Презентация жасау дағдаларын жетілдіре отырып, білімдерін бекіту



Дата04.07.2018
өлшемі163,42 Kb.
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Power Point – та презентацияны құру және

қорғау

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Power Point программасында презентация жасау дағдаларын жетілдіре отырып, білімдерін бекіту.

  2. Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып, сабаққа деген қызығушылығын арттыру, ойын еркін жеткізе білу дағдыларын дамыту;

  3. Тәрбиелігі: Логикалық сауаттылығын, компьютерлік іскерлігін дамыту және тиянақтылықпен білімділікке, сабақта техникаға деген ұқыптылыққа, жылдамдыққа, ізденімпаздыққа, жауапкершілікке баулу сонымен қатар өздігімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;



Сабақ түрі: Бекіту сабақ

Сабақ әдісі: Көрсете-түсіндіру, сұрақ-жауап, шығармашылық зерттеу

әдісі;


Сабақ типі: Білімді жүйелеу, жалпы қорытындылау сабағы

Сабақ көрнекілігі: Компьютер, карточкалар, интерактивті тақта, слайд, кесте,

үлестірмелі қағаз.



Сабақ барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ Өтілген материал бойынша білімдерін тексеру

ІV Бекіту

V Сабақты қорытындылау



VI Бағалау

VII Үйге тапсырма


І Ұйымдастыру кезеңі

    1. Оқушылармен амандасу

    2. Оқушыларды тізім бойынша тексеру

    3. Сабаққа дайындықтарын тексеру


ІІ Үй тапсырмасын тексеру (сұрақ – жауап )

  1. Презентацияны безендіру мүмкіндігі? (3 Слайд белгіленуі, түрлі түсті сызбасы, фон)

  2. Power Point программасында слайдтпен жұмыс істеу режимі?

(5 – 1Слайдтар режимі, құрылымдық, слайдттарды сұрыптау, бетке ескертпе

жазу режимі, слайдтарды көрсету режимі. )



  1. Қандай объектілерді қоюға болады? (Кесте, диаграмма, сурет, автофигуралар, файл түрінде сақталатын суреттер, WordArt объектілерін қоюға болады. )

  2. Power Point терезесінің элементтері ? (Мәзір, терезенің тақырыбы, жұмыс беттері, слайдтың дизайындары, жұмыс аймағы)

ІІІ Өтілген материал бойынша білімдерін тексеру

І – тапсырма : «Жұмбақтас» (Ребус топтық жұмыс)

1топ


Тақырыптарды, мәтінді кестелерді, графикалық объектілерді, дыбыстық фрагменттерді іске қосатын күрделі объект не деп аталады? Ж: (Слайд)

2топ


Белгілі бір тақырып бойынша жинақталған слайдтар және тиісті қосымша материалдар нені құрайды? Ж: (Көрме)

ІІ- тапсырма:

Тышқан арқылы фигуралық жазбаны керек жерге орналастрыңыз.




Слайд құру




Слайдтарды сұрыптау режимі




Анимацияны қосу




Слайдтарды жасыру




Презентацияны ашу




Суреттерді қосу




Дыбыс жазу




Масштаб





ІІІ – тапсырма:

Шығармашылық жұмыс (жеке - дара жұмыс)

Компьютерде берілген тапсырма бойынша презентация құру және оны қорғау.

Тапсырма түрлі фигуралармен өрнектелген және ғажайып тақырыпшалармен қамтылған.

1. «8 наурыз Халқаралық әйелдер күні»

2. «Жаңа жыл»

3. «22 Наурыз ұлыстың ұлы күні»

4. «Денсаулық - зор байлық»

5. «Ұлы жеңіске 65 жыл»

6. «Менің достарым»

7. «Жарнама»

8. «Кең байтақ Қазақстаным»


ІV Бекіту

Тест жұмысы. (топтық жұмыс)




  1. Power Point не үшін қажет?

  1. Сызбалық нысандары бар мәтіндік құжаттарды жасау

  2. Ақпаратты есте сақтау және қабылдау тиімділігін арттыруға арналған көрмелерді жасау*

  3. Қолда бар ақпаратқа кеңінен қатынауды қамтамасыз ету мақсатымен интернет беттерін жасау

  4. Формауласын өрнектерді есептеу тиімділігін арттыру мақсатымен кестелер жасау

  1. Бір файлға жинақталған слайдтар нені құрайды?

  1. Кадырлар

  2. Суреттер

  3. Көрме*

  4. Көрсетілім

  1. Power Point бағдарламасында Сурет салу үстелінің қай батырмасы сурет жиегінің түсін өзгертеді

  1. Сызық түсі*

  2. Штрих мәнері

  3. Қаріп түсі

  4. Сызық түрі

  1. Power Point бағдарламасы көрмесіне суретті кірістіру әмірі?

  1. Кірістіру – нысан

  2. Кірістіру – сурет- суреттер (жинағы)*

  3. Пішім – сурет – суреттер (жинағы)

  4. Пішім – сурет – файлдан




  1. Power Point бағдарламасын қандай әмірлер көмегімен іске қосамыз?

  1. Бастау – бас мәзір – бағдарламалар Power Point*

  2. Жұмыс үстелі – бастау - Power Point

  3. Бастау – бас мәзір- іздеу- Power Point

  4. Тапсырмалар үстелі – баптау – басқару үстелі - Power Point

  1. Power Point бағдарламасын F5 пернесі қандай әмірді орындайды?

  1. Анықтама мәзір

  2. Слайдтты көрсету*

  3. Слайд сипаттары

  4. Жан бітірімді баптау

  1. Слайдтарға енгізілген мәтінді безендіру үшін

    1. Түр – Үлгі командасын орындау қажет

    2. Формат – Қаріп командасын орындау қажет*

    3. Мәтінді белгілеп, Анимация қосу командасын орындау қажет

    4. Мәтінді безендіруге болмайды

  2. Power Point бағдарламасы терезесінің қай бөлімінде жаңа әмірі орналасқан?

  1. Кірістіру

  2. Файл*

  3. Слайдттарды көрсету

  4. Көрініс



V Сабақты қорытындылау.
Сабақты қорытындылай келе «Білмегенін сұрап, үйренген – ғалым, арланып сұрамаған өзіне залым» демекші, кімде қандай сұрақтар бар? Бүгін біз не білдік, не үйрендік?
VI Бағалау
Бағалау парақтары бойынша оқушылардың қорытынды бағасын шығару
VII Үйге тапсырма
Power Point-тың word-тан қандай айырмашылықтары бар?
Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет