Практикалық жұмыс Мақсаты: Негiзгi кестелердi құру



Дата20.02.2020
өлшемі48.69 Kb.
Практикалық жұмыс

Мақсаты: Негiзгi кестелердi құру.
Отырар кiтапханасының басқармасы екi кестеге негiзделген мәлiметтер базасын жасауға тапсырыс бердi. Бiрiншi кесте оқырмандарға аерналған, онда кiтапханадан кiтап алған оқырман жайлы мәлiметтер көрсетiледi. Екiншi кесте кiтапханадағы оқулықтарды тiркеуге арналсын.

Microsoft Access программасын iске қосыңыз (Пуск Программы Microsoft Access).

Microsoft Access терезесiнде Жаңа мәлiметтер базасы ( новая база данных )

ауыстырып – қосқышын қосыңыз. ОК батырмасын шертiңiз.

Жаңа мәлiметтер базасының файлы (Файл новой базы данных)терезесiнде

\Менiң құжаттарым (Мои документы) қаптамасын таңдап алып, файлға Отырар кiтапханасы деп ат берiңiз. Файл типi ретiнде Microsoft Access мәлiметтер базасы алынғанын көресiз. Құру (Создать) батырмасын басыңыз. Жаңа Отырар кiтапханасы мәлiметтер базасының терезесi ашылады.

Кестелер панелiн ашыңыз.

Конструктор режiмiнде кесте құру белгiсiне екi рет шертсеңiз кесте құрылымын даярлау бланкiсi ашылады.

Бiрiншi кесте үшiн төмендегiдей өрiстердi енгiзiңiз:

өрiс атауы өрiс типi

-оқырманның аты-жөнi мәтiндiк

-кiтаптың аты мәтiндiк

-кiтаптың авторы мәтiндiк

-кiтаптың нөмiрi мәтiндiк

-кiтап алған уақыты мерзiм\уақыты

-бағасы қаржылық

Кiтаптың нөмiрi өрiсi мәтiндiк өрiс екнiне көңiл аударыңыз, өйткенi олардың сандық мағынасы жоқ. Кiтап нөмiрлерiн бiр-бiрiне қосуға, көбейтуге, салыстыруға болмайды.

Болашақ Оқулықтар кестесiмен байланыс орнату үшiн түйiндi өрiс беруiмiз қажет. Кiтаптың аты өрiсiн қайталанбайтын өрiс ретiнде таңдап алуыңызға болады. Бiрақ өте үлкен мәлiметтер базасында аттары әр түрлi кiтаптар кездесуi мүмкiн. Сондықтан бiз Кiтаптың аты және Кiтаптың авторы өрiстерiнiң комбинациясын түйiндi өрiс ретiнде пайдаланамыз. Бланкiнiң жоғарғы бөлiгiндегi өрiстi ерекшелеп алыңыз (Shift). Тышқанның оң батырмасын шерту арқылы жанама менюдi ашыңыз және одан Түйiндi өрiс (ключевое поле) бөлiмiнiн таңдап алыңыз.

Конструктор терезесiн жабыңыз. Терезенi жабу кезiнде кестеге Оқырмандар деп ат берiңiз.

5-9 бөлiмдердегi амалдарды қайталап, Оқулықтар кестесiн құрыңыз. Оған төмендегiдей өрiстер енедi:
өрiс атауы өрiс типi

- кiтаптың аты мәтiндiк

-кiтаптың авторы мәтiндiк

-баспасы мәтiндiк

-шыққан жылы мерзiм\уақыты

-кiтаптың нөмiрi мәтiндiк

-көлемi сандық

-бағасы қаржылық


Көлем өрiсiн шертiңiз. Бланкiнiң төменгi бөлiгiнде ондық белгiлер саны 0-ге тең қасиетiн берiңiз.

Бұл кестеге түйiндi өрiс енгiзбесе де болады -- берiлген тапсырмада ол талап етiлмейдi.

Отырар кiтапханасы: мәлiметтер базасы терезесiнде құрылған кестелердi кезекпен ашып, оларға он шақты жазбалар енгiзiңiз. Жұмысты аяқтап кестелердi жабыңыз. Mikrosoft Access программасын жабыңыз.

Практикалық жұмыс

Мақсаты: Кестеаралық байланыстарды құру.
1. Microsoft Access программасын iске қосыңыз.

2. Microsoft Access терезесiнде Мәлiметтер базасын ашу (Открыть базу данных) ауыстырып-қосқышын қосыңыз, өткен сабақта құрылған Отырар кiтапханасы базасын таңдаңыз, ОК батырмасын шертiңiз.

3. Отырар кiтапханасы: мәлiметтер базасы терезесiнде Кестелер (Таблицы) панелiн ашыңыз. Онда бұрын құрылған Оқырмандар және Оқулықтар кестелерiнiң таңбашалары барына көзiңiздi жеткiзiңiз.

4. Аспаптар панелiнен Мәлiметтер схемасы (Схема данных) батырмасын iздестiрiңiз. Егер қиындықтар болса, меню жолындағы команданы табыңыз: Сервис Мәлiметтер схемасы (Схема данных). Мәлiметтер схемасы терезесiн ашу үшiн, осы тәсiлдердiң кез-келгенiн қолданыңыз. Осы терезенiң ашылуымен қатар бiр уақытта Кестелердi қосу (Добавление таблицы) сұхбат терезесi ашылады, бұл қосымша кестеден аралық байланысты құратын кесте таңдауға болады.

5. Қосу (Добавить) батырмасын шерту арқылы Оқырмандар және Оқулықтар кестелерiн таңдаңыз -- Мәлiметтер схемасы терезесiнде осы кестелердiң өрiс тiзiмдерi ашылады.

6. SHIFT пернесiн басып тұрып Оқырмандар кестесiнен екi өрiстi ерекшелеңiз: Кiтаптың аты және Кiтаптың авторы.

7. Осы өрiстердi Оқулықтар кестесiнiң өрiс тiзiмiне әкелiңiз. Тышқан

батырмасын жiберген сәтте, Байланысты өзгерту(Изменение связей) сухбат

терезесi шұғыл түрде ашылады.

8. Байланысты өзгерту(Изменение связей) терезесiнiң оң жақ панелiнен байланысқа қосылатын Оқырмандар кестесiнен Кiтаптың аты және Кiтаптың авторы өрiстерiн таңдаңыз.



  1. Байланысты өзгерту (Изменение связей) сұхбат терезесiн жауып, Мәлiметтер схемасы (Схема данных) терезесiнен пайда болған байланысты көрiңiз. Байланыс сызығын тышқанның сол жақ батырмасын шертiп ерекшелеп алуға болады, ал тышқанның оң жақ батырмасын шерту арқылы, байланысты үзуге және редакциялауға мүмкiндiк беретiн жанама меню ашылады.

  2. Мәлiметтер схемасы терезесiн жабыңыз программасын жабыңыз.



Лабораториялық жұмыс

Мақсаты: Таңдамаға сұранысты құру.
Бұл жұмыста көлемi 500 беттен, бағасы 150 теңгеден аспайтын кiтаптарды iрiктеп алатын таңдамаға сұранысты құрамыз.

  1. Microsoft Access программасын iске қосыңыз.

  2. Microsoft Access терезесiнде Мәлiметтер базасын ашу (Открыть базу данных) ауыстырып-қосқышын қосыңыз, өткен сабақта құрылған Отырар кiтапханасы базасын таңдаңыз, ОК батырмасын шертiңiз.

  3. Отырар кiтапханасы : мәлiметтер базасы терезесiнде Сұраныс (Запросы) панелiн ашыңыз. Конструктор режiмiнде сұранысты құру (Создание запросов в режиме конструктора) белгiсiн екi рет шертiңiз, сонда үлгi бойынша сұраныс бланкiсi ашылады.

  4. Кесте қосу терезесiнде Оқулықтар кестесiн таңдап, Қосу (Добавить) батырмасын шертiңiз. Кесте қосу (Добавление таблицы) терезесiн жабыңыз.

  5. Оқулықтар кестесiнiң өрiстер тiзiмiнен қорытынды кестеге енгiзiлетiн Кiтаптың аты, Кiтаптың авторы, Көлемi, Бағасы өрiстерiн таңдаңыздар. Таңдауды өрiс атауларын екi рет шерту арқылы жүргiзiңiз.

  6. Көлем өрiсi үшiн сұрыптау шартын берiңiз.Сол өрiстiң Сұрыптау шарты

(Условие отбора) жолына мына шартты енгiзiңiз: <500. Сонда кестеден көлемi 500-ден аспайтын кiтаптар iрiктелiп алынады.

  1. Бағасы өрiсiне сұрыптау шартын берiңiз. Сәйкес жолға <150 өрнегiн енгiзiңiз. Ендi кестеден бағасы 150 теңгеден кем болатын басылымдар ғана iрiктелiп алынады.

  2. Үлгi бойынша сұраныс бланкiсiн жабыңыз. Сұранысты жабу кезiнде оған Кiтаптарды таңдау деген ат берiңiз.

  3. Отырар кiтапханасы: мәлiметтер базасы терезесiнде жаңа құрылған сұранысты ашыңыз да, қорытынды кестенi қарастырыңыз. Оның мазмұндылығы №8.2. зертханалық жұмыста Оқулықтар кестесiне енгiзiлген жазбаларға тәуелдi. Егер ешбiр басылым сұрыптау шартына сәйкес келмесе және ашылған қорытынды кестеде бiрде-бiр мәлiметтер болмаса, онда негiзгi кестелерде оған сұраныстың жұмысын тексеруге мүмкiндiк беретiн мәлiметтермен толтырыңыздар.

  4. Зерттеу аяқталған соң ашық объектiлердiң барлығын жауып, Microsft Access программасын жабыңыз.



Лабораториялық жұмыс

Мақсаты: Параметрлi сұраныс құру.
Сұрыптау шарты қалай жұмыс iстейтiнiн бiз жоғарыда қарастырдық, бiрақ оның өзiндiк кемшiлiктерi бар. Мәлiметтер базасын қолданушы жобалаушы дайындаған сұраныстармен жұмыс iстейдi. Мысалы, егер жобалаушы бағасы 150 теңгеден арзан кiтаптарды iрiктеп алатын сұраныс даярласа, онда қолданушы бағасы 100 теңгеден арзан кiтаптарды iрiктей алмайды, өйткенi сұраныс жоқ.

Парметрлi сұраныс қолданушыға мәлiметтердi сұрыптаудың критериiн өзi енгiзуге мүмкiншiлiк туғызады.

Кiтаптарды iрiктегенде сұранысты iске қосқаннан кейiн ақырғы бағаны қолданушының өзi енгiзетiндей сұраныс даярлайық.


  1. Microsoft Access программасын iске қосыңыз.

  2. Microsoft Access терезесiнде Мәлiметтер базасын ашу (Открыть базу данных) ауыстырып-қосқышын қосыңыз, өткен сабақта құрылған Отырар кiтапханасы базасын таңдаңыз, ОК батырмасын шертiңiз.

  3. Отырар Кiтапханасы: мәлiметтер базасы терезесiнде Сұраныс (Запрос) панелiн ашыңыз. Конструктор режiмiнде сұраныс құру таңбашасына екi рет шертсенiз, үлгi бойынша сұраныстың бланкiсi ашылады.

  4. № 8.4. зертханалық жұмыс бойынша Оқулықтар кестесiне негiзделiнген, келесi өрiстерден тұратын таңдамаға сұраныс даярлаңыздар:

-кiтаптың аты мәтiндiк

-кiтаптың авторы мәтiндiк

-бағасы қаржылық

-баспасы мәтiндiк




  1. Сұранысты iске қосқанда қолданушы қажеттi мәндi енгiзетiн хабар ала алатындай етiп Бағасы өрiсiнiң Сұрыптау шарты (Условие отбора) жолын толтыру қажет.

Қолданушының назарына арналған мәтiн тiк жақшаға алынуы қажет. Егер бiз бағалары 400-ден қымбат кiтаптарды iрiктеп алғымыз келсе >400 деп жазар едiк. Егер бағасы 100-теңгеден арзан кiтаптар қажет болса, онда <100 деп енгiзер едiк. Бiрақ бiз бағаны таңдау мүмкiндiгiн қолданушының өзiне берсек, онда < [Ең жоғарғы бағаны енгiз] деп жазуымыз қажет.



  1. Сұраныс (Запросы) терезесiн жабыңыз. Жабу кезiнде оны Оқулықтарды таңдау деген атпен сақтап қойыңыз.

  2. Отырар кiтапханасы:мәлiметтер базасы терезесiнде Сұраныс (Запросы) панелiн ашыңыз және Кiтаптарды таңдау сұранысын iске қосыңыз. Сонда экранда Параметрдiң мәнiн енгiз (Введите значение параметра) деген жазу бар терезе ашылады.

  3. Өзiңiз қалаған мәндi енгiзiп, ОК батырмасын басыңыз.

Оқулықтар кестесiндегi енгiзiлген мәндерге байланысты сұраныстың нәтижесi – қорытынды кесте алынады.

9. Мәлiметтер базасының барлық объектiлерiн жабыңыз. Microsoft Access программасын жабыңыз.



Лабораториялық жұмыс



Мақсаты:Қорытынды сұраныс дайындау
Оқулықтар кестесiне кiтапханадағы барлық оқулықтардың параметрлерiн енгiзе отырып түгел толтырсақ, онда барлық оқулықтардың орташа көлемiн және орташа бағасын бiлуге болады. Қандай да бiр сандық өрiстiң барлық жазбаларына қолднатын есептеулердi қорытынды сұраныс дейдi. Қорытынды сұраныста өрiстiң барлық ұяшықтары бойынша орта мәннiң шамасы мен мәндерiнiң қосындысын есептеуге, өрiстегi мәлiметтердiң ең үлкен немесе ең кiшi мәндерiн табуға және басқа да қорытынды функцияны орындауға болады. Қорытынды сұраныстар да, таңдамалы сұраныстар сияқты үлгi бойынша сұраныс бланкiсiнiң көмегiмен дайындалады.

Айталық, кiтапханада оқулықтың үш категориясын: экономикалық, заң және техникалық болсын. Бiздiң мақсатымыз -- әрбiр категориядағы әдебиеттiң орташа бағасын анықтайтын қорытынды есептi шығару.



  1. Microsoft Access программасын iске қосыңыз (Пуск Программы Microsoft Access).

  2. Microsoft Access терезесiнде Мәлiметтер базасын ашу (Открыть базу данных) ауыстырып-қосқышын қосып, бұрын даярланған Отырар кiтапханасы базасын таңдаңыз да, ОК батырмасын шертiңiз.

  3. Отырар кiтапханасы: мәлiметтер базасы терезесiндегi Кестелер (Таблицы) панелiн ашыңыз. Онда Оқулықтар кестесiн таңдаңыз.

  4. Конструктор таңбашасын шерту арқылы кестенi жобалау режiмiнде ашшыңыз – мұнда бiз әрбiр кiтап қай категорияға жататыны туралы мәлiметтер сақталынытын қосымша Категория өрiсiн құра аламыз.

  5. Кестенiң құрылымының басына жаңа өрiс енгiзiңiз.Ол үшiн бiрiншi өрiстi (Кiтаптың аты) ерекшелеп алып,INSERTбатырмасын басыңыз.

  6. Жаңа өрiстiң атын еңгiзiңiз- Категория және оның типiн анықтаңыз-мәтiндiк.

  7. Конструктор терезесiн жабыңыз. Жабар алдында, кестенiң құрылымын өзгерту қажеттiлiгiн құптаңыз.

  8. Оқулықтар кестесiн ашып, оның әрбiр категориясын мазмұнды мәлiметтермен толтырыңыз. Әрбiр категориядағы басылымдардың бағасын еркiңiзше қойыңыз.Кестенiң басқа өрiстерiн толтырмай-ақ қоюыңызға болады, өйткенi олар қорытынды есептеулердi жүргiзгенде қатыспайды.

  9. Оқулықтар кестесiн жабыңыз.

  10. Отырар кiтапханасы: мәлiметтер базасы терезесiнде Сұраныс (Запросы)панелiн ашыңыз.

  11. Конструктор режiмiндегi сұранысты құру белгiсiн екi рет шертiңiз. Ашылған Кестелердi қосу (Добавление таблицы)терезесiнен Оқулықтар кестесiн таңданыз, соның негiзiнде қорытынды сұраныс дайындалады.Кестелердi қосу терезесiн жабыңыз.

  12. Оқулықтар кестесiнiң үлгi бойынша сұраныс бланкiсiне келесi өрiстердi енгiзiнiз: Категория, Кiтаптың аты және Бағасы.

  13. Бағасы өрiсi үшiн өсуi бойынша сұрыптауды қосыңыз.

  14. Microsoft Access аспаптар панелiнен Топтық амалдар батырмасын немесе меню жолын (Вид---Групповые операции) қолданыңыз.Бұл команда бланкiнiң төменгi бөлiгiнде Топтық амалдар (Групповые операции) жолын шығарып алу үшiн қажет.Соның негiзiнде қорытынды есептеулер даярланады. Сұраныс үшiн iрiктелiнiп алынған барлық өрiстердiң осы жолына Топтау (Группировка ) мәнi енгiзiледi.

  15. Топтау жүргiзiлетiн өрiс үшiн (Категория) Топтық амалдар (Групповые операции) жолында Топтау мәнiн қалдырыңыз.Басқа өрiстердiң осы жолына қорытынды функцияларды енгiзуге болады.Ол үшiн осы жолда тышқанның батырмасын шерту арқылы ашылатын тiзiмдi алуға болады.Соның iшiнен осы өрiстегi мәндерге қолданылатын қорытынды функцияны таңдаймыз.

  16. Бағасы өрiсiне басылымдардың орта құнын анықтап беретiн Avg қорытынды функциясын енгiзiңiз.

  17. Кiтаптың аты өрiсiне Count қорытынды функциясын тағайындаңыз.Count функциясы – топқа кiретiн жалпы жазбалар санын анықтайды.

  18. Үлгi бойынша сұраныс бланкiсiн жауып,оны Кiтаптардың орта құны деген атпен сақтап қойыңыз.Дайын болған сұранысты iске қосып,дұрыстығын тексерiп көрiңiз.

  19. Мәлiметтер базасының барлық объектiлерiн жабыңыз.Microsoft Access программасын жабыңыз.



Лабораториялық жұмыс

Мақсаты: Көшiру амалын қолданып мәлiметтердi енгiзу.
Отырар кiтапханасы мәлiметтер базасының Оқулықтар кестесiндегi кейбiр мәлiметтердi жаңа Менiң кiтапханам мәлiметтер базасының Менiң оқулықтарым кестесiне көшiрейiк


  1. Microsoft Access программасын iске қосыңыз.

  2. Жаңа Менiң кiтапханам мәлiметтер базасын құрыңыз.

  3. Конструктор режiмiнде жаңадан Менiң оқулықтарым кестесiн құрыңыз. Бұл кесте келесiдей өрiстерден тұратын болсын:



өрiс атауы өрiс типi

-кiтаптың аты -мәтiндiк

-кiтаптың авторы -мәтiндiк

-баспасы -мәтiндiк

-шыққан жылы мерзiм\уақыты

-кiтаптың нөмiрi мәтiндiк

-көлемi сандық

-бағасы қаржылық



  1. Тағы бiр Accessti iске қосыңыз және ондағы Отырар кiтапханасы

мәлiметтер базасын ашыңыз.

  1. Тiзiмнен Оқулықтар кестесiн тауып, оны кесте режiмiнде ашыңыз.

Кестенiң жоғарыда аталған өрiстерiне сәйкес жазбаларын ерекшелеп алыңыз.

  1. Ерекшеленген жазбаларды алмасу буферiне орналастырыңыз.

  2. Менiң кiтапханам мәлiметтер базасына өтiп, Менiң оқулықтарым кестесiндегi бiрiншi жолын ерекшелеп алыңыз.

  3. Сонаң сон алмасу буферiндегi мәәәәлiметтердi қойыңыз. Экранда хабар пайда болады: Келесi жазбалар санын кiрiстiруге әрекет жасалуда:10. Жазбалар қойылсын ба? Иә деп жауап берiңiз. Алмасу буферiндегi мәлiметтер жаңа кестеге енгiзiледi.


Лабораториялық жұмыс
Мақсаты: Алғашқы қалыпты даярлау.


  1. Microsoft Access программасын iске қосыңыз.

  2. Microsoft Access терезесiнде Мәлiметтер базасы ашу ауыстырып-қосқышын қосыңыз, өткен сабақта құрылған Отырар кiтапханасы базасын таңдаңыз, ОК батырмасын шертiңiз.

  3. Отырар кiтапханасы: мәлiметтер базасы терезесiнде Оқырмандар кестесiн ашыңыз.

  4. Ол кестеге келесi өрiстердi қосыңыздар:

өрiс атауы өрiс типi

-туған жылы мерзiм\уақыты

-мекн-жайы мәтiндiк

-телефоны мәтiндiк



-бiлiмi мәтiндiк

  1. Жаңа өрiстерге қажеттi жазба мөлшерiн енгiзiңiз.

  2. Access-тiң негiзгi терезесiне қайта оралыңыз. Кестелер тiзiмiнен Оқырмандар кестесiн ерекшелеңiз де, аспаптар панелiндегi Жаңа объект (Новый объект)баттырмасын басыңыз. Тiзiiмiнен Автоқалып (Автоформа) объектiсiн таңдап алыңыз. Нәтижесiнде автоматты түрде құрылған және енгiзу үшiн ашулы тұрған қалып аламыз.

  3. Қалыпты конструктор режiмiнде ашыңыз. Бағасы басқару элементтерiн ерекшелеп алып, оларды өшiрiп тастаңыз.

  4. Кiтаптың аты, Кiтаптың авторы, Кiтаптың нөмiрi, Туған жылы, Мекен-жайы, Телефоны, Бiлiмi басқару элементтерiн жаңа орынға орналастырыңыз.

  5. Файл--- Сақтау (Файл---Сохранить) командасын орындап немесе Қалыптар коонсттрукторы аспаптар панелiндегi Сақтау (Сохранить) батырмасын басыңыз.

  6. Пайда болған Сақтау (Сохранить) сухбат терезесiндегi Қалыптың атын енгiзу өрiсiне қалыптың атын Оқырманның кiтапшасы деп көрсетiңiз. ОК батырмасын басыңыз.

  7. Қалыптар (Формы) терезесiн жабыңыз.

  8. Қалыптар тiзiмiн алу үшiн Мәлiметтер базасы (База данных) терезесiндегi Қалыптар (Формы) таңбашасын шертiңiз. Осы тiзiмде Оқырманның кiтапшасы деген бiрiншi қалып пайда болады.

  9. Microsoft Access программасын жабыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет