Практикалық психология Диагностикалық және коррекциялық жұмыс


Клиентке деген құнды және қайырымды қарым-қатынас



бет7/7
Дата13.11.2016
өлшемі1,05 Mb.
#1642
1   2   3   4   5   6   7

Клиентке деген құнды және қайырымды қарым-қатынас. Психолог қызметтік этиканы сақтай отырып, көмек сұрап келген әр адамға психолгиялық қолдау көрсетуге тырысады.

Кеңес беруге тыйым салу. Психолог кез келген кеңес алушыға жауапкершілікпен көмектесу керек.

Анонимділік. Психологқа клиент тарапынан айтылған ақпарат құпия сақталуы тиіс.

Клиенттің кеңес беру процесіне араласуы. Психологиялық кеңес берудің мақөсаты – клиентке проблеманы түсіндіру және оған оны шешудің жолын табуға көмектесу. Кеңес берудегі сәттілік көбінесе психологтың клиентті кәсіби тыңдап, оның өзі туралы көзқарастарын кеңейте білуінде.

Кеңес беру процесінде мына тапсырмалар шешіледі:


  • психикалық денсаулық деңгейін бағалау және басқа психологиялық көмек көрсету тәсілінің көрсеткішін бағалау;

  • клиентті оның психологиялық ерекшеліктері туралы ақпапраттандыру;

  • жалпы психологиялық сауаттылықтың жоғарылауы;

  • клиенттің жасырын психологиялық ресурстарын жаңарту;

  • бейімделудің және тұлғалық үйлеспеушіліктің бұзылуын түзету:

  • тұлғаның алдағы дамуының негізгі бағытын анықтау.


Психологиялық кеңес беруге әдістемелік жол табу.

Бағыттау, оны таныстырушылар

Кеңес беруде қолданылатын әдістемелік тәсілдер

Негізгі әдіс және тапсырма

Мақсат-нәтиже

Тереңдетілген психология. (З.Фрейд, А.Адлер, К.Юнг, Э.Берн)

Күнделікті символдарды талдау (клиенттің сөзге ойын аудару). Еркін ассоциациялар арқылы түстің мазмұны жайында түс көруді талдау. Клиенттің қарсыласуын бір нәрседен құтылу механизмі ретінде талдау. Клиенттің орын ауыстыруы мен контур ауыстыру мазмұнын талдау.

Еркін ассоциация әдісі.

Баланың ақыл-есімен жұмыс істеу арқылы мінез-құлық стереотипін зерттеу және анықтау



Клиенттің еркін іс-әрекеті мен ойлары. Психоанализ терминінде интерпрета-циялау.

Бихевиоризм. (Д.Уотсон, Б.Скиннер, А.Бандура)

Бірбеткейлік жаттығулары. (Сұрақтар, рөлдік ойындар, альтернативаларды жіберу).Әлеуметтік қалаулы мінез-құлықтарды модельдеу. Релаксация жаттығулары (қауіптену мен қорқынышты азайту). Көздеген мінез-құлықты бағалау. Клиенттің күнделікті жазуларын талдау. Мінез-құлық рецедиваларын алдын алу бағдарламаларын құру.

Жылдам үйрету әдісі. Клиенттің субъективті уайымдауларын тығыз бақыланатын іс-әрекетке ауыстыру.

Клиенттің мінез-құлқын өзгерту.

Мейірімділік психологиясы. (К.Роджер, Ф.Периз, В.Франкл)

Ашық және жабық сұрақтар сезімнің шағылысуы, қайталау, психологтың өзін ашуы. «Мұнда және менді» қабылдау». Бос орындық. «Мен» бөлшегімен әңгіме. Белгіленген сезінулер. Қарама-қарсы ниеттер. Қарым-қатынастың ауысуы. Сендіру және шақыру.

Эмпатиялық тыңдау әдісі. Фонусировка әдісі. Перль-Фроза әдісі. Эмоциялық қолдау әдісі. Бағаланбайтын қатынас және талассыз қабылдау әдісі.

Адамның өз қылықтары үшін жауапкершілігінің артуы, тұлғаның өзін-өзі маңызданды-руы.

Психологтың клиентке деген қарым-қатынас бағыты өзгермейтін құбылыс болып табылады. Жақсы маман – ол көбінесе қажет болған жағдайда – бағытын өзгерте алатын актер.



Кеңес берудегі негізгі жол табулар және олардың түрлері.

Психологиялық кеңес топтық және жеке даралық формада жүргізіледі. Топтық кеңес беру алдын ала жүргізілген жеке даралық кеңес беруден кейін ұйымдастырылады. Онда психологиялық проблемалары ұқсас адамдар топталады және мыенадай түрлерге бөлінеді:



  • бір және бірнеше реттік;

  • жеке ұсыныс бойынша;

  • шақыру және бағыттау нәтижесінде;

  • толықтырушы тестілеусіз, толықтырушы тестілеумен, т.б.

Жеке даралық кеңес беру мазмұны клиенттің тапсырмасымен анықталады. Психологтар психикалық даму кезеңдерін әрі нақты кезеңдегі механизмді білуі тиіс. Демек жеке даралық кеңес беру схемасы мына үлгіде ұсынылады: өзара іс-әрекет тапсырмалар мазмұны (тапсырыстың мәтіні) – психикалық дамудың механизмдері (психологиялық тапсырма) – психикалық даму мөлшерінің мазмұны.

Клиенттің психологиялық тапсырмасының қалыптасуында психологқа адамның өзіне ден қоюға, маманның философиялық және адамгершілік-этикалық айқындалуын талап ететін өмір мағынасы туралы сұрақтарға жауап іздеуге тура келеді.,

Топтық кеңес берудің мақсаты – адамдар арасындағы жүйені зерттеу болып табылады. Бұл қарым-қатынас мазмұны әр түрлі болуы мүмкін. Топтық кеңес беруде психологтың міндеті – топ мүшелерінің өзара қарым-қатынас құралын табу, кеңес беру барысында әсер етудің типтері мен олардың мазмұн, тұрақтылығын айқындау.

Психолог кеңес беру кезінде зайырлы әңгімеге бармай-ақ, тым жабыла немесе ашыла бермей, өзінің ойын еркін игере білуі тиіс. Әсіресе гипотезаны ұстануға бара бермеу керек, өйткені ол жалған болып шығуы мүмкін. Тиісті себептерсіз клиенттің пікірін елемейтіндей немесе беделін түсіретіндей тура сұрақ қоюға бармау керек, әңгіме қарымталы және өктем болмауы керек.

Жалпы, жоғарыда айтылған психологиялық кеңес берудің ережесін сараптай келе, Р.В. Овчарова ұсынған кеңес берудің тиімді және тиімсіз жақтарына назар аудару керек.

Тиімді кеңес беру

Тиімсіз кеңес беру

  1. Психологтың клиентпен кездесуі өтеді, олар пікір алмасады.

  2. Психолог клиенттің құқығын құрметтейді, кәсіби араласудың шараларын, шамасы мен шегін сақтайды. Психолог клиенттің өзінің шешім қабылдау қабілетіне сенеді.

  3. Ол ауызша және басқа да әдіспен мұны өзінің кеңес алушысына көрсетеді, эмоционалды түрде қолдайды. Ол клиентке өзінің сезімін білдіру мен қиындықтарын айтуға мүмкіндік береді.

  4. Ол клиенттің жағдайын білгірлікпен объективтендіреді (ойды айқындау арқылы) және субъективтендіреді (клиенттің және өзінің сезімі арқылы). Проблемаларды анықтауда ол клиенттіңайтқандарына мән береді.

  5. Ол қорытынды мен ұсыныс беруге емес, клиентке жағдай жасауға ғана асығады.

  6. Ол клиентке алғысын білдіріп және бірге қызмет жасауды ұсынады.

  7. Ол мәселені түсінуге және проблемаларды бірлесіп шешуге ұмтылады.

  1. Психологтың клиентпен кездесуі өтпейді.

  2. Психолог айтарлықтай байланыс орнатпайды.

  3. Психолог клиентті «көрмейді», «естімейді» және сезбейді. Ол өзінің айтқандарына жөнсіз қарайды. Клиентке де сөз бермейді.

  4. Клиентке өзінің шешімін айтады. Асығыс кеңестер мен ұсыныстар береді.

  5. Клиентті дауласуға, ақталуға, шындықты жасыруға мәжбүр етеді.

  6. Бастапқы гипотезаны қатаң ұстанады. «Диагноз» қояды және «емдеу» ұсынады.

Медицина саласының саласының көзқарасымен « мүгедек » деген ұғым тұлғаның өмірлік және еңбек қабілетінің бұзылуын білдіреді. Десекте, мүгедектердің әлеуметтік және мамандыққа бейімділігінің деңгейі тек денсаулық жағдайына ғана емес, сонымен қатар псхологиялық параметрлерге де байланысты. Мамандар мүгедек жасөспірімдерді трексеру арқылы адамдардың мүгедектігінде психологияляқ және жеке тұлғаның денсаулығы шешуші роль атқарады деген қорытындыға келеді. Ол тұлғаның сыртқы ортамен сыртқы ортамен қарым – қатынас тәсілдердің және қалыптасу формаларының даму деңгейі ұғымын береді.



Мүгедек жасөспірімдердің психологияляқ және жеке денсаулығының психологиялық параметірлерін қарастырайық:

  1. Өзіне деген қарым – қатынас. « Мен концепциясы ». Бұл тұлғаның өзіне деге және басқа адамдармен қарым – қатынас құру негізіндегі жүйе. « Мен концепсиясына » мыналар кіреді:

  • конгитивті ( өз қабілеттілігінің, сыртқы және әлеуметтік мәнділігінің бейнесі.)

  • эмоционалды ( өзін - өзі сыйлау, өзін - өзі жақсы көру, т. Б )

Сонымен қатар нақты « мен » бейнесініңқалыптасуын, дамуын және түзетуін, « мен концепциясымен » тепе – теңдік деңгейін салыстыру маңызды.

  1. Басқалармен қарым – қатынасы. Бұл параметр кіші әлеуметтік ортадағы, басқалардың мәнділік ортасындағы қарым – қатынас мінезіне атысты. Басқа адамға деген қарым – қатынас дамуының бұрыстығын және дұрыстығын шектеуге мүмкіндік беретін қабылдауға болатын критерия болып табылады.

Қарым – қатынастың 3 негізгі сипаттамасы бар: позиция, валенттілік, дистанция. Мүгедек жасөспірімдердің арасындағы қарым – қатынасты « құрбан ету « өкпелі бала » деген әлеуметтік таңдалған мендендікке бағытталған жағдайларға жатқызуға болады.

  1. Ауруға деген қарым – қатыас. Бұл аурудың уайымы, ауруға деген интеллектуалдық және эмоцианалды реакциясы, емделуі және ортамен қарым – қатынасының жиынтығы.

  2. Эмоционалды – еріктік және интеллектуалды орта дамуының ерекшелігі. Ең негізгісі – көптеген кемістіктің сақталуы. Психологиялық кеңес беру тапсырмалары үшін ең негізгі – болжамалы факторлардың ерекшеленуі, психологиялық ифантилизм, элементтерінің қатысуы немесе қалыптасуы, психологиялық қызыметтердің кемелдену деңгейін бағалау болып табылады.

  3. Тұлғалардың сипаттамасы. Бұл берілген критерилердің негізінде бір немесе бірнеше беталысы бар тұлғалардың эмоцианалды – динамикалық тұжырымдамасы жатыр. Тұлғалардың индивидуалды түрлі берілген құрмалас темпераменті арқылы, сонымен қатар адам өміріндегі әлеуметтік аспектілерінде анықталады. Индивидуалды тұлғалардың типалогиялық сипаттамасына М.Люшердің тесті қолданылады. 1 – 2 орын алатын түстер тұлғалардың қажеттілігін сипаттайды.

  4. Бейімделулердің түрі және деңгейі. Бұл процесс әлеуметтік ортаның шарттары мен талаптарына бейімделуімен сипатталады. Клиенттің бейімделу мүмкіндігі М.Люшердің тәсілінің негізінде сапалы және сандық болып сипатталуы мүмкін. Негізгі тестің түстері өмірлік стилін анықтайтын қажеттіліктерге, өзекті қажеттіліктерге әсер етеді.

Психолог мүгедек жасөспірімдермен жұмыс істеген кезде ауыртпалы процеспен келген дамудың ауытқушылықтары мен олардың зардаптарын қарастырады. Ауру дамудың биологиялық жүйесінің бұзылуына әсер ету арқылы әлеуметтік – психологиялық дамуға қайшылытар туғызады. Психологиялық дамымау екінші бір тұлғаның бағдарлы әлеуметтік бейімделуге қайшы келеді.

  1. Тәртіп пен қызметті реттеу деңгейі. Бұл қуатты, динамикалық және мәнді – мазмұнды аспектілер бірлігі. Оған: өмірдің мақсаттарын жоспарлау нысанасын көздеуге қабілеттілігі; психологиялық қызметтің аңғарылуы жанамалығы; рефлекс деңгейі; айналаның қуаттылығы кіреді.

Психологтар үшін мүгедек жасөспірім диологиялық кемістіктің нәтижесі емес, өзінің проблемасын шешудегі жеке ресурсты қабілетін алып келуші болып табылады. Мамандар кемшілігі бар адамдардың дамуын ерекше көрсетеді. Мүгедек – жасөспірімдердің өзіндік сапалығы үстеме компенсация, компенсацияға ұмтылу және олылық сезімдер субьектісі арқылы диалектикалық олқылық ағзаға айналу заңымен беріледі.

Мүгедек жасөспірім жұмыс тәжірибесіне талдау жүргізе отырып, И.В.Кузнецова сұрақтың 3 түрлі типін бөліп көрсетті:



  1. Өзара қарым – қатынас сұрағы – дос, әріптес іздеу, өмірлік серігі, маңыздылығы бар адамдардан ақпарат алу.

  2. Өмірлік келешекпен байланысты сұрақтар – оқу, қызымет және іс - әрекет мүмкіндіктері, мамандық таңдау, танымды функцияны дамыту.

  3. Өз - өзін тану - өзін - өзі бағыттаудағы дағдыларды өңдеу, ренішке төтеп беру, қобалжу, қатесі сезіну, жалғыздық, т. Б.

Консультация қызыметпен бірге тіркесушілік сипаттамада жүреді, мүгедек жасөспірімнің қиыншылығын қалыптастырарда мақсатқа жету ары.

Мүгедек – жасөспірімдердің психологиялық консультациясының жаопы бейнесінің негізгі тұғыры:



  • мүгедек – жасөспірімдердің жыныстық мінездемесі;

  • кемшілік мінездемесі, консультацияның формасы мен тәсілдері;

  • жасөспірімнің жеке тұлғалы және психикалық дамуының жасерекшелік заңнамасы;

  • жасөспірімдердің дамуында бұрыс өзгешеліктер;

  • Жалпы өмірлік контекст, әлеуметтік ортаның мінездемесі;

  • Психикалық және жеке тұлғалы даму мінездемесінің психикалық және жеке тұлғаның денсаулық моделіне сәйкес шешілуі.

  • Консультация беру езінде психолог клиентпен жағымды қарым -* қатынасын сақтау керек. Мүгедек – жасөспірім жұмысты аяқтаған соң, психолог нәтижені қадағалаудың түрлі тәсілдерін қолдану керек.

1. Консультация процесс үстінде қадағалау;

2. Нақты жағдаят аяқталған соң қадағалау;

3. Барлық консультациялық жұмыстың қорытындысын қадағалау;

Көмек көптеген көрсеткіштермен класификацияланады: әрекет ету уақытына қарай: артқа қалдыруға болмайтын – күрделі психикалық жағдайларда, суицидтің болу мүмкіндігінде, зорлық жағдайларында қажет. Бұл сенім, сенім телфоны қызметіне көбіне жатады; жалғастырушы – кикілжіңдер, психологиялық кризистер, ауыр өмірлік жағдайлардың пайда болуында пайдалы. Бұндай проблемалармен психологиялық көмек беру айналысады;

бағытталуы бойынша: тік – клиентке, оның көмек сұрауна бағытталған; жауап қайтаратын – болған ситуацияға жауап және клиенттің жанындағы адамдардың сөйлеуі;

осыған байланысты психолог практикалық түрде төрт қызметті орындай алады:



  1. диагностикалық – психологиялық диагноз қою; индивидуалдықтың психологиялық портретін құру.

  2. терапевтикалық – психологиялық көмектің мүмкіндіктері мен құралдарын анықтау.

  3. диспечерлік – қажет маманға жіберу:психотрапевтке, психиатрға т.б.

  4. информациялық – клиент туралы информация жинау, оның отбасы, қоршаған адамдары туралы.

Психологиялық көмек әр түрлі болуы мүмкін. Оның негізгі түрлерін қарастырайық:

  1. Индивидуалды психологиялық көмек индивидуалды әңгіме, кеңес беру,психотерапевттік сессия түрінде маман, психолог немесе психотереотевт жүргізеді. Ең өп таралған түрі психотерапевттік кеңес беру. Қажет маманға бару психикалық аурудың белгісін білдірмейді, бірақ барлығымызда сондай пікір қалыптасқан. Индивидуалды психологиялық кеңес беру ең алдымен адамның өзі өзін табу үшін, өзі туралы ақпарат алу мақсатында жүргізіледі. Психолог пен консультант арасында озара түсінісу, өзара қарым-қатынас пайда болады. Маманның міндеті кризисте тұрған адамды қолдап, стимул беру. Индивидуалды психологиялық кеңес беру өптеген нақты мақсаттармен жүзеге аса алады: 1 – ақпараттандыру, психодиагностикалық зерттеудің нәтижелері туралы информация беру; 2 – қандай да бір іс-әрекетке бағдарлану; 3 – коррекция, олшеу, мысалы, өзіне деген қатынас, қабілеттердің дамуы. Кез келген жағдайда психологиялық көмек тұлғаның өзін түсінуге, өзінің адамдық ерекшеліктері, қалаулары, мақсаттары мен қабілеттерін, сезімдері мен ойларын түсінуге баытталған.

  2. Топтық психологиялық көмек топтық тренингтік процедураларға қатысуда көрінеді. Соңғы жылдары топтық психологиялық жұмыстар атақты болып жүр. Әр түрлі тренингтік топтар бар: бұл ең алдымен Т-топтар, қарым-қатынасқа түсу дағдыларын дамытуға бағытталған топтар, гештальт-топтар, психодрамма топтары. Денелік терапия, би терапиясы , өнер терапиясы топтары онша белгілі емес. Топтың адамға әсері көп. Көптеген өмірлік ситуацияларда адамдар таптың қажттілігін сезінеді. Американдық психолог К. Рудестам топтық жұмыс істеудің артықшылықтарын зерттеген. Оның ойынша «топ бұл микрокосм, ол сыртқы ортаны бейнелейді.»

  3. Өзбеттілік психологиялық көмек – бұл адамның өзін, өзінің тұлғалық өсуін қорғауы. Ол дамуда, өзіндк санада көрінеді. Психологиялық контекстіде өзіндік сана өзіндік «Менг» қатынас ртінде көрінеді. Ол өзіндік қалауларды, ойлар мен сезімдерді түсіну барысында қалыптасады.

Психологқа кеңес алуға келудің екі негізгі себептерін көрсетейік:

  1. Адамның өзін тануға, өзін дамытуға, жетілдіругедеген құштарлық. Ұл жағдайда психологиялық көмек ақпаратты, ақпарат беретін бола алады.

  2. Нақты жеке қиыншылықтар немесе проблемалар, мысалы, адам «мен қорқам» , «Мен не істерімді білмеймін », «Ман адамдармен қарым-қтынасқа тұсе алмаймын» дп айтқанда болады және қадағалау мерзімін ұзарту.

Каталог: 802A181CB337A9DF
802A181CB337A9DF -> Қызылегіс негізгі мектебі «5,6,7 сыныптарда оқитын жасөспірімдердің ата-аналарына психологиялық көмек»
802A181CB337A9DF -> Сайыстың атауы Білімді оқушы. Интеллектуалды ойын
802A181CB337A9DF -> Тәрбие сағатының тақырыбы: Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі Мақсаты: Білімділік
802A181CB337A9DF -> Сабақтың тақырыбы: §46-47. Қазақ халқының мәдениеті Сабақтың мақсаты
802A181CB337A9DF -> Қызылегіс негізгі мектебі бойынша «Бақытты балалық шаққа құқық»
802A181CB337A9DF -> Сабақтың тақырыбы: Психологиялық дайындық. Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз, Бар адамды құрметтеп, Бас иеміз біз
802A181CB337A9DF -> Н.Ә. Назарбаев Бала тәрбиесі баршаның ісі
802A181CB337A9DF -> Оқу жылындағы «Таза, терең, өткір, күшті кең тілім!» атты тілдер апталығының қорытындысы
802A181CB337A9DF -> Сабақтың тақырыбы: Термоядролық реакциялар. Радиоактивті сәулелер. Сабақтың мақсаты: а білімділік


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет