ПОӘК 042-18. 18. 1 21/01-2014 №2 басылым


Эсхил, Апулей Луций – жазба мәдениетінде алатын орындары



бет2/7
Дата25.08.2017
өлшемі1,81 Mb.
#26254
1   2   3   4   5   6   7

Эсхил, Апулей Луций – жазба мәдениетінде алатын орындары.



1.Цицерон Марк Туллий (б.з.б. 3.1.106, Арпинум — 7.12.43, Кайета маңы) – ежелгі Римнің саяси қайраткері, шешен, жазушы. Ақсүйектер әулетінен. Б.з.б. 63 ж. Консул болған кезінде беделі қатты өсті (Катилинаның қастандығын ашты, сенатта басшы рөл атқарды). 1-триумвират (үштік одақ) құрылғаннан кейін ықпалы төмендеп, б.з.б. 58-57 ж. қуғынға түсті. Б.з.б. 56-50 ж. Гней Помпей мен Юлий Цезарьды жақтады. Олар араздасқаннан кейін (б.з.б. 49) азамат соғысы кезінде екеуін татуластырмақ болды. Цезарь жеңгеннен кейін (б.з.б. 47) саясаттан қол үзіп, ол өлтірілгеннен кейін ғана саясатқа қайта араласты. Оның Марк Антонийге қарсы 14 сөзі — “филиппик” осы кезеңге жатады. 2-триумвиратқа қарсы күресте сенат жеңілген кезде, Антоний мен Октавиан Августың қолынан қаза тапты. Цицеронның саяси идеалы - “аралас” мемлекеттік құрылыс (монархия, аристократия және демократия элементтері бар б.з.б. 3-2 ғасырлардағы Рим республикасы үлгісіндегі мемлекет) болды. Цицерон өзін грек философы теориясы мен Рим саяси (шешендік) теориясын адамы”, “татуластырушы”, “тәртіп сақтаушы және қамқоршы” адамның үлгісі деп есептеді. Философиялық идеалы - теориялық скептицизмді практикалқ стоицизммен біріктіру, шешендік идеалы - “молшылық”, тыңдаушыны қызықтыра да, сендіре де, еліктіре де алатын барлық құралдарды меңгерген. Цицерон шығармаларынан (үзінділерді есептемегенде) сотта сөйлеген 58 сөзі, шешендік өнер, саясат, практик. философия, теор. философия жөнінде 19 трактаты, аса маңызды психол. құжат, латын ауызекі тілінің ескерткіші және Римдегі азамат соғысы дәуірі туралы деректеме болып табылатын 800-ден астам хаты сақталған.

Цицеронды шіркеу қайраткерлері Лактанция, Амвросий Медиоланский, Августин, қайта өркендеу дәуірінің жазушылары Петрарка мен Боккаччо, француз ағартушылары Дидро, Вольтер, Монтескье, Ж.Ж. Руссо, т.б. үлгі тұтқан.

Шешендік өнер халықтық-демократиялық қоғамдарда өсіп-өркендейді. Ақыл-ойға еркіндік шешендік өнердің дамуының алғашқы шарты болып есептеледі. Мысалы, ежелгі грек тарихында шешендік өнердің дамуына б.ж.х.д. 594 жылы Афины басқарушысы әрі ақыны Солонның құлдық құрылыс пен сот істерін демократиялауға бағытталған заңының себеп болғандығын шешендіктану ғылымының зерттеушілері растайды. Бұл заң бойынша Афинының әрбір азаматы өз мүддесін өзі қорғауға тиіс болды. Сотта өзін-өзі қорғау үшін қызыл тілге жүйрік болуға тиіс. Осыған байланысты сот алдыңда айтылатьш сөзді алдын-ала даярлайтын сөз шеберлері (логографтар) көптеп пайда болған екен. Демосфен шешен алғашында осындай логограф болған.

Солон заңына ұқсас заң «Жеті жарғы» қазақ елінде де болды. "Жеті жарғының атақты жеті биімен ақылдасып отырып қабылдаған хан Тәуке еді. «Жеті жарғы» бойынша да әркім өз жоғын өзі жоқтауға, өзінің әлі келмесе, жанкүйер бауырластары, одан қалса руластары қорғауға тиіс болған. Мұның өзі шешендік өнерді үйренуге, сөз бостандығының жандануына жол ашты. Ежелгі шешендіктің Отаны саналған Румда да римдіктер қан майданда Отанын қарумен қалай қорғаса халық мәжілістері мен сенатта суырылып сөйлеу әрқайсысының басты парызы болған. Ресейде шешендік өнердің кенжелеп дамығандығын айтып, оның себебін түсіндірген Д.И.Фонвизиннің: "Шешендердің аз болу себебі шындығында шешендік дарын көрінетіндей жағдайдың жоқтығынан. Шешендік абырой-атаққа айқара есік ашатын және консульдікпен сайланатын бізде халық жиналыстары жоқ» деген сөзін келтірген Б.Адамбаев: "Шешендік өнер қай жерде сөзге бостандық, еркіндік болса, жүйелі сөзге жұртшылық, қоғам құлақ асса, міне, сол жерде, сол елде ғана дамиды. Керісінше, ақыл-ойға, сөзге-тілге қысым жасалып, шек қойылған жерде ақыл-ойдың адамдары, ең алдымен ақындар мен шешендер қорғалап сөйлей алмайды, сөз өнері тоқырайдың («Халық даналығы», А. "Рауан», 1996, 148-6), деген болатын. Жалпы шешендік өнердің шығуы белгілі бір қоғамдық жағдайлармен және халықтың бас қосу жиналыстарымен байланысты болғандығын қазақ шешендік өнерінің тарихы да растайды. Әсіресе халық жиналатын астың мәні үлкен болған. Ә.Бөкейханұлының сөзімен айтсақ, қазақтың үлкендеріне ас бергенінің бір пайдалы жері асқа жиналған халықтар іс тексеріп, дау бітіреді екен, бұрынғы жиналыстарда бітпей қалған дауларды шешеді екен. Халық жиналатын жерлердің бірі- ақындар айтысы. Ақындар айтысы да, ас пен той сияқты, шынайы шешендер сөз сайысына түсетін және шындалатын орындар болған. Ердің, елдің тағдыры сөз болатын, соғыс, бітім секілді маңызды мәселелер қозғалатын бұрынғы хан кеңестері, қазіргі парламент сарайлары, сот залдары - саңлақ шешендер мен саяси қайраткерлерді қалыптастыратын орындар. Дүние жүзіне есімдері әйгілі шешендердің көбінесе мемлекет қайраткерлерінен, заң қызметкерлерінен, парламент мүшелерінен шығатыны да осыдан. Мысалы, ежелгі Афина шешені Демосфен, Рим шешені Цицерон парламент басшылары болса, орыс шешендері П.А.Александров, Ф.Н.Плевако, А.Ф.Кони заң қызметкерлері еді.



2. Гомер (б. з. д. 12-8 ғ. ш.) - ежелгі гректің эпик ақыны. Өлеңдері мен дастандарын ел аралап жүріп, ішекті аспаптың әуеніне қосылып, айтып шығарған. Г. шығармаларының кейбір тұстары, соның ішінде «Илиада», «Одиссея» дастандары 8-7 ғ-да-ақ кең тараған. Абайдың Жиырма жетінші сөзінде Гомер аты аталады. Ұстазы Сократ Хакім ғалым шәкірті Аристодимнен өнеріне ел таңданарлықтай кімдерді білетінін, олардың қандай өнерімен танымал екенін сұрағанда, Гомерді жұрт бәйітшілдігі (ақындығы) үшін құрметтейтінін айтып, оның есімін бірінші атайды. Гомер өмірдерегін зерттеушілер оны “ионий отарларының бірінде туған болуы керек” деп, шығу тегін ионий гректеріне жақындат­қанымен, бұлтартпастай дәлел келтіре алмайды. “Кейінгі заман гректерінің өзі Гомердің қайда туғанынан бейхабар. “Грек антологиясындағы” Смирна, Хиос, Колофон, Пилос, Аргос, Итака, Афины – жеті қала Гомердің отаны деп аталады”, деп көрсетеді “Илиада” эпосын зерттеуші А.И.Зайцев (Гомер. Илиада. Л, 1990. 399-б). В.П.Яйленко: “Тағы бір ұлы ақын Гомер есімі Кіші Азия халықтарының сөзінен шыққан. Грек тіліне ауысқанда ол “соқыр” деген мағынаға ие болған” деседі. Көптеген зерттеушілер Гомер есімі ақынның шын есімі екеніне күдік келтіргенмен, ол Гомер аталса керек. Гректерде мұндай кісі аты жоқ, гректер оның мағынасын мүлде ұқпайды. Сондықтан “тұтқын”, “соқыр” деп түсіндіруге тырысады...Ұлы ақын грек болмай, жастайынан грек тілін меңгерген “варвар” болуы да ғажап емес” деп тұжырады (В.П.Яйленко...33-б, А.И.Зайцев... 400-б).

Страбон мәліметінше: эолийліктердің қаласы Смирнада (Измирде): “төрт бұрышты айлақта Гомер храмы және ағаштан ойылған Гомер мүсіні бар. Гомерді меншіктеуге олардың себебі жеткілікті. Гомерик аталған мыс ақша шығарған да осылар”, деп мәлімдейді (Страбон. М, 1994. ХІV, 1, 3, 7. 604-б).

Сонымен, Гомердің элийлік (алаштық) Смирнада тууы басқа топшылауларға қарағанда негіздірек көрінеді.

Ғажабы сол – Гесиод пен Гомердің айтысқаны туралы дерек сақталған. Екі ұлы ақын шақырумен Евбейге барып, Халкидон патшасы Амфидамантты жерлеу кезінде айтысқан. Оны Плутарх жазып кеткен. Амфидаманттың інісі Паниданың шешімімен жеңіс соғыс пен жаугершілікті жырлаған Гомерге емес, еңбек пен диқаншылықты дәріптеген Гесиодқа берілген. Бұл оқиғаны Гесиод “Еңбек пен күндер” поэмасында жазып қалдырған. “Алдын ала шақырылған соң, ақылды Анфидаманттың құрметіне өткізілген айтысқа қатысу үшін Халкидаға бардым. Ұлдары мол сыйлық атаған екен. Сонда құлақты аспалы ошақты жеңіп алып, Геликон лираларына сыйға тарттым” деп баяндалған (В.П.Яйленко...35 б).

4. Эсхил (б. з. д. 525-456) - бірінші грек драматургі, "трагедия атасы". Трагедиялык ақындардың мүшәйрасына 13 рет қатысып (кейбір деректерде 28 рет делінген), бәрінде де жүлдеге ие болған.

Эсхил жазған 70 трагедия мен 20 сатиралық драмадан, бізге 7 драманың ғана толық нұскасы және 400-ге жуық фрагменттері жеткен. Олар — "Жалбарынеандар","Парсылар"Бугаудагы Прометей Фивтің жеті жауы" және "Орестея" трилогиясына енетін "Агамемнон"9 "Хоэфор- лар", "Эвменидтер" трагедиялары.

Эсхил драмалары - афины демократиясының дәуірлеу кезеңінің айнасы (б.з.д. V ғасырдың бірінші жартысы). Грек-парсы соғысы тұсында ортак мүдде туыстырған афинылықтардың патриоттық рухының көтерілуі — Эсхил шығармаларыны? негізгі арқауы. Эсхил тағдырға — Мойраға сенді, тіпті оған Құдайлар да бағынышты болған дщ ойлады. Эсхилдің Прометей туралы трагедиясы — гуманистік Пафосқа толы классикалық туынды. Зевс құдай адамзатты жер бетінен жойып жіберейін деп ойлаған кезде, Прометей аспаннан қасиетті отты ұрлап алып, оны адамдарға әкеледі. Бұдан кейін де неше түрлі көмегін корсетіп, үй салуды, жер игеруді, уақытты санауды, жабайы ардарды асырауды, дәрілік шөптерді ажырата білуді, т.б. үйретеді. Адамдарға көмектескені үшін қаһарлы Зевс ашуланып, Гефестке оны жердің түбіне, Скифияға (Қара және Каспий теңізі алабында орналасқан елдігректер осылай атаған) апарып, жартасқа бұғаула деп бұйырады. Зевстің айткандарына көбеген Прометейді Құдай жартаспен бірге жер асты — Тартарға түсіреді. Прометей — жан дүниенің терең трагизмімен әлемдік әдебиетте оқшау тұрған образ.

Эсхил өзінің қаһармандық-патриоттық трагедияларында екінші актерді (девтерагонист) енгізді. Бұл қайғылы қақтығыстарды тереңірек ашып, театр ойынының әсерлі болуына жол ашты. Және де актерге арналған әдемі костюмдерді, маскалар мен котурныларды да, әр түрлі сахна жабдықтарын да Эсхил шығарған деп есептеледі. Сонымен қатар Эсхил өзінің трагедияларына билерді кіргізіп кана коймай, ондағы көп қимыл-қозғалыстар мен фигураларды да өзі ойлап тапқан. Эсхил бір сюжетке немесе бір-бірімен байланысы бар әр түрлі сюжетке арналған трилогияларды да бірінші болып жаза бастаған. Әр осындай трилогия сатирлердің қатысуымен, бір мифтік аңызды қызықты түрде көрсететін сатиралық драмамен аякталуын да ұлы драматург енгізді деген деректер бар.



Апулей Луций (б.д.б. 124 ж. шамасы - өлген жылы белгісіз). Африка Мадаврада туып өскен атақты рим жазушысы. Дәулетті жанұядан шыққан. Карфагенде риторикалық білім алған, Афиныда философияны оқыған. Көп саяхаттаған. Римде адвокат қызметін атқарып, латын тілін үйренді. Карфагенде тұрған кезде үлкен жетістіктерге жетті. Апулейге тірі кезінде үлкен статуя орнатылды. Философ және маг аталған Апулейдің шығармашылығы әр алуан. Ол латын, грек тілдерінде жазды. Оның философиялық, жаратылыстану тақырыптарына жазылған еңбектері, әр түрлі жанрда жазылған поэтикалық шығармалары бар. Апулейдің грек тілінде жазған шығармалары сақталған жоқ. Латын тілінде жазылған шығармалардың көбі сақталды: философиялық трактаттар және «Метаморфозы» немесе «Алтын есек» атты үлкен роман (қолжазбаларда роман «Метаморфозы» деп аталған, IV ғ. әйгілі христиан жазушысы Августин оны «Алтын есек» деп атайды). Әлем әдебиетіне Апулей «Алтын есек» романының авторы болып кірді. Романда ІІ ғасырдағы Рим провинциясы тұрғындарының тұрмысы, рухани өмірі бейнеленген. «Алтын есек» Еуропа әдебиетіндегі бірінші психологиялық роман. Сиқыршы қасиетінің арқасында жануарға айналып, одан қайта адам кейпіні оралған адам туралы фольклорлық аңыз антикалық әдебиетте Апулейге дейін болған. «Метаморфозы» грек шығармасының өңделген түрі. Апулей грек жазушысы Лукиан шығармасының сюжетін көптеген эпизодтармен кеңейтті. Апулейдің финалы да Лукианнан өзгеше. Бас кейіпкер киген есектің маскасы адамдардың мінез-құлығын сатиралық түрде көрсету үшін үлкен мүмкіндік берді. Апулей шығармасында провинциялық қоғамның таптарын әр түрлі жағдайларда көрсетеді; ол құлдарды қатал пайдалануды жасырмайды, шағын жер иелерінің қиын жағдайын бейнелейді. Сонымен қатар, Апулей шығармасындағы дін мен театрға байланысты ойларының үлкен мәдени-тарихи құндылығы бар. Эпизодтар бай фольклорлық және новеллалық материал береді; соның ішінде, романға кіргізген үлкен әңгіме (екі кітаптың көлеміндей) - «Амур мен Психея» туралы ертегі. Бұл халық ауыз әдебиетінде кең тараған ертегілік сюжеттердің бірі: құбыжыққа тұрмысқа шыққан қыз келісімді бұзады; күйеуі жоғалып кетеді; әйелі оны іздеп кетеді де ұзақ саяхаттан кейін оны табады. «Метаморфозы» романы орта ғасырда кең таралған. Апулейдің кейбір новеллаларын Боккаччо пайдаланған. Әсіресе, «Амур мен Психея» туралы ертегі үлкен жетістіктерге жетті. Бұл сюжет әдебиетте кеңінен пайдаланды (Лафонтен, Виланд, Богданович әдебиетте, Рафаэль, Торвальдсен - бейнелеу өнерінде).
МОДУЛЬ 2. Ортағасырлар дәуіріндегі тарихи тұлғалар рөлі – 6 сағат
Тақырып 2.1.4. Орта ғасырдағы ғалымдар, ойшылдар мен діни қызметкерлердің тарихта алатын орны


  1. Әбу На­сыр әл-Фа­раби – Әлемнің екінші ұстазы, да­ныш­пан, эн­цикло­педист ғалым.

  2. Әбу Райхан әл-Бируни - ортаазиялық энциклопедист-ғалым

  3. Әбу Әли Хусейн ибн Абдаллах - ортағасырлық ғалым, философ, дәрігер.


1. Әбу На­сыр әл – Фа­раби (870–951) – Арис­то­тель­ден кейін дүни­ежүзі білімі мен мәдениетінің екінші ұста­зы атанған да­ныш­пан, эн­цикло­педист ғалым. Оның мұсыл­манша то­лық аты-жөні Мұхам­мед ибн Мұхам­мед ибн Уз­лағ Тар­ха­ни. Туған жері – Сыр­да­рия бойын­дағы ер­те за­ман­да түркі ха­лықта­рының ор­та­лығы болған Оты­рар қала­сы. Оты­рар­ды араб­тар «Фа­раб» деп атаған. Қай жер­де шыққанын білдіру үшін аты-жөніне өзінің туған ме­кенінің ата­уын тіркейтін сол за­ман­ның дәстүрімен ұлы ұстаз Фа­раби аталған. Махмұд Қашқари «Ди­уани лұғат ат-түрк» ат­ты еңбегінде Фа­раб қала­сының түрікше аты — «Қара­шоқы» деп көрсе­теді.

Әл-Фа­раби за­манын­да бүкіл Ор­та Азия мен Түркстан Араб ха­лифа­тының ықпа­лын­да болған. Соған бай­ла­ныс­ты қала халқы са­уда-сат­тық мәсе­лесіне ис­лам қалып­та­сып, да­му­ына зор үлес қосқан араб, пар­сы, түркі тілдерін қатар қол­данған. Со­ның ішінде ру­хани, ғылы­ми тіл араб тілі болған. Сон­дықтан құмар­лығы оянған Әл-Фа­рабидің осы үш тілді жетік білуі заңды­лық еді. Ол кейін білім-ғылым іздеп, көп жерді ара­лай­ды. Ақыры сол кез­де әлемнің ғылым дүни­есінің ор­та­лығы болған Бағдадқа келіп, сон­да тұрақтап қала­ды. Сол кездің әйгілі ғалым­да­рымен кез­десіп, олар­мен сыр­лас бо­лады. Грек, ла­тын, санс­крит және басқа тілдерді үй­ре­неді.

Ол өз за­манын­дағы да­мыған ғылым са­лала­рының бәріне, өнеріне өзіндік үлес қосып, еле­улі із қал­ды­рады. Одан қалған ғылы­ми еңбек­тердің өзінің са­ны жүзден ас­там. Сол еңбек­терді ғылым са­лала­рына қарай бөлетін бол­сақ, олар мы­нан­дай: аст­ро­номия, аст­ро­логия, ма­тема­тика, ло­гика, му­зыка, ме­дици­на, та­биғат ғылым­да­ры, со­ци­оло­гия, линг­вис­ти­ка, по­эзия-ри­тори­ка, фи­лосо­фия бо­лып ке­леді.

XX ғасыр­дың екінші жар­ты­сынан бері қарай Қазақстан ғалым­да­ры да ұлы ұстаз­дың бай мұра­сын жи­нап, зерт­теп та­нуға өз үлес­терін қоса бас­та­ды. Қазір Қазақстан Ғылым ака­деми­ясы­ның кітап­ха­насын­да Әл-Фа­рабидің елу шақты еңбегі бар. Олар­дың ішінде басқа тілге ауда­рыл­маған, ғалым­дар ара­сын­да осы күнге дейін белгісіз бо­лып кел­ген: — «Ал­ма­гес­ке түсінікте­ме», «Ге­омет­ри­ялық сы­зықтар жа­са­удың әдістері», «Аст­ро­логия», «Ки­таб әл-му­сики әл-ка­бир» секілді әрқай­сы­сы бір-бір ғылым­ның шыңын көрсе­тетін аса ірі ту­ын­ды­лары бар. Мұның сыр­тында соңғы жыл­да­ры Қазақстан­ның Иран­да алғашқы Төтен­ше және Өкілетті елшісі болған ғалым Мыр­за­тай Жол­дасбе­ков та­уып әкеліп, Ал­ма­тыдағы Әл-Фа­раби атын­дағы ұлттық уни­вер­си­теттің кітап­ха­насы­на тап­сырған Әл-Фа­рабидің қол­жазба­лары өз ал­ды­на бір па­ра қазы­на. Олар­дың көшірмесі (он үш қол­жазба) бүгінде Еура­зия ұлттық уни­вер­си­тетінің Оты­рар кітап­ха­насын­да сақта­улы.

Өмірінің соңына қарай Әл-Фа­раби Мы­сыр, Шам, Ха­леб қала­ларын­да бо­лып, ақырын­да Шам шаһары­на келіп, сон­да тұрақтай­ды. Осын­да қай­тыс бо­лады. Оның де­несі Шам шаһары­ның Кіші қақпа (Баб ас – Сағир) жағын­дағы зи­ратқа қойыла­ды.

Әл-Фа­рабидің ісін жалғас­тырған, ғылымға берілген шәкірттері көп болған. Олар­дың ішінен, ең ал­ды­мен, Ор­та Ази­яның ұлы ғалы­мы Әбу Әли ибн Си­наның (Ави­цен­на) есімін атауға бо­лады. Кейінгі кез­дегі шығыс ғалым­да­ры олар­ды бөліп жар­май «Қос Фа­раби» деп те атай­ды. Сон­дай-ақ еңбек­тері ұлы ұстаз еңбек­терімен са­бақта­сып жатқан ұлы ғалым­дар — Бе­руни, Боз­жа­ни, Омар Һайям­дар да өздерін Әл-Фа­рабидің шәкірттеріміз деп есеп­те­ген.



2.Әбу Райхан әл-Бируни, Әбу Райхан Мұхаммед ибн Ахмед әл-Бируни – ортаазиялық энциклопедист-ғалым. Әбу Райхан әл-Бируни 973 жылы қазан айының төртінде Қият қаласының маңында өмірге келген. Негізгі еңбектері тарих, математика, астрономия, география, топография, физика, медицина, геология, минералогия, т.б. ғылым салаларын қамтиды. Ол Орта Азия мен Иран қалаларында болып, атақты астроном, математик Әбу Наср Мансур ибн Ирактан дәріс алды. Әбу Райхан әл-Бируни – парсы, араб, грек, үнді (санскрит) тілдерін меңгерген оқымысты. 995 – 1010 жылдары Иранда тұрды. Ол 1000 жылы орта ғасыр ғылымының энциклопедиясы аталған, өзінің әйгілі «әл-Асар әл-Бақйия ән әл-Құрұн әл-Халийа» («Бұрынғы ұрпақтар ескерткіші») деген еңбегін жазды. 1010 жылы Хорезм әкімі Мамун ибн Мұхаммед ұйымдастырған Үргеніштегі ғылыми орталықта Әбу Райхан әл-Бирунидің басшылығымен Әбу Әли ибн Сина (Авиценна), Әбу Саһл Массих, Әбу-л-Хасан ибн Хаммар, ибн Мискуайх, т.б. көрнекті ғалымдар ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Әбу Райхан әл-Бирунидің ғылыми мұрасының бірсыпырасы бізге жетпеген, сақталып қалған шығармаларының көпшілігі толық жиналып жарияланбаған. Жалпы алғанда ол жүз елу еңбек жазған, олардың қырық бесі астрономия мен математикаға арналған. Астрономиялық шығармаларында Әбу Райхан әл-Бируни дүниенің гелиоцентрлік жүйесін (Коперниктен 500 жыл бұрын), денелердің Жерге қарай тартылуын (Галилей мен Ньютоннан 600 жыл бұрын) болжаған.

Арал теңізінің жағасында, Үндістанда, Ауғанстанда астрономиялық бақылау жұмыстарын жүргізіп, жер мөлшерін дәл анықтаған. Әбу Райхан әл-Бирунидің географиясында сол кездегі белгілі жерлердің бәрі айтылған, сонымен қатар мұхит, теңіз, тау, өзен, шөл, мемлекеттер мен халықтардың аттары толық келтірілген. Әбу Райхан әл-Бирунидің картасы Тынық мұхиттан Атлант мұхитына, Үнді мұхитынан Солтүстік мұзды мұхитқа дейінгі жерлерді қамтыған. Әбу Райхан әл-Бируни түрлі өсімдіктерді, дәрілік шөптерді, сан алуан жануарлар тіршілігін зерттеген. Әбу Райхан әл-Бируни топографияға байланысты «Геодезия» атты үлкен еңбек жазды. Онда Әмударияның бұрынғы кездегі ескі арналары жөніндегі зерттеулері аса қызғылықты баяндалған. Әбу Райхан әл-Бирунидің тарихи-географиялық еңбектерінде Орта Азия мен Шығыс Сібірдің тарихи этнографиясы, сондай-ақ Орта Азия көшпелі тайпаларының батысқа, Шығыс Еуропаға дейін қоныс аударулары, Қазақстан географиясы, оны мекендеген түркі тайпалары, олардың әдет-ғұрпы, салт-жоралғылары жөнінде құнды деректер беріледі. «Үндістан»(1031), «Бұрынғы ұрпақтар ескерткіші» (1048), «Масғуд каноны», т.б. еңбектері ағылшын, неміс, орыс, парсы, т.б. тілдеріне аударылған. Ол 1048/50 жылы желтоқсан айының он біріне қараған күні Ғазни қаласында қайтыс болған.

3.Әбу Әли Хусейн ибн Абдаллах (латын транскрипциясы — Авиценна; 980, Бұхара қалысы жанындағы Афшана ауылы — 18. 6. 1037, Хамадан) — ортағасырлық ғалым, философ, дәрігер. Орта Азияда және парсы жерінде (Иранда) өмір сүрген; түрлі әмірлер тұсында дәрігерлік және уәзірлік қызметтер атқарған. Басты философиялық еңбектері — “Дауа кітабы” (“Іұтқару кітабының” қысқаша мазмұндамалық нұсқасы), “өсиеттер мен кеңестер кітабы”, “Білім кітабы” (парсы тілінде, “Даныш-намэ”). Әбу Әли ибн Сина философиясы метафизика, гносеология және логика салалары бойынша шығыс аристотелизмі дәстүрін, бір жағынан неоплатонизмнің онтологиялық концепцияларын дамытады. Әбу Әли ибн Сина пікірінше тек құдай ғана абсолютті тіршілікке ие, қалғандардың бәрі де өздігінше тек мүмкін нәрселер ғана, олардың болмысқа енуі тек құдайдың құдіретімен болатын жәйт. Әйтсе де құдай жаратқан табиғат уақыт пен кеңістік ішінде бола тұрып, эманациялар иерархиясы арқылы мұнан әрі өзіндік қозғалыс принципі бойынша дамиды. Әбу Әли ибн Синаның әлеуметтік ілімінде әділетсіз қоғамға қарсы қарулы көтерілістер жасауға дейін баруға болатыны туралы ой бөлекше есте қалады.

Мұсылмандық дін ілімі өкілдері (әсіресе, Әбу Мұхаммед Ғазали) Әбу Әли ибн Синаны “дін бұзарлығы” мен “атеизмі” үшін айыптаса, Әбу-л-Уәлид Мұхаммед ибн Рушд оны натуралистік көзқарастары үшін сынға алады. Әбу Әли ибн Синаның философияға және жаратылыстану ғылымына арналған трактаттары бірнеше жүздеген жылдар бойы Шығыс пен Батыста кең таралған тарихи мәні зор мәшһүр еңбектер қатарында келеді. Әбу Әли ибн Синаның араб және парсы тілдерінде азын-аулақ өлеңдері сақталған. Оның поэтикалық шығармаларына арқау болған тақырыптар — материяның мәңгілігі, ағартушылық пен ғылымды уағыздау. өлеңдерінің өзіндік белгілері — афоризмге толылығы, көркемдік бейнелеу әдістерінің қарапайымдылығы. Парсы тіліндегі өлеңдерінің басым бөлігі рубаяттар түрінде жазылған. Әбу Әли ибн Сина шығармалары классикалық парсы, араб, өзбек және орта ғасырлық еврей әдебиетіне елеулі ықпал жасаған. Әбу Әли ибн Сина дәрігерлік кәсіппен 16 жасынан бастап шұғылданды. жергілікті тәбиб әдістерін үйренген соң, ол кітаптардан ескі грек, руми, үнді, парсы, қытай медицина негіздерін өңдеп жетіктірді. Әсіресе, ескі юнан жұртының атақты дәрігерлері Гиппократ пен Галеннің еңбектерімен толық танысты, олар айтқан қағидаларды толықтырды, қатесін түзетті, ескірген ұғымдарын алып тастады. Әбу Әли ибн Сина арқасында Гиппократ пен Галеннің даңқы қайта жайылды, әйтегенде Еуропада олардың еңбегі түгіл есімі де ұмытыла бастаған еді. Оның күрделі туындысы — “Дәрігерлік ғылымның каноны” (“Китаб әл-канун фи-т-тибб”), бұл — көлемі 200 баспа табақ, 5 кітаптан тұратын медицина энциклопедия. Араб тілінде сан рет көшірілді. Латынша аудармасы 12 ғ-да жарық көріп, аз уақытта бүкіл дүние жүзіне таралды. Күллі Шығыс пен Батыста Әбу Әли ибн Сина осы кітап арқылы 5 — 6 ғ. бойы медицина ғылымының дара жетекшісі, дәрігерлердің ұлы ұстазы болды, “Медициналық ханзада”, “Шейх-ур-райс” деген ұлы есімге ие болды. Баспа әдісі пайда болғаннан кейін “Канонның” басылуы Інжілмен бәсекелес өтті. Араб тіліндегісін санамағанда латын аудармасы 30 шақты рет басылды. “Канон” орыс, өзбек тілінде ғалымның 1000 жылдық салтанатына байланысты Ташкентте (1954 — 56) басылып шықты. “Медицина — саулықты сақтау, науқасты кеселден айықтыру үшін адам тәнін зерттейтін ғылым”, — дейді автор. “Медицинаның бір бөлігі — білім, екіншісі — амал, мұның екеуі де ғылым, біреуі медицинаның түп негізі болса, екіншісі — амал жасау ережелері”. Әбу Әли ибн Синаның ең негізгі насихаты — саулықты күні бұрын сақтау. Бұл жөнінде оның қоятын шарттары: тағамды талғай білу, денені шынықтыру және таза ұстау. Бұл ережелер осы күнге дейін маңызын жойған жоқ. Ал ғасырлар бойы бұған еліктеп жазылған кітаптар да өте көп. Саулық сақтау жолдарын Әбу Әли ибн Сина былай деп көрсетеді: “Дене құрылысының гармониясын бір қалыпты ұстау, тағам мен ішімдікті талғау, дәрет тәртібін мұхияттау, киім мен ауа тазалығын ұстау, дене мен рух бірлестігін көздеу, ол үшін ұйқы тәртібін бұздырмау. Дене шынықтыру үшін жаттығулар әр адамның жасына, күшіне сәйкес әрқилы болуы қажет. Орта жастағыларға салт қыдыру тиімді болса, қуаты азайған кекселерге жаяу жүрген пайдалы. Сол сияқты бозбалаға шарт тағам қарттарға зиянды болуы ықтимал. Жасы келіп қартайған шақта ұйқыны көбейту, жылы сулы бұлау қабылдау, қышқыл, тұзды тағамды азайтып, сүт қоректерін, өсімдіктерді әсіресе сарымсақ, қызылша мен капустаны көбірек пайдалану керек”, — дейді. “Канондағы” саулық сақтау үшін дәрігерлер қолданатын ережелердің ең маңыздысы — қанағат. Тамақтануда, шарап ішуде, дәрі пайдалануда, нәпсіге де, қомағайлыққа да жол бермей, қанағат ету. Әбу Әли ибн Сина қалдырған соны мұраның ішіндегі ізгісінің бірі — ауру-кеселді қоздырмас үшін күні бұрын шаралар қолдану. Бұл жөніндегі ережелер тек дәрігерлерге арналған уағыз ғана болған жоқ, ғасырлар бойы қоғамға пайдалы ережеге айналды. Мысалы, сол дәуірде Үргеніш, Самарқан, Отырар, Тараз сияқты қалаларда мал сою, сүт сату, балық сақтау, ауыз су тазарту тәртіптері өкімет тарапынан қадағаланып отырды. Бұл тәртіптер Әбу Әли ибн Синаның және оның шәкірттерінің ықпалымен жүзеге асырылды. Таң қаларлық жағдай: Әбу Әли ибн Сина кесел-аурулардың жұғуы көзге көрінбейтін өте ұсақ нәрселермен байланысты деген пікір айтты. “Бұзылған, иістенген су ішті бұзады, ал бұзылған ауа шешек, оба кеселдерін қоздырады. Аурудан сақтану үшін ауыз суды сүзіп, қайнатып ішу шарт”, — дейді ұлы ғалым. Әбу Әли ибн Сина ауру-кеселдің түрін анықтауға, жалпы оташылыққа аса көп көңіл бөлді. Әр түрлі мүшенің зақымдануы, жара, жарақат, қызба ауруларын толық сипаттап жазды. Науқастың реңі, бет-әлпеті, тамыр соғуы, зәрдің түсі мен түрі арқылы ауру кезеңін байқауды замандастарына үйрете білді. Кеудені түрткілеу арқылы өкпе нұқсанын аңғару әдісін кең пайдалана білген. Бұл диагностикалық әдіс Еуропада 18 ғ-да қайта табылып, кең өріс алды. Әбу Әли ибн Сина келтірген көптеген ауру-кеселдер сипаты осы уақытқа дейін маңызын сақтауда. Мысалы, өткен 1000 жылдың ішінде құтыру ауруының жұғу жолдары, бастамасы, қозуы тіпті өзгеріссіз деуге болады. Ал Еуропада бұл кеселдің толық белгісі тек 18 ғ-да ғана сипатталып жазылды. Көздің құрылысы мен қалай көретіндігіне оның берген ұғымы осы күнге дейін қалпында. Әбу Әли ибн Сина келте кесу (ампутация), шекебұрғылау (трепанация), қуықтан тас алу, онымен қатар жара таңу, білтелеу, сынық салу амалдарын да үйретіп кетті. Әбу Әли ибн Сина ауруды емдеуде дәріні кең қолданды, Гиппократ дәрінің 200 түрін, үнді тәбибтері 800 түрін пайдаланған болса, Әбу Әли ибн Сина дәуірінде 2600 түрлі дәрі қолданылып, оның жартысынан көбі өсімдіктерден алынған, Әбу Әли ибн Сина көптеген дәрілерді жасау, дайындау, сақтау әдістерін ұсынды.
Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет