ПОӘК 042-18. 18. 1 21/01-2014 №2 басылым



бет5/7
Дата25.08.2017
өлшемі1,81 Mb.
#26254
1   2   3   4   5   6   7

2. Наполеон Бонапарт (итал. Napoleone Buonaparte, фр. Napoléon Bonaparte, 15 тамыз 1769, Аяччо, Корсика — 5 мамыр 1821, Лонгвуд, Әулие Елена аралы) — Францияның мемлекет қайраткері, қолбасшы, император (1804—1815).

Ақсүйектер отбасынан шыққан. 1785 жылға дейін Бриен және Париж әскери мектептерінде оқыған. Франциядағы 1789 – 9 4 ж. революция кезінде Тулон қаласын азат еткені үшін 24 жасар Наполеон I капитандықтан бригадалық генерал дәрежесіне дейін көтерілді. 1796 ж. Италияға жорық жасаған армияның бас қолбасшылығына тағайындалды. Осы және кейінгі Египетке жасаған жорықтары кезінде өзін аса көрнекті қолбасшы ретінде көрсетті. 1799 ж. 9 қарашада (18 брюмерде) биліктегі дағдарысты пайдаланып, мемл. төңкеріс жасады. Ол елде алғашында консулдық, одан кейін империя (1804 ж. 18 мамыр) түріндегі әскери диктатура орнатты. Якобишілдер мен роялшылдарға соққы берді. Өнеркәсіп пен сауданы дамытты. 1800 ж. француз банкін құрды. Мемлкеттің қуатты арттырудың басты тірегі өнеркәсіпті дамыту деп білді. Әскери өнер саласында рев. Франция армиясында қалыптасқан жаңалықтарды одан әрі жетілдірді. Тарихи жағдайға байланысты орасан зор әскери күшті тактикалық және стратегиялық жағынан тиімді пайдалана білді. Оның әскери қағидасы: “сан жағынан әлсіздікті қимылдың жылдамдығымен толтыру” болды. 1804 жылға дейін республика атын жамылып келген диктаторлық өкіметті буржуазиялық мемлекетті нығайтуға пайдаланды. Директория кезінде сақталған ұлттық уәкілдікті сайланып қойылатын басқару жүйесін жойды.[2]

Сыртқы саясатта Англия басшылық еткен коалициямен экон. және саяси үстемдікке таласты. Наполеон I-нің жүргізген соғыстары басқыншылық, тонаушылық сипатта болғанымен, Еуропадағы феод.-абс. құрылымдарға соққы берді. Үздіксіз соғыстар Францияның жағдайын нашарлатты. 1812 ж. маусымда Ресейге қарсы соғыс ашты. Бұл соғыста Наполеон I әскерінің жеңіліске ұшырауы империяның құлауының басы болды. 1814 ж. наурызда Францияға қарсы коалиция әскерлерінің Парижге кіруі Наполеон I-ні тақтан бас тартуға мәжбүр етті. Наполеон I Эльба аралына айдалды. Дегенмен ол 1815 ж. наурызда француз тағын қайтадан басып алды (“Жүз күн”). Ватерлоо түбінде одақтастар әскерінен жеңіліске ұшыраған соң тақтан екінші рет бас тартты (1815 ж. 22 маусым). Өмірінің соңғы жылдарын Әулие Елена аралында ағылшындардың тұтқыны ретінде өткізді. Сонда асқазан жарасынан қайтыс болды. Сүйегі 1840 ж. Парижге әкелініп, Мүгедектер[3] үйіне қойылды.

3. Отто Эдуард Леопольд фон Бисмарк-Шёнхаузен (нем. Otto Eduard Leopold von Bismarck-Schönhausen; 1815—1898) — князь, германс мемлекеті қайраткері, герман мемлекетінің бірінші кацлері(екінші рейх), темір канцлер деп аталған.

Отто фон Бисмарк (Эдуард Леопольд фон Шенхаузен) 1815 жылдың 1 ақпанында Берлиннің солтүстік-батысында орналасқан Бранденбургтегі Шенхаузен поместьесінде дүниеге келген, прусс жер иеленушісі Фердинанда фон Бисмарк-Шенхаузен мен Вильгельмина Менкеннің үшінші ұлы, туылғанда Отто Эдуард Леопольд атына ие болды. Шенхаузен елдімекені көне Германияның тарихында ерекше орын алатын Бранденбург провинциясының қақ ортасында орналасты. Поместьенің шығысынан 5 миль қашықтықта Солтүстік Германияның басты сулы-көлікті артериясы Эльба өзені ағып жатты. Шенхаузен поместьесі 1562 жылдан бастап Бисмарктар жанұясының қолында болды.

Бұл жанұяның барлық ұрпақтары Бранденбург басшыларына бейбітшілік кезінде және жас Отто фон Бисмарк соғын жағдайында адал қызмет етті.

Бисмарктар жаулап алушы рыцарьлардың ұрпақтары юнкерлер болып есептелді, олардың аталары шағын славян тұрғындарымен Эльбаның шығысындағы кең байтақ жерлерде алғашқы неміс елдімекендерінің негізін қалады. Юнкерлер беделділер қатарына жатты, бірақ байлық, әлеуметтік әл-ауқат пен сөз өтімділігіне келгенде олар Шығыс Еуропалық және габсбургтік аристократтармен салыстыруға келмейтін еді. Әрине, Бисмарктар жер магнаттарының қатарына жатқан жоқ, дегенмен олар өздерінің асыл тұқымды болғандарына да қанағат етті, олардың шежіресі Ұлы Карл билігіне дейін жалғасып жатты.

Оттоның анасы Вильгельмина мемлекеттік қызметкерлердің жанұясынан болды, олар орта санаттағыларға жатты. ХІХ ғасырда осындай жұптар көбейе берді, мұнда орта санаттағылар мен асыл тұқымдылар қосылып жаңа элита құрады.

Вильгельминаның бағытымен Отто мен оның үлкен ағасы Бернгард Берлиндегі Пламана мектебіне оқуға жіберілді, онда Отто 1822 – 1827 ж.ж. аралығында білім алды. 12 жасында Отто бұл мектептен шығып, кейіннен 3 жыл оқыған Фридрих Вильгельм атындағы гимназияға ауысты. 1830 жылы Отто «У серого монастыря» гимназиясына өтті, алдыңғы оқу орындарымен салыстырғанда бұл жерде ол өзін әлдеқайда еркін сезінді. Жас юнкерді математика да, әлемнің көне тарихы да, жаңа неміс мәдениетінің жетістіктері де қызықтырмады. Отто көбіне өткен жылдардағы саясатқа және соғыс пен бейбітшілік жылдарындағы елдер арасындағы бәсекелестікке аса назарын аударды.


Тақырып № 3.3.9: Қазақстанның жаңа замандағы өнер адамдары

1.Қазақ ағартушысы-Шоқан Уалиханов

2.Алғашқы ағартушы-ұстаз Ы.Алтынсарин

3.Қазақтың ойшыл ғалымы-Абай Құнанбаев


Шоқан (Мұхаммед Қанафия) Уәлиханов Шыңғысұлы (1835 – 1865) – қазақтың ұлы ғалымы: ориенталист, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы, демократ.

Әжесі бала күнінде «Шоқаным» деп еркелетіп айтуымен, «Шоқан» аталып кеткен.

Шоқан 1835 жылдың қараша айында қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде туған. Әкесі Шыңғыс Уәлиханұлы сол жерде аға сұлтан болған. Өз атасы Уәли де хан болған. Арғы атасы қазақтың ұлы ханы Абылай, Шоқан оның шөбересі. Шоқанның балалық шағы Сырымбет тауының баурайында өткен.

«Жеті жұрттың тілін білуге тиісті» хан тұқымы болғандықтан, ауыл мектебінде оқып, арабша хат таныған Шоқан араб, шағатай тілдерін меңгереді. Бұдан кейін 1847-1853 жылдары оны әкесі сол кезде Сібірдегі ең таңдаулы оқу орны деп есептелінетін Омбы кадет корпусына береді. Онда әскери сабақтарға қоса жалпы және Ресей жағрафиясы мен тарихы, батыс, орыс әдебиеттері, философия, физика, математика негіздері, шетел тілдері жүрген.

Кадет корпусына алғаш оқуға түскен кезде Шоқан орыс тілін білмесе де өзінің зеректігімен тілді тез үйренді. Шоқанның корпуста бірге оқыған Г.Н. Потанин: « Өзінің орыс жолдастарын басып озып, Шоқан тез жетілді... Оған талайлар-ақ назар аударды. Ол сондай қабілетті еді және оқу орнына түспей тұрып-ақ сурет сала білетін», дейді.

Оған әсіресе орыс тілі мен әдебиеті оқытушысы Костылецкий мен тарих пәнінің оқытушысы Гонсевский күшті ықпал етті. Пушкин, Гоголь, Лермонтов, Герцен, Белинский т.б. орыс классиктерін және батыс әдебиетінен Диккенс, Теккерей, Руссо шығармаларын, «Современник» журналын үзбей оқып, әлеуметтік өмірдің және әдебиет ағымының қай бағытта, қалай дамып бара жатқандығын аңғара алатын, өз кезінің саналы азаматының бірі болған.

1852 жылы Костылецкийдің көмегімен Шоқан көрнекті шығыс зерттеушісі, Петербург университетінің профессоры И.Н. Березинмен танысады. Березин Шоқан жинаған қазақтың ауыз әдебиеті нұсқаларын, «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жырын алған, ал өз тарапынан Шоқанды ескі жазу ескерткіштерін зерттеу ісіне тартқан. Березиннің тапсырмасы бойынша Тоқтамыс ханның «Жарлығына» талдау жасайды. Бұл оның алғашқы ғылыми еңбегі еді. Жастығына қарамай, оның білімдарлығын, әсіресе, шығыс әдебиеті мен тарихын жақсы білетіндігін сол кездегі орыс ғалымдары да жоғары бағалап, мойындай бастаған болатын.

Кадет корпусын он сегіз жасында бітірген Шоқан Батыс Сібір генерал губернаторының кеңсесінде қызметке қалдырылады. Бір жылдан кейін Батыс Сібір мен Қазақстанның солтүстік-шығыс аудандарын басқаратын генерал губернатор Гасфорттың адьютанты болып тағайындалады. Осы қызметті атқара жүріп, ол Орта Азия халықтарының тарихын, этнографиясы мен жағрафиясын зерттеуге белсене араласады.

1855 жылы Ұлы жүзді Қоқан хандығының ықпалынан шығарып, Ресейге қосу бағытында жұмыс істеу үшін ұйымдастырылған экспедицияға қатысып, Семей, Аягөз, Қапал арқылы Іле Алатауына дейін келеді. Жоңғар қақпасына, Алакөл, Тарбағатайға саяхат жасайды. Осы сапарында қазақ, қырғыз, ауыз әдебиетінің үлгілерін, тарихы мен этнографиясының материалдарын жинап алады. Қазақ халқының тарихы мен әдет-ғұрып, діни ұғымдары жайында материал жинап қайтады. Бұл материалдар негізінде кейін ол «Тәңірі (құдай)», «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы» деген еңбектер жазады. Бұл еңбегін жоғары бағалаған генерал Г.Х.Гасфорт оны наградаға ұсынады, әскери лауазымы бір сатыға жоғарылап, поручик атағын алады.

1856 жылы М.М. Хоментовский басқарған әскери-ғылыми экспедицияға қатысып, қырғыз елін жете зерттеп, Ыстық көл аймағының картасын жасасады. Қырғыздар мен Ұлы жүз қазақтарының тарихы, этнографиясы жайлы мәліметтер жинайды, ауыз әдебиетінің нұсқаларын жазып алады. Жазуы жоқ елдердің өткен тарихы мен салтын тануымыз үшін мұндай ұзақ желіге құрылған, күрделі эпостардың үлкен мәні барын түсінген Шоқан «Манас» үлгісінде көрсетті. «Манас», дейді Шоқан, қырғыздардың ескі мифтерінен, аңыздарынан ертегілерінен жиналып, бір адам Манастың төңірегіне топталған энциклопедия. Бұл жағынан, ол даланың «Илиадасы» тәрізді. Бұл аса зор эпопеяда қырғыз халқының өмірі, әдет-ғұрпы, жағрафиясы, діни дәрігерлік ұғымдары, шетелдермен қарым-қатынасы түгел қамтылған... Екінші эпос «Семетей» «Манастың» жалғасы. Бұл қырғыздың «Одиссеясы». Іле өзенінің басындағы Манас жорық жасады деген жерлерді барып көреді. Сібір мен Тянь-Шань аралығында көшіп жүрген қырғыздар Алатаудың автохонды ежелгі тұрғындары екені тарихта тұңғыш рет анықтап береді. Қырғыздардың көне тарихы жөнінде жазған географы К.Риттердің, А. Гумбольттің, шығыстанушы ғалымдар Шотт пен Клапроттың еңбектеріне сын айтады, Бұдан кейін Құлжа қаласында болып, Жоңғария тарихымен шұғылданады. 1857 жылы тағы да қырғыз елінде болады. Осы сапарларда жинаған материалдарды ол «Жоңғария очерктері», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Қазақтың халық поэзиясының түрлері туралы», «Ыстық көл сапарының күнделіктері», «Қытай империясының батыс провинциясы және Құлжа қаласы» атты еңбектерін жазуға пайдаланады. Табиғатты және ел тұрмысын Шоқан жазушылық шеберлікпен суреттеген. Осыдан барып оны орыс достары «Қазақ тақырыбына жазатын орыс жазушысы» деп атаған. Тарих, география саласындаы даңқы Петербург ғалымдарына да жетіп, жиырмадан жаңа асқан жас Шоқанды Орыс География қоғамының толық мүшесі етіп сайлайды.

1858 – 1859 жылдары Шоқанның Қашғарияға сапары ғалымдық, ағартушылық саласындағы еңбегінің жаңа белеске көтерілуіне жол ашты. Қашқария ол кезде Ресей тарапынан зерттелмеген өлке болатын. Қоқан хандығының Қашқардағы консулы, әрі саяси резидентінің көмегімен Қашқардың экономикалық саяси құрылымын зерттеп, бұл халықтың тарихы мен этнографиясынан көптеген матераилдар жинайды. Қашқар сапарынан «Алты шахардың, яғни Қытайдың Нан лу провинциясының шығыстағы алты қаласының жайы» атты еңбегі дүниеге келді. Бұл Шығыс Түркістан халықтарының тарихына, әлеуметтік құрылысына арналып, сол заман ғылымының биік деңгейінде жазылған әлемдегі тұңғыш зерттеу жұмысы еді. Ұзамай ол Германияда, Англияда жарияланады.

Шоқаннан қалған мұраның бірі бейнелеу өнеріндегі зерттеулері. Бұл еңбектер оның өнердің осы саласындағы қазақтың тұңғыш профессионал суретшісі болғанын дәлелдейді. Ол негізінен портрет, пейжаз және халықтың тұрмыс салтын бейнелеумен айналысқан. Одан 150 – дей сурет қалған.

Науқасы меңдегендіктен Петербургтен елге оралған Шоқан туған халқының екі жақты қанауда езілгенін көріп, 1862 жылғы сайлауда Атбасар округының аға сұлтаны болуға талпынады. «Елдестеріме пайдамды тигізу үшін аға сұлтан болғым келді. Оларды чиновниктен, қазақ байларынан қорғамақ болдым. Сондағы ең алдымен көздегенім өз басымның мысалы арқылы жерлестеріме оқыған аға сұлтанның пайдалы екенін көрсету еді» деп жазады ол бұл туралы досы Достаевскийге. Бірақ ол бұл мақсатын орындай алмай, аға сұлтандыққа өте алмай қалады. 1864 жылы наурыз айында Шоқан генерал Черняевтің шақыруымен Әулиеатаға (қазіргі Тараз қаласы) келеді. Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияны Ресейге қосуды жақтаған ол Черняев отрядында біраз уақыт қызмет істейді. Бірақ патша генералының жергілікті халыққа жасаған зорлық-зомбылығын көріп, тез бөлініп кетеді. Содан Верный (қазіріг Алматы) қаласына келіп, одан әрі Тезек төренің аулына барып (бұрынғы Талдықорған облысы, Шоқан атындағы шаруашылық) тоқтайды. Сонда үйленіп, тұрып қалады.

Сөйтіп жүргенде ескі өкпе ауруы қайта қозып, Шоқан 1865 жылдың сәуірінде қайтыс болады. Оның сүйегі Алтынемел тауының баурайындағы Көшен тоған деген жерге қойылады.



Шоқанның шығармаларын жинап бастыруда орыс ғалымдарының еңбегі аса зор. Орыстың жағрафиялық қоғамы басып шығарған Шоқан шығармаларына жазған алғы сөзінде академик Н.И.Веселовский: «Шоқан Уәлиханов Шығыстану әлемінде құйрықты жұлдыздай жарық етіп шыға келгенде, орыстың Шығысты зерттеуші ғалымдары оны ерекше құбылыс деп түгел мойындап, түркі халқының тағдыры туралы онан маңызы зор, ұлы жаңалықтар ашуды күткен еді. Бірақ Шоқанның мезгілсіз өлімі біздің бұл үмітімізді үзіп кетті!» деп жазды. Бірақ ол сол аз ғұмырында адам қабілетінің ғажайып мүмкіндіктерін, гуманизмнің биік өресін, ұлтжандылықтың жалтақсыз үлгісін, ғылыми қабілет пен алғырлықтың қайран қаларлық өнегесін барша болмысымен, нақтылы іс әрекетімен дәлелдеп үлгерді.

Алтынсарин Ыбырай (Ибраһим, 1841-1889) – қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы. Туып-өскен жері – Қостанай облысының Қостанай ауданы, Аққарағай. Осы өңірде, Тобыл өзенінің жағасынан топырақ бұйырған. Орынбор шекара комиссиясының қазақ балалары үшін ашқан мектебіне оқуға түседі (1850). Мектепті бітірген соң, Орынбор шекара комиссиясында әскери старшина болып қызмет атқаратын үлкен әкесі Балғожа Жаңбыршыұлының хатшысы болады (1857-1859). Орынбор облыстық басқармасында тілмаштық қызмет атқарады. 1860 жылы Орынбор бекінісінде (Торғай) қазақ балалары үшін мектеп ашу тапсырылады, әрі сол мектепке орыс тілінің мұғалімі болып белгіленеді. Ыбырайдың бүкіл өмірін арнаған ағартушылық-педагогтық қызметі осылай басталады. Тікелей өзінің араласуымен халықтан жинаған қаржыға мектеп үйін және интернат салып, 1864 жылы 8 қаңтарда мектептің жаңа ғимаратын салтанатты түрде ашады. Ұстаздық-ағартушылық қызметке қоса Ыбырайға басқа да жұмыстарды атқару жүктеледі. Орынбор генерал-губернаторының тікелей тапсыруы бойынша Торғайда төрт рет уездік судья болып (1868-1874), торғай уездік бастығының аға жәрдемшісі (1876-1879) қызметін атқарады. Ыбырай инспекторлық қызметке кіріскен соң оқу-ағарту жұмыстарын одан әрі жандандырып, Елек, Қостанай, Торғай, Ырғыз уездерінде бір-бірден екі кластық орыс-қазақ мектептерін ашады, оларды қажетті кітаптармен жасақтайды. Әсіресе, елді көшпелі өмір салтын ескеріп, Ресейдің халық ағарту жүйесіне жаңа үлгілі білім беру тәсілін ұсыныс етеді. Нәтижесінде, 1888 жылы 10 сәуірде Орскіде бастауыш мектептер үшін қазақ жатарынан оқытушылар даярлайтын мұғалімдер мектебі ашылады. Ыбырай мұнан әрі қазақ жастары арасынан экономика, ауыл шаруашылығы, қол өнер кәсіпшілігі салаларына қажетті мамандар даярлайтын училищелер ашуға көп күш жұмсайды. Тіптен, Қостанайдан ашылатын ауыл-шаруашылық училищесіне өзінің иелігіндегі жерін беретіні туралы өсиет қалдырады. Ыбырайдың қазақ қыздары үшін Торғайда, Қостанайда, Қарабұтақта, Ақтөбеде мектеп-интернат аштыруының тарихи мән-маңызы зор болды. Ыбырай оқу-ағарту жұмыстарына өз заманының ең озық әдістемелерін қолдана отырып, білімнің балаларға ана тілінде берілуіне айрықша мән береді. «Қазақ хрестоматиясы» атты оқулық, «қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» атты дидактикалық оқу құралын жазды. Бұл кітаптарындағы оқушыны отан сүйгіштікке, еңбекке, кісілікке - тәрбиелейтін ғибратты шығармалары ешқашан да өзінің мән-мағынасын жоймақ емес. Тек қана оқу-ағарту жұмыстары емес, Ыбырай сонымен бірге сол кездегі қоғамдық - саяси өмірге сергек араласып, ғылым-білімге, еңбек пен өнерге, дінге, этнографияға қатысты мақалалар жазды. Оның, әсіресе, көркем еңбектері қазақ әдебиетінің қалыптасуына айрықша ықпал етті. Ыбырай есімі берілген аудан, ауылдар, оқу орындары, көшелер, жер атаулары Қазақстанның түкпір-түкпірінде кездеседі.

Құнанбайұлы Абай (1845-1904) – қазақтың ұлы ақыны, композитор, философ, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы және оның алғашқы классигі. Шын аты Ибраһим. Туған жері бұрынғы Қарқаралы ауданына қарасты Шыңғыс тауының баурайы. Орта жүздің Арғын тайпасының Тобықты руынан шыққан билер әулетінен. Әкесі Өскенбайұлы Құнанбай өз заманындағы атақ-даңқы алысқа кеткен адамдардың бірі болған. Патша өкіметі XIX ғасырдың ортасындағы бір сайлауда оны Қарқаралы ауданының аға сұлтандығына бекіткен. Шешесі Ұлжан орта жүздің Арғын тайпасынан Қаракесек руының шешендікпен, тапқырлық, әзіл әжуамен аты шыққан шаншарлардың қызы.

Осындай текті ортадан шыққан Құнанбай мен Ұлжаннан туған төрт ұлдың бірі Абай жастайынан ақ ерекше қабілетімен, ақылдылығымен көзге түседі. Балаға сыншы әкесі осы баласынан қатты үіт етеді. Сондықтан да ол абайды медреседе төрт жыл оқығаннан кейін, оқудан шығарып алып, қасында ұстап, ел басқару ісіне баули бастайды. Әкесінің төңірегінде ел жақсыларымен араласып, өз халқының рухани мәдениет жүйелерімен жете танысады. Өзі билер үлгісінде шешен сөйлеуге төселеді. Ұтымды сөзімен, әділ билігімен елге танылып, аты шығады. Көп ұзамай, жетпісінші жылдардың бас кезінде Қоңыр Көкше дейтін елге болыс болады. Билікке араласып, біраз тәжірибе жинақтағаннан кейін ол халық тұрмысындағы көлеңкелі жақтарға сәуле түсіруге күш салып бағады. Бірақ онысынан пәлендей көңіл тоятындай нәтиже шығара алмайды. Сондықтан халқына пайдалы деп тапқан істерін көркем сөзбен, әсіресе, өлеңмен насихаттамақ болады. Орыс әдебиетімен танысуы көп ықпал етеді.

Абай өлең шығаруды бала кезінде-ақ бастаған. Алайда жасы қырыққа келгеннен кейін ғана көркем әдебиетке шындап ықылас қойып, көзқарасы қалыптасып, сөз өнерінің халық санасына тигізер ықпалын түсінеді. Шығармалары үш жүйемен өрбиді: бірі - өз жанынан шығарған төл өлеңдері; екіншісі – ғақлия (немесе қара сөз) деп аталатын прозасы; үшіншісі - өзге тілдерден, әсіресе орысшадан аударған өлеңдері.

Абай өлеңдері түгел дерлік лирикадан құралады, поэма жанрына көп бой ұрмағаны байқалады. Қысқа өлеңдерінде табиғат бейнесін, адамдар портретін жасауға, ішкі-сыртқы қылық-қасиеттерін, мінез-бітімдерін айқын суреттермен көрсетуге өте шебер. Қай өлеңінен де қазақ жерінің, қазақтың ұлттық сипатының ерекшеліктері көрініп тұрады. Ислам діні тараған Шығыс елдерінің әдебиетімен жақсы танысу арқылы өзінің шеберлік – шалымын одан әрі шыңдайды. Шығыстың екі хикаясын «Масғұт» және «Ескендір» деген атпен өлеңге айналдырады. Ислам дініне өзінше сенген діни таным жайындағы философиялық көзқарастарын да өлеңмен жеткізеді. Абайдың дүниетанудағы көзқарасы XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанның экономикасы мен ой-пікірінің прогресшіл бағытта даму ықпалымен қалыптасты. Дүниетану жолында орыстың төңкерісшіл демократтарының шығармаларын оқып, өз дәуірінің алдыңғы қатарлы ой-пікірін қорытып, қазақ өміріндегі аса маңызды мәселелерді түсіндіруге қолданады. Дүниетану процесінде екі элементтің – сезім мен логиканың , түйсік пен ақылдың қатынасын мойындайды. Сондықтан да: «Ақыл сенбей сенбеңіз, Бір іске кез келсеңіз» деп жазады.

Кез келген халықтың тарих сахнасына шығуы – экожүйеге бейімделген біртектес өмір салттың ғана нәтижесі емес, сонымен бірге этникалық арман-аңсардың (идеал) да біртұтастығына айғақ. Олай болса Абай сынының тезіне түскен еріншектік, дарақылық, жалқаулық, күншілдік, өтірікшілік, өсекшілдік, мақтаншақтық, жағымпаздық, жікшілдік сияқты сорақылықтар қазақ халқының бойындағы туа біткен биогенетикалық қасиеті емес, сол Абай өмір сүрген қоғамдағы саяси әлеуметтік қатынастардың нәтижесі екеніне ден қою қажет. Сонда, қазақ бойынан Абай көрген «кемшіліктерді» себеп ретінде емес, сол замандағы саяси-әлеуметтік қатынастардың салдары ретінде қарастыруға жол ашылады.



1891 жылдан бастап Абай басына ауыртпалық түсіп, бір-біріне ұласқан қайғы бұлты ашылмай қояды. Осы жылы ақынның сүйікті інісі Оспан өледі. Одан кейін орысша әскери білімі бар, үлкен үміт күткен баласы Әбдірахман қайтыс болады. Бұлардың қазасының ақын жанына қандай батқаны оның осы тақырыпқа арнаған топтама өлеңдерінен айқын көрінеді. Сөйтіп жүргенде соңғы тіренішіндей болған дарынды ақын баласы Мағауия да қайтыс болды. Осындай қабаттасқан қайғы-қасіреттен күрт сынған Абай Мағауияның қазасынан кейін қырық күннен соң, өзі де дүние салады. Ақынның сүйегі Шыңғыстаудың ығындағы Жидебай мекенінде, інісі Оспанның жанына жерленеді. Бұл күнде ол арада қазақтың ұлы екі перзенті - Абай мен Шәкәрімге деген ұрпақтың өшпес махаббатының, ізгі құрметінің белгісіндей болып, сәулет өнерінің соңғы үлгісімен салынған қос мұнаралы кешенді алып мазар тұр.
МОДУЛЬ 4. Қазіргі заманның тарихи тұлғалары- 12 сағат
Тақырып № 4.1.10. Қазіргі заманның ғалымдары


  1. Сэр Тимоти Джон Бернерс-Ли -әлемдік желінің негізін салушы.

  2. Зигмунд Фрейд-психоаналитик.

  3. Альберт Эйнштейн- Нобель сыйлығының иегері.


1.Сэр Тимоти Джон Бернерс-Ли 8 маусым 1955 жылы дүниге келген.Танымал британ ғалымы және ҺТТП, ҺТМЛ авторы, ғаламторды Роберт Кайо-мен бірге ойлап тапқан. Тим Бернерс-Ли Лондон қаласында дүниеге келген. Оның ата-аналары Конвэй Бернерс-Ли мен Мэри Ли Вудс, екеуі де математик болған және алғаш компьютерлердің бірі "Манчестер Марк " жобасына тер төккен. Тим Вэндсворд қаласындағы Эмануэль мектебінде оқыды, одан кейін Оксфорд-тағы Король колледжінде білім алды. Сол жерде ол өзінің бірінші компьютерін құрастырды, процессордың базасында М6800 және монитордың орнына теледидар қолданды. Бір рет Тим мен оның досы хакерлікпен айналысқаны үшін ұсталған, бұл үшін оларға университеттің компьютерін пайдалануға тыйым салған еді. 1976 жылы университетті бітірген соң "Плессеy Телекоммуникейшнс Лтд" компаниясына жұмысқа кіреді. Ол жерде екі-ақ жыл істейді. 1978 жылы "Д.Г. Насһ Лтд" компаниясында жұмыс істей бастайды. Ол жерде принтерлердің бағдарламасымен айналысады және көпфункцияналды жүйені ойлап табады. Одан кейін бір жарым жыл ЦЕРН ядролық зертханасында (Женева, Швейцария) бағдарламалық жабдықтау жағынан консультант болып жұмыс істейді. Дәл сол жерде ол ғаламторға септігін тигізген "Энквайр"бағдарламасын жазады. 1981-1984 жылдары "имейдж компютер Системс Лтд" компаниясында жүйелік архитектор болып жұмыс істейді. 1984 жылы ЦЕРН-нен стипендия алады. 1989 жылы ЦЕРН-де жұмыс істей отырып, ауқымды гипертексті жобаны ұсынады (қазіргі ғаламтор). Жоба қабылданып іске асырылған еді. 1991-1993 жылдарда Тим Бернерс-Ли ғаламтормен жұмыс жасауды жалғастырады. Сол кезде ол алғаш рет УРЛ, ҺТТП және ҺТМЛ жобасын ашық талқылауға ұсынады.

2.Зигмунд Фрейд өмір жолы жайлы мәлімет алу әжептеуір қиын. Зигмунд Фрейдті тұлғалық деңгейде көтерген көптеген биографиялық очерктер мен кітаптар бар. Алайда осы шығармалардың көбінде авторлардың бір жақты пікірге бой алдыратындықтарын байқаймыз. Мысалы, бұл мәселе жайлы А.М.Рудкевич былай жазады: Австриялық дәрігер психолог Зигмунд Фрейд ең атақты психологтардың біріне саналады. Ол 1856 жылы 6 мамырда Фрейбурк қаласында, қарапайым тері сатушының отбасында дүниеге келген. Психологиялық талдаудың негізін қалаушы. 1860 жылы Фрейдтер отбасы Венаға көшеді. 83 жыл өмірінің 80 жылын Зигмунд осы қалада өткізеді. Үлкен отбасында 8 бала болды, бірақ Зигмунд өзінің алғырлығымен,таңқаларлық ақылымен,кітапқа деген құмарлығымен ерекшеленді. Сол себепті оған ата-анасы жақсы жағдай жасауға тырысты. Сабақ орындау барысында оған ешкім кедергі жасамау мақсатында, Зигмунд әрқашан керосинді шаммен оқитын, ал басқа балалары шам арқылы оқитын. 17 жасында гимназияны өте жақсы аяқтап, әйгілі Вена университетіне оқуға тапсырады. Университетте атақты профессорлар дәріс береді. Сол жерде оқып жүріп Зигмунд Фрейд студенттік одаққа қосымша тарих , саясаттану, философия жайлы үйрену мақсатында кіреді. Бірақ көбірек оны жаратылыстану ғылымдары қызықтырады. Биология және физика, жаратылыстану принципі бойынша нақты тәжірибелі маман ретінде қалыптасты. Бұл үшін ол алдымен клиникаға жұмыс істеуге бару керек болды. Өйткені оның ол кезде медициналық тәжірибесі жоқ болатын. Клиникада Фрейд диагностика әдістерін миына зақым келген балаларды сондай-ақ әр-түрлі тілдік ақаулары бар балаларды емдеу әдістерін меңгерді. Оның ғылыми еңбектері медициналық зерттеулер ортасында белгілі бола бастайды. Зигмунд Фрейд жоғары білікті невропатолог дәрігер ретінде танылады. Өзіне келген науқастарды ол жылу, су, электр тогы арқылы яғни физиотерапия әдістерімен емдейді. Алайда Фрейд көп ұзамай бұл физиотерапиялық әдістерге қанағаттанбайды, өйткені емдеудің тиімділігі жақсартуды қажет етті. Ол басқа әдістерді іздестіре бастады. Соның ішінде сол кездің дәрігерлері жақсы нәтижеге қол жеткізіп жүрген гипноз арқылы емдеуді қолданады. Сол дәрігерлердің ішінде Ю.Брейрде бар. Ол жас З.Фрейдке зор ықпал етті. Олар өздеріне келген ауру адамдардың ауруларының себептерін және оларды емдеу жолдарын бірге талқылады. Көбінесе оларға қояншық ауруымен ауратын әйелдер емделуге келетін. Бұл аурудың көріну себептері – қорқыныш (фобия), сезімталдықтарды жоғалту, тамаққа тәбеті болмау, екі адам сияқты әрекет ету, елестер т.б. Жеңіл гипноз түрін қолдану арқылы (түс көру тәрізді ұйқылы-ояу күй) Брейр мен Фрейд ауру адамдарға сол аурумен ауырар алдындағы оқиғаларды айтқызды. Аурулар сол оқиғаларды есіне түсіре алса және сөзбен жеткізе алса бұл ауру шамалы уақытқа бәсеңдейді. Мұндай жағдайды Брейр көне грекше «катарсис» (тазару) деп атаған. Көне заман философтары бұл сөзді адам өнер туындыларын қабылдағанда пайда болатын және оның жанын жағымсыз күйлерден тазартатын сезім күйлерінің атауы ретінде қолданған. Ғылыми білім – бұл білім өте мұқияттылықты қажет ететін құбылыстар себебін білу. Ол құбылыстарға сипаттама беріп қана қойған жоқ, олардың себептері мен заңдылықтарын іздеді. Психология саласына көшкен кезде де ол осы принциптерді ұстанды. Ол медицина факультетінде оқыды. Оның ұстазы еуропаның әйгілі физиологы Эрнст Брюкке болды. Оның зертханасында көптеген елдердің ғалымдары жұмыс істеді оның ішінде орыс физиологиясы мен ғылыми психологияның негізін салған И.М.Сеченов болды. Брюккенің жетекшілігімен студент Фрейд Вена физиология институтында жұмыс істеді. Ол жерде ол күніне бірнеше сағат микроскоппен жұмыс істеді. Қартайған шағында бүкіл әлем мойындаған психолог болған ол достарының біріне зертханада жануарлардың арқа жұлынының жүйке жасушаларының құрылымын зерттеген жылдар оның ең бақытты сәттері екендігін айтты. Осы кезеңде қалыптасқан оның бойындағы ғылымға деген қызығушылық пен табандылықты З.Фрейд өмірінің соңғы 10 жылдығында да жоғалтпаған.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет