Практикум 4сынып (оқу-әдістемелік құрал) Құрастырған: Талапова Д. М



Дата15.12.2016
өлшемі1,16 Mb.
#3886
«Арзамасс орта мектебі» КММ

Қазақ тілінен практикум 4сынып

(оқу-әдістемелік құрал)

Құрастырған: Талапова Д.М.

бастауыш сынып мұғалімі

2016 ж

Кiрiспе

Шағын кешенді мектептің негізгі белгісі - бір сынып бөлмесінде, мұғалімнің басшылығымен, бірнеше сыныптардың қатар оқуы. Ендеше, осындай мектептерде оқытудың ерекше көңіл аударылатын саласы -оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстары болуы тиіс.

Сондықтан әр сыныпта осындай жұмыс мейлінше тиімді. Берілген тапсырмалар, жаттығулар жүйесі оқушыны шығармашылық бағытқа жүйелі, сапалы түрде қалыптастырып отыралы. Оқушылардың білімдерін одан әрі жетілдіре түсу мақсатында пайдаланылады.

Қазіргі заман мектебінің стратегиялық дамуын негізге алуда жас ұрпақтың жедел дамып келе жатқан ортада өмiр сүруге қабiлеттi , өзiн-өзi дамытуға, өз ойын еркiн айта бiлуге, өз қалаулары мен қоғам талабына сай, өзiн көрсете бiлетiн жоғары бiлiмдi, ұлттық тiлдi, тарихты жетiк меңгерген отандық және әлемдiк мәдениетi бойына қалыптасқан, бәсекеге қабiлеттi, шығармашылығы дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру деп белгіленген.

Білім алушылардың тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып, олардың ойларын еркін және дәлелді түрде ауызша да, жазбаша да сауатты жеткізе білуін жетілдіру мақсатында сынып оқушыларының сұранысына орай арнайы сабақтар ұйымдастыру қажет. Әсіресе шағын жинақталған мектепте оқу пәні мазмұнын іріктеуді реттейтін дидактикалық негіздер бойынша оқытылатын тілдік материалдар мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне орай ғылымилық, сабақтастық, жүйелілік, түсініктілік дидактикалық негізінде сұрыпталады.

Оқу - әдістемелік құралдың мақсаты: бастауыш сыныпта қазақ тілінде оқушылардың оқу және жазу дағдылары қалыптастыруға бағытталған тәжірибелік жұмыстард өңдеу, алғашқы тілдік мағлұматтарды бекітуге арналған тапсврмалар жүйесін ұсыну, оқушылардың сөйлеу әрекетінің барлық түрлерін меңгертуге байланысты тәжірибелік жұмыстарды ұсыну, алған тілдік білімдерін өмір жағдайларында қолдана білетін жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік жасау мақсаттарын шешуде мұғалімдерге қолдау көрсету.

Оқу-әдістемелік құралында қазақ тілін үйретуде мына талаптарды орындау бағыт-бағдары сипатталған:



  • дұрыс, түсініп және мәнерлеп оқу, жазу дағдыларын қалыптастыру;

  • тілдік қарапайым түсінік, орфографиялық, пунктуациялық біліктілік қалыптастыру;

  • тілдік материалдар негізінде теориялық білім беру арқылы оқушылардың теориялық ойлауы мен тілін дамыту;

  • оқушылардың сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіру;

  • өздігінен мәтін құру, өз ойларын ауызша және жазбаша еркін жеткізе білу дағдыларын жетілдіру;

  • оқушының бойында адами құндылықтарды: қайырымдылықты, сүйіспеншілікті, елжандылықты, имандылықты дамыту;

  • қоршаған ортамен ізгі қарым- қатынас жасауға тәрбиелеу.

Құрал мазмұнындағы ұсынылған тапсырмаларын орындау барысында:

- әр оқушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады;

- оқушының жеке қабілеті айқындалады;

- іштей талпынады.



Үлестірмелі материал жинағы

(мұғалімге көмек)
Кіріспе сабақ. Қайталау ( 3 сыныпта өткенді қайталау)
C -1-1

Сөйлемдердің ара жігін ажырат.Әрбір сөйлемнен соң тиісті тыныс белгісін қойып,көшіріп жаз.
Мен орман ішін аралап жүріп келемін төңірегіме тесіле қараймын бұл не ғажап орман мүлде өзгерген жаздағы жап-жасыл түсі сұп-сұр болған тек шырша мен қарағай ғана жазғы өнің өзгерте қоймаған.
C – 1-2

1.Мәтінді тиісті дауыс ырғағымен оқы.

Ленаның достары бірі – апай,қалғандары оқушы болып ойнады.Ойын кезінде Лена өзгелерді әсем бимен әуезді әнімен таңғалдырды.Әсіресе, қазақша әндерді орындағанда,әрбір сөзін ап-анық айтатыны,тіпті керемет-ақ тал шыбықтай бойы майысып қазақ билерін беріле,бар ынтасымен орындалғаның айтсаңшы!

-Қазақтың сөзін,әні мен биін қайдан үйренгесің,Ленажан?-деді сырттан бақылап тұрған көрші үйдегі атай.

-Балабақшада үйренгенмін,ата,-деп,Лена сыпайы жауап берді.

-Рахмет,айналайын,өркенің өссін!Ниетің,пейілің ақ,адал екен.Бақытты бол!-деп,атай алғысын білдірді.
C -1-3

1.Сөйлемдерді көшіріп жаз.Тұрлаулы мүшелердің астын сыз.

Асан ауладағы гүлдерге су құйды.2.Айдар алша ағаштарының түбін босатты.3.Мен Қызылордада тұрамын.4.Біз ауылға бардық.


C -1-4

1.Мақалды түсініп оқы.
Төзімді еңбек бәрін де жеңбек.

2.Сөйлем мүшелерінің байланысын көрсет.


С -1-5

1. Сөйлемдерді көшіріп жаз:

  • Ол күліп жіберді. Айжан ренжіп қалды.

  • Біз мектепке бірге бардық

  • Машина тоқтаусыз жүріп келеді

  • Күз келді. Құстар жылы жаққа ұша бастады

2. Сөйлем мүшелерінің астын тиісті сызықтармен сыз.

3. Сөйлемнің жалаң не жайылма екенің айт.

С- 1-6

1. Өлеңді мәнерлеп оқы:

Тырналар


Ұзын мойын тырналар,

Тыраулайды қырда олар,

Тұраулайды бір тыңбай.

Тұла бойы жыр болар!

Көкте қалқып барады

Қанаттарын қағады

Туған жерін қия алмай,

Қайта-қайта қарады



Т.Еділбаев
С-1-7

1. Өлеңді мәнерлеп оқы.

Атқосшы,

Бәйгеге сен де ат қосшы!


2. Қарамен жазылған қандай сөз?

3. Ол сөйлем мүшесі бола ала ма?
С -1-8

1. Мәтінді түсініп оқы.Қаратпа сөзді тап.

Арғынның атасы атын жегіп, пішенге жүруге әзірленіп жатты.Ол ақырын басып атасының қасына келіп:



  • Ата, мені ала барасыз ба?- деп қиылды

  • Күн ыстық, шөлдеп қаласың.

  • Ата, шөлдесем, қымыз ішемін ғой,-деді.

  • Қарнын ашса қайтемін?

  • Нан жеймін.

  • Үйдегідей еркелемей, мен не жесем,соны жеп, мен не ішсем, соны ішесің бе?

  • Ішейін,ата.

  • Атана қолғабыс жасай аласың ба?

  • Қолғабыс дегеніңіз не?

  • Көмектесіп,жұмыс істей аласың ба дегенім ғой

  • Көмектесейін.

С -1-9
Сызба арқылы қаратпа сөзі бар сөйлем құрап жаз.


  1. _________, _____, _____ .




  1. ___ ___ , ___.



С- 1-10

1.Өлеңді түсініп оқы:
Әуелей өссін құрма,

Әткеншек оған құрма М. Әлімбай



2. Қарамен жазылған сөздердің мағынасын түсіндір

Тақырып: Дыбыс және әріп
С-2-1

1.Сөздерді оқы.

Ер,борібұлт,тон,тас,ұн,от,алты,жол,

Қозы, қала,құм.

2.Сөздерді дыбыс санына қарай

Бағандарға бөліп жаз:
С-2-2

1.Логорифті оқып,шешуін тап:

Егер «Б»-дан бастасаң

Киіміңнін бірімін

«Б»-ны алып тастасаң

Жемістің бір түрімін.

2.Шешуінде неше әріп,неше дыбыс барын айт.

3.Қай әріптін әсерінен сөз мағынасы өзгереді?
С-2-3

1.Бағандағы сөз жұптарын салыстырып оқы.

Құс ауа қиық

Күш әуе киік

2.Сөздерді жуан және жіңішке етіп тұрған дыбыстарды ата.


С-2-4

Сөздерді оқы.Сөздердің әрқайсысында неше дауысты дыбыс, неше дауыссыз дыбыс бар екенін айт.

Алма,бұйым,әңгіме,мұнай,үй,уылдырық,сұлы,өзен,орман,жусан,мыс.



С-2-5

Сөздерді оқы.Жуан дауысты дыбысы бар сөздерді бір бөлек,

Жіңішке дауысты дыбысы бар сөздерді бір бөлек көшір.

Теңіз, түлкі, ұйқы, айран, тұзақ, жеміс, өзен, үйеңкі, қырман,

көбелек,бақша,аспан.
С-2-6

Сөздерді тасымалдап жаз:

Қауын,мейіз,кітапхана, құмырсқа,Қазақстан.



С-2-7

1.Жұмбақты шеш.

Түгел айтсаң не барын:

Төрт құлақ та,бір қарын

2.Қарамен жазылған сөздермен

Жұмбақтын шешуіндегі сөзді буынға бөліп жаз:
С-2-8

1.Буынға сөздерді бөліп жаз:

Тақта,мақта,тауық,өрік,темір,

Балық,жүрек,қайық,қоңырау

2.Дауысты дыбысқа аяқталмаған буындардың астын сыз.

3.Екі дауыссыз қатар келген сөздерді ата:
С-2-9

1.Өлеңді мәнерлеп оқы.

Табиғат.


Дала,орман,көлдерді,

Тау,


Тас,

Қырат белдері,

Өзен,

Бұлақ,


Өсімдік,

Гүлді,


Гүлсіз жерлерді-

Қалған мұра атадан

Табиғат деп атаған.

2.Бір буынды сөздерді тап.
С-2-10

1.Өлеңді жатқа жаз:

Нан.


Ерте тұрып таңнан,

Пісірді апам ақ нан

Кетер емес әлі

Таңдайымнан дәмі. Т.Еділбаев



2.Тасымалдауға болмайтын бір

буынды сөздердің астын сыз.



Тақырып: Сөйлем. Сөз тіркесі. Жай құрмалас сөйлем
С-3-1

1.Әрбір сөйлемнен кейін нүкте қойып,сөйлемдерді

көшіріп жаз.

Бүгін Сәкен ерлеп тұр шиырып жіберген сақасы мүлт кетпейді екі қалтасы да бұлтиып асыққа толды Айтбек пен Досым әлдеқашан ойыннан шығып қалған олар тек қызыға қарап тұр. «Ұлан» газетінен


2.Әрбір сөйлемнің бірінші сөзі қандай әріптен бастап

жазылатынын айт.
С-3-2

Тиісті тыныс белгілерін қойып өлеңді көшіріп жаз:

Тау.


Асан тауды көріп пе

Үсен тауды көріп пе

Шоқылары ұқсайды

Атам киген бөрікке. Т.Еділбаев


С-3-3

1.Жаңылтпашты жатқа жаз.
Сыздық судан сүлік сүзді.

Сыздықтың сүлік салмасын үзді.

Салмадан сүлік сытылып шығып,

Суға түсіп,сумаңдап жүзді.



2.Жаңылтпаштың алғашқы екі сөйлемін

сұраулы сөйлемге айналдырып айт.
С-3-4
Алақай,қандай,тамаша,жасасын сөздерін

қатыстырып,лепті сөйлемдер құрап жаз.
С-3-5
Сөйлемдерді оқып,хабарлы сөйлемдерге айналдырып жаз.

1.Гүлнар мен Перизат сабақта болды ма?2.Мына тау қандай

биік!3.Зәуре сурет салды ма?4.Сен қысқы демалыста қайда барасың?
С-3-6

1.Өлеңді мәнерлеп оқы.

Самал мен қамыс.

Самал келіп қамысқа сыбырлады.

Қамыс басын изеді,жымыңдады.

Бұлғалақтап үкісі басындағы,

Қозғалақтап орнынан қыбырлады.

-Самал келіп қамысқа не деп кетті?

-Менің орным өзгеден бөлек!-депті,-

Мен келгенде ән салып,биге басып,

Сырнайыңды тартуың керек!-депті.



Н.Айтов.

2.Өлеңнен сұраулы және лепті сөйлемдерді тап.
С-3-7

1.Жұмбақтын шешуін тап.
Тас тасқа жағылды,

Одан от жағылды.



2.Тұрлаулы мүшелерді тауып Қандай сөз таптарынан жалғағанын анықта.
С-3-8

1.Жаңылтпашты жатқа жаз.
Торғай тоғайды ұнатады,

Тоғай торғайды ұнатады.



2.Сөйлем мүшелеріне талда.

Бастауышты-бір сызықпен.

Баяндауышты-екі сызықпен.
С-3-9

Көп нүктенің орнына бастауыш пен баяндауыш

болатың сөздердің тиістісін қойып,көшіріп жаз.

1)Сәбиттің...қой бағады.2)Айдос қозына...3)Әсет

Кітап дүкеніне...4)... қазір ерте тұратын болдым.
С-3-10

1.Сөйлемдерді оқы.

1)Ержан мәтінді тез оқыды.2)Апасы Санияға әдемі орамал

Сатып әперді.3)Талапты бала мақсатына жетеді.4)Бақшада-

Ғы көкіністер тез көгерді.



2.Сөйлем мүшелерінің байланысын сызба арқылы көрсет.

Үлгі:Ержан мәтінді тез оқыды.

Дерге айналдырып жаз.
Тақырып: Бірыңғай мүшелер. Қыстырма сөз
С-4-1

1.Оқы.
Түйе сүтінен әр түрлі тағамдар жасалады.

Құрт,май,ірімшік алады.Шұбаты әрі сусын,әрі тамақ.

Әсіресе емдік қасиеті күшті. М.Етекбаев.

2.Бірыңғай мүшесі бар сөйлемдерді көшіріп жаз.
С-4-2

1.Жұмбақты шеш.

Тау,қыр,жазық,өзен,көл-

Қабырғада биік тұр.

Нансаң кел де өзін көр-

Бір қағазға сиып тұр.

2.Жұмбақты жатқа жаз.

Бірыңғай мүшелердің астын сыз.
С-4-3

1.Жұмбақты шеш.

Гүл секілді

Қызарады,көктейді.

Күн секілді

Бірақ нұрын төкпейді

2.Бірыңғай баяндауыш мүшесі бар сөйлемді көшіріп жаз.
С-4-4

Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып жаз:

1)Зат есім,етістік,...,...,-сөз таптары.

2)Бастауыш,...,-тұрлаулы мүшелер.

3)Тыныс белгілеріне нүкте,сызықша, ... жатады

4)Ек,егін,...-түбірлес сөздер.
С-4-5

1.Бірыңғай мүшелерді қатыстыра отырып,сұрақтарға жауап жаз:
1)Еңбек сабағында қандай құралдарды пайдаланасың?

2)Сынып кезекшесінің міндетіне не кіреді?

3)Сен қандай жазушылардың кітабын оқыдың?
С-4-6

1.Өлеңді мәнерлеп оқы,жатқа жаз:
Бір орманда әр ағаш

Өскен жақсы,аралас

Ең әдемі,меніңше

Құс ұясы бар ағаш. О.Асқар


2.Қыстырма сөздің астын сыз:
С-4-7

1.Жаңылтпашты жатқа жаз:
Аспанды әсем десемде

Әсем одан әсемдеу

Әсемді әсем десем де

Аспан,сірә әсемдеу.


2.Қыстырма сөзді тауып,оның тыныс белгісі туралы айт.
С-4-8

1.Өлеңді түсініп оқы.

Шалғы.


Мен кәдімгі шалғымын

Қыстай біраз қалғыдым.

Мені көрсе шілдеде

Жапырылып шалғының

Раз,аздап өктеммін

Ну жыныстан өткенмін

Ұстарадай сыпырам

Қарын көктемнің . Қ.Мырза.Әли


2.Асты сызылған сөздердің мағынасын түсіндір.Қыстырма сөзді тап.
С-4-9

1.Мәтінді түсініп оқы.

Қазақ тілі-халқымызға бұйырған асыл қазына. Алтынға айырбастамас осы байлық бәріміздің рухани өмірімізге жол ашып отыр.Ана тіліміз ғылым-білім,қаржы-қаражат саласында да кең қолдануға болатын қуатты құрал екенін көрсетеді.

Оның болашағы бүгінгі балаларға өте-мөте байланысты. Себебі тілдің тірегі-біз.Біз оны аяламасақ,қанатын тастаған .Бүркіттей күйге түсуіміз мүмкін.Ендеше,асыл қазынаны қорғаудан қашқақтамайық.

2.Мәтінді не туралы айтылған?

3.Қыстырма сөзі бар сөйлемдерді көшіріп жаз.
Тақырып: Күрделі сөздер

С-5-1

1.Өлеңді жатқа жаз.

Кемпірқосақ.

Күн күркіреп,себелеп,

Жаңбыр жауып,басылды..

Көкжиекке керемет

Кемпірқосақ асылды. Д.Байдеков



2.Біріккен сөздердің астын сыз.

3.Бұл сөздердің айтылуы мен жазылуын түсіндір.
С-5-2

1.Мәтінді оқы.
Адамның күтіп-баптауы нәтижесінде көкіністер көп өзгеріске ұшырады.

Сәбіз қызыл түске енді. оның тамыр-жемісі де мейілінше үлкейді.Жабайы

шомырдың жуандығы бұрын егеуқұйрықтың құйрығындай ғана болса,қазіргі жапон шомыры 30 кг тартады.Оны қолға ұстап тұрудың да өзі қиын.

Алып асқабақтардың салмағы бұдан да асыл түседі кейбір асқабақтар 100 кг дейін жетеді.



2.Қарамен жазылған сөздерді теріп жаз,

Олар неше сөзден біріккен.
С-5-3

1.Мына сөздерден 4-5 сөйлем құрап жаз:

Шекара.Ботагөз,Жаңатұрмыс,Итмұрын, Ақтөс.


С-5-4

1.Ойын. «Сынарым қайда?»

Бағандағы оң жақпен,сол жақтағы сөздермен біріктір

Қырық,ақ,қызыл түстік,кәсіп,түлкі

Қысты,еш,оң аяқ,беу,бір,қу

Жол,өнер,бел құм,бары



С-5-5

1.Өтрік өлеңді көшіріп жаз:
Су жыланға емдеген

Тасбақаны қарсы алдым

Сексеуілмен жемделген

Таскенеге ер салдым О.Байбақов



2.Біріккен сөздердің сатын сыз:
С-5-6

1.Жаңылтпашты жатқа жаз:
Бақбақ батпақ та ма?

Бақбақ бақта ма?



2.Біріккен сөздердің астын сыз.
С-5-7

1.Көп нүктенің орнына біріккен сөздерді тауып жаз.
Қала аттары:Қызылорда,...

Кісі аттары:Айнұр,...

Құс аттары:Көкқұтан,...
С-5-8

1.Логогрифті шеш.
Бойыңдамын әрқашан-

Біл күшімнің мығымын.

Дауысты әріп жалғасаң,

Қорытпаның бірімін.



2.Біріккен сөзді тап.Ол қандай сөздердің бірігуінен жасалған?
С-5-9

1.Шараданы шеш.
Алғы менің буыным-

Төлі жүйрік түліктің.

Соңғы менің буыным-

Ол да төлі түліктің.

Қосып оқы мұны әрі,

Тағы да төл шығады.


2.Тайлақ ненің төлі?Осы сөзбен сөйлем құрап жаз.

С-5-10

1.Өлеңді оқып шығып,көшіріп жаз.
Атып алып бірқазан,

Ет пісірдің бір қазан.



2.Дыбысталуы бірдей сөздердің қайсысы біріккен сөз
Тақырып: Зат есім. Септік жалғауы. Жіктелуі.
С-6-1

1.Мәтінді оқып шығып,зат есімдерді тап.

Күн тұман еді.Аспанда ұсақ ақ түйірлер жөңкиді болмашы желдің лебі сезіледі.Қар жапқан үйлердің мұржаларынан шыққан бұйра түтіндер әлдеқайда кетіп жатыр.Ашық қақпалар көрінеді.Қақпа алдында

Малдарын айдаған,қар лақтырған адамдар жүр. Ә.Көшімов.

2.Қосымшалы зат есімдердің түбірі мен қосымшасын ажырат.
С-6-2

1.Сөздерді ауызша септеп көр.
Қозы,төс,күз,қар.

2.Жалғаулардың қалай жалғанғанын айт.
С-6-3

Сөздерді септеп,жалғауларын сызықша арқылы бөліп жаз.
1.Ата,тор,сағат.

2.Әкем,кітабын,бөлмесі.



С-6-4

Атау септігінде тұрған сөздерді теріп жаз.
Күрекпен,күректі,күрек,өзенге,өзеннен,өзен,

өзенді,немересі,немересінің.


С-6-5

1.Өлеңді мәнерлеп оқы.

Сеземін.


Бахтиярдың шашынан

Күннің іисін сеземін

Саусақтары басынан

Гүлдің иісін сеземін.



2.Ілік септіктегі сөздерді ата.
С-6-6

1.Жаңылтпашты жаз.

Ақынның батылдырағын айт,

Батырдың ақылдарын атй,

Ұстаздың сабырлығын айт,

Шәкірттің алғырлығын айт. Қ.Мырза Әли.

2.Ілік септегі сөздерді тап.
С-6-7

1.Көшіріп жаз.

1)Түлкінің іні терең болады.2)Ұлардың еті тығыз әрі өте дәмді келеді.3)Сұлының сабаны да кәдеге асады.4)Талғаттың атасы ауылда тұрады.



2.Қарамен жазылған сөздерді құрамына талда,

қай септікте екенін көрсет.

С-6-8

1.Суреттерге қара.Аттарын ата.

2.Осы сөздерге ілік септігі жалғауының

Тиістісін жалғап,сөйлем құрап жаз.

С-6-9

Көп нүктенің орнына ілік септігі жалғауының тиістісін қойып,жұмбақты көшіріп жаз.

Үкі... баласындай,

Байғыз... ағасындай.
С-6-10

1.Мәтінді түсініп оқы.

Күбідегі сусынды пісіп,араластыру үшін піспек пайдаланады.Піспетің күбі аузынан сыртына шығып тұратындай ұзын сабы және жалпақ әрі дөңгелек басы болады.Ол ағаштан жасалады.Сабының жоғарғы жағын әшекейлеп немесе күміспен қаптап әдемілейді.



(«Жеті қазына» кітабынан)

2.Ілік септеулі сөзі бар сөйлемдерді теріп жаз.
Тақырып: Етістік. Етістіктің шақтары
С-7-1

1.Жұмбақты шеш:

Ызақор бұғып жатыр,

Сақалын тығып жатыр.
2.Етістіктерді тауып.Қай жақта,қай шақта тұрғанын айт ?
С-7-2

1.Өлеңді жатқа жаз.


Құстардың досымыз.
Біз қамқоршы баламыз,

Құстарға ұя саламыз.

Жем,су беріп жаз бойы

Балапаның бағамыз. А.Бақтыгереева.


2.Етістіктерді тауып,қай жақта тұрғаның айт.

Жіктік жалғауының астын сыз.


С-7-3

1.Төмендегі етістіктерді осы шақта айт.


Жина,ер,тара,шеш.

2.Осы етістіктерді қатыстырып сөйлем құрап жаз.


С-7-4

1.Көп нүктенің орнына тиісті етістіктерді қойып,сөйлемдерді

көшіріп жаз.

1.Самал қуыршаққа көйлек ... .2. Серік доп ... .3. Апам түске тамақ ... .

4. Айдар ... .
Керекті сөздер: жуынып тұр,тігіп отыр,теуіп жүр,пісіріп жатыр.
С-7-5

1.Етістіктерді жекеше,көпше түрде жіктеп жаз.


Жетті , көрген, кездесті.
С-7-6

1.Берілген етістіктердің қай шақта тұрғанын айт.Осы етістіктерді

келер шақта жаз.

Оқып жүр,жазып отыр, әкелді,жүзді.



С-7-7

1.Өлеңді көшіріп жаз


Әкелді әкем дүрбі,

Қарашы деп күлді.

Дүрбіні ұстап көрдім

Төніректі шалдым. М.Әлімбай.

2.Етістіктерді тауып жіктік жалғауының астын сыз.

Етістіктің қай жақта тұрғанын айт.


С-7-8

1.Өлеңді оқы.

Мысық пен құмыра.

Сүтке толы құмыраны

Айналшықтап қызығады.

Төңкеріп тастап қарап отыр

Енді ернін жалап отыр. М.Әлімбай.
2.Осы шақта тұрған етістікті тап.
С-7-9

1.Мақалды түсініп оқы.


Сумен ойнама –батарсың,

Отпен ойнама күйерсін.

2. Етістіктердің қай жақта тұрғанын айт.Жіктік жалғауын тап.

С-7-10

1.Жаңылтпашты жатқа жаз.

Ара,ара аралар

Гүлдерден сорып бал алар,

Алысқа ұшып бара алар,

Бал тәтті ғой,балалар!

2.Етістіктерді тауып,қай шақта тұрғанын айт.




Тақырып: Сын есім. Дара-күрделі түрлері
С-8-1

1.Сұрақтарды оқып жауап бер.


  1. Шыршаның түсі қандай болады ?

  2. Пияздың дәмі қандай болады ?

  3. Қардың түсі қандай болады?

  4. Аспанның тіүсі қандай болады?

2.Жауаптарынды жазып ,қандай ? деген сұраққа жауап беретін сөздің

астын сыз.


С-8-2

1.Өлеңді мәнерлеп оқып,көшіріп жаз.


Түстер.
Қызыл ,жасыл, көк...

Түрлі түстер көп.

Аппақ түсім- сүт,

Бозғылт түсім-бұлт.

Жасыл бояу-шөп.

Сары бояу- сөк,

Қара түсім қас.

Сұрғылт түсім-тас ... Е.Өтетлеуұлы.

2.Сын есімдерге сұрақ қойып,астын сыз.


  1. Өлеңді әрі қарай жалғастыр.


С-8-3

1.«Сыңарын тап» ойынын ойнап көр.Араласқан сөздердің ішінен сын есім мен зат есімнен тұратын сөз тіркестерін тап.
Орма,үлкен, тәтті,жасыл, сай, қалың, жидек, бұлақ, шырша, мөлдір,

терең,машина.


С-8-4

1.Жұмбақты шеш.

Қалқиып ұзын құлағы,

Елеңдеп қорқып тұрады.

2. Сын есімдерді тауып өзіне қатысты зат есіммен бірге көшіріп жаз.
С-8-5

1.Жұмбақты шеш.


Шидеген ұзын сирағы,

Тастай керең құлағы.

Сөйтіп жүріп көп жерге,

Аспалы торлар құрады.

2.Сын есімдердің астын сыз,Негізгі ,туынды екенін айт.
С-8-6

1.Жаңылтпашты жаз.

Қаз маңғаз,

Маңғаз қаз;

Әр қаз маңғаз.

2. Сөйлем мүшесіне талдау.



С-8-7

1.Мақалдың мағынасын түсініп, жатқа жаз.


Ақ сөз ащы болар.

Ғайбат сөз тәтті болар.

2.Қарсы мәндес сын есімдерді тауып,астын сыз.
С-8-8

1.Өлеңді оқы.


Ақ шағала.

Ақ қанатты шағала,

Қалықтайды жағада.

Көк теңізден шықпайсың,

Жағасында ықтайсың. Т.Еділбаев.

2.Дара ,күрделі сын есімдерді тап.


С-8-9

1.Мақалды түсініп оқы.


1) Ала қойды бөле қырыққан жүнге жарымайды.

2)Ақ қар көп болса

Ақ қар көп болар.

2. Көшіріп жаз. Сын есіммен байланысып тұрған сөздің астын сыз.


С-8-10

1.Сұрақтардың орнына күрделі сын есімді қойып,сәйлемдерді

көшіріп жаз.
1)( Қандай?) ат мәреге бірінші болып жетті.2) (Қандай?) сиыр бұзаулады.

3) Теңізден ( қандай?) жел соғғып тұр.


Тақырып: Сан есім. Дара, күрделі түрлері

С-9-1

1.Жұмбақты шеш :


Екі аяқты .бір ізді,

Үстіне мені міңгізді,

Мінгізгенімен,ол менің

Аяғымды жүргізді.


2. Сын есімді тап,астын сыз.

С-9-2

1.Жаңылтпашты жатқа жаз.


Ұшы үшкір ұшқыр үш жебе алдым.

Үшеуі де үшкір,ұшқыр деп алдым.


2. Есептік сан есімді байланысқан сөзімен бірге көшіріп жаз.
С-9-3

1.Сан есімді оқы.

Он сегіз,жиырма, отыз үш, қырық жеті, жетпіс төрт, жүз он бес.
2.Қайсысы дара ,қаысысы күрделі
С-9-4

1.Санмен жазылған сан есімдерді сөзбен жаз:


22, 9 ,93, 261, 392, 888.

2.Сөйлем құрастыр.


С-9-5

1.Жұмбақты шеш:


Отыз екі,бір бәрі алып,

Тұрар іште қамалып.

Ашылғанда қос есік,

Көрінеді ағарып.

2. Сан есімді тап.

3.»Қос» -деген сөзді қандай сан есіммен алмастыруға болады.


С-9-6

1.Өтірік өлеңді түсініп оқы:


50 метр есіктен,

Еңкеюмен шақ кірдім.

100 қасқырға өшіккен

1 қозыға бақтырдым. Қ.Мырза Әли.


2. Өлеңдегі сан есімдерді тауып,сөзбен жаз

3.Қандай сан есім.


С-9-7

1.Мәтінді түсініп оқы.


Кірпі балаларын жұп-жұмсақ қызыл шақа,нәп-нәзік және көзі жабық күйінде туады.Олардың салмағы 12-25 грамм ғана шығады.Олар үшінші –төртінші аптадан бастап өздері көріктенеді.Бірақ екі айға дейін енесінің соңынан қалмайды.

2. Сан есімді байланысты сөздермен бірге теріп жаз.


С-9-8

1.Есептік сан есімдерді реттік сан есімге айналдырып жаз.


19 оқушы, 4 ауыл, 50 жыл, 12 ай,2 үй.
С-9-9

1.Өлеңді жатқа жаз.

Дина әжеміз үш жүз күй жатқа тартқан.

Жүз жасаған Жамбылды жалт қаратқан. М.Әлімбай.


2.Сан есімнің астын сыз.
С-9-10

1.Жаңылтпашты жаз.


Жүз қырық үш қызғыш құсқа,

Жүз қырық үш қығыш құс қосса.

Қайда қызғыш құс болады.

2.Күрделі сан есімддер қалай жазылған.


Тақырып:Есімдік
С -10-1

1.Өлеңді мәнерлеп оқып, есімдікті тап.


Көкек.

Құс емес бір айбарлы,

Көкек – тіп-тік айдарлы.

Ол жылы құсы ,

Көктемде

Қар кетіп, жер кепкенде ,

Жылы жақтан қайтады,

Өз атын тек айтады. С.Оспанов.

2.Ол есімдегі қай сөздің орнына жұмсалыптұр?
С -10-2

1.Сөйлемдерді оқы.


1. Мен шахмат үйреніп жүрмін.2. Сен мектеп мұражайында болдың ба?

3. Ол 4- сыныпта оқиды.

2. Есімдіктердің орнына кісі атын қойып ,сөйлемді өзгертіп жаз.Қай есімдікті кісі атымен ауыстыруға болмайды?
С -10-3

1.Жұмбақтың шешщуін тап.


Бар әлемнің жылынатын оты бар,

Әрқашан да күлім қағып ол тұрар.


2.Жұмбақты көшіріп жазып,есімдіктің астын сыз.
С -10-4

1.Есімдіетерді оқы.


Мен,сен, сіз,ол, біз, сендер, олар.

2. Осы сөздермен сөйлем құрап жаз.

3. Есімдіктердің астын сыз.
С -10-5

1.Жаңылтпашты жатқа жаз.


Қара бүркіт томағасын түсіреді

Оны мен томағаламай ,

Кім томағалайды ?

2. Есімдікті тап .Оларға сұрақ қой.Қандай сөздердіғң орнына қолданылып

тұр?
С -10-6

1.Есімдіктерді септеп жаз.


Сіздер, олар, сен.
С -10-7

1.Мақалды жатқа жаз.


Егін ексең тыңға ек ,

Онан өнер өнім көп.


2. Есімдікті тауып ,оның қай септік жалғауында тұрғанын айт.

Есімдіктің орнына қай сөзді қоюға болады?


С -10-8

1.Жұмбақтың шешуін тап.


Бар әлемнің жылынатын оты бар,

Әрқашан да күлім қағып ол тұрар.


2. Жұмбақты көшіріп жазып ,есімдіктің астын сыз.
С -10-9

1.Жаңылтпашты жатқа жаз.


Ала-ала алашалар,

Тамаша олар.



Оған кім таласа алар,

Таба алса ,алар.


2.Қарамен жазылған есімдіктердің қай септікте тұрғанын айт.
С -10-10

1.Өлеңді оқып ,көшіріп жаз:

Мұғалима.

Мынау менің сезгенім,



Ол сыныптың анасы,

Өзінің де ,

Өзгенің

Баласы ,оның баласы;

Қай кезде де ,ол анық,

Қайғырмайды өзі үшін.

Біздер үшін қуанып.

Қызарады біз үшін. Қ.Мырза Әли.


2. Қарамен жазылған есім қай жақта тұр?
Тақырып: Үстеу
С-11-1

1.Үстеулерді оқы.

Дереу ,жедел, әрең, әзер, бірден,кенеттен.

2. Сөздерге сұрақ қой.Үстеудің қай түрі екенін айт.

3.Өзің қалаған 2-3 сөзді қатыстырып сөйлем құрап жаз.
С-11-2

1.Сөйлемдерді оқып ,қарамен жазылған сөздерге сұрақ қой.


1.Бірге төртті қосса, бес болады.Ол достарымен бірге қелді.Гүлсім кітапханаға күнде келеді. Суық күнде қайда барасың?
2.Үстеу сөзі бар сөйлемдерді көшіріп жаз.
С-11-3

1.Өтірік өлеңді түсініп оқы,


Терек ектім қыста мен ,

Жазда қары түсті әрең.

Алаканым күйеді-ау,

Мұзды қолға ұстар ем. Ә.Дүйсенбиев.

2.Қарамен жазылған сөздер үстеудің қай түріне жатады?

3.Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құрап жаз.
С-11-4

1.Жұмбақты шеш.


Жоғары шығып,түсер төмен

Ішінде мен жүріп келем.


2. Үстеулерді тап.
С-11-5

1.Жұмбақты шеш.


Оңға оқы-сол санмын.

Солға оқы –сол санмын

Өзгермейтін санмын

Білсең айытшы,қай санмын ?

2.Үстеуді тап ас
С-11-6

1.Өтірік жаңылтпашты жатқа айт.

Қыста

Тыста тұз ектім



Жазда

Сазға мұз ектім

Тышқан

Ұшқан


Қыстан да
С-11-7

1.Үстеулердің түрін анықта. Сөйлем құрастыр

Дереу, жедел, әрең, әзер, бірден, кенеттен
С-11-8

1.Мақалды жаз. Үстеулердің астын сыз

Буын шаққан құлақтан кейін

Шыққан мүйіз озады.


С-11-9

1.Өлеңді жатқа жаз. Үстеулердің астын сыз

Жалқау

Айтқан сөзді ұқпайды,



Үйден тысқа шықпайды.

Соғып алып құрт, майды,

Кешке дейін ұйықтайды

Тақырып: Қайталау.
С-12-1

1.Өлеңді тиісті дауыс ырғағымен оқы.

Мамыр.


Мына бір келген мамыр ма?

Мамырла,бұлттар,маырла!

Қалпағыңды алып,бауырлар,

Басыңды төсе жауынға.


Аспан тұр,міне,күркіреп,

Шөміш қақ,әже,ырымдап.

Көктер ме егін дүркіреп,

Көк биең аман құлындап. М.Мақатаев



2.Лепті,сұраулы сөйлемдерді жаз.

3.Қаратпа,қыстырма сөздерді тап.

С-12-2

1.Мақалдарды түсініп оқы.
1)Көпшіліктен береке кетпес,

Берекем жерден мереке кетпес.

2)Отты үрлеген жағады,

Шындықты іздеген табады.



2.Әр мақалда неше жай сөйлем,қандай

тыныс белгісі қойылған.
С-12-3

1.Жай сөйлемдерді , құрмалас сөйлемдерге айналдыр:
1)Көктем шықты.Күн жылынды.

2)Мұрат жас техниктер үйірмесіне қатысады.

Дидар шахмат үйірмесіне қатысады.

3)Қарлығаш аялдамаға келді .Меруерт күтіп тұр екен.


С-12-4

1.Жұмбақты шеш.
Қалпағы бар дөңгелек,

Біледі оны барша адам.

Қараған соң күнге көп,

Мойны толып шаршаған.



2.Қарамен жазылған сөздердің түбірін тап:
С-12-5
1.Өтірік өлеңді жаз.
Жерге егіп ем рельс

Шыға келді мың жеміс

Сол жемісті,кәнеки

Менімен бір теріс. М.Әлімбай.



2.Қарамен жазылған сөздердің аралығындағы

дыбыстардың айтылуы мен жазылуын салыстыр.
С-12-6
1.Өлеңді түсініп оқу:
Атасы мен немересі.

-Марсқа егін егемін,

Өнімін ап келемін,-

Деп Мұратпек мақтанды

Күрметтейді мені елім!

Атасы айтты:

-Барасың,

Барып,қала саласың.


С-12-7

1.Өтірік өлеңді жатқа жаз.

Түнде күндіз болды,

Жерге жұлдыз қонды.

2.Етістіктің астын сызып,қай шақта тұрғанын айт.

3.Бұл етістіктің осы шақ,келер шақта айтып көр.
С-12-8

1.Жаңылтпашты жатқа жаз.
Қаладан алғаным

Алты арба асқабақ.

Алты арба асқабаққа жеккенім

Жеті ала тарғыл баспақ.



2.Сын есімді тауып,сұрақ қой.Қайсысы дара,

қайсысы күрделі сын есім екенін айт.

3.Асқабақ сөзін сөз құрамына талда.
С-12-9

1.Мәтінді түсініп оқы.
Естімеген елде көп деген.Азербайжаның Ленкоран ауданының балалары қыс айларында да тәтті конфент жегісі келсе,ауладағы ағаш басына шығады.

хош иісті конфент ағаштарының қоңыр түсті жемісінің

дәмі жүзім дәмі тәріздес болып келеді.Олардың құрамында 47 процентке дейін қант және түрлі витамин бар. «Ұлан»газетінен.

2.Сын есімдерді тауып,оларды байланысты сөзімен бірге теріп жаз.

Дара сын есімнің астын-бір,күрделі сын есімнің астын екі рет сыз.
С-12-10

1.Өтірік өлеңді көшіріп жаз.
Жуаны көп жесеңіз,тәтті балдан

Жан емен бірақ әзір татып алған.

Қара бұлт,сұр бұлттардан өрнек салып,

Ақ шәлі тоқып жүрмін ақ тұманнан. С.Оспанов



2.Сын еімдердің астын сыз.Қандай сын есім екенін айт.

3.Тәтті сөзіне қарсы мәндес сөз ойла.


Сын жұмыстар жинағы
Күз

Қыркүйек. Күздің алғашқы айы. Аспан бұлттанды. Күннің қызуы азаяды. Күн салқындай бастайды. Ағаштың жапырақтары сарғая бастады. Терек пен қайың жасыл жапырағынан айырылды. Айнала сары ала түске боялды. Шық осы айда түседі. Құстар да жылы жаққа ұшып кетеді. Аңдар қысқы тіршіліктеріне кіріседі. Олар қысқа әртүрлі дайындалады. Біреулері қысқы азықтарын жинайды. Енді біреулері денелеріне май жинап, қыс бойы ұзак ұйқыға кетеді. (59 сөз)



Тапсырма.

1. Мәтіндегі сөйлем санын цифрмен жақша ішіне жаз. 2. Не? нелер? сұрағына жауап беретін сөздердің астын сыз. 3. Қыркүйек сөзіне дыбыстық талдау жаса.



Жылан мен кірпі.

Таңертең бір нәрсе ысқырғандай жат дыбыс Қабидың құлағына естілді. Қаби оянып кетті. Төсектен басын көтерді. Ол Есеннің кереуетінің жанында ұстасып жатқан жылан мен кірпіні көрді. Жылан басын көтерді. Аузын ашып, тілін шығарып ысылдап тұр. Қаби мұны көргенде, қорқып, Есенді оятты. Есен де басын көтерді.

Жылан айыр тілімен кірпіні шақпақ болды. Бірақ шаға алмады. Кірпінің тікенектері үрпиіп тұр. Кірпі жыланның құйрығынан тістеп, кеміріп жатыр. (63 сөз)

Тапсырма:

1. Жай, құрмалас сөйлемдерді тап, сана. 2. Кірпі мен жылан жайында бір жай сөйлем, бір құрмалас сөйлем жаз.


Ою

Жанар жасынан әсемдікке үйір болды. Әсіресе түрлі оюларға қызықты. Оның әжесі ауылдағы атақты оюшы болатын. Сырмақ, текеметке ою салатын.Әжесі бүкіл ауылдың әйелдерімен бірігіп, сырмақ тігетін. Осындай әдемі өрнектерді әжесінің жасағаны ұнайтын. Жанар әжесі өрнектер салып, ою ойғанда үнемі қасында жүретін. Жанар әжесінен ою оюды үйретуін өтінді. Әжесі келісті. Жанар қуанды. Әжесінің айтқанын бұлжытпай орындап жүрді. Көп кешікпей Жанар бұл өнерді игеріп алды. Ол да атақты оюшы болды. (65 сөз)



Тапсырма 1. Алғашқы сөйлемнен тұрлаулы мүшелерді тауып жазу. 2. Соңғы екі сөйлемнен тұрлаусыз мүшелердің астын сызу. 3.
Орман – халық байлығы

Орманның халық шаруашылығы және адамзат өмірі үшін зор маңызы бар. Құрылыс жұмыстарына керекті, заттардың көбі ағаштан жасалады. Күнделікті тұрмыстарына керекті, заттардың көбі ағаштан жасалады. Күнделікті тұрмыста ағаштан жасалған бұйымдар көп қолданылады. Олар табиғи зат. Адам десаулығына пайдалы. Еменнен, қайыңнан, теректен жасалған нәрселер өте шыдамды болады. Орман, тоғай – баға жетпес табиғат қазынасы, халық байлығы. Сондықтан да мемлекет ормандарды таза ұстан өрттен сақтауға сендер де ат салысыңдар. (60)



Тапсырма: Жуан сөздердің түбірі мен қосымшасын ажыратып, белгіле. Шаруашылықта, теректен сөздерін буынға бөл.Қайыңнан сөзіне фонетикалық (дыбыстық) талдау жаса.
Құстар біздің досымыз

Жаздыгүні біздің жерімізде құстар көп болады. Далада бозторғай сайрайды. Бақта қараторғай ән салады. Қарлығаштар үй төңірегінде ұшып-қонып жүреді.Олар бізге қандай пайда келтіреді? Міне, мұны біреу білсе, біреу білмейді. Құрттар бау-бақшаға зиян келтіреді. Қоңыздар ағаштардағы жапырақтарын жейді. Құстар бақшаларды, бақтарды зиянды құрттардан қорғайды.Құстардың адамдар үшін, табиғат үшін пайдасы көп.

Қыстыгүні далада құстарға тамақ жоқ. Олар ашығады. Қыстыгүні құстарға жем беру керек. (62)

Тапсырма. 1.Екінші сөйлемді сейлем мүшелеріне талда. Үшінші сөйлемді сөз таптарына талда. Қарлығаштар сөзін тасымалдап жаз.

Сауысқанның белгісі

Орман ішімен түлкі келе жатты. Алаңқайлардан жүгіріп өтеді. Қалың ағаштардың арасынан ептеп жүреді. Бір бұтаға да соқтықпайды. Кенет ол жер бауырлап жата қалды. Балапандарын ертіп бөдене келе жатыр екен. Сол арада сауысқан шық ете қалды. Бөдене мен балапандары пыр етіп ұша жөнелді. Түлкінің әрекеті зая кетті.



Тапсырма: 1. Балапандарын, ағаштардың деген сөздерді құрамына талда, белгіле. 2. Ептеп, зая сөздерін басқаша қалай айтуға болады?
Шөптегі шық.

Жаздыгүні болатын. Мен ерте тұрдым. Далаға шықтым. Шығыс жақтан нұр шығып келе жатыр. Күнге қарап тұрдым. Шөптегі шықты байқадым. Шөптегі шық тамшылары алмақ сияқты болып көрінді. Бұл тамшылар күнге шағылысып, бірде сары, бірде қызыл, бірде көк болып көрінеді. Мен шыққа жақын келіп қарадым. Шөптің үш бұрышты жапырақтарында шық тамшыларын көрдім.

Шық түскен жапырақты үзіп алып едім, титтнй тамшы кішкентай шар сияқты домалап жерге түсті. Сондай тамшысы бар, тағы бір жапырақты үзіп алып, тамшыны жұттым. Оның дәмі жеміс суынан да тәтті сияқты болып көрінді. (83)

Тапсырма. Шылауларды теріп жаз. Бесінші сөйлемді сөз таптарына талда. Бала сөзін үш жақта жекеше, көпше түрде жіктеп жаз.
Мазмұндамалар жинағы
Қабылан

Қабылан-жолбарыс сияқты ірі жыртқыш аңның бірі. Оның дене тұрқы 1,8 метрге,салмағы 100 киллограмға жетеді. Қабыланның терісі әдемі,теңбіл-теңбіл,сол себепті ол ағаш пен бұта арасында жүргенде көзге оңай түсе қоймайды.

Қабыла жемтігін көбінесе түнде аңдиды. Негізгі қорегі-елік,тауешкі,арқар,кейде қабанға да шабады. Жемтігін аңдардың жортатын соқпағында,суат басында аңдып жатып ұстайды. Үй жануарларына шабуы сирек. Қабылан жаралы кезінде немесе соңына түсіп қуғанда болмаса,адамға шаба қоймайды.

Оның тіршілік ететін жерлері-Кавказ,Өзбекстан мен Түрікменстанның таулары аймақтары,Қиыр Шығыс. Апаны көбінесе жартастардың арасында,үңгірлерде,ит тұмсығы батпайтын жыныс тоғайдың ішінде болады.

Біздің елімізде қабыланды аулауға тыйым салынған. Ол сирек кездесетін әдемі аңболумен біргеаса пайдалыда. Себебі, алдымен ақсақ-тоқсақ, ауру-сырқаулы аңдарды ұстап жейтін болғандықтан,табиғатта «санитар»қызметін атқарады. Оның үстіне қабылан- қасқырдың қас жауы. Ол жүрген жерде қасқырды емге таба алмайсың.

Жоспары:


  1. Қабыланның сыртқы көрінісі

  2. Қабыланның көбінесе түнде жүруі.

  3. Қабыланды аулауға тиым салыну себебі


Ұшқанымен құс емес

Күзге салым тырна,қараторғай және басқа құстар қыстап шығу үшін жылы жаққа ұшады. Бұл кезең құс қайтатын мезгіл деп аталады. Бірде:

- Жарқанат та жылы жаққа ұшып кете ме?- деп сауал қойылды.Не қыстап қалады,не ұшып кетеді деу қиын,дәлел керек қой. Байқап қарасақ, жылы жаққа жарқанаттың да қайтатыны болады екен.

Ұлан-ғайыр шөл даланың ортасында жылтырап жатқан бұлақтың жағасы көкорай шалғын. Колхозшылар шалғынды шауып,маялап тастаған.

Қоңыр күз еді.Аң аулай шыққанмын. Кешке дейін дала кезіп жүріп,тынығып алмақ болып, бір маяның түбіне келдім. Сол арада әлденелер шиқылдап, сатырлаған дыбыс естілді.Қарасам ,маяның үсті құжынаған жарқанат. Жыпыр-жыпыр етеді. Дүркірей ұшады да, ұзай алмай ,маяға қайта келіп қонады. Кейбіреулері сол қатарда тұрған екінші маяға барып тығылып жатыр. Шөптің үсті толған жарқанат.

Жаздыгүні осы маңды бір аралап өткенімде бір де бір жарқанат көрмеген едім. Мына түрлеріне қарағанда жарқанаттар жылы жаққа ұшып бара жатып, күн шыға тынығып жатқан түрлері болу керек.

Солай болды да. Ертесіне таң ата қарасам, бұл маңда бірде-бір жарқанат қалмапты. Түнде ұшып кетіпті.

Демек,жылы жаққа қыстап шығу үшін қайтқан құстардың арасында жарқанаттар болады екен.

Жарқанаттардың бәрі бірдей туған мекенінде қысқы ұйқыға жата бермейтін көрінеді. Олордың ішінде жылы жаққа ұшып кететін түрлері де болатын сияқты. Бірақ олар ұшқанымен, құс емес
Түсіндірілетін сөздер мен сөз тіркестері: күзге салым, ұлан-ғайыр, маялау

Жоспары:


  1. Құс қайтатын мезгіл

  2. Жарқанаттардың орналасқан жері.

  3. Олардың жылы жаққа ұшып кетуі.



Бостандық..
Қорғанбай екуіміз жақсы доспыз. Күні бойы бірге ойнаймыз.Олардың үсті қамыспен жабылған қорасы бар.Күн түсіп тұрсын деп төбесінің ортасын әдейі ашық қалдырған.Біз қораның ішіне жасырынбақ ойнағанда сол ашық жерден алақандай аспан көрініп тұрады.Жиек-жиекке ұя салған шымшықтар да ұшып келіп ,ұшып кетіп жатады.

Бір күні Қорғанбай шымшық ұстаудың қызық тәсілін көрсетті.Кәдімгі шылапшынның бір жақ ернеуіне ұзындығы бір сүйем таяқша тірейді де,

оған жіп байлады .Астына арпаның дәнін сеуіп қояды.

Қораға келіп қонған шымшықтар секектеп жүріп, шылапшынның астындағы дәнге қарай жақындай бастайды.Шымшық жан-жағына жалтақтауын қойып ,дәнге бас қойған кезде ,жіпті тартып қалсаң,бітіп жатыр. Әлгі даңғыр етіп құлайды да ,шымшықтар ішінде тыпырлап қалады.

Қорғанбай тіпті пысық екен . Төңкерілген шылапшынның астына қолың жыланшы сумандатып сұғып жібереді де,шап беріп алып шығады. Мен болсам ,мүлде ұстай алмаймын .Бір –екі рет саусағымды шоқып ала ма деп

қорқып ,ұшырып жібердім.



  • Қорқақсың !- деп ұрсады ол маған.

( Н.Оразов.)

Жоспар.

  1. Балалардың ойыны.

  2. Шымшық ұстаудың тәсілі.

  3. Қорғанбайдың ептілігі.


Еңбексүйгіш пен Еріншек.
Жоспар.

  1. Ағайынды егіздер.

  2. Еңбексүйгіштің өмірі.

  3. Еріншектің өмірі.

  4. Әулиенің шешемі.

Еңбексүйгіш пен Еріншек деген егіз туған ағайынды екі адам болған екен.Еңбексүйгіш таңның атуы мен күннің батуына дейін жұмыс істейді,ал Еріншек күн шыққанша ұйықтайды.Ал күн шыққан кезде бір жамбасынан екінші жамбасына қарай аунап түсіп жата береді,сәске түстің кезінде оянады...Сөйтіп, қос бауыр өмір бойы осылай тіршілік етеді.Қартаяды, олардың да ажал сағаты жақындайды.Оларды әулие өзіне шақырып алып: «Сендер неше жыл жарық дүниеде өмір сүрдіңдер?»-деп сурайды.-«Тоқсан тоғыз жыл өмір сүрдік»,-деп жауап береді ағайындылар.«Жарайды,маған да келетін кездерің жетті»,-дейді әулие.

-«Қане,маған өмірді қалай өткізген жылдарыңды көрсетіңдерші».

Еңбексүйгіш: «Менің өмір сүрген жылдарым»,-деп,ну орманды көрсетеді.Өз өмірінде ол күн сайын бір ағаштан отырғыза беріпті,содан орман өсіпті.Әулин орманмен бір күн жүріпті, ал орман болса, қалыңдаған үстіне қалыңдай түсіпті.Бір апта жүріпті, бір жыл бойы жүріпті, ал орманның қиыр шеті көрінбепті.Әулие шаршап, жерге отыра кетіпті-сондай қауқарсыз шал,ал еңбексүйгіш: «Тағы да ілгері жүре түсейік?»-дейді.Ал еріншектің көрсетері жоқ.Еріншектің ұнжырғасы түсіп, тұрып қалады...Әулие аһлап-үһлеп, орнынан әрең тұрып:«Енді әулие мына-Енбексүйгіш болады»,-дейді.Әлемнің бар сұлулығын осы жасайды.Ал,сен,Еріншек,тағы да тоқсан тоғыз жыл өмір сүресің.Содан кейін әулиеге-өзіңнің бауырыңа келесің.Енбексүйгішке өзің өткізген жылдарыңды көрсетесің».

Адам өмірден өтеді, ал егер ол нағыз адам болса,өткен жылдары өшпейді.

Асар
Жоспар.

1.Егізбай ауылында болған жай.

2.Асарға жиналғандар.

3.Олардың бауырмалдығы.


Бала күнгі бір іс әлі есімнен кетпейді.Адам баласының бауырмалдығы,мейрімділігі туралы ойлана қалсам,Егізбай ауылында болған іс қаз-қалпында көз алма келеді.

Көкем көрші ауылдағы көкпарға кеткен.Сәске кезінде біздікіне байеке келді.Шешемді өзімсініп,еркін сөйлейді.

-Әй,Гүлжан,бір қойыңды ыңғайлап бер.Мен жұртты асарға шақырып келдім.Осындай күн жылыда үйлеріңнің төбесін тастайық.Қашан айтады деп,күтіп жүреміз бе?

Апам қуанып қалды.Онсыз да жер-көкке сыйғызбай мақтап отырушы еді,енді тіпті айналып-толғанды. «Төрем», «Шырағым» деп қана сөйлейді. «Біздің Егізбай ауылының адамдары осындай,соны біліп қойыңдар»дегендей,Шаншархан екеуімізге қарап қояды.Байекеңнің ізін баса «құрылысышылар» да келе бастады.Біреулері шешемді «апалап»,енді біреулері «жеңешелеп»жүр.

Үлкені бар,кішісі бар,көпшілік жабылып кеп берді.Лай иленді.Жұрт көңілді.Әзіл де,күлкі де,әңгіме де осында.Ауылдағы үлкен кісілердің бәрі мәз-мейрам.

Асар бітер кезде торы жорғасые тайпалтып көкем келді.Есі кете таңырқап тұрып алды.

Байеке апама айтқанын көкеме де айтып жатыр.Мен жүгіріп барып,торы жорғаның шылбырын ұстадым.Байқаймын,көкем толқып тұр. -Ел деген осы...-деп күбірлейді,аттан түсіп жатып.

Асаршылар ас ішіп болып тараған соң,көкем ақтарылды-ай келіп:

-Біздің ауылдың ынтымағы қандай!Шетінен бауырмал!Байекеге,Анатолийге,Ілиясқа не басқаға үйімді сылап бер деппін бе?Өздері біліп келіп отыр.Біздің ауылдың адамдарында мейір-шапағат мол,бауырмал бәрі!

Біз де осы дәстүрді жалғастырдық.Егізбай ауылының адамдары біріне-бірі сүйеніш.Үйді де бірігіп салады,тойды да бірге өткізеді.

.

Ата кәсіп

Жоспар.


1.Ұстахана.

2.Әлінің ұстаханаға баруы.

3.Ұста шалдың іскерлігі.
Ауыл шетінде толассыз дыбыстаған ұста дүкені бар.Ылғи шың-шың етіп жатады.Қисық мұржасынан сыздықтап түтін шығады.Есігін шалқайтып ашып тастаған.Әр кезде сол есіктен баж етіп жанған көмір,темір ұшқындары атқып шығады.Кішкентай ауылға өмір беріп,ұйқыдан оянатын да осы дүкен.Ертемен қатқыл-қатқыл балға үні иен даланы басына көтереді.Адамдар да қыбырлап жұмысқа беттейді.

Әне,арбакеш Бейсенбі күпшегі тайған доңғалағын сүйретіп,ұста дүкеніне бет алды.Бижан да кетпенін шыңдатып ала қояйын деп,осы жаққа беттеп келеді.

Кішкентай Әлі ұстаханаға жақындаған сайын көңілденіп жүре берді.Ащы,ыстық түтін есіктен қараған Әлінің жүзін шарпыды. «Мынау нағыз дозақ оты ғой,даланың өзі өрт болып жанып тұрғанда,қалай ыстықтамайды екен?» Кеудесі қабынып,босағада тұрып қалды.Ұста шал көрік жақта күйбеңдеп жүр.Босағада ербиіп тұрған мұны көріп:

-А-ә,Әлжан,кедің бе?Табалдырықты баспа.Көп ұйықтайсың, ә?Мен сенсіз біраз нәрселер жасап тастадым.Оты құрығыр сөне береді.Әйтпесе мына бел темірді баяғыда ұрып тастайтын едім.Балам,көрікті басып-басып жіберші.От сөніп бара ма, қалай?Көмірі жаман-ау, әсте.

Әлінің жүрегі дүрсілдеп,екі езуі екі құлағында,көріктің құлағына жармасады.Бірден гулеп жүре беретін от қызуы бетін жалайды.Маңдайы шып-шып тершіп,ысылдап-пысылдапболып қалады.Үйдің іші гүрсілдеген балғаның,ысылдаған көріктің үніне толып кетеді.Көзі тұнып,аузына темір дәмі білінеді.

-Көрікті бас,балам.Бұл темірдің өзі отты сүйеді.Үйрене бер,көзің қанады.Бұл да бір қызық өнердің бірі.Өзім ұсталақты жас кезімде әкемнен үйренген едім.Ол кезде ұсталықтың өзі үлкен мансұқ болатын.Ал қазіргі балалар оқымысты болып барады.Тек,әйтеуір,еңбекті ұмытып кетпеңдер.Еңбек адам жанын бәле-жаладан сақтайды ғой.

Самайынан аққан тер мойнына барады.Қып-қызыл шоқ көзін ашып ортасына түскен темірді сүйіп-сүйіп,әп-сәтте қызартып шығарады.Әлінің ақ көйлегі ұста шалдың алжапқышына ұқсап,салтақ-салтақ,күйе-күйеболып шыға келді.Жөтеліп,қақалап-шашала бастады.

Ұста шал алдына ұшып түскен темір шоқтарын жалаңаш қолымен лып еткізіп алады да,есік жаққа атып-атып жібереді.Әлінің көзі шарасынан шығып,аузын ашып қалады...

-Таңданатын дәнеңе жоқ.Менің алақаным түйенің табанындай қатып-семіп қалған.Бәріне де үйренген.Сендердің алақандарың ғой дәкедей үлбіреп тұрған.Әлі-ақ қатайып кетеді!-дейді.

Енді бірде жөнделген саймандарды қайта қыздырып,қайта суытып,шетке шығарып тастай береді.Әрі-беріден соң жөнделген саймандар жанында тау болып үйіліп қалады.

Осы екі жанның мінез-құлқы екі бөлек болғанымен,ішкі тіршілік мәні бірдей еді.Екеуі де еңбексіз күн өткізуді білмейді,екеуі де өмірді өз қолымен жасайды.Тек айырмасы:жас Әлі қартаюға аксықты;ұста шал зымырап келіп қалған кәрілігін еңбекпен кідірткісі келді.Өстіп жүріп талай жылдар өтіп кетті.


Найзағай

Жоспар.


1.Аспандағы құбылыс.

2.Найзағайдың пайда болуы.

3.Нөсер.
Жаздың адам төзгісіз қапырық ыстық күні.Көк жүзіндегі түйдек-түйдек қою бұлттар барған сайын киіздей ұйысып,әп-сәтте көгілдір аспан мен жарқырап тұрған күнді бүркеп алды.Сәл тыныштықтан кейін,кенеттен құйын ойнап,аспаннан ірі-ірі жаңбыр тамшылары тамшылай бастады.Содан соң шелектеп құйып берді.Найзағай ойнап,күн күркіреді.

Аспандағы бұл не құбылыс?Неліктен найзағай ойнайды?

Жер бетінен шыққан бу биікке көтерілгенде қатты салқындап,су тамшыларына айналады,су тамшылары қосылып ірілене түседі.ал ауа ағысы оларды біресе жоғары,біресе төмен,жөңкіте куалайды.Жоғарылған сайын салқындап,су мұз түйіршіктеріне айналады.Мұз түйіршіктері тамшыларға соқтығысып,су оларды қабыршықтап орап алып,қата бастайды.Мұз түйіршіктері ауырлай береді де,бұлттың «төменгі қабатына» түсіп,онда жылырақ болғандықтан еріп кетеді.Бірақ олар құйын екпінімен тағы да жоғары көтеріліп,мұз түйіршіктерімен қайта соқтығысып,су қайтадан қатады,түйіршіктер ұлғайып,ауырлай береді.

Енді мұз түйіршіктері бұлтпен бірге қалқып тұра алмай,төмен қарай құлайды.Жерге жақындағанда еріп,жаңбырға айналады.Кейде олар еріп үлгермегендіктен,жерге майда мұз түйіршіктері күйінде түседі.Сөйтіп бұршақ жауады.

Ал қалың бұлт арасындағы су тамшылары мен мұз түйіршіктерінің қозғалысы тоқтамайды.Олар бір-біріне ұрылып,соқтығысады,үйкеледі,сөйтіп электр тогымен зарядталады.Бұлттың жоғарғы бөлігінде оң,ал төменгі бөлігінде теріс электр заряды пайда болып,олардың арасынан ұшқын шығады.Найзағай жарқылдайды.Найзағай сол мезетте айналадағы ауаны қыздырып,ол тез ұлғаяды да,жарылыс болып,күн күркірейді.

Найзағай тоқтап,қою бұлт сейілгенде ауа тазарып,тынысың кеңи түседі.Нөсер жаңбыр жерді де,аспанды да жуып өтеді.



Аппақ қыс

Бiздiң жаққа аппақ қыс түннiң ортасында жеттi.Үстi-басы мақтадай ақ ұл-

па .Алабұрта бұлқынбады , одыраңдай топырламады , сес көрсетiп секеңде-

медi.Ешкiмнiң пырдай ұйқысын бұзған жоқ.Қайта тәттi ұйқыда жатқан әлем-нiң тыныштығына секем тудырғысы келмегендей,сабырмен ,сақтықпен қи-

мылдайды.Ақ жiбек орамал жайып,құшағын айқара ашқан қалпы жел өтiне тосқауыл қарады.Аяғын сықырлатпай ,ақырын ғана еппен адымдайды .Кеуде

сiн тiк ұстап тұра қалып ,төңiрегiне ақ күмiстен сауылдата шашу шашады.

Жер бетiн тұтас ақ мақта жабады.

Аппақ қыс бәрiне қамқор.Адамдарға да, малға да, ағаштарға да, аңға да, тiп

тi жердегi бұталарға дейiн мейiрiн төгiп, әрқайсысын мәпелейдi.Еркеле жү-

рiп, күбiрлей сөйлейдi:

Ұйықтаңдар, алаңсыз тынығыңдар тырп етпей, -дейдi жер бетiне түгел жа-

йылған жiбектей үлпiлдеп, далиған жалпақ көрпенi қымтап жүрiп. Ешкiмдi тоңдырғысы келмейдi .

Орман мүлгiп тұр. Бозғылт қайыңның басына аппақ қыс кiршiксiз ақ шайы орамал байлайды. Етегi қауқия делдиiп, төбесiмен көк тiрегендей шаншыла жоғары өрлеген қаракөк қарағайдың басынан төмен қарай ұлпа опаны төге салды. Тоғайдағы солқылдақ талға, тырбық бұталарға ақ желек кигiздi. Жас шыбықтар мен балаң шыршаларды түгел үлбiреген ақ мамыққа орады ...
Түсiндiрiлетiн сөздер мен сөз тiркестерi:Мақтадай ақ ұлпа, әлемнiң тыныштығына,құшағын айқара ашқан, ақ күмiс, жiбектей үлпiлдек, мүлгiп тұр, кiршiксiз ақ қайын орамал.

Жоспар:

1.Тынық, аппақ қыс қандай қамқорлық жасайды?

2.Қыс неге бәрiне –ұйықтаңдар, тынығыңдар деп тұрған сияқты ?

3.Орман неге мүлгiп тұр ?



Жалқау мысық

Менің бір әдемі мысығым бар. Өзі өте сүйкімді. Оның бізбен тұрғанына алты жылдай болып қалды. Бұрын, алғаш асырап алған кезімізде, ол сондай тынымсыз еді. Кішкене доп, оралған жіп көрсе, сонымен ойнайтын. Ал қәзір оны орнынан тұрғыза алмайсың. Күндіз де, түнде де пештің түбінде жатып алып ұйқыдан бас көтермейді. Сөйтіп, менің мысығым жалқау болып кетті. Маған мысығымның осы мінезі ұнамай жүр.

(«Балдырған» журналынан)

Тіректі сөздер мен сөз тіркестері: сүйкімді, сондай тынымсыз, бұрын, алғаш асырап алған кезімізде, ұйқыдан бас көтермейді, оралған жіп көрсе, жалқау.

Жоспар:


1.Сүйкімді мысық.

2.Ойынға құмарлық.

3.Ұнамсыз қылық.
Қу ешкі

Жоспар:

1. Гүл шоқтары

2. Қос құрбының әңгімесі

3. Аңдаусызда келген бәле.

Айжан апайына сыйлауға әдемі, үлкен гүл шоқтарын алып жатты. Жолда оған құрбысы Жанар жолықты. Екеуі жолдың шетіне отыра қалып бір қызық әңгімеге кірісті. Олардың соңынан көршілерінің ешкісі жүріп отырды. Әңгіменің қызығымен қыздар ешкіні байқамады. Бір кезде сөмкеге қыстырылып тұрған гүлді қу ешкі жей бастады. Қос құрбы ештеңені сезер емес. Әңгіме біткен соң Айжан сөмкесін алмақ болып еді, гүлі жоқ. Тек сабағы жатыр. Ал анадай жерде көршінің ешкісі түк білмегендей кетіп барады. Бар бәленің көк ешкіден келгенін сезген қыздар мәз болды.

Тірек сөздер мен тіркестер: гүл шоқтары, құрбысы Жанар, қос құрбы, қу ешкіымалданбайтын төрт сөзді теріп жаз.
Жоспар: 1. Автобус аялдамасында

2. Қарияның қалпағы

3. Ақылды күшік

Есті күшік

Кішкене күшігімді ертіп автобус аялдамасына келдім де, өзім қатарлы балалардың қатарына қосылдым. Осы кезде ауа райы бұзылып, қатты жел тұрды. Автобус келді. Автобустың алдыңғы есігінен бір қария жерге түсті, Гуілдеген жел қарияның қалпағын ұшырып әкетті. Қария не істерін білмей тұрып қалды. Міне, қызық. Менің кішкентай күшігім жүгіріп барып, қалпақты тістеп әкеп, иесіне ұсынды. Қария бұған риза болды. Ал аялдамада тұрған балалар болса бір түрлі ыңғайсызданп қалды.



Тірек сөздер мен тіркестер: автобус аялдамасына, гуілдеген жел, бір түрлі ыңғайсызданып
Ұшқыш кілем

Адамдар ертеде әуеде ұшып жүруді көп аңсаған. Сондықтан олар ұшқыш кілем туралы ертегіні ойлап шығарады. Алыс сапарларға жылдам барсақ деп ойлады.

Қазіргі кезде адамдардың ойлары, армандары орындалды. Ұшқыш кілем болмағанмен , ұшақтар бар. Оған ұшқан құста жете алмайды. Сол ұшақтармен кез келген жерге жылдам жетуге болады. Тіпті айға да ұшып барып келуге болады.

Жоспар:


1. Адамдардың арманы.

2. Орындалған арман.



Өз –өзін тест арқылы бақылау

І нұсқа

1.Жуан дауысты дыбыс әріптерін жаз.


2.Үнді дауыссыз дыбыс әріптерін топта: б, р, т, д, з, п, к, қ, ғ, н, ш, ж.
3.Буын үндестігі бойынша дұрыс жазылған сөзді белгіле: жолдастер, орманге,

мектепқа, жапырақтар, қызтар.
4.Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды жаз: ауыл... маңы, көкек...

дауысы, үлкендер... үйрену, жүн... тоқу.
5.Қос сөз дегеніміз не?
6.Берілген сөздерге күшейткіш буын қосып, қос сөздер жаса: момақан, сүйір,

ашық, тәуір, таза.
7.Көп нүктенің орнына қарсы мағыналы сын есімдер тауып жаз: ащы - ... ,

таза - ... , жаңа - ... , қою - ... , жіңішке - ...
8.Оқу сөзіне түбірлес сөздер жасап, жаз.
9. -шы, - ші, -ды, -ді, -лы, -лі жұрнақтарының тиістісін жалғап, туынды сөздер

жаса: ақыл, білім, құрылыс, сату, бой.


10.Берілген сөздерге көптік жалғауларын жалға: еңбек, кітапхана, көмекші,

ұшқыш, дәптер.
11.Сызғыш деген сөзді тәуелде.
12.Зат есім сөздеріне қойылатын сұрақтарды жаз.
13.Ата сөзін септе.
14.Тиісті сын есімді қойып жаз: Үйрен ... әдептен,

Жирен ... әдеттен.
15.Реттік сан есімге жалғанатын жұрнақтарды жаз.
16.Дара етістіктерді күрделі етістіктерге айналдыр:

келді, жүрді, ұшты, ойнады.
17.Сөйлемді дұрыс құрастыр: Мал, өсірумен,

біздің, айналысады, ауыл.

18.Жай сөйлемдерден құрмалас сөйлем құрастырып,жаз:



Қыс келді. Күн суытты.
19.Сөйлем мүшелеріне талда: Көк қасқа

шегірткелер шөп арасында шырылдайды.
20.Қаратпа сөзді тауып, астын сыз: Самал, сен сабағыңды оқыдың ба?
ІІ нұсқа

1.Сағат деген сөзде неше буын, неше дауысты дыбыс бар?


2.Қатаң дауыссыз дыбыс әріптерін жаз.
3.Сөздерді буынға бөліп, жаз: жаңалық, ауыл,

тауықтарға.
4.Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді

қой (ый, и, й) : с...лық, т...ым, т...ылды, т...ек,



а...мақ.
5.Берілген сөздерден біріккен сөздер құрап жаз: тас,

аяқ, бақа, арқа, гүл, қос, Әсем, Сары.
6.Сөздерді қысқартып, жаз: Қазақстан

Республикасы, метр, литр, тонна,

педагогикалық институт.
7.Көп нүктенің орнына сол сөзге мағынасы жуық

сөзді жаз: мұғалім, ... , ... .


8.Сөздердің одан әрі болінбейтін бөлігін не дейміз?
9.Сөздерден бірнеше түбірлес сөздер жаса:

Бас, ... , ... , ...
10.Сөздерге көптік жалғауларын жалға: үзеңгі,

терезе, қоян, желім, шахматшы.
11.Дос деген сөзді тәуелде.
12.Берілген етістіктерге тиісті жалғаулар жалғап, туынды зат есім жаса: ұш ... , сыз ... , біл ... , іл ...
13.Дәптер сөзін септе.
14.Ақыл, тәртіп, өнер, тау сөздерінен туынды сын

есімдер жасап, жаз.


15.Сан есімдерді тауып, астын сыз: Жеті жұрттың

тілін біл, жеті түрлі білім біл.
16.Дара етістіктерді күрделі етістіктерге

айналдырып, жаз: салды, келді, ойнады.


17.Тиісті тыныс белгілерін қой:

1)Сенің әке – шешең бар ма

2) Ұқыпты оқушы жинақы, ұқыпты болады

3) Ұнады ма

4)Ұнағанда қандай
18.Жай сөйлем нешеге бөленеді?
19.Сөйлемді дұрыс құрастырып, сөйлем мүшесіне

талда: Ұшып, аққулар, жылы, кетті, жаққа,



күзде.
20.Сөйлемнен қаратпа сөзін тауып, астын сыз: Ораз, сенің итің бар ғой, ә?
ІІІ нұсқа

1.Көп нүктенің орнына тиісті (ы,і) әріптерін қой:



Марат күш...кт... үй...не ал...п келд... .

2.Ұяң дауыссыз дыбыстар әріптерін жаз.


3.Дұрыс тасымалданған сөзді жаз: те – кемет, о –

тан, бал – алар.
4.Буын үндестігіне бағынбай жазылған сөзді жаз:

сәбилік, талғампаз, арбакеш, көргенді,

сұлулық.
5.Біріккен сөз дегеніміз не?
6.Берілген сөздерді қысқартып жаз: килограмм,

тонна, Қазақстан Республикасы, километр,

сантиметр.

7.Бет сөзіне мәндес сөздер жаз.

8.Туынды сөздер қалай жасалады?
9.Берілген сөздерді сөз құрамына талда: малшыға, қыстың.
10.Оқушы деген сөзді жіктеп жаз.
11.Әке сөзін тәуелдеп жаз.
12.Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып жаз:

Менің атым ________. Менің әкемнің аты _________.

Менің жолдасымның аты_________.
13.Барлық септіктерге негіз болатын септікті жаз.
14.Берілген сын есімдерге қарсы мағыналы сын есімдерді тауып, жаз: семіз, биік, қою, арзан, ащы.
15.Сан есімдерге реттік сан есімдердің жұрнақтарын жалғап жаз: үш... күн, бір... орын, бес... үй, он төрт... пәтер, он тоғыз... автобус.
16.Берілген етістіктерді осы шақта қойып, жаз: келді, отырды, оқыды.
17.Берілген сөздерден сөйлем құрап жаз, тыныс белгісін қой: Басталады, нешеде, сабақтарын, сағат.
18.Жай сөйлемдерден құрмалас сөйлем құрастыр, тыныс белгісін қой: Қоңырау соғылды. Сабақ басталды.
19.Сөйлемді сөйлем мүшесіне талда: Алма бағында қызыл алмалар балбырап пісті.
20.Біреудің назарын аудару үшін қолданылатын сөздер қалай аталады?
IV нұсқа

1Қоян сөзінде неше дыбыс, неше әріп бар?


2.Берілген сөйлемдегі сөздерден ұяң дауыссыз

дыбыс әріптерін жаз: Жаз келді.Жер беті жасыл кілем төсеп қойғандай.


3.Қай сөзді тасымалдануы дұрыс: Бау – ыржан,

Ба – уыржан, Бауыр – жан.
4.Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қой: ба...шы,

До...жан, теңіз...і, Аман......лді.
5.Қысқарған сөздерді толық жаз: ҚР, кг., см.,

пединститут.
6.Берілген сөйлемдерден біріккен сөздерді тап,

астың сыз: Бала тоғызқұмалақ ойынын жақсы



меңгерген. Қажымұқан шөп алу үшін

Ақмолаға барады.
7.Берілген сөздеге мағынасы жақын сөздерді тауып

жаз: шәкірт, мезгіл, алғашқы.


8.Су деген сөзден бірнеше туынды сөз жаса.
9.Жіктік жалғаулы сөздерді теріп жаз: Мен

төртінші сынып оқушысымын. Сен қырдың

түлегісің.
10.Жұмысшылар сөзінді сөз құрамына талда.

11.Кітап деген сөзді тәуелде.


12.Сөйлемдерден жалқы есім сөздерін теріп жаз:

Жазғы демалыста мен Баянауылда дем

алдым. Демалыс үйінде балалар көп болды.

Олар Қазақстанның түкпір – түкпірінен

келіпті. Алғашқы геологтердің бірі Қаныш

Сәтбаевтың мұражайында болдық.
13.Берілген сөздерге ілік септігінің жалғауларын

жалға: бала..., оқушы..., оқулық..., ілгіш..., сәби... .

14.Сөздерден сөйлем құрастырып, сын есімнің астын сыз: Бар, күшігі, қара ала, Шынтастың.
15.Есептік сан есімдерді реттік сан есімдерге айналдырып жаз: төрт, екі мың бес, жүз елу үш.

16.Болымсыз етістіктердің астын сыз:



... досыңа, келер басыңа. Ерте жатып, кеш ... .
17.Берілген сөйлемнен кейін қандай тыныс белгісі қойылады? Әсіресе, кешке қарай қандай тамаша

18.Жалаң сөйлемдерді жайылма сөйлемге айналдыр: Қар жауды. Айгүл оқыды.


19.Сөйлемді сөйлем мүшесіне талда:

Бақыт – үлгілі оқушы.
20.Берілген сөйлемдердің тыныс белгілерін қой: Балам менің басым ауырады. Сірә күн өткен шығар.

V нұсқа

1.Сөйлемнен жуан дауысты дыбыстарды теріп жаз: Қазақстан – көп ұлтты мемлекет.


2.Үнді дауыссыз дыбыстарды жаз.
3.Берілген сөздерді буынға бөл: ауылда, көңілсіз, мейірбан.
4.Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды жаз: жүз... жүйрік, мың... тұлпар шығады.
5.Бірнеше сөзден тұратын кейбір атаулар қысқартылып айтылатын сөздерді не дейміз?
6.Сөздерден біріккен сөздерді теріп, жаз: шаңқобыз, музыка, адамдар, күйсандық, тереңдейтін, күйші.
7.Сөздерге қарсы мағыналы сөздер жаз: алыс, дұшпан, кәрі, шын.
8.Балықшыларға деген сөзді сөз құрамына талда.
9.Ойын сөзінен бірнеше туынды сөз құрап, жаз.
10.Көптік жалғаулы сөздің астын сыз: Сабақ аяқталғанда Бану балаларға бір жақсы хабар айтты. Балалардын бәрі де қолдарын көтерді.
11.Тәуелдік жалғауын жалға : менің уәде..., оның бала..., сенің іні..., сіздің әпке..., біздің аға....
12.Сөйлем ішінен жалқы есімдерді тап, астын сыз:

Әрине, Әбілхан жиырма бес жасқа келгенде,

оқу іздеп Алматыға келеді. Алматыда

суретшілік әліппесін үйренеді.
13.Суретші сөзін септе.
14.Төмендегі сөздерді қатыстырып, сөйлем құра.

Сын есімді тауып, астын сыз: Менің, бар,



кішкентай, күшігім.
15.Дара сан есімдерді топтап жаз: сексен бес, үш, бір мың тоғыз жүз тоқсан сегіз, жүз, мың.
16.Болымсыз етістіктердің жұрнақтарын жаз.
17.Хабарлы сөйлемдді сұраулы сөйлемге айналдырып жаз: Балалар далада жүр.
18.Жай сөйлемдерден құрмалас сөйлемді құрастыр:

Көктем келді. Күн жылынды.
19.Сөйлемді сөйлем мүшесіне талда: Көжектер

түлкі, қарсақ, күзендерден қорқады.
20.Көп нүктенің орнына қыстырма сөздердің тиістісін қой: ..., мен сеннен ондайды күтпеп едім.
VI нұсқа

1.Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар?


2.Ұяң дауыссыз дыбыс әріптерін жаз.
3.Мына сөздерді буынға бөліп жаз: қайық,

қуаныш, жайық, көңіл, оқушы.
4.Дұрыс жазылған сөздерді жаз: басшы, Сарарқа,

Досжан, Жұмаділ, Жанышуақ, теңізші.
5.Қысқарған, біріккен, күрделі сөздерді топтап жаз:

қөлбақа, АҚШ, түйеқұс, ҚР, күрең көк, қызыл

ала.
6.Төмендегі сөздерге керекті сөздерді тіркеп, қос

сөздерге айналдыр: ата - ... , күні - ... , құрт - ... ,



темір - ... , жауын - ...
7.Қатты сөзін әр түрлі мағынада қолдануына үш

сөз тіркесін жаз.


8.Туынды сөзді тауып, жаз: дойбы, қызмет,

татулық, дүкен, қымбат, күрек.
9.Еңбекшілер сөзін сөз құрамына талда.
10.Көптік жалғаулары жалғанған сөздерді жаз:

көбелекке, ұшқыштар, өрмекшінің, дәптерлер,

суреткер, еріншекті, қаламдар.
11.Тәуелденіп тұрған зат есімдерді теріп жаз:

тәртіпті, жолдасым, үйіңіз, анашың, ағаш,

жайлау, қырғыздар.
12.Алатау сөзі зат есімнің қай түріне жатады?
13.Өрмекші, үстел, қалта, ағаш сөздеріне табыс

септігі жалғауларының тиістісін жалғап жаз.


14. ...тақ, ...паз, ...пақ, ...шаң сөздеріне бірінші

бөлігін жалғап, сын есім сөздерін жаса.


15.Сын есім сұрақтарын жаз.
16.Күл, күт, кеш, айт, шула етістіктерін болымсыз етістіктерге айналдыр.
17.Хабарлы сөйлемді лепті сөйлемдерге

айналдырып жаз: Қолыңды тарт. Ауа райы



жақсы екен.
18.Мына сөйлемдер ішінен құрмалас сөйлемді жаз:

Қым кеш түсті. Ақыл жастан шығады, асыл

тастан шығады. Арал теңізі балыққа бай.
19.Мына сөйлемді сөйлем мүшелеріне талда: Оқушылар атақты жазушымен кездесті.
20.Берілген сөздер ішінен қыстырма сөздерді жаз: айналайын, балалар, сірә, сұлу, оқулық, міне.
VII нұсқа

1.Құл...н сөзінде қандай әріп жазылуы керек?


2.үнді дауыссыз дыбыс әріптерін жаз.
3.Дұрыс буынға бөлінген сөзді жаз: қай-ық, тың-

айт-қыш, бау-ыр-сақ, құм-ырс-қа, жа-ңа-лық.
4.Тауық, терек, талап, доп, өрнек сөздерін 3-ші жақта тәуелдеп жаз.
5.Мына сөздерден біріккен сөздер жасап жаз: Бота,

Әбіл, Ерке, бақа.
6.Екі түбірдің бірігуі арқылы жасалған сөзді не

дейміз?
7.Берілген сөздер ішінен қарама – қарсы мағыналы

сөздерді жаз: айт – айтшы, бар – барма, үлкен –

кіші, жүр – жүрді, жуан – жіңішке, жүзі – беті

8.Мына түбір сөздерге тиісті жұрнақтар жалғап,

туынды сөз жаса: сыз, ойын, орын, кезек.
9.Берілген сөздерді сөз құрамына талда: аспсзшы,

домбырашының, көкшілдеу, гүлдердің.
10.Көптік жалғаулары жалғанған сөздерді теріп жаз: оқулық, суретшілер, кітапта, ойыншықтар, інім, жазушылар, баламын.

11.Жүрек сөзін жекеше түрде тәуелдеп жаз.


12.Берілген сөздерден туынды зат есім жасап, жаз:

ас, бай, күй, таза.
13.Оқушы сөзін септе.
14.Сын есім сөздеріне қойылатын сұрақтарды жаз.
15.Мына жаңылтпаштан сан есімді тап:

Үш кісі ішік пішті,

Бес кісі ішік пішті,

Неше кісі ішік пішті?
16.Етістік заттың несін білдіреді?
17.Сөйлемді тауып, жаз: Ауылдың маңы

Таң атты

Жаздың жайлы түні
18.Сызба бойынша құрмалас сөйлем құрастыр:

, .

19.Мына сөйлемді сөйлем мүшелеріне талда: Кесіртке құмын сүйеді, тасбақа тыңын сүйеді.
20.Қыстырма сөзі бар сөйлемді жаз: Саябақта биік

ағаштар өседі. Жандос, жолдасыңа көмектес.

Сөйтіп, ауылдан келген адамды жақсы қарсы

алу керек.
VIII вариант

1.Жуан дауысты дыбыстары бар сөздерді жаз:



күшік, қозы, кітап, үйшік, құлын, көмекші.
2.Берілген сөздерден дауыссыз дыбыс әріптерін

жаз: балмұздақ, ғарышкер, жаңбыр, гүлдер,



көгершін, данышпан.
3.Дұрыс тасымалданған жауапты жаз: жай – лауда,

бау –ырдың, тә - улік, көш – елер.
4.Буын үндестігіне бағынбаған қосымшалы сөздерді

жаз: жемқор, балықшы, сәнқой, көлдің,



Сарыбай, баланікі.
5.Берілген сөздерден қос сөздерді жаса: үйір, ата,

жарқ, қып, сап.
6.Дұрыс жазылған біріккен сөздерді тап: Сарыөзек,

Сарөзен, Сарыарқа, Сарыбел, Сарағаш.
7.Жылы сөзін әр түрлі мағынада қолданып, екі сөз

тіркесін құрастырып жаз.


8.Түбір мен қосымшаларды дұрыс байланыстырып,

жаз: Қала лі



Жұмыс гер

Күрек лық

Өнер шы

Дәрі ті

9.Бір сөзіне бірнеше түбірлес сөз жасап, жаз.

10.Көптік жалғауларын жаз.
11.Мына сөзді жекеше түрде тәуелдеп, жаз: халық.
12.Мына сөйлем ішінен жалқы есімді тап: Гүлназ

екеуміз атайға көмектестік.
13.Ілік септігінде тұрған сөзді жаз: Ас – адамның

арқауы.
14.Берілген етістіктерден туынды сын есімдер

жасап, жаз: айт, байқа, жүз, біл.


15.Есептік сан есімдерді реттік сан есімдерге

айналдыр: екі, он үш, мың, жеті.


16.Етістік сұрақтарын жаз.

17.Берілген хабарлы сөйлемдерді сұраулы

сөйлемдерге айналдырып, жаз: Күн суық.

Балалар тапсырманы орындады.
18.Берілген жай сөйлемдерден бір құрмалас сөйлем

жаса: Қыс түсті. Күн суытты.


19.Мына сөйлемді сөйлем мүшелеріне талда:

Мұғалім екінші сыныпқа кірді.

20.Қаратпа сөзі бар сөйлемді тап:



Қайдам, Айдынның өзі келмесе. Гүлжан, інің қайда? Алма ағашы гүлдеді.
IX нұсқа

1.Мына сөздердегі дауысты дыбыстарды топтап,

жаз: қыс, боран, әйнек, тұман, үсік, өрнек, ирек,

ұшқыш.
2.Қатаң дауыссыз дыбыс әріптерін жаз.
3.Берілген сөздерден тасылмалдауға болмайтын

сөздерді жаз: дала, шаңғышылар, қия, көркею,



доғаның, ана.
4.Буын үндестігіне бағынбай жазылатын сөздерді

тап: баланың, арбалы, әсемпаз, күздік, көркем,



кітап.
5.Қысқарған сөздер жаса: Қостанай

педагогикалық институты, Қазақстан

Республикасы, килограмм, километр.
6.Біріккен сөз болатын аң, құс аттарын жаз.
8.Сөздің одан әрі бөлшектеуге келмейтін, мағынасы

бар бөлігін ... дейміз.


9.Түбір сөздерге тиісті қосымшалар жалғап жаз:

егін, жұмыс, түс, сый.
10.Бала сөзін жекеше, көпше түрде жіктеп жаз.
11.Бөрік сөзді жекеше түрде тәуелде.
12.Берілген сөздер ішінен туынды зат есімдерді тап:

Қайраткер, Қайратпен, Қайратты, Қайратқа,

Қайраттың.
13.Мына сөздерге ілік септігінің жалғауларын

жалға: Алма, шеше, жұлдыз, ұршық.


14.Мына зат есімдермен сөз тіркестерін жаса: тау,

көше, оқушы, гүл.
15.Реттік сан есімдерді есептік сан есімдерге

айналдырып, жаз: сегізінші, жүзінші,



қырқыншы, оныншы.
16.Мақал ішінен болымсыз етістікті тауып жаз:

Ерте жатып, кеш тұрма.
17.Сөйлемді дұрыс құрастырып жаз: Көмектесті,

егіншілерге, оқушылар.
18.Сызба бойынша құрмалас сөйлем құрастырып,

жаз:



, да .
19.Тұрлаулы мүшелерден ғана тұратын сөйлемді

тап: Түлік төлден өседі. Малшы бақты. Мал



өрістен қайтты.
20.Қыстырма сөзді тап: Қысқасы, үй

тапсырмасын орындауға отыр.

X вариант.

1.Мына сөздердегі дауысты дыбыстарды топтап

жаз: Қарлығаш, кірпіш, шырша, өмір, салқын,

Әбіш, үлкен, омарта.
2.Берілген ұяң дауыссыз дыбыс әріптерін топта:

б, ж, қ, ш, у, н, з, л, к, щ, ф, ң, г, ғ, м.
3.Қазақстандықтарға сөзін қанша рет

тасымалдауға болады?


4.Мына сөздерге буын үндестігіне байланысты

қосымшаларды жалғап, жаз: батыр, көрермен,



жүзім, ағаш, мұздай.
5.Берілген қос сөздерді топтап жаз: ата – баба,

кезек –кезек, күте – күте, тау – тас, тап –таза,

салдыр – гүлдір, үп – үлкен.
6.Бірігуі арқылы жасалған адам аттарын теріп

жаз:Ерұлан, Мирас, Амангелді, Самал,



Нұрасыл, Ақбота, Айнаш, Есен, Дана.
7.Жұмыс, бала сөздеріне түбірлес сөздер жаса.
8.Түбір сөздерге (у) әрпін жалғап жаз: тап, сеп,

жап, теп, шап.

9.Мақалдағы көркі сөзінің түбірін тап: Ел көркі –



мал, өзен көркі – тал.
10.Биші сөзін жекеше, көпше түрде жіктеп жаз.

11.Ай сөзін тәуелдеп алып, септе.


12.Түбір сөздерге тиісті жұрнақтар жалғап, туынды

зат есімдер жаса:



Шебер, жақсы, ем, ас, әділ, дос, тал / -лық, -

лік, -шық, -дық, -дік, -тық.
13.Септіктер сұрақтарын жаз.
14.Дара сын есімдерден күрделі сын есімдер жаса:

көк, қою, сары, қызыл.
15.Мына сан есімдерді сөзбен жаз:

295, 1002, 2017, 83.
16.Айт, оқы, біл етістіктерін үш шаққа жаз.
17.Сөйлемді дұрыс құрастырып жаз: Баян, жақсы,

домбырада, ойнайды. Алдым, кітап, қызық,

кітапханадан, көп.
18.Құрмалас сөйлемді жай сөйлемдерге

айналдырып жаз: Кеше Сәуледен хат келді,



Дәурен оны әжесіне асықпай оқып берді.
19.Сөйлемдерді тұрлаусыз мүшелермен

толықтырып жаз: Біз кірдік. Балапан өсті.


20.Қыстырма сөз қосып, сөйлемді толықтырып жаз:

Әке қандай, өзі қандай әсем еді.

XI нұсқау:

1.Берілген сөздерден жіңішке дауысты дыбыстарды

теріп жаз: пәтер, кітап, үлкен, өнерлі.
2.Сөздергі қатаң дауыссыз дыбыс әріптерін сыз:

кірпі, щетка, қазан, таяқ, хат, қаһарлы.
3.Сөздерді буынға бөліп жаз: қарағай, аспазшы,

ауыл.
4.Буын үндестігіне бағынбай жазылған сөздерді

тауып жаз: оқымысты, балалық, әсемпаз,



өнерпаз, арбакеш.
5.Берілген сөздерден қос сөз жасап, жаз: тез, үйір,

жарқ, сөйлей.
6.Бірігуі арқылы жасалған адам аттарын теріп

жаз:Сәлима, Еркебұлан, Әсемгүл, Айнұр,



Жанар, Батырбек.
7.Қара сөзін әртүрлі мағынада қолданып, сөз

тіркесін жаса.


8.Жүз сөзінен бірнеше түбірлес сөз жаса.
9.Мына сөздердің түбірін ажыратып жаз: білім,

сызық, оқушы, достар.
10.Көптік жалғауын жалғап жаз: оқулық, дәрігер,

мұғалім, кітап.

11.Көп нүктенің орнына тиісті тәуелдік жалғауын

жаз: Менің уақыт... болмады. Сенің дауыс...

естілмейді.

12.Заттың атын білдіретін сөз табын қалай айтамыз?

13.Көмектес септігінің сұрақтарын жаз.
14.Берілген сөздерге -ғыш, -гіш, -қыш, -кіш

жұрнақтарын жалғап туынды сын есім жаса: біл,



жүз, байқа, айт.
15.Сан есім түрлерін жаз.
16.Берілген сөздерге -ла, -ле, -да, - де, -та, -те

жұрнақтарын жалғап, туынды етістік жаз: ақ,



ұсақ, жақсы, оң, ірі.
17.Берілген сызба бойынша сөйлем құрап жаз: .

.

?



, !

18.Жай сөйлемдерден құрмалас сөйлем жаса:



Қоңырау соғылды. Сабақ басталды.
19.Сөйлемді сөйлем мүшесіне талда: Жарыста бес оқушы мақтау қағазын алды.

20.Көп нүктенің орнына қыстырма сөздердің

тиістісін қой: ... , адаспасаңдар болғаны. ... ,

қазір үй тапсырмасын орындауға отыр.
XII нұсқау:

1.Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар?


2.Ұяң дауыссыз дыбыстарды жаз.
3.Көгершіндер сөзін тасымалдау жолдарын

көрсетіп жаз.


4.Көп нүктенің орнына буын үндестігіне сүйене

отырып, тиісті қосымшаларды жаз: Оқу... біл...



жоқ, білім... күн... жоқ.
5.Мына қысқарған сөздерді толық жаз: см., ҚР, кг.,

педкеңес.
6.Біріккен сөз жаса: ... ағаш, тас..., Ұзын...
7.Берілген сөйлемдегі қарсы мағыналы сөздердің

астын сыз: Ащы ме тәттіні татқан білер, жақын



мен алысты жорытқан білер.
8.Берілген сөздердің түбірін тауып жаз: сулық,

балық, дәрігер, ұшқыш.
9.Түбір сөзге жұрнақ қосылу арқылы жасалған сөзді

не дейміз?


10.Сөздерден жіктік жалғаулы зат есімдерді теріп

жаз: ұста, күйшімін, елміз, іні, оқушысың.

11.Жаңылтпаштан тәуелдеулі сөздерді тауып, қай

жақта екенін жаз: Шешесі шөжем жесін дейді,



Шөжесі шешем жесін дейді.
12.Жалпы есімдер теріп жаз: Алматы, кеме, Қанат,

мұғалім, оқұлық.

13.Қазақ тіліндегі септіктердің атын жаз.


14.Мына зат есімдерге сын есім жалғап жаз: тау,

гүл, сынып, кітап.
15.Реттік сан есімді есептік сан есімге айналдыр:

сегізінші, елуінші, оныншы, бесінші.
16.Тиісті етістіктерді қойып, сөйлемдерді көшіріп

жаз: Жыршы жыр ... . Ақын өлең ... .



Сауыншы сиыр ... .
17.Хабарлы сөйлемді сұраулы сөйлемге

айналдырып жаз: Мәлік Габдулин – ғалым.



Оған Батыр атағы берілді.
18.Сызба бойынша құрмалас сөйлем жаз:

, .


19.Сөйлемдерді тұрлаусыз мүшелермен толықтырып жаз: Ұшақ көтерілді. Балалар келді.
20.Мына сөйлемдерді қаратпа сөздері бар сөйлемге

айналдыр: Айнұр нан сатып әкелді. Гүлжан үй



тапсырмасын орындады.

XIII нұсқа:

1.Дауысты дыбыстан басталатын 5 сөз ойлап жаз.


2.Дауыссыз дыбыс әріптерін теріп жаз: п, м, ж, а, о,

е, б, л, г, и, ә, р, в.
3.Дұрыс буынға бөлінген сөздерді жаз: кө - кек,

же – ңіл, жаңа – лық,

кұй – ын, мү – йіз.

4.Мына сөздердің қайсысынан дыбыс үндестігін

байқауға болады: Сарыбай, кешегі, жазса,

басшы, Рысбек.
5.Мына сөздерден қысқарған сөз жаса: килограмм,

Мемлекеттік Автоинспекция, педагогикалық

институт.
6.Біріккен сөздерді теріп жаз: қосаяқ, үйір – үйір,

итмұрын, Ұзынкөл.
7.Әдемі сөзіне жуық мәндес сөздер тауып жаз.
8.Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігін не

дейміз?
9.Туынды сөздерді анықтап жаз: ақылдас, айтты,



көмектес, ауылдас, қолдас.
10.Сөздерді көпше түрге айналдырып жаз: дәптер,

оқулық, құс.

11.Бота сөзін жекеше түрде тәуелдеп жаз.


12.Негізгі зат есімді туынды зат есімге айналдыр:

мал, қайрат, ауыл, ақыл.
13.Септіктердің сұрақтарын жаз.
14.Сын есім түрлерін жаз.
15.Мақалдан сан есімдерді тауып жаз:

Білгенің – бір тоғыз,білмегенің – тоқсан тоғыз.
16.Сөйлемнен етістікті тауып, астын сыз: Асхат

сиыр фермасында жұмыс істейді. Ол

сиырларға шөп береді.
17.Жауап алу мақсатымен айтылған сөйлемді

қандай сөйлем дейміз?


18.Құрмалас сөйлемді жай сөйлемдерге айналдырып жаз: Түн ұзарды да, күн қысқарды.
19.Сөйлемнен тұрлаулы мүшелерді тауып, астын

сыз: Күтімі жақсы мал тез семіреді. Бақтағы ағаш гүлдеді.

20.Қыстырма сөзге байланысты 4 сөз ойлап жаз.
XIV нұсқа

1.Е, Ю, Я – бұлар қандай дауысты дыбыстар?


2.Дауыссыз дыбыстан басталатын 4 сөз жаз.
3.Бауырмал сөзі неше буыннан тұрады?
4.Мына сөздерге буын үндестігіне байланысты

қосымшаларды жалғап жаз: қала, көрермен, күз.


5.Итмұрын күрделі сөздің қайсына жатады?
6.Мына әріптерден сөз құрастыр: а, б, қ, о, з, ұ, л, м.
7.Мына сөздердің ішінен қарсы мағыналас сөздерді

теріп жаз: көрікті, қара, биік – аласа, алыс –



жақын, керемет.
8.Ұшқыштар сөзін сөз құрамына талда.
9.Түбір сөздерді анықтап жаз: кезекші, биші, от, іс,

қалалық, ән, бала.
10.Әнші сөзін жекеше түрде жіктеп жаз.
11.Тәуелдік жалғауын жалға: менің ойы..., оның

әке..., сенің әпке..., сіздің аға..., біздің ана...

12.Өлеңнен зат есімді тауып, астын сыз:



Мұның аты комбайн,

Өзі шалғы, өзі орақ,

Өзі қырман, өзі арба,

Ал қаптай бер дән дайын.
13.Жатыс септігінің жалғауын жаз.
14.Жаңылтпаштан сын есімді тауып, астын сыз:

Ала қарға қарға қонды,

Қара қарға жарға қонды.
15.Көп нүктенің орнына сан есімдерді қойып,

сөйлемдерді жаз: Мен ... сыныпта оқимын.



Биыл ... жыл.
16.Болымсыз етістікке мысал келтіріп жаз.
17.Сөздерден сөйлем құрастырып жаз: Бала, өзі,

жығылған, жыламайды. Сөз, шешен, бастар.
18.Бір ғана тиянақты ойды білдіретін дара сөйлемді

не дейміз?


19.Берілген сөйлемдегі сұрақтардың орнына тиісті

тұрлаусыз мүшелерді қойып жаз: Оқушылар



(қандай?) өнерлерімен көзге түсті. Асқар

(немен?) келді.
20.Қыстырма сөздері бар 2 сөйлем ойлап жаз.
XVнұсқа

1.Мына сөйлемнен жуан, жіңішке дауыстыларды

топтап жаз: Балалар әсерлі әнгімені тыңдады.
2.Дауыссыз дыбыстардың түрлерінің атын жаз.
3.Бір жолға сыймаған сөздерді буынға бөліп, келесі

жолға жазуды не дейміз?


4.Тиісті қосымшаларды жалғап жаз :

оқушы, дәрі, ай.
5.Берілген сөздерден біріккен сөз жаса: бота,

мұрын, тас.
6.Бір сөздің қайталануынан жасалған қос сөзге

мысал келтір.


7.Сөздерге қарсы мағыналас сөздер жаз: жылы,

биік, жоғары.
8.Түбір сөзге тиісті қосымшаларды жалғап жаз.
9.Мына сөздерден туынды сөз жасап жаз:

тату, қыз, ай.
10.Көп нүктенің орнына тиісті жіктік жалғауын жаз:

Сен әдепті оқушы... . Сіз талантты жазушы... .
11.Тәуелдеулі жалғаулы 4 сөз ойлап жаз.
12.Жалқы есімге 3 мысал келтір.
13.Әнші сөзін септе.
14.Дара, күрделі сын есімдерге топтап жаз: ала,

үлкен, сары ала, көк ала, көгілдір, шұбар ала.
15.Мына сан есімдерді сөзбен жаз: 142,495,16.
16.Дара етістіктен күрделі етістік жаса: отыр,

жазды, сөйледі.
17.Берілген сөздерден тиісті тыныс белгілерін

қойып, сөйлем құрап жаз: Алды, кім,



кітапханадан, кітап. Еліміздің, шекарашылар,

қорғайды, шекарасын.
18.Сөйлемнің қандай мүшелерін білесің?
19.Көп нүктенің орнына бастауыш мүшені қойып,

көшіріп жаз: ... сурет салдым.



... балаларға қосылып ойнадық.
20.Қаратпа сөзі бар 2 сөйлем жаз.
XVI нұсқа
1.Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қой: ша...н,

а...з, са...хат.
2.Мына мақалдағы дауыссыз дыбыстарды теріп жаз:

Оқығанның көңілі тетік, сөзі майда.
3.Тасымалдауға болмайтын сөздерді теріп жаз: сүт,

оқулық, қия, даланың, өлең.
4.Буын үндестігіне бағынбай жазылған сөздерді тап:

әсемпаз, көркем, балапанға, өнерпаз.
5.Қандай сөздерді біріккен сөздер дейміз?
6.Қос сөздер жаса: үйір, ата, жарқ, қып.
7.Мына сөздердің ішінен мәндес сөздерді (синоним)

теріп жаз: бет, ынжық, әлпет, әдемі, жүз, биік,



дидар.
8.Бас сөзінен бірнеше түбірлес сөз жаса.
9.Мына сөздердің түбірін ажыратып жаз: білім,

асхана, достық.
10.Көптік жалғауларын жаз.
11.Дәптер сөзін тәуелдеп жаз.(жекеше түрде)

12.Сөйлемдегі жалқы зат есімдерді теріп жаз:



Ұлы Отанымыз – Қазақстанды шексіз

сүйеміз.
13.Септіктердің сұрақтарын жаз.
14.Қызыл күрең қандай сын есім?
15.Сан есімдерді топтап жаз: бес, төртінші, жүз, екі

мың алтыншы, алпыс үш.
16.Дара етістіктерді күрделі етістіктерге

айналдырып жаз: жылыды, борады, күлді.


17.Хабарлы сөйлемді сұраулы сөйлемге

айналдырып жаз: Аңшылар аңға шықты.


18.Құрмалас сөйлемдердің құрамындағы жай

сөйлемдердің арасына қандай тыныс белгісі

қойылады?
19.Мақалды сөйлем мүшелеріне талда: Ер бір рет

өледі, қорқақ мың рет өледі.
20.Көп нүктенің орнына қаратпа сөзді қойып жаз:

..., малды қораға қамай салшы.
XVII нұсқа

1.Дауысты дыбыстан басталған 5 сөз жаз.


2.Мына мақалдағы дауысты дыбыстардың астын

сыз: Өнер алды – қызыл тіл.


3.Мына сөздерді буынға бөл: оқушы, кезекші,

қайық, құстар, еңбек.
4.Буын үндестігі дегенді қалай түсінесің?
5.Мына сөйлемнен қысқарған сөзді теріп жаз:

Айтпақшы, Гүлназдың ағасы АҚШ –та оқиды.
6.Қос сөздерді теріп жаз: қора – қора, педкеңес,

балмұздақ, ата – ана, сөйлей – сөйлей, кг., ҚР,

жауын – шашын.
7.Қарсы мағыналы сөздер жаз: тәтті, ұзын, жаман,

жас.
8.Ас сөзіне бірнеше түбірлес сөз жаз.
9.Егін сөзінің түбірін жаз.
10.Әнші сөзін көпше түрде жіктеп жаз.
11.Мына сөз тіркестеріне тәуелдік жалғауын жалға: менің әже..., оның дәптер..., сендердің ауыл..., сенің білім...
12.Мақалдағы зат есімдердің астын сыз:

Ашу - дұшпан, ақыл – дос.
13.Ақыл жастан шығар, асыл тастан шығар

деген мақалдағы шығыс септіктегі сөздің астын

сыз.
14.Сын есімдерді топтап жаз: өнерпаз, таза, көк,

таулы, қою, күшті.
15.Есептік сан есім жаса: екінші, жетінші, екі мың

алтыншы, он бірінші.
16.Болымсыз етістік жаса: оқы, айт, сұра, ти.
17.Сөйлем соңына тиісті тыныс белгісін қой:

Демалыста ауылға бардың ба
18.Сызба бойынша құрмалас сөйлем құрап жаз:

, .


19.Сөйлемдегі сын есімнен жасалған күрделі

мүшелерді тап: Болат ақ боз атқа мінді.


20.Қыстырма сөз жаз.
XVIII нұсқа
1.Мына сөздердегі дауысты дыбыстарды теріп жаз:

қырат, өзен, жердің, күй, орда.
2.Қатаң дауыссыз дыбыстарды жаз.
3.Сөздерді буынға бөліп жаз: ойыншық, ауылдас,

жазушы.
4.Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды жаз:

қарындаш..., әже..., жүз...
5.Біріккен сөздердің құрамындағы түбірлердің

арасына +белгісін қойып жаз:



Ұзынағаш, қосаяқ, бозторғай.
6.Қысқарған сөз жаса: Қостанай Мемлекеттік

Университеті, килограмм, Біріккен Ұлттар

Ұйымы.
7.Қарсы мәндес сөздер жаз: ақ, қараңғы, күн.
8.Берілген сөздердің түбірін ажыратып жаз: білім,

шебердің, өнерпаз.
9.Туынды сөздің астын сыз: Қайратқа, қайраткер,

Қайраттың.
10.Көптік жалғаулы сөздің астын сыз: Мұғалім

оқушыларды хайуанаттар паркіне апарды.

Қонақтар жиналып та қалған екен.
11.Оқыдым сөзін көпше түрде тәуелдеп жаз.
12.Жалқы зат есімдердің астын сыз: шөп, Астана,

Қаратау, Айтуар, дала.
13.Жолдас сөзін 3 – ші жақта тәуелдеп барып,

септе.
14.Мына сөздерге жұрнақтар жалғап, туынды сын

есім жасап жаз: ақыл, біл, су.
15.Мақалдан сан есімдердің астын сыз:

Бір тал кессең, он тал ек.
16.Күтіп тұр сөзін жекеше түрде жіктеп жаз.
17.Мына сызба бойынша сөйлем құрап жаз
!
18.Жай сөйлемдерден құрмалас сөйлем құрастыр:

Күн батты. Айнала түн қараңғысына мүлгіді.
19.Сөйлем мүшелеріне талда: Шөп арасынан бозторғай сайрады.

20.Қыстырма сөз жаз.


XIX нұсқа

1.Мына сөздер ішінен жіңішке дауысты дыбыс

әріптерін теріп жаз: жүні, пышақ,түнек, имек,

бейне, құс, тұяқ, қарға, әңгіме.

2.Берілген әріптердің ішінен қатаң дауыссыз дыбыс

әріптерін жаз: т, к, й, у, ж, л, ф, ғ, б, в, р, ш, п, щ,

ц, м, н.

3.Мына сөздерді дұрыс буынға бөліп жаз:теңізші,



жаңалық, қайық, жеңіл, ойыншық, қауын,

қоңыз, құйын, дауыл.

4.Дос – тық, етік – ші, мұз – дай, шебер – лер,



құрылыс – шы, қаз – дар, ауыл – да, көне – де

сөздеріндегі қосымшалар қандай үндестік заңына байланысты жалғанған?

5.Берілген сөздердің ішінен сөздің негізгі

мағынасында қолданылып тұрған сөз тіркестерін

жаз: жылы киім, жылы үй, жылы жүз, жылы

сөз, жылы қолғап, жылы шырай, жылы жел,

жылы қарсы алу.

6.Қатардағы сөздерден біріккен сөздер жаса:



Шаң мұрын

Бал аяқ

Ит сорғыш

Қырық мұздақ

7.Мына сөздерге күшейткіш буын қосу арқылы қос

сөздер жаса: тәуір, момақан, салы, шолақ, шикі,

қызыл.

8.Берілген сөздерге алдымен жұрнақ, одан кейін

жалғау жалғап жаз: күй, таза, жазу, ұш, көл.

9.Мына сөздердің түбірін тап: ойыншы,



ойыншық, ойна; балалық, балақан, балақай; жұмысшы, жұмыскер; басшы, бастық, басқар.

10.Жіктік жалғауларын анықта: дәрігерміз,



бишімін, бишісің, ұстамын, күйшісіз, елміз.
11. 3 – ші жақта тәуелденіп тұрған сөздерді анықта:

әжем, әжең, әжесі, дәптерім, дәптерің, дәптері,

өлеңім, өлеңің, өлеңі, досына.

12.Берілген зат есімдер ішінен жалқы есімдерді теріп жаз: қараторғай, Қайыңды, береке, Естай, кемеңгер, Астана, көшелер, өсімдік, Тобыл.


13 Оқушы сөзін септе

14.Қарсы мәндес сын есімдер жаз: үлкен, қысқа,



жаман, ыстық, жұмсақ, жуас.

15.Реттік сан есімдердің құрамындағы

жұрнақтардың астын сыз: төртінші, мың

тоғызыншы, жүз он алтыншы, жиырма

төртінші.

16.Үйренді етістігін жекеше, көпше түрде жіктеп

жаз.


17.Хабарлы сөйлемдерді сұраулы сөйлемдерге

айналдыр: Қыс қатты болады. Аманға жылы



сөздер ерекше әсер етті.

18.Құрмалас сөйлем қалай жасалады?


19.Мына сөйлемді сөйлем мүшелеріне талда: Торы

атымен шапқан атам екі немересіне тез жетті.

20.Қыстырма сөздер жаз.


XX нұсқа

1.Мына сөздердегі дыбыс әріптерін топтап жаз:



тырна, итбалық, қарлығаш, ұжым, түйе,

инелік, ән, көрші, орман.
2.Ұяң дауысты дыбыс әріптерін жаз.
3.Жауынгердің сөзін тасымалдау түрлерін көрсет.
4.Буын үндестігіне жазылған сөздерді теріп

жаз: дәріхана, арбакеш, құлын, үлкендік,



парктен, еріншек.
5.Қысқарған сөздерін толық атауып жаз: ҚР, кг.,

АҚШ, ҚМУ.
6.Берілген біріккен сөздер арасынан құстардың

атауларын теріп жаз: көкжиек, ақсақал,



бірқазан, тасбақа, қосаяқ, көкқұтан, аққу.
7.Мына сөздерге қарсы мәндес сөздер жаз: күн,

жарық, жомарт, адал, бейнет.
8.Білімдіден ақыл шығар, ақылды қарттан

нақыл шығар, - мақалынан туынды сөздерді

тауып, сөз құрамына талда.


9.Жаз, көр сөздеріне түбірлес сөздер жасап жаз.

10.Оқы, біл сөздерін жекеше түрде жіктеп жаз.


11.Қонақ сөзін көпше түрде тәуелдеп жаз.

12.Мына сөздерден туынды зат есімдер жаса: ұш,



сыз, адал, жаңа, сұлу, жүз.
13.Берілген сөздерді шығыс септігінде жазып шық:

суретші, шеңбер, балық, қарлығаш, ауыл, ауа.
14.Заттың түсін, көлемін, дәмін, білдіретін сөздерді

топтап жаз: үлкен, дәмді, қызыл, жалпақ, ащы,



қоңыр сары, кең, қышқыл.
15.Берілген сан есімдер ішінен күрделі сан

есімдерді теріп жаз: 1637, 1, 18, 4, 53, 9, 5, 132.


16.Мына етістік сөздерінің ішінен осы шақ

етістіктерін жаз: көріп отыр, оқимын, қарап



тұр, келеді, шықты, барды, ойлап жүр.
17.Мына хабарлы сөйлемдері сұраулы

сөйлемдерге айналдыр: Балалар сырғанақ теуіп



жүр. Айдын жақсы оқиды.
18.Сөйлемдерден құрмалас сөйлем жаса: Ойынға

озат оқушылар қатысты. Алты оқушы мақтау

қағазын алды.
19.Кішіпейіл бала үлкендерді үнемі сыйлайды –

сөйлем мүшелеріне талда.


20.Қаратпа сөзді тап: Гауһар, әжеңе көмек беруді

ұмытпа.
Жауаптары.

I нұсқа


1.= а, о, ұ, ы.

2.= қатаң: т, п, к, қ, ш; үнді: р, н;

ұяң: б, д, з, ғ, ж.



3.= жапырақтар.

4.= ауылдың маңы, көкектің дауысы, үлкендерден үйрену, жүннен тоқу.

5.= Екі сөздің қосарлануы арқылы жазылған сөздерді қос сөздер дейміз.

6.= моп – момақан, сүйір – сүйір, ап – ашық, тәп – тәуір, тап – таза.

7.= ащы – тұщы, таза – лас, жаңа – ескі, қою – сұйық, жіңішке – жуан.

8.= оқушы, оқулық.

9.= ақылды, білімді, құрылысшы, сатушы, бойлы.

10.= еңбекшілер, кітапханалар, көмекшілер, ұшқыштар, дәптерлер.

11.= Менің сызғышым,

Сенің сызғышың,

Сіздің сызғышыңыз,

Оның сызғышы.



12.= кім? не? кімдер? нелер?

13.= А.с. ата,

І.с. атаның,

Б.с. атаға,

Т.с. атаны,

Ж.с. атада,

Ш.с. атадан,

К.с. атамен.

14. = жақсы, жаман.

15.= - ыншы,- інші, - ншы, -нші.

16.= келе жатыр, жүріп келеді, ұшып жүр, ойнап жүр.

17.= Біздің ауыл мал өсірумен айналысады.

18.= Қыс келіп, күн суытты.

Қыс келді де, күн суытты.



19= Көк қасқа шегірткелер шөп арасында шырылдайды.


20.= Самал

ІІ нұсқа


1.= 2буын, 2 дауысты дыбыс.

2.= қ, к, т, с, п, ц, ф, ч, ш, щ, х, һ.

3.=жа – ңа – лық, а –уыл, та – уық – тар – ға.

4.= сыйлық, тиым, тиылды, тиек, аймақ

5.=тасбақа, қосаяқ Сарыарқа, Әсемгүл.

6.=ҚР, М, Л, Т, пединститут.

7.= мұғалім, ұстаз, оқытушы.

8.= түбір дейміз.

9.= бастық басшы, бастау.

10.= үзенгілер, терезелер, қояндар, желімдер, шахматшылар.

11.= Менің досым, Біздің досымыз,

Сенің досың, Сендердің достарың,

Сіздің досыңыз, Сіздердің достарыңыз,

Оның досы, Олардың достары.



12.=ұшқыш, сызғыш, білгір, ілгіш.

13.= А.с. дәптер,

І.с. дәптердің,

Б.с. дәптерге,

Т.с. дәптерді,

Ж.с. дәптерде,

Ш.с. дәптерден, К.с. дәптермен.



14.= ақылды, тәртіпті, өнерлі, таулы.

15.= Жеті, жеті.

16= салып берді, келіп жатыр, ойнап жүр.

17.= 1) ? 2) . 3) ? 4)!

18.= 2 – ге : жалаң, жайылма.

19.= Күзде аққулар жылы жаққа ұшып кетті.
20.= Ораз, сенің итің бар ғой, ә?


ІІІ нұсқа



1.= Марат күшікті үйіне алып келді.

2.= б, в, ғ, г, д, ж, з.

3.= те – кемет.

4.= арбакеш.

5.Біріккен сөз дегеніміз не?

6.= кг., т., ҚР ., км., см.

7.=бет, дидар, ажар, келбет.

8.=туынды сөздер жұрнақ жалғануы арқылы жасалады.

9.= малшыға, қыстың.

10.=

Мен оқушымын, Біз оқушымы

Сен оқушысың, Сендер оқушысыңдар,

Сіз оқушысыз, Сіздер оқушысыздар,

Ол оқушы, Олар оқушылар.

11.=

Менің әкем, Біздің әкеміз,

Сенің әкең, Сендердің әкелерің,

Сіздің әкеңіз, Сіздердің Әкелеріңіз,

Оның әкесі, Олардың әкелері.

12.= (өз аттарын жазады)

13.= Атау септік.

14.= семіз – арық, биік – аласа, қою – сұйық, арзан – қымбат, ащы – тұщы.

15.=үшінші күн, бірінші орын, бесінші үй, он төртінші пәтер, он тоғызыншы автобус.

16.= келе жатыр, отырмын(сын, сыз), оқып отырмын.

17.= Сабақтарын сағат нешеде басталады?

18.=Қоңырау соғылды да, сабақ басталды.

19.= Алма бағында қызыл алмалар балбырап пісті.


20.=қаратпа сөздер.

IV нұсқа


1.= 5дыбыс, 4 әріп.

2.= б, д.

3.= Ба – уыржан.

4.= басшы, Досжан, теңізші, Амангелді.

5.=Қазақстан Республикасы, килограмм, сантиметр, педагогикалық институт.

6.= тоғызқұмалақ, Қажымұқан, Ақмолаға.

7.= оқушы, уақыт, бірінші.

8.=сусын, сулы, сушы.

9.= оқушысымын, түлегісің.

10.= жұмысшылар.

11.=

Менің кітабым, Біздің кітабымыз,

Сенің кітабың, Сендердің кітаптарың,

Сіздің кітабыңыз, Сіздердің кітаптарыңыз,

Оның кітабы, Олардың кітаптары.

12.=Баянауылда, Қазақстанның, Қаныш Сәтбаевтың.

13.=баланың, оқушының, оқулықтың, ілгіштің, сәбидің.

14.= Шынтастың қара ала күшігі бар.

15.= төртінші, екі мың бесінші, жүз елу үшінші.

16.=күлме, тұрма.

17.= Әсіресе, кешке қарай қандай тамаша!

18.= Қар қалың жауды. Айгүл кітап оқыды.

19.= Бақыт – үлгілі оқушы.

20.= Балам, менің басым аурады. Сірә, күн өткен шығар.

V нұсқа




1.= а, ұ, ы.

2.= л, м, н, ң, й, р, у.

3.= а – уыл – да, кө - ңіл – сіз, ме – йір – бан.

4.= жүзден, мыңнан.

5.= қысқарған сөздер.

6.= шаңқобыз, күйсандық.

7.= алыс – жақын, дұшпан – дос, кәрі – жас, шын - өтірік.

8.= балықшыларға.

9.= ойыншы, ойыншық, ойна.

10= балаларға, балалардың, қолдарын.

11.= уәдем, баласы, інің, әпкеңіз, ағамыз.

12= Әбілхан, Алматыға, Алматыда.

13.= А.с. суретші,

І.с. суретшінің,

Б.с. суретшіге,

Т.с. суретшіні,

Ж.с. суретшіде,

Ш.с. суретшіден,

К.с. суретшімен.

14.= Менің кішкентай күшігім бар.

15.= дара: үш, жүз, мың; күрделі: сексен бес, бір мың тоғыз жүз тоқсан сегіз.

16.= -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе.

17.= Балалар далада ойнап жүр ме?

18.= Көктем келді де, күн жылынды.

19.= Көжектер түлкі, қарсақ, күзендерден қорқады.

20.= Бәсе, мен сеннен ондайды күтпеп едім.

VI нұсқа


1.= 12

2.= б, в, г, ғ, д, ж, з.

3.= қа – йық, қу – а – ныш, жа – йық, кө - ңіл, о – қу – шы.

4.= басшы, Досжан, теңізші.

5.= Қысқарған сөздер: АҚШ, ҚР

Біріккен сөздер: көлбақа, түйеқұс

Күрделі сөз: күрең көк, қызыл ала.

6.= ата – ана, күні – түні, құрт – құмырсқа, темір – терсек, жауын – шашын.

7.= қатты сөз, қатты ағаш, қатты адам.

8.= татулық

9.= еңбекшілер

10.= ұшқыштар, дәптерлер, қаламдар.

11.= жолдасым, үйіңіз, анашың.

12.= жалқы зат есім.

13.= өрмекшіні, үстелді, қалтаны, ағашты.

14.= байтақ, өнерпаз, жалпақ, бойшаң.

15.= қанша? неше? нешінші?

16.= күлме, күтпе, айтпа, шулама.

17.= Тарт қолыңды! Ауа райы қандай жақсы!

18.= Ақыл жастан шығады, асыл тастан шығады.

19.= Оқушылар атақты жазушымен кездесті.


20.= сірә, міне.

VII нұсқа


1.= Ы

2.= л, м, н, ң, р, й, у.

3.= жа-ңа-лық.

4.= тауығы, терегі, талабы, добы, өрнегі

5.= Ботагөз, Әбілқайыр, Еркебұлан, тасбақа.

6.= біріккен сөз.

7.= үлкен – кіші, жуан – жіңішке.

8.= сызғыш, ойыншық, орындық, кезекші.

9.= аспазшы, домбырашының, көкшілдеу, гүлдердің.

10.= суретшілер, ойыншықтар, жазушылар.

11.= Менің жүрегім

Сенің жүрегің

Сіздің жүрегіңіз

Оның жүрегі.



12.= асхана, байлық, күйші, тазалық.

13.= А.с. оқушы;

І.с. оқушының;

Б.с. оқушыға;

Т.с. оқушына;

Ж.с. оқушыда;

Ш.с. оқушыдан; К.с. оқушымен.



14.= қандай? қай?

15.= үш, бес.

16.= қимылын

17.= Таң атты.

18.= Күн суытты, қар жауды.

19.= Кесіртке құмын сүйеді, тасбақа тыңын сүйеді.

20.= Сөйтіп, ауылдан келген адамды жақсы қарсы алу керек.

VIII нұсқа


1.= қозы, құлын.

2.= қатаң: қ, ш, к, п; ұяң: б, з, д, ғ, ж, г; үнді: л, м, р, ң, н.

3.= жай – лауда.

4.= жемқой, сәнқой, баланікі.

5.= үйір – үйір, ата –ана, жарқ – жұрқ, қып – қызыл, сап – сары.

6.= Сарыөзек, Сарыарқа, Сарыбел.

7.= жылы сөз, жылы су.

8.= қалалық, жұмысшы, күректі, өнерлі, дәрігер.

9.= бірлік, бірнеше, біреу.

10.= -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер.

11.= Менің халқым,

Сенің халқың,

Сіздің халқыңыз,

Оның халқы.



12.= Гүлназ.

13.= адамның.

14.= айтқыш, байқағыш, жүзгіш, білгіш.

15.= екінші, он үшінші, мыңыншы, жетінші.

16.= Не істеді? Не ғылды? Қайтты?

17.= Күн суық па? Балалар тапсырманы орындады ма?

18.= Қыс түсті де, күн суытты.

19.= Мұғалім екінші сыныпқа кірді.

20.= Гүлжан, інің қайда?


IX нұсқа


1.= жуан: ы, о, а, ұ; жіңішке: ә,

2.= к, қ, п, с, т, ц, ф, ч, ш, щ, х, һ.

3.= қия, ана.

4.= әсемпаз, кітап.

5.= ҚПИ, ҚР, кг, км.

6.= аңдар: ақбөкен, көртышқан, тасбақа; құстар: түеқұс, аққу, бірқазан. (өз нұсқалары болуы мүмкін)

8.= түбір.

9.= егінші, жұмыскер, түспе, сыйлық.

10.= Мен баламын, Біз баламыз,

Сен баласың, Сендер баласыңдар,

Сіз баласыз, Сіздер баласыздар,

Ол бала, Олар балалар.



11.= Менің бөрігім,

Сенің бөрігің,

Сіздің бөрігіңіз,

Оның бөрігі.



12.= Қайраткер.

13.= Алманың, шешенің, жұлдыздың, ұршықтың.

14.= биік тау, кең көше, ұқыпты оқушы, әдемі гүл.

15.= сегіз, жүз, қырық, он.

16.= тұрма.

17.= Оқушылар егіншілерге көмектесті.

18.= Жаңбыр қатты жауды да, күн шайдай ашылды.

19.= Малшы бақты.

20.= қысқасы.

X нұсқа


1.= жуан: а, ы, ұ, о; жіңішке: і, ө, ү, ә, е.

2.= қатаң: қ, ш, к, щ, ф;

ұяң: б, ж, з, г, ғ ;

үнді: у, н, л,м.

3.= 5 рет.

4.= батырлық, көрермендер, жүзімнің, ағаштар, мұздай.

5.=

Қайталау арқылы: кезек – кезек, күте – күте;

Қосарлану арқылы: ата – баба, тау – тас, салдыр – гүлдір;

Күшейтпіш буын арқылы: тап – таза, үп – үлкен.

6.= Ерұлан, Амангелді, Нұрасыл, Ақбота.

7.= жұмыс – жұмысшы, жұмыскер;

бала – балалық, балақан, балақай.



8.= тап – тауып, сеп –сеуіп, жап – жауып, теп – теуіп, шап – шауып.

9.= көрік.

10.= Мен бишімін, Біз бишіміз,

Сен бишісің, Сендер бишісіңдер,

Сіз бишісіз, Сіздер бишісіздер,

Ол биші, Олар биші.



11.= А.с. айым,

І.с. айымның,

Б.с. айыма,

Т. с. айымды,

Ж.с. айымда,

Ш.с. айымнан,

К.с. айыммен.

12.= шеберлік, жақсылық, емдік, астық, әділдік, достық, талшық.

13.= А.с. кім? не?

І.с. кімнің? ненің?

Б.с. кімге? неге?

Т.с. кімді? нені?

Ж.с. кімде? неде?

Ш.с. кімнен? Неден?

К.с. кіммен? немен?

14.= көк ала, қою қырыл, қып – қызыл.

15.= екі жүз тоқсан бес, мың екі, екі мың он жеті, сексен үш.

16.= айтып тұр, айтты, айтады;

оқып отыр, оқыды, оқиды;

біліп жүр, білді, біледі.

17.= Баян домбырада жақсы ойнайды. Кітапханадан көп қызық кітап алдым.

18.= Кеше Сәуледен хат келді. Дәурен оны әжесіне асықпай оқып берді.

19.= Біз сәнді үйге кірдік. Сары балапан күзде үлкен болып өсті.

20.= Шіркін, әке қандай, өзі қандай әсем еді.

XI нұсқа

1.= ә, е, і, ү, ө.

2.= кірпі, щетка, қазан, таяқ, хат, қаһарлы.

3.= қа – ра – ғай, ас – паз – шы, а – уыл.

4.= әсемпаз, өнерпаз, арбакеш.

5.= тез – тез, үйір – үйір, жарқ – жұрқ, сөйлей – сөйлей.

6.= Еркебұлан, Әсемгүл, Айнұр, Батырбек.

7.= қара сиыр, айға қара.

8.= жүзгіш, жүзім, жүздік.

9.= біл, сыз, оқу, дос.

10.= оқулықтар, дәрігерлер, мұғалімдер, кітаптар.

11.= Менің уақытым болмады. Сенің дауысың естілмейді.

12.= зат есім.

13.= кіммен? немен?

14.= білгіш, жүзгіш, байқағыш, айтқыш.

15.= дара, күрделі, есептік, реттік.

16.= ақта, ұсақта, жақсыла, оңда, іріле.

17.= Балалар театрға келді. Бүгін күн жылы ма? Алақай, көктем келді!

18.= Қоңырау соғылды да, сабақ басталды.

19.= Жарыста бес оқушы мақтау қағазын алды.
20.= Әйтеуір, адаспасаңдар болғаны. Қысқасы, қазір үй тапсырмасын орындауға отыр.
XII нұсқа

1.= 12

2.= б, в, г, ғ, д, ж, з.

3.= кө - гершіндер, көгер – шіндер, көгершін – дер.

4.= Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.

5.= сантиметр, Қазақстан республикасы, килограмм, педагогикалық кеңес.

6.= Сарыағаш, тасбақа, Ұзынкөл.

7.= Ащы мен тәттіні татқан білер, жақын мен алысты жорытқан білер.

8.= су, бал, дәрі, ұш.

9.= туынды сөз.

10.= күйшімін, елміз, оқушысың.

11.= шешесі 3 – ші жақ,

шөжесі


шешем 1 – ші жақ.

Шөжем


12.= кеме, мұғалім, оқулық.

13.= Атау, Ілік, Барыс, Табыс, Жатыс, Шығыс, Көмектес септіктер.

14.= биік тау, қызыл гүл, кең сынып, қалың кітап.

15.= сегіз, елу, он, бес.

16.= Жыршы жыр айтады. Ақын өлең шығарады. Сауыншы сиыр сауады.

17.= Мәлік Габдулин ғалым ба? Оған Батыр атағы берілді ме?

18.= Күн бұлттанып, жаңбыр жауды.

19.= Ұшақ аспанға көтерілді. Балалар үзілісте кітапханаға келді.

20.= Айнұр, нан сатып әкелші. Гүлжан, үй тапсырмасын орындадың ба?
XIII нұсқа

1.= алтын, әтеш, өжет, ыдыс, ойын.

2.= п, м, ж, б, л, г, р, в.

3.= кө - кек, же – ңіл, мү – йіз.

4.= жазса, басшы, Рысбек.

5.= кг., МАИ, пединститут.

6.= қосаяқ, итмұрын, Ұзынкөл.

7.= әдемі, көркем, сұлу.

8.= түбір.

9.= ақылдас, ауылдас, қолдас.

10.= дәптерлер, оқулықтар, құстар.

11.= Менің ботам,

Сенің ботаң,

Сіздің ботаңыз,

Оның ботасы.



12.= малшы, қайраткер, ауылдас, ақылшы.

13.= А.с. кім? не?

І.с. кімнің? ненің?

Б.с. кімге? неге?

Т.с. кімді? нені?

Ж.с. кімде? неде?

Ш.с. кімнен? Неден? К.с. кіммен? немен?



14.= дара, күрделі, негізгі, туынды.

15.= бір тоғыз, тоқсан тоғыз.

16.= Асхат сиыр фермасында жұмыс істейді. Ол сиырларға шөп береді.

17.= сұраулы сөйлем.

18.= Түн ұзарды. Күн қысқарды.

19.= Күтімі жақсы мал тез семіреді. Бақтағы ағаш гүлдеді.

20.= амал қанша, сірә, бәсе, айтпақшы.
XIV нұсқа

1.= қосарлы дауыстылар.

2.= данышпан, мейірбан, , ғалым, таң.

3.= 3 буыннан.

4= қалалық, көрермендер, күздік.

5.= біріккен сөз.

6.= абақ, аз, ұл, бақ, мақал, адам.

7.= Биік – аласа, алыс – жақын.

8.= ұшқыштар

9.= от, іс, ән, бала.

10.= Мен әншімін,

Сен әншісің,

Сіз әншісіз,

Ол әнші.


11.= ойым, әкесі, әпкең, ағаңыз, анамыз.

12.= комбайн, шалғы, орақ, қырман, арба, дән.

13.= -да, -де.

14.= ала, қара.

15.= Мен төртінші сыныпта оқимын. Биыл екі мың алтыншы жыл.

16.= жазба, айтпа, сөйлеме, күлме.

17.= Өзі жығылған бала жыламайды. Шешен сөз бастар.

18.= Жай сөйлем.

19.= жақсы, автобуспен.

20.= Әне, апаң жұмыстан келе жатыр. Бәсе, мен сенен ондайды күтпеп едім.
XVнұсқа

1.= Жуан: а, ы.

Жіңішке: ә, е, і.



2.= қатан, ұяң, үнді.

3.= тасымал

4.= оқушылар, дәрілер, айлар.

5.= Ботагөз, итмұрын, тасбақа.

6.= үлкен – үлкен, сөйлей – сөйлей, айта – айта.

7.= жылы – суық, биік – аласа, жоғары – төмен.

8.= -лық

қала -шық

-ның

9.= татулық, қызмет, айлық.

10.= оқушысың, жазушысыз.

11.= ойыншығым, дәптері, уақытың, добымыз.

12.= Көкшетау, Астана, Көксерек.

13.= А.с. әнші,

І.с. әншінің,

Б.с. әншіге,

Т.с. әншіні,

Ж.с. әншіде,

Ш.с. әншіден,

К.с. әншімен.

14.=

Дара: ала, үлкен, көгілдір.

Күрделі: көк ала, сары ала, шұбар ала.

15.= жүз қырық екі, төрт жүз тоқсан бес, он алты.

16.= оқып отыр, жазып тұр, сөйлеп жатыр.

17.= Кім кітапханадан кітап алды? Шекарашылар еліміздің шекарасын қорғайды.

18.= тұрлаулы, тұрлаусыз.

19.= Мен сурет салдым. Біз балаларға қосылып ойнадық.

20.= Сәуле, сен сурет салдың ба? Айнұр, бүгін қандай күн?
XVI нұсқа

1.= шаян, аяз, саяхат.

2.= қ, ғ, н, ң, л, т, с, з, м, й, д.

3.= сүт, қия, өлең.

4.= әсемпаз, өнерпаз.

5.= екі түбірден жасалған сөздерді біріккен сөздер дейміз.

6.= үйір –үйір, ата –ана, жарқ – жұрқ, қып – қызыл.

7.= бет, әлпет, жүз, дидар.

8.= басшы, бастық, басқар.

9.= біл, ас, дос.

10.= -лар, -лер, -дар, - дер, -тар, -тер.

11.= Менің дәптерім,

Сенің дәптерің,

Сіздің дәптеріңіз,

Оның дәптері.



12.= Отанымыз, Қазақстанды.

13.= А.с. кім? не?

І.с. кімнің? ненің?

Б.с. кімге? неге?

Т.с. кімді? нені?

Ж.с. кімде? неде?

Ш.с. кімден? неден?

К.с. кіммен? немен?

14.= күрделі сын есім.

15.= есептік сан есім: бес, жүз, алпыс үш;

16.= жылынып кетті, борап тұр, күліп жіберді.

17.= Аңшылар аңға шықты ма?

18.= үтір, қос нүкте.

19.= Ер бір рет өледі, қорқақ мың рет өледі.

20.= Балам, малды қораға қамай салшы.

XVII нұсқа


1.= аққу, өнер, Отан, инелік, ақпан.

2.= Өнер алды – қызыл тіл.

3.= о – қу – шы, ке – зек – ші, қа – йық, құс – тар, ең – бек.

4.= сөздегі дауысты дыбыстар бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болып келеуін буын үндестігі дейміз.

5.= АҚШ.

6.= қора –қора, ата- ана, сөйлей – сөйлей, жауын – шашын.

7.= ащы, қысқа, жақсы, кәрі.

8.= аспаз, асхана, астық.

9.= ек.

10.= Біз әншіміз,

Сендер әншісіңдер,

Сіздер әншісіздер,

Олар әншілер.



11.= әжем, дәптері, ауылдарың, білімің.

12.= Ашудұшпан, ақылдос.

13.= жастан, тастан.

14.=негізгі сын есімдер: таза, көк, қою;

туынды сын есім: өнерпаз, таулы, күшті.



15.= екі, жеті, екі мың алты, он бір.

16.= оқыма, айтпа, сұрама, тиме.

17.= Демалыста ауылға бардың ба?

18.= Қыс келіп, күн суытты.

19.= ақ боз.

20.= әйтеуір, амал қанша, , бәсе, сірә.


XVIII нұсқа


1.= ы, а, ө, е, і, ү, о.

2.= т, п, с, ш, щ, к, қ, ф, ц, ч, һ, х.

3.= о – йын – шық, а –уыл – дас,

жа – зу – шы.



4.= қарындашым, әжелер, жүзгіш.

5.= Ұзын + ағаш, қос + аяқ, боз + торғай.

6.= ҚМУ, кг., БҰҰ.

7.= ақ – қара, қараңғы – жарық, күн – түн.

8.= біл, шебер, өнер.

9.= қайраткер.

10.= оқушыларды, хайуанаттар, қонақтар.

11.= Біз оқыдық,

Сендер оқыдыңдар,

Сіздер оқыдыңыздар,

Олар оқыды.



12.=Астана, Қаратау, Айтуар.

13.= А.с. жолдасы,

І.с. жолдасының,

Б.с. жолдасына,

Т.с. жолдасын,

Ж.с. жолдасында,

Ш.с. жолдасынан,

К.с. жолдасымен.

14.= ақылды, білгіш, сулық.

15.= бір, он.

16.= Мен күтіп тұрмын,

Сен күтіп тұрсың,

Сіз күтіп тұрсыз,

Ол күтіп тұр.



17.= Дала қандай сұлу!

18.= Күн батты да, айнала түн қараңғысына мүлгіді.

19.= Шөп арасынан бозторғай сайрады.

20.= сірә, әрине, айтпақшы, өкінішке орай.

XIX нұсқа


1.= ү, і, е, и, ә.

2.= т, к, ф, ш, п, щ, ц.

3.= те – ңіз – ші, жа – ңа – лық, қа – йық, же – ңіл, о –йын – шық, қа –уын, қо – ңыз, құ – йын, да – уыл.

4.= буын үндестігі.

5.= жылы киім, жылы үй, жылы қолғап, жылы жел.

6.= шаңсорғыш, балмұздақ, итмұрын, қырықаяқ.

7.= тәп – тәуір, моп – момақан, сап – сары, шоп – шолақ, шіп – шикі, қып – қызыл.

8.= күй – ші – лер, таза – лық – тың, жазу – шы – ға, ұш – қыш – тар, көл – шік – ке.

9.= ойын, бала, жұмыс, бас.

10.= -міз, -мін, -сің, -мын, -сіз, - міз.

11.= әжесі, дәптері, өлеңі, досына.

12.= Қайыңды, Естай, Астана, Тобыл.

13.= А.с. оқушы,

І.с. оқушының,

Б.с. оқушыға,

Т.с. оқушыны,

Ж.с. оқушыда,

Ш.с. оқушыдан,

К.с. оқушымен.

14.= үлкен – кішк, қысқа – ұзын, жаман – жақсы, ыстық – суық, жұмсақ – қатты, жуас – асау.

15.= -інші, - ыншы, -ншы, -нші.

16.=

Мен үйрендім, Біз үйрендік,

Сен үйрендің, Сендер үйрендіңдер,

Сіз үйрендіңіз, Сіздер үйрендіңіздер,

Ол үйренді, Олар үйренді.

17.=Қыс қатты бола ма? Аманға жылы сөздер ерекше әсер етті ме?

18.= екі немесе біренше жай сөйлемдер арқылы жасалады.

19.= Торы атымен шапқан атам екі немересіне тез жетті.


20.= бәлкім, сірә, иә, бүде.


XX нұсқа


1.= Жуан: ы, а, ұ, о.

Жіңішке: и, ү, е, і, ә, ө.



2.=б, в, г, ғ, д, ж, з.

3.=жа – уынгердың, жауын – гердың, жауынгер – дың.

4.=

5.= Қазақстан Республикасы, килограмм, Америка Құрама Штаттары, Қостанай Мемлекеттік университеті.

6.= бірқазан, көкқұтан, аққу.

7.=күн – түн, жарық – қараңғы, жомарт – сараң, адал – арам, бейнет – зейнет.

8.= білімдіден, ақылды.

9.=жаз – жазу, жазушы; көр – көрші, көрме.

10.=Мен оқыдым, білдім,

Сен оқыдың, білдің,

Сіз оқыдыңыз, бідіңіз,

Ол оқыды, білді.



11.= Біздің қонағымыз,

Сендердің қонағың,

Сіздердің қонағыңыз,

Олардың қонағы.



12.= ұшқыш, сызғыш, адалдық, жаңалық, сұлулық, жүзгіш.

13.=суретшіден, шеңберден, балықтан, қарлығаштан, ауылдан, ауадан.

14.= түсі: қызыл, қоңыр, сары;

дәмі: дәмді, ащы, қышқыл;

көлемі: үлкен, жалпақ, кең.

15.=мың алты жүз отыз жеті, он сегіз, елу үш, жүз отыз екі.

16.= көріп отыр, қарап тұр, ойлап жүр.

17.= Балалар сырғанақ теуіп жүр ме? Айдын жақсы оқиды ма?

18.= Ойінға озат оқушылар қатысқандықтан, алты оқушы мақтау қағазын алды.

19.= Кішіпейіл бала үлкендерді үнемі сыйлайды.

20.= Гауһар.


Сын жұмысын жүргiзуге арналған мұғалімге нұсқау

Қазақ тiлi пәнiнен бiлiм , бiлiк , дағдыны үнемi есепке алып отыру бастауыш мектептегi оқу үрдісiнiң ең қажет бөлiгi. Сын жұмысы оқушылардың алған бiлiм деңгейiн және бiлiм мен дағдысын саналы түрде меңгерiлгенiн тексеру мақсатында өткiзiледі.

Бағдарлама бойынша берiлген маңызды да негiзгi тақырыптарды өткеннен кейiн кезектi сын жұмыстары жүргiзiледi .

Сын жұмыстары 1- сыныптан бастап жүргiзiлiп отырған жөн . Сөздерге дыбыстық талдау жасау , буынға бөлу , сөз , сөйлемдердi анықтау шартты белгiлер арқылы жүргiзiледi . Ал дыбыс - әрiптердi өту барысында бұл жұмыс өз жалғасын табады . Фонетикалық диктант үнемi жүргiзiлiп отырады . Оқушылардың есту қабiлетi , зейiнi дамытылады , тұрақталады .

Сөздiк диктант сабақтың бiр бөлiгi ретiнде үнемi жүргiзiледi . Оған 5 – 6 минут жеткiлiктi.

Жатқа жазу , көшiрiп жазу жұмыстарын орындауда тапсырмалар күнi бұрын тақтаға немесе плакатқа жазылып iлiнедi .

Қорытынды сын жұмыстары бiлiм мен дағдының қалай меңгергенiн тексеру тәсiлi болып табылыды . Оның мақсаты – оқу жылында немесе тоқсандық жұмыс кезiнде мемлекеттiк бағдарламаның талаптарын орындау және нақты қорытындысын тексеру . Қорытынды сын - әрбiр оқушының бiлiмдi еске алуда ерекше мәнi бар жұмыс . Ол оқушы мен мұғалiм жұмысының негiзгi көрсеткiшi болып табылыды .

Диктант (жатжазу) – орфографиялық , пунктуациялық дағдыны тексеру құ-

ралы . Егер мәтiнде жазылуы қиын , әлi меңгерiлмеген сөздер кездессе , онда мұғалiм диктантты жаздырмас бұрын оны анықтап айтып , түсiндiрiп немесе тақтаға жазып көрсетуi керек . Әр мәтiнде сөз саны көрсетiледi ол бағдарлама бекiткен сөз мөлшерiне сәйкестендiрiлген.

Оқушылардың бiлiмiн анықтауға арналған тест жұмыстары әр оқушыға жеке-жеке парақшаларға көшiрме ретiнде берiледi . Бұл өздiгiнен орындайтын жұмыс . Дұрыс жауабын қоршап қояды . Әр оқушы өз аты – жөнiн жазып , мұғалiмге тапсырады.



Жазба сын жұмысын бағалау:

Кезектi жазба тексеру жұмысы қазақ тiлiнен бiлiм беруге арналады . Ал сын жұмыстарының мақсаты – бiлiм деңгейiн тексеру болып табылады . Баға қою арқылы мұғалiм сыныптағы әрбiр оқушының негiзгi бөлiмдерiнен алған бiлiм деңгейiн анықтайды . Бұл жұмыстардан алынған бағалар тоқсандық жә

не жылдық қорытынды баға шығарғанда ерекше есепке алынады . Сын жұмы

сын алғанда мұғалiм жазу мәнерiне көңiл бөледi . оқушының өзi жiберген қатесiн өзi түзетуiне және жұмыстың сыртқы көрiнiсiне қарап бағаны кемiту

ге болмайды .

Жазба жұмысын бағалағанда қатенiң саны және оның ауыр-жеңiлдiгi назарға алынады. Грамматикалық тапсырмасы бар сын жұмысына екi баға қойылады : диктантқа жеке баға , тапсырмаға жеке баға .

Диктантты бағалағанда мұғалiм мыныдай нормаларды ( мөлшер , шама ) не

гiзге алынады :

“ 5 “ – қатесi жоқ жұмыс үшiн.

“ 4 “ - 1 , 2 қате жiберiлген жұмыс үшiн .

“ 3 “ – 3- 5 қате жiберiлген жұмыс үшiн.

“ 2 “ – 5 және одан да көп қате жiберiлген жұмыс үшiн.

Тапсырманы орындауға байланысты қойылатын бағалар :

“ 5 “ – қатесiз , толық орындалған тапсырма үшiн

“ 4 “ – бiр қатесi бар толық орындалғаны үшiн

“ 3 “ –тапсырманы толық орындамаған үшiн

“ 2 “ – тапсырманы мүлде орындамаған үшiн.

Тест жұмыстары былай бағаланады : “жоғары “, “орта “, “төмен “

“Жоғары “-барлық тапсырма дұрыс және толық орындалған ;

“ Орташа “- аздаған кемшiлiгi бар жұмыс ;

“ Төмен “ – кейбiр тапсырмалары орындалмаған .

Әдебиеттер тізімі:

1. Оспанов Т.Қ., Ерешова К.Ә. Қазақ тілі. Дидактикалық материал. – Алматы, «Атамұра», 2011. – 156 б.

2. Өмірбаева Р.К. Дидактикалық ойындар (қазақ тілі пәні бойынша). – Алматы, «Атамұра», 1998. – 142 б№

3. Рахметова С., Игенбаева Б. Мазмұндама жинағы. – Алматы, « Атамұра» 1998 . – 87 б.



4. Тойбазарова Н.Ә., Займолдина Ж.Ғ. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. // «Бастауыш мектеп» ж. - 2013. № 2. – 18-21 бб.

5. Әлімов А. Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері . – Алматы, Абай ат. ҚҰПУ. -2013. -268 б.
Каталог: uploads -> doc -> 0720
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0720 -> Сабақ реті: Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Карменова Галина Нураждаровна
0720 -> Сабақтыңмақсаты: а білімділік: Оқушыларға үндестік заңын, тоғыспалы ықпал түсіндіру
0720 -> Сабақтың тақырыбы: Интернет. Интернет маған не үшін керек? Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет