«платон» Халықаралық дамыту орталығы



Дата02.07.2018
өлшемі101.83 Kb.

«ПЛАТОН»

Халықаралық дамыту орталығы





Международный центр развития «ПЛАТОН»

Ақтөбе қаласы,

Арынов көшесі, 1-үй, 4-корпус

тел: 8 775 7510843, 8 771 108 03 78

е-mail: platon-center@mail.ru




город Актобе

ул Арынова 1, корпус 4

тел: 8 775 751 08 43, 8 771 108 03 78

е-mail: platon-center@mail.ru



«____»_______________2015 жыл

№____

2015г. «____» ___________________



БЕКІТЕМІН

«ПЛАТОН» ХДО

директоры

___________ Г.А.Куанышева
Оқушылар мен студенттерге, жас ғалымдарға арналған ашық ғылыми-практикалық конференция аясында өткізілетін «Ұлттың ұйытқысы – Қазақ тілі» атты Республикалық ғылыми-зерттеу байқауының ЕРЕЖЕСІ
Құрметті әріптестер! 2016 жылдың қаңтар айының 30-31 жұлдызында Ақтөбе қаласында оқушылар мен студенттерге, жас ғалымдарға арналған ашық ғылыми-практикалық конференция өткізіледі.

АТАЛМЫШ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!!!

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ

Конференцияның өткізілу мақсаты:

Мемлекеттік тілде ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып, Қазақстанның ертеңіне өзіндік қолтаңба қалдырам деуші дарындарды анықтау, оқу-зерттеу және ғылыми-зерттеу жұмыстарымен қызығушылықпен, тереңнен айналысып отырған жас дарындарды қолдау, оларға оң бағыт беріп, тиісті көмек көрсету;



Міндеттері:

  • Зерттеушілік қызметпен айналысатын жас жеткіндердің жұмысына бағыт-бағдар беруге Республикалық деңгейде педагогикалық және ғылыми ортаның үздіктерін тарту;

  • Оқушылардың ізденушілік және ғылыми-зерттеу жұмыстарының жылдық қорытындысын шығару, сондай – ақ олардың әзірлемелерін тәжірибеге енгізуге ықпал ету;

  • Жаңашыл идеялармен, жобалармен, шығармашылық нәтижелерімен тәжірибе алмасу.



  • Байқауға қатысу:

Байқауға ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысып жүрген жалпы орта мектеп, арнайыландырылған мектептің 5-11-сынып оқушылары, колледждер мен жоғары оқу орнының 1-5-курс студентері қатыса алады.

Байқауға аудан, қала, облыс көлемінде өткізілген конференцияларда жоғары бағаланған жұмыстар қатыстырылады (бір оқу орнынан бір тақырыптағы 4 жұмыстан артық қабылданбайды). Жіберілген жұмыстың ғылыми жетекшісі бір адам болу керек, тек қажет болған жағдайда 1 кеңесші болуы мүмкін. Ғылыми жұмыстың жазылу тіліне орай титульды беттен кейінгі келесі бетте 3-4 сөйлемнен құралған аннотация болуы шарт. Жіберілген жұмыс ұқыпты, таза, талапқа сай безендірілуі қажет және әр беттің реттік саны көрсетілуі тиіс. Берілген Ережеде көрсетілген талапқа сай келмейтін жұмыстар қабылданбайды.




  • Сұраныс пен жұмысты жіберу тәртібі: 21 желтоқсан мен 21 қаңтар аралығында «Платон» Халықаралық дамыту орталығында қабылданады. Жіберілген жұмысқа қойылатын талаптар:

  • 1) Құжат А4 пішінді ақ қағазда Microsoft Word редакторында басылады, қарпі - Times New Roman; кегль -14; қатараралық талап – бірлік; ақ жолақ шеті: сол жақ – 3 см, жоғарғы, төменгі және оң жақ – 2 см. сонымен бірге қатысушылар ғылыми жұмысының тұсаукесерінің слайд түріндегі электрондық нұсқасы жіберуі керек. Бір мектептен түскен жүмыстар сұранысы міндетті түрде бірінші басшының қолымен 1 бланкіде жіберілуі тиіс.

  • 2) жіберілген ғылыми-зерттеу жүмысы кейін қайтарылмайды.

  • 3) Ұйымдастыру жарнасы – 1 жұмысқа 15 000 (он бес мың) тенгеден төленеді.

ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖАРНАСЫНА КІРЕДІ: ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖАРНАСЫНА КІРЕДІ:

  • Қаламен танысу мақсатындағы саяхат (Планетарий, мұражайлар, «МEGA» ойын-сауық орталығы);

  • Қала ішіндегі тасымал;

  • Пресс-релиз;

  • Видео және фото материалдары;

Жол ақысы, тамақтану, жатын орын шығыны қатысушы тарапынан төленеді.

2016 жылдың 21 қаңтарынан кейін жіберілген жұмыстар ҚАБЫЛДАНБАЙДЫ!
Оқушы жұмысының конференцияда қорғауға жіберілгендігі туралы нәтижесін 15 қаңтарға хабарласып білуге болады.
Байқау 2016 жылдың 30-31 қаңтарында Ақтөбе қаласындағы «Платон» Халықаралық дамыту орталығы базасында өткізіледі.

МАРАПАТТАУ. Ең үздік деп танылған жұмыстар сыйлықтармен, І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен, мақтау қағаздарымен марапатталады.

Барлық қатысушыларға және олардың жетекшілеріне СЕРТИФИКАТТАР беріледі. Байқаудың қорытындысы мен марапаттауын сараптау комиссиясы 2016 жылдың 31 қаңтарында шығарады.

Ең үздік жұмыс республикалық «Қазақстан патриоты» журналына жарияланады.

Анықтама телефоны: тел: 73-65-73, 8 (7132) 77-84-08 , 8 775 751 08 43, 8 771 108 03 78,

e-mail.ru: platon-center@mail.ru


Жұмыстың тіркелу реті:

Ғылыми жұмыс міндетті түрде сұраныс, оқушы жұмысы, төлем түбіртегі, оқушы мен жетекшінің төл құжатының көшірмесімен бірге ұйымдастыру комитетінің электрондық мекен жайына жіберілу керек.

Электрондық мекен-жайы: platon-center@mail.ru

P.S. Қазіргі таңда адам құндылығы – ең негізгі фактор екендігі баршамызға аян. Осыған орай, «Платон» Халықаралық дамыту орталығы қайырымдылық көрсету мақсатында шығарма, сурет, пәндік байқауларға әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасында тәрбиеленіп отырған, ата-анасының қамқорынсыз қалған дарынды жас жеткіндердің шығармашылық жұмысын ақысыз қабылдайтынын назарыңызға саламыз. Мұндай оқушылардың жұмысын жібергенде мекеме басшысы тарапынан арыз және баланың әлеуметтік жағдайын растайтын анықтамасын қоса жіберсе болғаны.

Сонымен бірге 2015-2016 оқу жылының жұмысын қорытындылау мақсатында 2016 жылдың маусым айында конференция өткізіледі, оған осы оқу жылы барысында өткізілген байқау, сайыстардың жеңімпаздары (Бас жүлде, І, ІІ, ІІІ Дәрежелі диплом иегерлері) қатыстырылады.

Конференция Ережесі сәуір айында жіберіледі.



Ақша аударымдары үшін есепшот: КАЗКОМ

АҚ «Казкоммерцбанк»

ЖШС «ХДО Платон».

ИИК: KZ32926010119S164000 (теңге)

БИК: KZKOKZKX

БИН: 151040005469

КБЕ: 17 КНП: 861

«Ұлттың ұйытқысы – Қазақ тілі» байқауына қатысуға сұраныс үлгісі 


Тегі:




Аты-жөні:




Мекен-жайы:




Оқу орны:




сыныбы /курс




Қатысушының ұялы байланыс номері




Қатысушының Е-mail




Тақырыбы




Жетекшісінің аты жөні, байланыс (тел., e-mail)




Жетекшісінің жұмыс орны, санаты, ғылыми дәрежесі.




Каталог: images -> january2016
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
images -> Абай Құнанбайұлы (1845—1904)
images -> Автобиография кандидата в депутаты районного маслихата по избирательному округу №5
images -> «Қазақстан тарихы» пәнінен «6М020300-тарих» мамандығына арналған жазбаша емтихан сұрақтары 1 блок
images -> Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым және МӘдениет
images -> Үлгілік оқу жоспары
images -> Сембі Жансая Хасанқызы Қазақ тілі мен әдебиеті
january2016 -> «платон» Халықаралық дамыту орталығы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет