«Пәннің үздік оқу әдістемелік кешені» байқауы



Дата26.08.2017
өлшемі249,08 Kb.
#28379

«Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті» ШЖҚ РМК

«Пәннің үздік оқу - әдістемелік кешені» байқауы


  1. Жалпы ереже

1.1 «Пәннің үздік оқу - әдістемелік кешені» байқауы (ары қарай Байқау) университет оқытушылары мен кафедра ұжымының оқу-әдістемелік қамтамасыз ету және оқытудың тиімділігін арттыру жұмыстарын ынталандыру мақсатында өткізіледі.

1.2 Байқауға тек С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті кафедралары (ары қарай ШҚМУ) қатыса алады.

1.3 Әр кафедрадан тек бір ғана өтініш ұсыныла алады.

1.4 Байқау туралы ереже, қазылар алқасы, жүлделі қор мөлшері анықталып, ректордың бұйрығымен бекітіледі.

1.5 Байқау қазылар алқасының төрағасы байқау қазыларының бірінші отырысында қазылар мүшелерінің арасынан ашық түрде дауыс беру арқылы сайланады.


2 Нормативті сілтемелер


2.1 Қазіргі ереже келесі заңдастырылған актілер мен нормативті құжаттардың талаптарын ескере отырып жасалды:

- Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңы;

- 023-14 Е ШҚМУ «С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің әдістемелік кеңесі туралы» Ереже.



- Білім және ғылым министрлігінің 2011 жылдың 20 сәуіріндегі №152 «Оқу үрдісін кредиттік технология бойынша оқытуды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» бұйрығы;

- 01-12 ӘН ШҚМУ «СМЖ құжаттарды рәсімдеу талабы»;


3 Белгілеулер мен қысқартулар


ҚҚжББ

Құжатпен қамтамасыз ету және бақылау бөлімі;

ҚБЖ

Құрылымдық бөлімшелер жетекшісі;

ШҚМУ ҚТ

Университетті құжаттандыру тәртібі;

СБӨ

Сапа бойынша өкілі;

ПОӘК

Пәннің оқу – әдістемелік кешені

МЖМББС

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты

ӘБ

Әдістемелік бөлім;

ӘН

Әдістемелік нұсқаулық

СМЖ

Сапа менеджменті жүйесі


4 Байқауды ұйымдастыру

4.1 Байқау екі турдан өтеді: бірінші тур – факультетішілік, екінші тур – университетішілік. Екінші турға байқаудың бірінші турының жеңімпаздары қатыса алады. Байқаудың екінші турында байқау қазылар мүшелері белгіленген өлшемдерге сәйкес байқауға ұсынылған ПОӘК-нің қолданылу тиімділігі мен сапасын бағалайды.

4.2 Байқау турының өткізу мерзімі оқу жылы ішінде іске асырылады.

4.3 Байқау туралы ақпарат ШҚМУ арнайы сайтында, «Имидж» газетінде жарияланады.

4.4 Байқауға арналған өтініштердің рәсімделу ережелері осы ереженің 5 бөлімінде жарияланған.

4.5 ПОӘК-нің қолданылу тиімділігі мен сапасын бағалау критерийлері:



  • МЖМББ мен пәннің типтік оқу бағдарламасына сәйкестігі;

  • Байқау талаптарының құрылымына сәйкестігі;

  • Автордың пән бойынша жасаған оқу-әдістемелік әзірлемелері (оқулық, оқу құралы, ұсыныстар мен нұсқаулықтар);

  • Пәнді оқыту нәтижесін көрсету дәрежесі;

  • Оқыту курсының құрылымы мен мазмұнының жүйелілігі және бірегейлігі;

  • Пәнді оқытуға арналған әдістемелік нұсқаулықтар;

  • Инновациялық технологиялардың қолданылуы;

  • Оқу, міндетті, қосымша және ақпараттық әдебиеттерге, интернет көздеріне сілтеменің бар болуы;

  • Ұсынылған материалдардың ыңғайлылығы мен әдіпке сай болуы.


5 Байқауды өткізу тәртібі
Байқаудың талаптары мен өтініш беру үлгісі университет сайтында жарияланады. Байқауға қатысу мен өтінішті толтыру бойынша кеңестер ШҚМУ әдістемелік бөлімінде беріледі. Байқауға қатысу туралы өтініш қатысушының, кафедра меңгерушісінің және деканның қолымен және баспа түрінде өткізіледі.

5.1 Байқау өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 10күннің ішінде байқауға қатысуға өтініш беріледі.

5.2 Байқаудың 1-турының өткізілу тәртібі факультетің бекітілген жоспары бойынша жүзеге асырылады.

5.3 Байқауға келесі құжаттар тапсырылады:



  • Байқауға қатысу туралы өтініш (Қосымша 1) баспа түрінде бір данада өткізіледі;

  • Байқауға қатысушының сауалнамасы (Қосымша 2) баспа түрінде бір данада өткізіледі;

  • Байқауға ұсынылатын оқу-әдістемелік материалдар(Қосымша 3);

  • Байқауға ұысынылған жұмыс туралы кафедраның пікірі;

  • Пәнді оқыту кезіндегі ПОӘК-ні қолданылуының тиімділігі туралы есебі (ақырғы үш жылға қатысушының қалауы бойынша ұсынылады)

  • Факультеттің байқау бойынша қазылары шешімінің көшірмесі.


6 Байқау комиссиясы құрамы мен қызметтері
6.1 Байқаудың екінші турын өткізу бойынша комиссия құрамына: білім сапасын бақылау бөлімі өкілі, оқу-әдістемелік бөлім өкілі және факультеттер өкілдері (ғылыми немесе академиялық дәрежесі бар және ЖОО сабақ берген іс-тәжірибесі мол ПОҚ) енгізіледі.

6.2 ПОӘК-нің сапасын бағалау осы ереженің 4.5 пунктінде келтірілген ПОӘК-нің қолданылу тиімділігі мен сапасын бағалау критерийлері негізінде жүзеге асырылады

6.3 Шешім қазылар алқасы отырысында қарапайым көпшілік дауыспен ашық дауыста қабылданады. Мәжіліс шешімінің заңды болуы үшін қатысушылар санының жеткіліктілігі қазылар алқасы мүшелерінің 2/3 бөлігінен кем болмауы қажет.

6.4 Байқауға басшылық етуді ректордың бұйрығымен бекітілген байқау комиссиясы жүзеге асырады.

4.5 Байқау өткізу үшін бақылауды оқу ісі жөніндегі проректор жүзеге асырады.
7 Өзгертулер
7.1 Ережеге өзгерістер мен қосымшалар тек СБӨ рұқсатымен енгізіледі және оның қолы қойылып, өзгеріс туралы хабарлама түрінде құжатталады. Өзгеріс туралы хабарлау парағы белгіленген үлгіге сәйкес хатталады және осы ереже орналасқан барлық құрылымдық бөлімшелерге беріледі. Түпнұсқаға және есепке алынған жұмыс даналарына өзгерістер мен қосымшалар ҚР ШҚМУ 001-12 талаптарына сәйкес енгізіледі. Сақтауға берілген ережеге өзгерістер енгізу туралы хабарламаны әзірлеуші бөлімше шығарады. Ережеге өзгерістерді ҚБЖ өзгерістерді және қосымшаларды тіркеу парағына белгілей отырып, енгізеді;

7.2 Түпнұсқаға және есепке алынған жұмыс даналарына өзгерістер мен қосымшаларды енгізу үшін СМжМББ және ҚБЖ жауапты.

7.3 Ережені тексерулердің мерзімділігін есепке алу парағына міндетте түрде белгілей отырып, ҚБЖ үш жылда кем дегенде бір рет қайта қарайды.

7.4 Ережеге өзгерістер мен қосымшаларды енгізу үшін мыналар негіз бола алады:



  • заң күші бар нормативтік-құқықтық актілерге жаңадан енгізілген өзгерістер мен қосымшалар;

  • ректордың бұйрықтары;

  • құрылымдық бөлімшелер арасында міндеттерді қайта бөлу;

  • құрылымдық бөлімшелерді қайта құру;

  • СБӨ рұқсатымен енгізілген өзгерістердің себебі көрсетілген ҚБЖ қызметтік жазбасы.

7.5 Ұйымның немесе құрылымдық бөлімшенің атауы өзгертілген кезде ереже ауыстырылуы керек.

7.6 Ауыстырылған жағдайда ереженің күшін жоғалтқан университеттегі барлық даналар алынып, жаңасымен ауыстырылуы тиіс.

Ескірген ережені алу және ауыстыру үшін ҚБЖ және СМжМББ жауапты.

7.7 Ескірген ережеде «Жойылды» деген белгі, жою негіздемесі, күні және «Жойылды» деген белгіні қойған тұлғаның қолы қойылып, мұрағатқа жіберіледі. Мұрағаттық құжаттар жұмысқа пайдаланылмайды.


8 Келісу, сақтау және тарату
6.1 Ережені Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келісуді ҚБЖ жүзеге асырады.

6.2 Ережені ҚБЖ әзірлейді.

Ережені мыналар келіседі:

- СБӨ;


- Оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры;

- СМжМББ бастығы;

- құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің бастығы;

- заңгер-кеңесші;

6.3 Ережені ректор бекітеді және жойылғанға дейін әрекет етеді.

6.4 Ереженің түпнұсқасы құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінде сақталады және оның сақталуы үшін құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің бастығы жауапты болады.

6.5 Құрылымдық бөлімшенің барлық жұмысшыларының ереженің мазмұнымен жеке танысуы үшін ҚБЖ, кадрлар бөлімінің бастығы және құқықтық қолдау жауапты.

6.6 Ереженің есепке алыныған жұмыс даналарын құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімі таратады.

6.7 Ереженің есепке алынған жұмыс данасының бөлімшеде сақталуы үшін ҚБЖ жауапты.

.

Қосымша 1



Өтініш үлгісі
«Пәннің үздік оқу-әдістемелік кешені» байқауының қазылар алқасына

«Пәннің үздік оқу-әдістемелік кешені» байқауына қатысуға

ӨТІНІШ


__________________________________________кафедрасында оқытылатын



кафедра атауы

_____________________________________________________________



пәннің атауы

«Пәннің үздік оқу-әдістемелік кешені» байқауына қатысуға құжаттарды қабылдауыңызды сұраймыз (сұраймын).

«Пәннің үздік оқу-әдістемелік кешені» байқауының ережесімен, байқаудың өткізілу мерзімімен таныстым(таныстық).

Қосымша: ұсынылатын құжаттар тізімі.

Бас орындаушының қолы, қолын ашып жазу, күні.



Қосымша 2

Сауалнама үлгісі
«Пәннің үздік оқу-әдістемелік кешені» байқауына қатысушы

САУАЛНАМАСЫ





    1. Кафедра

    2. Негізгі орындаушының Т.А.Ж., қызметі, ғылыми дәрежесі, атағы

    3. Орындаушылардың Т.А.Ж., қызметі, ғылыми дәрежесі, атағы

    4. ПОӘК әзірленген пән бойынша оқитын студенттер контингенті (факультет пен курсын көрсету)

    5. ПОӘК әзірленген пәннің атауы

    6. Ұсынылған ПОӘК-нің қолданылу мерзімі

Орындаушылар қолы, қолын ашып жазу, күні.




Қосымша 3


Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің құрылымының үлгісі
Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің құрылымы


  1. Бастапқы беті

  2. Пәннің типтік / оқу бағдарламасы

  3. Пәннің жұмыс оқу бағдарламасы

  4. Студентке (магистрантқа) арналған пәннің бағдарламасы (Sillabus);

  5. Пән бойынша тапсырмаларды орындау мен өткізу кестесі

  6. Пәннің оқу-әдістемелік қамтылу картасы

  7. Пәннің оқулықтар және оқу құралдарымен қамтылу картасы

  8. Дәрістер кешені: дәрістер тезисі, көрнекілік және таратпа материалда, ұсынылатын әдебиеттер тізімі

  9. Семинар (практикалық) сабақ жоспары

  10. Пәнді оқытудың әдістемелік нұсқаулары

  11. Пәнді оқып үйрену бойынша әдістемелік нұсқаулар;

  12. Курстық жобалар (жұмыс), зертханалық жұмыстар, шартты графикалық есептеулерді орындау, типтік есептеулер бойынша әдістемелік нұсқаулар мен ұсынымдар;

  13. Білім алушының өз бетімен жұмыс істеуіне арналған материалдар: үй тапсырмалары мәтіндерінің, әрбір тақырып бойынша өзін-өзі бақылау материалдарының, ағымдағы жұмыс түрлерін орындау бойынша тапсырмалардың, рефераттар мен орындау қиындығы көрсетілген басқадай үй тапсырмалары және әдебиеттердің жиынтығы;

  14. Оқу, өндірістік және диплом алды тәжірибеден өтуге арналған әдістемелік нұсқаулар, есеп беру құжаттарының үлгісі

  15. Студенттердің оқу жетістігін бағалау және бақылау бойынша материалдар (жазбаша бақылау тапсырмалары, тест тапсырмалары, өз бетімен дайындалуы үшін сұрақтар тізімі, емтихан билеттері және т.б.)

  16. Оқыту сабақтарының пәннің мазмұнына сай бағдарламалық және мультимедиалық қолдаумен қоса берілуі (бейне-дәрістер, слайдтар, юниталар, электрондық оқу құралдары, т.б.)

  17. Мамандандырылған аудитория, кабинет және зертханалардың тізімі.



Танысу парағы




Аты жөні.

Қызметі

Күні

Қолы




























































































































































































































































































































































































































































































































































































ӨЗГЕРТУЛЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАРДЫ ТІРКЕУ ПАРАҒЫ


Өзгертулер нөмірі

Өзгертулерді енгізу жайлы таратушы құжат нөмірі мен күні

Өзгертулер енгізу күні

Өзгертулер енгізушінің аты жөні, қызметі

Қолы

















































































































































































































































































































































































































































































































ПЕРИОДТЫ ТЕКСЕРУЛЕРДІ ЕСЕПКЕ АЛУ ПАРАҒЫ


Тексеру күні

Тексеру нәтижелері

Тексеруді орындаушының аты жөні., қызметі

Қолы








































































































































































































































































































































































































































»ШҚМУ E 006-13 «Пәннің үздік оқу - әдістемелік кешені» байқауы туралы. Екінші басылым 13-ші беттің –сі

Каталог: sites -> default -> files -> files -> education -> poloj mo
files -> «Дидахмет Әшімханұлы және қазіргі әдебиеттану ғылымы» атты республикалық ғылыми-теориялық конференциясының Қарары
education -> Ереже модульдік білім беру бағдарламаларының жасалымы туралы
education -> С. Аманжолов Атындағы шҚму кафедра поқ ашық сабақтар мен өзара сабаққа қатысуды жүргізу және жоспарлау туралы
poloj mo -> 1. 2 Байқау туралы ереже, қазылар алқасы, жүлделі қор мөлшері анықталып, ректордың бұйрығымен бекітіледі
education -> Модульдік білім беру бағдарламаларының жасалымы туралы е шқму 011-15 Бірінші басылым
education -> Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
education -> Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2011 2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын (I кезең) бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет