ПОӘК 042-14-3-01 20. 20/03-2009 Басылым №1


Қалдық + есептік құны бойынша



бет3/4
Дата10.06.2017
өлшемі0,74 Mb.
#18594
1   2   3   4

Қалдық + есептік құны бойынша


Бухгалтерлік шоттар есебінде нақты өзіндік, есептік құнынан ауытқуын келесі шартты сызба бойынша көрсетіп, талдауға болады:

Ай ішінде дайын өнімді жөнелтіп, тұрақты есептік бағалар бойынша қойма есебінен шығарады.айдың аяғында ведомстарда жөнелтілген өнімді есептік топтарына қарай жоспарлы өзіндік құны бойынша бағалап, сомасын шығарады. Жөнелтілген өнімнің нақты өзіндік құны есептеу жолымен табылады. әр түрлі кезеңде өндірілген өнімнің,сәйкесінше әр түрлі өзіндік құны болады.



Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар.


  1. Дайын өнім дегеніміз не?

  2. Кәсіпорынның өнімді бағалауы қалай жүргізіледі?

  3. Өнімді сатып - өткізу есебі?

  4. Өнімді шығаруға кеткен шығындар түрін атаңыз?

  5. Субьектідегі шығыстар ұғымы, оларды есептеудегі тәртіп қандай?

  6. Дайын өнімді шығару нысандары қалай жіктеледі?



Тақырып 9. Салыстыру балансының құрылымымен қорытынды есеп.

Дәріс жоспары: (2 сағат)

  1. Салыстыру балансының мақсаттары

  2. Қорытынды бухгалтерлік есеп.

  3. Субъектінің бухгалтерлік балансы.

1. Салыстыру балансы және басқа да берілетін есептерді уақытында, әрі сапалы жасау үшін бухгалтерия өндірістік бөлімшелеріндегі барлық мәліметтердің (деректердің) құжатталуын, белгіленген материалдық және басқа есептерін толық көлемде берілуін қамтамасыз ету керек.

Бухгалтерлік есептің ақпараттары балансқа дейін қажет өндеулерден өтеді. Бұл өндеу процесі төрт кезеңнен тұрады:

Бірінші кезең. Әр түрлі шаруашылық фактілері қүжатталады (іскерлік мәміле жасалады).

Екінші кезең. Есеп мәліметтері есеп талабына байланысты жіктеледі, содан соң бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетіледі (есеп регистрлеріде ЖО, ведомость, Бас кітап).

Үшінші кезең. Есеп жиынтығы есеп беру нысандарына көшіріледі (баланс, табыстар мен шығындар туралы есеп беру, ақшалардың қозғалысы туралы есеп беру т.б.).

Төртінші кезең. Ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметі талданады. Есеп беру жөніндегі жұмыстарды мүлтіксіз ұйымдастыру ісінде есепші қызметкерлердің міндеттерін өзара дұрыс бөлудің және есеп жұмыстарының кестесін белгілеудің маңызы зор. Берілетін есеп тиісті жиынтық құжаттарында, саралау парақтарында және белгіленген көлемдерде есептік тізімдемесінде анықталады.. Аталған деректердің негізінде талдау жасалынады.

Баланстық және басқа берілетін есептердің көрсетіштерінің дәлдігін қамтамасыз ету үшін арифметикалық және логикалық тұрғыдан мұқият тексеру керек. Баланстың сабақтастығын есепті кезеңнің басындағы баланс баптарының деректерін ағымдағы кезеңнің осы баптағы деректерімен салыстырып, жыл соңындағы көрсеткіштердің әрбір жолы анықталады. Қаржы есебін беру тәртібі бухгалтерлік есептің стандарттарымен реттеледі:

Жылдық есептің меншік иелерінде (қатысушыларында, құрылтайшыларында) немесе құрылтай құжаттарында көрсетілген мәліметтері бойынша тиісті органдарға: салық инспекциясына (кәсіпорынның тұрған жері бойынша); жергілікті қаржы органына, мемлекеттік статистика органдарына есеп береді.

Кәсіпорындар (бүған шетелдіктердің қатысы бар кәсіпорындар да енгізіледі), егер Қазақстан Республикасының зандарында басқадай ерекшеліктері ескерілмеген болса, онда жылдық бухгалтерлік есепті есепті жылдан кейінгі келесі жылдың 1 наурызынан кешіктірмей береді. Бухгалтерлік есеп берудің нақты қүнін көрсетілген мерзімдердің шегінде салық органдарының келісімдері бойынша кәсіпорынның иелері (қатысушылары, құрылтайшылары) белгілейді.

2. Бухгалтерлік есеп беру күні болып бір қаладағы кәсіпорындар үшін оның барлық қажетті ақпараттарын нақты берген күні есептеледі, ал басқа қаладағы кәсіпорын үшін почта арқылы жіберілген күні есептеледі.

Берілген бухгалтерлік есепке кәсіпорын басшысы мен бас бухгалтер қол қояды, олар оның уақытында берілуіне жауап береді.

Кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің нәтижелерін, мүлік пен қаржы жағдайы туралы жылдық бухгалтерлік есептерін мүдделі пайдаланушылар үшін жариялауға жол ашық.

Бухгалтерлік есепте өзгеріс енгізу жағдайы туындаса, осы жылға және өткен жылға қатысты берілген есептер мен баланс деректерінің барлығын түзетуді қажет деп тапса, онда ол есепті айдан кейінгі бірінші айда жасалады,сонда тиісті түзетулер көрініс береді. Өткен жыл үшін берілген жылдық бухгалтерлік есептер мен баланстар деректерінің түзетілуі, сол жыл үшін берілген есептер мен баланстар бекітілгенге дейін жасалады. Мұндайда өткен жылғы желтоқсан айында есепке алынған деректерге қажетті түзетулер енгізілуі мүмкін.

Бухгалтерлік есеп шаруашылық қаражаттарының құрамындағы және оларды жабу көздеріндегі болған барлық өзгерістерді, шаруашылық процестерін және олардың нәтижесін толық және дер кезінде көрсетуге арналған. Есеп мәліметі қолда бар нақты шаруашылық қаражаттарына және олардың жабу көздеріне сәйкес келуі тиіс, бірак; іс жүзінде есеп мәліметтері шын мәліметтермен үйлесе бермейді,яғни олардың арасында алшақтық орын алуы мүмкін.

3.Бухгалтерлік есептің 2 “Бухгалтерлік баланс және қаржылық қорытынды есептегі негізгі ашып көрсетулер” стандартының (БЕС 2), қаржылық қорытынды есепті құру бойынша әдістемелік ұсыныстардың негізінде құрылған субъектінің бухгалтерлік балансы келтірілді.


Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар.


  1. Қорытынды баланс қалай құрылады?

  2. Салыстыру балансының құрылымы?

  3. Баланстағы өзгерістерді атаңыз?

  4. Ұзақ мерзімді активтер деген не?

  5. Ағымдағы активтер деген не?

  6. Меншікті капитал және міндеттемелер бөлімі жайлы не білесіз?



Тақырып 10. Кәсіпорынның қаржылық қорытынды есебі.

Дәріс жоспары: (4 сағат)

  1. Кәсіпорынның қаржылық есебі

  2. Қаржылық қорытынды есеп беру маңызы

1. Есеп беру деп кәсіпорынның өткен кезеңдегі қаржылық-шаруаіылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтады. Есеп беру процесін жасау есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады.

Қаржылық есеп берудің мақсаты өз пайдаланушыларына заңды тұлғаның қаржылық жағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы ақпараттарды беру болып табылады. Қаржылық есеп берудің пайдаланушыларының қатарына инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, еңбеккерлер, сондай-ақ мемлекеттік органдар, т.б. кіреді.

Қаржылық есеп беру басқарушы органдардың жүмысын және субъектінің ресурстарын, міндеттемелерін және ақша қаражаттарының болашақтағы ағындарын бағалауға, несие беру бойынша шешімдерге және ннвестициялық шешімдерді қабылдауға пайдалы ақпараттарды береді.

Есеп беруге қойылатын негізгі талаптар: кәсіпорын қызметінің нәтижесін анық және объективті көрсету, барлық көрсеткіштерді бір-бірімен қатаң түрде үйлестіру, бухгалтерлік пен жедел-статистикалық есеп берудің сабақтастығын (үйлесімділігін) сақтау, әдістемелік және басқада ережелерді сақтау болып табылады.

Қаржылық есеп берудің қағидалары төмендегілер:

Есептеу. Қаржылық есеп беру есептеу қағидасының негізінде жасалады, соған сәйкес өнім жөнелтілген, жұмыс атқарылған кезінен бастап,олардың төлену нәтижесіне қарамастан табыс болып танылады, ал шығыны мен зияны орын алынған кезден бастап танылады.

Үздіксіздік. Кез-келген кәсіпорын ұзақ уақыт ағымында үздіксіз қызмет етеді. Бұл егер кәсіпорын жабылып жатса, оның активтерін ағымдағы нарықтық құнымен қайта бағалау мүмкін болады дегеннен туындаған. Жұмыс ісгеп тұрған кәсіпорын концепцияларына сәйкес, мұның қажеттігі шамалы. Бұл қағида егер кәсіпорын тұтасымен сатылса, алғашқыда, ликвидациялық та баланстар жасалмайды дегенді мегзейді. Меншік иесі ауысқанмен кәсіпорын басқа болып кетпейді, ол өзінің есеп жүйесін толығымен сақтайды.

Түсініктілік. Шаруашылық сүбъектісінің қаржылық есеп берушілігінде көрсетілетін ақпарат барлық тұтынушыларға түсінікті болуы керек.

Мағыналылық. Қаржылық ақпарат шаруашылық қызметті бағалау кезінде дұрыс шешімдер қабылдау үшін тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға мағыналы болуы қажет.

Мәнділік. Бұл қағида ақпарат мәнді және мәнсіз болатынын көрсетеді. Мәнді ақпараттың болмауы экономикалық шешімдер қабылдауға әсер етеді.

Нақтылық. Егер ақпаратта қателер жоқ болса ғана, ол нақты бола алады да, тұтынушылар сенімін туғызады.

Байыптылық. Шаруашылық қызмет ағымындағы шешімдер байыппен қабылданғаны дұрыс. Активтер мен табыстар артық бағаланып, ал міндеттемелер мен шығындар кем бағаланбауы қажет.

Салыстырмалылық. Қаржылық ақпарат қажетті де мазмұнды болуы үшін, бір есепті кезеңді екінші есептік кезеңмен салыстырып, сәйкестілік, бір ізділік негізінде қарау керек.

Тұтастылық. Қаржылық есептегі ақпарат тұтас, толық болуы керек.

Бірізділік. Есептің таңдалған әдістері мен қабылданған әдістемесі оны өзгертуге нақты себептер туындамайынша өзгермеуі керек.

Дұрыс, шын түсінік қалыптастыру. Қаржылық есеп берушіліктер тұтынушыларға субъектінің қаржылық жағдайы, қаржылық-шаруашылық қызмет қорытындылары және ақша қаржыларының қозғалысы туралы шындықты, айқын түсінікті қалыптастыруы қажет.

Уақыттылық.. Ақпарат өз уақытында қалыптасып, ұсынылуы қажет.

Бейтараптылық. Қаржылық есеп беруде берілген ақпараттар күні бұрын ойластырылған мәліметтерден алшақ болуы керек.

Сақтық. Кез келген шешімді қабылдаған кезде сақтық деңгейін сақтаған жөн.Белгісіз жағдайда активтер мен табыстың, сондай – ақ міндеттемелер мен шығынның қайта бағалануына барынша жол бермеу керек.

Қаржылық есеп берушілік түрлеріне: ақшалардың қозғалысы туралы есеп, табыстар мен шығындар туралы есеп, меншікті капитал құрамындағы өзгерістер туралы есеп, бухгалтерлік баланс кіреді.

Есеп беруді ұйымдастыруда:

- Алдындағы орындалған операциялар мен кезеңдердің ақпараттарын көрсету үшін.

- Бухгалтерлік есеп стандарттарының талабы бойынша орындалған ақпараттарды көрсету үшін.

- ҚЕ беруде көрсетілмеген қосымша ақпараттармен қамтымасыз ету үшін аса қажетті құжаттама.

- Түсініктеме хат бухгалтерлік баптардың шығыстар мен кірістердің есебінің, ақша қозғалысының есебінің барлық көрсетілген ақпараттарын қамтиды.

Кейбір жағдайларда түсініктеме хатты өзгерту немесе толықтыру кезеңдері туындайды. Бұның нәтижесі бухгалтерлік балансқа байланысты қарастырылады.

Салыстырушы ақпараттар, қаржылық есептегі барлық этаптар бойынша

есептелген салада қарастырылады.

Салыстырушы ақпараттар түсініктеме хатында толықтай талданып есеп беру кезіндегі ќаржымыз есептің ақпараттары ашылады. Ақпараттар кейбір жағдайда түсініктеме хаттың есеп беру кезеңіндегі ақпараттармен салыстырылады.

Мысалға: құқықтық талас салдарынан, есеп беру кезеңінде ашылған соңғы есеп берудегі қаржылық есепің кәсіпорын үшін тиімді екендігін анықтау үшін қажет. ҚЕ берудегі ең басты ақпарат көзі бухгалтерлік баланс болып табылады.

2. Қаржылық қорытынды есеп беру деп – кәсіпорынның ( шаруашылық жүргізуші субъектінің ) өткен кезеңдегі қызметінің жағдайы мен нәтижесін сипаттайтын көрсеткіштер жүйесін атаймыз. Ол белгілі бір кезеңде субъектінің шаруашылық қызметінің жағдайы мен нәтижелері туралы жинақталған мәліметтерден тұратын ағымдағы есептің қысқаша мәлімдемесі болып табылатын есеп жазбаларының ерекше түрі.

ҚҚ есепті құру кәсіпорында жүргізілетін есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады. ҚҚ есептің мәліметтері бойынша кәсіпорынның қаржы – шаруашылық қызметі қорытындыланады және де ол талдау жасау, кәсіпорынның шаруашылық қызметін жоспарлау үшін негізгі ақпарат көзі болып табылады.

Кәсіпорын қызметіндегі нақты нәтижелердің шынайы және дәл көрсетілуі, барлық көрсеткіштердің бір – бірімен тығыз байланысты болуы, есепті құруда әдістемелік және басқадай ережелердің сақталуы, қорытынды есеп деректерінің инвесторлар мен басқадай пайдаланушыларға түсінікті болуы қаржылық қорытынды есеп беруге қойылатын негізгі талаптар болып табылады.



Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар.


  1. Қаржылық қорытынды есеп беру дегеніміз не?

  2. Қаржылық қорытынды есеп беру түрлері?

  3. Қаржылық есептер түрін атаңыз?

  4. Түсінік хат дегеніміз не?

  5. Түсінік хат қалай толтырылады?

  6. Есеп жұмысының соңғы сатысы қалай аталады?



Тақырып 11. Қаржылық қорытынды есепті дайындап тапсыру тәртібі.

Дәріс жоспары: (2 сағат)

  1. Қаржылық қорытынды есепті дайындап тапсыру тәртібі

  2. Қаржы – шаруашылық қызметтің нәтижесі жөніндегі қорытынды есеп.

1. Қаржылық қорытынды есеп беру деп – кәсіпорынның ( шаруашылық жүргізуші субъектінің ) өткен кезеңдегі қызметінің жағдайы мен нәтижесін сипаттайтын көрсеткіштер жүйесін атаймыз. Ол белгілі бір кезеңде субъектінің шаруашылық қызметінің жағдайы мен нәтижелері туралы жинақталған мәліметтерден тұратын ағымдағы есептің қысқаша мәлімдемесі болып табылатын есеп жазбаларының ерекше түрі.

ҚҚ есепті құру кәсіпорында жүргізілетін есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады. ҚҚ есептің мәліметтері бойынша кәсіпорынның қаржы – шаруашылық қызметі қорытындыланады және де ол талдау жасау, кәсіпорынның шаруашылық қызметін жоспарлау үшін негізгі ақпарат көзі болып табылады.

Кәсіпорын қызметіндегі нақты нәтижелердің шынайы және дәл көрсетілуі, барлық көрсеткіштердің бір – бірімен тығыз байланысты болуы, есепті құруда әдістемелік және басқадай ережелердің сақталуы, қорытынды есеп деректерінің инвесторлар мен басқадай пайдаланушыларға түсінікті болуы қаржылық қорытынды есеп беруге қойылатын негізгі талаптар болып табылады.

ҚҚ есепті дайындаудың және тапсырудың Концептуалдық негіздерінде ҚҚ есептің бухгалтерлік есеп жүйесін реттеудің екінші деңгейін құрайтын және барлық шаруашылық жүргізуші құрылымдар басшылыққа алуға міндетті нормативтік – құқықтық құжат болып табылатын бухгалтерлік есеп стандарттарымен айқындалатындығы атап көрсетілген.

ҚҚ есеп мерзім сайын дайындалып тапсырылады және оны пайдаланушы қалың топтың ақпарат жөніндегі қажеттерін қанағаттандырып отырады. Кейбір пайдаланушылар өкілеттіктері болған жағдайда қаржылық қорытынды есепте бар ақпаратқа қосымша ақпарат талап ете алады. Пайдаланушылардың көпшілігі қаржылық мәліметтердің негізгі қайнар көзі ретінде ҚҚ есепке сенім артуға тиісті.

Субъектілер жылдық ҚҚ есепті меншік иелеріне – құрылтай құжаттарына сәйкес, мемлекеттік стастика органдарына – тіркелген жерінде, мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарына – олардың құзіретіне сәйкес тапс ырады.

ҚҚ есеп ҚР-ның валютасымен жасалуға тиісті. Өлшем бірлігі - мың теңге.

ҚҚ есепке дер кезінде орындалуына және дұрыстығына жауап беретін субъектінің басшысы және бас бухгалтері қол қояды.

Жаңадан құрылған субъект үшін бірінші есепті жыл оның мемлекеттік тіркеуден өткен сәтінен басталып, сол жылдың 31 желтоқсанымен аяқталды.

Субъект тіркеуге алынған немесе заңды тұлға мәртебесін алғанға дейінгі жасалған операциялар бірінші есепті жылдық қаржылық есебіне кіреді.

Заңды тұлғаның ҚҚ есебі оларды пайдаланушылар үшін жариялауға ашық болып табылады. Жылдың ҚҚ е септің дұрыстығы заңды тұлға немесе тәуелсіз аудитор ұсынған тәуелсіз аудиторлық қорытындымен расталады.

Алдында айтып кеаткеніміздей, Қаржылық есептер ҚҚ есеп берудің құрамдас бөліктері болып табылады.

Субъектінің ҚҚ есебі төмендегі қаржылық есептерден тұрады:



  1. Бухгалтерлік баланс

  2. Қаржы – шаруашылық қызметтің нәтижесі жөніндегі қорытынды есеп

  3. Ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі қорытынды есеп

  4. ҚҚ есепке түсіндірме хат.

2. Қаржылық нәтижесі – бұл есепті жылдағы кәсіпорынның қаржылық – шаруашылық қызметінің нәтижесі (шығыс пен табыстың айырмасы). Қаржылық нәтижесін өлшеу элементі: табыс пен шығыс болып табылады.

Табыс – бұл есепті кезеңдегі активтердің өсуі, не міндеттемелердің азаюы; шығыс – бұл есептік кезеңдегі активтердің азаюы, не міндеттемелердің көбеюі. Бұл жерде иеленушілердің жарғылық капиталына салған салымы ұйымның табысы болып саналмайды, ал ұйым иелеріне меншік капиталын таратып беру – шығыс болып танылады.

Қаржылық есеп беруде шаруашылық жүргізуші субъект қызмет түріне қарап табыс пен шығысты бөліп көрсетуіне болады.

Табыстар – бұл ұйымның негізгі және негізгі емес қызметінің нәтижесі. Негізгі қызметтен алатын табыстардың қатарына: өнімді, жұмысты, қызметті сатқаннан алынған табысы; сондай – ақ тауарлы-материалдық құндылықтардан, жалға беруден, инвестициялық қызметтен түсетін табыстары жатады. Ал негізгі емес қызметтен түскен табыстардың қатарына: негізгі құралды, материалдық емес активтерді, бағалы қағаздарды сатқаннан және бағамдық айырмадан түскен табыстары жатады.

Шығындар - өнімді өндірумен, жұмысты атқарумен, қызметті көрсетумен байланысты шығындар, негізгі және негізгі емес қызметтен шеккен зияндар және төтенше жағдайдан туындаған шығындары. Шығыстар, әдетте, шығыс нысанын қабылдайды немесе активтердің пайдалануын көрсетеді. Зиян экономикалық олжаның азайғанын көрсетеді. Зиян өз табиғаты бойынша, шығыннан айтарлықтай ерекшеленбейді және ол жеке элемент болып та саналмайды.

Қаржылық есеп берудің элементтерін тану – бұл бухгалтерлік балансқа енгізу процесі немесе қаржылық – шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп берудің бабы, ал ол элементтерге берілген анықтамаларына сәйкес келеді және мынадай тану тұжырымдамасын қанағаттандырады.

кез – келген болашақтағы олжаның осы баптарда көрініс табу ықтималдылығы бар, оның түсуі де, шығып кетуі де мүмкін; баптың құны бар,ол үлкен дәлдікпен өлшенуі мүмкін.


Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар.


  1. Қаржылық қорытынды есепті дайындап тапсыру тәртібі қандай?

  2. Есепті кезең дегеніміз не?

  3. Қорытынды есептің дұрыстығы қалай анықталады?

  4. Жаңадан құрылған субьект үшін есепті жыл қалай есептеледі?

  5. Қаржылық нәтиже дегеніміз не



3. ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР

Тәжірибелік сабақ сұрақтары.
Тақырып 1. Кәсіпорындардағы бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы.

Тәжірибелік сабақ жоспары:

  1. Бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы

  2. Бухгалтерлік есеп обьектілері

  3. Салыстырушы ақпараттар.


Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1.А.Ә. Жантаева Қаржылық есеп. Алматы 2001

2. Қ.К.Кеулімжаев З.Н. Әжібаева Н.А. Құдайбергенов.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Бухгалтерлік есеп туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы №2732 заң күші бар жарлығы.

3. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2001 жылғы 12 маусымдағы №205-н ҚР салық кодексі.

4. ҚР Қаржы Министрлігінің Бухгалтерлік есеп әдістемесі және аудит Департаменті. Бухгалтерлік есептің стандарттары және әдістемелік ұсынымдары –Алматы: Кәусар бұлақ 1999ж.

5. Н.Ә. Байболтаева Бухгалтерлік есеп принциптері. Алматы; 2002 ж.

7. Международные стандарты бухгалтерский учета – Корпорация «Корона» LOCAUD 1999 г. 10. Н.Ә. Байболтаева Н.Ә. Юсупжанова Ә.Қ. Шағын кәсіпкерлік субьектілерінде бухгалтерлік есепті ұйымдастыру – Алматы, Қазақ Мемлекеттік Аграрлық Университетінің ғылыми журналы. Нәтижелер: әдістемесі 1999ж, №1



Тақырып 2. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есептің ерекшелігі.

Тәжірибелік сабақ жоспары:

  1. Кәсіпорындағы шаруашылық процесстері.

  2. Қаржылық қорытынды есеп элементтері.

  3. Қаржылық қорытынды есеп элементтерін бағалау.


Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1.А.Ә. Жантаева Қаржылық есеп. Алматы 2001

2. Қ.К.Кеулімжаев З.Н. Әжібаева Н.А. Құдайбергенов.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Бухгалтерлік есеп туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы №2732 заң күші бар жарлығы.

3. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2001 жылғы 12 маусымдағы №205-н ҚР салық кодексі.

4. ҚР Қаржы Министрлігінің Бухгалтерлік есеп әдістемесі және аудит Департаменті. Бухгалтерлік есептің стандарттары және әдістемелік ұсынымдары –Алматы: Кәусар бұлақ 1999ж.

5. Н.Ә. Байболтаева Бухгалтерлік есеп принциптері. Алматы; 2002 ж.

7. Международные стандарты бухгалтерский учета – Корпорация «Корона» LOCAUD 1999 г. 10. Н.Ә. Байболтаева Н.Ә. Юсупжанова Ә.Қ. Шағын кәсіпкерлік субьектілерінде бухгалтерлік есепті ұйымдастыру – Алматы, Қазақ Мемлекеттік Аграрлық Университетінің ғылыми журналы. Нәтижелер: әдістемесі 1999ж, №1


Тақырып 3. Бухгалтерлік құжаттардың толтырылу тәртібі.

Тәжірибелік сабақ жоспары:

  1. Бухгалтерлік есепті нормативтік және құқықтық реттеу.

  2. Бухгалтерлік құжаттар және құжаттау.

  3. Құжаттарды толтыру тәртібі және құжат айналымы.


Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1.А.Ә. Жантаева Қаржылық есеп. Алматы 2001

2. Қ.К.Кеулімжаев З.Н. Әжібаева Н.А. Құдайбергенов.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Бухгалтерлік есеп туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы №2732 заң күші бар жарлығы.

3. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2001 жылғы 12 маусымдағы №205-н ҚР салық кодексі.

4. ҚР Қаржы Министрлігінің Бухгалтерлік есеп әдістемесі және аудит Департаменті. Бухгалтерлік есептің стандарттары және әдістемелік ұсынымдары –Алматы: Кәусар бұлақ 1999ж.

5. Н.Ә. Байболтаева Бухгалтерлік есеп принциптері. Алматы; 2002 ж.

7. Международные стандарты бухгалтерский учета – Корпорация «Корона» LOCAUD 1999 г. 10. Н.Ә. Байболтаева Н.Ә. Юсупжанова Ә.Қ. Шағын кәсіпкерлік субьектілерінде бухгалтерлік есепті ұйымдастыру – Алматы, Қазақ Мемлекеттік Аграрлық Университетінің ғылыми журналы. Нәтижелер: әдістемесі 1999ж, №1


Тақырып 4. Қаржылық есеп берудің бір түрі – бухгалтерлік баланс.

Тәжірибелік сабақ жоспары:

  1. Бухгалтерлік баланстың түрлері.

  2. Бухгалтерлік баланстың құрылымы мен мазмұны.

  3. Шаруашылық операцияларының бухгалтерлік балансқа тигізетін әсері

  4. Бухгалтерлік баланс көрсеткіштері.


Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1.А.Ә. Жантаева Қаржылық есеп. Алматы 2001

2. Қ.К.Кеулімжаев З.Н. Әжібаева Н.А. Құдайбергенов.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Бухгалтерлік есеп туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы №2732 заң күші бар жарлығы.

3. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2001 жылғы 12 маусымдағы №205-н ҚР салық кодексі.

4. ҚР Қаржы Министрлігінің Бухгалтерлік есеп әдістемесі және аудит Департаменті. Бухгалтерлік есептің стандарттары және әдістемелік ұсынымдары –Алматы: Кәусар бұлақ 1999ж.

5. Н.Ә. Байболтаева Бухгалтерлік есеп принциптері. Алматы; 2002 ж.

7. Международные стандарты бухгалтерский учета – Корпорация «Корона» LOCAUD 1999 г. 10. Н.Ә. Байболтаева Н.Ә. Юсупжанова Ә.Қ. Шағын кәсіпкерлік субьектілерінде бухгалтерлік есепті ұйымдастыру – Алматы, Қазақ Мемлекеттік Аграрлық Университетінің ғылыми журналы. Нәтижелер: әдістемесі 1999ж, №1


5 тақырып. Ақша қаражаттарының есебі.

Тәжірибелік сабақ жоспары:

  1. Есеп айырысу шоты бойынша жүргізілетін операциялардың есебі.

  2. Кассалық операциялар есебі.

  3. Банктердегі арнаулы шоттардағы ақшалай қаржылар есебі.


Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1.А.Ә. Жантаева Қаржылық есеп. Алматы 2001

2. Қ.К.Кеулімжаев З.Н. Әжібаева Н.А. Құдайбергенов.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Бухгалтерлік есеп туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы №2732 заң күші бар жарлығы.

3. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2001 жылғы 12 маусымдағы №205-н ҚР салық кодексі.

4. ҚР Қаржы Министрлігінің Бухгалтерлік есеп әдістемесі және аудит Департаменті. Бухгалтерлік есептің стандарттары және әдістемелік ұсынымдары –Алматы: Кәусар бұлақ 1999ж.

5. Н.Ә. Байболтаева Бухгалтерлік есеп принциптері. Алматы; 2002 ж.

7. Международные стандарты бухгалтерский учета – Корпорация «Корона» LOCAUD 1999 г. 10. Н.Ә. Байболтаева Н.Ә. Юсупжанова Ә.Қ. Шағын кәсіпкерлік субьектілерінде бухгалтерлік есепті ұйымдастыру – Алматы, Қазақ Мемлекеттік Аграрлық Университетінің ғылыми журналы. Нәтижелер: әдістемесі 1999ж, №1


Тақырып 6 Меншікті капиталдың өзгерістері туралы есеп.

Тәжірибелік сабақ жоспары:

  1. Меншікті капиталдағы өзгеріс.

  2. Пайданы бөліп тарату әдістері

  3. Капиталдан түскен пайданы бөліп тарату.

  4. Қаржылық қорытынды есептегі көрінісі.


Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1.А.Ә. Жантаева Қаржылық есеп. Алматы 2001

2. Қ.К.Кеулімжаев З.Н. Әжібаева Н.А. Құдайбергенов.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Бухгалтерлік есеп туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы №2732 заң күші бар жарлығы.

3. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2001 жылғы 12 маусымдағы №205-н ҚР салық кодексі.

4. ҚР Қаржы Министрлігінің Бухгалтерлік есеп әдістемесі және аудит Департаменті. Бухгалтерлік есептің стандарттары және әдістемелік ұсынымдары –Алматы: Кәусар бұлақ 1999ж.

5. Н.Ә. Байболтаева Бухгалтерлік есеп принциптері. Алматы; 2002 ж.

7. Международные стандарты бухгалтерский учета – Корпорация «Корона» LOCAUD 1999 г. 10. Н.Ә. Байболтаева Н.Ә. Юсупжанова Ә.Қ. Шағын кәсіпкерлік субьектілерінде бухгалтерлік есепті ұйымдастыру – Алматы, Қазақ Мемлекеттік Аграрлық Университетінің ғылыми журналы. Нәтижелер: әдістемесі 1999ж, №1


Тақырып 7. Шаруашылық субьектісінің табыстары мен шығыстарының есебі.

Тәжірибелік сабақ жоспары:

  1. Шаруашылық субьектісінің табыстары мен шығыстары.

  2. Ақша қаражаттарының қозғалысы.

  3. Қаржылық қорытынды есеп беру.



Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1.А.Ә. Жантаева Қаржылық есеп. Алматы 2001

2. Қ.К.Кеулімжаев З.Н. Әжібаева Н.А. Құдайбергенов.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Бухгалтерлік есеп туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы №2732 заң күші бар жарлығы.

3. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2001 жылғы 12 маусымдағы №205-н ҚР салық кодексі.

4. ҚР Қаржы Министрлігінің Бухгалтерлік есеп әдістемесі және аудит Департаменті. Бухгалтерлік есептің стандарттары және әдістемелік ұсынымдары –Алматы: Кәусар бұлақ 1999ж.

5. Н.Ә. Байболтаева Бухгалтерлік есеп принциптері. Алматы; 2002 ж.

7. Международные стандарты бухгалтерский учета – Корпорация «Корона» LOCAUD 1999 г. 10. Н.Ә. Байболтаева Н.Ә. Юсупжанова Ә.Қ. Шағын кәсіпкерлік субьектілерінде бухгалтерлік есепті ұйымдастыру – Алматы, Қазақ Мемлекеттік Аграрлық Университетінің ғылыми журналы. Нәтижелер: әдістемесі 1999ж, №1


Тақырып 8. Өнім өндіру және шығару есебі.

Тәжірибелік сабақ жоспары:

  1. Дайын өнім есебінің негізгі мақсаттары

  2. Өнімді сатып - өткізу есебі.

  3. Өнімді шығару және ауытқу пайызын есептеу.


Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

  1. 1.А.Ә. Жантаева Қаржылық есеп. Алматы 2001

  2. Қ.К.Кеулімжаев З.Н. Әжібаева Н.А. Құдайбергенов.

  3. Қазақстан Республикасы Президентінің «Бухгалтерлік есеп туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы №2732 заң күші бар жарлығы.

  4. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2001 жылғы 12 маусымдағы №205-н ҚР салық кодексі.

  5. ҚР Қаржы Министрлігінің Бухгалтерлік есеп әдістемесі және аудит Департаменті. Бухгалтерлік есептің стандарттары және әдістемелік ұсынымдары –Алматы: Кәусар бұлақ 1999ж.

  6. Н.Ә. Байболтаева Бухгалтерлік есеп принциптері. Алматы; 2002 ж.

  7. Международные стандарты бухгалтерский учета – Корпорация «Корона» LOCAUD 1999 г. 10. Н.Ә. Байболтаева Н.Ә. Юсупжанова Ә.Қ. Шағын кәсіпкерлік субьектілерінде бухгалтерлік есепті ұйымдастыру – Алматы, Қазақ Мемлекеттік Аграрлық Университетінің ғылыми журналы. Нәтижелер: әдістемесі 1999ж, №1


Тақырып 9. Салыстыру балансының құрылымымен қорытынды есеп.

Тәжірибелік сабақ жоспары:

  1. Салыстыру балансының мақсаттары

  2. Қорытынды баланс құру.

  3. Субъектінің бухгалтерлік балансы


Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

  1. 1.А.Ә. Жантаева Қаржылық есеп. Алматы 2001

  2. Қ.К.Кеулімжаев З.Н. Әжібаева Н.А. Құдайбергенов.

  3. Қазақстан Республикасы Президентінің «Бухгалтерлік есеп туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы №2732 заң күші бар жарлығы.

  4. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2001 жылғы 12 маусымдағы №205-н ҚР салық кодексі.

  5. ҚР Қаржы Министрлігінің Бухгалтерлік есеп әдістемесі және аудит Департаменті. Бухгалтерлік есептің стандарттары және әдістемелік ұсынымдары –Алматы: Кәусар бұлақ 1999ж.


Тақырып 10. Кәсіпорынның қаржылық қорытынды есебі.

Тәжірибелік сабақ жоспары:

  1. Кәсіпорынның қаржылық есебі

  2. Түсінік хат ұғымы.

  3. Қаржылық қорытынды есеп беру маңызы


Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

  1. 1.А.Ә. Жантаева Қаржылық есеп. Алматы 2001

  2. Қ.К.Кеулімжаев З.Н. Әжібаева Н.А. Құдайбергенов.

  3. Қазақстан Республикасы Президентінің «Бухгалтерлік есеп туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы №2732 заң күші бар жарлығы.

  4. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2001 жылғы 12 маусымдағы №205-н ҚР салық кодексі.

  5. ҚР Қаржы Министрлігінің Бухгалтерлік есеп әдістемесі және аудит Департаменті. Бухгалтерлік есептің стандарттары және әдістемелік ұсынымдары –Алматы: Кәусар бұлақ 1999ж.



Тақырып 11. Қаржылық қорытынды есепті дайындап тапсыру тәртібі.

Тәжірибелік сабақ жоспары:

  1. Қаржылық қорытынды есепті дайындап тапсыру тәртібі

  2. Қаржы – шаруашылық қызметтің нәтижесі жөніндегі қорытынды есеп.


Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

  1. 1.А.Ә. Жантаева Қаржылық есеп. Алматы 2001

  2. Қ.К.Кеулімжаев З.Н. Әжібаева Н.А. Құдайбергенов.

  3. Қазақстан Республикасы Президентінің «Бухгалтерлік есеп туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы №2732 заң күші бар жарлығы.

  4. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2001 жылғы 12 маусымдағы №205-н ҚР салық кодексі.

  5. ҚР Қаржы Министрлігінің Бухгалтерлік есеп әдістемесі және аудит Департаменті. Бухгалтерлік есептің стандарттары және әдістемелік ұсынымдары –Алматы: Кәусар бұлақ 1999ж.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет