсімдіктер. Құрғақ немесе батпақты жерлерде өсетін, тамырсабақты немесе түйнекті, түйнекті-пиязшықты көпжылдық өсімдіктер.

Жапырақтары қылыш тәрізді, жоғары қарай көтеріліп тұрады, кейде доға тәрізді иілген болып келеді, әдетте екі қатар түзіп орналасады.

Гүлдері сабақтың ұшында біреуден болады (немесе гүлшоғырына жиналған); қосжынысты, дұрыс немесе бұрыс гүлді Гүлсеріктері актиноморфты, кейде зигоморфты; желек тәрізді түтікке біріккен 6 жапырақшадан тұрады: сыртқы желектерінің көп жағдайда ішкі желектерінен айырмашылығы болады. Аталықтарының саны 3. Жатыны 3 ұялы, төмен орналасқан. Аналықтың мойыны жоғары жағынан 3- ке бөлінген, көбінесе желек тәрізді жақтаулардан немесе тармақталған аналықтың аузынан тұрады. Жабық тұқымдылардың арасында бұл тұқымдас аналық ауызының өзгешелігімен ерекшеленеді.

Бұл тұқымдастың түрлерінің көпшілігі әсем гүлдейтін өсімдіктер. Кей түрлері техникалық өсімдіктер болып табылады.
7.4. Қос жарнақтылар тұқымдастарындағы туыстастардың, түрлердің анықтағышы.
VI. Алабұталылар тұқымдасы Chenopodiaceae Lees
Тұқымдас паспорты
Туыстары 115 (47), түрлері 1500 (218)

Гүлі: *P2-5 A2-5 G(2-5)

Таралуы: Бүкіл жер шарында, полярлы белдеуден тропикке дейін таралған. Алабұталылар шөлді жерлерде басты орын алады.

Тіршілік формасы: Біржылдық шөптесіннен сүректі өсімдіктерге дейін.

Тозаңдануы– желмен (кей түрлерде бунақденелілермен тозаңдануы да кездеседі).

Мәдени өсімдіктері: Қызылша, шпинат.

Шаруашылықтағы маңызы: Көкеніс ретінде ас қызылшасы мен шпинаттың маңызы зор. Алабұталар ішінде тағамдық және май алынатын түрлері кездеседі. Кейбір алабұталардың құрамында сабын қайнатуда қолданылатын поташ пен басқа да сілтілер болады. Кейбір түрлері өсімдік бояуын береді. Алабұталардан қан қысымын төмендететін сальзолин препараты алынады.

Маңызды туыстар: ебелек (Сeratocarpus), изен (Kochia), алабұта (Chenopodium), көкпек (Atriplex), қараматау (Camphorosma), ақсора (Suaeda), сораң (Salsola), бұйырғын (Anabasis), сексеуілше (Arthrophytum), сексеуіл (Haloxylon).

Көпжылдық және біржылдық шөптесін, жартылай бұталы және бұталы өсімдіктер. Алабұталар бүкіл жер шарында кең таралған, әсіресе далалы және шөлді аймақтарға тән, көпшілігі арамшөп және рудеральды өсімдіктер болып табылады. Басым көпшілік түрлері Австралияның құрғақ аудандарында, Оңтүстік Американың пампаларында, Жерорта теңізі жағалауларында, Орталық және Шығыс Африка жерлерінде өседі. Қазақстанның шөлейтті және жартылай шөлейтті аймақтарында бұл тұқымдастың көптеген түрлері кездеседі.

Алабұталардың қосалқы жапырақтары жоқ, жапырақ пішіні таспалы, сопақша, етжеңді келеді, бүтін жиекті, тісшелі. Жай жапырақтары кезектесіп немесе қарама–қарсы орналасады. Кейде жапырақтары редукцияланып сабақтың буын аралықтарымен кірігіп кетуіне байланысты көптеген өкілдері жапырақсыз сияқты көрінеді.

Ксерофилді және галофилді алабұталардың тамыр жүйесі топырақ қабаттарында терең бойлап орналасады.

Сабағы тік, кейде алшақтана орналасқан. Алабұталылардың көпшілігіне (бұзаубас сораң, сексеуіл) бұтақтары мен сабақтарының буынды болуы тән.

Гүлдері реңсіз, цимозды дихазийдің қысқарған осьтерінде масақ, сыпыртқы және басқа да күрделі гүлшоғырларын құрайды. Кейде гүлдері жекелеп орналасады. Тостағаншасы 5, кейде 3–4, сирек жағдайда 1–2 кездеседі.

Аталығының саны, әдетте, тостағанша санына тең, кейде аталығы тостағаншадан кем, тіпті 1-у ғана болады (ебелек).

Аналығы 2, кейде 3–5, бірікпеген жеміс жапырақшаларынан тұрады. Үстінгі, сирек жағдайларда ортаңғы жатыны 1 ұялы, тұқымбүршігі жалғыз.

Жемістері көбінесе жаңғақ тәрізді құрғақ жемістер, кейде қорапша немесе жидек түрінде болады.

Алабұталарды жүйелеуде өсімдікті жабатын түктердің пішіні маңызды орын алады, олар көпіршік тәрізді түкті (алабұта, көкпек); буынды түкті және ұзын түкті (қараматау, сораң); бұтақтанған түкті (балқаңбақ) болып бөлінеді.

Қазақстанда кездесетін аса ірі туыстары: алабұта (20 түр), көкпек (25 түр), сораң (26 түр), ақсора (16 түр). Алабұталылар бүкіл Қазақстанда кең таралған.
VIІ. Көкнарлар тұқымдасы – Papaveraceae Juss.
Туысы – 45(7), түрі-700 (4)

Гүлінің формуласы – Ca(2) Co2+2 AG(3-20)

Таралуы: Солтүстік қоңыржай жане субтропикалық белдеулерде

Тіршілік формасы: Біржылдық және көпжылдық шөптесін өсімдіктер.

Жемісі: Құрғақ қорапша немесе жаңғақша

Маңызды туыстары: Қазақстанда – көкнар, айдаршөп, көгілдір,сүйелшөп.

Мәдени өсімдік: Көкнар

Шаруашылық маңызы: Дәрілік және әсемдік үшін өсірілетін өсімдіктер, көкнарлар тұқымдасының арасында улы түрлері де кездеседі. Көкнарлардың тұқымы кондитерлік өнеркәсіпте қолданылады.

Көкнарлар тұқымдасы әлемдік флорада 700 түрді біріктіреді. Солтүстік жарты шардың қоңыржай және субтропикалық аймақтарында таралған. Саны бойынша көп түрлер айдаршөп туысында (300 - ден астам), көкнар туысында (100-ге жуық) кездеседі. Көкнарлар арасында эндемді түрлер көп. Көкнарлар тұқымдасының өкілдері ылғал жеткіліксіз жерлерде өседі. Бірақ ылғалды жерлерде өсетін түрлері де кездеседі (сүйелшөп).

Айдаршөп пен көгілдір туыстарының кейбір түрлері ормандар және орманның шалғынды жерлерінде кездеседі. Көкнарлардың көпшілік түрлері ерте көктемде гүлдейтін өсімдіктер.

Көкнарлардың жапырақтары жай, кезектесе орналасады, қосалқы жапырақтары жоқ. Тамыр маңайындағы жапырақтары жертаған түзеді. Жапырақ тақталарының пішіндері әртүрлі. Жапырақтары қатты тілімшеленген, кейде бүтін жиекті.

Гүлшоғыры шашақ, бірақ тұқымдастың көпшілік өкілдерінде ұзын, тік бағытта тұратын, жапырақсыз, жалғыз гүлі болады. Гүлдері актиноморфты немесе билатеральды симметриялы, кейде зигоморфты әдетте ерте түсіп қалатын 2-3 тостағаншасы және 4-12 күлтесі болады. Гүлі қосжынысты, дұрыс немесе бұрыс (көгілдір, айдаршөп), әртүрлі түсті және әртүрлі пішінді болып келеді. Ақ, сиякөк, қызғылт, қызыл реңді келеген күлте жапырақшаларының төменгі бөлігінде қара дақтары болады. Тостағаншасы гүлдеудің бастапқы кездері-ақ түсіп отыратын 2 немесе 3 тостағанша жапырақшадан тұрады.

Күлтесі екі шеңберге орналасқан 46 немесе 812 (16–ға дейін) күлте жапырақшаларынан тұрады. Аталықтарының саны көп, кейде 6-12. Көпшілік көкнарларда аталықтары бес, тек көгілдір және оған жақын туыстарда 6 аталық, 3 аталықтан бірігіп "фаланги" немесе саусақша деп аталатын екі шоқты құрайды. Аналығы бір ұялы (сирек екі ұялы), 2 немесе 320 жеміс жапырақшаларынан тұрады, жоғарғы жатынды.

Көкнарлардың жемісі дөңгелек немесе бұршаққын тәрізді қорапша, қураған кезде жарылады немесе жоғары бөлігіндегі қуыстанып ашылады. Шар тәріздес қорпашада саны жағынан көп, пішіні бүйрек тәрізді сұр немес көкшіл қара түсті ұсақ тұқымдар түзіледі. Көпшілік көкнарлардың тұқымы ұсақ және олардың эндоспермінде май көп болады.

Көкнарлардың басқа тұқымдастан басты ерекшелігі, олардың сабақ және жапырақ ұлпаларында ақ немесе қызғылтсары түсті шырын жиналатын сүт жолдары болады.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет