Презентация «Ақбілек -қыз тағдыры: кеше,бүгін»



Дата09.11.2016
өлшемі25,19 Kb.
түріПрезентация
Тақырыбы: Ақбілек қыз тағдыры : кеше,бүгін

Конференцияның мақсаты: оқу мәдениетін дамыту қолдау,рухани мұраларымызды насихаттау. Оқушыларды адамгершілікке,ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: слайды презентация « Ақбілек –қыз тағдыры: кеше,бүгін»

Сабақтың түрі: конференция сабақ

Кітап көрмесі: « Ж.Аймауытов шығармасы -заман айнасы»

1.Кіріспе . Ж.Аймауытов шығармаларына қысқаша шолу.



Негізгі бөлім

1.Ақбілек шығармаларынан үзінділер оқи отырып,талдау.

2. «Бүгінгі Ақбілек» сырымды айтсам деп едім.

3.Қорытынды



1.Кіріспе .

ХХ ғасырдың басында ұлттық әдебиеттің барлық жанрында бірдей өнімді еңбек еткен қаламгерлердің қатарында ақын әрі прозашы,драмашы әрі аудармашы, сыншы әрі публицист Жүсіпбек Аймауытовтың есімі айрықша орын алады. Әдебиеттің әр алуан жанрларында қалам сілтей жүріп,ол қазақ әдебиетінің жаңа өріске шығуына мол еңбек сіңірді. Сан қырлы талант иесі Жүсіпбек Аймауытовтың артында қалған шығармалық мұрасы аса бай. Оның ішінде көптеген өлеңдер «Қартқожа», «Ақбілек» романдары , «Күнекейдің жазығы» хикаяты мен «Әнші» секілді бірқатар көркем әңгімелері, «Рәбиға», «Мансапқорлар», «Қанапия мен Шәрбану», «Ел қорғаны», «Шернияз» пьесалары , «Нұр күйі» поэмасы, сондай –ақ бірсыпыра сын мақалалар мен аудармалары бар. Жүсіпбек Аймауытовтың әдеби мұрасының ең салмақты саласы-прозалық шығармалары. Кішігірім әңгімелерінен бастап жазушы қаламынан «Қартқожа», «Ақбілек» романдары туды. Тұтастай алғанда, Жүсіпбек Аймауытовтың көркем әңгіме жанрындағы еңбегі қазақ әдебиетінің көркемдік-эстетикалық көкжиегін кеңейте түскен құбылыс болды.

«Ақбілек»романы- бір ғана қазақ қызының күрделі тағдыры негізінде әлеуметтік төңкерістер тұсындағы қазақ ауылының өзгеру процесін суреттеген алғашқы қазақ романдарының бірі. Романда ескі ортадағы жікшіл тартыстардан қорлық көрген қазақ қызының төңкерістен кейінгі жаңа сипаты заманының мүмкіндігіне сай өз құқығы үшін күресу жолы баяндалады. Шығарманың бас кейіпкері Ақбілек өшіккен адамдардың кесірінен ақ әскерлерінің тұтқынына түсіп,неше қилы қорлық көреді. Елінде де алуан қиындыққа жолығады. Кейін төңкерістен соң қалаға кетіп,оқу оқып,өз бақытын табады. Ақбілектің басынан өтетін осы оқиғалар арқылы Жүсіпбек сол бір қилы- қыстау кезеңдегі қазақ ауылдарындағы өмір шындығын , адамдардың қилы-қилы тағдырын кең бейнелейді.

«Ақбілек»романын дауыстап оқу

1.Ақбілекке алғашқы соққы.76 бет

2.Мұқаштың алғашқы ойы. 91- бет

3.Ақбілектің оралуы.128-129 беттер

4.Әке мен бала183-188 беттер

5.Ақбілек қайсар қыз.250-253 беттер

Мәтінге байланысты өз ойларын ортаға салу

Орындалатын әндер «Қазақ қызы», «Қыз сыры»



Талқыға түсетін сұрақтар:

1.Қыз баланың мұндай жолға түсу себебі неде?

2.Ата-ана алдындағы абыройды неге ойламайды?

3.Ақбілекше ойлануына болар еді.

4.Бұның алдын алу үшін не істеу керек?

5.Тәрбиелі ,өнегелі қыз ,ол –қандай?



Қорытынды.

«Ақбілек» романын ұлттық таным мен парасатты,ұлттық болмыс-бітімді көрсететін тәрбиелік мәні зор салт-ғұрыптар жиынтығы десе де болғандай.



Шығарма бүгінгі,ертеңгі келешек ұрпаққа да ой салатын шығарма екендігі анық.
Каталог: docs -> doc20140610
docs -> Рефераты қызылорда, 2013 ж
docs -> Ұлы пайғамбар ( с. ғ. с.) ұлықталған ғибратты кеш Наурыздың 11-і, қасиетті жұма күні Елордамыздағы Конгресс-Холл сарайында «Нұр Астана»
docs -> "Псюхе" ұғымы келесі мағынаны білдіреді
docs -> C мінез-құлық d санадан тыс
docs -> Бердіқожа назгүЛ бердіқожақызы зейнолла Шүкіров өлеңдерінің жанрлық, көркемдік ерекшеліктері
docs -> Анықтама басылымдар 070(574) Қ 17 Қазақ телевизиясы
docs -> Мадиева жансая қойшыбайқызы абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезовтің шығармаларындағы педагогикалық идеяларының сабақтастығы
docs -> Сабақ Мұхтар Әуезов «Біржан сал Абай ауылында»
docs -> Мұражай-қорық коллекцияларына жаңадан алынған бұйымдар (ақын Төлеу Көбдіковтің 140 жылдығына орай) «Әдебиетті дарынды тұлғалар жасайды. Ал тұлғаны жарататын халық»
doc20140610 -> «Дара батырды,дана Бауыржанды ұмытпаймыз мәңгілік»


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет