ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені


Модуль 3. Отбасылық тәрбие психологиясы



бет6/10
Дата25.12.2016
өлшемі1,74 Mb.
#4419
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Модуль 3. Отбасылық тәрбие психологиясы.

Тақырып. Отбасылық тәрбие.

Дәріс жоспары:



  1. Отбасылық тәрбие туралы жалпы түсінік

  2. Отбасылық тәрбиенің тарихи кезеңдері


Дәрістің қысқаша мазмұны

Отбасы, жанұя, үйелмен, семья деген атаулар бір мағынаны береді.

Мәселен, “Отбасы – семья, үй деген сөздің синонимі” яғни бір оттың (ошақтың) басында өмір сүріп жатқан қандастар

“жанұя - өмірдегі туысқандық қарым – қатынастық ортақ белгісі”

“Үйелмен – ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан адам баласының әлеуметтік ортасы”

“Семья-некеге немесе қандас туысқандыққа негізделген қоғамдық шағын топ, адам тұрмысын ұйымдастырудың бастапқы формасы” (4,126)

Осы төрт анықтамадан түйіндейтініміз – адамның өз өмірінің негізгі процестерін бастан кешіретін кіші әлеуметтік топ отбасы болып табылады. Отбасындағы әрбір адам өмірінің онымен тығыз байланыстылығы сонша, ол әрбір отбасы мүшесінің дамуына шешуші әсер етеді.

Отбасы - қоғамдық қатынастар мен процестердің алуан түрлі формалары біртұтас болып ұштасатын комплексті әлеуметтік құбылыс. Сондықтан да отбасыға объективтік тұрғыдан ғылыми зерттеу жүргізу оңай емес.

Адам мен қоғам үшін отбасының маңызы, атқаратын қызметі алуан түрлі болғандықтан оны зерттеуші қоғамдық ғылымдар да көп. Бұл ғылымдардың әрқайсысы өз анықтамасын беруге тырысады.

Әлеуметтану ғылымы оны былай анықтайды: отбасы дегеніміз – тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік топ, оның жалпы белгілері – бөтен адаммен жыныстық байланыс орнату, туысқандық қатынастар жүйесі, адамның жеке-дара адамгершілік сапаларын қалыптастырып дамыту, белгілі бір экономикалық қызметті іске асыру (Отбасы еркек пен әйелдің табиғи физиологиялық және басқа қажеттерін (рухани, этикалық, эстетикалық, т.б. қажеттерін) өтеп, ұрпақ өсіру арқылы қоғамды қалпына келтіре дамытушы әлеуметтік топ болып табылады.

Отбасының жоғарыда келтірілген анықтамасы бойынша, ол - отбасындағы қатынастар, отбасының құрылымы мен формасы тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік топ. Отбасы ұсақ (кіші) топ ретінде мынадай негізгі функцияларды іске асырады:

-репродуктивтік (бала табу арқылы қоғамды қалпына келтіру);

-экономикалық (өндіру және тұтыну);

-қорғаныс функциясы (отбасы мүшелерінің денсаулығына, материалдық игіліктермен қамтамасыз етуге, қауіп-қатерден қорғауға қамқорлық жасау);

-балаларды оқыту-тәрбиелеу;

-эмоциялық (ерлі – зайыптылардың бірін-бірі сүюі);

-әлеуметтендіру функциясы (балаларды қоғамдық тәртіпке, мінез-құлыққа т.б. баулу).

Отбасының өзінің тарихи өзгерісіне байланысты бұл функциялардың арақатынасы да өзгеріп отырады.

Отбасының формасы мен атқаратын міндеттерінің (функциясының) өзгеруі, сайып келгенде, өндіргіш күштердің дамуына, яғни адамның шығу тегін айқындайтын элементтердің дамуына байланысты болады. Бұл жөнінде Ф.Энгельс өзінің «Отбасының, жеке меншіктің және мемлекеттің шығуы» деген еңбегінің кіріспесінде былай деп жазды: «Қоғамның материалистік ұғымына сәйкес тарихтағы шешуші күш сайып келгенде өмірді тікелей өндіру және ұдайы өндіру болып табылады. Алайда, өндіріс те екі түрлі болады.

Бірінші жағынан – тіршілік қажеттерін: азық-түлік, киім-кешек, баспана және бұларды өндіру үшін қажетті құралдар өндіру;

Екінші жағынан – адамның өзін өндіру, ұрпақты өсіру.

Белгілі тарихи дәуірде және белгілі бір елде өмір сүретін адамдардың қоғамдық қатынастары өндірістің осы екі түрімен: бір жағынан, еңбектің, екінші жағынан, семьяның даму дәрежесімен анықталады…» (6, 59)

Қазір қоғамдағы отбасы кіші әлеуметтік топ қана емес, ол сондай-ақ құқықтық институт та болып табылады. Кіші әлеуметтік топ ретінде отбасы бірқатар міндеттерді іске асыратынын жоғарыда айттық. Құқықтық институт ретінде отбасы – туысқандық және некелік қатынастар арқылы өзара байланысты адамдар тобы. Оларға тиісті құқықтық нормаларға сәйкес белгілі бір құқықтар мен міндеттер берілген.

Отбасының өзіндік тарихи даму формалары бар. Мәселен, адамдардың өндіріс тәсіліне сәйкес отбасы да әлеуметтік топ ретінде тарихи дамып отырады.

Отбасының тарихи дамуының ғылыми-материалистік теориясына сүйене отырып, американдық ғалым Льюис Морганның этнологиялық зерттеулерін пайдаланды: ол ұзақ уақыт бойы солтүстік американдық үндістердің Сенека тайпасында тұрып, жүргізген байқауларын, атап айтқанда, олардың туысқандық және отбасылық қатынастарына жасаған зерттеулерінің нәтижелерін пайдаланды.

Морганның зерттеулеріне негізделген жорамал бойынша, адамзат қоғамы тарихының бастапқы кезеңінде адамдар арасындағы жыныстық қатынастарға ешқандай шек қойылмаған – үлкендер мен жастар, балалары мен ата-аналары қатынаса берген. Бұл жабайы не жартылай жабайы кез болатын. Морганның және басқа зерттеушілердің дәлелдеуіне қарағанда, отбасылық қатынас промискуитет (жалпы аралас-Ә.Р.) деп аталатын бұл кезеңнен кейін бір қандастар отбасы, снидиасмикалық отбасы және моногамиялық отбасы кезеңдерінен өткен.

Бір қандастар отбасы топтық некеге негізделеді, мұнда жыныстық қатынастар тек бір ұрпаққа жататындар арасында ғана рұқсат етіледі. Бір ұрпаққа жататындардың бәрі, яғни аға-інілер мен апа-қарындастар туысқандығына қарамастан бір отбасын құрған. Мұндай семья эндогамиялық (жақын туыстар арасындағы жыныстық қосылу дегенді білдіреді) топ болады, өйткені оған бір руға немесе тайпаға жататындар кіреді. Қазіргі кезде мұндай отбасылар жоқ, бірақ кейбір халықтарда ағайынды екі адамның балаларының үйлену фактілері кездеседі (өзбектер, арабтар т.б.).

Бұдан кейін біртіндеп эндогамиялық принцип экзогамиялық принциппен, яғни руаралық некелесу формасымен ауысады. Бір рудың бір топ қыздары (апалы-сіңлілер) басқа рудың бір топ туысқан жігіттеріне шығатын болған. Бұл бір әйел мен бір еркектен тұратын отбасына көшудің алғашқы қадамы болды.

Бір еркек пен бір әйелден тұратын моногамиялық отбасыға өтудің тарихи типі синдиасмикалық отбасы болды – ол жабайылықтан варварлыққа өту кезеңінде пайда болды, ал полигамиялық (көп әйел алу формасында) тек еркектердің ғана еркіне тиді. Отбасының бұл формасында баланың шын биологиялық әкесі белгілі болатын болды да, мұның өзі рулық қоғамның ыдырап, жеке меншіктің, қосымша өнімнің шығуына, сөйтіп моногамиялық отбасының тууына жағдай жасады.

Моногамиялық отбасы патриархалды қатынастарға негізделгендіктен отбасы басшысы еркек болды, отбасының ажырасуы да еркектің ғана еркімен болатын болды.

Қазіргі заманғы отбасының негізгі типтері өзгеше. Қазіргі заманда бір типті отбасы жоқ. Отбасылық қатынастардың формалары түрліше болуының себебі, белгілі бір қоғамның даму дәрежесімен және ондағы қоғамдық қатынастардың сипатымен анықталады. Қазіргі кезде отбасының типтері мыналар: тотемдік қауым (ру), патриархалды туыс топ, патриархалды отбасы және жеке отбасы.

Тотемдік ру біздің заманымызда әлі де болса кездесетін ең көне отбасы формаларына жатады. Мұндай отбасылар Австралиядағы кейбір тайпаларда кездеседі. Ру мүшелерінің жеке - дара есімі болмайды екен, бәрінің ортақ есімі болады. Мұндай отбасындағы неке жеке болмайды, жалпы (ортақ) болады екен, баланың әкесін анықтау мүмкін емес, бала шешесінің есімімен аталады. Мұндай отбасы кейбір көшпелі тайпаларда кездесді.

Патриархалдық туыстар тобы (туыстық отбасы) өткен замандарда үндіеуропалық халықтардың бәрінде болған, ал кейбір халықтарда қазір де бар. Бұларда бірнеше ұрпақ бірге тұрады, есімдері де жалпы болады. Бұл ұрпаққа жататын отбасы мүшелерінің бәрі туысқан аға-іні және апа-сіңілі болып табылады. Отбасының басшысы біреу – ол отбасының атасы болады.

Ұрпақтардың шығу тегіне қарай бұл отбасы матриархалды немесе патриархалды отбасы болды. Біріншісі – отбасының ең көне түрі. Мұнда бір әйелдің көп күйеуі болуы жиі кездеседі. Мұндай отбасы тибеттіктерде және Оңтүстік Үндістанда тұратын тода деген халықта кездеседі. Патриархалды отбасының басшысы – еркек. Сондай-ақ баланың тегі бір мезгілде әке жағынан да, шеше жағынан да анықталатын екі жақты отбасы да кездеседі. Бұл жеке отбасының түріне өтетін өтпелі форма болып табылады. Моногамиядағы патриархалды отбасында отбасы басшысы мүліктің бірден-бір иесі болып саналады. Бұл-жеке меншіктің шығуына байланысты болған отбасылық қатынас. Бұл отбасының мүшесі – ері (құқықтың бәрі еркектікі), әйелі, ұлдары (әкесі өлгенше), қыздары (тұрмысқа шығып кеткенше).

Жеке отбасы – бүгін таңда дүниеде ең кең тараған отбасының түрі. Бұл отбасы енді тек әлеуметтік топ қана емес, сондай-ақ заң жүзінде бекітілген топ.

Қорыта келгенде, отбасыға мынадай анықтама беруге болады: қазіргі заманғы отбасы – ерлі-зайыпты екі адамның арасындағы некеге құрылған негізгі әлеуметтік топ, отбасыға сонымен бірге ұрпақтары (ұл-қыздары) да кіреді. Отбасының функциясы - бала тауып, тәрбиелеп өсіру, ерлі-зайыптылардың жыныстық, эмоциялық сезімдерін және басқа (әлеуметтік, экономикалық) қажеттерін өтеу.

Отбасы нақты қоғамда өмір сүреді, сондықтан отбасының жалпы сипатымен қатар өзі өмір сүретін қоғамдық қатынастардың мазмұнына сәйкес ерекше белгілері де болатыны түсінікті.

Әр елдің, ұлттың отбасын құру жолдары әртүрлі. Соған байланысты бала тәрбиесі де ерекше. Отбасы тәрбиесі өмір өзгерісіне ұшырап отырады. Мәселен, қазақтың ертедегі, кеңес заманындағы және бүгінгі бала тәрбиесіндегі өзгешіліктер осындай.

Қазақстан Республикасының 1991 жылы тәуелсіздік алуы, әлемдік деңгейде егеменді ел ретінде айқын танылуы, сондай-ақ президенттік басқару нысанындағы демократиялық мемлекеттік және жаңа азаматтық қоғамның тууы, нарықтық қатынастар жүйесіне көшуі, объективті қажеттіліктерге байланысты болып отырғаны қоғамдық сананың түбегейлі өзгерістер шеңберін кеңейтті.

Отбасында адам өмірге келеді, тәй-тәйлап басады, бірінші қуанышы мен қиындығын кездестіреді, өседі, өнеді, одан үлкен өмірге аттанады. Осы жерде көптеген сұрақтар туындайды. Олар:

Отбасы деген не?

Оның мәні неде?

Қоғамда қандай рөл атқарады?

Әр адамға не береді?

Осы сұрақтарды жан-жақты қарастырып, шешу кезінде көптеген ойшылдар, ғалымдар атсалысқан. Мысалы: ежелгі грек ойшылы Платон «Адамдар отбасын құру үшін болашақ өмірдегі серігінің қандай отбасынан шыққанын, оның әке-шешесі мен ата-бабаларын жақсы білуі қажет» (7,52) деген екен. Ал, Аристотель болса, «отбасы - адамдардың қарым-қатынастарының ең бірінші түрі және ол мемлекеттің бірінші кішігірім бөлігі» деп санаған (7, 54).

Классикалық неміс философиясының өкілі Кант отбасы мәселесін қарастыра отырып, ондағы адамдардың құқықтық мәселелеріне көп көңіл бөлген.

Фихте отбасының негізі-махаббат десе (7, 56), Гегель бірінші болып отбасы мен некенің тарихи формаларын көрсеткен (7, 58).

CIC ғасырдың екінші жартысынан бастап отбасына деген тарихи көзқарастар толықтырыла түсті. Мысалы, 1877 жылы шыққан «Ежелгі қоғам» (8, 49) атты кітабында Л. Морган отбасының тарихын, оның некелі қарым-қатынасын, экономикалық, әлеуметтік дамуын және қызметін қарастырған. Одан кейінгі уақыттарда отбасы туралы марксистер де жазды. Соның бірі - Ф. Энгельстің 1884 жылы шыққан «Отбасының, жеке меншіктің және мемлекеттің шығуы» атты еңбегі (6, 48). Мұнда Ф. Энгельс жанұяны тарихи категория ретінде қарастырып, оның формаларының байланысын, даму жолдарын көрсетті.

Француз ағартушысы Ж.Ж.Руссо, швейцарлық И.Г.Песталоцци, орыс педагогтары К.Д.Ушинский, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко,т.б.өз еңбектерінде отбасы тәрбиесін қарастырған (9, 53).

Отбасындағы тәрбие мәселесін көптеген әлеуметтану, философия, психология, педагогика, демография, құқық, әдептану, тарих, т.б. ғылымдардың қарастыруына байланысты көптеген анықтамаларды кезіктіруге болады. Бұл да дұрыс шығар, өйткені, барлық ғылымдарды бірдей қанағаттандыратын бір анықтама табу өте қиын. Олай болса, отбасының бірнеше анықтамаларына тоқталайық. Жоғарыда айтқандай, отбасы-жанұя-семья-үйелмен-бәрі бір ұғымды білдіреді. Сондықтан кейбір жерде отбасы, кейбір жерде жанұя деп ала береміз (Ә.Р.)

Философиялық тұрғыда «отбасы» - қоғамның ажырамас құрамды, өмірде зор мәні бар кішігірім ұйымы деп санаса, әлеуметтану ғыымында отбасы - некеде және қандас туыстар негізінде құрылған кішігірім топ деп берілген. Оның мүшелері бір-бірімен тұрмыстық, моральдық жауапкершілік, өзара жәрдем көрсету қарым-қатынаста болып, әлеуметтік құрылыс ретінде қоғамның экономикалық базисінің дамуына байланысты өзгертіп, жекелей дербестікте болады деп көрсетеді.

Ал, педагогикалық – психологиялық тұрғыда отбасы – ата-ана мен балалар арасындағы, ерлі-зайыптылардың және басқа да отбасы мүшелерінің қарым-қатынасының тарихи нақты жүйесі болып табылады.

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде «Отбасы» - өзіне, «неке мен қандас туысқа негізделген шағын топ» (10, 54) деп анықтама берілген. Оның ерекшелігі- тұрмыстың ортақтығы, өзара көмек және рухани жауапкершілік арқылы байланысқан. Қоғаммен, бүкіл қоғамдық қатынастардың жүйесімен тығыз байланыста бола тұрса да, отбасы - қоғамдық өмірге қарағанда адамдардың белгілі дәрежедегі дербес сырлас тобы.

Отбасы өмірі материалдық және рухани үрдістермен сипатталады. Табиғи-биологиялық және шаруашылық тұтыну қатынастары оның материалдық жағын құраса, рухани жағын құқықтық, адамгершілік және психологиялық қатынастар құрайды.

Отбасы мәселелері ТМД елдерінің ғалымдары В. И. Зацепин, В. Д. Цимбалюк, Г. К. Матвеев , Ю. И. Семенов, Н. Е. Соловьев, А. Г. Хрипкова, З. Я. Янкова, ал Қазақстанда С.Қалиев, М.Жарықбаев, Ж.Б. Қоянбаев, К. Бейсенбиева, М. Тажин, Б. Аяғанова секілді ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған (11, 26).

Бұл ғалымдардың тұжырымдалары бойынша отбасы - адамдардың, яғни некелік негізде қосылған еркек пен әйелдің, олардың туған немесе тумаған балаларының, кей кезде басқа да бірге тұратын жақын адамдарының қарым-қатынастық, бірлестік формасы. Авторлардың ойынша бұл анықтама барлық отбасының кез келген даму кезеңдерінің мәні мен сипаттарын қарастырады.

Дүниежүзіндегі әрбір халықтың өзіне тән отбасы тарихы бар. Сол сияқты, қазақ отбасы да өзіне тән ерекшеліктермен сыйпатталады. Қазақтың отбасы мәселесіне байланысты бұрын-соңғы жазылып, кезінде баспа жүзін көрген үлкенді-кішілі ғылыми мақалалар мен монографиялық еңбектер, әдеттік құқық туралы жинақтар мен қазақтың ауыз әдебиеті - фольклор деректері де көптеп табылады. Мәселен, орта ғасырлық ғұлама ойшылдар Сағди, Науаи, Кей Каустың отбасы мәселесі төңірегінде айтқан құнды пікірлерінің баға жетпес еңбек екендігіне ешқандай күмән жоқ. Мұнда отбасында балаларды тәрбиелеуге маңыз беріледі. Отбасындағы тәрбие әміршілдік қағидаларға негізделіп, ата-ананың балаға деген қатынасын анықтайды. Отбасының бірлігі оның мүшелерінің бір-біріне адамгершілік, экономикалық, құқықтық т.с.с. өзара жауапкершіліктеріне, түсініктеріне, сонымен қатар эмоцианалдық (сезімдік) жақындықтарына негізделеді. Бір жағынан отбасы - адамдардың өзінің ішкі өмірін, құпияларын, сырларын, қарсы тұрған сыртқы әсерлерден қызғанышпен қорғайтын тұйық бірлестік. Егер отбасының ішкі өмірін қоғамға ашық етсе, онда ол бірден ыдырап, күйзеліске ұшырауы мүмкін, ал екінші жағынан, отбасы адамдардың қоршаған ортаға, қоғамға ашық, айқын бірлестігі. Мұндай отбасыда өз мәселелері қоғам мәселелерімен қатар қарастырылып, шешімі де ыдырамайды. Керісінше, отбасының дамуына қауіпсіздік және сақтану сезімдерін қамтамасыз ететін мүмкіндік туғызады.

Қандай да тұйық, жабық отбасы болғанымен ол қоғамсыз өмір сүре алмайды. Өйткені оның мүшелері жан-жақты әлеуметтік топтарға, яғни өндірістік, оқу ұжымдарына, балалар ұйымдарына, қоғамдық ұйымдарға, сонымен қатар сауда, денсаулық орындарына қатысты, ондағы адамдармен тығыз байланыста болады.

Сонымен қатар отбасы қоғамдық қарым-қатынасқа оның барлық өмірінің үрдісіне ықпалын тигізе алады. Отбасы адамдарға қажеттілігін қанағаттандырып қана қоймай, бірқатар әлеуметтік функциялар орындалып, қоғамның әлеуметтік құрылымы, бір элементі болып табылады.

Отбасы мүшелелері бір-бірімен тығыз байланыста, ерекше жанашырлық, сүйіспеншілік сезімде болады. Олар бір-бірінің өміріне, тағдырына елеулі ат салыса алады. Бұл жерде бір немесе бірнеше ұрпақ отбасы болып іріктелінеді. Екі ұрпақты отбасыда: әйелі мен ерінің, әке мен шешенің, балалардың, ағалардың және қарындас, сіңлілердің рөлі негізделеді. Ал, үш ұрпақтық отбасыда ата мен әженің, ене мен атаның, күйеу бала мен келіннің, қайындар мен балдыздардың рөлі қосылады.

Отбасындағы ата мен баланың қарым-қатынасына ешкімнің күмәні жоқ. Ана баланы өмірге әкеледі, ақ сүтімен тамақтандырып, әлдилейді, өсіреді. Ал, әке мен бала арасындағы қарым-қатынасқа әртүрлі көзқарастар мен тұжырымдар бар. Біреулер-балаға әкесі әйелі арқылы байланысады десе, екіншілері әке мен баланың байланысы тек экономикалық және эмоционалдық көмекте дейді, ал үшіншілері «Әкенің баласына деген ниеті, жасаған жақсылығы- олардың анасын сүюі» деген ойда. Қалай болса да әкенің рөлі ананың рөлінен кем болмауы керек. Ол тек әр адамның жауапкершілік сезіміне байланысты болады.

Ғалым-педагогтар мен психологтардың ойынша балаға әке-шешесінің қарым-қатынасы мен олардың берген тәрбиесіне жететін өмір жоқ. Балалардың дұрыс қалыптасуы олардың отбасындағы сүйіспеншілік, кішіпейілділік, сыйластық, жауапкершілік, қайырымдылық, сезімталдық, т.б. адамгершілік қасиеттерінің даму негізіне байланысты болады.

Сонымен отбасының өзіндік даму тарихы бар. Отбасы - кішігірім мемлекет, әлеуметтік топ. Ол алғашқы адам баласы пайда болған кезеңнен бері қарай дамуда. Ертеде отбасын құру - күнкөріс қамынан, ерлі-зайып қатынасынан, ұрпақ әкелуден туындаған.

Бүгінде отбасыға мынадай анықтама беруге болады: қазіргі заманғы отбасы – ерлі-зайыпты екі адамның арасындағы некеге құрылған негізгі әлеуметтік топ, отбасыға сонымен бірге ұрпақтары (ұл-қыздары) да кіреді. Отбасының функциясы бала тауып, тәрбиелеп өсіру, ерлі-зайыптылардың жыныстық, эмоциялық сезімдерін және басқа (әлеуметтік, экономикалық) қажеттерін өтеу.

Отбасы нақты қоғамда өмір сүреді, сондықтан отбасының жалпы сыйпатымен қатар өзі өмір сүретін қоғамдық қатынастардың мазмұнына сәйкес ерекше белгілері де болатыны түсінікті.

Отбасы туралы философ, педагог, психолог, әлеуметтанушы, мәдениеттанушы, т.б. ғалымдар анықтама беріп, еңбектер жазып, осы проблеманың негізін қалаған.

Негізгі ұғымдар: отбасы, жанұя, үйелмен, үй, отбасы функциясы, оқыту, тәрбиелеу.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1.Отбасылық тәрбие туралы өз ойын.

2.Отбасылық тәрбиенің тарихи кезеңдеріне сипаттама беріңіз.

Әдебиеттер:

1.Қазақ Совет энциклопедиясы, Алматы, 1978

2.Энгельс Ф. »Отбасының, жекеменшіктің және мемлекеттің шығуы», Алматы, 1984

3.Бегалиев Т.Б. «Педагогика» Лекциялар курсы, Тараз, 2002

4.Латышина Д.И. «История педагогики» М, 2003

5.Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі, Алматы, 2006




Тақырып. Отбасы мен бала бақша арасындағы өзара әрекеттестік.

Дәріс жоспары:

1. Отбасы мен бала бақша арасындағы өзара әрекеттестік.

2.Бала бақша мен отбасы арасындағы байланыс.

3.Ата-аналардың бала бақшаға баруы.
Дәрістің қысқаша мазмұны.

Отбасы мен бала бақша арасындағы әрекеттестік формалары. Қазіргі уақытта мектеп пен жанұя ынтымақтастық әрекетінің келесі бағыттары айқындалған: ата-аналармен ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмыс; ата-аналардың педагогикалық сауаттылығын дамыту; ата-аналармен баланың оқу үлгерімі мен тәрбиесін жақсарту үшін жүйелі жеке дара жұмыстарын жүргізу.


Ата-аналармен ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмыс ата-аналар комитеті , ата-аналар жиналысы және конференциялары сияқты формалар арқылы жүзеге асады. Ата-аналар комитеті – ең белсенді, ықыласты деген ата-аналардан тұратын қоғамдық орган, ол жалпы мектептік (жалпы мектептік ата-аналар комитеті) немесе сыныптық жиналыстарда (сыныптық ата-аналар комитеті) сайланады. Ол 5-6 адамнан (өзара негізгі міндеттерді бөліп алатын председательден және 4-5 мүшесінен) тұрады. Керек болған жағдайда ата-аналар комитетінің жанында кеңестер, комиссияның ынталы топтары құрылуы мүмкін.
Отбасы мен бала бақша арасындағы ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмыстар жүйесінде мектепке дейінгі мекеме кеңестерінің қызмет-әрекеті ерекше орын алады, олардың қызметтері сан түрлі болып келеді. Олар ата-аналардың мектепке дейінгі мекеме байланысын нығайтуға, олардың педагогикалық сауаттылығын ұйымдастыруға ықпал етіп, кейбір жанұяларға тәрбиеден көмек көрсетеді көмек көрсетеді.
Мектепке дейінгі мекемелер мен отбасылардың ынтымақтастық әрекеттерінің ұйымдастыру-шылық-педагогикалық формаларына, сондай-ақ, ата-аналар жиналыстары мен конференциялары жатады. Бала бақшада ата-аналар жиналысы немесе конференцияларда жанұя мен мектепке дейінгі мекеменің оқыту-тәрбие жұмыстарын жетілдірудің өзекті мәселелері талқыланады. Мектепке дейінгі мекемеде ата-аналар жиналысы, әдетте, жылына 2-3 рет өткізіледі.
Отбасымен ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмыстың ең тікелей формасы жеке сынып оқушылары ата-аналарынын жиналыстары Жанұяға бала тәрбиесінде көмек көрсетудің ықпалды тәсілі -ата-аналардың педагогикалық сауатын дамытуды ұйымдастыру. Мектеп ата-аналардың педагогикалық сауатын дамытуды ата-аналар жиналысын, консультациялар, сұрақ-жауап кештерін, әкелер конференцияларын, т.б. өткізу арқылы ұйымдастыруға тырысады. Ата-аналарға жанұя тәрбиесін жақсарту мақсатында жеке дара көмек көрсетіп, ықпал жасай отырып, мұғалім педагогикалық әдептілік сақтау керек. Мұғалімдердің ата-аналарға оқушылардың мектептегі «жаман» тәртібіне шағымдануы әрқашанда теріс бағаға ие болады. Мұндай ағым-данулардың еш нәтижесі болмайды, керісінше олардың тигізер зияны өте зор. А.С. Макаренко мұғалімдерді ата-аналарды мектепке шақыртудан, балалар тәртібіне шағымданудан сақтандырған: «Кей ата-ана мұндай әңгіме-ден кейін қолына қамшы алады, ал кейбіреуі болса еш нәрсе істемейді де, нәтижесінде барлығы бұрыңғы қалпында қалады», -дейді А.С. Макаренко.

Мектепке дейінгі мекеме - өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі шешуші буын. Оның жас ұрпақты тәрбиелеудегі ролі өте зор. Еліміздің бүкіл жастары мектеп арқылы өмірге жолдама алады. Мектепке дейінгі мекеме ешуақытта отбасынан, қоғамнан бөлініп, өз бетінше жеке мекеме болған емес. Сондықтан да, оның іс-әрекеті отбасымен, жұртшылықпен, еңбек ұжымдарымен табиғи байланысты. Міне, мектепке дейінгі мекеме үлкен тәрбиелік функциясы осында.

Мектепке дейінгі мекеме тәрбиеге байланысты барлық қоғамдық күштерді ұйымдастыру және біріктіру ролін атқарады. Ол ішкі тәрбие процесін басқарып қана қоймайды, сонымен бірге тәрбие жұмысын ұйымдастырады. Мектепке дейінгі мекеме іс-әрекетінің ең бастысы – тәрбие түрлерінің (дүниетаным, еңбек, мінез-құлық, эстетикалық және дене тәрбиесі) мақсаттары және міндеттері жүзеге асырылады. Мектепке дейінгі мекеме басшылығымен жүргізілетін тәрбие жұмыстары көптеп саналады. Олар: ата-аналармен жұмыс; сынып жетекшілерінің және мұғалімдердің отбасымен жұмысы; сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстары. Осындай жұмыстардың барлығына Мектепке дейінгі мекеме басшылық жасайды, көмектеседі, тиісті адамдармен бірігіп іске асыруды қамтамасыз етеді.

Отбасында басты мәселелердің бірі – баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру. Бұған баланың күн ырғағы, міндеттері, қойылатын талаптар, оның үй еңбегіне қатысуы, оқу-әрекеті, бос уақытын ұйымдастыру жатады.

Отбасы жағдайын және баланың жас ерекшелігін ескере отырып, оны ата-аналар түрлі еңбек іс-әрекеттеріне үйретулері қажет. Отбасы жағдайларының бірі – бұл ата-аналардың өзара махаббатына, көзқарастарының мүдделерінің, сенімділіктерінің және ұжымдық іс-әрекетерінің бірлігіне негізделген татулық. Мұндай ортада қиыншылықты жеңе білетін қабілетті, байсалды, ақжарқын адамдар өседі. Олар ұжымда жеке басының қамын ойламайды, басқа да адамдар үшін де өмір сүре алады.

Отбасында балаларға үлгі-өнеге беретін ата-аналар мен ересек адамдардың мінез-құлықтары, жүріс-тұрысы, сөйлеуі, мәнді рол атқарады. Мектеп отбасы байланысының басты формалары – ата-аналар жиналысы. Онда көптеген мәселелер: күнделікті өмір, еңбек, үй тапсырмаларын орындау, оқушылар-дың бос уақыты, кәсіптік бағдар, оқу және тәрбие жұмысы және т.б. талқыланады, оларды одан әрі жетілдірудің нақты жолдары қарастырылады.

Байланыс формаларының бірі –педагогтардың оқушылар үйіне баруы. Мақсат: оқушылардың үй жағдайымен, күнделік өмірмен, тұрмысымен танысу, оқу және тәрбиеге байланысты әр түрлі тақырыптарға байланысты ата-аналармен әңгіме өткізу, пікір алмасу.

Мектепке дейінгі мекеме мен отбасы байланысының тағы бір формасы – педагогикалық насихат, яғни, ата-аналарға педагогикалық білім беру. Қазіргі кезеңде ата-аналармен бұқара халыққа педагогикалық білімді таратып, насихаттаудың аса зор маңызы бар. Ата-аналардың тәрбие процесінде жеке адамның қалыптасуына ықпалы, олардың жалпы педагогикалық мәдениетіне байланысты. Осы тұрғыдан педагогикалық-психологиялық білім негіздерімен ата-аналарды қаруландыру мектеп алдында тұрған міндеттердің бірі.

Ата-аналар борышы өскелең өмір талабына сай балаларды адамгершілік қасиеті жоғары, жақсы азамат етіп тәрбиелеу, қиындықтарды жеңе білуге, ата-аналарын түсіне біліге, еңбекті сүюге үйрету болып табылады. Өнегелі отбасы балаларды адамгершілікке, ұстамдылыққа және жақсы мінез-қүлық ережелеріне үйретеді, ересек адамдарды құрметтеуге, оларға көмектесуге және моральдық қасиеттерге тәрбиелейді.

Негізгі үғымдар: мектеп, жанұя, өзара әрекеттестік, ата-ана, адамгершілік, тәрбие.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1.Отбасы мен бала бақшаның өзара байланысын қарастырыңыз.

2.Бала бақша ата-аналармен қандай жұмыс формаларын ұйымдастырады соған сипаттама беріңіз.

Әдебиеттер.

1.Эйдемиллер Э, Юстицкис В. Психология и психотерапия семьи. СПб.,1999.

2.Ковалев С.В. Психология семейных отношении. М., 1987

3.Гребенников И.В. Основы семейной жизни. Учебн. Пособие- М., 1991

4.Ковалев С.В. Психология современной семьи. М., 1998


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет