ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені



бет1/4
Дата24.05.2017
өлшемі0,62 Mb.
#17014
  1   2   3   4

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ


3деңгейлі СМК құжаты

ПОӘК

ОӘКҚ 042-14.4.01.20.58/03-2011



ПОӘК

«Ауыл шаруашылық энтомологиясы» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар.



18.09.2010 ж. басылым орынына

№ 2 басылым

01.09.2011ж.



ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


5В080100 «Агрономия»

мамандығына арналған

«Ауыл шаруашылық дақылдарын зиянкестерден,аурулардан қорғау» ПӘНІНЕ АРНАЛҒАН
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

СЕМЕЙ –2012

МАЗМҰНЫ




  1. Дәрістер

  2. Тәжірибелік және зертханалық сабақтар

  3. Ұсынылатын өзіндік сабақтарының тізімі.


1.ДӘРІСТЕР

Дәріс 1

«Ауыл шаруашылық дақылдарын зиянкестерден,аурулардан қорғау» пәнінің мақсаты мен міндеті

Жоспар:

1. Ауыл шаруашылық дақылдарын зиянкестерден,аурулардан қорғауда энтомология пәнін білудің маңызы.



2.Ауыл шаруашылығы дақылдарын зиянкестерден,аурулардан қорғаудағы энтомология пәнінің маңызы.

Кіріспе

Энтомология пәнінің өсімдік қорғаудағы маңызы - насекомдар туралы ғылым.(грек тілінде энтомос-насеком,логос-ғылым.)Өсімдіктерді қорғау ғылыми негізделген шара ретінде ауыл шаруашылығы өсімдіктерін өсіру технологиясының құрамына кіреді.Қазіргі кездегі негізгі мәселе-ауыл шаруашылығы өсімдіктерінен тұрақты түрде мол өнім алу. Зиянкестердің әерінен ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің өнімділігі 10-20% азаяды, ал кейде өнім түсімінің болмауы да мүмкін.Зиянды жәндіктердің түрлері өте көп.Зиянды жәндіктермен күресті дұрыс ұйымдастыру үшін олардың түрлерін, биологиясын, олардың көбеюіне әсер ететін жағдайларды, мониторинг пен күресу шараларын жақсы білу қажет.Зиянкестерге қарсы тек улы препараттарды қолданудың кері әсері де бар. Сондықтан улы препараттарды пайдалану қазіргі уақытта арнайы ереже бойынша жүргізіледі.Оларды тек «Қазақстан Республикасы аумағында 2003-2012жылдары пайдалануға рұқсат етілген пестицидтер тізімі»(қысқаша «Тізім»...) негіздеме бойынша қолданылады. Зиянкестерге қарсы күресте агротехникалық (егу мерзімі мен себу мөлшерін сақтау.ауыспалы егістікті енгізу, топырақты өңдеу, тыңайтқыш қолдану, төзімді сорттар пайдалану және т.б.),биологиялық, физикалық, генетикалық,механикалық тәсілдерді де дұрыс пайдалана білу керек.

Әдістемелік кешенде ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің негізгі зиянды жәндіктері туралы мәлімет берілген:оларды морфологиясы,табиғаттағы даму ошақтары,жәндітердің тараған аймақта қоңыстану жолдары мен ерекшелітері,өмір сүру циклдары, олардың көбеюіне әсер ететін сыртқы орта жағдайлары. Зиян келтіретін қауіпті түрлердің экономикалық зияндылық шегі(ЭЗШ) көрсетілген. Өсімдіктердің фитофагтардан қорғау шараларына көп көңіл бөлінген.

Зертханалық-іссаналық сабақтардың тапсырмаларын орындау арқылы студенттер ауыл шаруашылығы өсімідктерінің зиянды жәндіктерін анықтауды,олардан өсімдіктерді қорғау шараларын ұйымдастыру жән пестицидтерді дұрыс таңдауды үйрену.

Зертханалық іссаналық сабақтардың тапсырмаларын орындау үшін мынадай арнаулы жадығаттар пайдаланылады:бинокуляр,микроскоп,үлкейткіш шыны,пинцеттер,инелер,фитофагтардың тізбе жиынтығы, зақымдалған өсімдіктердің үлгілері,бейнежабдықтар,алюбомдар мен плакаттар.

Дәріс 2-3

Көп қоректік зиянкестер шегірткелер және негізгі түрлері. Биологиясы, экологиясы және Қазақстанда таралуы және күрес шаралары.

1. ТУРА ҚАНАТТЫЛАР ОТРЯДЫНА(ORTHOPTERA) ЖАТАТЫН КӨП ҚОРЕКТІ ЗИЯНДЫ ЖӘНДІКТЕР

2.Шегірткелердің негізгі түрлері

Түсініктеме

Ауыл шаруашылығы дақылдарына зиян келтіретін көп қоректі жәндіктердің түрлері Brachicera-қысқамұрттылар отряд тармағына,Acrididae-наңыз шегірткелер тұқымдасына,Dolichocera-ұзынмұрттылар отряд тармағына,Grylotalpidae-тұқымдасына,Tettigonaadae-шекшек тұқымдасына,Gryllidae-шырылдауық шілделіктер тұқымдасына жатады.



Зиянды шегірткелер.

Қазақстанның солтүстігінде таралғандары: итальяндық прус-Calliptamus italicus italicus L.кресті кішкене саяқ шегіртке-Dosiosturus brevicolis Ev., ақжолақты-Chortippus albomarginatus D.G.,кресті-Pararcyptera microptera F.-W.,қоңырқанатты-Stauroderes scalaris F.-W.саяқ шегірткелер, адалалық атбас шегірткелер-Euchorthippus pulvinatus F.-W.және басқалар.Азиялық шегірткенің-Locusta migratoria migratoria L. тұрақты қоңыстары Қазақстанның оңтүстік жартысындағы ну қамсыты жерлер, осы жерлерден олар басқа алыс өңірлерге тарала алады.Марокколық шегіртке-Dosiostaurus maroccanus Thunb. Қазақстанның оңтүстігінде таралған(Оңтүстік Қазақстан,Жамбыл облыстары).

Азиялық, мароккалық,итальяндық шегірткелер, анда-санда тұрандық және шөл далалық шегіркелер кезеңдік өзгерістерге ұшырайды. Олардың үйірленуі кезінде бір шаршы метрде жүз және одан да көп дернәсілдері болады. Үйірлі шегірткелердің сандары көбейген кезде, алғашқыда дернәсілдердің жиынтығы (кулиги), кейін олардан шегіртке табындары пайда болады.

Барлық шегірткелердің ұзынша денесі,секіруге қолайлы артқы аяқтары,кеміргіш ауыздары.қатты дамыған алдыңғы кеудесі,жіңішке үстіңгі қанаты,жалпақ,желдеткішке ұқсас жиналатын қанаттары болады. Жылына бір ұрпақ береді.Ұрғашы шегірткенің арнаулы бөліп шығаратын сұйық затымен қатайған топырақтан жасалған күбіршеде тың жерлерде, жайылымдарда,құмдардың шөтінде және т.б. жерлерде жұмыртқа күйінде қыстайды.Шегірткелер жұмыртқалардан әр мезгілде шығады.Дернәсіл ересек шегірткеге ұқсас болып туады.Дернәсіл 30-40 күн дамиды.Даму кезеңінде дернәсіл 4-5рет түлеп,4-5жас өтеді.Дернәсілдер және ересек шегірткелер әр түрлі өсімдіктерді зақымдайды:дәнді дақылдарды, майлық дақылдарды,көкөністерді,жайылымдар мен шабындықтарды. Олар құрғақшылық кезінде,табиғи өсімдіктер күйіп кеткенде өте қауіпті.Тым көп көбейген жағдайда егістіктер күйіп кеткенде өте қауіпті.Тым көп көбейген жағдайда егістіктер мен жайылымдарға қатты зиян келтіреді, олардық жер бетіндегі биомасса бөліктерін құртып жібереді.Шегірткелердің көп жылдық динамикасында циклдік байқалады-қатты көбеюлерді мен депрессиялық жайлар кезектесіп отырады.



Күресу шаралары.

Шегірткелерге қарсы күресу шараларын олардың сандарына бақылау жасаудың нәтижесіне қарап пайдаланады.Алдын алу шараларының маңыздысы ерте көктемде шегірткелер табылған егістік танаптарды бізтұмсықты немесе дискілі тырмалармен,ал көпжылдық шөптерді тісті немесе бізтұмсықты тырмалармен өңдеу. Сонымен бірге танап аралықтарын, танаппен шектесетін тың және егін егілмейтін жерлерді де өңдеу қажет. Егін алқаптарында жою шаралары инсектицидтермен «Тізім...» бойынша (Қосымшаны қараңыз)саяқ шегірткелерге қарсы 8-10дернәсіл/м2, үйірлі шегірткелерге қарсы 5 және одан да көп дернәсіл/м2 болғанда жүргізіледі. Дернәсілдерді есепке алу жұмыстарын таңертеңгілікте немесе кешкілікте маршрутпен жүріп 100метр сайын әрқайсысы 1м2 алаңқайда көзбен шолып жүргізеді немесе рамканың көмегімен әрбір секірген шегірткені есептеп,кейін 1м2 қанша болатындықтарын анықтайды. Егер бір станцияны мекендеген шегірткелердің түрі көп болса,жұмыртқалардан әр мезгілде шықса және жастары әр түрлі болған жағдайда ұзақ уақыт әсер ететін инсектицидтерді пайдаланған дұрыс.Химиялық өңдеу жұмыстары дернәсілдер қанаттанғанға дейін жүргізілсе,тиімділігі жоғары болады. Әрбір нақты жағдайға байланысты жаппай,бөгеу және локальды өңдеу жұмыстары жүргізіледі.Бөгеу мақсатымен өңдегенде дәрі шашылатын жердің жалпақтығы 40-100м шамасында болуы керек.



Бұзаубастар.

Жердің астында тіршілік етеді.Орта жастағы дернәсілдері және ересек жәндіктері жердің астында 1м дейінгі тереңдікте тіршілік етеді.Өмір сүру циклі бәр жылдан көп уақытта созылады.Мамырдың аяғында маусым айында ұрғашылары 10-20см тереңдікте,арнаулы ұяларға 150-300 данадан жұмыртқа салады. Бұзаубастар алдыңғы аяқтарының көмегімен топырақтың үстіңгі қабатында жолдар салады,50-ден аса өсімдіктердің тамырын,сабақтарының жер асты бөлігін,өскіндерін және тұқымдарын жеп зиян келтіреді.Олар ылғалды,суармалы жерлерді,негізінен көкөніс алқаптарын мекендейді. Жылы жайларда темекінің,көкөністердің және т.б. өсімдіктердің көшеттеріне өте көп зиян тигізеді. Көп тараған түрлері –кәдімгі (Gryllotalpa gryllotalpaL.) және бір тікенекті(Gryllotalpa unispina Sauss.) бұзаубастар.



Шекшектер.

Құрғақшылық жылдары сандары өте көп болғанда егінге,көкөніс дақылдарына, майлық дақылдарға және жеміс ағаштарына зиян келтіреді.Антеналары денелерінен ұзын,үлкен жәндіктер. Жылына бір рет ұрпақ береді.Топырақта,өсімдіктерде және олардың ұлпаларында жұмыртқалары қыстайды. Аса зияндылары-жасыл (Tettigonia viridissima L.) және сұр (Decticus verrucivorus L.) шекшектер.



Шілделіктер.

Орташа және үлкен, жалпақ денелі жәндіктер.Түнде тіршілік етеді.Топырақ түйірлерінің астында,жарықтарда нимфалар(ақырғы жастағы дернәсілдер)қыстайды.Ылғалды,суармалы жерлерде көкөністердің,майлық дақылдардың,дәнді дақылдардың,бүлдіргеннің жапырақтары мен сабақтарының төменгі бөліктерін жейді.Өсімдіктерге зиян келтіретіндері-далалық (Grillis desertus Pall.) және бордо(Grillis burdigalensis Lattr.) шілделіктер.



Күресу шаралары.

Ерте күзде сүдігер жырту және отамалы өсімдіктердің қатар аралықтарын өңдеу арқылы бұзаубастардың, шекшектердің және шілделіктердің көбеюіне жол бермеуге болады.Көкөніс өсірушілер бұзаубастармен күресу үшін арнаулы жырашықтарды пайдаланады.



Тапсырмалар:

1.Шегірткелердің негізгі түрлерінің сыртқы белгілерімен танысып,олардың даму циклдарын және таралу жолдарын білу керек.

2.Ауыл шаруашылығы өсімдіктеріне зиян келтіретін бұзаубастардың,шілделіктердің және шекшектердің негізгі түрлерінің морфологиялық және биологиялық ерекшеліктерін оқып білу керек.

3.Тура қанаттылардың жаппай дамуының алдын алу шараларын және оларға қарсы пайдаланатын препараттарды білу керек.

4.1-ші кестену толтыру керек.

Дәріс 4-5.
Дәнді дақылдардың зиянкестері және кешенді қорғау шаралардың жүйесі.
Жоспар:


  1. Астық дақылдарының кеміргіш зиянды жәндіктері.

  2. Зиянкестермен күрес,кешенді қорғау шаралары.


Дәннің сұр көбелегі-Apamea anceps Schift(Noctuidae-түн көбелектер тұқымдасы,Lepidoptera-қабыршақ қанаттылар отряды).

Көбелектерінің алғы қанаттарының түсі қоңыр реңді аралас сұр не болмаса күңгірт сұр,ал артқы қанаттары сұр немесе ақшыл сұр болады.Жоғары жастагы жұлдызқұрттар күңгірт сұр,арқа жағынан бойлай жолақтар орналасады.Дене ұзындығы-25-35мм.Жұлдызқұрттар топырақта қыстайды.Көктемде олар қуыршақтанады.Жазда маусым айының ортасына қарай көбелекке айналады және олардың ұшуы байқалады.Жұмыртқаларын масақшыларындағы гүлді қабыршақтарының астына салады.Дәннің сұр көбелектің өсімталдығы өте жоғары,қолайлы жағдайлар болғанда 2000-3000-ға дейін жұмыртқа салады.Жылына 1 ұрпақ дамиды.Жұлдызқұрттар бидайды,қарабидайды,кей-кейде арпаны зақымдайды.Төменгі жастағы жұлдызқұрттар дәннің ішінде қоректеніп,қабығын ғана қалдырады.Төрт жастан бастап олар ашық қоректенеді.Ашық қоректену барысында дәндерді сыртынан кеміріп тастайды.Өнім жинағаннан кейін топыраққа түскен дәндермен қоректенеді.Бидайды қайталама себужәне ұсынылған оңтайлы мерзімінен ерте себу,жылы қыс және тіршілік кезеңінде ылғалды ауа райы дәннің сұр көбелегінің көбеюіне қолайлы жағдай туғызады.



Күресу шаралары.Күзгі және көктемгі зерттеу көрсеткіші бойынша қажетті шешімдер қабылданады.Жұлдызқұрттардың қыстап шыққан санын 8-16 үлгілі алаңдарда әр үлгі 0,25м топырақ тереңдігі 15см дейін қазып,тығыздығын анықтайды.Тексеруде тіршілік қабілетін сақтаған 2-3 жұлдызқұрттар/м табылса, топырақты өңдну қажет.Кулътиватор не болмаса тегершік құралдармен 6-8см тереңдікке өңдейді.

Жаздық бйдайды оңтайлы-кеш уақытта сепсе, өсімдіктердің масақтануына көбелектердің жаппай ұшуының ілесетіндігін синхрондығын бұзады.Жұлдызқұрттардың 1-2 жас кезеңінде егістіктің 10 жерінен 20-25 масақтан алып барлығы 200-250 масақ,қапшыққа салады.Қапшықты буып,оны 1-2 тәулік кептіреді.Инсектицидтердің дән ішінде қалдық есебінде болмауын қамтамасыз ету үшін бүрку жұмыстарының санитарлық уақытын бұлжытпай сақтау керек.



Астық қоңыздары.Кресті-Anisoplif aqricola Poda., кузъка A. austriaca Hbst,.красун- A. seqetum Zoubkoui Kryn. Scarfbaeidea-тақтамұрттылар тұқымдасы, Coleprera-қоңыздар отряды.

Кузька қоңызының қанаттары қызыл күңгірт, кеудеге қарай төрт бұрышты дақ болады.Дене ұзындығы-12-15мм.Кресті қоңызда ашық сары,жирен крест немесе әкір тәріздес суреттері бар.Дене ұзындығы -11-13мм.Красун қоңыздың үстінгі қанаттары қоңыр сары түсті,бұйір жақтарында қылшықтар орналасады.Дене ұзындығы-11-13мм.Барлық қоңыздардың балан құрттары С тәрізді,қалың етті,үш жұп аяқтары бар,үзындығы-35мм.

Кузька мен кресті қоңыздар 2 жылда 1 ұрпақ беріп дамиды . Баланқұрттардың даму ұзақтығы 22 ай.Красун құрттарының баланқұрттары 10 айда дамиды.

Қоңыздар алғашқы уақытта күздік бидайды,кейін жаздық астықтарды,жатаған бидайықты зақымдайды.Олар бидайдың, арпаның, қарабидайдың жұмсақ,өнбеген дәндерімен қоректенеді.Масаққа көтерілгенде қоңыздар артқы аяқтары мен қатты дәнді ұшырып түсіреді.



Күресу шаралары.Астық дақылдарды қайта-қайта өндіруден олардың саны көбейеді.Бидайдан кейін отамалы дақылдарды орналастыру керек.Отамалы дақылдардың қатар аралықтарын өңдеу, тыңайтқыш енгізу,үстемелеп қоректендіру баланқұрттардың санын азайтады.Ерте сыдыра жырту,кеш сыдыра жыртуға қарағанда тиімдірек,себебі баланқұрттар топырақтың төменгі қабатына көшіп үлгермейді.Тексеру нәтижесінде гүлдену-дән қалыптасу кезеңінің басында 1 шаршы метрге қоңыздар саны3 данадан астам болса,егістіктерді инсектицидпен өңдеу керек(« Тізім бойынша»).

Астықтың жолақ бүргесі-Phyllotreta uittula Redt.(Coleptera-қатты қанаттылар отряды,Chrysomelidae-жапырақ жемірлері тұқымдасы ).

Ұсақ қоңыздар, дене ұзындығы-2мм –дей,қара түсті,үстіңгі қанаттарында сары созылмалы жолақтары бар,артқы аяғы секіргіш.Дернәсілдері ақшыл сүр,кеуде және анальдық қақпандары ақ,ұзындығы-4-5мм.

Ересек жәндіктер жердің үстінгі бетіндегі топырақ астында ағаш шоқтарында,межелнрде,сайларда қыстайды.Топырақ жылысы мен кодрен жапырақтары, күздік дақылдар және жабай астық тұқымдастарымен қоректенеді.Жаздық бидайдың,арпаның,күздік қара бидайдың өскіндері шыға бастағаннан бастап,егістік жерлерге жаппай тарайды.Әсіресе мамыр айының 1-2 онкүндігінде астық дақылдарының өскіндерінде қыстап шыққан қоңыздар көп болады.

Қоңыздар жапырақ паренхимасымен кеміріп қоректенеді,осының нәтижесінде ол жапырақ кеуіп қалады.Жапырақ беті 25-30 проценттен артық зақымданса,өнім шығыны елеулі болады.



Күресу шаралары.Себу уақытын қолайлы мерзімде өткізудің маңызы зор.Құрғақ ыстық ауа райы жағдайында мамыр айының 1-2 онкүндігінде шыққан өскіндер үшін (үшінші жапыраққа дейін)қоңыздар өте қауіпті.Өсімдіктердегі қоңыздар санын 8-16 үлгілерде (әр үлгі 0,25м)есептеп, жапырақ бетінің зақымдануын анықтайды немесе энтомологиялық аулағыш пен 10 жерде 10 рет сермеп қағып жүргізеді.Астықтың жолақ бүргесінің тығыздығы 300-400 қоңыз/м асса немесе жапырақ зақымдануы 25процент көп болса,өскіндерге нақты айқын қауіп туады.Инсектицидтерді(« Тізім ») тәртібі бойынша қолданады.

Сүлікше қоңыздар-қызыл кеуделі-Oulema melanopuz L...көк- Lema lichensis Voet.(Cjleoptera-қатты қанаттылар отряды,Chrysomelidae-жапырақ жемірлері тұқымдасы).Біріншісі-түсі жасылдау көк қоңыз,алдыңғы арқасымен аяқтары сарғылт қызыл,жоғарғы қанаттарында параллелді орналасқан нүктелер болады.Дене ұзындығы-4-4,8мм.Екіншісі-алдыңғы арқасы кеуденің басқа бөліктерінен айырмашылығы жоқ,дене ұзындығы-3-4мм.Дернәсілдің құрсақ жақ бөлігі көтеріңкі,қара қоңыр шырышпен қапталған,3 жұп кеуде аяқтары бар.Дернәсілдің дене ұзындығы-5мм-ге дейін болады.

Жылына бір ұрпақ береді.Қоңыздар топырақта немесе өсімдік қалдықтарында қыстайды.Өсіп-өну және көбею үшін көктемгі-жазғы мерзімдегі ылғалды және жыл ауа райы өте қолайлы.Ұрғашы жәндіктер жүмыртқаларын 3-7 данадан тізбектеп салады,барлығы 200 жұмыртқа.Дернәсілдер сұлыға,арпаға,қатты бидайға едәуір зиян келтіреді.Жапырақ жұмсағымен қоректенеді,жапырақ талшықтары мен эпидермиске көп тимейді.Қоңыздар жапырақтарды саңылау және ұзынша келген ақ жолақтар жасап зақымдайды.Зақымданған жапырақтар сарғайып қалады,ассимиляция барысы төмендейді.



Күресу шаралары.Сүлікше қоңыздарды және олардың дернәсілдерін 8-16 үлгілерде(әр үлгі 0,25м)өсімдіктерді қарап есептейді.Жаздық астық дақылдарының түптену кезеңінде 10-15 қоңыз/м күздік дақылдарында 40-50 қоңыз/м, түптену кезінде 1 сабақты 0,5-1 дернәсіл табылса,химмялық күрес шараларын жүргізу керек.Инсектицидтермен бүрку(«Тізім»)реглменті бойынша жүргізілуге тиіс.

Астықтың барылдақ қоңызы-Zabrus tenebrioides Goere.(Coleoptera-қатты қанаттылар отряды,Carabidae-барылдақ қоңыздар тұқымдасы).

Ересек қоңыздар шымқай қара түсті, үстіңгі қанаттарында нүктелі терең әжімдер болады,дене ұзындығы-14-16мм.Дернәсілдердің дене ұзындығы-28мм-ға жетеді,бас бөлімі және көкірек бунақтары қара қоңыр немесе сұрша жасыл болуы мүмкін.

Дернәсілдер топырақта қыстайды.Қуыршақтану топырақтың үстіңгі қабатында өтеді.Ересек қоңыздар күздік бидайдың дән трғысу кезеңінде пайда болады.Ыстық және құрғақ ауа райы әсерінен қоңыздардың өсіп-өнуінде 1 айға жуық созылатын үзіліс туады.Тамыз айында қоңыздар жұмыртқаларын топыраққа топтап 10-15 данадан салады,барлығы 100 жұмыртқа.Жаңадан шыққан дернәсілдер суық күзге дейін қоректенеді.

Қоңыздар мен дернәсілдер зиян кесті,бірақ негізінен дернәсілдер қатты зиян келтіреді,өсеіндер мен жас өсімдіктерді құртып тастайды.Түнде қоректенеді.Ересек қоңыздар дәнді, масақ қабыршықтары жеп қояды.Дернәсілднр өскіннің жапырағын жеп,оларды топырақтың жоғарғы қабатына тасиды.Зақымданған жапырақтар түте-түтесі шығып,түйір-түйір шайнап тастаған талшыққа ұқсайды.Дернәсілдердің зақымдануынан егін көгі сиреп қалады.Барылдақ қоңыз астық дақылдарының көптеген түрлерімен қоректенеді,әсіресе күздік бидайды көбірек зақымдайды.Жылына бір ұрпақ береді.



Күресу шаралары.Барылдақ қыздардың өсіп-өніп көбеюіне бидайды жыл сайын бір жерге өсіре беру қолайлы жағдай туғызады.Алғы дақыл есебінде жақсылары – ол сүрі жер, отамалы дақылдар.Өнімді мезгілінде ысырап істемей жайнап алудың үлкен маңызы бар.Дернәсілдердің 8-16 топырақ үлгілерінде (әр үлгі 0,25м)15см тереңдікке дейін қарап есептейді.Күздік бидай танабында 1-5 дернәсіл/м табылса,инсектицидтер қолдану керек.

Тапсырмалар:

1.Дәннің сұр көбелегінің өсу циклі және зияндылығы мен танысу.

2.Жапырақ жемірлері тұқымдасы тұрлерінің морфологиялық,өсіп-өніп көбею ерекшеліктері және зияндылығымен танысу.

3.Астық қоңыздарының морфологиялық,өсіп-өніп көбею ерекшеліктері және зияндылығымен танысу.

4.Дәннің сұр көбелегі,қатты қанаттылар отрядының кеміргіш зиянкестерімен күрес шараларын зерттеп тану.

5.6 кестені жазып толтыру.

Астық дақылдарының кеміргіш зиянкестері

Түр,системалық жүйедегі орны

Зақымданатын дақылдар,зақымдану мезгілі

Келтірілген зиянкестердің зақымдану кезеңі.ЭЗШ

Қысқаша биологиясы

Күресу шаралары

1

2

3

4

5

Бақылау сұрақтары:

1.Егіннің көгін зақымдайтын астық дақылдарының зиянкестерін атап,өсімдіктердің зақымдану белгілерінің сипаттамасын,олардың келтірнтін зиянын және күресу шараларын көрсетіңіз.

2.Астық дақылдарының сабақ іші зиянкестерінің систематикалық атауын, ерекше өзгешеліктерін көрсетіңіз.

3.Астық дақылдарының сабақ іші зиянкестеріне қарсы қандай шаралар қолданылады.

4.Астық дақылдарының шаншып сорғыш зиянкестерінің өкілдері қай тұқымдасқа жіне қандай отрядқа жататынын атап шығыңыз.

5.Шаншып сорғыш зиянкестерінің зақымдау белгілеріне анықтама беріңіз.

6.Астық егіушісінің өзгешелігі,күресу шаралары.

7.Астық дақылдарының сорғыш кешенге жататын зиянкестеріне қарсы қолданылатын кұресу шаралары.

8.Астық қоңыздарды және барылдақ қоңызды сипаттаңыз.Олармен күресу шараларынвң жүйесін келтіріңіз.

9.Дәннің сұр көбелегінің тіршілік циклін сипаттап күресу шараларын көрсетіңіз.

9.Астық дақылдарының кезеңдеріне байланысты зақымдайтын фитофагтардың түрлері.

10.Өсімдіктердің мүшелеріне (органотрофты)бейімделу бойынша фитофагтар кешендері.

ДӘРІС 6-7.

Дән және бұршақ тұқымдас дақылдарының зиянкестері және қорғау шараларының жүйесі.

Жоспар:


1.Бұршақ дәнді дақылдарының зиянды жәндіктері

2.Дән және бұршақ тұқымдас дақылдарының зиянкестері

Бұршақ дәнді дақылдарының зиянды жәндіктері
Бұршақ бітесі – Acyrthosiphon pisi Kalt. (Homoptera отряды, Аphidinea отряд тармағы,Aphididae тұқымдасы).

Бітенің денесі біршама жуандау,денесінің ұзындығы – 4,5-5 мм. Қанатсыз аналықтарының денесінің түсі жасыл, кейде қоңыр қызыл болып келеді. Ұрықтанған жұмыртқа көпжылдық Бұршақ өсімдігінің сабақтарының тамыр бөлігінде жәнежерге түскен бұтақта қыстайды. Біте осы жұмыртқадан дернәсілдік сатыдын өткеннен кейін аналық – негізге айналады. Партеногенетикалық жолмен көбейіп, колониялар түзеді.Мұнан ары қарай аналық-орналастырушылар пайда болады. Қанатты аналық-орналастырушылар біржылдық бұршақ дақылдарына қонып, сол жерде жаңа колониялар құрады. Бір жылда 10-ға жуық ұрпақ беріп дамиды. Бітелер өсімдіктердіңжас ұлпаларында және гүл шоғырына қоныстанады. Колонияның өсуі жоғарғы бөліктен басталады. Олар көпжылдық бұршақ дақылдарына ұшып келеді де, содан соң бұл жерге аталық пен аналық шағылысқаннан кейін қыстайтын жұмыртқа салады.Бұршақ бітесі бұршаққа, сиыр жоңышқаға, жоңышқаға, жасымыққа зиян келтіреді. Дернәсіл мен имаго шырынды сорып, жапырақты ширатады, дамуды тоқтатады, зақымданған мүшенің түрін өзгертіп, егіннің түсімін төмендетеді. Бітенің жаппай көбеюі ауа райының қолайлы(жылы – жаңбырлы) жағдайларында байқалады.



Күресу шаралары.Біржылдық және көпжылдық бұршақ дақылдарын бұршақ бітеден қорғау үшін кеңістікті оңашалаудың үлкен маңызы бар. Бұршақ дәнділерді қайталап отырғызуға болмайды. Жерге түскен дән өскіндерінің пайда болуына (өсуіне) жол бермеу керек. Көп жылдық бұршақты төмен кесінді жасап жинау қажет.Егер энтомологиялық аулағышпен 10 сілтеу (сермеу) жасаған кезде 25-30 дара біте түссе немесе 20% -өсімдік залалданған болса, онда инсектицидпен өңдеу жұмыстарын жүргізеді.

Түйнекті бізтұмсықтар: теңбіл – Sitona lineatus L. Және қылшықты – S.Crinitus Herbst (Бізтұмсықтар тұқымдасы – Curculionidae, қоңыздар отряды – Coleoptera ).

Қоңыздың бастүтігі қысқа, денесінің ұзындығы – 3-5мм, денесінің түсі топырақты сұр болып келген. Дернәсілдің сыртқы құрылысына тоқталатын болсақ, олардың денесі йілген,аяқтары жоқ, ақшыл қоңыр басы бар, дене тұрқы 5 мм-ге дейін жетеді. Қоңыздар жердің беткі қабатында және өсімдік қалдықтарының астында, көбенесе көпжылдық бұршақ өсімдіктері алқаптарында қыстайды. Көктем уақытында олар дәнді бұршақ дақылдарынфң өскіндеріне қоныс аударуы мүмкін.Қоңыздар топыраққа және өсімдік мүшелеріне жұмыртқаларын салады. Дернәсіл дамығаннан кейін топырықтың астына кіріп, азотфиксациялайтын түйнекті кеміріп қоректенеді. Шілде-тамыз а йларында қоңыздардың қуыршақтану кезеңінен кейін жас ұрпақтың таралуы пайда бола бастайды.Түйнекті бізтұмсық бір ұрпақ беріп дамиды. Негізгі қауіпті ересек жәндік пен дернәсіл келтіреді. Қоңыздар жапырақтың шетін кеміріп, «місінді зақымдану» қоздырады. Жапырақтың дәнжарнағының және өсу нүктесінің зақымдануы өскіннің жойылуына әкеледі. Дернәсілдер түйнек ұлпасын зақымдап, азоттың мөлшерін төмендетеді және өсімдіктің өсуін тежейді. Түйнекті бізтұмсық бұршақ, сиыр жоңышқа, люпин, жоңышқа, эспарцет, түйе жоңышқа, беде үшін қауіпті болып табылады.



Күресу шаралары.Бұршақ дақылдарын зиянкестерден қорғау үшін учаскілерді көпжылдық бұршақ дақылдарын біржылдық бұршақ дақылдарынан кеңістікті оңашалау керек. Агротехникалық шаралар егіс және өсімдіктерді күту кезінде қолйлы мерзім ішінде жоғары деңгейде орындалуы тиіс.Егін себу алдында тұқымды нитрагинизациялау түйнектің пайда болуына жағдай жасайды. Егінді жинағаннан кейін бірден топырақты терең сүдігер жыртып өңдесе, зиянкестердің қуыршақтары мен дернәсілдерінің жойылып кетуіне мүмкіндік туғызады. Егер бізтұмсықтардың саны біржылдық дәнді-бұршақ дакылдарының өскіндерінде 1м-та 5-10 дара немесе жапырақтың зақымдану дәрежесі 10-15% құраса, онда қоңыздарға қарсы химиялык өңдеу жұмыстарын жүргізеді.

Каталог: ebook -> umm
umm -> ПОӘК 042-18-29 8/03-2013 №1 басылым 05. 09. 2013
umm -> Жалпы және заң психологиясы терминдерінің қысқаша сөздігі. І бөлім. Жалпы психология пәнінің терминдері
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> ПОӘК 042-14-5-05. 02. 20. 22/2013 № басылым
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> «Ежелгі дәуір әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В012100- Қазақ тілінде
umm -> Оқытушы үшін «Қазақстан тарихы»
umm -> Әбікенова Гүлнафис Төкенқызы Қазақ тіліндегі эпистолярлық стильдің лингвистикалық сипаты
umm -> Педагогика кафедрасы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет