ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені



бет2/10
Дата25.12.2016
өлшемі1,74 Mb.
#4419
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

ИНТЕРФЕРЕНЦИЯ (лат. inter-өзара, өз ішінде, fertns-әкелуші, ауыстырушы; көне француз тілінен аударғанда: бір-біріне кедергі келтіру дегенді білдіреді)- жалпы мағынада: операциялар не әрекеттер арасындағы, әрекеттің нәтижесін төмендететін не жоққа саятын кез-келген процесс; әлеуметтік психологияда қарама-қарсы эмоциялар, мотивациялар, құндылықгар арасындағы қақтығыс; есте қалдырылған материалға басқа материалдың әсер етуінен оның әлсіреуі. И. ес, үйрену процестерімен байланысты зерттеледі. Естегі ақпараттардың арасындағы қақтығыс бұрынғы тәжірибенің әсерінен жаңа ақпаратты ауыр-жеңіл меңгеру (проактивті И. немесе тежелу), ескі ақпаратты жаңа келіп түскен ақпараттың әсерінен еске түсірудің қиындауынан (ретроактивті И.) туындайды. Ингерференция вербалды И., моторлы-акустикалық И., қору интерференциясы, селекциялы И. болып сараланады. И. ұғымы ұмытудың психологиялық теориясының негізінде түсіндіріледі.

ИНТРОСПЕКЦИЯ (лат. introspectare-ішіне қарау)- өзінің психикалық тәжірибесін зерттеу, ішкі жақты қарау процесі. Адамның өзінің санасының психикалық мазмұнын, ішкі әлемін зерттеуі. И. психиканы толық зерттеуге негіз бола алмайды, тек жасырын психикалык іс-әрекет тікелей бақылауға келмегенде ғана кейбір психолингвистикалық эксперименттерде қолданылады. И. ұғымы өзін-өзі бақылау ұғымымен де түсіндіріледі. Өзін-өзі бақылау ішкі сана құбылыстарын тіркеуге мүмкіндік беретін ішкі өзіңнің психикалык өмірінді бақылау. Интроспекцияны өзін-өзі бақылаудан ажырата білу керек.

ИНФАНТИЛИЗМ (лат. infantilis-бала)- 1) организм дамуының тоқтап қалуы. Инфантилизмге тән негізгі нышан -бойдың өсуінің тоқтап қалуы; бұл кезде көбінесе балаларға тән дене бітімі сақталады. Инфантилизмнің кейбір нысандары генотипке байланысты болады.

КӘСІПТІК БАҒДАРЛАУ (профессиональная ориентация)- әрбір тұлғаның индивидумдық мүдделері мен еңбек рыногының қажетсінуін есепке ала отырып халыққа кәсіп тандауда, іріктеуде не кәсіп ауыстыруда көмектесуді қамтамасыз ететін отбасының, оқу орындарының, мемлекеттік, қоғамдық және коммерциялык ұйымдардың ақпараттық және ұйымдастырушылық- практикалық іс-әрекеті.

КЕШЕНДІ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІ (комплексная система обучения)- оқу материалдарын жүйелі түрде байланыстыра оқыту.(экологиятану, табиғаттану т.б.)

КЛАСТЕРЛІК ТАЛДАУ (кластерный анализ)- көп өлшемді талдаудың математикалық процедурасы; бірқатар объектілерді сипаттайтын (мыс., сыналушыларды) көптеген көрсеткіштер негізінде оларды кластарға топтауға мүмкіндік береді және бұлай топтағанда өзге кластарға кіретін объектілермен салыстарғанда бір класты құрайтын объектілердің біртекті, ұксас болуы қамтамасыз етіледі. Объектілердің цифрлармен белгіленген параметрлерінің негізінде олардың арасындағы евклидтік өлшемдегі сияқты (көп қолданылатын), сонымен қоса, басқа өлшемдерде де көрінуі мүмкін болатын аракашықтықтар есеттеліп шығарылады. К.т. әдісі психолингвистикада көп қолданылады.

КОЛЛОКВИУМ (лат. collogium-әңгіме, әнгімелесу)- 1)- оқу сабақтары нысандарының бір түрі; оқытушылардың оқушылардың білімін тексеру мақсатында әңгімелесуі. Жоғарғы оқу орындарында К., әдетте, лабораториялық жұмыстың, оқу пракгикасының алдында студенттердің сол жұмыстарды орындауға қажеттік теориялық білімін байқау үшін жүргізіледі. Қазіргі оқу процесінде коллеквиумдае электрондық оқыту машиналары жиі пайдаланылады; 2) баяндамалар талқыланатын ғылыми жиналы.

КОНСПЕКТ (лат. conspeklus -шолу)-кітап, дәріс, баяндаманың мазмұның қысқаша жазу. К. Оқушының логикалық ойлауы мен сөйлеу мәдениетін жетілдіреді. К.- жазудың күрделі түрі. Сондықтан оқушы жоспар құру дағдыларын меңгерген соң ғана конспект жаздыруға ауысуға болады. Білім алушылар оқу процесінде берілетін білім мазмұнын қысқаша қағазға түсіріп, жазып отырады, яғни конспектілейді.

КОНТЕНТ ТАЛДАУ (ағылш. contents-мазмұн)- педагогикада пайдаланылатын зерттеу әдісі. М. Мәтін және өзге де тасымалдаушылардың (бейнежазба, сұхбат, балалардың жұмысы, мектеп кұжаттары, т.б.) өзіндік сипаттарын анықтау мен баға беруді білдіреді.

ҚАБІЛЕТТІЛІК ТЕСТІЛЕУ (тесты способностей)- жалпы алғанда қайсыбір мақсатқа жетудің әлеуметтік мүмкіндігін өлшеу үшін құрастырылған кез келген тест. Арнайы қабілеттерді, жалпы қабілеттерді және көпжақгы қабілеттерді мөлшерлеп анықтауға арналған түрлері құрастырылады.

ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ ЭКСПЕРИМЕНТ- жас тұрғысындағы және педагогикалық психологияда қолданылатын, зерттеушінің сыналушыға белсенді ықпал-әрекеті процесінде баланың психикасындағы өзгерістерді қадағалау әдісі.Қ.э. анықталатын фактілерді тіркеумен ғана шектеліп қалмай, арнамалы жағдайлар жасау арқылы жеке адамның психикалық дамуының заңдылықтарын ашуға, бұл процесті оңтайландыру мүмкіндіктерін анықтауға мүмкіндік береді. Нақ осы себепті баланың жеке тұлғасын қалыптастырудың шарттарын, принциптерін, жолдарын зерттеуде Қ.э. кеңінен қолданылады, психологиялық зерттеулердің оқу-тәрбие процесінің неғұрлым пәрменді нысандарын педагогикалық іздеумен және жобалаумен біріктіруді қамтамасыз етеді (қалыпгастырушы эксперименгтің синонимдері қайта өзгертуші, жасампаз, тәрбиелік, оқытушылық, генетикалық- модельдеушілік эксперимент, психиканы белсенді түрде қалыптастыру әдісі).

ҚАТЫНАС, БАЙЛАНЫС (коммуникация; отношение)- психологияда өзара әрекет моделін, ес процесін, фивиологиялық функцияларды, тілді түсіндіреді. Берілген ақпаратты хабарлау.

ҚИЫН БАЛАЛАР- тұлғалық дамуында көрінеу ауытқулары бар екенін көрсететін балалар санаты. Әдетте, балаларды бұл санатқа қосқанда олардың оқу-тәрбие процесінің дұрыс өтуіне кедергі болатын даралық-психологиялық ерекшеліктерінің сыртқы көріністері негізге алынады. Баланың мінез- құлқындағы кінәраттардың себептері алуан түрлі болады, оның қиын деп бағалануы көбіне нақты психофизиологиялық сипаттамасын көрсетпейді, ол туралы ата-аналар мен педагогтардың пікірін білдіреді. Қазіргі әдебиетте қиын балалар деп, әдетте, мінез-құлықтары жалпы қабылданған нормалардан көп ауытқитын және дұрыс тәрбиелеуге кедергі жасайтын балалар аталады. Сондықтан оларға қатысты тәрбиеленуі қиын балалар деген термин синонимі қолданылады.

ҚОРЫТЫНДЫ (вывод)- 1) жалпы және сөзбе-сөз мағынасы- сыртқа шығатыңның бәрі, организмнің кез-келген реакциясы немесе жүйенің өнімі; 2) ақпарат теориясында- шығатын сигнал.

ҚОСАРЛАП СТИМУЛДАУ ӘДІСТЕМЕСІ (методика двойной стимуляции)- орыс психологы Л.С. Выготскийдің (1896-1934) жоғары психикалық функциялардың жанама сипаты туралы тұжырымдамасы негізінде жасалған психологиялық әдістеме. Ұғымдардың қалыптасу процесін зерттеуге Л.С. Выготский мен Л.С. Сахаров қосарлап стимулдау әдістемесін бірігіп қолданды. Негізгі мәні-екі қатар стимулдар арқылы жоғары психикалық функциялардың іс-әрекеті мен дамуы зерттелді. Стимулдың бірі сыналушының іс-әрекеті бағытталған объектінің функциясын, екіншісі осы іс-әрекетті ұйымдастыратын белгілер функциясын атқарады. Стимул- объектіге - әр түрлі түстер, нышандар, өлшемдер, ал құрал стимулға әр фигураның сыртында жазылған сөздер алынады. Олар эксперименттік материалдар болып саналады. Бұл әдістеме, сондай-ақ жанамаланған ес пен зейінді зерттеуге де қолданылады

Құмарлықинстинктивті тілек, индивидті осы тілекті қанағаттандыру бағытында әрекет атқаруға итермелейді.
МАҚҰЛДАУ, ТӘЖІРИБЕДЕН ӨТКІЗУ (апробация; лат. approbatіо)- зерттеу барысында болжамның оң не терістігін анықтау мақсатындағы тәжірибелік байқау сынағы.

МЕКТЕП ЖАСЫ (школьный возраст)- балалардың өмірі мен дамуының кезені. Бұл кезең 10-11 жылға созылады және үш жас кезеңіне бөлінеді: 1) кіші мектеп жасы (6-7 жастан 11 жасқа дейін); 2) жасөспірімдік кезең (11-12-ден 14-15-ке дейін); 3) ерте бозбалалық шақ (15- тен 18-ге дейін). Бұл кезеңдердің әрқайсысы балалардың анатомиялық-физиологиялық және психикалық ерекшеліктерімен, олардың коғам өміріне араласу дәрежесімен, оқу-тәрбие жұмысы мазмұнымен, ұйымдастырылуымен сипатталады.

Мотивтер күресі­шешім қабылдаумен байланысты ерік әрекеттерінің сатысы.

МИНЕСОТТЫ КӨП ФАКТОРЛЫ ТҰЛҒАЛЫҚ САУАЛНАМА (ММРІ)- тұлғаның даралық ерекшеліктері мен психикалық күйін психодиагностикалық зерттеу әдісі, тұлғалық сауалнама санатына жатады. XX ғасырдың 40-жылдарында америкалық ғалымдар С. Хатеуейем мен Дж. Маккинли тұлғаның патохарактерологиялық даму синдромдарын клиникалық зерттеу әдісі ретінде талдап жасады, Зерттеу барысында сыналушыға оның әр түрлі өмірлік жағдаяттарға көзқарасын үлгілейтін 550 пайымдау беріледі де, «дұрыс», «дұрыс емес» және «айта алмаймын» деген үш жауаптың біреуін беру ұсынылады.Мәңді жауаптар арнаулы «кілттердің» көмегімен тіркеліп, одан соң сандык өңдеуден еткеннен кейін үш бағамдаулық және он базистік шкаласы бар профильдік параққа жазылады. Бағамдаулыққа «жалған» шкаласы (сыналушы жауаптарының шынайлығы), нәтижелердің анықтығы, корреакция шкаласы (мінез-құлықтың ұғынылмай бақылануы) жатады. Базистік шкалалардың атаулары әдістің бастапқы клиникалык бағыттылығын бейнелейді.:1- ипохондрия; 2- депрессия; 3- есірік; 4- психопатия; 5- ер және әйел қасиеттері; 6- параноялық; 7- психоастения; 8- шизоидтілік; 9- гипомания; 10- әлеуметтік интроверсия. Шкалалардың әрқайсысындағы көрсеткіштердің арақатынасы тұлғаның профилін құрайды. Дүниежүзілік практикада базистік он шкалаға қосымша тұлғаның көптеген даралық-психологиялық қасиеттерін көрсететін 200-ден астам шкала талдап-белгіленген. Отандық психология ғылымында бұл әдістеме әлеуметтік-мәдени жағдайдың ерекшеліктері, оны психикалық тұрғыдан сау адамдарға қатысты қолдану, сондай-ақ тестің кысқартылған нұсқасын пайдалану ескеріліп бейімделіп, кайта стандартталған. Осының нәтижесінде тұлғаны зерттеудің модификацияланған әдісі, тұлғаны зертгтеудің стандартталған әдісі және тұлғалық стандартталған клиникалық сауалдама жасалған. Бұларды қолдану арқылы тұлғаның нормадағы және патологиядағы даралық қасиеттерін анықтау мүмкіндігіне кол жетіп қана қоймайды, сонымен қатар мінездің шамадан тыс білінетін, қалыпты даму мен психопатиялық дамудың шекарасындағы сипаттары саласы анықгалып, ол мінез акцентуациялары деп аталады. Іргелі және қолданбалы психологиялық зерттеулердің әр түрлі салаларында кең тараған әдіс тұлғаның индивидумдық-тұлғалық ерекшеліктерін, стреске қарсы реакция типін, мотивациясының бағыттылығы мен ынталандырғыш күшін, қорғаныштык және компенсаторлық механизмдерін және басқа да көптеген тұлғалық қасиеттерін барынша нақты анықтайды. Әдістеменің формальдық көрсеткіштерінің математикалық базасы оны компьютерлік психодиагностика саласында ойдағыдай қолдануға жағдай жасайды.

МІНЕЗ БІТІСТЕРІ (черты характера)- өмір барысында біртіндеп қалыптасатын мінез ерекшеліктері. Бұлар бірнеше топқа бөлінеді. Кісінің айналасына, басқа адамдарға қатынасын білдіретін жағымды мінез бітістеріне адамгершілік, қайырымдылык, адалдық,т. б.осы секілді жағымды мінездермен қатар, қатыгездік, зымияндық, сотқарлық, т.б. ұнамсыз түрлері де кездеседі.

Неке–­ қабылданып отырған ақпаратты әсерлеу және кейінгі сақтау процесі.
ОҚЫТУ ДИАГНОСТИКАСЫ (диагностика обучения)- қандай да бір жүйенің күйін сипаттайтын белгілерді нақтылау және үйрену кезіндегі мүмкін ауытқуларды айту, олардың жұмыс режімінің бұзылуының алдын алу жолдарын айқындау.

ОҚЫТУДАҒЫ ТЕОРИЯ МЕН ПРАКТИКА БАЙЛАНЫСЫ (связь практики с теорией в обучении)- теориялық білімнің іс жүзінде білім, дағды, шеберлік тұрғысынан көрініс табуы. Оқушыларды нақгы іс-әрекетке үйретеді, тиісті әрекетке бейімделуге икемдейді.

ПСИХОДИАГНОСТИКА (психо... және diagnostikos - айырып тануға қабілетті)- адамның психикалық қасиеті мен күйін ғылыми дәлелді тәсілдер арқылы сандык сипатта бағалайтын және нақты сапалық тұрғыдан талдайтын, сөйтіп адам психологиясының көрінісі туралы дұрыс болжамдық мәлімет беретін ізденіс аумағы.

ПСИХОЛОГИЯ (грек. рsусһе-жан, logos-ілім)-тіршілік қарекетінің ерекше нысаны ретінде психиканың даму және функция атқару заңдылықтары туралы ғылым. Тіршілік иелерінің қоршаған дүниемен өзара әрекеттестігі психикалық процестер арқылы, актілер мен күйлер арқылы жүзеге асады; бұлар физиологиялык процестерден, актілер мен күйлерден сапалық тұрғыдан ерекше болғанымен, олардан бөлінуге келмейді.

ПСИХОПАТИЯЛАР (грек. рsусһе -жан, pathos - зардап шегу, ауыру)- мінез- құлық патологиясы; мұндайда субъектіде оның әлеуметтік ортаға бейімделуіне кедергі келтіретін қасиеттерінің іс жүзінде қайтымсыз айқындығы байқалады.

САЛЫСТЫРМАЛЫ ГЕНЕТИКАЛЫҚ ӘДІС (сравнительно-генетический метод)- жазба жұмыстарын, эпистолярлық мемуарларды, адамның басынан өткізген оқиғаларын, естеліктерін зерттеп, оның әр түрлі психологиялық ерекшеліктерін білу. Балалардың немесе үлкендердің психикалық әрекеттерін зерттеу кезінде оларды бір-бірімен салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды.

Сезім­адамның өзінің заттар мен құбылыстарға деген қатынасын бастан кешіруінің негізгі формасы; тұрақтылық және төзіміділікпен ерекшеленеді; сезімдердің қалыптасуы мен дамуы тұрақты эмоционалдық қатынастың қалыптасуын білдіреді.

Стресс -­ эктремалдықөмірлік жағдайларда пайда болатын, адамнан жүйке­психикалық күштерін мобилизациялауды талап ететін эмоционалдық бастан кешірулердің ерекше формасы.

ТАХИСТОСКОП (грек. tachis-тез, жылдам, skoreo- қараймын)-қысқа уақытта көру стимулдарын көрсете алатын аспап. Тахистоскоптың механикалық түрін неміс психологы В.Вундт (1832-1920) жасады. Тахистоскоптың электронды түрі де бар. Проекциялы тахистоскоп арнайы диапроекторлармен жұмыс жасайды, оның каналдары ақпараттарды береді. Ес, қабылдау процестерін зерттеуде қолданылады.

ТЕСТІҢ СӘЙКЕСТІЛІГІ - тест сапасының негізгі крийтерийлерінің бірі. Т.с. проблемасы тестің талдап-белгіленуі мен іс жүзінде қолданылуы процесінде тұлғаның ден қойылып отырған қасиетінің біліну дәрежесі мен оны өлшеу әдісі арасындағы сәйкестістікті анықтау міндеті қойылған кезде туындайды. Тест неғұрлым жарамды болса, өзі соны өлшеу үшін жасалған қасиет онда неғұрлым анық білінеді.

ТЕСТІЛЕР (ағылш. test-сынау, сынама)- жеке тұлғаның даралық- психологиялық қасиеттерін, сондай-ақ білімін, білігі мен машығын салғастырмалы шамалармен өлшеуге арналған стандартталган тапсырмалар; психологиялық диагностиканың негізгі әдістерінің бірі. Т. модельдік жағдайлар болып табылады, олар арқылы индивидтің тән сипаты реакциялары анықталып, зерделенетін нышан көрсеткіштерінің жиынтығы деп есептеледі. Тестілерді әр түрлі негіздер бойынша саралауға болады.

ТЕСТІЛЕУ-белгілі бір мәңдер шкаласы бар стандартталған сұрақтар мен есептер пайдаланылатын психологиялық диагностика әдісі. Даралық айырмашылықтарды стандарты өлшеу үшін қолданылады. Тестілеудің негізгі- негізгі үш саласы бар: а) білім беру- оқыту мерзімінің ұзаруына және оқу бағдарламаларының күрделенілуіне байланысты; э) кәсіби даярлық және іріктеу- өндірістің есу қарқынының жеделдеуіне және күрделіленуіне байланысты; б) психологиялык консультация-социодинамикалық процестердің жеделдеуімен байланысты. Т. индивидте қажетті дағдылардың, білімдердің, тұлғалық сипаттамалардың және т. б. дамуының актуальды деңгейін белгілі бір ықгималдықпен анықтауға мүмкіндік береді.

ФЕХНЕР ЗАҢЫ (закон Фехнера)- физикалық стимулдың қарқындылығы геометриялық прогрессияда артса, психологиялық түйсік арифметикалық прогрессияда күшейеді. Бұл заңды XIX ғ. Неміс психологы Г.Т.Фехнер (1801- 1887) ашты және неміс физиологы Э. Вебердің (1795-1878) еңбекгеріне негізделді

ЭКСПЕРИМЕНТ (лат. Ехреrimentum -тәжірибе, сынау)- 1)ғылыми мәнде жасалған тәжірибе; 2)тәжірибе жүзінде бақылауды іске асыру.

Эмоциялар­қажеттіліктержәне мотивтермен байланысты, және де субъектіге әсер етуші құбылыстар мен жағдайлардың мәнділігін тікелей­сезімдік уайымдар формасында бейнелейтін психикалық процестер мен күйлердің ерекше тобы.

  1. ДӘРІСТЕР

Модуль 1. Отбасылық қатынастар психологиясының әдіснамалық негіздері.


Тақырып. Отюбасы психологиясына кіріспе.

Дәріс жоспары:



  1. Отбасы психологиясына кіріспе.

  2. Отбасындағы психологиялық климат.

  3. Отбасы мүшелерінің психологиялық ерекшеліктері.

Дәрістің қысқаша мазмұны.

Отбасы психологиясы - психологиялық білімдердің салыстырмалы жаңа саласы. Ол жанұялық психотерапия практикасының жанұяға психологиялық көмек көрсету практикасына негізделеді. Отбасы психологиясының ғылыми пән ретіндегі айырмашылығы ол психологиялық практикамен үздіксіз байланысты. Жаңа ғылыми пән - отбасы психологиясының даму өзектілігі - жалпы отбасындағы психологиялық атмосфераның нашарлауымен және дисфункционалдылықтың өсуімен және отбасының басым бөлігіндегі қақтығыспен байланысты. Отбасы психологиясының теоретикалық негізі әлеуметтік психология, тұлға психологиясы, даму психологиясы, педагогикалық және клиникалық психологиядағы зерттеу болып табылады.



Отбасы психологиясы – салыстырмалы түрде ғылым мен тәжірибиеде жас аймақ. Социологтар мен антропологтар XIX ғасырда отбасы институтының негізін салды. Даму кезеңдерін топтық, жұптық, патриархалды, моногамды деп құрастырды. Отбасы – бірлесіп күн көретін туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы. Балалар тәрбиесін жүзеге асырып, басқа да қоғамдық тұрғыдан мәнді кажеттіліқтерді қанағаттандыратын некелік немесе туыстық қатынастармен байланысқан адамдар тобы. Отбасының маңызды сипаты - оның қызметі, құрылымы және динамикасы болып табылады.

Отбасы және неке психологиясы - психологиядағы неке және отбасы проблемаларын зерттейтін пәнаралық бағыт. Отбасы - некелесуден, туыстық байланыстардан тұратын шағын топтар, жеке өмірді ұйымдастырудың маңызды формасы және әлеуметтік қоғамдастық түрі. Отбасы тәрбиесі - ұлттық тәрбиенің негізі болып табылады.

Отбасы - қоғамдық қатынастар мен процестердің алуан түрлі формалары біртұтас болып ұштасатын кешенді әлеуметтік құбылыс болып табылады. Сондықтан да әлеуметтік құбылыс бола отырып, ол адамзат өмір сүру жағдайына қарай құрылып, оның дәстүрлері мен әдеттері ғасыр өткен сайын жаңа сипатта көрініс береді. Отбасын әлеуметтану ғылымында былай деп көрсетеді «отбасы дегеніміз – тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік топ, оның жалпы белгілері – бөтен адаммен жыныстық байланыс орнату, туысқандық қатынастар жүйесі, адамның жеке-дара адамгершілік сапаларын қалыптастырып дамыту, белгілі бір экономикалық қызметті іске асыру». Яғни, адамзат отбасын құра отырып, сол шағын мемлекетке әлеуметтенеді, отбасылық құндылықтар қалыптастырады және әдет-ғұрып дәстүрлерін дамытады.

Н.Я. Совольевтің анықтамасына сәйкес: «Отбасы - ерлі - зайыптылардың одағы мен туыстық қатынастарына негізделген қоғамның кішкентай әлеуметтік тобы, жеке тұрмысты ұйымдастырудың маңызды формасы, яғни бірге тұратын және жалпы шаруашылықты бірге жүргізетін еркек пен әйелдің, ата-аналар мен балалардың, аға мен қарындастың немесе басқа туысқандардың арасындағы қарым-қатынас». Отбасы қатынасының категорияларына құрылған отбасы анықтамаларының ішінде А.Г. Харчев берген анықтама ерекшеленеді: «Отбасы - бұл кішкентай топ ретінде ата-аналар мен балалар арасындағы өзара қарым-қатынастың нақты тарихи жүйесі, оның мүшелері некелік немесе туысқандық қатынаспен, тұрмысының ортақтығымен және өзара моральдық жауапкершілікпен байланысқан және халықтың рухани туындыларымен қоғам сұранысына негізделген әлеуметтік қажеттілік». А. И. Антонов отбасын «адамдардың біріккен жалпы отбасылық ортақ әрекетіне негізделіп, ата-ана-туысқандық желілермен байланысқан және балалардың өсіп-жетілуі мен отбасы мүшелерінің өмір сүруін қолдау» деп түсіндіреді. Отбасы қарым-қатынасын зерттеудің тарихи негізін қалаған швед тарихшысы И.Я. Баховеннің 1861 жылы жарық көрген «Материнское право. Исследования гинекократии старого времени и её религиозной и правовой природы» атты кітабы көп үлес қосты. 

Неке мен отбасын психологиялық зерттеулердегі мәселелер:


  • некенің сапасына ықпалы бар факторларды зерделеу;

  • отбасының даму циклі

  • отбасының рөлдік құрылымы

  • биліктің отбасы мүшелерінің арасында бөлінуі

  • ерлі- зайыптылардың арасындағы қарым- қатынас

  • некелік жұбын таңдаудың детерминанттары

  • ата- аналар мен олардың балаларының психологиялық ерекшеліктері және т.б

Жанұя психологиясының міндеттері:

1. жанұя өмір сүру циклінің түрлі сатыларында оның функциональдық - рөлдік құрылымының қалыптасу және даму заңдылықтарын зерттеу;

2. некеге дейінгі кезеңді, некелік серік іздеу және таңдау ерекшеліктерін зерттеу;

3. жұбайлық қатынастардың психологиялық ерекшеліктерін зерттеу;

4. ата - ана мен бала қатынасының психологиялық ерекшелігін зерттеу;

5. бала дамуының алғашқы сатыларында отбасы тәрбиесінің әсерін зерттеу;

6. жанұядағы нормативтік емес дағдарыстарды, олардан өту стратегияларын зерттеу.

Жанұя - шағын әлеуметтік топ, жұбайлық одақ пен туыстық байланысқа негізделген жеке тұрмысты ұйымдастырудың маңызды формасы, яғни бірге өмір сүретін және ортақ тұрмыс жүргізетін әйел мен еркек, ата - ана мен бала қатынасына негізделген.

Жанұя функциясы - жанұя мүшелерінің белгілі бір қажеттіліктерін қанағаттандырумен байланысты жанұяның өмірлік іс - әрекеті. Жанұя басқа жүйелер сияқты бірқатар функцияларды жүзеге асырады. Бұл функциялар иерархия құрып, жанұяның мәдени - тарихи даму спецификасиясын және оның өмірлік циклінің сатыларын бейнелейді:

Неке - ер адам мен әйел арасындағы қатынастарды реттеудің оның бір - біріне және балаларына қатысты құқықтары мен міндеттерін орнатудың әлеуметтік формасы, тарихи шартталған әлеуметтік институт.

Ғылыми әдебиеттерде "жанұялық психологиялық климат" түсінігінің синонимі ретінде "жанұяның эмоциональды климаты", "жанұяның психологиялық атмосферасы", "жанұяның әлеуметтік - психологиялық климаты" деген сөздер қолданылады.

Жанұядағы психологиялық климат - отбасы ішілік қарым - қатынастардың тұрақтылығын анықтайды, балалар мен үлкендердің дамуына әсер етеді. Жанұядағы психологиялық климаттың жағымды немесе жағымсыз болуы, ұзаққа созылуы жанұя мүшелеріне тәуелді.

Жағымды психологиялық климаттың маңызды негізгі көрсеткіші: бос уақытты жанұя аясында өткізуге ұмтылу; бәрін қызықтыратын тақырыпта әңгіме құру.

Жанұя мүшелері қорқыныш, эмоциональдық жайсыздықты, шеттетілуді сезінсе жағымсыз эмоциональдық климат туралы айтуға болады. Егер жанұя мүшелері бұл жағдайды жақсы жаққа өзгертуге ұмтылмаса, отбасының өзінің өмір сүруі мәселеге айналады.

Еркек пен әйелдің табиғаты әр түрлі. Тіпті, ауру белгілерінің өзін ерлер мен әйелдердің ағзасы әрқилы қабылдап, сезінеді. Әйелдердің миы ерлердің миынан көлемі жағынан да, құрылымы жағынан да үлкен айырмашылыққа ие. Яғни, әйел миының салмағы ерлер миынан орташа есеппен (дене бітімі тәрізді) 10-15 пайызға кем. Соған қарамастан, америкалық психиатрлар мен невропатологтардың дәлелдеуінше, әйелдер миының нейроны көп жағдайда мейлінше белсенді түрде жұмыс атқарады. Реніште ерлер мен әйелдердің мінезі бірдей тәрізді көрінгенімен, мұндай жағдайда ерлерге қарағанда әйелдердің миының нейрондары өз аумағына сегіз есе көп салмақ түсіреді. Нәзік жандылардың жүрегі минутына 8-10 рет соғып, салмағы ерлердің жүрегінен 10-15 пайызға аз болғанымен, әйел жүрегі ерлер жүрегінен өте төзімді де шыдамды көрінеді. Мұны да анықтағандар – дәрігерлер. Және де әйелдердің жүрегі оттегіні де 30 пайызға аз қабылдайтын болып шықты. Сөйте тұра, әйелдердің жүрегі ерлердің жүрегіне қарағанда әлдеқайда артық жүк көтереді. Соған қарамастан, қырық жасқа дейін әрбір жүз еркектен қырық еркек инфаркт алса, әйелден біреуі ғана ондай дертке ұшырайды. Тек қазір әртүрлі жағдайларға байланысты инфаркт алу әйелдер мен еркектерде жетпіс жастан кейін теңесе түсуде.

Қазіргі кезде некелік- отбасылық қатынастар ерлі-зайыптылардың адамгершілік-этикалық, психологиялық-педагогикалық дайындықтарының, тұрмыс мәдениетінің жоғары деңгейде болуын талап етеді. Адамның қалыптасуы оның бала күнінен басталады. Сондықтан жас буынның жеке бас қасиеттерінің ойдағыдай дамуы үшін олардың өз қасиеттерін және басқалардың қасиеттерін түсіне білуіне көмектесіп, жол-жоба көрсету өте маңызды. Бұл оңай міндет емес. Көптеген әлеуметтік функцияларды атқарушы, қоғамдағы әлеуметтік құрылымның қажетті құраушысы ретінде отбасы қоғамдық дамуда маңызды орын алуда. Отбасы ортақ тұрмыспен өзара моральдық жауапкершілікпен және өзара көмекпен байланысқан адамдардың бірігуі болып табылады. Отбасы арқылы ұрпақтар ауысып, адам тегінің жалғауы жүзеге асады, алғашқы әлеуметтену процесі және баланы тәрбиелеп өсіру жүзеге асады. Отбасы негізін қоғаммен қабылданған әйел мен ер адам арасындағы некелік одақ құрайды. Отбасын құру екі ғашықтың арасындағы махаббат сезімінен басталады.   Бірақ кей жағдайда ол махаббат емес материалдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға ауысып кетеді.

Махаббат ең негізгі, маңызды процесс, жағдай.   Отбасы беріктігі махаббат сезіміне, қызығушылықтардың ортақтығына, көмекке келуге қабілеттікке, бір - біріне құрметпен және қамқорлықпен қарауға негізделеді.

Жастарды болашақ некелік немесе ерлі - зайыптылық өмірге дайындауда  төмендегі ұстанымдарды мақсат ету маңызды. Олар:



  • өзін өзі бақылау мен бағалау;

  • отбасы табиғатының жүйесін түсіну;

  • екінші серігімен қарым-қатынас жүйесін жақсарту;

  • бұрын түсінбеген отбасындағы өзара қатынастың ерекшеліктерін үғыну,

  • өзіндегі және отбасындағы болып жатқан өзгерістерді анықтауға мүмкіндік жасау,

  • отбасы мүшелерінің әрқайсысына ерекше көңіл бөлу;

  • ерлі-зайыптылар бір - бірінің  пікірімен санасу және түсіну.

Сонымен жастардың үйлесімді неке құруына психологиялық даярлығын диагностикалау  олардың болашақ сәтті отбасы болуының кепілі болып табылады.
Негізгі ұғымдар: жанұя, отбасы, неке, жанұялық психологиялық климат, жанұяның эмоциональды климаты, жанұяның психологиялық атмосферасы, жанұяның әлеуметтік - психологиялық климаты.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:



  1. Отбасы психологиясы туралы өзіңіздің ойыңыз.

  2. Отбасы психологияның негізігі міндеттерін атаңыз.

  3. Бұл пәннен білімдер педагог-психологқа қандай көмек береді?

Әдебиеттер:

    1. Ковалев С.В. Психология семейных отношении. М., 1987

    2. Гребенников И.В. Основы семейной жизни. Учебн. Пособие- М., 1991

    3. Ковалев С.В. Психология современной семьи. М., 1998


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет