ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені өсімдіктер систематикасы


VIII. Крестгүлділер тұқымдасы –



бет6/8
Дата01.04.2017
өлшемі1,46 Mb.
#13241
1   2   3   4   5   6   7   8

VIII. Крестгүлділер тұқымдасы – Cruciferae Juss.
Тұқымдас паспорты.
Туысы – 380 (81), түрі – 3200 (298)

Гүлі - * Ca2+ 2 Co4 А2 + 2 (2) G1

Таралуы – бүкіл жер шарында, бірақ көбінесе қоңыржай белдеуде кездеседі.

Тіршілік формасы – бір, екі және көпжылдық шөптесін, сирек жағдайда бұталы, жартылай бұталы.

Жемісі – бұршаққын, бұршаққынша. Тұқымы желмен, жануарлармен, өздігінен және су арқылы таралады. Қазақстанда кездесетін туыстастарына: ақбасқурай, қышабас, ымыртгүл, жұлдызшешек, ақшешек, шытырмақ, жұмыршақ, қанатжеміс т.б.

Мәдени өсімдік – қыша, ақжелкек

Шаруашылықтағы маңызы–көбінесе тағам ретінде (орамжапырақ, шомыр. т.б.), май алуда (қыша, арыш т.б.) қолданылады. Барлық крестгүлділер мал азығы ретінде пайдаланылады. Олардың ішінде галофитті өсімдіктер де аз емес.

Крестгүлділер әр түрлі ортаға тез бейімделеді. Көптеген крестгүлділер – біржылдық және көпжылдық шөптесін, жартылай бұталылар да бар, олардың сабақтарының төменгі жағы сүректеніп бұтақтанған. Көптеген тұзды және рудеральды крестгүлділер – біржылдық өсімдіктер (жұмыршақ, қанатжеміс, сарбасқурай, сармала).

Крестгүлділердің жапырақтары кезектескен, төменгі жағы жертағанды, жиі жағдайда гетерофильді және әртүрлі жапырақтар. Кейбір түрлерінің кіндік тамырлары жуандап, жемтамырларға (шомыр, шалқан) айналады. Басты ерекшеліктерінің бірі, бір немесе көп клеткалы бездеуітті түктері болады.

Крестгүлділерге шашақ және қалқанша гүлшоғыры мен басым көпшілігіне ақ және сары түсті гүлдер тән. Кейде гүлдері қызғылт, қызыл, сия көк, қоңыр түсті түрлері де кездеседі. Гүлсерігі күрделі, екі шеңберден тұратын тостағанша саны 4. Ішкі шеңбердегі тостағанша жапырақшаларының түбінде шірнектер жинақталатын қуыстар бар. Крестгүлділер гүлінің құрлысымен тез танылатын тұқымдас. Күлте жапырақшасы 4, олар айқастана орналасады, гүлі қосжынысты. Аталығы 6-у, 2- і қысқа, 4-і ұзын. Жатыны үстіңгі, екі жеміс жапырағынан тұрады. Жемісі ұзарған бұршаққын және қысқарған бұршаққынша, олар екі жақтаулары арқылы ашылады. Тұқымдарында эндосперім жоқ, ұрықтары әр дайым иілген күйде дамиды. Крестгүлділерді мынандай ерекшеліктер арқылы анықтайды: жеміс пішіні, күлтесінің түсі, түктену сипаты (түктері жай, екі рет тілімденген, бұтақты) ұрығының құрылысы, шірнеліктің орналасуы, жеміс жапырақшасының құрылысы.

Крестгүлділер Қазақстанның барлық жерлерінде кездеседі. Олардың ішінде кең тараған туыстарына: әжік (23 түр), сарбасқурай (10 түр), ақбасқурай (15 түр), ақшешек (10 түр). т.б.
ІХ. Раушангүлділер тұқымдасы – Rosaceae Juss.
Тұқымдас паспорты.
Туыс100 (36),түрі-3000 (203).

Гүлі * Ca(5) Co(5) А5- G(5)

Таралуы бүкіл дүние жүзінде, әсіресе Солтүстік жарты шардың қоңыржай және субтропикалық аймақтарында.

Тіршілік формасы – жапырақ тастайтын немесе мәңгі жасыл ағаштар мен бұталар, біржылдық және көпжылдық шөптесін өсімдіктер, кейде лианалар.

Тозаңдануы бунақденелілер арқылы (тозаңдану аймағы кең).

Жемісі көп таптама, сүйекті жеміс, жидек, алма және өте сирек жағдайларда қорапша, т.б. олар жануарлар арқылы таралады.

Маңызды туыстары тобылғы, ырғай, долана, лабазник, итмұрын, бүлдірген, қазтабан, теңгежапырақ, шелна, мойыл.

Мәдени өсімдіктері алма, алмұрт, таңқурай, қараөрік, шие, сарыөрік, бадам.

Шаруашылықтағы маңызы раушангүлдідер тұқымдасының ішінде көптеген азықтық, дәрілік, эфир майлы, витамин алатын, сәндік үшін өсірілетін түрлері өте көп.

Раушангүлділер тұқымдасы гүлді өсімдіктердің ішіндегі ең ірі тұқымдастардың бірі, олар 100 туыс және 3000-ға жуық түрді біріктіреді. Тіпті бұлар жер шарының барлық аудандарында тараған. Өсімдіктердің тіршілік формасы әртүрлі – мәңгі жасыл және жасыл жапырақтары түсіп тұратын ағаштар, бұталар, жартылай бұталар, көпжылдық және біржылдық шөптесіндер.

Раушангүлділерге әртүрлі құрылысты жапырақтар тән: жай және күрделі, қосымша жапырақты және қосымша жапырақсыз, қауырсынды және саусақ-салалы жүйкелі жапырақтар. Жапырақтары көбінесе кезектесіп орналасқан, қосалқы жапырақшалары бар, кейде олар ерте түсіп қалады.

Гүлдері актиноморфты сирек жағдайда зигоморфты, негізінен 5 мүшелі, кейбір түрлерінде 46 мүшелі шеңберлер құрай орналасады. Гүлдерінің түсі ақ, қызғылт, ашық қызыл, қызғылтым, кейде сары түсті болады. Көпшілігі әртүрлі бунақденелілерді еліктіру үшін, көп мөлшерде тозаң мен шырындар бөліп шығарады.

Гүлдері жалғыз немесе әртүрлі типті гүлшоғырға жиналған, көбінесе дұрыс, циклді, қос жынысты. Гүлсерігі қос, тостағаншасы мен күлтесі көбінесе 5-у, сирек кезде 3, 4, 6, 8 немесе одан да көп. Тостағаншасының астында көбінесе жабындық жапырақтары бар, олар сыртқы тостағанша шеңберін түзеді. Аталықтарының саны күлтесінен 2-4 есе көп, кейде тостағаншасы мен күлтесінің санына тең.

Тұқымдастың сипаттайтын ерекше ерекшеліктердің бірі – аналықтары мен гүлтабанының құрылысы. Гүлтабаны конус тәрізді әрі аналықтары көп санды, еркін және иілген көп ұялы аналықтары болуы мүмкін (алма). Раушангүлділер тұқымдасын гүлдері мен жемістерінің ерекше құрлысына байланысты төрт тұқымдас тармағына жіктейді. Олар: тобылғылар тұқымдас тармағы, раушандар тұқымдас тармағы, алмалар тұқымдас тармағы, қараөрік тұқымдас тармағы.

Жемістері көп таптама, жаңғақша, сүйекті жеміс, жалған жеміс, өте сирек жағдайда қорапша. Тұқымдары көбінесе эндоспермсіз.

Қазақстанда бұл тұқымдастан өте кең тараған туыстар: қазтабан (48 түр), манжетка (25 түр), итмұрын (24 түр), ырғай (16түр), тобылғы (10 түр), долана (7 түр), алма (5 түр).


Х. Бұршақ тұқымдасы – Leguminosae (Fabaceae) Juss.
Тұқымдас паспорты.
Туыс – 450 (42),түрі-12000 (650).

Гүлі – ↑Ca(5) Co1+2+ (2) A(9)+1 G1

Таралуы – Арктикадан Антарктикадаға дейін дүние жүзінде таралған.

Тіршілік формасы – көпжылдық шөптесін (кейде біржылдық), бұталы және ағаш.

Тозаңдануы– бунақденелілер арқылы (тозаңдану аймағы кең).

Жемісі – бұршаққап, бір ұялы, бір жеміс жапырақшасынан пайда болған. Арқа және бауыр жіктерінен ашылады. Жануарлар, жел арқылы тарайды.

Маңызды туыстары – жоңышқа, астрагал, беде, түйежоңышқа, кекіре, сиыржоңышқа, чина.

Мәдени өсімдіктері – арахис, бұршақ, лобия, соя, чина.

Шаруашылықтағы маңызы – бұршақ тұқымдастары маңызы жағынан астық тұқымдастарынан кейін екінші орында тұр. Бұршақ тұқымдастары тағамдық, мал азықтық, техникалық, балшырынды және декоративті өсімдіктер

Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің басым көпшілігі қос жынысты, бір үйлі өсімдіктер. Бірақ бұршақ тұқымдастарының ішінде дара жынысты, екі үйлі өсімдіктер де кездеседі, оларға гледичия, гимнокладус, нептунин т.б. жатады.

Бұл туыстас өкілдері Қазақстан территориясында кездеседі.

Бұршақ тұқымдас өсімдіктердегі туыстастар мен түрлерді анықтайтын морфологиялық белгілерге вегетативті мүшелерінің морфологиялық ерекшеліктері жатады.

Бұршақ тұқымдастар көпжылдық, кейде біржылдық шөптесін, жартылай бұталы, бұталы немесе ағашты өсімдіктер. Шөптесін түрлерінің көпшілігі қоңыржай, тіптен климаты салқын аудандарда топтасқан, ағаштары мен бұталарының көпшілігі тропикалық және субтропикалық аймақтарда өседі.

Бұршақ тұқымдастарының жапырақтары көп жағдайда күрделі болып келеді, олардың қосалқы жапырақтары (жапырақ серігі) бар, жапырақтары кезектесіп орналасады.

Гүлшоғыры шашақ, масақ, шоқпарбас болып келеді. Тостағаншасы біріккен жапырақшалардан тұрады, бес тісті, актиноморфты, дұрыс немесе зигоморфты, бұрыс гүлді болады. Күлтесі зигоморфты, 5 күлте жапырақшадан тұрады. Гүлі 1 желкеннен, 2 ескектен және бірігіп өскен 2 күлтеден пайда болған қайықшадан тұрады. Гүлдегі андроцей саны 10, оның 9–ы бірігіп өскен, 1–і жеке орналасқан, яғни екі туысты андроцей типін береді. Аталықтарының бірігуінен пайда болған түтіктер бір жағдайда тігінен, ал екінші жағдайда қиғаш кесілген болады. Аналығы бір мүшелі апокарпты, гүл түйіні жоғарғы. Ол тозаңдану, ұрықтану процестерінен кейін бұршаққапқа айналады. Жемісі бұршаққап.

Халық шаруашылығында бұршақ тұқымдасының көптеген түрлерінің маңызы өте зор. Солардың ішінде мәдени өсімдіктерге кірген жоңышқа, беде, эспарцет, чина, сиыржоңышқа сияқты мал азықты өсімдіктер жатады.

Олардың ішінде дәрілік түрлері де бар: мия, айбатмия, термопсис, софора т.б.

Бұршақ тұқымдастары өте ірі және кең тараған тұқымдас. Әлемдік флорада жетекші орын алады, адам шаруашылығында өте пайдалы.

Бұршақ тұқымдасы дүние жүзінің барлық жерлеріне таралған және әлем флорасында ең ірі тұқымдас. ТМД елдерінде 1700–ге жуық түрі бар, оның ішінен Қазақстанда 42 туыс және 650 түр кездеседі.

XII. Ерінгүлділер тұқымдасы – Labiatae Juss.
Тұқымдас паспорты.
Туысы – 270 (45), түрі – 3500 (234)

Гүлі - ↑ Ca(2+3) Co(2)+(3) А2+2 G(2)

Таралуы – бүкіл жер шарында, басым көпшілігі Жерорта теңізінде және Орталық Азияда.

Тіршілік формасы – біржылдық және көпжылдық шөптесін, жартылай бұталы, бұталы.

Тозаңдануы – жәндіктермен.

Жемісі – ценобий немесе төрт жаңғақты түсетін көп жаңғақты; жануарлар, жел, су арқылы таралады.

Қазақстанда кең таралған туыс өкілдеріне мыналар жатады: томағашөп, көкжалбыз, жыланбас, шөлмасақ, фломис, тауқалақай, қоянжырық, шалфей, киікоты, жұпаргүл, жебір, жалбыз.

Шаруашылықтағы маңызы: ерінгүлділер арасында көп түрлері эфир майларына бай, ондай майларды парфюмерияда, кондитерлік өндірісте және медицинада пайдаланады. Көптеген түрлері декоративті.

Бұл тұқымдас өкілдерін гүл құрылысынан тез білуге болады, олардың ұзын түтікті және екі ерінді күлтелері болады. Сабағы төрт қырлы, түзу, тік, кейде жатаған сабақты түрлері де (будра) кездеседі. Жапырақтары қарама-қарсы орналасқан, жай жапырақты, қосалқы жапырағы жоқ. Сабағы мен жапырақтары бездеуітті түктермен немесе эфир майын түзетін қабықшалармен жабылған. Негізгі тамыры өсімдіктің өсуінің барлық кезеңдерінде сақталады.

Гүлшоғыры – масақ тәріздес, 6-30 көк-күлгін гүлді. Гүлі дұрыс емес, көбінесе екі ерінді. Тостағаншасы өсіңкі,қоңырау тәрізді немесе екі ерінді, әдетте 5 мүшелі. Ерінгүлділердің күлтесі әдетте екі ерінге бөлінген: жоғарғысы 2, ал төменгісі 3 күлте жапырақшаларынан құралған. Үстіңгі еріні тегіс, немесе шығынқы болуы мүмкін, төменгі еріні үш бөлікті, үлкендеу. Әдетте ерінгүлділердің гүлінің аталығы 4, түтікті күлтеге жалғасқан, бірақ кей туыстарының аталығы 2 (шалфей).

Аналығы жеміс жапырақшасынан түзіледі. Жемісі көп тұқымды қорапша. Гүлдерінде шірнек бөлетін өскіндері болады. Шірнектің құрамында ароматты заттар: эфир майлары, спирт, фенол, альдегид, кетон және т.б. заттар кездеседі. Бұл тұқымдастың негізгі практикалық маңызы осы ароматты заттармен байланысты.

Қазақстанда кең, көп таралған туыстарына: томағашөп (32 түр), жебір (26 түр), шөлмасақ (23түр), жыланбас (22 түр), көкжалбыз (16 түр), фломис (13 түр), қоянжырық (15 түр), шалфей (8түр) жатады.

XIII. Алқалылар тұқымдасы - Solanaceae Hall.
Тұқымдас паспорты
Туысы – 95(11), түрі – 2500 (22) оның ішінде 8 түрі

Гүлі – Ca(5) Co(5) А5- G(2)

Таралуы – барлық жер шарында, көптеген түрлері әсіресе Оңтүстік Америкада кездеседі.

Тіршілік формасы – біржылдық және көпжылдық шөптесін, жартылай бұталы.

Тозаңдануы – жәндіктер арқылы.

Жемісі – жидек немесе қорапша, мал арқылы таралады.

Қазақстанда кең таралған туыс өкілдері: алқа, меңдуана, үрмежеміс, сасық меңдуана.



Мәдени өсімдіктеріне: бұрыш, қызанақ, темекі, физалис, баклажан, картоп.

Шаруашылықтағы маңызы: азықтық және дәрілік өсімдіктер. Сонымен қатар алқалылардың ішінде улысы да бар (сасық меңдуана).

Алқалылар тропикалық және субтропикалық аймақтарда кең таралған, әсіресе Орталық және Оңтүстік Америкада. Біздің флорада жабайы өсетін алқалылар өте аз, негізінен мәдени өсімдіктер.

Алқалылар шөптесін өсімдіктер, сирек жағдайда жартылай бұталы. Жапырақтары кезектескен, қосалқы жапырақсыз, жай тақта тәрізді, бүтін жиекті.

Гүлі қосжынысты, дұрыс немесе бұрыс зигоморфты. Гүлшоғыры цимозды, кейде гүлдері жекеленіп орналасады. Гүлсерігі 5 мүшелі. Тостағаншасы қатты терең тілімделінген, көбінесе жемісінде қалып қояды. Күлтесі қысқа не түтік тәрізді. Аталықтарының саны 5-у, кейде саны жағынан аз (1-3-і стаминодийге айналған), олар күлте аралықтарында орналасқан, жіпшесі қысқа. Аналығы 2 жеміс жапырақшасынан тұрады, тозаңы үлкен, гүлдері бунақденелілер арқылы тозаңданады. Үстіңгі жатыны 2 немесе кей жағдайларда 4-5 ұялы болып келеді. Әрбір ұяда өте көп тұқымбүршіктері дамиды.

Жемісі қорапша немесе жидек. Жидек жемісті өсімдіктердің өкілдерінің ішінде ең маңыздыларының бірі алқа, ол Қазақстанның барлық аймақтарында таралған. Көптеген алқалылардың құрамында улы алкалоидтар бар, оларды дәрі – дәрмек түрлерін алуда қолданады.

Алқалылардың шаруашылықтағы маңызы өте зор, әсіресе, бірінші кезекте: қызанақ, бұрыш, баклажан, картоп.

Қазақстанда алқалылардың жабайы өсетін маңызды түрлерінен: алқа (7 түр), меңдуана (2 түр), сасық меңдуана (1 түр) кездеседі.

XIV. Асқабақ тұқымдасы-Cucurbitaceae Hale.
Тұқымдас паспорты.
Туыстары -120(9) көбінесе мәдени өсімдік ретінде өсіріледі.

Гүлі - Ca(5)Co(5)A(2)+(2)+1 G(3)

Таралуы - тропикалық және субтропикалық аймақтарда таралған.

Тіршілік формасы - біржылдық, көпжылдық шөптесін өсімдіктер лианалар.

Тозаңдану - бунақденелілер арқылы тозаңданады.

Жемісі - жидек немесе асқабақ, сирек жағдайда қорапша, тұқымдары жануарлар арқылы таралады.

Мәдени өсімдіктер – арбыз, қауын, қияр, асқабақ.

Шаруашылық маңызы - көптеген түрлері Қазақстанда өсіріледі, маңызды тағамдық өсімдіктер.

Асқбақ тұқымдастары тропикалық ормандардан бастап шөлейтті жерлерге дейін таралған. Әсіресе Африка, Оңтүстік - Шығыс Азия және Оңтүстік Америкада жабайы асқабақ түрлері кең таралған. Асқабақ тұқымдастары біржылдық немесе көпжылдық жатаған, кейде өрмелегіш шөптесін өсімдіктер.

Жапырақтары ірі жүрек тәрізді, саусақты-салалы бөлінген, кезектесіп орналасқан, қарапайым немесе тарамдалған мұртшалары болады, олар арқылы өсімдіктер әртүрлі бекіністерге бекініп өседі. Бұл тұқымдастың қосалқы жапырақтары жоқ, жапырақ тақталары өте үлкен, көбінесе жылдам өсетін өсімдіктер.

Гүлдері цимоздық гүлшоғырында немесе жекеленіп орналасады. Гүлдері дара жынысты, бір немесе екі үйлі, сирек жағдайда қос жынысты. Тостағаншасы 5 мүшелі, тісшелі, жасыл түсті. Күлтелері ірі, кішірек келген ашық реңді, 5 мүшелі.

Андроцейі (аталықтар жиынтығы) 3-5, кейде 2 аталықтан тұрады, олар бос немесе екі-екіден бірігіп өседі, бесінші аталығы бос күйінде қалады немесе редукцияға ұшырайды. Аталық жіпшелерінің төменгі бөліктері бірігіп өсіп, түтік түзеді. Тозаңқаптары түрлердің басым көпшіліктерінде имектенеді, кейде тік орналасады.Тозаңқаптары 2 ұялы.

Гинецейі (аналықтардың жиынтығы) 3 жеміс жапырақшаларынан құралған, паракарпты, тұқымбүршіктері көп, кейде жалғыз. Жатынның анылық аузы 3-ке бөлінген, қалыңданған, етжеңді келеді, аналық мойыны қысқа.

Жемістері асқабақ, кейде ірі жидек тәрізді, экзокарпиі тығыз немесе қатайып сүректенген, мезокарпийі тығыз етженді, ол сыртқы қабатымен бірігіп өскен. Жемістерінің пішіндері мен көлемдері әртүрлі, тұқымдары көп, олардың эндоспермдері болмайды.

Қазақстанда шаруашылық маңызы зор бақша өсімдіктері ретінде өсіріледі (қияр, қауын, асқабақ және т.б.).


ХV. Күрделігүлділер тұқымдасы - Compositae Adans.
Тұқымдас паспорты
Туыстастары – 1510(140), түрі-20000 (700).

Гүл формуласы: Са (0-желайдарша) Со(5) А(5)G(2).

Таралуы: Бүкіл жершарында, әсіресе қоңыржайлы және субтропикалық аймақтарда кең таралған.

Тіршілік формасы: Бір және көпжылдық шөптесін және сүректіөсімдіктер.

Тозаңдануы: Бунақденелілер (энтомофильді), кейде жел арқылы (анимофильді).

Жемісі: Тұқымша, тұқымдары жел және бунақденелілер арқылы таралады.

Шаруашылық маңыздылығы: Көптеген түрлері дәрілік, тағам ретінде пайдаланылады, эфирлі майлы өсімдіктер. Күрделігүлділер арасында арамшөпті өсімдіктер көп кездеседі.

Тіршілік формалары кішігірім ағаштар (кейде бұтақтанбаған бағана тәрізді тік сабағы болады) бұталар, жартылай бұталылар, көп және бір жылдық шөптесін өсімдіктер. Сонымен қатар өрмелегіш және суккулентті өкілдері де бар. Жер бетінің барлық құрлықтарында кездеседі. Бұл ең көп таралған және жоғарғы деңгейде жетілген тұқымдастардың бірі. Көптеген туыстастары өзгергіш келеді, өйткені олар белсенді түрде жаңа формаларды түзу сатысында тұр. Түрлері тұқымы арқылы да, вегетативті жолмен де өте жақсы көбейеді.

Жапырақтары әдетте кезектесіп, қарама-қарсы немесе топтасып орналасады, кейде олар жертаған түзіп қатты қысқарады. Көп жағдайда өсімдіктен бөлініп шығатын әртүрлі заттар жиналатын қуыстары болады, олар сүт жолдары, схизогенді смола жолдары. Клеткаларында инулин жиналады.

Күрделігүлділерге әртүрлі туыс өкілдері кіргенімен, олардың барлығына ортақ қасиеттер тән. Оларға тән ерекше қасиет, себет гүлшоғырының болуы, ол өте көп мөлшерде тығыз орналасқан ұсақ гүлдерден тұрады. Бұл тұқымдасты, басқа тұқымдас өкілдерінен оларға тән гүлшоғыры арқылы оңай ажыратуға болады. Күрделігүлділердің себеттері, жабайы өсетін түрлерде, көп жағдайда көлемі жағынан үлкен болмайды.

Себеттері ашық реңді, бунақденелілерді еліктіретін жұпар иісті болады. Себеттің сыртын гүл асты жапырақтары жауып тұрады, олардың жиынтығы орама түзеді. Ораманың пішіні, оны құрайтың жапырақтар саны жағынан әртүрлі келеді. Кейбір туыстас өкілдерінің орамасында ілмекшелері болады. Себет гүлшоғырының сабақтан пайда болған гүл табаны «ортақ гүл табаны» деп аталады.Гүлдер бекитін, оның беткейі ойыс, дөңес, тегіс, кейде торлы немесе ұялы болып келеді.

Күрделігүлділердіңтостағаншаларының құрылысы әртүрлі, тостағаншажапырақша пішіндес болмайды, әртүрліөзгерістерде кездеседі, көбінесе тостағаншалары байқалмайды немесе бес төмпешік түрінде сақталады. Кейде тостағаншалары қылтанақ немесе қабыршақтар түрінде дамиды. Күрделігүлділердің кейбір өкілдерінде тостағанша тісшелері ұзын түктермен аяқталады, мұндай түктер тостағанша тісшелерінің жиектерінен де, олардың аралықтарынан да өсіп шығуы мүмкін. Бұл тұқымдастың гүл бөліктерінен әр түрлі пампустар түзіледі. Көп жағдайда пампустар жатынның жоғарғы бөлігінде пайда болады, олар айдарша деп аталады. Айдарша көптеген талшық түктерден құралады.

Күрделігүлділердің күлте жапырақшалары біріккен, дұрыс пішінді. Күлте құрылысына қарай гүл төрт типке жіктеледі: түтүкті, тілшелі, жалған тілшелі, воронка тәрізді.

Түтік тәрізді гүлді әдетте алғашқы деп атайды. Күлтенің жапырақшалары бұл жағдайда төменгі жағынан түтікке бірігеді, үстіңгі жағынан қоңырау тәрізді кеңейіп, 5 тісшеге бөлінеді. Гүлі актиноморфты, қос жынысты, кейде дара жынысты.

Тілше гүлдің түтік тәрізді гүлден пайда болғаны күмән келтірмейді. Күлтенің төменгі бөлігі түтікке бірігеді, бірақ ол өте қысқа болады. Одан жоғары түтік бір жағынан ыдырап тілше түзеді, оның ұшы 5 тісшемен аяқталады. Гүлі зигоморфты, қос жынысты. Гүлдің формуласы: Са (5)-О

Со (5) А (5) G (2).

Жалған тілшелігүл тек 3 күлте жапырақшадан түзілген, оны тілшенің ұшындағы 3 тісі көрсетіп тұр. Бұл зигоморфты, көп жағдайда аналық гүл, аталығы жоқ. Гүлдің формуласы: Са (5)-О Со (3) А (0) G `(2).

Воронка тәрізді гүлдің күлтесінің трубкасының жоғарғы жағы воронка тәрізді кеңейген болып келеді. Бұл жыныссыз гүл аталығы да, аналығы да болмайды. Гүлдің формуласы: Са (5)-О Со (5-7) А0G0.

Себеті бір жағдайда тек түтік тәрізді гүлдерден немесе тілше гүлдерден тұруы мүмкін, ал екінші жағдайда оның ортаңғы бөлігі түтік тәрізді гүлдерден, ал шет жағы жалған тілше гүлдерден немесе воронка тәрізді гүлдерден тұрады. Шет жағында орналасқан ірі гүлдердің реңі ортаңғы ұсақ гүлдерге қарағанда басқаша болады. Гүлшоғырында әртүрлі реңнің қалыптасуы, тозаңдану кезінде бунақденелілерге жақсы бағдар береді.

Аталығы 5-у, күлте түтігіне бекінеді. Аталық жіпшелері бос орналасады, ал тозаң қапшықтары бүйір қабырғалары арқылы бітісіп, тозаңқап түтігін құрайды. Тозаңқаптары көбінесе ұзарған күйде.

Аналығы 2 жеміс жапырақшаларынан құралып, екі жақтаулы аналық ауызымен жалғасады, жатыны төменгі, бір ұялы, жемісі тұқымша.

Гүл шоғырында жыныстық бөліну әрқилы. Себет гүлшоғырындағы гүлдер тек қос жынысты, қос жынысты және дара жынысты, бір себетке немесе әртүрлі себетке жиналған гүлдерден тұруы мүмкін. Әртүрлі себетке жиналған гүлдер бір үйлі де және екі үйлі де өсімдіктер болуы мүмкін.

Тұқымдасқа кіретін түрлердің көпшілігінде кіндік тамыр дамыған, көбінесе тамыры түйнек тәрізді жуандаған (щоңайна ). Өркендері әдетте, қарама-қарсы немесе буынды орналасқан жапырақты. Өркендері кей жағдайда қатты қысқарған, жатаған пішінді.

Тамырларында, сабақтарында және жапырақтарында сүттеген және схизогенді шәйір жолдары орналасқан. Күрделігүлділердің халық шаруашылығында маңызы өте зор.

Қазақстанда кең тараған туыс өкілдеріне: жусан (81), бақбақ (59), көбенқұйрық (56), юринея (51), соссюрея (41), майдажелек (31), таусағыз (28), гүлкекіре (27), зиягүл (26), сарықалуен (19), түймешетен (15) және т.б. жатады.

3. Зертханалық жұмыстар

1,2,3 Зертханалық сабақ (4 сағат)


Сабақтың тақырыбы: Балдырлардың түрлері

Сабақтың мақсаты :

Балдырларды анықтап, жіктеу. Балдырлардың негізгі маңызы және таралуы. Балдырларды анықтау барысында Ертіс өзен жағалауларында, тоқтап қалған су тоғандарында, Жерновка, Озерка, Лепсі, Қарашоқы т. б. жерлерден жинақталған балдырлар түрлерін анықтау қажет.

Балдырлар төменгі сатыдағы өсімдіктердің ішінде фото-автотрофты өсімдіктердің қатарына жатады. Бұлардың тіршілік ортасы көбінесе су немесе ылғалды жерлер болып келеді. Сол сияқты топырақтың астыңғы және топырақтың үстіңгі беттерінде қоныстанған түрлерімен қатар, ағаштардың қабықтарында, тастарда кездесетін түрлері әліде болса мұқият зерттеуді қажет етеді. Әртүрлі экологиялық жағдайларға байланысты қоныстанған балдырлар түрлері бірігіп ценоз түзеді. Яғни, белгілі ортаға белгілі бір балдырлар түрлері тән көк жасыл балдырларды, нағыз ядросы, хромотофорасы, митохондриясы жоқ болған себептен, бактерияларға біріктіріп, прокариотты топтарға жатқызады. Ал қалған балдырлар топтары эукариоттарға, яғни ядролы өсімдіктер топтарына жатады.

Төменгі формадағы саңырауқұлақтардың сыртқы қабығы жоқ, жалаңаш, тек сыртқы қабаты цитоплазма қабығымен ғана қапталған.

Ал жоғарғы формадағы балдырлардың клетка қабықшасы бар, олар пектиндік заттардан және гемицеллюлозадан тұрады. Клеткада вакуоль, эндоплазмалық тор, рибосома, митохондрия, Гольджи аппараты, хромотофорлар орналасқан. Көк-жасыл балдырлардан басқаларында өзге органеллалармен қоса хромотофорлар жақсы көрінеді. Олар жасыл өсімдіктерде хлоропласт деп аталса, бұларда хромотофора деп аталады. Бұл жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің хлоропластармен салыстырғанда әртүрлі пішінді, атап айтқанда дән, белдік, жіпше, жұлдызша спираль т.б. формада болады.

Барлық эукариотты балдырларда ерекше пиреноид бар, ол көбінесе хромотофораның ішінде, немесе одан тысқары орналасады. Клеткасы балдыр түріне байланысты бір немесе көп ядролы болады.

Балдырлардың көбеюі.

Вегетативтік көбеюі талломдары бөлінуі арқылы жүзеге асады. Бұл жағдайда протопласт ешқандай өзгерістерге ұшырамайды.

Жыныссыз көбеюі. Бір клетка екіге, төртке, сегізге бөлініп, соған сәйкес зооспора түзіледі. Коньюгаттарда, хараларда, диотомдылардың кейбір түрлерінде, қоңыр балдырлардың фукус туысына жататын түрлерінде жыныссыз көбею процесі байқалмаған.

Жынысты көбею жолы. Бұлар барлық балдырларға тән. тек жынысты көбею жолы көк жасыл балдырларда ғана жоқ. Жынысты көбею дегеніміз екі жыныс клеткаларының, яғни гаметалардың қосылуы арқылы жүзеге асады. Олар арнайы аналық клеткаларда-гаметангияларды түзеді. Олар қосылып зигота түзеді. Жыныс процессі бірнеше этаптан тұрады. Екі гаметаның цитоплазмасы қосылған кезең кариогамия деп аталады. Сонымен зиготаның ядросы дипоидты, яғни жұп хромосомды. Жыныс процесінің соңғы кезеңінде диплоидты ядро редукциялық жолмен (мейоз) бөлінеді. Яғни, хромосом саны екі есе азаяды.

Қосылатын гаметалардың морфологиялық айырмашылықтарына байланысты изогамия, гетерогамия, оогамия деп бөлінеді.

Тағы бір жынысты көбею жолдарына коньюгация жатады. Бұл процесс физиологиялық жағынан гаметалардың қызметін атқаратын, вегетативтік дифференцияцияланбаған, екі клетканың ішіндегі заттардың қосылуы арқылы жүреді. Балдырларда ұрпақ алмасу бар диплоидты жыныссыз спорофит және гаплоидты жынысты гаметофит. Екі ұрпақ та морфологиялық жағынан бірдей болса, оларды изоморфты ұрпақ алмасу дейміз. Ал егер сыртқы пішіні жағынан әртүрлі болса, оларды гетероморфты ұрпақ алмасу дейміз. Изоморфты ұрпақ алмасу теңіз балдырлары мен жасыл балдырлардың арасында ульваға, энтероморфтыларға, кладофораға, хетеморфаға тән. гетероморфты ұрпақ алмасу көбінесе қоңыр балдырларға тән, сол сияқты жасыл және қызыл балдырларда да кездеседі.

Балдырларды анықтау барысында Ертіс өзен жағалауларында, тоқтап қалған су тоғандарында, Жерновка, Озерка, Лепсі, Қарашоқы т. б. жерлерден жинақталған балдырлар түрлерін анықтау қажет. Сабақ барысында алдын- ала жоғарғыда көрсетілген жерлерден балдырлар түрлері банкаларға жинақталады. Жинақталған балдырлар түрлері микроскоптің көмегімегімен қаралып арнаулы анықтағыштар арқылы анықталады. Анықталған балдырлар жіктеліп қысқаша сипаттамалы беріледі.
Көк-жасыл балдырлар (Cuanophyta).

Хроококкалылар класы – микроцистис жатады. Олар судың гүлденуін туғызады. Олар шар тәрізді балдырлар коллонияларын түзеді де, сырты шырышпен қапталады. Глеокапс – шар тәрізді, суда ақ түсті шырыш, ал құрғақшылықта қызыл, жасыл, сия көк түсті шырыш түзеді.

Хамесифондылар класы. Субстраттардың төменгі бөліктерінде алмұрт немесе бұршақ тәрізді бекнген экзоспоралары арқылы көбейетін түрлерге хамесифон жатады.

Гормогондықтар класы. Жіпше тәрізді формаларына Осциллятория топырақтың беткі ылғалды қабатында көк-жасыл келген жабынды түзсе, су астындағы және су бетіндегі субстраттарда көк-жасыл өңез түзеді.

Анабена – бір немесе бірнеше жіпше бірлесіп тіршілік ететін балдырлардың қатарына жатады.



Жасыл балдырлар бөлімі

Хлорококкалылар немесе протококкалылар қатары.

Хлорокок тұщы суларда, топырақта, ағаштың қабығында және көптеген қыналардың құрамында кездеседі. Клеткаларының формалары шар тәрізді, бір немесе көп ядролы, табақ тәрізді хроматофорасы бар, бірнеше пиреноидтары болады. Жиырылғыш вакуолячы және көзшесі жоқ.

Колониялы формаларына су торшасы жатады. Hydrodictyon.

Бұлар ағыны баяу тұщы суларда, немесе тоқтап қалған, азотқа бай су тоғандарында кездеседі. Бұлардың сыртқы формалары қапшық тәрізді: ұзындығы 30 см-ге дейін жететін цилиндр, немесе жалпақ сопақ келген клеткалары үш бұрыштарымен қосылып тор құрайды .

Жасыл балдырлардың тармақталған бір ядролы жіпше тәрізді өкілі ретінде улотрикс зонатаны қарастырамыз. Клеткалары цилиндр пішіндес, қысқа, протомплазмасындағы хроматофорасының пішіні белдеу тәріздес. Бұл бір ядролы өсімдіктердің қатарына жатады .

Белбеулі улотрикс ағыны қатты бұлақтарда, өзендерде, сол сияқты суы мол көлдердің жиектерінде кездеседі. Олар су астындағы тастар не басқа да қатты субстраттарға беки өседі.

Драпарнальдия балдыры таза жерде, аэрациясы жақсы, ағыны қатты өзендер мен бұлақтарда тіршілік етеді. 10метр тереңдіктерде өте көп мөлшерде түзіледі. Драпарнальдия балдырының жіпшелері ұзын, аздап бұтақтанған, хроматофорасы белдік тәрізді, шеттері тілімшеленген. Түзілген бұтақтарда топтанып шоқтар орналасады. әрбір қысқа келген жіпшелердің бас жағы ұзын келген түссіз талшықтармен аяқталады.



Коньюьюгаттар және харалы балдырлар.

Зигнемалықтар қатары.

Көп клеткалы, бұтақтанбаған; тұщы ағынды суларда тіршілік етеді. Олар көбінесе судың беткі немесе астыңғы қабатында тіршілік етеді. Клеткасы цилиндр тәрізді, қалың қабықпен қапталған.

Өкілі: спирогира (275 түрі бар). әрбір клетканың протоплазмасында, қабыққа жақын жерде, лента тәрізді, шеті иректелген спираль түрінде оратылған жасыл түсті хромотофора орналасқан . Оның маңайнда крахмал дәндерімен қоршалған пиреноидтар орналасқан. Клетканың ортаңғы үлкен бөлігін клетка шырыны толған вакуоль алып жатыр.

Десмидиум жіпше немесе жіңішке шынжыр тәріздес болып кледі. Басты ерекшеліктерінің бірі екі жақты симметриялы клетка қабығы екі жақтау түзеді. Бұл әдетте балдырлардың көбейген кезінде ғана байқалады. Десмидиум балдырлары тұщы суларда, топырақта шым тезекте, батпақты, әсіресе кальций тұздары аз жерлерде тіршілік етеді.



Харалы балдыр. Харалардың ұзындығы кейде 50 см-ден асады. Сыртқы пішіні қырық буындыларға ұқсас (хвощ). Талломы буынға және буын аралықтарына бөлінген.

Өсімдік денесі «сабақтан» және оларда шоғырланып оргаласқан «жапырақтан» тұрады . Су астындағы көптеген ризоидтармен субстратқа бекініп тұрады, онда крахмал жинақталатын түйнектері бар.



Диатомды балдырлар. Диотомды балдырларға бір клеткалы, колониялы немесе жіпше тәрізді қоңыр-сары түсті балдырлар жатады. Кремнеземнан құралған қабық екі жақтаулы болып келеді де, бір-біріне киіледі. Олардың үлкен жақтауы эпитека, ал кіші жақтауы гипотека деп аталады. Клеткасы бір ядролы, бір немесе бірнеше хромотофорадан тұрады. Жинаөталған материалдардың арасанда диатомды балдырлардың басқа түрлерін атап айтқанда навикула, табеллярия, фрагилярия және т.б. түрлерін тауып анықтау қажет.
4,5,6 Зертханалық сабақ (4 сағат)
Сабақтың тақырыбы: Саңыруқұлақтар. Макромицетті саңырауқұлақтар. Оларды түр құрамдарын анықтау. Қалпақты саңырауқұлақтардың экологиялық топтары. 6- сағат

Саңырауқұлақтар өте ұлкен организм топтарын құрайды. Жер бетінде 100 мыңдай түрді біріктіреді. Олардың құрамында хлорофилл пигменті жоқ, сол себептен де дайын органикалық заттармен қоректенеді, яғни гетеротрофты қоректену жолдары тән. Саңырауқұлақтың негізгі вегетативтік денесі мицеллий немесе гирбиницадан тұрады. Олар әріқарай жіңішке келген гифтарға тармақталады. Ол субстраттың үстінде немсе ішінде орналасады да, қоректік заттарды бүкіл денесімен сорып қоректенеді. Саңырауқұлақтың мицелийлері клеткаларға бөлінбеген немесе клетка қабықшасы жоқ, тек протоплазмадан тұрса, оларды салыстырмалы түрде төменгі формадағы саңырауқұлақтарға жатқызамыз. Вегетативтік денесіндегі жіпшелері бір-бірімен матасып, жалған ткань плеткенхима түзеді. өзгерген гифтар бір-бірімен қосылып тәж түзеді. Оларды ризоморфтар деп атайды. Олар әртүрлі қалыңдықта болады. Тәждің сыртқы гифтері қоңыр, ішкі жағы ақ болады.

Кей жағдайларда оның іші өткізгіш түтікке ұқсайды. Мицелийдің ерекше өзгерген түрі склероций өте тығыздалған гифтан тұрады. Бұлардың негізгі тақаратын қызметі қоректік заттар жиналатын орын немесе көбею органдарының қызметін атқаратын органдар болып саналады.

Саңырауқұлақтар гетеротрофты өсімдіктер. Олар субстратты шірітеді, минералдайды. Аздаған бөліктері жануарлар өлекселерінде тіршілік етеді. Басым көпшіліктері паразитті өсімдіктер қатарына жатады. Көбінесе саңырауқұлақтардың өсімдік субстратында болуы, олардың клеткаларында арнаулы углеводтарды ыдырататын ферменттердің болуы арқылы сипатталады. Тіршілік ететін ортасы қышқылдық орта, олар қышқыл ортаға төтеп бере алады.

Ал белокқа бай жануарлар субстратында тіршілік ететін саңырауқұлақтар бактериялармен тең түсе алмайды, себебі сілтілік орта саңырауқұлақтарға қарағанда бактерияларға қолайлы.

Базидиомицеттер класы. Базидиомицеттер класының өкілдері.

Гименомицеттердің агариктер қатары.

1. Агарикалықтар қатарына шампиньондар тұқымдасы жатады. Тұғырлдарында сақина түрінде жабындық қалады, пластинкалары бос. Спораларының түсі ақтан қара түске дейінгі аралықта болады. Бұлардың ішінде кең тарағантуыс агарикус, шатырша.

2. Мухоморлар тұқымдасы Amanitaceae. Пластинкалары бос, споралары ақ және қызғылт түсті. Жалпы жабындығы бар, өскеннен кейін жабындығы тұғырында сақина түрінде қалады. Улы түрлеріне Amanita phalloides (бледная поганка немесе сасық мухамор) жатады (8-сурет).



Сыроежка тұқымдасы – Russulaceae.

Жемісті денесі үлпілдек келеді. Споралары ақ, крем түстес, орнаментті. Қылқан жапырақты орманда өсетін түрлеріне рыжик (lactarius deliciosus), волнушка (l. torminosus), груздь настоящий тағы басқа түрлері жатады.

Бұлардың барлығы жеуге жарамды саңырауқұлақтар.

Капрофиллдер тұқымдасы – Coprinaceae.

Қалпағы жұмыртқа немесе цилиндр тәрізді. Споралары қара, сиякөк, қоңыр сұр түсті. Жемісті денесі нәзік, тез омырылғыш келеді. Сапрофитті түрде қоректенеді: көңде, ағашта, тағы басқа жерлерде кездеседі. Бұлардың ішінде Caprinus comatus (ақ капрофилл) жеуге жарамды.



Трутовик тұқымдасының әртүрлі кезеңдерге жататын нағыз трутовик, жалған трутовик, қызғылт трутовик т.б. түрлерінің жемісті денелерінің коллекцияларын қолдана отырып анықтау және олардың қысқаша сипаттамасын жазу қажет..

Гастеромицеттер (Gasteromycetales) қатарлары.

Дождевиктер – (Lucoperdales). Түйреіш, шар, жұлдыз тәріздес жемісті денесі жер астында өседі. Глеба көптеген камералардан тұрады да, өскен кезде жойылады. Негізгі туыстары дождевик, головач, порховка т.б.

Васелектар қатары – Phallales (фаллюс).

Глебасы етжеңді немесе желатин тәріздес. өте көп камераларға бөлінген. Спорасы өскенде қатаяды; жас кезінде денесі шырышты, өте жағымсыз иісі болады, ол глебаның бүлінуінің әсерінен болады. Өлексенің иісі бар спора көбінесе шыбын арқылы таралады.

Сабақ соңында гименомицеттердің экологиялық топтарын қарастыру қажет . Субстратқа байланысты олар төмендегідей топтарға бөлінеді:

1. Ксерофиллдер-ағаш сүректерінде тіршілік етеді. /Опенок осенний-Armillariella mellea/

2. Топырақтағы сапрофиттер.

3. Микоризді саңырауқұлақтар.

4. Капрофиллді түрлері. Шөппен қоректенетін жануарлар қиында тіршілік етеді.

5. Карбофиллді түрлер жанған ағаштарда қоныстанады. /Pholiota/.

6. Микрофиллді саңырауқұлақтар басқа гименомицеттерде паразиттік түрде тіршілік етуі. Жоғарғыда көрсетілген экологиялық топтарға байланысы бірнеше мысалдар келтіріңіздер. Сонымен қатар ормандарда , жазық жерлерде және үй маңайында кездесетін саңырауқұлақтар түрлерін жинақтап анықтау қажет.

ЗИГОМИЦЕТТЕР КЛАСЫ.

Мукорлар қатары.

Мукорлар тұқымдасы.

Мукор көбінесе олар ақ немесе сұр түсті үлпілдек ұлпа түрінде өсімдік тектес ас тағамдарында (нан, варенье, жеміс, көкөніс өнімдері), сол сияқты, қоймалардағы тұқымда дамиды. Мицелий субстратта өседі: олардың тұғырларында көп споралы спорангийлер орналасады. Сонымен қоса кішкентай спорангиолалар түзіледі, оларда спора саны аз жыныссыз конидийлер болады.

Арнаулы ыдысқа салынған нан кесіндісіне су тамызып 2-4 күн аралығында термостатта ұстайды. Түзілген мукор мицелиилерін лупа арқылы қарау қажет.

Мицелийдің кішкене бөлігін ине ұшымен заттық шыныға салып, үстіне бір тамшы су тамызып, жабындық шынымен жабу керек. Уақытша препараттан микроскоп арқылы мукордың мицелийін және спора тасушы органдарын қарап, суретін салу қажет.Мукордың 10-12 күн аралығында өсірілген дақылынан жасалған уақытша немесе тұрақты препатараттардан, мукордың жыныс органдары мен зиготасын тауып, суретін салып, белгілеу керек.

Эуаскомицет класс тармағы. Плактомицеттер қатар тобы.

Жемісті қалталылар. Бұларға Aspergillus, Penicillium, Acremonium т.б. жатады. Аспергилл және пеницилл саңырауқұлақтары сыртқы құрылыстары жағынан бір-біріне ұқсас келеді. Бұлар конидия сағағының құрылыстары арқылы және ұнтақ көкшіл, жасыл, сары, қара т.б. түсті зеңдері арқылы ажыратылады. Аспергилдің конидия сағағы бір клеткалы цилиндр пішінді, жоғарғы шоқпарланған радиальді клеткалы стергималарында бір клеткалы, олардың жоғарғы жағындағы 2-3 тармақталған стеригмаларда конидийлер орналасқан.

1. Аспергилл және пеницилл саңырауқұлақтарын лабораториялық жағдайда өсіру үшін ылғалды нан үзіндісі немесе лимон қабығы 25-270С термостатта 7-10 күн аралығында ұстау қажет.

2. Тұғырлы конидийлі пеницилл препаратын дайындау үшін ине ұшымен дайындалған субстраттың үстінен ортаңғы бөлімінен бастап шеткі бөлімдеріне қарай жүргізу керек. Заттық шыныдағы глициринмен араластырылған су тамшысына, ине ұшындағы саңырауқұлақ мицелийін салып бетін жабындық шынымен жабу керек. Уақытша жасалған препараттан микроскоптың үлкен объективі арқылы көп клеткалы мицелий және конидийлі тұғырларындағы бұтақтанған стригмаларды тауып, суретін салу қажет.

3. Пеницилл клейстотецийінің препаратын дайындау. Дайын пеницилл дақылдарынан препараттық ине арқылы алынған клейстоттецийлерді заттық шыныдағы 5-10 пайыздық КОН ерітіндісінің тамшысына салып, микроскоппен қарау қажет. Аскі мен аскоспоралардың суретін салып белгілеңіз.

4. Аспергилл саңырауқұлағының уақытша препараты да жоғарғыда көрсетілгендей әдістермен дайындалынады.


7 -8 Зертханалық сабақтар (2 сағат)
Сабақтың тақырыбы: Қыналар. Семей өңірінде таралған қыналардың түрлік құрамы. Түрледі анықтау. Таралуы.

ҚЫНАЛАР (LICHENES) бөлімі. Қыналар саңырауқұлақ пен балдырлардың симбиоздық түрде тіршілік етуі нәтижесінде пайда болған ерекше өсімдіктер тобы болып саналады.

Жоғарыда айтылғандай қынаның денесі балдыр мен саңырауқұлақтан тұрады.

Олардың құрамына кіретін балдырлар көк-жасыл және жасыл балдырлар бөлімдеріне жатады, олардың табиғатта өз бетінше тіршілік ететін түрлерінен еш өзгешелігі жоқ.

Қыналар құрамындағы жасыл балдырлардың түрлерінен хлорелла, цистококк, кладофора, трентеполия кездеседі, соңғы екеуі жіп тәрізді формалар. Бұндай қыналар жасыл түсті болып келеді. Көк жасыл түсті балдырлардан түрлеріне глеокапса, хроококк тағы басқалары кездеседі.

Қынаның құрамына кіретін саңырауқұлақтардың түрлерінің басым көпшілігі аскомицеттер класын құрайтын саңырауқұлақтар. Оларға пиреномицеттер мен дискомицеттер жатады. Ал базидиомицеттерден телефора туымы кіреді. Жоғарыда аталған саңырауқұлақтардың табиғатта жабайы өсетін түрлерімен салыстырғанда ұқсастығы шамалы. Олар анатомиялық құрылысына байланысты гомеомерлі және гетеромерлі деп екіге бөлінеді.

Гомеомерлі типі қарапайым құрылысты болып келеді. Олардың денесін құрайтын саңырауқұлақ және балдыр клеткалары денелерінде біркелкі таралған. Бұлар балдыр бөліп шығарған кілегейдің ішінде орналасады. Кепкен кезде морт сынғыш келеді де, суға салса ісінеді.

Мысал ретінде Коллема қынасының қара түсті, жастық пішінді талломын алуға болады, ол носток колониясынан және саңырауқұлақ жіпшелерінен тұрады.

Лептогиум – бұл қынаның денесі төменгі және жоғарғы қабаттарға бөлінеді де, субстратқа төменгі жағындағы ризиналар арқылы бекінеді. Ортаңғы бөлімі коллемаға ұқсас.

Гетеромерлі талломның құрлыс ерекшеліктерін ксантория мен пармелия сияқты жапырақшалы қыналардың көлденең кесінділерінен байқауымызға болады. Кесінді препаратынан талломның үстіңгі қабатының өте тығыз шиыршықтала оралған жуан қабықты саңырауқұлақ гифтерінен тұратындығын көреміз. Бұл жалған ткань плектенхима деп аталады. Плектенхима бірнеше қабатты, оның ең үстіңгі қабаты түсті, ал төменгі қабаттары түссіз болып келеді.

Қынаның көбеюі.

Олар жай екіге бөлінуі арқылы немесе автоспора түзу арқылы көбейеді. Кейде гамета арқылы жынысты көбейеді. Қынаның құрамындағы саңырауқұлақ өзіне сай спора құратын орган түзеді. Перитеций қына қабатына кіріп томпайып орналасады.

Апотеций ол қына қабатының бетінде дөңгелек астау тәрізді немесе төмпешік тәрізді өсінділер түрінде болады.

Құрамында қалталы саңырауқұлақтары бар қыналарда жыныс процесі тән.

Аскомицеттерден пайда болған аскоспора маңайында өздеріне сай балдыр болса, оны орап қынаның қабатына айналады.

Қыналар соредий және изидий деп аталатын орган арқылы вегетативті көбейеді. Соредий жапырақты, бұталы қынаға тән.

Бұталы қыналарда түзілген бірінші реттік талломдардан, екінші реттік талломдар түзіледі де олар бұтақтанады немесе бұтақтанбауы да мүмкін. Екінші реттік бұтақтанған талломдарды подециялар деп атайды. Подециялар көбінесе кладония түрлеріне тән, олардың формалары тебен, таяқ, жоғары бөлігі жұмырдана кеңейген бокал пішіндес болып келеді және жиі тармақтанып бұтақтануы мүмкін. Бокал тәрізді формаларында поденциялардың шеткі жақтарын жағалай жаңадан подециялар түзіледі.

Кладония және стереокаулон туыстарының подецияларында қабыршақтанған филлокладиялар түзіледі.

Қыналардың т өмендегідей экологиялық топтарға бөлінеді:



  1. Топырақ бетіндегі қыналар мен эпигейлі қыналар. Олар жер бетінде таралған жоғарғы сатыдағы өсімдіктермен бәсекеге түсе алмайды, сол себептен жер бетінде аз мөлшерде кездеседі. Ашық жерлерде өсетін қынылардың қатарына пельтигера, стереокаулон, кладония, цетрария т.б. туыстар түрлері жатады.

  2. Эпифитті қыналардың қатарына ағаштар мен бұталарда қоныстанған қыналар түрлері жатады. Бұл топтағылар жапырақта қоныстанса-эпифильді, жалаңаш ағаш діңдерінде қоныстанса-эпиксильді деп аталады. Оларға фисция, уснея т.,б. туыстары жатады.

  3. Эпилитті қыналар- олар тастарда, құздарда, жартасатрда тіршілік етеді. Олардың қатарына коллема, гаспарриния, леканора туыстары жатады.

  4. Суда тіршілік ететін қыналардың қатарына-гидротирия қынасын жатқызуға болады.

Қыналар әртүрлі субстратта мекендейді. Мысалы, оларды темірдің үстінде, шыныларда, картон қағаздарда, сүйек үстінде, өртенген ағаштарда т.б. жерлерден кездестіруге болады. Жазғы далалық практика барысында Семей тауынан, Қалба тауынан, Тармабағатай тау сілемдерінен , далалы аймақтардан және орманды жерлерден жинақталған қыналардың коллекцияларын жасау қажет. Сонымен қоса жинақталған қыналарды түрлерін анықтап қысқаша сипаттамаларын келтіріңіздер Сабақ соңында Семей өңірінде кездесетін 20 жуық қыналар түрлерін тапсыру қажет .
9 Зертханалық сабақтар (2 сағат)
Тақырыбы: Мүктер бөлімі. (Bryophyta).

Мүктер су жағалауларында, ормандарда, батпақты жерлерде , ағаш қабықтарында тағы басқада ылғалды жерлерде өседі.

Студенттер лабораториялық- практикалық сабақ барысында , гербарийде берілген бірнеше мүктердің түрлерін, анықтағыштардың көмегімен анықтаулары қажет. Жұмыс барысында мүктердің экологиясы, анатомиялық-морфологиялық құрлыстары, даму циклдері , қорапшасының құрлысы тағыда басқа ерекшеліктеріне көңіл бөлінеді.

Тапсырма:



  1. Мүктердің бірнеше түрін қолдана отырып, сыртқы морфологиялық айырмашылықтарына және анатомиялық құрлыстарына назар аударыңыз.

  2. Берілген тұрақты препараттан антеридий мен архехонийдің құрлысымен танысып, сүретін салып белгілеңіз.

  3. Уақытша препарттан мүктің қорабша, жапырақ және сабақтарының құрлыстарымен танысып, схема түріндегі суретін салыңыз.

  4. Сабақта берілген мүктің даму циклінің схемасын көрсетіңіз.

Қайталау сұрақтары:

1. Кәдімгі маршанцияның құрлысы және даму циклі.


  1. Мүктердің гаметофитінің құрлысы.

  2. Мүктердің классификациясы.

  3. Бауыр тәрізді мүктер класы мен жапырақты мүктер класының негізі ерекшеліктері және айырмашылықтары.

  4. Қорабша түрлерінің құрлысы.

  5. Мүктердің вегетативті көбейу жолдары.

  6. Спорофиттік және гаметофиттік дамуы.

  7. Көкек зығырның құрлысы.

  8. Сфагналық мүктің құрлысы.

  9. Анықтағыштарды пайдала отырып мүктердің бірнеше түрін анықтаңыз. Сонымен қатар, төменде берілген өсімдіктер түрлерін жатқа білу қажет. ( жүзгіш риччия- риччия плывушая ( Riccia fluitans), қисықсабақты дитрих- дитрих кривостебельный (Ditrichum flexicaule), аршалы политрих -политрих можжевельниковый (Polytrichum juniperinum), ақшыл брий-брий -бледный (Bryum pallens S ), шымды брий- брий дернистый (Bryum caespiticum), орташа мний- мний средний (Mnium medium), үшкір басты мний-мний остроконечный ( Mnium cuspidatum), үрленген скорпидий-скорпидий вздувающийся ( Scorpidium turgescens M), гигант каллиэргон- каллиэргон гигантский( Calliergon giganteum . K), қатпарлы ритидий-ритидий морщинистый ( Rhytidium rugosum . K т. б. жиі кездесетін түрлерге көңіл бөлу қажет.)

10 Зертханалық сабақтар (1 сағат)



Қырықбуындар бөлімі

Қырықбуындар (Equisetataceae) тұқымдасы.

Қырықбуындар сабақтары буын және буын аралықтарынан тұратын ,тамырсабақты көпжылдық шөптесін өсімдіктер .

Тапсырма:


  1. Қырықбуындылардың бірнеше түрін салыстырып, негізгі морфологиялық және анатомиялық құрлыстарының ерекшеліктерін көрсетіңіз.

  2. Спиртте немесе формалинде сақталған қырықбуының споралы масағын лупа арқылы қарап, спрофиллі, спорангиясы, спорасы және элатерасын тауып суретін салу керек.

  3. Тұрақты препараттан дала қырықбуынының гаметофитінің құрлысын қарап, суретін салып белгілеу қажет.

  4. Дала қырықбуынының даму циклін схема түрінде көрсетіңіз.

Тақырып бойынша қайталау сұрақтары:



  1. Қырықбуынның морфологиялық ерекшеліктері. Дала қырықбуынының құрлысы.

  2. Көбейу ерекшеліктері.

  3. Қырықбуын гаметофитінің құрлысы.

  4. Спорофиті мен гаметофитінің құрлыстарын салыстырыңыз.

  5. Дала қырықбуындарының көктемгі және жазғы өркендерінің ерекшеліктері.

6. Гербарийде берілген бірнеше қырықбуындар түрлерін анықтағыштар арқылы анықтау қажет. Кең тараған түрлеріне: қысқы қырықбуын- хвощ зимующий ( Equisetum hiemale ), орман қырықбуыны – хвощ лесной ( E. silvaticum ), батпақ қырықбуыны-хвощ болотный (E . palustre) т. б. түрлерін білу қажет.

10. Зертханалық сабақтар (1 сағат)



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет