ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені


Мінез-құлықтық отбасы психотерапиясы



бет8/10
Дата25.12.2016
өлшемі1,74 Mb.
#4419
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Мінез-құлықтық отбасы психотерапиясы

Мінез-құлықтық отбасы терапиясының басты ұстанымы мінез-құлық деп қарастырып, одан кез-келген жағдайға байланысты мінез-құлықтағы қарсыластық, оны тек жағымды жағдайдан қараудың қажеті жоқ деп түсіндіреді. Бұл бағыт өкілдерін әрекеттің жүйелілігін талдау қызықтырады. Негізгі ой желісі етіп, бір-біріне қанағаттануды сыйлау емес, өзара қобалжудың болмауы немесе оның мәнінің төмендеуі некедегі қанағаттануға әкеледі деп қарастырады. Ата-аналармен жиі қолданылатын техниканың түрі мінез-құлық тренингі болып табылады.Психотерапия процесінің басталуында психотерапевт клиенттің мәселе мәнісін түсінуді қайта құру және оны шешуге мүмкін жолдарына түсінік беріп өтеді.Мінез-құлықтық психотерапевт емдеуге отбасы мүшелерін шақырмайтындардың қатарына жатады, тек баланың өзі немесе ата-анасының бірі ғана қажет деп табады Ата-аналармен жүргізіліетін мінез-құлықтық тренинг мақсаты бала тәрбиесіндегікездесетін сұрақтарға білікті жауап бере білуіне, эмоционалды-мінез-құлықтық реттелуді жүйелеу және тани білуді меңгерту болып табылады.Мінез-құлықтық отбасы психотерапиясында қолданылатын жұмыс техникалары:

-қалыптастыру (shaping)- шағын мөлшерде жүйелі бекітулер арқылы қалыпты мінез-құлыққа жетуді көздеу.

-жетонды жүйе –жемісті мінез-құлық көрсеткені үшін марапаттауда сыйлық ретінде ақша немесе ұпай жинатады.

-келісім шарт жүйесі-ата-аналармен келісім шартқа, олардың өздерінің мінез-құлық өзгерген кезде, балаларда да мінез-құлық үйлесім табатынын енгізеді;

-өзгеруді сый ақыға ауыстыру;

-тоқтату (timeout)- жазада оқшаулау түрін қолдану.

Отбасы мінез-құлықтық психотерапиясы - танымал әдістердің бірі, олар қарапайымдығы мен үнемділігі арқылы ерекшеленеді, бірақ оның көбі бір жақты және қысқа уақытқа созылуы мұмкін.



Коммуникативті отбасылық терапия – ол Пало Алто бағытынан бөлініп шыққан. Оның көрнекі қараткерлері П.Вацлавик, Д.Джексон және басқалар болды. Коммуникативті отбасылық терапия мақсаты коммуникация жағдайын өзгерту немесе «саналы қимылда нашар қызмет бейнесіндегі интеракцияны өзгерту» мақсаты болып табылады.Алғаш бұл бағытқа үлес қосқандардың бірі В.Сатир болды, оның мақсаты отбасында қарапайым коммуникацияны жақсарту болды, кейіннен бұл тақырып жұқарып, мәселені қолдайтын коммуникация жағдайын өзгертуге өтті. Коммуникативті отбасы терапиясында қолданылатын техникалар негізіне: отбасы мүшелерін ашық коммуникациялық ережесімен танстыру; отбасындағы коммуникация жағдайын интерпретация лау және талдау; отбасы коммуникациясын түрлі тәсілдер және ережелер арқылы манипуляциялау. Отбасының бұл бағыты жоғары мәндегі әдіске ие бола алмады.

Ерлі-зайыптылар психотерапиясы.

Ерлі-зайыптылар психотерапиясы – отбасы жұбына бағыттала арналған, отбасы қақтығысын және дағдарыс жағдайды жеңуге көмектеседі, қажеттілігін қанағаттандыруды өзара қамтамасыз ету, өзарақатынаста үйлесімге жетуді көздейді. Бұл бағыт өз алдына дербес әдіс немесе отбасы психотерапиясы кезеңдері ретінде қолданылады. Психотерапевт жұмысты ерлі-зайыптылардың жұбымен немесе қабылдауға келген біреуімен де жүргізе береді.Ерлі-зайыптылар психотерапиясында психотерапевт неке мәселесін қарастырмайды, онда тапсырыс берушіде жан- жары туралы қандай сезім, уайым, ой қандай деңгейінде соны шешеді. Қазіргі таңда ерлі-зайыптылар психотерапиясында кең тараған мінез-құлықтық, динамикалық және гуманистік ықпалдар. Динамикалық ықпалда ерлі-зайыптылар үйлесімсіздігі екі серіктестің ішкі мотивациялық мінез-құлқы ретінде қарастырылады. Тұлғааралық қатынас әсері мен психикалық процестер динамикасының байланысы бақылауға алынады.

Мінез-құлықтық ықпалдағы мақсат серіктестердің мінез-құлықтарының өзгеруіне қолданылатын әдістер байланысы мен меңгерілуі:

1.Ерлі-зайыптылардың бір-бірін өзара жағымды мінез-құлықта басқаруы;

2. Қарым-қатынас аймағында және пайда болған мәселені бірге шешуге қажетті әлеуметтік білім мен дағдыны меңгеруі;

3. Ерлі-зайыптылар өзара келісімінде мінез-құлықты өзгертуді құрастыру және оны жүзеге асыруы.

Қазіргі таңда ерлі-зайыптылар психотерапиясында мінез-құлықтық ықпал кеңінен қолданыс табуда. Оның кең тараған түрлері-ерлі-зайыптылар келісіміне отыру, коммуникативті тренингтер, конструкциялық талас, мәселені шешудің тәсілдері және т.б. Соңғы кезде мамандар кешенді ықпал қолдануда, ол когнитивті-мінез-құлықтық және жүйелі отбасы терапиясы болып табылады. Ерлі-зайыптылардың келісім шарт негізіне мінез-құлық терминіне талаптары мен өздеріне алатын жауапкершіліктері нақты қарастырылады.Талапты құрастыруда ұсынылатын ереже төмендегідей: жалпы шағымы, ары оны нақтылау, жағымды ұсыныстар, соңында әр зайыптың міндеттерін нақты атап шығу келісімі болады.

Гуманистік ықпалда жетекші ой ерлі-зайыптылардың психологиялық коррекциясы үйлесімді неке негізінде ашықтық, аутентілік, төзімділік, өзін көрсетуді қажетсінуі, әркімнің жеке бас дамуына қарамай, өзгеге өзін тиесілі етуі жатады. Бұл ықпал динамикалық түрге қарама-қарсы, тарихи даму және отбасы, ата-анасының әсеріне бағытталған, манитулятивті мінез-құлық ықпалына көбірек кетеді. Бұл ықпалда психотерапевт ерлі-зайыптылар вербалды түрде сезімдерін шығаруы мен өзара түсіністікті жетілдіруге талаптануына жағдай туғызады. Серіктестердің жеке тұлғалық жетілуіне жақсы жағдай жасала отырып, ашық неке ұстанымдары қарастырылған:



  1. Шынайы ұстынымы «қазір осы жерде»;

  1. Серіктесінің жеке өміріне құрметпен қарау.

  1. Ашық қарым-қатынас жасау-біреудің ойын оқымай, өз ниеті және сезімі туралы ашық айту;

  2. Отбасы ролін орындауда жылдамдық таныту;

  3. Тең құқылық:

  4. Бір-біріне сене білуі;

  5. Аутенттілік-өзін және өз бағасын білу, өзгенің өз құқығымен өмір сүруін бағалай білуі;

  6. Ашық серіктестік-әркімнің өз қызығуы мен құштарлығы болатыны құқылы.

Отбасылық кеңес беру.

Отбасылық кеңес беру- отбасы терапиясының көп түрінің бірі, онда терапевтік қатысу шекарасы мен оны ажырататын белгілері бар. Отбасылық кеңес беру отбасы терапиясын өзара толықтыра отырып бірге дамыды. Отбасылық кеңес беруде басты мақсат, отбасы мүшелерінің мәселелерін зерттеу, өзара әрекеттерінің өзгеруіне және жеке тұлғалық жетілуге мүмкіндік туғызу болып табылады.Отбаасылық кеңес беру, отбасы терапиясынан қалай ерекшеленеді? Біріншіден отбасылық кеңес беру ауру тұжырымдамасын қабылдамайды. Екіншіден жағдайды талдауға және отбасын ролдік өзара әрекет тұрғысынан қарауды негіз етеді. Үшіншіден кеңес беру субьектінің жекелік ресурсын табуға көмек және жағдайды шешу мен шығу жолдарын сөз етеді. Отбасылық кеңес беруде теориялық тұжырым когнитивті-мінез-құлықтық терапиясы, рационалды-эмоциялық терапия және басқалар. Осыған байланысты әдістер мен тәсілдердің орны болып табылады.



Отбасылық кеңес берудің ұстанымдары мен ережелері төмендегідей бірлікте қарастырылады:

1.Кеңес берушінің клиентпен байланысқа түсе білуі. Оған жету отбасы мәселесін айтушы араында конструктивті ара қашықтық, қолайлы жағдайдағы қарым-қатынас, кеңес берушінің бет пішіні және тыныс алуы, оның сөйлеу құралдарын қолдана білуі, репрезентативті жүйеде үстем болған түрі, жолдары жатады.

2. Клиент мәселесі туралы ақпарат жинау мета-модельде (НЛБ) және терапевтік метафрада қолданылады. Осы мақсатқа жету үшін кеңес беруші нақтылау сұрақтарын қояды, ол : «Сіздің қандай нәтижеге жеткіңіз келеді?», «Сізге не керек?», «Сіз жағымды нәтижеге жету жолдарын көріп тұрсыз ба?»

3. Отбасылық кеңес берудің басты міндеті психотерапевтік келісім шартты талдау болып табылады. Бұл кезеңде кеңес беруші мен клиент арасында жауапкершілік бөлінеді, кім неге жауап береді. Мысалы кеңес беруші отбасылық кеңестің қауіпсіздігі мен мәселені шешу технологиясына жауап берсе, ал клиент өз белсенділігіне, өзінің ролдік мінез-құлқын өзгерту шынайылығына жауап беретін болады. Осы тұстар толық талқыланып болғаннан кейін, онда бір кездесудің ұзақтығы (3-6 сағат) және терапевтік кездесу кезеңдері ( алғашында аптасына бір мәрте, кейінен екі аптада бір мәрте кездесуді жоспарлау), сондай-ақ төлем ақы шарты, екі жақ келісімді орындамағандағы жазалау шаралары да қаралып өтеді.

4. Клиенттен мәселені нақтылау және жеке отбасы мүшелерінің әрқайсыларының ресурстарын анықтау. Оған төмендегідей сұрақтар қоюға болады. Бұрын бұл қиындықты қалай шешіп жүрдіңіз? Сізге не көмектесуші еді? «Сіз қандай жағдайда өзіңізді күшті сезінуші едіңіз? Онда күшіңізді қалай пайдаланып едіңіз?»

5.Кеңес беруді жүргізу. Бұл тұста клиентке кеңес берудің қауіпсіз, табысты аяқталатынына сенімін ұялату: « Сіздің өзгеремін деген ниетіңіз, бұрынғы тәжірибеңіз, белсенділігіңіз бен шынайылығыңыз сәйкестендіріле терапевт пен бірігіп әрекет етуіңіз, оның кәсіби сапасы және жұмыс тәжірибесі жұмыстың сәтті аяқталатынына кепіл бола алады». Кеңес беруде қалыптасқан мінез-құлықтың жағымды және жағымсыз жақтары талқыланып, мынадай сұрақтар арқылы «Сіздің пікіріңізше осы жағдайдың жағымсыз жақтары не болмақ? Осы жағдайдың жақсы жақтары не?» Бірге мінез-құлықтың жаңа үлгілері қарастырады. Кеңес беруші келесі сұрақтарды қояды: «Осы мәселені шешуге сіз тағы нені пайдаланбадым деп ойлайсыз? Сізге маңызды адамдар осындай жағдайда өзін қалай ұстар еді? Сіз де солай ұстай аласыз ба? немесе Сізге не кедергі келтіреді? Сіздің осындай әрекет етуіңізге не көмектеседі? Кеңесші визуализациялау тәсілін қолдана алады, клиент транста отырып, жағдайға жаңа бейне береді, оны кинестетикалық сезіммен шығарады.

6. «Экологиялық тексеру». Кеңесші отбасы мүшелеріне осындай жағдайда бес- он жыл өткеннен кейін болып тұрмын деп ойлаңыз, өз жағдайыңыз қалай?

7. Отбасылық кеңес беру аяқталар алдында кеңесші нәтижені «сақтандыру» жолына күш салады. Ол клиент мінез-құлықтың жаңа үлгісін меңгеруді, қажетті әрекетте көрсету жіне оларға сенімділік ұялату мен абйланыстыру керек. Ол кеңесшіден үйге тапсырма алу немесе бірнеше уақыт өткен соң алынған нәтиже бойынша талдау үшін қайта кеңес алуға шақыру.

8. Бөліну. Кейбір жағдайда бұл рәсім қажет. Мысалы: әдебиеттерде жазылғандай Джей Хэйли қалай «парадоксальды тапсырма» көмегімен нақты орындату қарама-қарсы нәтижеге әкелетін көрсетті. Жаңа ұйленген ерлі-зайыптылармен кеңес жүргізгенде өз сезімдерін шығаруда, күніне бір сағат «өз эмоционалды реттелуін» тексеру үшін ұрсуды ұсынған. Хейли осылай адам табиғатын ескере отырып, адам саналы түрде өзіне қиянат жасамайтынын байқаған. Ерлі-зайыптылар бұл тапсырманы басында орындап көріп, кейіннен тастап кеткен. Бір-бірін бағалауды меңгеріп, «кеңесшінің ақылсыздау» қызметінен бас тартқан. Осылай бөліну байқалады. Қазақстанда қазіргі таңда отбасылық кеңес беру кеңінен қажет етілуде. Отбасылық кеңес берушілер психологиялық орталықтарда, әлеуметтік қорғау жүйелерінде отбасы және баланы қорғау комитетінде және басқа мекемелерде өз қызметін көрсетуде.

Отбасы қатынасына психотерапевтік коррекция

Отбасы психотерапиясы психотерапевтің отбасын зерттеп, ондағы бұзылысты анықтап, отбасы мүшелерінің қажет еткен өмірлеріне өзгеріс орнатуда жеке әсер ету жолдарын ұйымдастырудан бастайды. Осы кезде мәселе мен міндеттер туындайды, оны шартты үш топқа бөле қарастырамыз:

1.Отбасы терапиясына деген дұрыс көз-қарасты отбасында қалыптастыру;

2.Терапия өткізудің жалпы сұрақтары;

3. Отбасы психотерапиясының әдістемелері.

Отбасы психотерапия процесіне жағымды қатынасты қалыптастыруда, отбасы мүшелеріне оның қатысушыларын ұйымдастыру, эмоционалды және интеллектуалды себебтерін анықтау. Сондықтан психотерапевт күшті және тұрақты мотивацияны психотерапияға қатысушыларында қалыптастыру. Алғашқы кездесу кейінгі кездесудің болуына ықпал етеді, сондай-ақ психотерапевт мәселенің күрделілік кезеңдерін аңғаратын болады, ал клиент отбасы психотерапиясы туралы көз-қарас алып, оны жалғастыру керек пе соны шешеді. Жалпы психотерапевтің алғашқы кездесудегі міндеті клиентке көмектесу, ол қысқа мерзім ішінде байыпты және ұзақ жұмыс жасауда өзіне белсенділік және жауапкершілік алуды психотерапияның жетістігі деп қарауды меңгерту. Сондықтан алғашқы кездесуге көп дайындықпен жоспар керек. Алдымен психотерапевт клиенттің мәселесімен танысып алып, оның отбасымен байланыстағы эмоционалды уайымын өзектілеп, клиентке қобалжудың жиынтығын көре білуге және күнделікті өмірде қолданатынына көз жеткізу. Психотерапевтің содан кейінгі міндеті –клиентте отбасылық психотерапияда кімде кім күмәнданса оның мәселесінің шешілу мүмкіндіктерін беретініне тоқталады. Психотерапевт клиент жағдайын психотерапияға қатысуға бұру және оған қатысты кедергі келтіретін мотивтермен жұмыс жасау, келешекті оның күрделілігі мен жемісті шешілетінін көре білу. Осы кездесудегі маңызды жайт психотерапевт әрекетіндегі мазмұнға клиенттің белсенді қызығушылығын ояту, келешекте клиент енжар түрде психотерапевтен көмек сұратудың алдын-алу. Осыған байланысты психотерапевт отбасы мәселесін белсенді шешу жолдарын қарастыруды ұсынады. Отбасы психотерапевті өз жұмысын ұйымдастыруда бірнеше түрде мәселені шешу жолдарын қарастырады:



  1. Өзім жалғыз өткіземін бе, әлде ко терапевті шақырайын ба?

  2. Психотерапияның қолайлы ұзақтығы қандай?

  3. Отбасымен қайда жұмыс жасау бөлмеде ме, әлде олардың тұратын жерінде ме?

  4. Сабақты отбасымен түгелдей өткізу ме, әлде алдымен жеке-жеке ме?

  5. Кездесу жылдамдығы мен ұзақтығы қандай?

  6. Қандай мәселеден бастау жекелік пе, әлде отбасылық пе?

  7. Нақты жоспар түзу қажет пе, әлде дайындықсыз ба?

Отбасы психотерапиясын ұйымдастыру мен өткізу «ғылыми пікірмен» белектелінбей жүргізілуі керек. Оны ұйымдастыру отбасы ерекшелігіне байланысты. Отбасы психотерапевті тең деңгейде психотерапияның стилін қолдануға дайын болуы отбасына, оның жеке мүшелеріне байланысты болуы керек. Бір отбасымен авторитарлы стильде, ал екіншісімен директивті емес стилінде жұмыс жасау психотерапевтің жағдай бірігуіне байланысты.

Отбасы психотерапиясының әдістемесі

Отбасы психотерапиясының әдістемесі – ол қимылдар жиынтығы, соның көмегімен психотерапевт белгілі психотерапевтік міндеттерді шешеді. Отбасы психотерапиясы жаңа келген мектептердің арқасында көптеген көлемдегі техникалармен қаруланды.Отбасы психотерапиясында кеңінен қолданылып жүрген әдістемелер төмендегідей:



Директивті (нұсқау) әдістеме – отбасы алдына қойған мақсатқа жету үшін берілетін нұсқау, ол белгілі отбасы мүшесі немесе бәрі бірдей орындауғаарналуы мүмкін. Бұл нұсқау былай берілуі мүмкін: мынаны орында, басқаша жаса, нені жасамау, оның алдында нені жасау және т.б.Парадоксалды нұсқау шынайы маұсат түрі, айтылмай қарама-қарсы жағы қарастырылады. Директивті әдістеменің орындалуы дұрыс қолданылуына байланысты, отбасын тыңғылықты зерттеу, ең маңыздысы психотерапевтің беделі болуы керек.

Отбасылық пікір талас- отбасылық тәжірибеде соңғы кездері жиі қолдануда. Оны отбасы мүшелері мәселе төңірегінде, өз өмірлеріне қатысы бар тұстарды, сұрақтарды талдауда қарастырады. Пікір таласты көп жақты мақсатта қарастырса болады: отбасы өзара қарым-қатынасы туралы қате түсінікт е болуы мүмкін соны аңғаруға немесе пікір таласты дұрыс жүргізуді меңгеретін болады. Психотерапевтке пікір таласты жүргізуде іскерлікті қажет етеді. Отбасы пікір таласында қолданылатын негізгі тәсілдерге жататындар: үнсіздікті мәнде пайдалану, тыңдай білу, сұрақ арқылы меңгерту, қайталау, жалпылау, жеке мүшелерінің пікірлерімен конфрантацияға келу. Сол кезде отбасында жемісті өмірі сүру үшін қажетті дағда мен іскерлік жетіспейтіні анықталады. Отбасы психотерапиясында жетпей жатқан дағды және іскерліккеарнайы жаттығулар, «жаттығу» отбасы ролін ойнату және түрлі психотерапевтік техникалар қолданылады.

Отбасымен жұмыс. Мақсат пен міндеттер қоя білуі

Психотерапевтік кез-келген жұмысты жүргізер алдында қандай мақсат пен міндеттер қарастырады соны анықтап алуы керек. Психологиялық әдебиеттерде соңғы кездерді осы мәселеге аса назар аударуда. Көптеген мақалаларда психологиялық келісім және отбасымен мақсат қою, маман мен отбасы арасындағы келесімнен туындайтыны айтылады.Психологиялық ықпал мен жеке жұмыста мақсатты құрастыру қиындық туғызбайды.Ереже бойынша емдеуге отбасы мүшесі немеес туысы маманның алдына бірнеше міндеттерді қояды Психокоррекциялық жұмыс әлеуметтік жүйенің кейбір түрімен әсіресе отбасына байланысты болғандықтан міндеттерді қоюда қиындық туғызады.Жалпы мақсат өзгеру қоғамда, отбасында жүйелі қатынасқа бағытталса, ол жекелік мақсаттардан шығып отыруы керек. Отбасы жұмысында мақсат төрт басты деңгейден қарастырады.Мақсаттың бірінші деңгейі отбасы мүшелерінің жеке мақсаттарынан тұрады.екінші деңгейде отбасы бүтіндей неге жеткісі келеді, үшінші деңгейде белгілі өзгеріске жету, қоғам мен отбасына деген қатынасы Төртінші деңгейі психологтың өзінің қажеттілігі мен күтуі жатады.Отбасымен психокоррекциялық жұмыста көп деңгейлі сипатты ескеруіміз керек, осыдан барып оған қойылатын міндеттердің күрделі болатыны еш күдік тудырмауы керек[14].

Психотерапевт міндеттерді нақтылауда отбасы мүшелеріне, жалпы және жеке әрқайсысына көмектесу оның басты мақсаты екеніне көз жеткізуіп отыруы шарт. Отбасы жүйесі бірлік пен автономды жеке дамуға, сондай-ақ оны бекітуде маңызды орын алатыны жайлы ескертіп отыруы қажет.

Отбасы жұмысында басты екі міндет қаралады:



  • Отбасы мүшелері көбірек тәуелсіздікке жетуге көмек көрсету:

  • Отбасы мүшелері арасындағы байланысты бекіту және ынтымағын арттыру:

Алғашқы көз-қараста бұл міндеттер қарама –қайшы болып көрінуі мүмкін.Отбасы мүмкіндігі өзара әрекетте бір-бірімен тығыз байланыста болу, сондай-ақ өз дербестігін сақтай білу. Көп отбасында осы тепе-теңдікке жетуі үшін күрделі қиындықтар туындауы мүмкін. Оларда тәуелсіздікке жету үшін бір құндылықты жоғалтып барып, онда екіншісі мүшенің қызығушылығы мен әрекетіне келіспеу, не болмаса негізгі ойдан алшақтап, ұйымшылдыққа жетуі мүмкін. Отбасы теңдестігі көп жағдайда автономдылық пен бірлестікке жетуде мәселе туындатады, ал отбасы психотерапиясы осы мәселемен нақты айналысады. Сондықтан маман психологиялық жұмыстың алғашқы кезеңінде олардың біріккен әрекеттегі жалпы міндеттерін құрастырып алуы шарт. Психологиялық жұмыс барысында эмоционалды және мінез-құлықтық бұзылысты қалыпқа келтіру басты мақсаттың бірі болып табылады. Бұл отбасы немесе жеке мәселені жеңіп меңгерумен тығыз байланыс табады. Отбасымен психокоррекциялық жұмыс жүргізу барысында өздері, осы жұмыстың отбасы жүйесімен жүргізу керектігін байқайтын болады. Жиі шағымданатын болады, мысалы «Бақытжанды басқара алмайсың» немесе «әкем ішеді» деген сияқты. Барлық жағдайда отбасындағы мәселені біреуге таңады, сонымен психокоррекциялық жұмыс жүргізілсе – ондағы эмоционалды немесе мінез-құлықтық бұзылысты қалыпқа келтірсе барлығы шешілетіндей көрінеді. Осы жағдайда маман психологиялық жұмыста міндетті басқаша қоюға, мәселе төңірегінде көз-қарасты кеңейтіп, отбасы мүшесінің барлығының жүйелі өзгеру керектігіне көз жеткізуі қажет. Осы міндетті жүзеге асыру үшін психолог отбасы мүшелерінің әрқайсысын осы мәселеге бірдей келісілген көз-қараспен қарауды қалыптастырады. Ол әрқайсысы отбасын да басты мәселені не деп таниды соған байланысты көз-қарасын баяндатады. Осы ұсыныста барлық отбасы мүшелерінің жағдайды қабылдау деңгейін анықтауға болады. Бұл сұрақтарды қою негізгі мәселемен қосымша мәселелерді байланыстыруға, психотерапевтік міндеттерді кеңейтуге әкеледі. Отбасы мүшелерінде психотерапевтік жұмыстың басты міндетін қабылдауы, оған деген қатынасы әр қалай болып келеді.Егер маман өз жұмысын отбасы мүшелері қалай қабылдайтынына бағыттаса, онда басқа мүшелерінен қолдау таппауы мүмкін. Психотерапияда міндетті анықтау отбасына ортақ істі, оны әрбір мүшелері қалай қабылдайды (көреді) соған байланысты болуы қажет. Отбасы психотерапиясы келесі мәселеде, кездесудің қысқа немесе ұзақ мерзімді міндетін құрастырады.Психологта әр жеке сессия және жалпы психотерапевтік процестің өтілуі туралы толық алдын-ала болжам болуы шарт. Мысалы: отбасындағы алғашқы кездесуде отбасы мүшелері мәселеге жауапкершілікті жеке өздеріне алмайды, осылай қабылдау деңгейінде, олардың психологиялық қауіпсіздігі, ұйымдастырылуы және түйсінуіне ыңғайлы жағдайлар жасалуы қажет. Осы кезде психотерапевт психотерапияның соңғы мақсаты не екенін білуі шарт. Нақты мақсатқа байланысты жағдайлар жасалынып, белгілі өзгеріске түсетін өотасы мүшелерінде өзарақатынасты анықтауы қажет. Егер психотерапевт бастапқы міндетті шешпесе ары қарай жұмысы жүруі мүмкін бе? Отбасы психокоррекция және психотерапияда басты стратегиялық міндеттер төмендегідей болып келеді:

  • Отбасы ішілік қатынасты жақсарту:

  • Отбасы мүшесіне, оның қажеттілігі мен қызығушылығын басқаларының түсінетіні және құрметпен қарайтыны туралы түсінікке әкелу;

  • Отбасы мәселесіне байланысты бір мүшесін кінәлау көз-қарасын өзгертіп, оны жеңдіру;

  • Кез-келген жағдайда көшбасшы кім болса, онымен қатынасқа түсуде икемді болу қалыптастыру;

  • өзара түсіністік пен эмпатия қабілетін дамыту;

  • көз-қарас пен бағалаудың түрлі болатынын түсініп, оны солай қабылдауды дамыту;

  • мәселені жеке және бірге шешуде дағдыны жетілдіру;

  • «бас шұлғыту» ролінен отбасы мүшелерін арылту;

  • өз уайымы мен қажеттілігі туралы талдай және бақылай білуді дамыту;

  • тәуелсіздікті нығайту;

  • отбасының бір жағынан бірлестік пен екінші жағынан тәуелсіздік теңдесуіне жеткізу,

Отбасы психотерапиясының міндеті жұмыс барысымен белгілі байланыста бола отырып, отбасын жүйе ретінде дамытумен айналысады. Мысалы: отбасындағы мектепке дейінгі немесе жеткіншектің болу,с ондай-ақ дербес өмір бастаған адамның болуы жұмыс міндеті болып табылады. Отбасы өз мәселесін қалай қабылдайды, міне басты міндет осы болып табылады.

Отбасының басты мәселе деп сапалы қабылдауы, маманның жұмысында нақты ескеріліп, сол есепке алынады. Отбасы оны түсінбесе психологиялық көмек алуға келмес еді. Психолог алғашқы кездесулерде мәселенің осы жақтарына аса назар аударуы керек.Бұл мәселенің шешілу тәсілі қайсысына психотерапевтік жұмыс жүргізілуінде емес, басты психотерапияның міндетін отбасының қабылдауынан, олар қандай нәтиже күтеді соған байланысты болады.



Отбасымен жұмыс жүргізу кезеңдері

Көптеген пікірлер бойынша отбасында жүргізілетін түзеу және психотерапия процесі алғашқы сұхбаттасу процесінен басталады. Шын мәнінде ол маманның қандай да бір отбасы мүшесімен алғашқы кездесуінен-ақ басталып кетеді. Олардың біреуі, яғни отбасы мүшесі мектеп психологы, дәрігер, достары немесе қандай да бір таныстарының сілтеулері бойынша көмекке жүгінеді. Отбасы мүшесінде көмек алуға келместен, қандай түрдегі көмек алғысы келетіні туралы белгілі бір түсініктері қалыптасқан. Көп жағдайларда көмек сұраушы отбасылық мәселенің шешілуі үшін өзіне көп жауапкершілік алатын адам болып табылады.

Отбасы ның қай мүшесін бірінші сессияға шақыруды анықтау, өте үлкен маңызға ие. Мұны психолог көмек сұрауға келген отбасы мүшесінің берген мәліметтері негізінде анықтайды. Бірінші әңгімелесу барысында, психолог отбасы құрамы туралы сұрастырып, қай мүшесін мәселе көбірек толғандыратынын анықтауға кіріседі.

Жалпы, бірінші кездесуді белгілеу және жұмысты бастау қажеттігін шешуден бұрын, ең алдымен маман негізгі мәліметтерді алуы қажет:

1. Отбасы құрамы (отбасы мүшелерінің немесе олармен бірге тұратын басқада адамдардың жасы, жынысы).

2. Осыған дейін отбасы мүшелерімен қандай да бір психологиялық (түзету, жеке кеңес алу) жұмыс түрлері жүргізілді ме, жүргізілсе қандай түрде және қашан?

3. Осы немесе басқа мәселеге қатысты отбасының қай мүшесінің мазасыздануы жоғары, және қайыссында оның байқалуы басым?

4. Тағы кімнің осы мәселеге қатысы бар?

5. Бұл мәселе қай уақыттан басталды?

6. Отбасының қай мүшесі психотерапияға қатысуға дайын?

Бірінші сессияға кімді шақыру керектігін анықтауда, бұл деректер маман үшін қажетті ең қарапайым мәлліметтер ретін құрайды.

Негізгі ұғымдар: әдіс, терапия, психотерапия, кеңес беру, коррекция.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:


    1. Отбасын зерттеу әдістеріне анықтама беріңіз.

    2. Отбасын зерттеу сауаланамаларын түрлеріне тоқталыңыз.

    3. Отбасымен жүргізілетін жұмыстарға сипаттама.

Әдебиеттер:

1. М.В.Коляева Отбасын қолдау орталығы қызметкерлерінің әдістемелік құралы.. – Шымкент, 2007. – 184.

2. М.Боуэн М. Теория семейных систем. М., 2005

3. Н.И Олифович., Т.А Зинкевич-Куземкина., Т.Ф Велента.

Психология семейных кризисов. – СПб.: Речь, 2006. – 360.

4. А.А Осипова. справочник психолога по работе в кризисных ситуациях. – Ростов н/Д: Феникс, 2005. – 315.

5. В.Г Ромек., В.А Конторович., Е Крукович. Психологическая помощь в кризисных ситуациях. – СПб.: Речь, 2005. – 256.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет