ПОӘК 042-14. 05. 01. 20. 83/03-2012 №2басылым 26. 02. 2010. орнына №3 басылым



бет3/4
Дата17.06.2018
өлшемі0,5 Mb.
#42513
1   2   3   4

2. «Студент» ұғымы латын тілінен шыққан,орыс тіліне аударғанда ынталы жұмыс істейтін,оқитын,білімді меңгеруші деген мағынаны білдіреді.

Студент белгілі бір жастағы адам және тұлға ретінде үш жағынан сипатталады:


  1. жеке тұлғаның қасиеттерінің және жағдайларының,сондай-ақ психологиялық процестердің бірлігін көрсететін психология жағынан. Психологиялық жағының ең бастысы-психикалық қасиеттер болып келеді (бағыттылық,темперамент,мінез,қабілеттер)

  2. әлеуметтік жағынан,онда студенттің белгілі бір әлеуметтік топқа,ұлтқа және т.б. қажеттілігін тудыратын сапалар, қоғамдық қатынастар жүзеге асады.

  3. биологиялық жағынан, ол жоғарғы жүике жүиесінің жұмысының түрінін, анализаторлардың құрлымының, рефлекстерден, инстинкттерден, сыртқы күштерден, дене бітісінен, бет әлпетінен, тері түсінен, көз, бой және тағыда басқалардан тұрады. Бұл жағы негізінен тұқым қуалау және тума қасиеттермен беріледі, бірақ кей жағдайларда өмірдің шарттарының әсер етуінен өзгереді.

Бұл жақтарды оқып білу студенттің мүмкіндіктерімен сапаларын,оның жастық және жеке ерекшеліктерін ашады.

Егерде студентті жеке тұлға ретінде зерттесе,онда 18-20 жас-бұл адамгершілік және эстетикалық сезімдердің белсенді дамуы, мінездің пайда болуы және тұрақтану және де маңызды болатыны ересек адамның әлеуметтік ролінің толық жиынтығына ие болу кезеңі.

Жоғарғы оқу орнында оқу уақыты жастықтың екінші кезеңімен немесе дамудың бірінші кезеңімен сәйкес келеді, ол жеке қасиеттердің пайда болуының қиындықтарымен ерекшеленеді. Осы жаста дамудың негізгі ерекшелігі болып мінез-құлықтың саналы мотивінің күшеюі болады. Жоғарғы сыныптарда толықтай жетпеген қасиеттер-мақсаткерлік, табандылық, батылдық, тәуелсіздік, ынта және т.б. қалыптасады. Моральді проблемаларға (мақсаттарға, өмір салтына, қарызға, махаббатқа және т.б.) қызығушылықтары жоғалады.

Сонымен қоса жасерекшелік психологиясы және физиология саласының мамандары адамның өзінің мінез-құлқын 17-19 жаста саналы жүиелеу толық дамыған деген В.Т.Лисовский, 19-20 жас-бұл толықтай өзіндік жұмсаудан тұратынын айтқан.

Жастық шақ-өзіндік қорытындылау және өзіндік бағалау кезеңі. Өзіндік бағалау өзіндік «мен» шынайы мен салыстыру жолымен жүзеге асады. Бірақ идеалды «мен» кездейсоқ болуы мүмкін, ал шынайы «мен» тұлғаның өзімен жанжақты бағаланбаған болуы мүмкін. Бұл жасөспірімнің тұлға ретінде дамуына қарсы келіп, оның өзіне деген ішкі сенімсіздікті тудыруы мүмкін және кейде сыртқы агрессиямен бірге жүреді.

Эриксон бойынша,жастық шақ,әлеуметтік және индивидуалды жекелік тандаулардың сериясынан,идентификациядан және өзіндік анықтаудан тұратын ұқсастық дағдарысының маңында қалыптасады. Егер жасөспірімге осы міндеттерді шешуе алмаса,онда адекватты емес ұқсастық қалыптасады,оның дамуы төрт негізгі жүиемен жүруі мүмкін:



  1. психологиялық жақындықтан кету,тұлғааралық тығыз қатынастардан қашу;

  2. уақыт сезімін жоғалту, өмірлік жоспарларды қалыптастыра алмау, есею және өзгеру үрейі;

  3. шығармашылық, өмірлік қабілеттерді жоғалту,өзінің ресурстарын жүиелей алмау және де қандайда бір маңызды іс-әрекетке бағдарлана алмау.

  4. «жағымсыз ұқсастықтардың» қалыптасуы, өзіндік анықталудан бас тарту және еліктеу үшін жағымсыз бейнелерді тандау.

Эриксон негізінен клиникалық берілгендерді қолдана отырып,берілген құбылыстарды көлемдік түрде көрсетпеді. 1966 ж. Канадалық психолог Джеймс Марш жасөспірімнің діни және саяси өзіндік анықтаулардың кәсіби өлшенетін ұқсастықтардың дамуының төрт кезеңін ерекшелеп,осы бос орынды толтырды:

  1. «Анықталмаған, жоғалған ұқсастық» индивидтің нақты мамандықты тандамауымен және ұқсастық дағдыларымен әлі кездеспеуімен сипатталады.

  2. «Мерзімінен бұрын,уақытына дейінгі идентификация».

  3. «Моратория» кезеңі индивидтің көптеген дамудың ішіне өзіндік дегенді тандаумен сипатталады.

  4. «Жеткен толықтай ұқсастық»-дағдарыстың аяқталып,индивидтің өзін іздеуден тәжірибелік өзін өзі жүзеге асыруға көшуі.

5 мың жоғарғы сынып оқушыларын зерттеп,американдық психолог Морис Розенберг (1965) өзіндік сыйлаулары төмен жасөспірімдердің «мен» бейнесінің жалпы тұрақсыздығы және өзі туралы пікірі тән екендігін тапқан.

Көбінесе адамның кәсіби тандауын кездейсоқ факторлар анықтайды. Бұл құбылыс әсіресе оқу орнын тандаған кезде қалаусыз болады,өйткені бұндай қателіктер қоғамға және тұлғаға қымбатқа түседі. Сондықтан,жоғарғы оқу орнына түсетін жасөспірімдермен кәсіптік бейімделу жұмысын жүргізу өте маңызды.

Жоғарғы оқу орнында оқитын сол немесе басқа мамандықты игеру үшін қабілеттерді анықтау үшін мамандықтардың алдын ала сипаттамалары қажет. Талаптармен сәйкес,адамның психикасына көрсетілген профессиограмма үш деңгейді ерекшелейді:


  1. абсолютті қажет;

  2. біршама қажет;

  3. қалаулы.

Осы профессиограммаларды қолдану жағымды нәтижелер береді.

Бірінші курс студенттерінің жоғарғы оқу орнына бейімделуін тексеруде,әдетте келесідей басты қиыншылықтар көрсетіледі: жағымсыз уайымдаулар, кешегі оқушылардың мектептен кетуімен байланысты; мамандықты тандауының мотивациясының анықталмауы,оған деген психологиялық дайындықтың жетіспеуі; мұғалімдердің күнделікті бақылауларына әдеттің болмауынкан,психологиялық өзіндік мінез-құлықты және іс-әрекетті реттей алмаушылық; жаңа шарттарда еңбек және демалыстың оптималды режимін іздеу; тұрмыстық және өзіндік қамтамасыз етуді қалыптастыру, әсіресе үй шарттарынан жатаханаға көшу кезінде; ең сонында өз еркімен жұмыс істей алмаушылық, конспектілей алмау, анықтамалармен жұмыс істей алмаушылық.

Осы барлық қиыншылықтар өзінің пайда болуынан әртүрлі. Олардың біреуі обьективті болмай қалмайтын, басқалары субьективті мінезге ие және әлсіз дайындаумен,отбасында және мектепте тәрбиелеудің дефектілеріне байланысты.

Студенттердің жоғарғы оқу орнына әлеуметтік адаптациясы келесідей бөлінеді:



  1. мамандыққа адаптация-оның негізінде мінезге,мазмұнға,шарттарға және оқу процесінің ұйымына бейімделу,оқу және ғылыми жұмыста өз еркімен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру;

  2. әлеуметтік-психологиялық адаптация-индивидтің топқа бейімделуі,олармен қарым-қатынасы,өзіндік мінез-құлық стилін қалыптастыру.

Басқа сөзбен айтқанда, «адаптациялық қабілеттің негізінде адамның ішкі дискомфорты қоршаған ортамен кекілжінсіз сезімін сезінбеуімен қоршаған ортаның әртүрлі қажеттіліктеріне бейімделе алу қабілеті түсіндіреді.

Адаптация-бұл белсенді іс-әрекеттің алдын-ала болжауы және оның эффектілігінің қажетті шарттары.

Зерттеушілер бірінші курс студенттерінің жоғарғы оқу орнышарттарына адаптацияның үш формасын ерекшеледі:


  1. формальді адаптация,студенттердің жаңа қоршаған ортаға, жоғарғы оқу орнының құрлымына,ондағы оқытудың мазмұнына,олардың талаптарына,өзіндік міндеттерге қатысты танымдық-ақпараттық қамтамасыз етілуі;

  2. қоғамдық адаптация, бірінші курс студенттерінің топтың ішкі интеграция процесі және осы топтардың студенттік қоршағандармен тұтастай интеграциясы:

  3. дидактикалық адаптация, студенттерді жоғарғы оқу орнының жаңа оқыту жұмысының формаларына және әдістеріне дайындау.

Студенттің сәтті оқуы көптеген факторларға байланысты, олардың арасында ең негізгі маңыздысы болып ақыл ой әрекеттерінің көрсеткіші ретінде интеллектуалды дамуы б.т.

Студенттердің оқу процесіне адаптациясы 2-ші оқу семестірінің аяғында-3-ші семестірдің басында аяқталады. Бірінші курс студенттерімен жұмыс істеудің негізгі міндетінің бірі болып өзіндік жұмыстың рационалды және оптималды әдістерін еңгізу және жасау б.т.

Әр студенттің адаптация процесі әртүрлі жүреді. Еңбек стажы бар ұл және қыз балалар студенттік өмірдің шарттарына тез бейімделеді, ал кешегі мектеп оқушылары-академиялық жұмысқа.

Студенттік топтың міндеті-оқушыларды іс-әрекеттің жаңа түріне ынтамен іздестіруге қосу емес, жалпы оптималды іс-әрекеттің шарттарын қалыптастыру б.т.

Студенттің әртүрлі курстарда дамуы кейбір ерекше сипатқа ие:

Біірінші курс-жақындағы түлекті студенттік форманың ұжымдық өміріне қатыстыру міндетін шешеді. Студенттің мінез-құлқы коформизмнің жоғарғы деңгейімен ерекшеленеді; бірінші курстарда өздік рөлдеріне дифференциалық жағдайы болмайды. Екінші курс- студенттердің ең қызба оқу кезеңі б.т. Екінші курстардың өміріне оқытудың және тәрбиелеудің барлық түрлері интенсивті қосылған. Студенттер жалпы дайындықты алады, олардың кең мәдени сұраныстары және қажеттіліктері қалыптасады. Берілген ортаға адаптация процесі негізінен аяқталады. Үшінші курс- маманданудың басы,ғылыми жұмысқа келесі дамуға және студенттердің кәсіби қызығушылықтарын тереңдету қызуғышылығын қатайтады. Төртінші курс- оқу практикасы өту кезіндегі мамандықпен алғашқы таныстық. Студенттердің мінез-құлқына арнайы дайындықтың интенсивті рационалды жолдарын және формаларын іздестіру тән. Бесінші курс- жоғарғы оқу орнын аяқтаудын перспективасы. Іс-әрекеттің болашақ түріне нақты тәжірибелік орнатуларды қалыптастырады. Отбасылық және материалдық, жұмыс орнымен және тағыда басқаларымен байланысты, жаңа қалыптасатын актуалды бағалықтар пайда болады. Студенттер біртіндеп жоғарғы оқу орнының ұжымдық түрінен қайтады.

Тұтасынан алғанда студенттің жеке тұлғалық жоғары білімі бар болашақ маман ретінде дамуы бірнеше бағыттарда жүреді:


  • идеялық сенімділік, кәсіби бағыттылық бекітіледі, қажет қабілеттер дамиды;

  • психикалық процесстер, жағдайлар, тәжірибелік мамандарды жетілдіреді;

  • кәсіби іс-әрекеттердің сәттілігіне жауапкершілік сезімі жоғарлайды, студенттің индивидуалдылығы бедерлі бола бастайды;

  • өзінің болашақ мамандығы аумағында студенттің тұлғалық талап етуі дамиды;

  • әлеуметтік және кәсіби тәжірибені қарқынды беру негізінде және қажет сапаларды қалыптастыру негізінде студенттің жалпы көзқарасы және тұлғалық тұрақтылығы дамиды;

  • болашақ маман ретінде қажетті сапа, тәжірибенің қалыптасуында студенттің өзіндік тәрбиелеудің салмағы жоғарлайды;

  • кәсіби дербестік және болашақ тәжірибелік жұмысқа дайындығы қатаяды.

Студенттің тұлға ретінде психологиялық дамуы- пайда болудың және қарама-қарсылықтарды шешудің, сыртқылардың ішкіге өтуі өзіндік қозғалыс, өзіне белсенді жұмыс істеудің диалектикалық процесі.

Б.Г.Ананьев жеке тұлғаның дамуын маштаб және интеграция деңгейі бойынша артатын-құрылымдардың қалыптастыратын және олардың қиындататын ситезін реттеуін көрсетеді. Басқа жағынан параллель болады.



3.Оқытушының жоғары оқу орнындағы шеберлік іс - әрекеті спецификалық болып табылады. Мамандарды дайындауда педагогтың саясаттық және өмірлік тәжірибесінің бай болуын талап етеді. Бұл ақыл – ойлық іс - әрекет педагогқа өте ауыр болып тиеді. Басқа сөзбен айтқанда, оқытушының жұмысы – бұл студенттерді оқыту мен тәрбиелеу және оларды жоғарғы оқу орнын аяқтауына қарай өте шебер маман дайындаумен байланысты тапсырманы шешу үрдісі болып табылады. Жоғарғы оқу орны оқытушыларының құқығы туралы ЮНЕСКО бағдарлама қабылдады. Мұнда жоғарғы оқу орын мұғалімінің жұмысы – ерекше мамандық деп айқын көрсетілген. Мұғалімге қойылатын талап өте күрделі: тұлға ретінде оның көзқарасы, қызығушылығы мен инновацияға дайын болуы және де жауапкершілігі, адамдармен қарым – қатынасы өте жақсы болуы қажет.

Маман ретінде арнайы жоғарғы білімі, терең педагогикалық білім болуы тиіс.

Білім берудегі аймақтың шебері ретінде әдіс – тәсілдерді, технологияларды, зерттеу әдістерін өте жақсы меңгеру қажет.

Оқытушының квалификациясы мен педагогикалық дәрежесі т.б. аудиториға ықпалы көп жағдайда әсер етпейді.Сауалнама қорытындысы бойынша оқытушы өз жұмысына құнығып кетсе және білімі жоғары деңгейде болса, онда студенттер де сол педагогтың сабағына қызығушылықпен қатысады. Өз жұмысына сылбырт, жауапкершілігі мүлдем жоқ, элементарлы ережелерді сақтамайтын, өз әрекетінің гуманистік мағынасын түсінбейтін мұғалімдер де кездеседі. Оқытушы егер аудиторияны меңгере алмайтын болса, онда ол өз сабағына қатысқысы келмейтін студенттерді күшпен ұстайды, яғни келешектегі тапсыратын емтихан арқылы қорқытуы, өзінің эрудициясы арқылы студенттерді басады және де емтиханда өте жоғары талаптар қояды.

Жоғарғы оқу орнында сабақ беру – бұл өнер және ғылым, өнер өйткені әрбір дәріс, әрбір сабақ қайталанбас, оның жүрісі, эмоционалдық бояуы әртүрлі факторларға байланысты. Жоғарғы оқу орнының оқытушысының негізгі іс - әрекетінің мазмұны ретінде мына функцияларды атқаруға келіп бітіседі:

Оқыту – студенттерге оқу материалдарын қарқынды түрде меңгерту, олардың дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру және білімді беру.

Тәрбие – студенттердің жан – жақты тұлғалық дамуын ұйымдастыру, жоғарғы психикалық қасиеттерін, сапаларын қалыптастыру.

Берілетін тәртіптің аймағында оқыту – тек қана өзінің пәнін біліп қана қойғызбай, басқа ғылыми зерттеулерді жүргізу.

Сабақтарды және студенттердің өздік жұмысын ұйымдастыру, сабақта тәртіпті сақтау.

Көрсетілген функциялар оқытушы әрекетінің бірлігін құрайды.

Оқытушының әрекеті – мазмұны, құрылымы, мақсаты, мотиві, әдіс – тәсілдері, танымдық үрдістері, білімі, дағдысы, іскерлігі, тұлғалық қасиеті т.б. бойынша әртүрлі болып келеді.

Оқытушы әрекетін анықтайтын көптеген факторларға қарамастан оның негізгі компоненттері бар.

Кеңістік - уақыттық қатынаста оның әрекеті келесі бағыттылықпен анықталынады:

Мақсатты, оқу, тәрбиелік, ғылыми т.б. тапсырмаларды анықтау.

Тапсырмаларды шешу мен мақсатқа жету жоспарын жасау.

Әрекетке дайындық.

Тапсырмаларды шешу, мақсатқа жету кезінде әрекетті тәжірибелік түрде жүзеге асыру.

Орындалғанның анализі мен бағасы.

Мақсатқа жету әрекетінде алынған нәтижелерді тәжірибеге сүйене отырып, түзетулер енгізу.

Оқытушының әрекеті кейбір жағдайда студенттердің жұмысымен байланысты. Оқытушы маманының негізгі қасиеттерін, ерекшелігін дұрыс анықтау тиіс.

Студенттерде тәрбиелік дағдыны қалыптастыру оқу үрдісінде негізгі орынға қойылады. Практикалық сабақтарды жоғары деңгейде жүргізу өте қиын. Бұл жұмыста оқытушы - шеберлер санаулы ғана. Шебер мен шебер емес педагог әрекеттернің құрылымындағы айырмашылық ол:

Біріншісі, студенттердің әрекетін ұйымдастырады оларды анық мақсатқа қатысты бағыттайды. Ал екіншісі, тасымалдаушы ретінде жұмыс істейді. Білімді оқытушылар мақсат қояды және тапсырмаларды құрайды, ақпараттарды түсінікті, қысқа және әртүрлі формада жеткізуге тырысады. Педагогикалық әрекеттің функционалдық құрылым тұжырымдамасы келесі компененттерді өзіне қосады:

Конструктивтілік (өзінің жұмысының келешегін түсіну, оқу материалының шығармашылық қайта жасалуы, оқушылардың әрекетін проектілеу)

Ұйымдастырушылық (оқушылардың әрекетін ұйымдастыру)

Коммуникативтілік (педагогикалық үрдіске қатысушылармен және студенттермен қарым - қатынасы)

Гностикалық (өз әрекетінде обьектілерге ықпал ету әдістерін зерттеу болып табылады).

Жоғарғы мектептің мұғаліміне тән педагогикалық және ғылыми әрекет. Сонымен қатар тапсырмаларды шешу (дәріске дайындалу кезіндегі материалды талдау) ғылыми зерттеушілік жұмыстарды жүргізуде жетістікке жетуге себебін тигізеді.

Студеттерді жаңа ғылыми жетістіктермен таныстыру арқылы оқытушы көп ізденіске түседі. Егер оқытушы көп уақытын ғылыми жұмысқа, мақала, кітап жазуға жұмсаса, онда бұл оның педагогикалық еңбегінің сапасына ықпалын тигізуі мүмкін.

Орыс ғалымы, хирург Н.М.Пироговтың айтуы бойынша университетте оқу және ғылымилықты бір бірінен айыруға болмайды.

Оқытушының әрекетіндегі ғылыми және педагогикалық жұмыстың үйлесімділігі шығармашылық нышанының жоғарлауына себебін тигізеді. Жоғарғы оқу орны оқытушылар әрекетінің бағасын жеке бағыттылықпен көрсеткіштер арқылы беріледі. Кейбір университеттерде оқытушылар әрекетінің қорытынды көрсеткіштерін зерттейтін арнайы әдіс шығарылған.

Әдебиеттердің қайнар көзін зерттеу барысында көрсетілгендей жоғарғы оқу орны оқытушылары еңбегінің эффективтілігі бірнеше обьектитілік және субьективтілік факторларға: бюджеттік уақытын саналы түрде қолдану; ғылыми ақпараттармен қамтамасыз ету; кадрлардың сапалық және сандық құрамы; оқытушылар мен оқушылардың әлеуметтік демографиялық мінездемесі; оқытушылардың жұмыс орнының ұйымдастырылуы; оқытушылардың өмірі мен еңбегінің жағдайы; жоғарғы оқу орны жұмысшылары мен студенттеріне мәдени – тұрмыстық қызмет керсетуі;

ІІ. Әрбір әрекеттің эффективтілік көрсеткіші - күш пен әдісті саналы түрде қолдану арқылы мақсатқа нәтижелі жетумен байланысты. Педагогикалық әрекеттің өнімділік басты критериі студенттердің өз маманының шебері болуы үшін тынымсыз ізденуі.

Осындай қозғалыстың негізгі регуляторы – нәтиженің бейнесі.

Студенттің тұлғалық дамуының әрқилылығы педагогикалық ықпалына байланысты емес, керісінше адамның өзіндік психикалық қасиеттері мен заңдылықтарына байланысты.

Мұндай нышандарға оқытушылардың профессионалдық маңызды сапалары кіреді: педагогикалық еңбекке жағымды мотивациясы, оған қызығушылығы мен махаббаты, педагогикалық және ұйымдастырушылық қабілеті, темперамент т.б.

Отандық жоғары мектеп әлемге көптеген атақты профессорларды шығарған. Бірақ ең ерекше, көрнекі, жоғарғы профессионалды мектептің педагог – практигі, теориялық базаларды өзінің педагогикалық әрекетіне жақындатпақшы болған профессор Андрей Петрович Минаков (1893-1954) болды. Проблемалық оқыту, тарихи жақындау, әрбір дәріске оқытушының рухани дайындығы т.б.бұлар жүйенің негізгі элементтері.

Андрей Петровия Минаков ұлы гуманист, ғалым, тәрбиеші, студенттердің жолдасы және бағыттаушы болған.

Минаков оқыту жүйесінің мазмұнында екі ұлы педагогтың синтезін көрсеткен. (А.С. Макаренко, К.С. Станиславский).

Макаренко сияқты Минаков адамнан тек қана жақсыны көруге тырысқан. Қазіргі кезде мұны «Пигмалион эффектісі» деп атайды.

Оның ойынша оқытушы өзінің мінезін меңгере алу қажет және өзіне қатал талап қоя білу тиіс, ол адам шындықты сүйетін, өз пәнін, өзінің жұмысы мен аудиториясын жақсы көретін болуы керек.

Жоғарғы мектеп оқытушысының компетенттілік деңгей келесідей сипатталады:

Репродуктивті деңгей – оқытушы тек білімді жариялай алады. Яғни өз білгенін жеткізу. Бұл тек қана өзіндік тәртіпті терең білетін магистрлерге, кандидаттарға, ғылыми докторларға, яғни педагогикалық квалификациясы бар адамдарға тән.

Концептуальді деңгей – оқытушы өз пәнінен басқа аралас экологиялық және әлеуметтік – экономикалық блоктары бар, яғни оған беретін білімдер жүйесін профессионалды түрде құрастыруға жәрдемін тигізеді.

Продуктивті деңгей – алдындағы айтылғандарға қосымша оқытушы психологиялық – педагогикалық білімдермен қамтамасыздандырылған.

Интегративті деңгей – педагогикалық қарым – қатынасты меңгерген, тұлғалық беделі жоғары продуктивті деңгейде жұмыс істейтін жұмысшы.

Педагогика бұл мамандық емес - өмір деп Минаков үйреткен.

Ол жоғарғы мектеп оқытушыларына ішкі мазмұндық бірліктің үйлесімділігінің, студенттер алдында дәріс оқу үрдісінде сыртқы техникалық мінез – құлқы мен дарындылықтың болуын талап еткен.

Бұдан Минаковтың («бестігі») негізгі бес талапты оқытушылар орындауы тиіс деген:

Ғалым философ артист тәрбиешіадам

Мұндай талаптарды толығымен оқытушы орындаса оның педагогикалық әрекеті жетістікке жетеді.

Оқытушы міндетті түрде педагогикалық жағдайды ескеру керек.

Жоғарғы оқу орны оқытушысына қажетті білім екі топқа бөлінеді:

Бірінші топқа: өзінің пәнін білу; психикалық білім, педагогикалық білім (мақсаты, заңдылық, принциптер тәрбиелеудің әдісі)

Екінші топқа: жоғарғы оқу орны оқытушысы аралас білімді меңгеруді тиіс. Педагогика оқытушысы үшін – психология, философия, физиология.

Философия оқытушысы үшін – психология, логика, этика т.б.

Оқытушы әрекетінде үстідегі көрсетілген білімдермен байланысты. Толық бірлік құра отырып жылдық оқу тәрбиелік үрдісте эффективтілікті қамтамасыз етеді.


7 Болашақ маманды қалыптастастырудың психологиялық – педагогикалық негіздері

Мақсаты. Магистранттарға болашақ маманды қалыптастастырудың психологиялық – педагогикалық негіздері туралы психологиялық білім беру, оларды практикада қолдану ерекшеліктері жайлы түсініктер беру.

Дәріс жоспары
60-80 жылдар мектеп және жоғарғы оқу орындарда оқитын жастарды тәрбиелеу теориясы мен практикасы сияқты жұмастарында Ф.Кумбс, Г.Нинв, Дж. Вильсон, Дж. Брунер, Х. Беккер, Ч. Зильберман, Дж. Анкс, К. Кенистон, Х. Лэш, Ч. Рейс, Т. Роздан, Ф. Кармел және т.б. әйгілі мамандар бір ауыздан қоғамда және ең бастысы оқу орындарда жастарды тәрбиелеу дағдарысқа ұшырағанын мойындады.

Л. Колбергтің айтуы бойынша келешекте өзінің қызметі мен функциясын атқарып қоғамның алға басуға жағдай жасап, әділ қоғам құру үшін, жастарға мектептер мен жоғарғы оқу орындар көмектесу қажет.  

П. Херст, Л. Колберг, А. Харрис басқаларға қарағанда алысырақ кетті, олар өнегелі тәрбиелеуде өсіп келе жатқан ұрпақтарда мектептер мен оқу орындарында өткізілетін «адамгершілік тілі» - жақсылықпен жамандықтың айырмашылығын, әділеттілік ұғымын, бостандық, шындықтар, адамгершілікті силау және т.б. тақырыптарға байланысты әңгіме және пікірсайыс әдістері басты рольды атқарады дейді.

Тәрбиеленушілерде қоғамдық армандарға лайықты мінез-құлықтар болу үшін, тәрбиеші мақсатқа бағытталған жігерінен тәрбиеленушіде жеке адам аралық көңіл қалыптастырып, өздігінен оның идеясы мен өнегелі мәнін табуға итермелеу керек. Тәрбиелеу үрдісі мен адамды социализациялауда бұл формула ең негізгісі деп айтуға болады. Адамның өзі жасаған іс-әрекет үрдісінен шыққан сезімдер, эмоциялар және орынды нәтижелер арқасында  дәлеті жиналады.

Сондықтан студенттердің өзін-өзі басқару тәрбиелеу үрдісінің күшті фактор ретінде қабылданады.

Қазіргі замандағы педагогикада (әсіресе психологияда) тәрбиелеуде тұлғаның құрылуына таңдаған идеалға мақсатты бағытпен жетуден көрі, тұлғаның дамуына шарттарды жасауда көрінеді.

Тәрбиелеудің ең басты тәсілі – адамды қалқысыз бағаламай, ол адам қандай болса, солай жай қабылдау.

Оқытушының ең басты міндеті – баланың, жасөспірімнің, бозбаланың өмірлік тәжірибенің шектелгеннің, білімнің аздылығынан және бүкіл мәдени байлықты меңгермегеннен ашылмаған тәрбиелеушінің алдынан кең алаңын көрсету. Осындай кең алаңды көрсеткенде тәрбиелеуші қандайда бір таңдауға өзінің бағалау көңілің жасыра алмайды. Әрқашан тәрбиеленушінің өз бетімен таңдау жасауға құқығынан айырмау керек.

Келесі қажетті міндет – тәрбиеленушінің дара қызмет және қатынас стилін, өмірлік стилін таңдауға көмектесу. 

Студенттік ұжымында қоршаған ортаның қолайлы жағдайы, студенттің қалыпты тұлға ретінде дамуға көмектеседі.

Оқытушы-куратор топтағы үрдістердің заңдылықтарын түсініп, олардың қалыптасуына қолайлы әсер көрсету керек.

Студенттік топтың жастары (әдетте жас айырмашылықтары 5 жылдан артық емес) бір мөлшерде болуы, назарлардың, мақсаттардың ұқсастығы, психологиялық ерекшеліктері сияқты, топты біріктіруіне жағдай жасайды. Студенттік топтың басты әрекеті – оқу болғандықтан, өндірістікке қарағанда, оқу ұйымдасқандық едәуір әлсіз болады, сондықтан кейбір кезде біріккен ұжым салынбайды, әркім өз бетімен журеді.

Студентік топта «ұжымдық көңіл-күй» (ұжымда, қоршаған әлемде болатын оқиғаларға ұжымның эмоционалды реакциясы; ұжымның көңіл-күйі ұжымның қызметін ынталандыра алады немесе керісінше бұзалады, соның салдарынан қанағаттанбаушылық, оптимистік, парықсыз көңіл-күй көрінеді), «ұжымдық пікір» (ұжым өмірінің сұрақтарына пікірдің ұқсастығы, көзқарастары, оқиғаларды, топ мүшелердің қылықтарының мақулдау немесе ұялту), «еліктеу құбылыстары, иланушылықтың немесе жарыс құбылыстары» (табысқа жетуге ұмтылуға адамдардың өзара әрекеттесу түрі, өз қызмет нәтижелеріне қызу ынталары жатады) әлеуметтік-психологиялық құбылыстар байқалады.

Қауымдастық – тұлғалық мәнді мақсаттарынан өзара қатынастар тұрғызылған топ (достардың, таныстардың тобы).

Кооперация – бұл топ нақты жұмыс істейтін құрылыммен ерекшеленеді, жеке тұлғаның көңілі іскерлік мінез-құлықты көрсетеді, бағыныштылардың нақтылы мақсаттың орындалуына қойылатын нәтижеге жетудің қызметтің айқын түрі.

Бірлестік – ішкі мақсаттармен біріккен топ, топталған мақсаттарға жету үшін әр қилы жағдайға қарамай, немесе басқа топты пайдалану арқылы.

Кейде топталған эгоизмге жеткенде, еңбек немесе оқу топтарда бірлестік рухқа ие болады.

Ұжым – ұақытқа турақты топтың ішіндегі адамдардың басқару органдарымен байланысы, әлеуметтік-пайдалы қызметпен және топтың ішіндегі адамдарды формалды (іскерлік) және формалды емес қарым-қатынастағы мақсатпен біріккен. Оқу ұжымы екі құрылымнан турады: бірінші, бұл оның көптеген ерекшелліктерін анықтайтын педагогтармен кураторлардың мақсатты әрекет етулері; екіншеден, оқу ұжымы – әлеуметтік-психологиялық заңдылықтарына бағынатын салыстырмалы түрде өз бетімен дамитын құбылыс.



2. Студенттің жеке тұлғалығын психологиялық-педагогикалық зерттеу.

Жоғарғы оқу орнының практикасында студенттердің тұлғалығын зерттеу келесі көрсеткіштер бойынша жүзеге асады: жоғарғы оқу орнына түсудін мотиві, жалпы білімді дайындық деңгейі, жоғарғы оқу орнына түспес бұрынғы іс-әрекет мінездемесі, өзіндік жұмыс істеудің дағдысының және икемделудің қалыптасуы, қызығушылықтар мінездемесі, қызығушылықтар, қабілеттердің даму деңгейі, мінездің ерекшеліктері, денсаулығының жағдайы, олардың болашақ мамандыққа сәйкес келуі. Осылардың барлығын анықтау үшін студенттердің өзіндік жұмыс істеуінің бақылаулары ой пікірлері, бақылау жұмысының нәтижелері кең қолданылады. Осындай зерттеудің негізінде студенттерге деген дифференциациялық жағдайы жүзеге асады. Студенттің іс-әрекеті өзінің мақсаты және міндеттері, мазмұны, ішкі және сыртқы шарттары, қиыншылықтарын психикалық процестердің болу ерекшеліктерімен, мотивациясының пайда болуымен, өзіндік бейнесі түрде болады. Студенттің іс-әрекеті үлкен әлеуметтік мағынаға ие. Студенттік жұмыс материалдық өнімге тұтасынан жатпайды. Студенттің негізгі әрекеті-оқу, қоғамдық және ғылыми өмірге, әр түрлі шараларға қатысу. Студенттің әрекетінің санына келесілерді жатқызуға болады: мақсаттардың және нәтижелердің өзіндік көрінуі, зерттеу обьектісінің ерекшк сипаты; студенттің әрекеті жоспарланған шарттарда жүзеге асады; әрекеттің негізгі заттары-кітаптар, зертханалық құралдар және т.б.; студенттің әрекеті үшін психиканың жүйеленуінің интенсивтілігі тән; әрекет негізінде студенттерде қайта жүктелу және күш салуды қажет ететін міндеттер пайда болады. Кез-келген әрекеттің сәттілігі, сондай-ақ оқудың сәттілігі, ең алдымен интеллектуалды дамудың деңгейлеріне байланысты. Интеллектуалды қабілеттермен және іс-әрекеттің арасындағы байланыс диалектикалық: кез-келген әрекетке эффектілі қосылу осы әрекетке қабілеттің белгілі бір деңгейінен қажет етеді, ал ол ең алдымен даму процесіне және қабілеттердің дамуына әсер етеді. Студенттердің үлгерімі тек қана жалпы интеллектуалды дамудан және арнайы қабілеттерден ғана емес, сондай-ақ қызығушылымен мотивтерден, мінезден, темпераментке, тұлғаның бағытталуына, олардың өзіндік саналарына және т.б. байланысты. Тұлғаның бағыттылық негізінде, материалды және рухани болуы мүмкін олардың қажеттіліктері жатыр. Қажеттіліктер өзінің қанағаттануын талап етеді және сондай студентте белсенділікті көрсетуге тура келетін ұмтылысты, эмоциялық жағдайларды тудырады. Қажеттіліктер анық мойындалған және мойындалмаған немесе жартылай мойындалған болуы мүмкін. Жақсы маман болуға ұмтылу, ережелерді меңгеру, эрудацияланған және мәдени адам болу-бұл студент нақты мойындалған рухани және материялдық қажеттіліктер. Тұлғаның потенциалды мүмкіндіктерін оптимизациялаудың негізгі шарты болып оның белсенділігі, іс-әрекеттің белгілі бір түріне бағытталуы болып табылады. Адамға ең маңызды болатыны ең аяғында олардың мотивтері және мақсаттары негізінде болады. Оқу әрекетінің мотивтерін (М) анықтауға болады: М1-білімге ие болудың бағытталуы; М2- мамандықты алуға бағытталу; М3-дипломды алуға бағытталу. Ер адамдардың арасында мамандықтарды алуға бағытталса, әйел адамдардың арасында-диплом алуға бағытталған.

8 Тәрбие және кәсіби өзіндік сананың қалыптасуы



Мақсаты. Магистранттарға тәрбие және кәсіби өзіндік сананың қалыптасуы туралы психологиялық білім беру, оларды практикада қолдану ерекшеліктері жайлы түсініктер беру.

Дәріс жоспары

1. Жоғары оқу орны - кәсіби өзіндік сана қалыптасуының жүйесі ретінде. Кәсіби өзіндік сана қүрылымы: өзінің кәсіби адамгершілігін саналай алу - кәсіби іс-әрекет субьектісі ретінде.
2.  Кәсіби өзіндік сананың функционалды жэне құрылымдық компоненттері: когнитивті, мотивациялық, эмоциялық жэне операциялық. Өзін-өзі жүзеге асыру жэне басқару мәселелері.

3.  Кәсіби шеберлік және «Мен-концепциясы».

1. Кәсіби білім берудің психологиясы педагогикалық психологияның тармағы бола түра, оқудың психологиялық механизіммен және оны кәсіби білім жүйесімен тәрбиелеуін зерттейді.

«Кәсіп»- деген сөз адамның өмір сүруіне қажетті материалдың қажеттіліктерін қамтамасыз ететін – еңбек етіп табыс табу көзі болып табылады.

Кәсіп білімнің жүйесі ретінде және белгілі бір адамға тән икемділік, дағды ретінде қарастырылады.

«Кәсіби білім» арнайы біліммен бағаланады және ол кәсіби техникалық, орта жоғары оқу орындарында қолданылады. Кәсіби білім арнайы білім алумен тығыз байланысты және нақты кәсіп немесе мамандық алумен байланысты. Сонымен кәсіби білім беру- білім мекемелерінде бастауыш,орта және жоғарғы кәсіби білім алуға арналған мамандарды дайындайды. Сонымен қатар курстық дайындауға және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білімдерге жүйелі білім беруге дайындайды.

Кәсіби білім-мамандықты алуға тура бағытталу керек,өйткені кәсіби дайындауда кездесетін мәселелерді зерттеуді қажет етеді, және де кәсіби өзіндік- анықталу немесе мамандықты таңдау, кәсіби өзіндік сана- сезім, субъектінің кәсіби даму этаптарының талдауы және сонымен байланысқан кәсіби іс -әрекеттер мен байланысты психологиялық мәселелерді зерттеуді қажет етеді.

Кәсіби білім беру мекемесі келесідей принцптерге бағыну тиіс:

1.Кәсіби білім беру-қазіргі заманауи арнайы білім беру беталысымен сәйкес болуы керек.

2.Кәсіби білім берудің принципі-оған қатысты білім алудағы психологиялық процесті қажет етеді.

3.Белгілі бір мамандықтың иесіне қажетті аса маңызды қасиеттерде кездесетін мәселелерді кәсіби білімнің жекеше принципі қарастырады.

Осы жағдайлардан шыға отырып, кәсіби психологтың пәнді жақтарына қатысты:



  • кәсіби білім жүйесіндегі тұлғаның жас ерекшелік және индивидуалды ерекшелігін зерттеу.

  • Адамды кәсіби іс әрекеттегі субъект ретінде зерттеу.

  • Кәсіби оқыту мен кәсіби тәрбиелеудің психологиялық негізін зерттеу.

  • Кәсіби іс әрекеттегі психологиялық аспектілерді зерттеу.

Кәсіби оқыту мен кәсіби тәрбиелеу процесінің заңдылығымен қасиеттерін кәсіби білім берудің психологиясы- өзінің арсеналында сол әдістерді қолданады.Сондай -ақ осы әдістерді басқарады.

Психологиялық ғылымдарда: бақылау, эксперимент, әңгімелесу әдісі, анкета іс -әрекетті зерттеуді қолданады.

Адамның еңбектік іс -әрекетін зерттеуге бағытталған. Әдістердің ішінде-профессиография әдісі кең қолданылады.

Бұл әдіс- біріктіруге бейнелеуге және талдауға бағытталған.

Профиссиограммированиенің нәтижесінде профессиограмма құрылады және ол туралы бүкіл мәліметтер ( техникалық, санитарлы-гигиеналық, технологиялық, психологиялық, психофизикалық жақтарды құрайды. Профессиограммалар өзін кәсіптің «портреті» ретінде көрсетеді.

Кәсіптік дайындық құрылымын атқарушы кәсіби білім берудің «арнайы білім» сөзімен мағыналас, осы 2-ұғым 2 жолды қарастырады: өзіндік білім және кәсіби білім беру мекемелерінде білім алу психологиялық маңызды кәсіби білімнің жетістігін анықтайтын сәт болып - өзіндік белгілі бір мамандықты игеруге дайын болу (эмоционалды ,материалды).

Адамның ішкі ресурстарды талдау нәтижелерде және мамандықтың талабымен сәйкес келетін жағдайға адамның қоршаған ортада өзінің мойындалуының негізі болып табылады және ол адамның өмірінде ең маңызды сәт. Мамандықты таңдау психологиялық тұрғыда 2 аспектіні көрсетеді: бір жағынан таңдаушы адам (субъектінің таңдауы), екінші жағынан нені таңдауы (таңдау объектісі).

Көптеген мінездемеге ие бола тура, субъектінің де объектінің де мамандықты таңдау бір келкі емес. Мамандықты таңдау бұл сәттік акт емес, бұл процесс көптеген этаптардан тұрады.

Кәсіби өзіндік анықтаудың туындауы жоғарғы сынып кезеңі болып табылады, бірақ оған келесі этаптар кездеседі:

-мамандықпен алғаш рет танысуы. Бұл этап төменгі мектеп оқушыларына сәйкес келеді, өйткені ол әлі жұмыстардың барысын, кәсіпті толық білмейді. Кейде бұл деңгейде жасөспірімдерде тұрақтап қалады.

-кәсіби білім алу- мектептік білім алғанан кейін ғана жүзеге асады.

-кәсіби бейімделу іс- әрекеттің индивидуалды стилі және өнімділік пен әлеуметтік қатынас ретінде қалыптасады.

-еңбекте өзіндік шындалу (толық немесе жартылай).

Сонымен кәсіби өзіндік анықталу – тұлғаның бүкіл кәсіби әрекеттің кезеңін алатын процесс ретінде қарастырылады. Ол адамның бүкіл өмірін алады.

Психологиялық әдебиетте –мамандықты таңдау шешімін қабылдағанда көптеген психологиялық факторларды анықтауға әр түрлі жағдайда туындайды. Зерттеушілер қатары мамандықтарды таңдауды - әрекетті таңдау мен бірдей деп көреді.

2. Кәсіби өзіндік анықталу – еңбек субъектісінің даму процесі деп қарастырады.

Мамандықты таңдау –адамның өткен тәрбиелерімен байланысқан ,ал өзіндік анықтау процессі ол болашаққа негізделеді.

Дәстүрлі түрде жалпы мамандықты анықтау жүйесі -4 аспектілер көрсетіледі: -әлеуметтік эканомикалық (мамандықтың қысқаша тарихы, халық шаруашылығы ролі, кадрлар дайындаудағы мәліметтер, перспективалық жылжулар, еңбек ақысы).

-өндірушілік техникалық (техникалық процесстер,мәліметтер,объект,еңбек құралдарында,жұмыс орнында).

-санитарлық-гигеналық (климаттық жағдай туралы мәлімет, еңбектің тәртіп пен ырғақ медициналық қарсы көрсетілімдері).

-психофизикалық (тұлғаның қасиеттерімен және психикалық процесс ерекшеліктерінемамандықтың қойатын талабы).

Леонтьевтің айтуынша еңбекке байланысты бүкіл мамандар –биономикалық (табиғит) техномикалық (техника сигномикалық белгі),артономикалық (көркемдік бейне) және социономикалық (адамдардың бірігіп әрекет етуі).

Ал Е.А.Климов кәсіби әрекеттердің 5 үлгісін анықтады.

“Адам - табиғат’’

“Адам - техника”

“Адам - заң”

“Адам - бейне”

“Адам - адам”

1.”Адам – тірі табиғат”. Бұл мамандықтың иелері жануарлар мен өсімдіктермен жұмыс жасайтындар (аграном, зоотехник, ветеринар, микробиолог).

2.”Адам - адам” Мұнда қызмет көрсету,көпшілік, ұлттық тобы,әр жастағы адамдар (сатушы, шаштараз, инженер, дәрігер, мұғәлім, әлеуметтік қызыметкерлер).

3.”Адам - техника”және өлі табиғат.Бұл қызметкерлер өлі,техникалық объектілерімен жұмыс істейді (техник- механик, инженер, электрик, техник -технолог).

4.”Адам – таныс жүйе” Шынайы және жасанды тілдер, шартты белгілер, символдар, сандар, формулалар. Осы заттық әлеммен жұмыс істейтін адамдар (программист, сызбашы, математик, шығармашылық редактор, тілмаш).

5.”Адам – көркемдік бейне” Бұл мамандыққа қатысты адамдар шынайы бейнелерді бейнелеу (художник-декаратор, музыкалық аспаптарды реттеуші, концертік орындауші, балет артісі, драмалық театр актері).

Осылайша 5 түрлі мамандықтың типін Е.А.Климов классқа бөлді:

-гностикалық мамандық

-қайта қалыпына келуші

-изыскательный.

Әрбір арнайы құралдың белгісімен әрбір класстың шегіне байланысты 4 бөлімге бөлінеді.

-қол еңбек кәсібі

-машиналық еңбек кәсібі

-автоматты жүйені қолданатын кәсіп

-еңбектің функционалды құралдарымен байланысқан кәсіп.

Кәсіби еңбектің шартына байланысты 4 топқа бөлуге болады.

­­-микроклиматтың шартына байланысты жұмыс, шаруашылыққа жақын «бөлмедегі» жұмыс (лобаранттар, бухалтер, оператор).

-арнайы қандай болмасын таза ауада жұмыс істейтін аграном,

-ерекше талап қойатын жұмыс,жердің астында,судың астында,жоғары және төменгі температурада жұмыс істеу (антенщик мачтовик ,водолез,тау комбаиынының машинисті,өрт сөндірушілер).

Адамдардың денсаулығымен және өміріне жауап беретін жоғарғы моральды шарттарға сәйкес келетін жұмыс ересектер немесе балалар (бала бақша тәрбиешісі,мұғалім,тергеуші,дәрігер).Әрбір мамандықтың типтерін талдай отырып А.Е.Климов олардың 4 тобын көрсетті.

1.Қозғалмалы (орын аустыру әрекеті,орналасу,айналу және т.б.)

2.Танымдық (гнестикалық) әрекет қабылдауы әрекеті,қиял мен логикалық әрекет жатады.

3.Тұлға аралық қарым -қатынас әрекеті,диагностикалық,талап ету әрекеті.

4.Күш -жігермен байланысты әрекет.

Мамандықты таңдауды не анықтайды?

Бұл сұраққа бере отырып Климов мамандықты таңдаудың 8 түрлі маңызды факторын көрсетті.

1.Ересектердің жанұяның көзқарасы

2.Құрдастардың көзқарасы

3.Мектептегі педагогикалық ұжымның көзқарасы (мұғалім,сынып жетекшісі және т.б.)

4.Жеке өмірлік және кәсіби жоспарлар

5.Қабілетпен оның көріну жолдары

6.Қоғамдық мойындауға дайындық

7.Таңдаған мамандық туралы толық білу

8.Бейімдеушілік.

Мамандықты таңдауда әдетте психологтар келесі басты факторларды көрсетеді:

- қызығушылық (танымдық, мамандыққа деген кәсіби қызығушылық)

- қабілеттілік (белгілі бір әрекетте жетуге арналған психологиялық механизм ретінде).

- темперамент, мінез.Бұл факторлар көбінесе субъектілерге жатады,келесі топтық факторларды (оларды объективті деп атауға болады);дайындық деңгейі (үлгерушілік).

Сонымен қатар әлеуметтік мінезде қарастырылады: әлеуметтік орта, үйдің талаптары, ата – аналардың білімінің деңгейі.

Сонымен қатар басты орынды қабілеттілік алады.Көбнесе қабілеттілік мәселесі дарындылықпен байланысты.К.М.Гуревич жұмысшыға қойылатын арнайы талаптарға байланысты мамандық типін көрсетті:

- әрбір дені сау адам қоғамдық әрекетте жетістікке жетуге қабілетті.

- кез -келген адам жетістікке жете алмайтын мамандықтың болуы.



3. Жоғарғы мектептегі педагогика мен психология жоғарғы деңгейдегі жетістікке жетуге адамдардың индивидуалды ерекшеліктеріне спецификалық талаптарды қойады.Толық кәсіби мамандықты талап ететін мамандық (кәсіп)

Әрбір мамандық адамның түрлі қасиеттерімен қабілеттеріне байланысты, ерекше талап қойады. Е.А.Климов бойынша бұл кәсіби сипаты мынандай адамға тән: 1)басқару, оқыту, тәрбиелеу, «адамдардың түрлі қажеттіліктеріне қызмет көрсетуде пайдалы іс-әрекеттерді жүзеге асыру» ептілігі; 2)тыңдай алу және тыңдау ептілігі; 3)танымдық шеңбердің кеңдігі; 4)сөйлеу мәдениеті; 5)адамның сезім көріністерін, әрекет-қылығын байқау; 6) «адам әрқашан да ойша жақсырақ бола алады» деген сенімділікке негізделген адамға деген жобалаушы бағыт; 7)қайғысын түсіну қабілеті; 8)бақылалағыштық; 9)халыққа тұтастай қызмет ету идеясының дұрыстығына терең сенімділік.

Берілген типтегі мамандарды таңдауда кері көрсеткіштер ретінде сөйлеу кемшіліктерін, мәнерсіз сөйлеуді, тұйықтықты, өз-өзіне кетуді, қарым-қатынасқа түспеушілікті, айқын физикалық кемістіктерді, шектен тыс баяулықты, адамдарға деген суықтықты жатқызуға болады.

А.К.Маркова бойынша, педагогқа кәсіби қажетті қасиеттердің құрылымы келесідей сипаттамалар блогымен берілуі мүмкін.



  • Объективті сипаттамалар:кәсіби білімдер, кәсіптік ептіліктер, психологиялық және педагогикалық білімдер.

  • Субъективті сипаттамалар: психологиялық ұстанымдар, көзқарастар, тұлғалық ерекшеліктер.

Маңызды кәсіби қасиеттерге, А.К.Макаровқа сәйкес, мыналар жатады: педагогикалық эрудиция, педагогикалық мақсатты болжау, педагогикалық ойлау, педагогикалық интуиция, педагогикалық импровизация, педагогикалық бақылағыштық, педагогикалық оптимизм, педагогикалық тапқырлық, педагогикалық болжағыштық және педагогикалық рефлексия.

Қазіргі уақытта жасалып жатқан мұғалім тұлғасының моделі сол іс-әрекет – қарым-қатынас – тұлға сызба мәнінде педагогикалық қабілеттердің 2 тобын айқындайтын бес кәсіби маңызды қасиет көрсетіледі(Н.В.Кузьмина бойынша).

Неғұрлым жалпыланған түрдегі педагогикалық қабілеттер оларға сәйке жалпы анықтамалар берген В.А.Крутецкиймен көрсетіледі:


  1. Дидактикалық қабілеттер – оқушыларға оқу материалын түсінікті болатындай меңгерту, материалды немесе жағдайды оларға анық және түсінікті түрде ұсыну, пәнге деген қызығушылықты ояту, - оқушыларда өзіндік белсенді ойларды тудыру қабілеттері.

  2. Академиялық қабілеттер – сәйкес ғылымдар саласына байланысты (математика, физика, биология, литература және т.б.) қабілеттер.

  3. Перцептивті қабілеттер –тәрбиеленушінің оқушының ішкі әлеміне еніп кету қабілеті, оқушы тұлғасын және оның уақытша психикалық жағдайларын нәзік түсінумен байланыстыпсихологиялық байқағыштық қабілеті.

  4. Сөйлеу қабілеттері – сөйлеу арқылы, сондай ақ мимика және пантомимика арқылы өз ойлары мен сезімдерін анық және нақты жеткізу қабілеті.

  5. Ұйымдастырушылық қабілеттер – бұл , ең біріншіден, оқушылар ұжымын ұйымдастыру, оныбіріктіру, маңызды мәселелерді шешуге талаптандыру қабілеттері, ал екіншіден, өз жұмысын дұрыс ұйымдастыру қабілеттері.

  6. Авторитарлы қабілеттер – оқушыларға тікелей эмоцияналдық еріктік ықпалдарын жасау қабілеттері мен осы негізде беделділікке жету ептілігі.

  7. Коммуникативтік қабілеттер – балалармен қарым-қатынасқа түсу қабілеті.

  8. Педагогикалық қиял (немесе болжағыштық қабілеттер) – бұл оқушылардың тұлғасын тәрбиелік жобалаудағы өз әрекеттерінің нәтижесін болжаудан көрінетін қабілет.

  9. Өз назарын іс-әрекеттің бірнеше түріне бір мезгілде бөлу қабілеті оқытушы жұмысы үшін ерекше маңызға ие.

Кез келген оқу пәнін оқытушының психологиялық портреті келесідей құрылымдық компоненттерден тұрады: 1)адамның индивидуалды қасиеті; 2)оның тұлғалық қасиеттері; 3)коммуникативті қасиеттер; 4)статустық-ұстанымдық ерекшеліктер; 5)Іс-әрекеттік (кәсіби-пәндік); 6)сыртқы әрекет-қылықтық көрсеткіштер.

Педагог тұлғасының негізгі кәсіби мәнді қасиеттерінің бірі оның «тұлғалық бағыттылығы» болып табылады. Н.В.Кузьминаға сәйкес, тұлғалық бағыттылық кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің шыңына жетудің маңызды субъективті факторларының бірі болып табылады. Іс-әрекеттің негізгі стратегияларының таңдалуы, Кузьмина бойынша, бағыттылықтың үш типіне шарттас болып келеді: 1)шынайы педагогикалық; 2)формальды педагогикалық және 3)алдамшы педагогикалық. Бағыттылықтың бірінші типі ғана педагогикалық іс-әректте жоғары нәтижеге жетуге жағдай жасайды.

Адамға «Адам – табиғат» типін мамандықтың психологиялық талабын: қиялдың дамуы, бейнелі ойлау, көргенін есте жақсы сақтау, бақылағыштық, байқағыштық табиғи факторларға байланысты көптеген нәрселерді алдын ала білу және бағалау; іс әрекеттің нәтижесі көп уақытты қажет ететіндіктен маман шыдамды өжет және колективтен тыс жұмыс істей алу керек, тіпті кей кезде ауа райының қолайсыз кезінде де ,лас жерде болсада жұмыс істей алуы қажет.

Көптеген «Адам- техника» деген кәсіптер: 1)техникалық құрал жабдықтарды жөндеуді,машинаның арнайы бөліктерін жөндеуді білу керек.2)техникалық құрылғыларды пайдалану (көліктерді жүргізетін мамандар,автоматты жүйелермен жұмыс істейді).3)техникалық құрылғыларды жөндеу (мамандар жөндейді,реттейді,орнына келтіреді).

Кез келген техникалық құрылғы белгілі бір еңбекке сай болып табылады,бірақ көптеген әр түрлі мамандар қажет болады.

«Адам- техника»мамандығында психологиялық талап қойады: қозғалыстың жақсы үйлесімділік,тура көру ,есту,вибрациялық және кинестетикалық қабылдау,техникалық және творчествалық (шығармашылық).

Ойлаудың дамуы; зейінің шоғырлануына тұрақтауына қабілеттілік,байқағыштық.

«Адам -таныс жүйе» көптеген мамандығында мәліметтерді өңдеумен ерекшеленеді.Олар мыналар болуы мүмкін:

1.ана тілінде және шет тілінде жазылған текстер(редактор,түзетуші,машинист,іс қағаз жүргізуші,тергеуші)

2.сандар,формулалар,кестелер (программист,оператор,эканомист,бухгалтер)

3.сызбалар,схемалар,карталар (конструктор,инженер технолог)

4.дыбыстық белгілер (радистр,телефонист).

«Адам- таныс жүйе» оперативті механикалық жақсы ес; зейннің жақсы тұрақталуы,ауысуы, қабылдаудың туралығы.

«Адам -көркемдік бейне» Бұл мамандықтың көпшілігі мына типтермен байланысты;

1)көркемдік шығармашылық проектілерін жасау (жазушы ,көркемдеуші,компазитор,сәнгер,архитектор,журналист,би үйретуші,мүсінші).

2)үлгі бойынша әр түрлі әшекей жасау (зергер,музыкант,актер).

3)көпшілік өнімдерді көркемдік бейнелеулерді көбейтумен байланысты.

Психологиялық мамандықтың талаптары келесідей адамға қатысты: бейнелеу қабілеті, көргенді есте сақтау, бақылағыштық, бейнелі ойлау, шығармашылық қиял, адамдарға эмоционалды әсер ететін психологиялық заңдылықтар білімі.

«Адам -адам» Көптеген мамандықтар:

1)тәрбиелеумен байланысты (тәрбиелеуші,мұғалім,спорт тренері)

2)медициналық көмек көрсету (дәрігер, медбике, тәрбиеші, фельдшер)

3)шаруашылық көмекшісі (сатушы, шаштараз, даяшы)

4)мәлімет беруші адам (библиотекарь, дәріс оқитын адам)

5)қоршаған ортамен мемлекетті қорғаушылар (заңгер,сақшы,инспектор,заң қызметкерлері). Көптеген:директор, бригадир, адамдарға қатысты жұмыспен байланысты цехтың бастығы. Сондықтанда барлық жетекшілерге қойылатын талаптар «адам -адам»деген типке қойылатын талаппен бірдей.

Психологиялық мамандықтардың талаптарының типтері келесідей адамға қатысты: қарым қатынасқа деген талабы,танымайтын адамдармен тез қарым- қатынасқа түсуі, адамдармен жұмыс істеу кезінде тұрақты жақсы көңіл -күйменжүру, мейірімді болу, шыдамдылық, көңіл- күйінің тұрақтылығын қамтамасыз ету, айналадағы адамдар мен өзінің пиғылын талдап анықтап білу, адамдардың бір- бірімен қарым -қатынасын байқай алу, олардың арасындағы реніштерді түзете алу, өзін ойша басқа адамның орнына қойа білу, таңдай білу, басқа адамның ойын оқи білу, дұрыс сөйлей алу қабілеті, ым -ишарамен, көптеген адамдармен тіл табыса білу, адамды сендіре білу, тиянақтылық, адамдардың психологиясын білу қажет.

9 Жоғары мектептегі психодиагностика



Мақсаты. Магистранттарға жоғары мектептегі психодиагностикалық білім беру, оларды практикада қолдану ерекшеліктері жайлы түсініктер беру.

Дәріс жоспары

1.Білім беру жүйесіндегі психодиагностиканың атқаратын негізгі қызметтері.

2.Психодиагностикалық эдістердің жіктемесі.

3.Студенттер мен оқытушыларга психологиялық консультация беру.

Психологиялық сөздікте психодиагностикаға келесі анықтама беріледі: «Психодиагностика – жеке тұлғаның жеке–психологиялық ерекшеліктерінің шығу әдістерін және өлшемін өңдейтін психология ғылымдарының аймағы».

Екі типті диагноз жайында айтуға болады. Біріншіден қандай да бір белгінің бар немесе жоқ болуын болжау негізіндегі диагноз. Екіншіден, сол немесе басқа да қасиеттерінің көрсетілуіне байланысты «континуум осінде» зерттелуші топтың немесе зерттелушінің орнын табуға көмектесетін диагноз.

Психологиялық диагноз – бұл жеке тұлғаның бір-бірімен байланысты психикалық қасиет - тәсілдерінің, мотивтерінің, тұрақты ерекшеліктерінің жинағын құрылымды суреттеу.

Н.Ф. Талызина білім берудің қазіргі деңгейінде психодиагностиканың негізгі функцияларын: «Психодиагностика өзінің болжамалық рөлін белгілі бір шектерде сақтаса да, дискриминационды тағайындалуын жоғалтады. Оның негізгі функциясы болып белгілі адамның ары қарай дамуына қолайлы жағдай тұғызатын, шарттарды анықтау функциясы болу керек».

Формализацияның жоғары деңгейдегі әдістеріне тесттер, анкеталар және сұрақтар жинағы, жобалау техникалары және психо-физиалогиялық әдістер жатады.

Бүгінгі күнде ең көп тараған әдіс болып тест саналады – жеткілікті қысқа, стандартталған үлгі, сынақ, шектелген уақыт аралығында белгілі бір параметрлер бойынша адамның жеке-психологиялық ерекшеліктерінің мінездемелерін алуға мүмкіндік береді. Тесттер жекелей және топтық, ауызша және жазбаша, пәндік, аппаратуралық және компьютерлік, вербалды және вербальды емес болуы мүмкін.

Психодиагностикалық әдістің сапасының негізгі көрсеткіші сенімділік және нақтылық болып келеді. Психодиагностикалық әдістің сенімділігі жауаптарының біркелкілігін және қайталанатындығын, олардың тұрақтылығын күәландырады. Ол психодиагностикалық өлшемдер қаншалықты нақты шығарылатынын, қаншалықты алынған жауапқа сенуге болатындығын көрсетеді. Психодиагностика гылымының атақты маманы К.М. Гуревич сенімділіктің үш типін бөліп көрсетеді: өлшеу құралының сенімділігі, зерттелетін белгінің тұрақтылығы және константтілік немесе шешімдердің зерттеушінің тұлғасына байланысты еместігі.

Әдістеменің сапасы оның қаншалықты жақсы құрылғандығымен, қаншалықты біртектілігімен анықталады. Бұл бір қасиет, белгінің диагностикасына бағытталуының куәсі болады. Біртектілік көрсеткіші құралының біртектілігін тексеру үшін бөлшектеу әдісі қолданылады – ол үшін психодиагностикалық құралдың барлық тапсырмалары жұп және тақтарға бөлінеді, жекелей өңделеді, содан соң осы қатарлар арасындағы  корреляция коэффициенті есепетеледі.

Егер тесттік нормалар оқушыларды таңдауда шығарылып қойса, онда бұл нормаларды автоматты түрде студенттерге көшіруге болмайды. Тесттің рестандартизациясын жасау, оны студенттерде сынап, олар үшін тесттік нормаларды шығару керек.

Статистикалық тесттік нормалардан басқа, критериалды нормалар да жиі қолданылады. Демек, адам профессионалды маңызды психологияның қасиеттің дамуының керекті деңгейіне жетті ме. Критериалды тесттерде баллдардың өлшеуіш орталығынан ауытқу дәрежесін емес, өлшеуіштегі белгілі –бір критикалық деңгейге жету немесе жетпеуді есепке алады.

Кез келген психодиагностикалық әдістеменің сапасы оның стандартталуы, сенімділігі және тұрақтылық дәрежесіне тәуелді.

Кез келген психодиагностикалық әдістемені құру барысында оның авторлары пайдаланылуы туралы нұсқаулықта алынған нәтижелер туралы хабарлап, сәйкес тексеру өткізу қажет.

Психодиагностикалық әдістемелерді зерттеуші – диагносттың алған нәтижелеріне әсер ету дәрежесіне қарай «объективті» немесе «субъективті» деп бөлуге болады. «Объективті» әдістемелер жағдайында орындаушы диагносттың нәтижелерге әсер етуі минималды, ал «субъективті» әдістеме жағдайында орындаушы-диагносттың тәжірибелігі мен іскерлігіне тәуелді.

Экспертті бағалаудың субъективті әдістеріне: контент-анализдің, сұхбат, интервью, рольдік ойындар, жобалық әдістемелердің бақылау әдістері жатады.

Бақылау әдісі келесі принциптердің орындалуын талап етеді: біірншіден, бұл максималды объективті сыртқы көріністердің мүмкін болатын фиксациясы; екіншіден, жеке бөліктерін емес үзіліссіз құбылысты бақылау; үшіншіден, жазбаларды таңдау, зерттеушімен қойылған тек белгілі бір мақсатқа жеткізетін көрсеткішін белгілейді.

Субъективті әдістер класынан азформалданатын әдіс әңгімелесу және сұрау әдісі болып табылады.

  

10 Жоғары мектептегі оқытушылардың педагогикалық іс-әрекетінің психологиялық сипаттамалары



Мақсаты. Магистранттарға жоғары мектептегі оқытушылардың педагогикалық іс-әрекетінің психологиялық сипаттамалары туралы білім беру, оларды практикада қолдану ерекшеліктері жайлы түсініктер беру.

Дәріс жоспары

1.Педагогикалық іс-эрекет мазмүны, формасы жэне сипаттамасы. Педагикалық іс-эрекеттің негізгі қызметтері. Жалпы жэне арнайы педагогикалық қабілет туралы түсінік.

2.Педагогикалық іс-әрекет стилі. Жогары мектеп оқытушысының тәрбиелік жэне коммуникативтік қабілеттері.

3.Оқу- тәрбие жагдайларын үйымдастырудагы оқытушының жобалы-конструктивті іс- эрекеті.

Білім беру жүйесінің басты міндеті   – жеке тұлғаның ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде  қалыптасуы  мен дамуы және оның кәсіби жетілуі үшін қажетті жағдайлар жасау; баланың тәрбиелену, білім алу және жан-жақты қалыптасу, ана тілін, ұлттық салт   дәстүрлерді сақтау, ақпараттану, денсаулығын нығайту  сияқты құқықтарын іске асыру   болып табылады. Осы сияқты қасиеттерді білім алушылардың бойында  қалыптастыру мен дамыту Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің маңызды міндеті ретінде қарастырылады.

Қазақстан Республикасының азаматы ретінде білім алушыларды тәрбилеудің тұтастығы жөніндегі мемлекет саясатының бағыты Қазақстан Республикасында этномәдени білім беру тұжырымдамасында, Қазақстан Республикасында оқушыларға   құқықтық білім беру  тұжырымдамасында, Қазақстан Республикасында білім беру саласындағы мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасында, Қазақстан Республика-сында адамгершілік-жыныстық тәрбие беру   тұжырымдамасында, Қазақстан  Республи касында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында, Қазақстан Республикасының білім беру үйымдарындағы тәрбиенің кешенді бағдарламасында, Қазақстан Республикасы азаматтарын патриотизмге тәрбиелеу бағдарламасында атап көрсетілген.

Жалпы, қоғам өмірінде болып жатқан өзгерістер білім беру ісіне тәуелді болатыны белгілі. Сондықтан мемлекеттің басым бағыты ретінде, бәсекелестікке қабілеттілікті қалыптастыратын басты құрал ретінде білім берудің орын алуы заңды. Қайта құру кезіндегі өзгерістер, тәуелсіздік алғаннан кейінгі өзгерістер мұғалім профессиограммасына да өзінің ықпалын тигізіп отырды. Қоғамның дамуымен бірге білім беруді ақпараттандыру мәселесінің өзектілігі артып отырғаны соңғы жылдары анықтай байқалды.

Жаңа ғасырдың ақпараттық қоғамына қажетті жаңа тұрпатты мұғалім дайындау мәселесіне байланысты 2005 жылы 18 тамызда «Қазақстан Республикасындағы жаңа тұрпатты мұғалім даярлаудың үздіксіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасы» және «Қазақстан Республикасындағы жоғары педагогикалық білім беру тұжырымдамасының»  жобалары ұсынылды. Осы екі жобаның біріншісінде жаңа тұрпатты мұғалімге – рухани жетілген, шығармашылық қабілеті жоғары, өзіне сын көзбен қарай алатын, кәсіби дағдылары, педагогикалық дарыны бар, жаңашылдыққа ұмтылатын тұлға ретінде анықтама берілген. Мұғалім идеалы – білімнің құндылығын айқын түсінетін, «мәдениеті жоғары адам», өз пәнінің жетік шебері, педагогика мен психологияны терең меңгерген, жеке тұлғаға бағытталған педагогикалық әдістерді қолдана алатын, өзін жеке тұлға ретінде дамытып, рухани  өсуге деген қажеттілігі мол болуы тиіс делінеді.

Кәсіпқой мұғалім өз пәнін жетік біліп қана қоймай, әрбір қатынасушының педагогикалық үдерістегі орнын білуі керек. Оқушылардың оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыра алуға қабілетті болып, оның нәтижелерін алдын-ала болжамдап көре білуі тиіс, болуы мүмкін ауытқушылықтарды дер кезінде түзете алуы, яғни құзыретті тұлға болу керектігіне назар аударылады.

Жобада жаңа тұрпатты мұғалім үш түрлі құзыреттілікке ие болуы тиіс деп есептелінеді: әдіснамалық, жалпымәдени, пәндік-бағыттылық. Педагогикалық қызметтің шығармашылық бағытталуы, біріншіден, мұғалімге мамандығы үшін мәні бар күшті және әлсіз жақтарын (өзін-өзі тануын, эмоционалдық қалпын, коммуникативтік және дидактикалық қабілеттерін және т.б.) бағалай алуы; екіншіден, зияткерлік мәдениетін (ойлау, ес, қабылдау, зейін), мінез-құлық, қарым-қатынас, соның ішінде педагогикалық қарым-қатынасты меңгеруі; үшіншіден, қазіргі интеграциялық үдерістер, әлемдік білім берудің даму тенденцияларын бағдарлай алу сияқты мәселелерді қарастырумен байланысты.

Жаңа тұрпатты мұғалім ұғымының теориялық еңбектерде қарастырылу жайы, айтылған мәселелерді жүзеге асыру үшін  жаңа тұрпатты мұғалімді қалыптастыруда ақпараттық технологияларды қолданудың дидактикалық шарттары,  ақпараттық технологияларды қолдану мазмұны сынды мәселелер өз шешімін табуды көздейді

Қазіргі білім беру жүйесіндегі педагогикалық мамандық түлектері мен жалпы білім беретін мектеп қажеттілігі арасындағы үйлесімнің жеткіліксіз болуы, мұғалімдердің оқушыларды оқыту, тәрбиелеу үдерісінде ақпараттық және  коммуникациялық технологияларды пайдалануға дайындығының төмен болуы сияқты қайшылықтар білім беру жүйесінің өзекті мәселесі болып отыр.

Педагогикалық білім берудің ең жоғарғы мақсаты - жаңа тұрпатты мұғалімнің жалпы және кәсіби дамуының үздіксіз жүргізілуі деп есептейміз. Бұл мақсатты жүзеге асыру кезінде маман-адам, азамат пен оның кәсіби білімі, іскерліктері мен дағдылары арасындағы үзіліп қалған байланыс қайта жалғасын табуы керек. Болашақ маманның жеке тұлғалық позициясын, оның кәсіби білімі мен іскерліктерін біріктіру жүзеге асуы жөн. Бұл біріктіру жалпы қосынды емес, сапалық жағынан жаңа құрылым болып, тұтастығы мен ішкі құрылымы жаңа типті мұғалім даярлау мен қалыптастыру мақсатын қоюға болады. Педагогикалық білім беру мақсаты, мұғалім тұлғасы мен кәсіби қызметінің инвариантты, идеалданған көрсеткіштері біліктілік сипаттамасының негізіне қойылатын профессиограммада ашылады. Біліктілік сипаттамасы типтік кәсіби педагогикалық міндеттер жүйесі түрінде құрылып, мұғалім тұлғасы мен кәсіби қүзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптарды құрайды.

Сонымен жаңа тұрпатты мұғалім ұғымы соңғы жылдары жарияланған шетелдік және қазақстандық педагогика оқулықтарында, ғылыми зерттеулерде «жаңа типті мұғалім», «мұғалім идеалы», «шебер мүғалім» түрінде берілсе, «жаңа тұрпатты мүғалім» термині терең қарастырылмаған. Жаңа тұрпатты мұғалім дегеніміз – кәсіби білім мазмұнын үздіксіз жетілдіріп отыратын, оқу үдерісін басқару қабілеті, сондай-ақ тұлғалық және кәсіби сапасы жоғары, озық  технологияларды меңгерген, оны қалауынша пайдаланатын құзыретті тұлға.

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, әрі өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Яғни жаңа технологияларды меңгеру жаңа тұрпатты мұғалімді қалыптастыруға қойылатын негізгі талап болып отыр. Білімді ақпараттандырудың негізгі мақсаты – «оқушыларды ақпараттық қоғам жағдайында тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби салалардың іс-әрекетіне толық, тиімді араластыру» болып табылады.

Демек, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға кәсіби даярлығы бар мұғалімдерге қоғам сұранысының өсуі мен мұндай талапқа сай мамандарды даярлауға байланысты жоғары оқу орындарына арналған арнайы тұжырымдаманың жоқтығы арасында;  болашақ мұғалімдерді оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудағы кәсіби даярлық сапасына талаптардың артуы мен оның  ғылыми-теориялық, әдстемелік негіздерінің жеткіліксіз зерттелуі  және арнайы оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыздандырылмауы арасында қарама-қайшылықтар  бар екендігі анық байқалады.

Демек, болашақ мұғалім оқыту үдерісінде оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда, біріншіден,  тұлғаның жеке қасиеттерін ескере отырып,  оқушы тұлғасын сипаттай білуі қажет, екіншіден,  өзі ұйымдастырған шығармашылық әрекеттің оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үдерісі мен оның нәтижесіне әсер ететін мынадай маңызды факторларын білуі және ескеруі қажет:

- шығармашылық белсенділік және шығармашылық іс-әрекетке сұраныс;

-    оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту шарттары;

-    оқушылардың шығармашылық қабілетін ынталандыру көздері;

-    оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту әдістері;

-    оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту құралдары;

-    оқушылардың жас ерекшеліктері мен қызығушылықтары.

Сонымен, осы жоғарыда айтылғанның бәрі, бізге болашақ мұғалімді оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға кәсіби  даярлау -  білім беру үдерісінің аясында студенттердің кәсіби-педагогикалық қызметке бағдарлануына және педагогикалық шығармашылық тәсілдерді меңгеруіне, білім беру барысында ізденіс танытып, жаңа шығармашылық шешімдер қабылдауына, оқушылар тұлғасының өзіндік және шығармашылық дамуына қол жеткізуде ұйымдастырушылық формаларды  құру дағдыларын  меңгерулеріне жағдай жасайтын оқу үдерісінің барлық құрылымдық компоненттерінің өзара ықпалдастық байланысын  құруды көздейтін күрделі  үдеріс деп анықтама беруімізге мүмкіндік береді.

Мұғалімнің кәсіби біліктілігі оның іс-әрекетінің тиімді болуының теориялық және жалпы әдіснамалық негізі болып табылады. Кәсіби біліктілікті меңгерту колледждерде студенттерді мұғалімдік мамандыққа даярлаудағы басты міндеттердің бірі. Мұғалімнің кәсіби білігі оның практикалық қызметінде іске асырылады, сондықтан ол, оның жалпыпедагогикалық, әдістемелік біліктілігімен, дағдысымен тығыз байланысты. Мысалы, болашақ ағылшын тілі мұғалімдерін кәсіби шеберлікке мақсатты даярлаумен қоса, педагогикалық шығармашылық қызметке даярлау оның кәсіби даярлығымен тікелей астарласуы тиіс. Ол болашақ мұғалімнің жалпы мәдени (өмірге көзқарас), әдіснамалық(психологиялық-педагогикалық), пәндік блоктарды меңгеруімен қамтамасыз етіледі.

Заманауи ақпараттық қоғамға  өздігінен дербес, сыни тұрғыда ойлайтын, туындаған проблемаларды көре білетін және оларды шығармашылықпен шеше алатын адам қажет. Ол өздігінен белсенді әрекет етуге, шешім қабылдауға, өмірдің өзгермелі жағдайларына икемді бейімделуге қабілетті болуына мүдделі. Сондықтан қазіргі қоғамдағы білім берудің мақсаты  – адамды интеллектуалдық және адамгершілік тұрғыда дамыту. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін болашақ мұғалімге, мектепте қызмет ететін маман ретінде, білім беру жүйесінің стратегиялық бағыты айқын көрсетілуі тиіс. Оған оқу үдерісінің тиімділігі, сабақтардың жүйелілігі мен сапасы, бағдарламаның орындалу барысы, білімнің тереңдігі және бүкіл оқу-тәрбие жұмысының дұрыс жоспарлануы игі ықпал етеді.Сондай-ақ, болашақ мұғалімнің кәсіби бейімделу аясын да анықтаған жөн.

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру- оқытушының кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және  өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Біліктіліктің кейбір түрлері, яғни ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды қолдану саласындағы сауаттылық  бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі. Осыған байланысты жаңа технологияларды қолдануда шетел тілін меңгеру бұрынғыға қарағанда маңызды болып отыр. Оқу, өзгерістерге ілесе оқу, ақпараттық ағынға ілесу- бұл әрбір маманның алуға тиіс кәсіби құзіреттілігі.

Қазіргі кезде жаңа білім жүйесі интернеттің пайда болуының арқасында дамығанын барлығы мойындайды. Көптеген әдіскерлер видеофильм, электрондық пошта (e-mail), мультимедиялық презентация, анимациялық суреттер және т.б. көмегімен шетел тілінде монолог және диалог түрінде сөйлеу қабілетін қалыптастыратын жаттығуларды құрастырумен айналысып жатыр. Ал шетелде болмай-ақ, сол елдің тілінде сөйлей алу қабілетіне ие болу оңай емес. Сондықтан, оқытушының  маңызды тапсырмасының бірі шет тілі сабағында жаңа технологиялардың түрлі амалдарын қолдана отырып, сөйлеудің шын ситуацияларын құру болып табылады. Шет тілін үйрету процесінде компьютер технологияларын қолдану сабақты қызықты жолмен өткізуге көмектеседі. Мысалы, анимациялық суреттер, видео-көріністер, презентациялар және т.б. әртүрлі дыбыстар арқылы көрсетіледі. Компьютер мониторындағы көріністер оқушының іс-қимылының арқасында өзгеріп отырады. Бұл динамикалық және оқушының бар ойын өзіне бағыттайды, сонымен қатар, оқу процесінде оқушының белсенділігі оянады. Нәтижесінде, оқушы ақпаратты оңай әрі тез қабылдайды және окушының ынтасы мен қызығушылығы жоғарылайды.

Қазіргі кездегі оқушыларды оқытудағы ең қажетті педагогикалық инновацияның бірі мультимедиялық компьютерлер. Себебі адам көру, есту арқылы тілді тезірек үйренеді. Есту арқылы тілінің шет тіліне дағдылануы тез әрі ешбір акцентсіз болады. Сондықтан қазіргі таңда шет тілін оқытуда мультимедиа, яғни жаңа ақпараттық технологиялар кеңінен пайдаланылады.

Мультимедиа-дыбыс және көру түріндегі ақпараттар жүзеге асырылатын бағдарламалық аппараттық кұралдар жиынтығы. Мультимедиа жергілікті, аймақтық және әлемдік желілер  бойынша дыбыс, мәліметтер және көріністі беру үшін жоспарланған. Жұмыстың интерактивті режиміндегі графика, анимация, фото, бейне, дыбыс, мәтіндер  ақпараттық орта қалыптастырады. Мұны пайдаланушыда сапалы жаңа мүмкіншіліктер болады.Мәдениетаралық қарым-қатынас білікгілігін дамыту процессінде оқытудың техникалық құралдары оңтайлы қолданылса онда ол оқытушы еңбегінің шарттарын шарықтандырумен қатар оқушының да оқу жағдайын өнімді етеді. Мүғалім оқытудың пәндік ерекшеліктеріне байланысты техникалық құралдар қолданудың негізгі принциптерін жетік меңгерумен қатар өзінің ақпараттық компетенттілігн дамытуы тиіс. Ол ең алдымен оқу-тәрбиелік істе оқытудьң техникалық құралдар колданысының ұтымдылығын түсіне алу; сабақ жоспарын жаңа технологиялық талаптарға сай кұра білу; интегративті түрде сабақ жоспарына кірістіре алу; техникалық құралдарды оқушының танымдық қажеттілігін өтей алатын және мұғалімнің өзіндік кәсіби құлшынысына сай түрлерін іріктей алу; қорыта келе оқытушы аталмыш техниканы пайдалану тетіктерін меңгеруі нәтижеге жетелейді. Тек осындай  алғышарттардың орындалуы оқытудың техникалық құралдарының әдістемелік және дидактикалық мүмкіншіліктерін ашады.

Соңғы жылдары окыту үдерісін ізгілендіру, оның практикалық бағыттылығын күшейту мақсатында пайдаланылып жүрген іс-шараларға, соның ішінде  "инновациялық үдеріске", яғни педагогикалық жаңалықтарға жан-жақты сипаттама беріліп келеді, дегенмен әлі де жеткіліксіз.

Білім беру саласындағы жаңалықтарды үш топқа бөліп қарастырамыз: ұйымдастырудағы жаңалықтар;технологиялардағы жаңалықтар; оқулықтар мен бағдарламалардың өзгерістеріндегі жаңалықтар. Аталған  жаңалықтардың аясында болашақ мұғалімдерді оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға кәсіби даярлаудың да  жаңашылдық бағыттары анықталады. Яғни, бүгінгі таңда ақпараттық қамтамасыз ету жүйесіне аса мән берілмейінше, білім берудің заманауи технологияларын, соның ішінде электрондық оқулық пен бейнефильмдерді, басқа да электрондық басылымдарды қашықтан оқытудың спутниктік арнасы арқылы ендірмейінше, бірде-бір әлеуметтік-экономикалық саланың алға басуы мүмкін емес

Оқыту үдерісінде студенттердің кәсіби белсенділігін арттыру мәселесі соңғы кезде жалпы бағытта кең мағынада қарастырылып келеді. Арнайы пәндерді бұл әдіспен оқыту, ақпараттық-логикалық ойлаудың өзіндік ерекшеліктерін ескермей, жалпы белсенділікті қамтамасыз етуді оқыту екендігі белгілі. Сондықтан болашақ мұғалім пәндердің өзіндік ерекшелігін ескере отырып қамтамасыз етілетін белсенді оқыту білігін меңгеруі қажет. Белсенді оқытуды қамтамасыз ету мақсатында оның әдістемесін жасау үшін ақпараттық модельдеу іс-әрекетінің құрамын, құрылымын анықтау қажет.
11 Оқыту үдерісін басқару


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет