ПОӘК 042-18-31 69/03-2014 №3 басылым «11». 06. 2015 ж



бет4/8
Дата10.12.2016
өлшемі1,16 Mb.
#3553
1   2   3   4   5   6   7   8

Сұрақтары. Сананы психиканың критерии ретінде бөлуі. Б.Спинозаның психологиялық көзқарастары. Неміс эмпирикалық психологияның қалыптасуы. Санасыз психика туралы түсініктер

Психика- даму процесінде пайда болған материя қасиеттерінің бірі. Органикалық емес материяның мүндай қасиеті болмайды: ол түсіне дс, ойлай да алмайды. Органикалық дүние көлемінде де материяның бэрінде бірдей психика бола бермейді. Түсіндіре жэне ойлай алатын материяға жсту үшін тірі табиғаттьгң ұзақ уақыт дамуы керек болды. Адам психикасы жоғары дәрежеде ұйымдаскан материяның ерекше қасиеті-мидың қасиеті. Бұл қасиет- айналадағы дүниені бейнелендіру. Дүниеге материалистік көзқарас материяның дамуы жөніндегі ғылымға негізделеді. Тіршіліктің пайда болуы, яғни тірі немесе органикалық материяның шығуы-материяның дамуыкдағы белгілі бір кезең больга саналады. Органикалық емес материядан пайда болған тірі материяның өзінің өлі материяға карағанда ерекше қасиеттері бар. Бүл касиеттердің ішіндегі сң бір бастысы-тітіркенушілік. Сонымен психика тірі материяның барлығында бірдей бола беретін қасиет емес. Ол органикалык материяның жоғарғы формаларының қасиеті болып табылады.

Сана - объективті шындыкты тану, адам психикасының ең жоғарғы түрі. Сана адамның өзіне, табиғатка, басқа адамдарға қарым-қатынасын сезіне алдына мақсат қоя білуге, оны жүзеге асыруға мүмкіндік жасайды. Сана эрбір жеке адамға тән дара қасиет. Жеке санамен қатар өмір сүрген ортаға байланысты қалыптасатын қоғамдық санада болады, адам сапасының мазмұнына оның өскен ортасы, қоғамдық болмыс ықпал жасап отырады. Адамның психикасы, санасы оның қоғамдық қызметтері мен түрмыс жағдайларына байланысты дамиды. Қарастыруға оңай болу үшін психологияның негізгі түйіндері үш категорияға біріктіріледі: психикалыц процестер, психикалыц күйпер, психикапьщ ерекшеліктер, қасиеттер. Әдетте, психикалық процестерге таным процестері жатады: түйсік пен кабылдау - сезім мүшелерін тікелей эсер ететін затгар мен тітіркендіргіштер бейнесі; елестеу мсн ойлау - адам санасында жалпыланған жэне өвделінген жай санада болмайтын шындық ерекшеліктерініц бейнесі; эмоциялық процестер (сезімдердің пайда болуы, кажеттілікті етеуге байланысты динамикасы т.б.). Пспхшалъщ процестер деп, сезімді бастан кешіру (көңіл-күй, аффект), зейін (зейінділік, зейінсіздік), ерік (сенушілік, сенбеушілік, күдік) жэне тағы басқаларын айтады. Тұлға ерекшеліктері немесе психикалық касиетке: акыл, ойлау сапалары; мінезде, темпераментте және қабілетте бекінген ерік сферасының түрақты ерекшеліктері; белгілі жолмен әрекет жасауға калыптаскан жэне кайта пайда болатын турткілер, сезім ерекшеліктерін (ашушаңдық, сентиментальдъіқ) және т.б. айтуға болады. Бүл психиканың барлық көріністерінің үш категорияға белінуі шартты турде «психикалық процесс» туйіні психологиямен анықталатын деректің динамикасын, процессуалдығын айқындайды.

Бір ғана психикалық дерек, мысалы аффект, яғни жүйке жүйесінің ерекше козуынан туындайтын күшті эмоция, психикалық процесс ретінде де (себебі, мұнда сезім дамуының динамикасы көрсетіледі және бірін-бірі кезек алмастыратын кезендер айқындалған), психикалық күй (себебі, ол белгілі уақыт аралығындағы психикалық эрекет сипатын бейнелейді) жэне адамның психикалық ерекшеліктерінің көрінісі ретінде (мұнда түлғанын үстамсыздық, ашушаңдық, кекшіл сипаттары) аныкталады. Психологияның негізгі сүрактарын қарастырудың жольш түлға әрекетінің даму принципі ашады. Тек осы ғана жалпы психологияны мазмұндаудың негізі болуы тиіс. Бүл принцип тұлғаның қарым-катынаста және эрекегге зерттелуін, олардың негізгі көрінісін талқылауды, адам түлгасы мен іс-эрекетінің танымдық, эмоционалдық жэне ерік сферасының қарастырылуын алдыңғы қатарға кояды.

Өзіндік сана - сананың өзіңді білу мен өзіңе қатынастың бірлігі ретінде көрінетін бір түрі. Өзіндік сана-сезім сыртқы ортаны жэне өзінді өзің танудың бейнеленуінен біртіндеп калыптасады.

«Баланың өзін-өзі аңғаруынаи кейін,-деп жазды И.М. Сеченев -есейгенде адамның өз санасының актілеріне сын көзбен қарауға, яғни өзінің бүкіл ішкі дүниесін сырттан келіп қосылатын барша күбылыстардан бөліп қарауға, оны талдауға жэне сыртқымен қатар коя қарауға (салыстыруға) бір сөзбен айтқанда, ез санасының актін зерггеуге мүмкіндік беретін өзіндік сана-сезім пайда болады». В.С.Мерлиннің пікірінше, өзіндік сананың күрделі психологиялық құрылымы: біріншіден-өзінің тендестігін ұғынуды; екіншіден-белсенді іс-эрекетшіл негіз ретінде өз «менін» ұғынуды; үшіншіден-өзінің психикалык касиеттері мен сапаларын ұғынуды; төртіншідеи-өзін-өзі элеуметтік-адамгершілік бағалаулардың белгілі бір жүйесін камтиды.


7 Психологияның дамуында психоанализ практикаға бағытталған саласы ретінде

Сұрақтары. Психоанализдің басталуының тарихи алғы шарттары. Психоанализдің қалыптасуындағы З.Фрейдтің тұлғалық ерекшелігі және рөлі. З. Фрейдтің концепциясындағы психикалық құрылым туралы көзқарастардың дамуы. Психоанализдің дамуы және еркін ассоциациялық әдіс және оның қалыптасуы үшін маңыздылығы. Неофрейдизм және психоанализ шеңберіндегі психотерапевтік процедуралардың даму тенденциясы.

Зигмунд Фрейдті тұлғалық деңгейде көтерген көптеген биографиялық очерктер мен кітаптар бар. Алайда осы шығармалардың көбінде авторлардың бір жақты пікірге бой алдыратындықтарын байқаймыз. Мысалы, бұл мәселе жайлы А.М. Рудкевич былай жазады: Австриялық дәрігер психолог Зигмунд Фрейд ең атақты психологтардың біріне саналады. Ол 1856 жылы 6 мамырда Фрейбурк қаласында, қарапайым тері сатушының отбасында дүниеге келген. Психологиялық талдаудың негізін қалаушы. 17 жасында гимназияны өте жақсы аяқтап, әйгілі Вена университетіне оқуға тапсырады. Университетте атақты профессорлар дәріс береді. Сол жерде оқып жүріп Зигмунд Фрейд магистранттар одаққа қосымша тарих, политика, философия жайлы үйрену мақсатында кіреді. Бірақ көбірек оны жаратылыстану ғылымдары қызықтырады. Биология және физика, жаратылыстану принципі бойынша нақты тәжірибелі маман ретінде қалыптасты. Бұл үшін ол алдымен клиникаға жұмыс істеуге бару керек болды. Өйткені оның ол кезде медициналық тәжірибесі жоқ болатын. Клиникада Фрейд диагностика әдістерін миына зақым келген балаларды сондай-ақ әр-түрлі тілдік ақаулары бар балаларды емдеу әдістерін меңгерді. Оның ғылыми еңбектері медициналық зерттеулер ортасында белгілі бола бастайды.



Зигмунд Фрейд жоғары білікті невропатолог дәрігер ретінде танылады. Өзіне келген науқастарды ол жылу, су, электр тогы арқылы яғни физиотерапия әдістерімен емдейді. Алайда Фрейд көп ұзамай бұл физиотерапиялық әдістерге қанағаттанбайды, өйткені емдеудің тиімділігі жақсартуды қажет етті. Ол басқа әдістерді іздестіре бастады. Соның ішінде сол кездің дәрігерлері жақсы нәтижеге қол жеткізіп жүрген гипноз арқылы емдеуді қолданады. Сол дәрігерлердің ішінде Ю.Брейрде бар. Ол жас З. Фрейдке зор ықпал етті. Олар өздеріне келген ауру адамдардың ауруларының себептерін және оларды емдеу жолдарын бірге талқылады. Көбінесе оларға қояншық ауруымен ауратын әйелдер емделуге келетін. Бұл аурудың көріну себептері – қорқыныш (фобия), сезімталдықтарды жоғалту, тамаққа тәбеті болмау, екі адам сияқты әрекет ету, елестер т.б. Жеңіл гипноз түрін қолдану арқылы (түс көру тәрізді ұйқылы-ояу күй) Брейр мен Фрейд ауру адамдарға сол аурумен ауырар алдындағы оқиғаларды айтқызды. Аурулар сол оқиғаларды есіне түсіре алса және сөзбен жеткізе алса бұл ауру шамалы уақытқа бәсеңдейді. Мұндай жағдайды Брейр көне грекше «катарсис» (тазару) деп атаған. Көне заман философтары бұл сөзді адам өнер туындыларын қабылдағанда пайда болатын және оның жанын жағымсыз күйлерден тазартатын сезім күйлерінің атауы ретінде қолданған. Ғылыми білім – бұл білім өте мұқияттылықты қажет ететін құбылыстар себебін білу. Ол құбылыстарға сипаттама беріп қана қойған жоқ, олардың себептері мен заңдылықтарын іздеді. Психология саласына көшкен кезде де ол осы принциптерді ұстанды. Ол медицина факультетінде оқыды. Оның ұстазы еуропаның әйгілі физиологы Эрнст Брюкке болды. Оның зертханасында көптеген елдердің ғалымдары жұмыс істеді оның ішінде орыс физиологиясы мен ғылыми психологияның негізін салған И.М. Сеченов болды. Брюккенің жетекшілігімен магистрант Фрейд Вена физиология институтында жұмыс істеді. Ол жерде ол күніне бірнеше сағат микроскоппен жұмыс істеді. Қартайған шағында бүкіл әлем мойындаған психолог болған ол достарының біріне зертханада жануарлардың арқа жұлынының жүйке жасушаларының құрылымын зерттеген жылдар оның ең бақытты сәттері екендігін айтты. Осы кезеңде қалыптасқан оның бойындағы ғылымға деген қызығушылық пен табандылықты З. Фрейд өмірінің соңғы 10 жылдығында да жоғалтқан жоқ. Вена университетін бітірген соң З. Фрейд кәсіби ғылым қызметкері болуды мақсат етті. Бірақ физиология институтында Брюккенің қол астында мұндай жұмыс орны болған жоқ. Осы кезде Фрейдтің материалды жағдайы да болған жоқ. Өзі сияқты кедей отбасынан шыққан Марта Бернейге үйленген соң қиындығы көбейе түсті. Фрейд ғылымды тастап өмір сүру үшін жұмыс істеуге мәжбүр болды. Бұдан шығар бір жол бар еді – ол тәжірибе жинақтаушы дәрігер болу. Қалайда бұл мамандыққа ол қызығушылық танытпады. Ол невропатолог ретінде жеке тәжірибе жинақтауға шешім қабылдады. Брейр бұл терминді эстетикадан алып психотерапияға ауыстырды. Адам саналы түрде сезінбейтін бұрынғы әсерлер, еске түсірулер елестетулердің адам санасына ықпалы философтар мен психологтарға бұрыннан ақ белгілі болған. Брейр мен Фрейдттің жаңа идеяларының мәні мынада: адам саналы түрде сезінбейтін күйлерге қарсылық білдіреді. Ал бұл күй сезім және қозғалыс органдарының түрлі ауруларға шалдығуына әкеледі. (тіпті уақытша дәрменсіздік күй тудыруы мүмкін). Гипноз әдісін әсіресе француз ғалымдары өте сәтті қолданған. Олардың тәжірибелерін зерттеу үшін Фрейд Парижге атақты невролог Шаркоға барады (бүгінде ол дәрігер физиотерапия әдісінің бір түрі – «Шарко жаны» әдісімен байланысты медицинада белгілі). Бұл дәрігердің «Невроз Наполеона» деген аты да бар. Ол европаның көптеген король отбасыларын емдеген. Бұл атақты дәрігерді ауруларды тексеру кезінде гипнозбен емдеу сеанстары кезінде тәжірибе жинақтаушы дәрігерлер тобы қаумалап жүретін. З.Фрейд жас веналық дәрігер сол тәжірибе жинақтаушылардың бірі еді. Фрейдті Шаркоға жақындастырған жағдай оның Шаркоға ол оқыған дәрістерді неміс тіліне аударуын өтініп жолыққан сәті еді. Бір әңгімелесу үстінде Шарко невротик мінез құлқындағы негізгі ерекшеліктердің бір көзі оның жыныстық құрылымында жатанын айтты. Осы ескертуді есінде сақтаған Фрейд бірнеше жыл өткен соң осы болжамдар мен бақылауларға сүйене отырып адам мінез құлқындағы басты қозғаушы күш ретінде оның сексуалды өмірінің рөлі туралы идеяны алға тартты. З.Фрейд адам өміріне дәл осы сексуалды бастамалардың тікелей және жанама әсер ететіндігін адам өміріндегі барлық проблемаларға әкелер жол деп ұқты. Фрейдтің осы ілімі көптеген батыс елдерінде әйгілі бола бастады, сонымен қатар психологиядан тыс ілімдерде қолданды

Біршама уақыттан соң Фрейд тұлға проблемаларын зерттеумен шұғылданды және неврозды емдеудің ерекше әдісін ойлап тапты. Фрейд теориясы мен практикасында санасыз күй мәселелері ерекше орын алды. Адам саналы түрде қабылдамайтын процестерге деген қызығушылық Фрейдтің бойында оның дәрігерлік қызметінің бастапқы кезеңінде пайда болды. Бұған сонымен қатар пост гипноздық күй қалыбын айқындауы әсер етті.



Фрейд өзінің санасыздық күйі теориясын жасады. Емдеуші дәрігер ретінде ол саналы түрде қабылданбайтын сезім күйлері мен уәжедері адам өмірін елеулі түрде қиындатып тіпті жүйке-психика ауруларының себебі болуы да мүмкін екендігіне бірнеше рет көз жеткізді. Бұл жағдай оның өзі емдеп жүрген ауру адамдардың саналы әрекеті мен санасыздық сезім күйі арасындағы қарама-қайшылықтан арылту жолдарын іздестіруге бағыттады. Фрейдтің адам жанын сауықтыру әдісі мен теориясы психоанализ деп аталады. ХХ ғ. психологиясында әйгілі ілім ретінде танылды. Кейінірек Фрейд тек ауру адамның емес сонымен қатар сау адамның да сезім күйімен мінез құлқын психиканың санасыздық күйі арқылы түсіндіретін теориясын құрды. Фрейд психологияға келгенде бұл ілім сана туралы ғалым деп саналды. Бұл жерде сана деп – адамның өз жанындағы (ішкі дүниесіндегі) өтіп жатқан құбылыстар туралы тікелей білуі аталады. Психологияның негізі де білудің дәл осы түрі еді. Фрейд өзінің медициналық тәжірибесіне сүйене отырып санасыздық күй, күштерін зерттей бастады. Ол емдеген адамдар өздерін не қызықтыратынын, жан дүниесін не ауыртқанын білмегендіктен ауруға ұшыраған. Тек гипноздың көмегімен сана бақылауын қадағалау арқылы тұлғаны ауруға шалдықтырған оқиғалар ізін табуға мүмкіндік туды. З.Фрейдтің бұл жердегі батыл қадамы санасыздық күйі психикасының түрі қалтарыстарын зерттеуде болды. Адамның жан дүниесінің құпияларына барар жолды ол сана психологиясынан да, физиологиясынан да емес санасыздық күйі психологиясынан іздей бастады. Емдеу процесінде санадан жасырын ойлар мен сезім күйлерін тану қажет болды. Бастапқыда ең басты және жалғыз қару гипноз болатын. З.Фрейдтің шеберлігі Брейрге қарағанда жеткіліксіз еді. Гипнозға қанағаттанбаған ол басқа құралдарды іздестіре бастады. Фрейд тапқан жаңа терапиялық құрал «еркін ассоциация» деп аталатын ассоциация түрлері еді. Олар көптеген жылдар бдойы психоанализдің негізі болып келді. «Ассоциациялар» ұғымы – психология ғылымындағы көне ұғымдардың бірі. Бұл термин Платон мен Аристотельдің еңбектерінде кездеседі. Ассоциациялардың құрылу заңдылығын ғасырлар бойы психологияда ең басты нәрсе еді. Мысалы адам бір затқа қарай отырып оның иесін есіне алады. Өйткені бұрынырақта олар бір мезгілде қабылданса олардың мидағы іздері арасында өзара байланыс, яғни ассоциация пайда болған. З.Фрейд ассоциацияларды санасыз түрдегі іс-әрекеттерді зерттеуге жол табу үшін қолданған. Бұл үшін ассоциациялар еркін болуы тиіс. Яғни сананың қабылауынан тыс болады. Психоанализдің басты үрдісі осылай туған. Емделуші адам бей-жай күйде (жатқан қалпы) ойына келген нәрсенің барлығын емін еркін айту, миында туындаған ойлар алуан түрлі болсада өз ассоциацияларын сыртқа шығаруы тиіс болды. Емделуші кедергіге тап болғанда мүдіре бастады бір сөзді бірнеше рет қайталап ойындағыны еске түсіру мүмкін еместігін айтты. Бұл жердегі Фрейдтің болжамы: Ауру адам өзінің кейбір құпия ойларына еркінен тыс қарсылық танытады. Сонымен қатар мұны ол санасыз түрде өз ырқынан тыс жасайды. Адам мінез құлқын меңгерудегі санадан тыс уәждердің атқарар рөлін анықтай отырып Фрейд психологияда жаңа бағыттың негізін салды. Бірақ оның адамға тән бүкіл қиыншылық, қызығушылық, құмарлық атаулының басты себебі адам бойындағы санадан тыс сексуалды күштердің әрекеті болып табылатындығына деген нық сенімі онық көптеген зерттеушілер ішінде өз жақтастыры мен қызметтестерінің қарсылығын тудырды. З.Фрейдтің ұстанған принциптерімен көзқарастарына қарама-қайшы пікірлер орын алды. Ал оның теориясы әуелден ақ сынға алынды, тіпті жоққа шығарылды. Бірнеше ондаған жылдар бойы күн сайын 8-10 сағаттан З.Фрейд дәрігерлік тәжірибесін шыңдады. Осы тәжірибелерінен алған фактлері арқылы ол толғақ құрылымына сипаттама берді. Тәжірибе жүргізуші дәрігер ретінде Фрейд қолда бар фактлерді өте мұқият қолданды. Бұл фактілердің білгірі деуге болады. Фактілерді жинақтай отырып олардың негізінде өз теориялық қағидаларын құрды. Алайда кейінірек ол көбінесе теория жасаумен шұғылданып оларды нақты фактлері негізінде дәлелдеуге аз көңіл бөлді. Бұл жерде Фрейд даңқы арта түскен сайын өз көзқарастары дұрыс дегенге әбден сеніп өзін жоғары бағалай бастағандай еді. Фрейдтің мінезі бір беткей болатын және оның тұжырымдамасын өзгертуге немесе толықтыруға тырысқан өз шәкірттерінің барлығын дерлік алыстатып алды. Психоанализге жолдың кең ашылуы үлкен еңбектен келгендіктен әр шегіністі Фрейд сатқындық ретінде қарастырды. Психоаналитикалық ассоциациядан өз жақтастарымен қатар Фрейдтің шәкірттері де – А.Адлер, К.Г. Юнг, К. Хорни, М. Клейн, Ж. Лакан сияқты зерттеушілер де қуылды. Мұндай атмосфера З.Фрейд салған ізге және оның беделіне мүлтіксіз бас шұлғуды танытты. Психоанализде адам ойлары мен сезім күйлерінің санадан тыс түрін анықтау әдісі ретінде түс көруді талдау әдісі табылды. Бұл әдістің мәні мынада: психоаналитик емделушінің көрген түстерін талқыға салады. Фрейдтің есептеуінше, түс көру қаншалықты бос көріністер болғанымен, оның «сценарийі» – бұл түстің бейне-белгілері арқылы қанағаттандырылатын түпкі тілек-қалаулар коды. Бұл болжамына өщзі таңырқаған З. Фрейд оның тіпті қандай жағдайда туындағанын да есіне сақтап қалады. Бұл 1895 жылдың 24 шілдесіндегі кешқұрым мезгіл, бейсенбіде, веналық мейрамханалардың бірінің солтүстік-шығыс бұрышында еді. Бұл жөнінен З.Фрейд бірде: «осы жерде дәрігер Фрейд түс көру құпиясын ашты» деген жазуы бар тақтай іліп қойса да болады», – деп әзілдей айтқан екен. 1900 жылы «Түс жору» кітабы жарық көрді. Оны З.Фрейд өзінің басты еңбегі санады. Кітапта түстегі бейнелердің қалыптасу тәсілдері: олардың кешенді қабаттасуы, тұтас бейненің бөлшек бейнемен алмасуы, кейіптеу және т.с.с. сипатталды. Осының барысында ол барлық адамдар үшін бірдей мәнге ие символдар бар деп санады. Мұндай символдар ретінде ұшу, құлау, суды, үшкін заттарды, тістің түсуін көру қарастырылды. Тәуелсіз авторлардың бұл қағиданы тексеруі мұндай тұжырымды растамады. Фрейд түс көрудегі бейнелерді эмоциалды сезім күйлерінің деңгейлері ретінде түсіндірді. Олардың туындау көздері күндізгі қалыптан тыс сезім күйлерінде, қызығушылықтарында, қорқыныш күйлері мен санадан тыс әрекеттерінде жасырылған. Олар өздері туралы ерекше символдық тілде сөйлейді. Фрейд олардың сөздік қоры мен оның құрылу тәсілін қалпына келтіруге тырысты. 1901 жылы оның «күнделікті тұрмыс психопатологиясы» кітабы жарық көрді, мұнда ол түрлі бұрыс әрекеттерді түсіндірді: есімдерді ұмыту, сөзден таю, санадан тыс уәждердің көрінуі. Фрейд бойынша, мұның себептерін санадан тыс импульстерден, шұғылданатын әрекеттерінен іздеген жөн. Бұлардан кейін оның «Даналық және оның санадан тыс құбылысқа қатынасы» (1905), «Сексуалдылық теорияисы бойынша үш очерк» (1905), «Тотем және табу» (1913) еңбектері жарық көрді. Фрейдтің халықаралық деңгейдегі атақ-даңқы З.Фрейдтің танымалдығы арта берді: халықаралық деңгейде де атақты болды. 1909 ж. оны АҚШ шақырады, оның дәрістерін көптеген ғалымдар, солардың ішінде америкалық психология атасы Вильям Джемс те тыңдаған. З. Фрейдті құшақтап тұрып ол: «Болашақ – сіздің қолыңызда», – деген екен (Ярошевский, 1989, 21 бет). 1910 жылы Нюрнбергте психоанализ бойынша Бірінші халықаралық конгресс өтті. Оған қатысушылар психоанализді психологиядан өзіндің ерекшелігі бар жеке, айрықша ғылым деп жариялады. Алайда көп ұзамай осы қоғамдастың ішінде оның таралуына әкелген қарсы пікірлер туындады. Фрейдтің көптеген жақын жүрген жақтастары онымен арақатынасын үзіп, өздерінің мектептерін ашып, бағыттарын қалыптастырды. Солардың ішінде Альфред Адлер мен Карл Юнг те бар, олар соңынан атақты психологтар болды. Олардың көпшілігі сексуалды инстинктің басым рөлге ие екендігін мойындамады. Көп ұзамай З.Фрейдтің өзі де өз тұжырымдамасына түзетулер енгізді. Бұған оны өмір мәжбүрледі. Бірінші дүниежүзілік соғыс басталды. Емдеушілердің көбі сексуалды сезім күйлеріне емес, соғыс уақытында оларды күйзелткен сынақ, қиыншылықтарға байланысты невроз ауруымен ауырды. ХЫХ ғ. соңында веналық бұқара халықты емдеу кезінде туындаған З.Фрейдтің бұрынғы тұжырымдамасы кешегі солдаттар мен офицерлердің соғыс жағдайында туындаған психикалық күйзеліс күйін түсіндіруге жарамсыз болып шықты. З.Фрейдтің жаңа емдеушілерінің өлімді көп көруден туындаған психикалық күйзеліс пен соққылары ерекше инстинкт бар деген болжам жасауға себеп болды. Ол Танатос деген атауға ие болды. Бұл жерде Танатос деп не өзгелерді, не өзін өлтіруге, жоюға деген ерекше құмарлықты түсіндірді. З.Фрейдтің көзқарасы бойынша, бұл инстинкт сексуалды инстинктпен қатар мінез-құлықтың кез келген түрінің негізіне алынған. З.Фрейдт бұл мәселені зерттеуге интермелеген өз өміріндегі жағдайлар да болды. 20-жылдардың басында ол көп шылым шегуден туындаған өте ауыр ауру түрімен ауырды. Бір операциядан соң екіншісіне шыдамдылықпен төзіп, жұмыс істеуін тоқтатпады. 1915-1917 жж. ол Вена университетінде «Психоанализге кіріспе дәрістер» деген атпен жарияланған курс оқыды. Бұл курс олықтыруды қажет етті, оларды ғалым 1933 жылы 8 дәріс түрінде жариялады. З.Фрейд шығармашылығының осы соңғы кезеңінде оның «Бұқара психологиясы және «Мен» талдауы» (1921), «Мен және Ол» (1923) еңбектері жарық көрді.
8 Когнитивті психологияның даму тенденциясы, жағдайы, тарихы.

Сұрақтары. Таным процестеріне жалпы сипаттама және оның әртүрлі деңгейдегі жетілуі. «Ес және ойлау», «түйсік және қабылдау»жаратылыстанудағыхабарлардың өңделу процесінің тиімді ерекшеліктері. Танымдық процестер іс-әрекеттің әр түрі ретінде. Танымдық іс-әрекеттің әр түрлерінің қызметінің нәтижесі ретіндегі субъективизм. Тұлға субьективтіліктің интеграторы ретінде. ретіндегі субъективизмнің көрінуі.

А.Н. Леонтьев, А.А. Смирнов, .В. Занков, П.И. Зинченко және басқа зерттеушілер еңбектерінде субъектінің іс-әрекет мазмұнынан есте қалдыру тәуелді екені көрсетіледі. Мұнан басқа, есте сақтау процестерінің өздері- есте қалдыру, тану және қайта жаңғырту-ерекше түрдің іс-әрекеті ретінде мінездеме берді. А.А. Смирнов ырықсыз есте қалдырудың мәселесін тұжырымдап берді және іс-әрекет затты болып табылатын және іс-әрекет бағыттылығымен сәйкестіктің барлығы ырықсыз есте қалдырылатынын анықтайды. А.А. Смирновпен тағы есте қалдырылатын материалдың іштей қайта өңделеуін қамтамасыз ететін ойлау процестерінің рөлі көрсетіледі, онда мағыналы белгі немесе тірек болатын пунктілер бөлінді. Сонымен бірге, А.А. Смирновтың зерттеулерімен келісе отырып, жағдайлар қатарында есте қалдыру процесінде материалды мағыналап қана емес, сонымен бірге қайталау, сонымен қоса қайталауды уақытында және мазмұны бойныша түрлендіру қажет.

Келесі зерттеулерде ырықты және ырықсыз есте сақтау мектеп жасына дейінгі және кіші мектеп жасындағы балаларда едеәуір дамитындығы көрінеді. Есте сақтаудың әбден жетілуі есте қалдыратын материалдың көлемінің даму, оны ұстап қалу беріктілігінің өсуі, біртіндеп қалыптасқан жанама есте қалдырудың тәсілдерін қолдану іскерлігі көрінеді. Жеке нақты елестетулермен қатар балаларда жалпы елестетулер қалыптасуы қажет. Мысалы, бала есте сақтағанын суретке салғанда, бұл жалпы елестетулержемісті қалыптасады. Сосын балалар бейненің дұрыстығын тексеру үшін оны үлгімен салыстыруы қажет. Балалар мұндай салыстырумен айналысқанды онша ұнатпайды. Объекті мен бейнелердегі айырмашылықтарды көрсетіп, мұндай салыстыруларды ұйымдастыру қажет. Сонда балалар жиі заттың және суреттің бөлшектеріне сондай бір ұмтылыспен қарайды және оларды нақты бейнелеуге тырысады. Егер олар үнемі жалпы суретпен байланыстырмайды, олар басты назарды бөлшектер бейнесіне бөлсе, онда ол қорқынышты жағдай, емес, бұл әсіресе I және II класс оқушылары үшін тән. Кейін заттар қатарынан ұқсас белгілерді көре бастайды және (жалпы) түсінік қалыптасуы үшін үлкен маңыздылығы бар жалпы елестетулер жасалады.

Ескеру қажет, жинақтау әртүрлі ерекшеліктерді алып жүруі мүмкін. Жинақтаудың бірінші түрінде бұл топтар үшін мәнді заттар бөлінеді, екіншіде белгілерді араластыру болады, нәтижесінде әр түрлі заттар бірдей ретінде қабылданады.

Тәжірибелер көрсетеді, есте жалпылар аса берік, айқын сақталады. Балаларда жөке ағашы мен қайыңның жапырақтарының формаларын есте қалдыру ұсынылады. Бірнеше уақыт өткеннен соң олар екеуінде қайта жаңғыртулары қажет. Нәтижесінде екі жапырақта бірдей түрде салынды.

Мұндай жағдайда, балаларға қатал бейнеленген өзгеше белгілері бар жапырақтарды қайта жаңғырту ұсынылды, мысалы, үйеңкі жапырағы, бұл жапырақтағы кесіктері суретте арттыру.Жинақтау типі екінші түрімен ұқсас И.П. Павловтың жануарларға эксперименталды зерттеуі болды. Жинақтаудың бұл типі онымен генерализацияланған шартты рефлексі деп атанды. Эксперименттің негізі келесіні құрайды. Азықпен тітіркену дыбысы 40 кал/сек қуаттанылса, ит тек оған ғана әсер білдіре бастайды. Көптеген жағдайда ұқсас тітіркендіргіштер иттер үшін бірдей биологиялық маңызды болады. Оқушылардың есте қалдырулары, біз көргендей, бұл ережелерге бағынады. Балалар ұқсастарды өте жақсы есте қалдырады (айырмашылық жоқтай мән бермейді), бұл айырмашылықтарды ескермей. Қандай да мәні барлар бекітіледі.

Бұдан оларды есте қалдыру кезінде объектілерді дифференциалауға үйрену қажеттілігі шығарады. Осы мақсатпен заттың бұл ерекшеліктерінің маңыздылығын көрсету маңызды, мысалы жануарлардың аяқтарының айырмашылығын олардың өмір бейнесімен байланыстыру: иттің дараланған аяғы және аттың тұяғы, мысықтың тырнақты аяғы және қоянның алдыңғы және артқы аяқтарының ұзындықтарының әр түрлігі. Оқушыларға мұндай айырмашылық маңыздылығы түсінікті болғанда, олар берік және ұзаққа дейін есте қалады.

Байқаусыздан есте қалдырудан басқа, мәнді маңыздылығы барды дамыту қажет. Балаларды есте қалдыру тәсілімен үйрету қажет. Зерттеулер көрсетеді, балалармен мұндай жұмыс жүргізілмейді, сондықтан олар дұрыс емес тәсілдерді қолданады. Ойлаудың онан әрі дамуы есте қалдыратын материалдан мәнділерін бөліп, көрсете алу, арқа сүйеу болатын пункттарының астын сызып көрсету, олармен қалғандарын байланыстыру қажет.

Отандық психологтардың зерттеулерінің арқасында есте сақтауды функциялау және оны дамытудың толық концепциясы шықты.

Л.С. Выготский мен есте сақтаудың, психиканың дамуы сияқты толығымен әлеуметтік табиғат көрсетіледі. Аламның мәдени дамына ерекше мән беруде ойлап шығарған және белгілерді қолдану, және олардың көмегімен психикалық процестегі тікелей арғымды жанамаға айналдыру жасалады, Л.С. Выготский белгінің көмегімен белсенді еске сақтаудың мәнділігін көрді. Сонымен, Л. С. Выготский бойынша, адамның тарихи және жекелей дамуында біртіндеп ішкі белгілерді ішкі сөйлеудің сөзімен бейнесі түрінде ішкі сүйенішті есте қалдыру және қайта жаңғырту үшін құралына айналдыру болады. Л.С. Выготскийдің көзқарасына негізделе, А.Н. Леонтьев тікелей және жанама есте қалдырудың арақатынасында жастық өзгерісті көрсетті, ал А.Р. Лурия – мидың зақымдалған ауруларда есте қалдыру үшін құралын қолданудың әр түрлі мүмкіндігін көрсетті.

Жанама есте қалдыру тәсілдеріне қазіргі шетелдік балалар психологиясында белгілі маңыздық береді басталады. Мынадай тәсілдер бөлініп шықты: мектеп жасына дейінгі балалар үшін еске қалдыруға жататын, шынайы әрекеттерді заттармен орындау, қабылданатын белгілі білдіру ретінде есте қалдыру нәтижелелігін жоғарлату, және елестеген әрекеттерді ойдағы бейнелер жолымен операция жасау – бұл кіші мектеп жасындағы балаларға арналған. Кейбір зерттеулерде материалмен есте қалдыруға жататын ойлау іс-әрекетінен есте сақтаудың нәтижелігі тәуелді екеніне көңіл аударылады. Сонымен қоса іс-әрекет міндетті шешуге ұқсастырылады: балалар, материалды талдай отырып, мәселені анықтайды, болжамды тұжырымдайды, қажетті информацияны таңдап алады және т.б. Егер оларды белгілі стратегияға және есте қалдыру техникасына үйретуде, балалардың есте сақтауын едеуір жақсарту мүмкіндігі көрсетіледі.

Есте сақтауды қарастырудың негізгі аспектісі, аса зерттелгенді ырықсыз есте қалдыру мәселесіне қолдану, есте сақтау нәтижелігімен адам жекелей ерекшеліктерінің, оның мотиві, қызығушылығы, қажеттілігі, қоршаған ортаға қатынасы оның бағдарлары арасында байланыс құру. XIX ғасырдың аяғы және XX ғасырдың басында психологтардың тағы бір зерттеулерінен белгілі, адам үшін барлық жекелей маңыздылар ересектердегі сияқты, балаларда да орташа қарағанда есте едәуір берік сақталады. Бұдан басқа, баланың есте сақтауының даму онда ерік күштеріне әдеттердің қалыптасуынан тікелей тәуелді, солай болғандықтан есте қалдырудың мағыналы және жанамалы ерекшеліктерін қамтамасыз ететін ойлау іс-әрекеті сияқты ырықты қайта жаңғыртыру әрекеті көптеген қиыншылықтарды жеңу қажеттілігімен кездеседі.

Есте сақтаудың қарастырудың жаңа аспектісі информация және кибернетика теориясы дамуымен байланысты пайда болды. Машина құрылысын, информацияны кодтайтын және кодтай алмауды жасаудың қажеттілігін әр түрлі мамандардың адамның есте сақтаудың заңдарына қызығушылығын едәуір өсірді.
9 Психологиядағы ХІХ – ХХ ғасыр шебіндегі теориялық тұжырымдамалар


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет