ПОӘК 042 07/03. 2014 № басылым


Өзін-өзі бақылау сұрақтары



бет2/3
Дата09.04.2018
өлшемі447,97 Kb.
#40099
1   2   3

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Тыныс белгілерінің қабаттаса қолданылуы мысал келтіріңіз
Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Мұсабекова Ф Тыныс белгілерін оқытудың кейбір мәселелері, Алматы,1959

2. СыздықоваР., Неталиева Қ. Қазақ пунктуациясының ережелері, Алматы 1961ж.

3. Хасенов Ә. Синтаксис пен пунктуацияның кейбір мәселелері, Алматы 1957ж

4. Мұсабекова Ф. Қазіргі қазақ тіліндегі жай сөйлем пунктуациясының негіздері, Алматы 1959ж.

5. Ысқақов А. Хасенов Ә. Тыныс белгілер, Алматы 1951ж.

Дәріс 7. Оқшау сөз ,оңашаланған мүшелер туралы.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1.Оқшау сөздер дегеніміз қандай сөздер?



2. Кез-келген мәтіннен оңашаланған мүшелерде кездезетін үтірге мысал келтір

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Мұсабекова Ф Тыныс белгілерін оқытудың кейбір мәселелері, Алматы,1959

2. СыздықоваР., Неталиева Қ. Қазақ пунктуациясының ережелері, Алматы 1961ж.

3. Хасенов Ә. Синтаксис пен пунктуацияның кейбір мәселелері, Алматы 1957ж

4. Мұсабекова Ф. Қазіргі қазақ тіліндегі жай сөйлем пунктуациясының негіздері, Алматы 1959ж.

5. Ысқақов А. Хасенов Ә. Тыныс белгілер, Алматы 1951ж.

Дәріс 8 Салалас құрмалас сөйлемдерге байланысты қойылатын үтір.
Үтір — сөйлемнің құрылысына, синтаксистік ерекшелігіне, мағынасына байланысты ең көп қолданылатын тыныс белгісі. Үтір құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдерді, оңашаланған мүшелерді, оқшау сөздерді, бірыңғай мүшелерді, төл сөзді, т. б. айыра білу үшін қойылады.

Құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдердің арасына үтір қойылады. Мысалы, Жүргіншілер әбден көзден таса болғанға шейін, бұлар арттарынан қарап тұрды. Күзетші сезіп қалмау үшін, біз жыраның ішімен еңбектеп кеттік. Жаңа ғана талып қалғандай, Әбіш ешбір белгі бермей сұлық жатты. Ал cалалас құрмаласқа енген жай сөйлемдердің арасына үтір, қос нүкте, сызықша, нүктелі үтір қойылады. Салалас құрмаласқа енген жай сөйлемдердің үтір қойылатындары: а) жалғаулық шылаулар арқылы құрмаласқан салаластың барлық түрлеріне, мағыналарының әр түрлі болғанына қарамастан үтір қойылады. (Егер салаластағы жай сөйлемдер және шылауы арқылы құрмаласса, үтір қойылмайды.); ә) жалғаулықсыз ыңғайлас салалас үтірмен бөлінеді; б) жалғаулықсыз себеп-салдар салаластың себеп мәнді жай сөйлемі бұрын орналасса, соңынан үтір қойылады. Мысалы, Бимендінің әкесінің аты Сыздық еді, ауылды Сыздық ауылы дейтін.

Да, де, та, те, әрі жалғаулықтары арқылы байланысса, жалғаулықтар -дан соң үтір қойылады. Бірақ, дегенмен, әйтседе, сондықтан, өйткені, себебі
жалғаулықтары арқылы байланысса, жалғаулықтардан соң үтір қойылады     Қайталанып келгенде     Жалғаулықсыз ыңғайлас, себеп мәнді салалас құрмаластар арасында
Қайтарар жауабы көкірегінде қайнап тұрса да, Сұлтанмахмұттың үні шықпады.     Әкесі мен қызы осы жерде бірінші рет кездесті, бірақ бірін – бірі танымады.     Кейде олар балаша шуласа, кейде сабырлы болады.     Дауыс шыққан жаққа қарап едім, қол созым жерде елік тұр.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Салалас құрмалас сөйлемге қойылатын үтірге мысал келтіріңіз

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Мұсабекова Ф Тыныс белгілерін оқытудың кейбір мәселелері, Алматы,1959

2. СыздықоваР., Неталиева Қ. Қазақ пунктуациясының ережелері, Алматы 1961ж.

3. Хасенов Ә. Синтаксис пен пунктуацияның кейбір мәселелері, Алматы 1957ж

4. Мұсабекова Ф. Қазіргі қазақ тіліндегі жай сөйлем пунктуациясының негіздері, Алматы 1959ж.

5. Ысқақов А. Хасенов Ә. Тыныс белгілер, Алматы 1951ж.
Дәріс 9. Сабақтас және аралас құрмалас сөйлемде қойылатын үтір

Құрмаласқа енген жай сөйлемдер арасына, негізінен, үтір қойылады. Құрмалас сөйлемнің сабақтас түрінің құрамындағы жай сөйлемдердің арасына үтір қойылады. Мысалы,

Жүргіншілер әбден көзден таса болғанға шейін, бұлар арттарынан қарап тұрды.

Күзетші сезіп қалмау үшін, біз жыраның ішімен еңбектеп кеттік.

Жаңа ғана талып қалғандай, Әбіш ешбір белгі бермей сұлық жатты. Ал салалас құрмаласқа енген жай сөйлемдердің арасына үтір, қос нүкте, сызықша, нүктелі үтір қойылады. Салалас құрмаласқа енген жай сөйлемдердің үтір қойылатындары:

а) жалғаулық шылаулар арқылы құрмаласқан салаластың барлық түрлеріне, мағыналарының әр түрлі болғанына қарамастан үтір қойылады. (Егер салаластағы жай сөйлемдер және шылауы арқылы құрмаласса, үтір қойылмайды.);

ә) жалғаулықсыз ыңғайлас салалас үтірмен бөлінеді;

б) жалғаулықсыз себеп-салдар салаластың себеп мәнді жай сөйлемі бұрын орналасса, соңынан үтір қойылады. Мысалы, Бимендінің әкесінің аты Сыздық еді, ауылды Сыздық ауылы дейтін.

Аралас құрмаластағы жай сөйлемдердің арасына қойылатын тыныс белгісі, негізінде, салалас пен сабақтас құрмаласқа қойылатын тыныс белгілерінен құрылады.

1.Егер араластың құрамындағы ыңғайлас мәнді жай сөйлемдер болса, араларына үтір қойылады.

2.Араластың құрамындағы қарсылық мәнді сөйлем болса, үтір және сызықша арқылы айырылады.

3.Араластың құрамындағы іліктес мәнді не себеп-салдар мәнді сөйлем дер болса, қос нүкте я сызықша арқылы айырылады.

4.Аралас құрмаластағы жай сөйлемдер өзара жалғаулық шылаулар арқылы байланысса (және шылауынан басқасы) араларына үтір қойылады.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:


  1. Сабақтас құрмалас сөйлемдерде кездесетін үтірге мысал

  1. Аралас құрмаласта кездесетін үтірге мысал


Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Мұсабекова Ф Тыныс белгілерін оқытудың кейбір мәселелері, Алматы,1959

2. СыздықоваР., Неталиева Қ. Қазақ пунктуациясының ережелері, Алматы 1961ж.

3. Хасенов Ә. Синтаксис пен пунктуацияның кейбір мәселелері, Алматы 1957ж

4. Мұсабекова Ф. Қазіргі қазақ тіліндегі жай сөйлем пунктуациясының негіздері, Алматы 1959ж.

5. Ысқақов А. Хасенов Ә. Тыныс белгілер, Алматы 1951ж.


Дәріс 10. Сызықша туралы мәлімет

Сызықша - жай және құрмалас сөйлемдерде қолданылатын және бөлу-ажыратудың инвариантты семантикалық-синтаксистік мәнімен біріктірлеген көп түрлі функцияларды атқаратын ұзын келбеу сызықша түріндегі тыныс белгісі.

Үтір сияқты, сызықша да мағынаға, функцияға орасан бай тыныс белгісі. Мұның мағынасы мен функциясы үтірден де көп. Сызықша сөйлеудің белгілі бір бөлшектерін басқа бөлшектерден бөлу үшін де, жақындастыру, қосу үшін де, сөздердің арасындағы мағыналық, синтаксистік қатынастарды айқындау үшін де қолданылады. Мұндай функцияда қолданылғанда, сызықша кейде қосарлы, кейде дара болып келе береді.

а) Сызықша бастауыш пен баяндауыш мүшелер арасына қойылады. Бұл орында ол бұл екі мүше арасында азды-көпті кідіріс барын білдіріп, ол екеуін сөйлемнің басқа мүшелерімен шатастырмауға, бұл екеуінен құралған сөйлемді оған ұқсас сөздер тіркесі мен шатастырмауға жәрдемдеседі. Мысалы: Адам – ардақты ат. Астық – халық дәулеті.

ә) Өзінің алдындағы сөздің немесе сөздер тіркесінің мағыналарын айқындау, саралап ашып көрсету үшін қолданылатын оңашаланған айқындауышты бөлу үшін қойылады. Мұндай орында ол қосарлы түрде қолданылады.



Бастауыш пен баяндауыш арасындағы сызықша
Бастауыш пен баяндауыш тыныс белгісімен бөлінбейді. Екі мүшенің арасындағы тыныс белгісі сызықша (-) олардың мүшелік қатынастарын ажыратуға байланысты ғана қойылады.

Сызықша койылатын жерлер:

1. Бастауыш атау тұлғалы зат есімнен немесе заттанған басқа сөз таптарынан жасалып, баяндауыш та зат есімнен болып, жіктік тұлғаның үшінші жағында тұрса, немесе заттанған басқа сөз таптарынан болғанда, бастауыштан кейін сызықша қойылады: Ел намысы — ер намысы. (Мақал). л — инженер

2. Бастауыш заттанған (субстантивтенген) сын есімнен, сан есімнен және есімшеден болып, баяндауыш зат есім болса, бастауыштан кейін сызықша койылады: Сөйлеп тұрган — Алматы. Келген — Айбек. Үш — тақ сан.

3. Бастауыш пен баяндауыштың бірі (кейде екеуі де) тұйық етістіктен болып, екіншісі зат есімнен болғанда, араларына сызықша қойылады: Көп оку — білім алудың негізгі шарты (С. Мұқанов)

4. Бастауыш та, баяндауыш та сан есімнен болса, араларына сызықша қойылады: Бес жерде бес — жиырма бес. Үш жердегі үш — тоғыз.

5. Бастауыш та баяндауыш та бір сөздің қайталануынан жасалуы мүмкін, бұл жағдайда да бастауыштан кейін сызықша қойылады: Ғашықтың тілі — тілсіз тіл. (Абай).

6. Бастауыш пен баяндауышты байланыстырушы дегеніміз (дегенім, дегенің, деген) деген сөздер тұрса, одан кейін сызықша қойылады: Гипотеза дегеніміз — ғылыми жорамалдар. Көрдім деген — көп сөз (Мақал).
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1.Сызықша қандай жағдайларда қойылады?

2.Мәтіндерден мысал теріңіз

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Мұсабекова Ф Тыныс белгілерін оқытудың кейбір мәселелері, Алматы,1959

2. СыздықоваР., Неталиева Қ. Қазақ пунктуациясының ережелері, Алматы 1961ж.

3. Хасенов Ә. Синтаксис пен пунктуацияның кейбір мәселелері, Алматы 1957ж

4. Мұсабекова Ф. Қазіргі қазақ тіліндегі жай сөйлем пунктуациясының негіздері, Алматы 1959ж.

5. Ысқақов А. Хасенов Ә. Тыныс белгілер, Алматы 1951ж.
Дәріс 11. Құрмалас сөйлемге байланысты қойылатын сызықша.
Қазіргі оқулықтар мен пунктуация туралы әдебиеттерде санама-түсіндірмелі компоненттері алғы позицияда келетін іліктес салалас сөйлемдердегі индуктивті сыңарлар мен дедуктивті сыңарлар арасына қойылатын тыныс белгісі де белгілі бір ізділікке негізделмей, әр түрлі тыныс белгілерімен беріліп жүр. Қазақ ССР Ғылым академиясы шығарған «Қазаұ пунктуациясының ережелері» деген кітапта аталған синтаксистік категорияларды бірде үтір қою арқылы, бірде сызықшамен ажырату ұсынылады.

Ісінгендіктен бе, таяқтан әлсірегендіктен бе – денесі зілдей ауыр екен. Кенет... құлаған көшкін бе, әлде гүрілдеген өзен бе – сар-сар бір сарын құлаққа келді.



Автор соңғы мысалда сызықша қоюды, біріншіден, эллипсистік жағдаймен байланыстырса, екіншіден, санама-түсіндірмелі компоненттердің сөйлем емес, сөйлем мүшесі ретінде жұмсалуымен байланыстыратын сияқты.

Санама-түсіндірмелі компоненттері сөйлем ретінде келсе де, сөйлем мүшесі ретінде келсе де – бәрібір, ондай индуктивті-дедуктивтік қатынаста жұмсалған синтаксистік құрылымдарда сызықша қою дәстүрі дәлелдеуді қажет етпейді.

Бұл жерде айта кететін мәселе – аталған сызықшаның қойылуы эллипсистік құбылысқа ғана байланысты емес, оның басты себебі сөйлем компоненттерінің индуктивті-дедуктивтік қатынаста жұмсалып, ерекше сөйлем құрылымының жасалуына байланысты. Мұның айтылу интонациясы да басқа.

Іліктес салаластағы санама-түсіндірмелі компоненттерден кейін сызықша қою қажеттілігі туралы аса орынды да соны пікір айтқан – доц. А.Әбілқаев.

Іліктес салаластарды жазуда басқа синтаксистік құрылымдардан ерекшелеп, бұларға ( сонша, соншама, соншалық, сондай) тән грамматикалық, мағыналық және интонациялық өзгешеліктерді саралау үшін ондағы компоненттер арасы ажыратушы сызықшамен белгіленеді. Мысалы:

Біздің жастардың әнге құмарлығы сондай – олар әрбір жаңа өлеңді бұлжытпай тез үйреніп алады.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1.Құрмалас сөйлемге қойылатын сызықшаға мысал келтіріңіз



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Сыздықова Р. Қазақ орфографиясы мен пунктуациясы жайында анықтағыш. Алматы, 1960ж.

2. Жиенбаев С. Сөйлемнің тыныс белгілері. Алматы, 1940ж.

3. Хасенов Ә, Пунктуацияны оқыту жолдары, Алматы,1957ж.

4. Мұсабекова Ф, Қазіргі қазақ тілінің пунктуациясы, Алматы, 1773ж.

5. Мұсабекова Ф Тыныс белгілерін оқытудың кейбір мәселелері, Алматы,1959

6. СыздықоваР., Неталиева Қ. Қазақ пунктуациясының ережелері, Алматы 1961ж.

7. Хасенов Ә. Синтаксис пен пунктуацияның кейбір мәселелері, Алматы 1957ж

8. Мұсабекова Ф. Қазіргі қазақ тіліндегі жай сөйлем пунктуациясының негіздері, Алматы 1959ж.

9. Ысқақов А. Хасенов Ә. Тыныс белгілер, Алматы 1951ж.


12 Дәріс Қос нүкте,нүктелі үтір

Қос нүкте (:) - жазуда пайдалынатын тыныс белгілерінің бірі. Көп нүкте сөйлемнің синтаксистік ерекшеліктері мен мағынасына баыланысты қойылады. Қос нүктенің сөйлемдегі басты қызметі - сөйлем мүшелерінің арасындағы түрлі қарым-қатынастарды көрсету.

Қос нүкте мынадай жағдайларда қойылады:

1.Бірыңғай мүшелердің алдынан жалпылауыш сөздер немесе жалпылауыш мәнді сөздер келетін болса, жалпылауыш сөздерден соң қос нүкте қойылады. Мысалы:Мұстафаның оларға қолданған шаралары мыналар: байталдың төрт сирағы төрт жылқы, денесі бір жылқы, барлығы бес жылқы. (С.Мұқанов).

2.Жалғаулықсыз салаласқан жай сөйлемдердің алдыңғысының мағынасы

3.Соңғы жай сөйлемдер арқылы айқындалып тұратын болса, мұндай жай сөйлемдердің арасына қос нүкте қойылады.

Мысалы: Кісі Қызылорда елінің екі ісіне қайран қалады: бірі – кетпен шабу, бірі – егін ору. (С.Мұқанов). Қазір жайлаушылардың дені екі жерге жиналған: бір жиын Аман отырған көп ауылда, енді бір жиын Шәкен аулында. (Ғ.Мұстафин).

4.Рет-ретімен санамалап баяндауды керек ететін жалпылауыш мәнді сөздерден соң қос нүкте қойылады.

5.Төл сөздің алдынан автор сөзі келгенде, одан соң қос нүкте қойылады. Мысалы: Шалабайдың бойынан табылған документ, құралдарға қарап отырып: Қағаздағы аты жөніңіз басқа екен ғой? – деді Аман. – Аман біздің ауылдың мөрін кім басқан?

6.Түйген ойды, қағидаларды, ережелерді дәлелдеу мақсатымен алынған сөйлемдердің алдында мысалы деген сөз қолданылатын болса, одан соң қос нүкте қойылады

7.Бірыңғай мүшелердің алдынан басқа, бөлек, атап, айтқанда, тәрізіді сөздер келіп, баса назар аудару мәнінде қолданылса, бұл сөздерден соң қос нүкте қойылады

Нүктелі үтір

Нүктелі үтір (;) - жазуда пайдалынатын тыныс белгілерінің бірі. Негізінен, жай сөйлемдердің арасына қойылады. Бұл белгіні қоюда сөйлемнің құрылысы мен мағынасы негізге алынады. Нүктелі үтірді сөйлемнің құрылысына қарай қойғанда, құрмаласқа енген жай сөйлемдер баяндауыштарының тұлғалық жағынан және жасалу жолдары жағынан сәйкестілігі, бірыңғайлығы, тепе-теңдік тиянақтылығы ескеріледі.Мысалы: Шинель әрі тар, әрі ықшам: астына салса, үстіне жетпейді; үстіне жапса, астына салуға жетпейді; басына жастануға қалмайды; жатса, жанбасына салуға жетпейді; жата қалса, жанбасына жер батады.

Нүктелі үтір мынадай жағдайларда қойылады:

1.Баяндауыштары тұлғалас, мағыналары теңдес, санамаланған сөйлемдер жалпылауыш мәнді сөйлемдердің мағынасын ашып тұрса, санамаланған сөйлемдердің әрқайсысы нүктелі үтірмен ажыратылады.Мысалы:Жұрттың бәрі соған қарай дүрлікті: біреуі қолын бұлғады; біреуі оның атын атап айқайлады; енді біреулері ерсілі-қарсылы жүгірді.( Б. Майлин)

2.Баяндауыштары тұлғалас сөйлемдер бірін-бірі толықтырып тұратын болса, ондай салалас құрмалас сөйлемдердің арасына нүктелі үтір қойылады. Мысалы: Кісіге біліміне қарай болыстық қылады; татымсызға қылған болыстық өзі адамды бұзады. (А.Құнанбаев)

3.Мазмұны әуендес болып келетін бірыңғай сөйлемдерден соң нүктелі үтір қойылады.Мысалы:Бақпен асқан патшадан мимен асқан қара артық; сақалын сатқан кәріден еңбегін сатқан бала артық. (А.Құнанбаев)

4.Нүктелі үтір тек жай сөйлемдер арасына ғана емес, сонымен қатар мағыналары жуық, ұласа айтылған құрмалас сөйлемдердің арасына нүктелі үтір қойылады.Мысалы: Кімде-кім өзін сынаудан қорықса, оның әлсіздігі; кімде-кім өз мінін көре алмаса, оның саяздығы. (Ә.Әбішев).

5.Жалпылауыш мәнді сөйлемнің мәнін ашып тұратын шартты бағыныңқылы сабақтас құрмаластар нүктелі үтірмен ажыратылады. Мысалы: Жаман дос көлеңке: басыңды күн шалса, қашып құтыла алмайсың; басыңды бұлт алса, іздеп таба алмайсың. (А.Құнанбаев)

6.Бастауыштары тұлғалас, мағыналық жағынан жақын, өзара теңдес болып келетін салалас құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдер іштей нүктелі үтірмен ажыратылады.Мысалы: Байжан студенттік шақтарының бәрін құмартқан Днепрдің жағасында өткізді; көздің жасындай мөлдір суында талай қаздай қалқып жүзді; жасыл шалғынына талай аунады; тоғайын талай кезді (С.Мұқанов.)

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1.Қос нүктенің қойылу себебі?

2.Нүктелі үтірге мысал келтіріңіз
Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Сыздықова Р. Қазақ орфографиясы мен пунктуациясы жайында анықтағыш. Алматы, 1960ж.

2. Жиенбаев С. Сөйлемнің тыныс белгілері. Алматы, 1940ж.

3. Хасенов Ә, Пунктуацияны оқыту жолдары, Алматы,1957ж.

4. Мұсабекова Ф, Қазіргі қазақ тілінің пунктуациясы, Алматы, 1773ж.
13 Дәріс Тырнақша туралы түсінік

Тырнақша (" «») - жазуда пайдалынатын тыныс белгілерінің бірі. Тырнақша кідіріске, интонацияға немесе сөйлемнің құрылысына байланысты емес. Тырнақшаның мағынасы да, қызметі де алуан түрлі. Ол бірде тырнақшаға алынған сөздің немесе сөйлемнің өзге біреудікі екендігін білдірсе, енді бірде оның өзі тура мағынасында қолданылмай, басқа бір мағынада қолданылып тұрғандығын, болмаса заттар мен нәрселердің шартты атаулары екендігін білідіреді. Сонымен, тырнақша, негізінен, мағынаға байланысты қойылатын белгі.



Қойылу жағдайлары:

1. Сөйлеуші я жазушы өз сөзінің ішінде басқа біреудің сөзін өзгертпей, сол қалпында қолданса, ондай сөздер мен сөйлемдер тырнақшаға алынады. Бұл - тырнақшаға алынған сөздер мен сөйлемдердің аутордың өзінікі емес, бөгде біреудікі екендігін, төл сөз екендігін білдіреді.

2.Мақалдар мен мәтелдер, афоризмдер тырнақшаға алынады. Мұндайда оның алды-артынан төл сөзге тиісті тыныс белгілері қойылмайды.

3.Ойға тірек етіліп отырған сөздер мен сөйлемдер, жеке дыбыстар жазуда тырнақшаға алынады.Мысалы:"А" дыбысы - дауысты дыбыс, буын құрайды.

4.Әжуа, сықақ, кекесін, мысқыл мағынасында қолданылған сөздер мен сөйлемдер тырнақшаға алынады.

5.Дәйексөз тырнақшаға алынады.

6.Газет, журнал, кітап, шығарма, қаулы-қарар аттары өзге біреудің сөзінің ішінде қолданылғанда, бұлар тырнақшаға алынады.

7.Кәсіпорын, фирма, зауыт, фабрика, ұйым аттары мен машиналар мен құрал-жабдық маркалары түсініктемесіз айтылғанда, тырнақшаға алынады.

Ескерту: Жоғарыда айтылғандар түсініктемемен берілсе, олар тырнақшаға алынбайды.Мысалы, келесіні салыстырып көріңіз: «Құрманғазы» оркестрі мен Құрманғазы атындағы халық аспаптары оркестрі.

8. Кітаптың аттары библиографиялық тізімдерде, сілтемелерде аутродың аты-жөнінен кейін жасылса, тырнақшаға алынбайды.

9.Дәйексөз ретінде келтірілмей, біреудің сөзі мағына жағынан сөйлемге жанастырыла алынады. Олар да тырнақшаға алынады, бірақ алды-артынан төл сөзге тән тыныс белгісі қойылмайды әрі кіші әріптен басталып жазылады.

10.Біреудің айтқанынан алынған жеке-жеке сөздер тырнақшаға алынады.


Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1.Тырнақшаға мысал келтіріңіз



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Сыздықова Р. Қазақ орфографиясы мен пунктуациясы жайында анықтағыш. Алматы, 1960ж.

2. Жиенбаев С. Сөйлемнің тыныс белгілері. Алматы, 1940ж.

3. Хасенов Ә, Пунктуацияны оқыту жолдары, Алматы,1957ж.

4. Мұсабекова Ф, Қазіргі қазақ тілінің пунктуациясы, Алматы, 1773ж.
14 Дәріс Жақша туралы мәлімет

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1.Жақшаға мысал келтіріңіз



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Сыздықова Р. Қазақ орфографиясы мен пунктуациясы жайында анықтағыш. Алматы, 1960ж.

2. Жиенбаев С. Сөйлемнің тыныс белгілері. Алматы, 1940ж.

3. Хасенов Ә, Пунктуацияны оқыту жолдары, Алматы,1957ж.

4. Мұсабекова Ф, Қазіргі қазақ тілінің пунктуациясы, Алматы, 1773ж.
15 Дәріс Төл сөз бен автор сөзінің тыныс белгілері.

Төл сөз - біреудің сөзін бұлжытпай, өзгеріссіз  жеткізетін сөз.

 Төл сөздің тыныс белгілері: 1. «Т.с.,» - а.с.  

                                                  2. А.с.: «Т.с.»

                                                  3. «Т.с., - а.с, - т.с.»

                                                  4. А.с.: «Т.с,» - а.с.

Төл сөзбен байланысты айтылған сөйлеушінің өз сөзі автор сөзі деп аталады. Төл сөз бен автор сөзінің орын тәртібіне, төл сөзді сөйлемнің хабарлы, лепті, сұраулы болуына қарай төл сөздің тыныс белгілері де әр алуан болады.

Төл сөз автор сөзінен бұрын орналасса, төл сөз бас әріппен жзылып, тырнақшаға алынады не адынан сызықша ұойылады. Егер төл сөз хабарлы сөйлем болса, сұрақ белгісі, лепті сөйлем болса, леп белгісі қойылып, автор сөзінің алдынан сызықша қойылады.Мысалы: « Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар деген нәрселермен озады»,- деген ұлы Абай.

Төл сөз автор сөзінен кейін тұрса, автор сөзінен кейін қос нүкте қойылып, төл сөз не тырнақшаға алынады, не алдынан сызықша қойылады. Мысалы: А.Жұбанов былай деген: «Әр халықтың ана тілі – білімнің кілті». Әйел бір төбенің басына шығып алып былай деді: - Менің атым - әйел, мына қыздың анасымын.

Автор сөзі төл сөзден кейін келгенде, төл сөзден соң сызықша қойылады. Егер төл сөз диалог түрінде болса, әр сөйлеушінің сөзінің алдынан сызықша қойылып, сөйлем жаңа жолдан жазылады. Мысалы:


  • Қазақпын. Өзіңіз де қазақсыз ба? – депін сасқанымнан, оның қазақша сөйлеп тұрғанын да ескермей.

  • Әрине. Бұл жақта неғып жүрсіз, ойбай-ау?

Автор сөзі төл сөздің ортасында тұрса, екі жағынан сызықша қойылады.Мысалы:

  • Уай, мынауың болмайды,- деді, түсінемісің дегендей көзіме қадала қарап,- Ең алдымен, адамға бас керек. (Ғ.Мүсірепов).

Диалог емес төл сөз тырнақшаға алынады. Төл сөз бен автор сөзінің тыныс белгілері емлесіне сәйкес, егер төл сөз автор сөзінің ортасында келсе, төл сөздің алдына қос нүкте қойылады, төл сөз тырнақшаға алынады, тырнақша жабылғаннан кейін үтір және сызықша қойылады да, автор сөзі жалғасады. Егер, төл сөзді құрайтын сөйлемнің қандай да бір экспрессив мағынаны білдіретін тыныс белгісі (сұрақ белгісі, леп белгісі, көп нүкте) болса, ол тырнақшаның ішіне қойылады. Төл сөз автор сөзінің соңынан келген кезде де сөйлемнің соңына қойылатын тыныс белгілерінің орналасуы ерекшеленеді. Яғни, жай ғана хабарлы сөйлем болса, нүкте тырнақшаның сыртына қойылады. Ал сұраулы, не лепті сөйлем болса, тыныс белгісі тырнақшаның ішіне қойылады да, тырнақшаның сыртына сөйлемді аяқтайтын тыныс белгісі қойылады. Алайда, тырнақшаның ішіндегі тыныс белгілері тырнақшаның сыртында қайталанбайды.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Төл сөз бен автор сөзінің тыныс белгілеріне мысал


Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Сыздықова Р. Қазақ орфографиясы мен пунктуациясы жайында анықтағыш. Алматы, 1960ж.

2. Жиенбаев С. Сөйлемнің тыныс белгілері. Алматы, 1940ж.

3. Хасенов Ә, Пунктуацияны оқыту жолдары, Алматы,1957ж.

4. Мұсабекова Ф, Қазіргі қазақ тілінің пунктуациясы, Алматы, 1773ж.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет