Пікірлесу Сынып



Дата15.09.2017
өлшемі66,47 Kb.
#32842
Бекітемін


Күні




Формасы

Пікірлесу Сынып:

Бағыты

Ұлттық тәрбие

Тақырыбы

«Адам көркі - шүперек»

Жалпы мақсаты

Қазақтың ұлттық киімдерімен таныстыру. Қазақтың ұлттық киімдерінің ереккшеліктерін түсіндіру. Ұлттық киімнің суретін салуға үйрету

Күтілетін нәтиже

Қазақтың ұлттық киімдерімен танысады. Қазақтың ұлттық киімдерінің ереккшеліктерін түсінеді. Ұлттық киімнің суретін салуды үйренеді

Негізгі идея

Тарихи- мәдени мұрамыз ұлттық киімдер туралы мағлұмат беру. Оның дәрежесін көтеру.

Әдіс тәсілдер

Ой қозғау, топтастыру, пікірлесу.

Керекті жабдықтар

Суреттер, интербелсенді тақта, постер,маркер,стикер, интернет матералы, таратпалар.

Сабақ барысы

Мұғалім іс – әрекеті

Оқушы іс - әрекеті

Мотивациялық кезең

Не білемін? (сұрақ қою технологиясы)

8-минут


1.Ынтымақтастық атмосферасын кұру.

Оқушылар мен сәлемдесіп, бүгінгі күннің ерекше сәттерін еске түсіріу. Оқушыларды ұлттық киім сереттері арқылы 3 топқа біріктіру.



Ой қозғау:

- Балалар, мен сендерді нелердің суреттері арқылы топқа біріктірдім?

- Олар неге жатады?

- Қолдарыңдағы суреттегі ұлттық киім туралы не білесіңдер?

- Ұлттық киімдер немен безендірілген?

- Ұлттық киімнің киию сендерді қандай әсерде қалдырады?

Оқушыларқазақтың ұлттық киімдері туралы бұрыннан білетінің, естігенің, көргеннің сыни тұрғысынан ойлау арқылы сұрақтарға жауап береді.

Сонымен қатар оқушылар қазіргі таңда әркім өз құқытарын білген абзал, яғни өзінің болашағы үшін.



Тақырыпты ашу (Білу)

2-минут

- Олай болса, балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы не туралы болмақ?

- Дұрыс айтасыңдар, «Қазақтың ұлттық киімдері» деп аталады.

Мадақтау

Бейнесуреттін мәнің ашады

Мағынаны тану (Түсіну)

Не білгім келеді?

15-минут


Бейнебаяннан ұлттық киім үлгілері көрсетіледі

Ақпаттық тақтадан «қазақтың ұлттық киімдері» туралы мәліметтер беріледі.



Таратпалар арқылы әр топ оқушыларына жекелеген киімдер бойынша қысқаша мәлімет беріледі.
Қазақтың классик жазушысы Сәбит Мұханов қазақттың ұлттық киімдері туралы: 
Қазақтың ұлттық киімдерінің жасалуы жөнінде Сәбит Мұханов былай деп жазады: «Адамға ауа райының қолайсыз жағдайынан қорғану үшін және көріктілік үшін де киім қажет. Ертедегі адамдардың киім-кешектері мал терісінен жасалатын еді, әсіресе теріні сырт киім үшін пайдаланатын. 
...Көшпелі қазақтар ішкі-сыртқы киімдердің бәрін жүріп-тұруға бөгет жасамайтындай етіп, ықшамдап тіккен» - деп баға берген.  Бағзы заманда «аттың жалы- түйенің қомында» көшпелі тірлік кешкен қазақ халқы күнделікті тұрмыста киетін киімге айрықша назар аударған. 
Ата-бабаларымыз әрбір киімді адам денесін құбылмалы ауа райынан қорғайтындай берік те төзімді етіп тіккен. 
Қазақтың ұлт киімдерінің түрлері мен атаулары көп: кейде ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз үлгілері деп, кейде әлгі жүздер ішіндегі рулардың аттарымен де айырып айтылады. Осындай ара-тұра айырмашылықтары бола тұра, солардың бәріне бірдей ортақ, ұлттық мәнер мен қазақша атаулары бар. Үш жүздің қайсысында болса да шапанға шабу қояды және оны барлық жерде шабу деп атайды. 
Қазақ киімдері іштік, сырттық, сулық, бір киер делініп төрт топқа бөлінеді. Іштік киімдерге — көйлек, дамбал, желетке, қамзол, кәзекей, сырттық киімдерге — шапан, күпі, тон, шидем, сулық киімдерге — шекпен, қаптал шапан, брезент, кебенек, кенеп, сырттық жатады. Бір киер киім деп қымбат маталардан әшекейлеп тігілген, той-думандарға, жиын-топтарға барғанда, жат елге сапар шыққанда киетін сәнді киімдерді атаған. Қазақтың «таныған жерде бой сыйлы, танымаған жерде тон сыйлы» дейтін мәтелі де осыны аңғартады. Қазақ салтында ер жігіт егеске түсерде, соғысқа барарда киімдерінің ең жақсы көрнектісін киетін.

Оқушылар бірлесіп өздерінің тың идеяларын схема немесе суреттермен постерге салып қорғайды


Нені білдім? (Қолдану)

10-минут

Талдау 5 – минут


Жинақтау


Постермен жұмыс. «Қазақтың ұлттық киімдері» тақырыбында жинаған мәліметтерін қолдану

Талдау сұрақтары:



Адамға киім не үшін қажет? 
• Ұлттық киімнің қандай түрлерін білесіңдер? 
• Біркиер киім дегеніміз не? 
• Ұлттық киімдер несімен ұнайды? 
• Ұлттық киімдерге көзқарасыңыз? 
• Ұлттық киімде өзіңізді қалай сезініп отырсыз? 

.
4)Жинақтау: (Оқушылар ойды біріктіреді)



Бүкіл әлем жұрты қатысатын EXPO-2017 көрмесіне сіз ұлттық киімдердің қандай түрін ұсынар едіңіз? 



Оқушылар «қазақтың ұлттық киімдері» тақырыбында берілген мәліметтерді қолданып постер қорғайды

Әр топ бір бірінің

жасаған жұмысын

қызығушылықпен

тыңдайды
Оқушылар белсенді түрде жауап береді, бұл сұрақ көпті

толғандырады


. Оқушылар қағазға EXPO-2017 көрмесіне сіз ұлттық киімдердің суреттерін салып, қорғайды. 




Қорытындылау

5-минут



Мұғалім: Есте сақтаңыз! 
Киімге байланысты ырымдар 
Жас қыздың басына ақ, қара орамал тартпайды. Ақ – жаулықтың, қара – қайғының белгісі. 
Нәрестенің иткөйлегін далаға тастамайды. Олай жасаса, сәбиге сырқат жұғады. 
Аяқкиімді төңкеріп қоюға, теріс киюге болмайды. Олай жасаса, адамның жолы болмайды. 
Баскиімді кез келген жерге тастамайды, аяққа баспайды, астыға басып отырмайды, аяққа кимейді. Олай жасаса, бастан бақ таяды, бас ауруына тап болады. 
Баскиімді айырбастамайды. Олай жасаса, басындағы бағы кетеді. Бас киімін сатуға да болмайды. 

Мұғалім: Балалар, бүгінгі бір сабақта алған білімдерің керекке жарайды ғой деп ойлаймын


Оқушылар өздерінің ойын бір сөзбен аяқтап, Қазақстанның болашағын гүлдердіру жолында білім аламыз деп сенім білдірді

Бағалау кезеңі

5 минут

Белсенді түрде қатысқан оқушылар мен ұйымшыл топтарға екі жұлдыз бір тілек арқылы, болашақ жастардың қолында екенің түсіндіру.

Оқушылар бір – біріне ізгі тілектерін білдіреді.

Рефлекция 2минут

Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңыз?


Сізге не ұнады, не қиын болды?




Стикерге алған әсерлерімен бөліседі.


Каталог: uploads -> doc -> 009f
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
009f -> Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс
009f -> Сабақ №15 Тақырып: Достық және оның түрлері Күні : 02. 2016
009f -> Есептеуге жүйрiк болсаң жасыңнан, Математикаға орын берсең басыңнан, Барлық ғылым саған үйiр болады
009f -> Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет