ПОӘК 042-16 030/03- 2012 № басылым



бет3/6
Дата25.01.2017
өлшемі1,01 Mb.
#7672
1   2   3   4   5   6

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Кибанов А.Я., Захаров Д.К, Коновалова В.Г.  Этика   деловых   отношений : Учебник / под ред. А.Я. Кибанова. М., 2010.

  2. Цвык В.А. Профессиональная  этика : основы общей теории. М., 2010. Тема 10, 11.

  3. горшин А.П., Распопов В.П., Шашкова Н.В.  Этика   деловых   отношений :  учебное  пособие для вузов. Н.Новгород, 2008.

  4. Коммуникационный менеджмент.  Этика   и  культура управления / Т.Ю. Анонченко [ и  др.]. Ростов-на-Дону, 2010.

  5. Горелов А.А., Горелова Т.А.  Этика :  учебное  пособие. М., 2006. Часть 3. Гл.1,2


Тақырып 7. Корпоративтік этика.

  1. Әдеп және компания мәдениетi.

  2. Корпоративтi мәдениет.

  3. Корпоративтi мәдениеттiң негiзгi қызметтерi

1 Әдеп және компания мәдениетi

«Ұйымның атмосферасы немесе климаты оның мәдениеті деп аталады. Мәдениет ұйымның көпшіл дәстүрлерін, мінезін көрсетеді» (М.Х.Мэскон).

Ұйымның әр-түрлі үлгілері әр-түрлі ойларға, сенімдерге және дәстүрлерге ие. Олар сыртқы түрімен, атмосферасы мен жұмыс істеу әдістерімен айрықшаланады.

Ұйым мәдениетіне келесі факторлар әсер етеді: меншіктің пайда болуы және түрлері, технология, оқиғалар.

Ұйым мәдениетін құрайтын көптеген негізгі ойлар, сенімдер мен дәстүрлер айқын емес болып табылады. Өйткені көбісі дәлелденбей және сирек күмән туғызады.

Мәдениет – ұйымның тиімділігіне жетудегі маңызды фактор.

Мәдениеттің төрт түрі болуы мүмкін: өкіметтік, рөлдік, міндеттік, тұлғалық.

Компанияларға сәттілік алып келетін, ұйымдық мәдениеттің бір қатар құндылықтары бар:

1) әрекеттерге бағыт;

2) тұтынушыларға тікелей қарау;

3) дербестік және қамдану;

4) адамннан өнімділік;

5) өмірмен байланыс, құнды басшылық;

6) өз ісіне жол ұстаушылық;

7) әрекеттер бостандығы және біруақытта.

Көрсетілген ұйымдық мәдениеттің құндылықтарының ерекшелігі оларды тек қана түсініп қана қоймай, сонымен қатар олармен сәйкес әрекет етуінде жатыр. Осы ерекшелігі болғанда ұйымдық мәдениет өзінің негізгі функциясын атқарады: ұйымды оның стратегиясы аясында басқарудың тиімділігін қамтамасыздандыру.

2 Корпоративтi мәдениет

Корпоративтi әдептiң теориялық негiзiн қарастыруда «Мәдениет түсiнiгi» қолданылады. «Мәдениет түсiнiгi» көп қырлы. Әртүрлi әдебиеттерде мәдениетке 250-ден 500-ге дейiн анықтамалар берiлген. Ресей мәдениеттанушысы Ю. Лотман ұжымның гинетикалық емес ойы туралы айтқан, ал А.Андрееваның ойынша «Мәдениет - бұл кез келген бейненiң көмегiмен адамның санасын табиғаттан айрықшалау (жобайы)».

Корпоративтi мәдениеттiң элементтерi кез келген ұйымдарда қалыптасады. Бiрақ корпоративтi мәдениеттi мойындау жетекшiге, егер ол оның масштаб факторын және басқару күрделiгiмен түсiндiрiлсе тиiмдi болады.

Ұйымдасқан және корпоративтi мәдениет.

Мескон бойынша екi сәттен тұрады:

1) жауапкершiлiк:

- әлеуметтiк-қоғамның әлеуметтiк мәселелерiн, мысалы қайырымдылық, қолдаушылық т.б. ұйымның еркi бойынша анықтайды;

- заңдық-ұйымның заң және мемлекеттiк нормаларды ұстаумен анықталады.

2) этика:

- нормативтармен әлеуметтәк ревиздер;

- этикалық тәртiпке үйрету.

Корпаративтi мәдениет:

- серiктестерге ұйымдардың бiрегейлiктiгi ұсынады;

- оларға ұйым туралы түсiнiк беру;

- тиянақтылық және морлальдiк болып табылады;

- серiктестiктер арасындағы қауiпсiздiк сезiмiн тудырады;

- жаңа келгендерге ұйым жағдайын түсiндiруге көмектесу;

- жұмыскерлер жауапкершiлiгiн алдына қойған мiндеттер бойынша жүйелеу;

- назар аудару;

- көрiнiс аудару;

- жұмыскерлердiң шығармашылық жұмысын белгiлеу;

- олардың ролдiк моделдердегi сапаларын үйлестiру;

- қызметкерлердiң өсуiн қадағалау.

Корпоративтi мәдениеттiң негiзгi қызметтерi:

- сыртқы бейiмделу - ұйым миссиясының жауапкерлiкпен, мақсатпен, әдiспен байланысты;

- ұйым мүшесiнiңiшкi интеграциясы олардың тәртiбiнiң, бағдарлау мүмкiндiгiнiң кеңейтiлуi;

- корпоративтi мәдениеттiң сыртқы және iшкi жақтары бар. Сыртқы жақтары тарихта аңыздарда, рәмiздерде, ритуалдарда, дәстүрлерде көрiнедi, әсiресе ұйымды бiрлiкке шақыратын маңызды орынды алады.

Iшкi құрастырушы - бұл ережелер және рөлдер, басқарудың жалпы философиясы және құндылығы.

3 Корпоративтi мәдениеттiң негiзгi қызметтерi

Корпоративтi мәдениеттiң негiзгi қызметтерi:

- сыртқы бейiмделу - ұйым миссиясының жауапкерлiкпен, мақсатпен, әдiспен байланысты;

- ұйым мүшесiнiңiшкi интеграциясы олардың тәртiбiнiң, бағдарлау мүмкiндiгiнiң кеңейтiлуi;

- корпоративтi мәдениеттiң сыртқы және iшкi жақтары бар. Сыртқы жақтары тарихта аңыздарда, рәмiздерде, ритуалдарда, дәстүрлерде көрiнедi, әсiресе ұйымды бiрлiкке шақыратын маңызды орынды алады.

Iшкi құрастырушы - бұл ережелер және рөлдер, басқарудың жалпы философиясы және құндылығы.

Корпоративтi мәдениеттiң қалыптасу жолдары:

- серiктестiктердiң мойындауымен фермада стратегиялық даму шеңберлерi және iс әрекеттiң әдiстерi қалвптасады, бұл мойындау ұйғаруда аталған құрылымдық компоненттiң төрт негiзiн қамтиды( бiлiмнiң жинағы, субьектпен обьектiн айырмашылығы, мақсатқа негiзделген iс әрекет, қарым - қатынас, тiл);

- басқару арқылы серiктестердiң мойындалмайтын компонентерi; жағдайды табиғи қалыптастыру, арнаулы iс шаралар шараларды өткiзу, серiктестер арасында табиғи жолмен құндылықұтармен нормаларды қалыптастыратын психологиялық атмосфера құрастыру.

Корпоративтi мәдениеттi қалыптастыруға ұмтылу жетекшiлердi «ритуалды» бейнелеуге жетелейдi мұнда кәсiпорындағы қызметкердiң мiндеттерi көрсетiледi. Арасында экзотикалық процедуралар, ұжымдықүнсiздiк түрңнде немесе жұмыс күнiнде 5км-ге жүгiру процедуралары болып тұрады.

Н.Камерон және Р.Куиннiң ұсынуларымен корпоративтi мәдениеттiң 4 түрлi қарастырылады, нерархимиялық, нарықтық, адхократикалық (латын тiлiнен аударғанда аdhoc - жағдай бойынша) және кландық. Олардың ұсынған әрбiр типтерi 6 базалық параметрмен өлшенедi: ұйымның маңызды сипаттамасы; озаттықтың жалпы стиль; жалдамалы жұмысшыларды басқару стилi; мәндi байланы; стратегиялық мақсаттар; табыстың критериялары.

  Қауiп

Инвестициялық мәдениет

Тиiмдi келiсiм мәдениетi

Әкiмшiлiк мәдениет

Сауда саттық мәденитi

Керi байланыс
2 сурет - Корпоративтi мәдениеттiң типологиясы

Жетекшiлермен қатардағы қызметкерлер iс әрекетiнiң этикасын жетiлдiру мақсатында келесi шаралармен әдiстер қолданады. Этикалықкодекстер, этика қарттары, этика жөнiндегi комитетер, әлеуметтiк ревизялар, этикалық iс әрекетке үйрету, этикалық экспертиза этикалық кеңес беру.

Персоналды адаптациялау.

Адаптация – жалданған жұмысшыларды ұйымға және ұйым бөлімшелеріне ұйым олардан ие күтетінін және мұнда қандай еңбек жақсы бағаланатынын түсінілері мақсатымен таныстыру.

Адаптация – бұл тұлғаны ол үшін қабылданған нормалары мен ережелері бар жаңа өндірістік және әлеуметтік ортаға енгізу үрдісі.

Адаптацияның негізгі мақсаты – жұмысшының жеке білімі, тәжірибесін және құндылықтарын ұйым құндылықтарымен және дәстүрлер мен байланыстыру, жұмысшыны нақты формада қарым-қатынасқа үйрету.

Адаптацияның алғашқы (оқу орыйын аяқтаған тұлғалардың жұмысқа орналасуы кезінде, жастардың еңбекке кіруі кезінде) және екінші түрін (еңбек жағдайынын өзгеруі кезінде, жұмыс орнын адыстыру, жаңа технологиялар еңгізу, т.б.) ажыратады.

Адаптация – бұл күрделі үрдіс. Мұнда келесі элементтерді бөпіп көрсетеді:

– профессионалды адаптация;

– әлеуметтік-психологиялық;

– психо-физиологиялық;

– экономикалық;

– ұйымдастырушылық.

Тақырып 7.Өзін-өзі тексеру сұрақтары



  1. Корпоративтік мәдениет анықтамасын беріңіз.

  2. Корпоративтік мәдениет күшін атаңыз?

  3. Корпоративтік мәдениетті ұстап тұру үшін қандай шаралар қолдану қажет?

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Кибанов А.Я., Захаров Д.К, Коновалова В.Г.  Этика   деловых   отношений : Учебник / под ред. А.Я. Кибанова. М., 2010.

  2. Цвык В.А. Профессиональная  этика : основы общей теории. М., 2010. Тема 10, 11.

  3. горшин А.П., Распопов В.П., Шашкова Н.В.  Этика   деловых   отношений :  учебное  пособие для вузов. Н.Новгород, 2008.

  4. Коммуникационный менеджмент.  Этика   и  культура управления / Т.Ю. Анонченко [ и  др.]. Ростов-на-Дону, 2010.

  5. Горелов А.А., Горелова Т.А.  Этика :  учебное  пособие. М., 2006. Часть 3. Гл.1,2


Тақырып 8. Риторика негіздері.

  1. Сөйлеу коммуникация этикасы.

  2. Анық сөйлеудің құралдары.

  3. Сөйлеудің бұзылуына ықпал ететің факторлар.

  4. Іскерлік қарым қатынастағы сөйлеуді құрастырудың негізгі ережелері.

Сөйлеу коммуникация этикасы

1. Сөйлеу негізі екі қызметті атқарады — коммуникативтік және сигнификативтік, олардың арқасында сөәйлеу қарым–қатынас құралы және ойдың сананың өмір сүруі болып табылады. Сөзде негізгі болып табылатын оның мәні, оның сематикалық мазмұны. Біздің зейінімізде негізінен сөйлеудің мағыналық мазмұны шоғырланған. Адам тілінің әрбір сөзі қандай да болмасын затты білдіреді, қандайда болмасын сөздерді айта отырып, біз әр уақытта да белгілі бір затты немесе құбылысты білдіреміз. Осымен адамның тілі жануарлар тілінен ерекшеленеді, олар тек қана дыбыстар арқылы аффективтік жағдайды білдіре алады, бірақ еш уақытта да дыбыстармен заттарды білдіре алмайды. Сөздің осы негізгі қызметін сигнификативтік деп атайды. Ол тілді құрайтын сөздің негізгі қызметі болып табылыды. Ол адамға ерікті түрде заттардың бейнесін жасауға мүмкіншілік береді. Сөз одан да басқа, өте күрделі қызметке ие, ол заттарды талдауға мүмкіншілік береді.

Сөйлеудің келесі қызметті оның — коммуникативті қызметі ол өзі мәнерлі бейнелеудің құралдарын қамтиды. Мәнерлі бейнелеу қызметі өздігінен сөйлеуді анықтай алмайды. Сөзді мәнерлі бейнелеу құралы ретінде ым, ишарат, әртүрлі бет қимылы деп танылады, басқалармен қатар мәнерлі бейнелеу қозғалыстарына кіреді. Дыбыс мәнерлі қозғалыс ретінде жануарларда да болады. Сөз мәнерлі бейнелеу құралы болумен қатар, ықпал ету құралы болып табылады. Ықпал ету қызметі — сөздің негізгі қызметінің бірі. Адам сөйлегенде басқа адамның мінез-құлқына, ойлауы мен сезіміне, санасына әсер етеді. Сөздің әлеуметтік мәні бар, ол — қатынас құралы, ықпал ету құралы болғандықтан, ең алдымен осы қызметті атқарады.

Жануарлардың сигналдық мимикасы басқа жануарларға әртүрлі реакция беруі мүмкін, бірақ саналы ықпал ету құралы тек қана сөз арқылы болады. Сөздің қоғамнан тыс болуы мүмкін емес, сөз әлеуметтік құбылыс, ол қарым−қатынас үшін бағытталған және қарым−қатынаста пайда болады.

Сөздің екі негізгі коммуникативтік және сигнификативтік қызметінің арқасында ол қарым−қатынас құралы және ойдың, сананың өмір сүруі болып табылады, біріншісі екіншісі арқылы қалыптасады.

Өзінің ерекшеліктері мен қызметіне қарай сөйлеу екі түрге бөлінеді: ішкі және сыртқы. Ішкі сөйлеу тағыда ауызша және жазбаша болып бөлінеді, ал ауызша монологтік және диалогтік болып бөлінеді. Сөйлеудің барлық түрлері бір−бірімен өзара байланысты. Бірақ, сөйлеу түрлерінің әрқайсысының оның өзіне тән ерекшеліктері бар. Ешқандай да ой тілсіз және материалдық сөйлеу үрдістерінсіз айтылуы мүмкін емес. Ауызша, әсіресе жазбаша сөйлеуге даярлықта іштей сөйлеу кезеңі болады. Бұл іштей сөйлеу болып табылады. Жазбаша сөйлеуде қарым−қатынастың шарты мәнімен байланысты. Жазбаша сөйлеу ауызша сөйлегенге қарағанда мазмұны жағынан ерекше жинақталған болады. жазбаша сөйлеуде жазба белгілерді қолдану арқылы іске асады. Қазіргі тілдердің көбінде (идеографикалық жазу қолданатындарынан басқалары) сөйлеу дыбыстары әріптермен белгіленеді.

Жазбаша сөйлеу ауызша сөйлеуден кейін пайда болды, және оның негізінде қалыптасты

2 Анық сөйлеудің құралдары

Адам өмірінде қарым-қатынас аса маңызды, ал қарым-қатынас сөйлеу арқылы жүзеге асады. Сондықтан шыр етіп дүниеге келген бала қоршаған ортамен, анасымен дыбыс, тіл арқылы қарым-қатынас жасайды.

Сөйлеу – адамның бір-бірімен қатынасында ойын, еркін, сезімін білдіріп жеткізу үшін тілді қолдану үрдісі. Тілі шықпаған нәрестенің алдымен сөйлеу мүшелері дамиды. Жалпы, дүниеге келген сәби еріксіз дыбыс шығарады: қарнының ашқанын, ауырғанын немесе тағы да басқа әрекеттерін айғай салуы, жылау, қыңсылау және басқа да дыбыстар арқылы білдіреді. Бұл дыбыстар сөйлеудің ізашары болып табылады, олардың интонациялық мәнерлігіне қарап анасы баласының қарнының ашқанын, оның бір жерінің ауырып тұрғанын және тағы басқаны ұға алады. Бірақ та бұл дыбыстардың әлі де ешқандай сөйлеуге қатысы жоқ болса да, олар өте маңызды. Ол жіңішке және әртүрлі қозғалысты сөйлеу мүшелерінің дамуына себеп болады: тыныс алу, дыбыстық және артикуляция мүшелері. Бала дауысқа өте тез үйренеді және бірінші айдың аяғында сөйлеген дауысқа әрекет ете бастайды. Оған еркелік интонация ұнайды, әуенді ән оның тынышталуына және ұйықтауына көмектеседі. Тағы да біраз уақыт өткеннен кейін бала дыбыс шыққан жаққа қарай басын бұрып немесе көзімен оны қадағалайды. Егерде баланың бір жері ауырса, мазасызданса бала жылай бастайды. Баланың сыртқы дүние әсеріне реакция жасауы жылаудан басталады. Жылаудың әсерінен баланың тыныс мүшелері мен сөйлеу органдары нығая түседі.

Бірінші дыбыс артикуляциясының әрекет жасауы екі – үш айында гуілі белгіленеді, одан кейін бес айдай шамасында бала үлкендердің ерін артикуляциялық қозғалыстарын қайталауға тырысады. Бұл бірнеше қайталау қозғалыстары қозғалыс дағдысының қатаюына әкеледі. Алты айдан бастап бала бөлек буындарды анық айтады (мысалы: ше-ше, ә-ке және тағы басқа), және ақырындап үлкендерден тек барлық сөз элементтерін ғана емес, сонымен қатар интонацияны, ритмді, екпінді ұға бастайды. 9-10 айында бала бөлек сөздерді бірдей жұпты буындармен айтады (мысалы: ма-ма, па-па және тағы басқа). Бұл жылда сөздік қоры 10-15 сөзден тұрады. Ал белгілі ғалым А.Н. Леонтьев бұны даярлық этабы дейді, себебі бұл уақытта сөзді меңгеру дайындығы өтуде. Балалар төрт жасында фразалармен еркін сөйлейді, олардың сөйлемдері біршама қиын, ал бес жасында дыбыс шығаруы дұрыс дамиды. Егерде адам дыбыстарды қалай болса солай шығара беретін болса, ешкім оны тіл деп санамас еді. Сондықтан сөйлеу мүшелерінің қозғалыстары дәл, белгілі заңдылыққа бағынып отырады.

Адамда сөйлеуге арналған негізгі органы жоқ, сөйлеуге өкпе, өңеш, жұтқыншақ, тіл, тіс, ерін, ұрт қатысады. Дауысқа негізі ауыз қуысы мен мұрын қуыстары қатысады. Қатты сөйлеуде мидың үлкен жарты шарында орналасқан бөліктері реттейтін тыныс алу, фонациялық және артикуляциялық бұлшықеттер қатысады. Адамның сөзі анық және түсінікті болу үшін сөйлеу органдарының қозғалысы нақты және автоматты түрде болу керек. Сөйлеу аппараты – бас миында орналасқан орталық және тыныс алу, сөйлеу, артикуляциялық бөлімдерінен тұратын перифериялық болып екіге бөлінеді. Тыныс алу бөлімі кеуде қуысындағы өкпе, бронхы, трахеядан тұрады. Сөйлеу дем шығару кезінде пайда болады, сондықтан да сөйлеген кезде тыныс алуға қарағанда дем шығаруы көбірек. Дауыс бөлігі дыбыс қатпарлары бар кеңірдектен тұрады.

Артикуляция мүшелеріне қысқаша тоқталып кетейік. Оның негізгі органдары болып ерін, тіл, жоғарғы-төменгі жақ, жұмсақ және қатты таңдай, альвеолдар жатады. Тіл, ерін, жұмсақ таңдай және төменгі жақ қозғалу органдары болып табылады. Дауыс буындарының қысылуына байланысты дыбыс кеңірдектен шығады. Дауыс жоғарлығымен, күшімен, екпінімен сипатталады. Дауыстың жоғарлығы дауыс буындарының толқуының жиілігіне байланысты. Ол ұзындығымен жуандығына байланысты болады. Дауыс күші демнің ішке тартылуына байланысты шығады, ал дауыс буындарының қозғалыс қарқынына байланысты болады. Баланың сөйлеуі бойының өсуімен және дамуымен бірге қалыптасады және дамудың әртүрлі қатардағы сатыларынан өтеді.

Алайда тіпті кейбір балалардың естуі мен интеллектісі қалыпты болған жағдайда да, сөйлеуінің дамуында кідіріс болуы мүмкін. Бұндай балаларға дыбыс шығаруының бұзылуы, фонематикалық естуінің дамымауы, сөз қорының аздығы және грамматикалық қатарының дұрыс болмауы тән.

Бірақ сөйлеу тілін меңгеру процесі барлық балаларда ойдағыдай біркелкі жетіле бермейді. Кейбіреулерінде оның жетілу барысы кешеуілдейді, екіншілерінің сөйлеу тілдеріндегі дыбыстардың айтылуы бұзылады немесе бұрмаланады, үшіншілерін-де сөздердің және сөйлемдердің түзілістері немесе олардың мағыналары бұзылады.

Сөйлеудің жалпы дамымауы түрлі дәрежеде көрінеді, сондықтан сөйлеудің дамуының 3 деңгейін бөліп көрсетуге болады:

Бірінші деңгейі – сөйлеудің жоқтығымен сипатталады. Баланың сөйлеуі былдырға ұқсас. Алайда, егер сөйлеу орташа дамып келе жатса, бұл үрдіс 5 айға созылады, ал науқас балаларда көпке дейін созылады. Балалар қандай да бір ойын жеткізу үшін былдырлы сөздерін жестермен және мәнерлі мимикасымен толықтырады.

Екінші деңгейі – былдырлаған сөзден басқа күнделікті қолданылатын сөздермен фразалардың едәуір мәнді болуымен сипатталады. Бірақ та сөздері бұзылған, сөзді жеткізулері нашар болады, бала негізінен айқындалған заттармен әрекеттерді атап кетумен ғана тежеледі. Егер балаға сурет бойынша әңгіме құрауын ұсынса, онда ол үзіндіден құралады, сонда да ол дұрыс, қысқа фразаға қатысты болып келеді. Мазмұнын айтқанда қарапайым қателері – септік жалғауын ауыстыруы және санның түрін дұрыс қолданбау болып табылады. Жалғаулар, бөлшектер өте сирек қолданылады.

Үшінші деңгейі – балаларға түрленген фразалармен айтуын сипаттайды. Алайда дамымаған лексико-грамматикалық және фонетико-фонематикалық элементтері болады. Бала суреттерді бейнелейді, өзі туралы, жанұясы, жолдастары туралы әңгіме құрайды, бірақ бұның алдында оның жақсы сөйлесетін құрдастарына қарағанды үлкен қиыншылықтарды басынан кешіреді.

Сонымен қатар дыбыс шығаруының өте нашар болуынан қарым-қатынас өте күрделенген. Егер бала тіпті жеке дыбыстардың дұрыс айтылуын үйреніп алса да, сөйлеудің өзбеттілігінде олар түсініксіз естіледі.

Сөйлеудің бұзылуына биологиялық және психологиялық факторлар ықпал етеді. Осыған байланысты тіл мүкістіктерінің бұзылуының бірнеше түрлерін ажыратып кетуге болады:



1.Дислалия - сөйлеу тіліндегі ең көп тараған мүкістіктер. Мұнда тек дыбыстардың айтылуы ғана бұзылады.

2.Дизартрия – сөйлеу тіл аппаратындағы ағзалар мен тіндердің нервпен қамтамасыз етілуінің органикалық жеткіліксіздігінен сөйлеу тілінің дыбыстарды айту жағынан бұзылуын көрсетеді.

3.Ринолалия – ең алдымен сөйлеу тіл аппаратының анатомо-физиологиялық құрылысы бұзылады, ал оның зардабынан дауыстың реңі мен әуезділігі және дыбыстардың айтылуы бұзылады.

4.Алалия – тіл мүкістіктерінің ішіндегі ең ауыр түріне жатады. Мүкістіктің мұндай түріне шалдыққан баланың сөйлеу тілі іс жүзінде қатынас құралы бола алмайды. Баланың ана құрсағында және сәбилік кезде дамуындағы ми қабығының сөйлеу орталықтарына табиғи байланыстардың бұзылу әсерінен сөйлеуінің дамымауы немесе мүлдем болмауы деген сөз. Алалия сөйлеудің болмауы, сөйлей алмау деген мағынаны білдіреді.

5.Афазия – бұған бас миының белгілі бір жеріне жинақталған зақымнан сөйлеу тілінің мүлде немесе жартылай жойылып кетуі жатады. Бұл көбнесе үлкен ми сыңарларының белгілі бір бөлігінің зақымдануынан болады. Афазия көбіне мидың белгілі бір жеріне қан құйылу, ми тамырларының тромбоз сырқатына шалдығуы, мидың ісуі, қабынуы, жарақаттануы салдарынан болады.

Сөйлеу екпіні оның мәнерлі тәсілдерінің бірі болып табылады. Аз ғана сөйлеп үйренген барлық балалар дерлік бір нәрсені бөлісуге асығады және олардың сөйлеу екпіні тым жылдам болады. Көптеген жағдайда жас үлкейген сайын бұл басылады, бірақ та кейде екпінінің патологиялық бұзылуы – тахилалия пайда болады.

Тахилалия (грек сөзінен tachus - тез, lalia - сөйлеу деген мағына береді) – сөйлеудің патологиялық жылдамдауы. Бұл ауруға жүйке жүйесі тозған, қоздырылған, шыдамсыз балалар бейім, алайда ауру кейде тұқым қуалайды. Бала тез сөйлегендіктен, тіпті оның дыбыс шығаруы дұрыс болғанымен оны түсіну ақылға сыймайтындай қиын. Бала демі жеткенше сөйлей береді және сөздерін қолдың жестикуляцияларымен; кейде аяғының және барлық денесінің ретсіз қозғалыстарымен жеткізеді.

Бала оқыста қатты қорқып, шошынып қалса тұтығу пайда болуы мүмкін.

Тұтығу - бұл сөйлеу ырғағымен сөйлеу екпінінің бұзылуы. Әдетте тұтығу сөйлеудің интенсивті даму кезеңінде пайда болады, көбінде бала 2-5 жасында фразалармен айта бастаған кезде көрінеді. Тұтығу балаларда үнемі жүйке жүйесінің әлсіреуінен болады. Сонымен қатар тәрбиелеу кемістігі, жанұядағы конфликтілік жағдайлар және тағы басқалары үлкен роль алады.

Тұтығуды органикалық және функционалды деп 2-ге бөледі.

1. Органикалық тұтығу – тек орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдануынан туады, кез-келген жаста көрінеді және сирек кездеседі.

2. Функциональді тұтығу – көбінде орталық және жүйке жүйесінің перифериялық сөйлеу механизмдерінің органикалық зақымдануынсыз кездеседі. Бұл жеңіл қоздырғыш балаларда аяқ-астынан психикалық жарақаттың әсерінен туады

3 Сөйлеудің бұзылуына ықпал ететің факторлар

Iскер сапаның концепциясы. Бизнесменге сипаттама. Жетекшiнiң сапасы.

Зонбарт, Кантильон, Шумплер, Гипс кәсiпкерлерiне түсiнiк беру, кәсiпкерлiк - экономикалық белсендiлiктiң ерекше формасы. Экономикалық белсендiк - индивидтың қоғамдық кәсiпке араласуың және өзiнiң өмiр эрекетiң қамтамасыз ететiн қаржылық құралдар мен формалар.

Iскер сапа концепциясы келесiлердең тұрады:

1) әрбiр аралас бiрлiктiң сапалы және экономикалық - шаруашылық жолымен нарықты талдауды, оның тауарлары, темистерi, шарттары тұрғысынан экономикалық жүйенiң дайындығын және сәулеттi (құрылыстық қолөнер) жүйенi iздестiру қабылетi;

2) тауарға, заттарға, шарттарға мақсатылған кәсiбi құрылымдық арық жағдайда нәтижежелi сақтап қалуға дайындалу және меншiк кәсiби құрылымды қалыптастыру;

3) норықтағы барлық жағдайды дұрыс бағалау және өзгерiстердi дұрыс шеше бiлуге қабылеттi болу;

4) сонымен қоса нарық қажеттiлiгiң анықтау. Бұл қажеттiлiктер анық болуы мүмкiн, бiрақ қанағаттандырылмайтын, толығымен қанағаттандырылатың, сапасы аса емес болуы мүмкiн;

5) алғашқы кәсiби шарттарды жүзеге асыра бiлу, бұлар коньюктуралық және маркетiнгтiк зерттеудiң нәтiжесiнен шығады;

Осылардың негiзiнде кәсiпкер осы идеямен айналуға болатыны жөнiнде шешiмге келедi;

6) кәiпкерлiк жобаны оның мақсаты мен мiндеттерiн, бағынушылардың, серiктестердiң және қызметкерлердiң осы мақсатқа жетулерiн жүзеге асыру қабылеттерiн қалыптастыру;

7) алдымен механикалық, технологиялық немесе ғылыми техникалық идея түсiнiгiне коз жүгiрту және сонғы нятижеге жету деңгейiн осы идеяны қолдану мүмкiндiгiн қарастыра бiлу;

8) қажеттi адамдармен мекемелермен билiк құрылымдармен коммуникациялық проццеске жету қабылетi.

Жанашылдық - кәсiпкердiң iскер сапасының концепциясы. Жанашылдықта қорқыныштын болмауы және жанашылдық - тек осы сапалар оған басқалар көрмейтiң және iстемейтiн iс әрекеттi жасауға мүмкiндiк бередi.

Нарықта осы сапаларды нәтижелi қолдануға болады. Кәсiпкер - нарықтығы тыныштықты қалыптастырушы.

Ол өнiмнiң бiр орнында тұруына жол беремейдi. Жана тауар жеткiзушiге және т.б. қойылатың жаңаталаптар. Менталдық - капиталды игеру және оны басқару, нарық жағдайда кәсiпорын факторынын жүйелеу, осы жағдайда табысқа жету үшiн артық мөлшерде мүмкiндiк туғызу, өзгерiстерге беймделе бiлу, басқарудың ерекше жүйесi, нарықтың сұранысының өзгеруi, иновацияны қабылдау - сапа. Бұларсыз кәсiпорын нәтижелi жұмыс iстей алмайды.

Еркiн күшi, өзiне деген сенiмi-кәсiпкердiн 8%-тiк бағасы, тұрғылықты жерi кәсiп бойынша.

Керiлiкпен айналысады:

Агрессивтілiк - ол кез келген бiрiншiлiктi менгеруге деген сенiмдiлiк, нақты және мақсатқа бағытталған инициативаға жұмылдуруға ұмтылу.

Команданы құру қабылетi - шешiм қабылдау қабылетi және өзiне жауапкуершiлiктi алуға дайындалу, қаупке дайындалу қабылетi.

Мобилизацияға қабылеттiк – идея, iс әрекет фактi және құблыстарды, ресурстарды кезектi формада карастыру, сапа және санды, байланыс қарым - қатынасты топтау қабылетi.

4 Іскерлік қарым қатынастағы сөйлеуді құрастырудың негізгі ережелері.

Ауызша сөйлеудің коммуникацияның ашылатын ақпараттық қажеттіліктеріне сәйкес, сөйшінің және тыңдаушының өзара зерттелген сөйлеу шығармаларын бейнелейді.Ауызша сөйлеу коммуникацияның әлсіз дайындықпен қайтарымсыздықпен жүргізудің нақты белгіленген уақытымен және шаралармен байланыстылығымен ақпаратты айтудағы сөйлеу мен құралдарын және тәсілдерін қолданудың автоматизациясын сипаттайды. Барлық әртүрлі жағдайда ауызша сөйлеу коммуникацияның міндеті бірдей. Тыңдаушының сапасында сөйшінің атаған ақпаратын қалумен бұл міндеті.

Коммуникацияға кім қатысады деген сұраққа жауап бергенде біз қарым–қатынас жағдайды әңгімелесушілер қандай рольдерді орындайтынын елестету керекпіз.

Қарым – қатынас инициаторы ролін негізінен ақпаратты берумен байланысты және келесі әртүрліктерде қалыптастырады.


  • Адрестік позитивті (білімдігі)

  • Адрестік позитивті (өзінің білімін анықтау, м: қайта сұрау)

  • Адресті сугестивті (білімді тексеру не\се анықтау)

  • Адресті сугесивті (білімді мойындау)

Тыңдаушының ролі ақпаратты қабылдауды түсінде және реактивті істер туралы шешімді қабылдауды және оның келесі әртүрлі болады:

  1. «0» - ді позитивті (білімді алу)

  2. негативті (әңгімелесушінің көзқарасын)немесе мотивтерді қабылдамау.

Қарым – қатынас бастаушылардың типтері әрқашанда олардың әлеуметтік және кәсіби қызметімен зерттеледі. Өзара түсіну көбінесе бір қызмет түрімен бірден қызығушылықпен өмірге деген көзқарастардың және т.б. бай – қан әңгімелесушілерде болады.

Шындылық жағдайда жүзеге асырылатын вербальді коммуникация қарым – қатынас саласына байланысты ұйымдастырылады. Сөйлеуде бастаушының мақсаттылық аудиториясы бірбірімен жалпы коммуникативті мүдделерімен байланысты әңгімелесушінің кез – келген саны болу мүмкін. Сөйлеу коммуникацияның акттары әрқашанда оларды жүзеге асыруға керекті болатын параметрлер жиынтығы зерттеледі. Қарым – қатынас сферасының түрі, ролдік қойылымдар қарым – қатынас қатысушының мінездемелері сөйлеуде зат мазмұнын ашу тәсілдері.

Қарым – қатынас кез - келген жағдайда сөйлеу, тыңдау өзара әрекеттесу әсерін кішірейтетін актілерін тізімімен жүргізіледі..


  1. Мех аникалық актілер (сөйлеу аппаратын іске асыру сөздерге айналу дыбыстарын ету)

  2. Сөйлеу, ойлау актілері (ақпараттау, тапсырманы беру,сұрақтарды, жауаптарды қалыптастыру ж.т.б.)

  3. Кері әсерін жандандыру, яғни тыңдаушылардың сөйлеу әрекеттері .

Коммуникацияның типті (әрбір салада) жағдай ұйғарылады.

    • Сөйлеуде қарым – қатынас мақсаттық қойылымдарды бейнелеу;

    • әртурлі сөйлеу қызметіндегі икемділікті жүзеге асыру

    • нақты заттық мазмұнды білдіруге қажетті мазмұндық тәсілдерді және лексико грамматикалық құрал – деп қолдану.

Коммуникативтік типтегі жағдайын әңгімелесушілердің әлеуметтік – коммуникативті кәсіби ролдерде деп сөйлеу және сөйлеусіз әрекеттері жүзеге асырылатын ұштасу моделі ретінде елестетуге болады. Типтік жағдайда қарым – қатынас мотивациялық бағыт көрсету негізі ретінде қарастыруға болады. Олардың коммуникациялық сипаттамаларын қарастырайық:

Адресант өз сөйлеуінде тыңдаушылардың сипаттамасын және өзінің сөйлеу мақсатын міндетті түрде еске алуы тиіс. Коммуникативті ұштасу түрлері келесі бірнеше негіздер бойынша жіктеледі. Жіктелуі коммуникацияның субъектілеріне байланысты тұлға аралық топаралық, бұқаралық, дайындау дәрежесі бойынша дайындалған жартылай дайындалған.

Коммуникация құралдары бойыншаша интелектуалды (тұтынуға ) мазмұнына тұтынуға (оқу және тыңдау) сөйлеу өнімдерін өндіруде, пайдалануда қарым – қатынас вербалді және вербальді емес құралдардың пайдалануға негізделген.


  • Комммуникацияя нәтижелері бойынша тиімді (мақсатына жеткен және жауап әрекетін тудырған тиімсіз) кері байланыс әңгімелесушілерін реактиті әрекеттері болған жоқ;

  • Өзара әрекеттесу шаралары бойынша коммуникативті жағдайда мазмұнды айту тәсілдері қарым – қатынас нақты сферасымен байланысты.

Тек қана сфера (іскерлер ғылыми тұрмыстық және т.б.) сөйлеу қызметінің объектілері болып табылатын түсініктердің терминдері миссиялық – грамматикалық бірліктер жинағымен серттеледі.

Сөйлеу коммуникациялық обьектілерін әрбір саласында бөліп және талдап қорытуға болады. Сөйлеу қызметінің мазмұнды негіз болып, олар сөйлеушінің белгілі бір сәйкес жағдайды қолданатын айтуларда, ойлауларда тақырыптарда бейнеленеді.


Тақырып 8.Өзін-өзі тексеру сұрақтары немесе тестер

1.  «Риторика» термині нені білдіреді?

2. Іскерлік сөйлесудің типтері

3. Сөлеу этикеті нені білдіреді?



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет