Правила организации обучения по сокращенным образовательным программам 45 5 Правила организации обучения с применением дистанционных образовательных технологий 48



бет9/17
Дата31.12.2019
өлшемі0,8 Mb.
#54160
түріПравила
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17

Өтініш

Мені ҚР БҒМ академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 105 күн (немесе басқасы көрсетілуі тиіс) университетінен (қала мен елдің аты) 201 жылдың



аралығындағы шетелдік білім алу іссапарынан қайта оралған деп есептеуіңізді сұраймын.

Қажетті құжаттар қосымшада.

Студент(магистрант) ТАӘ (қолы,күні)

Қол қоятындар:


  • кафедра меңгерушісі;

  • деканның орынбасары;

  • факультет деканы;

  • Экономика және жоспарлау бөлімі (қаржылық есептің өткізілгенін растау үшін);

  • Оқу процесінің тіркеуші офисі (мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алушыларға);

  • Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры (бакалавриат үшін);

  • Ғылым және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директоры (магистранттар мен докторанттар үшін).



Рұқсат беретін:


-Оқу ісі жөніндегі проректор

- бірінші проректор

3 Қосымша

[Ұсыныстың үлгісі]


Оқу жұмысы жөніндегі

(ТАӘ)

Ұсыныс





факультеті

мамандығындағы

курсстуденті


(магистранты) университетінде (қала мен елдің аты)

201 жылдың аралығындағы білім алу іссапарында меңгерген

пәндердің Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дың жұмыс жоспарына сәйкестігін растайды


Қорқыт Ата атындағы оқу жұмыс жоспарындағы пәннің аты

Шетелдік ЖОО пәнінің аты

Пәннің түрі (М немесе Т)

ECTS

кредит саны

ҚР

кредит саны

Сертификат бойынша

балл

Оқу жетістіктерінің бағасы





















































































Қол қоятындар:



  • кафедра меңгерушісі;

  • факультет деканы.

Келісіп қол қоятындар:



  • Оқу үдерісін жоспарлау және академиялық ұтқырлық бөлімі басшысы (бакалавриат студенттері үшін);

  • Халықаралық байланыстар бөлімінің бастығы;

  • Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры;

  • Ғылым және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директоры (магистранттар мен докторанттар үшін).


ЭДВАЙЗЕР ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
Эдвайзердің жұмысы университет оқытушыларының кәсіби қызметінің аса маңызды көрсеткіші болып табылады

Эдвайзер кафедра меңгерушісі мен факультет деканының ұсынысымен мамандыққа, оқу курсына қарай 50 дейін білім алушыларға жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес, оқу үдерісін ұйымдастыруда тәжірибесі мол, үш тілді қатар меңгерген профессор-оқытушылар құрамынан университет ректорының бұйрығымен тағайындалады.

Магистратура және докторантура бойынша эдвайзерлікке ғылыми дәрежесі бар, тәжірибелі профессор-оқытушылар ұсынылады.

Эдвайзердің айлық жалақысына белгіленген мөлшерде үстеме ақы тағайындалады.

Факультет деканы және кафедра меңгерушісі эдвайзердің жұмысын үйлестіреді және қадағайлайды,  ағымдағы мәселелерді шешу барысында әдістемелік тұрғыдан көмек көрсетеді.

Эдвайзер оқу үдерісін ұйымдастыруда білім алушылардың оқу траекториясын таңдау және жеке оқу жоспарын құру бойынша университеттегі академиялық кеңестермен тығыз жұмыс жасайды.

Эдвайзер білім алушылармен атқаратын жұмыстарын өзінің жеке жұмыс жоспарына және кафедра жұмысының жоспарына сәйкес жүргізеді. Эдвайзер өзінің жұмысы жайлы кафедра мәжілісінде ай сайын есеп береді.

Эдвайзер академиялық мәселелер бойынша факультеттің және университеттің оқу үдерісін тіркеуші офисімен өткізілетін барлық шараларға қатысады.


Өз жұмысында эдвайзер:

  • Қазақстан Республикасының Конституциясын;

  • Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын;

  • Қазақстан Республикасы білім және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын;

  • Жоғары, жоғары оқудан кейінгі білім берудегі оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру бойынша ҚР БҒМ бұйрықтарын, нормативті құжаттарын;

  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын;

  • Қорқыт Ата атындағы ҚМУ Жарғысын;

  • Қорқыт Ата атындағы ҚМУ сапа менеджменті саласындағы құжаттарын;

  • Университетішілік ережелерді, университеттің бұйрықтары мен өкімдерін;

  • осы Ережені басшылыққа алады.


2. Эдвайзер жұмысының мақсаты мен қызметтік міндеттері

2.1 Эдвайзер жұмысының мақсаты білім алушыларға оқытудың жеке білім алу траекториясын анықтауға және білім беру бағдарламасын меңгеруіне көмектесу болып табылады.
2.2 Эдвайзердің оқу үдерісін ұйымдастырудағы қызметтік міндеттері:

Білім алушыларды білім беру үдерісін ұйымдастырудың және жүзеге асырудың тәртібімен, үлгілік және жұмыс оқу жоспарымен, элективті пәндер каталогымен, міндетті және таңдау пәндерімен, пәндердің пререквизиттерімен және постреквизиттерімен таныстырады.

Оқу үдерісін ұйымдастыру бойынша барлық қажетті ақпараттық материалдарды дайындауға қатысады, білім алушыға жеке оқу жоспарын құрастыруға және түзетуге ықпал етеді, әдістемелік кеңес беру жұмыстарын жүргізеді.

Білім алушылардың үлгерімін қадағалайды, оқу үдерісін тіркеуші офисінің әдіскерлерімен тығыз байланыста жұмыс жасайды.

Білім алушыларды қолданыстағы нормативтік-құқықтық ережелермен таныстырады.

Эдвайзер білім алушыны жұмыс оқу жоспарының мазмұнымен, білім алуға қойылатын талаптармен, қалаған мамандықтың ерекшелігімен таныстырады


3. Білім алушылардың жеке білім алу траекториясын анықтау рәсімі және эдвайзердің іс-әрекетін ұйымдастыру

Білім алушылардың жеке білім алу траекториясын таңдауы 3 кезеңнен тұрады:

1-ші кезеңде келесі оқу жылына 2,3,4 курстар үшін мамандар шығарушы кафедра 1 сәуірге дейін жұмыс берушілер ұсынысымен, академиялық кеңестерде талқыланып, бекітілген элективті пәндер каталогын «Platonus» ақпараттық жүйесі бағдарламасына енгізеді.

Осыдан соң эдвайзер білім алушыларды алдағы оқу жылында игеруге ұсынылған оқу бағдарламалары туралы (оқу бағдарламасы, пәннің құзыреттілігі, күтілетін нәтиже, оқытушы жөнінде мәлімет) презентация жасап, таныстырады.



2-ші кезеңде келесі оқу жылына білім алушылар эдвайзердің кеңесімен 1-15 сәуір аралығында университеттегі «Platonus» ақпараттық жүйесі бағдарламасына еркін және ашық түрде өздерінің құпия сөзі арқылы элективті пәндерге және оқу бағдарламасын жүргізетін профессор-оқытушыларға таңдау жасайды.

15 сәуірге дейін оқу пәніне жазылған білім алушылар саны академиялық ағындағы жалпы білім алушылардың санынан 40 % төмен болса, пән ашылмайды және білім алушының жеке оқу жоспарына енгізілмейді. Осы ақпаратты Эдвайзер білім алушының назарына жеткізеді.

3-ші кезеңде 15-20 сәуір аралығында ЖБП және БП, КП циклдарының міндетті пәндерінен дәріс жүргізетін оқытушыларға «Platonus» ақпараттық жүйесі бағдарламасы арқылы таңдау жасайды. Пәнді және дәріс беретін оқытушыны таңдағаннан кейін білім алушының жеке оқу жоспары жасалады. Мамандықтың үлгілік оқу жоспары, білім алушының жеке жоспары негізінде мамандықтың жұмыс оқу жоспары құралады.

Эдвайзер келесі оқу жылына арналған 2,3,4 курс білім алушыларының жеке оқу жоспарын 25-сәуірге дейін факультет деканына бекітуге ұсынады.

Егер келесі курсқа көшірілген білім алушы уақытында жеке оқу жоспарын тапсырмаса, оның оқыту негізіне академиялық топтағы білім алушылардың жеке оқу жоспары алынады.

Оқу пәніне жазылған білім алушылар 25-ші тамызға дейін жеке жұмыс жоспарына өзгерістер енгізу туралы қайта тапсырыс бере алады. Бұл уақытта білім алушы жеке оқу жоспарына кредиттің жалпы санынан 10 %-дан көп емес көлемінде ғана өзгеріс енгізе алады. Бұл жағдайда білім алушы эдвайзердің кеңесімен факультет деканына өзгерістер көрсетілген жазбаша тапсырысын береді.

Білім алушының жеке оқу жоспары үш данада факультет деканымен бекітіледі: бір данасы–деканатта сақталады және ол білім алушының кәсіптік оқу бағдарламалардың орындауына және меңгеруіне бақылауды жүзеге асыру үшін негіз болады, екіншісі - аралық аттестаттауды ұйымдастыру үшін тіркеуші офисіне, үшіншісі - білім алушыға тапсырылады.


4. Эдвайзердің 1 курс студентерімен атқаратын жұмысы

Эдвайзер оқу жылының басында 1 курс білім алушыларын университет тарихымен таныстырады.

Бірінші курсқа қабылданған білім алушылар сабақ басталғанға дейін мамандықтың типтік оқу жоспары мен элективті каталог бойынша 25-30-ші тамыз аралығында таңдаған пәндеріне жазылады.

Тіркеу кезіндегі эдвайзердің әрекеті:



  • тіркеуші офисінен қабылданған білім алушылардың тізімін алу.

  • білім алушыларға кеңес беру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет