Презентация. Пойыз үні естіліп, «Болашақ Аманат»



Дата28.01.2018
өлшемі190,41 Kb.
#35290
түріПрезентация




«ғАСЫР АҚЫНЫ – мұҚАҒАЛИ»


әдеби- музыкалық кеш.

Презентация. Пойыз үні естіліп, «Болашақ - Аманат » атты пойыз видео

1 видео

Сахна «Құрметті жолаушылыр! Ақсу  қаласына «Болашақ -Аманат »

сыртындағы атты пойыз тоқтады».

дауыс

Таслима Құрметті жолаушылар! «Болашақ – Аманат» пойызына билет алған

(жолсерік): жолаушыларды отырғызу басталды. Билеттеріңізді көрсетулеріңізді

сұраймыз.


Бір топ жақындап, тоқтайды.

Таслима Құрметті жолаушылар! «Болашақ – Аманат» пойызына отырғызу

(жолсерік):  аяқталды. Шығарып салушылардан вагондарды босатуларыңызды

сұраймыз.(қолында кітабы бар жігіт вагонға кірмей теңселіп жүреді).
Таслима Азамат сіз неге кірмейсіз?

(жолсерік)


Серікбол Қарындасым тұра тұршы.

(ақын) Мен пойызға мінсем қайта түспейтін сияқтымын.

Көктемгі ауа қандайтаза! Аспан қандай ашық.

Япыр-ай! Неткен көктем! Көктем! Көктем!

Дүние-ау, Сен осылай көкпеңбек пе ең?!
Қымырандай ашимын қырға шығып,

Өзегiмдi жалайды өткен-кеткен.


Мына дала, мына өлке – жап-жас әлi,

Адамдардың жоғалды сан жасағы.


Бiр ұрпаққа бiр ұрпақ жалғасады,

Мына дала, мына өлке –жап-жас әлi.


Жап-жас әлi. Ой да жас, орман да жас,

Елтiп тұр. Көктемеге болған ба мас?!


Көзге күйкi жалғыз-ақ – қиырдағы

Құлазыған, мүжiлген қорған–қораш.


Япыр-ай! Неткен көктем! Көктем! Көктем!
Дүние-ау, сен осылай көкпеңбек пе ең?!

Мәңгi-бақи түлеген қаз қалпыңда,


Табиғат керемет ең неткен, неткен?!

  • Мекен-жәйің?

  • Мекен-жәйім - жер менің.

Жерде жүрген ақын деген пендемін.

Қалам, қағаз, уақыт бер тек аздаған,

Мен өмірді жырлау үшін келгемін!
Таслима Мына кісі біртүрлі екен. Кімге ғашықпын дейді? Жеке

(жолсерік):  төлқұжатыңызды көрсетуіңізді сұраймын.


Серікбол Мен бұл пойыздың ең құрметті жолаушысымын, болашақта әлі

(ақын): танырсыз мені, қарындас!



Таслима- - Туған жерің?

Серикбол – Ұланымын Қарасаз деп аталатын ауылдың.
Портрет ММ – Туған жылың? – 1931. Құрдасымын Шәмілдің.
– Жынысың кім? – Еркекпін ғой, еркекпін!
Және-дағы тәуірмін…– Партияда барсың ба?
– Жоқпын. Бірақ коммунистік көзқараспен қараймын.
– Шыққан тегің? – Шаруамын. Бар тірліктен бағалы оны санаймын.
– Білімің ше? – Орташа ғой. Алайда өзім жоғарыға балаймын.
– Ана тілің? – Қазақша. Қысылғанда орысша да, немісше де, тағы бар.
– Қайда істедің? – Мынау «Еңбек кітапшамнан» танып ал.
Оқымаған, дипломсыз демесең, Бір басымнан бар мамандық табылар.
– Міндеттісің бе әскерге? – Міндеттімін. Біздің әлі жас кеуде.
Жауынгердің ұлымын ғой, Жанын қиған Мәскеуге.
– Сөгіс алып көрдің бе? – Ол жағынан періште едім дей алмаймын.

Мен мүлде.


Ойлы-қырлы бұл өмірде болады ғой мүлт кету, Ол өзі бір еншісі ғой

ездің әрі ердің де…


– Шетелдерде болдың ба? – Болғамын жоқ. Олар маған тұрған да

жоқ қол бұлғап.

--Мекен-жайың? Мекен-жайым жер менің Жерде жүрген ақын

пендемін

Қалам,қағаз,уақыт бер тек маған Мен өмірді жырлау үшін келгемін
Жүргізуші 1: - Кешіріңіз, ақын аға, бізден бір білместік өтті. Қарбаласта тани алмай

қалдық. Төр сіздікі, жоғары шығыңыз, Мұқағали аға!



2 видео үзінді «Есіңе мені алғайсың» Фанфары

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар және қонақтар!

Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан

асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген

Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Ғасыр ақыны -

Мұқағали» атты әдеби - сазды кешімізге хош келдіңіздер! 



Жүргізуші 2 Жыл керуені алға жылжыған сайын Мұқағали атамыздың артына қалдырған

өшпес мұрасы жарық жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін

шашқандай жарқырай, өркендей өсіп, айшықтала түсуде. Абай үндес

Мұқағалидай перзенті бар халық - шынымен бақытты халық.


Би «Қыздар – ай»
Жүргізуші 1: Құдіретті ақынға көзі тірісінде көрсетілмеген құрметтің, берілмеген сый-

сияпаттың орнын толтырудың бір жолы, бір жөні бар: ол- ақынның қисапсыз

рухани қазынасын ұлт игілігіне асыру біздерге міндет.

.

Жүргізуші 2: Олай болса, Мұқаңның рухани қазынасын үш тілде, ұлт игілігіне асыратын

ХХІ ғасырдың жастары -біздерміз. Ақын өмірбаянын ағылшын тілінде

таныстырып өтейік.


Меруерт Mukaghali Makatayev is a Kazakh Soviet poet, writer and translator. He was born

Лаура on the ninth of February in 1931 in Karasaz village of Almaty region. In 1948-49

he studied at the Faculty of Philology of the Kazakh State University. In 1952—

1962 he worked in high school as a teacher of Russian language, a speaker on the

Kazakh radio, an executive secretary of the Soviet border newspaper, a literary

contributor to the newspapers “Socialist Kazakhstan” and “Culture and life”,

“Star” magazine. In 1970 he joined the Writers’ Union of Kazakhstan. In 1973-

1974 he studied in the Moscow Institute of arts and letters.


Жүргізуші 1: Мен-дағы өлең жазбаймын ермек үшін,

Ермек үшін немесе өлмеу үшін.

Жазсам, жазам жырды мен жасырмаймын,

Жаралы жүректерді емдеу үшін.


Жүргізуші 2: «Я поэт, пришедший воспеть жизнь» пишет Мұқағали Мақатаев. И на самом

деле главным в творчестве поэта является любовь к жизни. Жизнь в

постоянном поиске, в творчестве, любви к окружающим.

Жүргізуші 1: Mukagaly Makataiev  was a popular, kazakh liric poet and he wasn’t marked in his

period but now his creation is very high and was given State prize after dead.


Нурхат Кто я? огонь, охвативший полмира? Ил уголёк? Рифмоплёт иль поэт?

Так как сегодня нет хана Жангира, Нашу эпоху минул Махамбетт.

Я, к сожаленью, не стал Спартаком, А ты разве пробовал Цезарем стать?

На всём притяженье огромной земли К векам обращаюсь

- Но нет мне ответа,

Нет здесь Магжана, нет Махамбета,- Есть Макатаев Мукагали!


Асет: О чём вы задумались, горы, Держа на плечах небеса?

На склонах, усталых и голых, Взойдут молодые леса.

О чем вы задумались, тучи, Кочевники в небе седом?

Что может быть легче и лучше На землю вернуться дождём.

О чем вы задумались, люди, О собственной трудной судьбе?

О тех, кого помним и любим? О правде? О завтрашнем дне?


Жомарт He сыйлайды, не береді келер күн?! Неде болса тірі тұрсам көрермін.
Желідегі құлынымын мен елдің, Көгендегі қозысымын мен елдің.
He сыйласын, несін берсін ел маған?! Тұрсақ екен елім де аман, мен де

аман.
Таулар - менің таусылмайтын баытым, Ал ырысым - ұланғайыр кең далам.


He істемекпін алтын, гауһар, жақұтты, Оларды іздеп өткізбеспін уақытты,
Мен бақытсыз бола қойман сірә да, Туған елім болса екен бақытты.
Дәнеңе де сыйламасын келер күн. Сый көрмей-ақ суалармын, сөнермін.
Туған елім түғырында тұрса екен, Әрі қарай... Әрі қарай көрермін...
Ақырын әуен ойналады.

Бадинур Березка с сердечками-листьями, Давай поменяемся жизнями.

3 видео И стану я тысячелистным, А ты будешь – с сердцем единственным.

Мы договорились, березка, Пусть это смешно и наивно,

Но я предлагаю серьезно, Давай поменяемся жизнями.

Увидишь мир смутный и грозный Моими глазами пристальными,

В лесу, где березки-невесты, Мне тоже найдется место.

Я жизнь совсем неизвестную В лесу, где березки-невесты,

Мне тоже найдется место. Я жизнь, мне совсем неизвестную,

Глазами березки исследую. Питаешься ты от земли,

Питаюсь и я от земли, Твой корень пророс из земли,

Моя жизнь родилась из земли. Ты без языка, но душа есть,

Вся разница – я человек Мне сердце мое жить мешает,

Твои – тысяча – тянут твой век. Поэтому жить будешь долго –

В грядущем в тебе больше толка. Единственное мое сердце

Перестанет стучать – мне конец. А тысяча листьев-сердец

Весною проснутся, деревце, Лист проклюнется как птенец!

Березка с сердечками-листьями, Давай поменяемся жизнями.

Ты станешь поэтом редчайшим, Я стану березой торчащей.

Меняемся, договорились? В толпе и в лесу растворились!..

Оказывается, все так просто!...Так будем меняться, весь век,

Я – то человек, то – березка, Ты – то березка, то – человек.


Жүргізуші 1: Мұқағали  поэзиясына бас имейтін адам жоқ. Қазақ жырын, қазақ өлеңін

оқитын халқы барда, Мұқағали ақынның да халқымен бірге, ұлы

Тауларымен бірге, ұлы Даласымен бірге өмір сүрері, ғұмыр кешері ақиқат.
Жүргізуші 2: There is no place like your motherland

The place where you were born

The place where you grew up

The place which has given you memories of a lifetime


Фондық музыка «Детство»

Лаура The Last Spring of war As If painted in green Those hills those mountains

Is it painted in green

By the last year of war, Ninteen forty-five spring? As if clouds in blossom

Jumping ator the rocks Blue sky in peace Like a pearl’s bliss As if

that old forest Woke and bloomed to glow Merrily singing flowers

Jealously hide their prickles

Thus you had come Gifting freedom and joy

The last spring of war Folk had longed so for!



Алишер Поэт провел несколько лет в Москве, он учился на Высших литературных

курсах.


Перед отъездом из Москвы Мукагали Макатев прощается с Пушкиным:

А теперь попрощаемся, предводитель поэтов!

Завтра я возвращусь в свои рыжие степи, Сокол может быть соколом только

в степях,

Беркут может быть беркутом только в горах, Завтра я возвращусь в свои

степи родные.

Что ж, прощай, будь здоров, предводитель поэтов! Не сердись, что на ты

говорю я вот здесь.

Быть поэтом – не быть всех известней на свете, Для поэта важней всего его

честь.
Асет Жазылар естеліктер мен туралы, Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.


Біреулер тұлпар еді дер де мүмкін, Бүтінделмей кеткен бір ер-тұрманы.
Аңыз ғып айтар мүмкін қылығымды, Қылығымды ұнатқан жұлынуды.
Жақсы көрген дер мүмкін «жылынуды» Әйтеуір қазбас былық-шылығымды.
Жазылар естеліктер нешелеген, Көрерміз онын, бәрін пешенеден.
Әйтеуір, білетінім бір-ақ нәрсе - Көшеді өлең немесе өшеді өлең!
Қулары, таудың қызыл түлкісі дер, Момындар, біздің үйдің кірпіші дер.
Мәңгілікке өзіммен ала кеткен, Менің нәзік жанымды кім түсінер!?
Жүргізуші 1: Мұқағали Мақатаев писал: Родина! Родина! Как бы я без тебя жил? Я бы (сахна вечным скитальцем был.

сыртында) Я бы горькие слезы лил, Никогда б никого не любил.
4 видео Ән «Саржайляу» Сабыржан Адина, Берденбек Амина

Жүргізуші 1: Первые стихи семнадцатилетнего Мукагали Макатаева нашли своих

почитателей, читатели узнавали своего поэта по публикациям в газетах и

журналах, Его стихи вошли в сборник «Жастар жыры». А вот первая книга

стихов М.Макатаева вышла, когда ему было тридцать три года.


Жүргізуші 2: Иә, алғашқы жыр жинағы жарыққа шыққанда 33 жаста болған Мұқағалидың

небәрі 12 жылдық өмірі қалған-ды. Соны сезіп білгендей ақын жүрегі

алабөтен асығады.
Қай күні менің тәмамдалады дастаным?
Бітпесе екен, жаңада ғана бастадым… – деп жанұшыра үн қатады.
Экранда Ақынның жан күйзелісі...

Қойылым / 5видео
Асхат Мұқағали Мақатаевтың қазақ әдебиетінде жарияланған өлеңдерінде күңгірт,

көмескі ойлар, жұмбақ, жұтаң ойлар баршылық.

Ақын,ақын өмірдің сан алуан сырын астарлап жырлаймын деп отырып,

жеке адамның басында кездесетін күйректілік, күйбең сарындарға бой

алдырып кеткен!

Қазақ әдебиетінің басшысы Ғабдуллинге газетке баратын материалдарға

жауапсыз қарағаны үшін ескерту жасалсын!

Ей безілдектер, сендер емессіңдер, маған баға беретін, нағыз бағалаушылар

әлі алда, жылдар өтед, жаңа ұрпақтар келед, біздің әрқайсымызды өз

орнымызға солар қойад, ежелден солай болып келген, солай болад,, бола

беред те.

Мен өзім жайында мынаны айтам. Мен ХХІ ғасыр ұрпақтарының

құрдасымын, бәлкім одан әрідегі ұрпақтардың туысымын да.
Жүргізуші 1: « Поэзия! Менімен егіз беедің?
Сен мені, сезесің бе, неге іздедім?» деп поэзиямен егіз жаратылған ақын кие

жырдың шапағатына бөлене білді, сол жырларымен бүкіл қазақтың

жүрегінің түкпірінен орын алды, жыр сүйер қауымның піріне айналды.
Жүргізуші 2: We were put on this planet

To live and to love.

To cherish the ones in our lives

And never let them get hurt


Асхат Meн сені сүйгем Жаныммен сүйгем, Жарық Күн!

6 видео Жатсам да сүйем тұңғиығында тамұқтың.
Ақ сәулең сенң аймалап мені, Жарық Күн,

Тұрған да болар үстінде мынау табыттың.


Ғарыштан құйған ғаламға ортақ шуағың, Сезгемін, білгем,

Мен үшін бір күн тынарын.


Тастама мені, Тастама мені, Шырағым! Шуағың түссін,

Шөп болып, мейлі, шығамын. 


Қомағай көңіл құмартып өткен әр неге.

Тірлікте сонау түскемін талай әуреге.


Кешкен өмір де, Көрген бақыт та, барлығы, Жетпейді екен ғой,

Бір күндік сенің сәулеңе.


Бір күндік сәуле…Бір күндік жарық мекенім!

Мәңгілік түнек — қапасқа қалай кетемін.


Келмейді-ау тілім… Өлгеннен сұра дер едім, Тірі жандарға,

Өмір дегеннің не екенін.


Өмір дегенге, Тірлікте, сірә, жетер ме ой.

Жарық сәуледен басқаның бәрі бекер ғой.


Бекер ғой бәрі, Бекер ғой бәрі — бөтен ғой, Өмір дегенің — бір күндік

Сәуле екен ғой!..



Жүргізуші 1: Из воспоминаний жены Мұқағали Мақатаева Лашын: «На всех снимках

Мукагали улыбается. Улыбаются его глаза, скрывающие грусть и тоску

своей трудной жизни. Он улыбался, потому что горячо любил родных,

любил жизнь, родную природу, землю»


Диалог Ұл: Ұнатамын мен сені, дегенменен,  Көрмегенді басқадан сенен көрем. 

Таслима Өз обалың өзіңе, өзіңнен көр,  Ғайып болсам, бір күні егер де мен.
/Асет Қыз: Қаншама жан болғанмен соры қалың,

7 видео Әйтеуір, саған бір күн жолығармын.
Әзірге зарығармын, торығармын, Білемін, болар бір шақ жолығар күн.
Қыз: Мен сені сүймеймін де, Сүйген де емен,

Тағдырдан шын сүюді үйренбегем.
Жанымда лапылдаған жоқ махаббат,

Тек қана тірлігім бар күйбеңдеген.
Сүюден күйген ерін, күйген денем, Жаралы жолбарыспын киреңдеген.
Ұл: Басқадан көрмегенді сенен көрем, Сен биікте жүрсін деп, төмендегем.
Кім екен мені өзіңе дуалаған?! О, тоба! Мен неғылған өлермен ем?!
Қыз: Басқадан өзің бөлек, сөзің де ерек,

Сорлаттың сорлап жүрген кезімде кеп.
Мен сені сағынамын, сезесің бе, Сезімді сезу үшін сезім керек.
Сондықтан зарығамын, торығамын, Әйтсе де төзу керек, Төзу керек!

Ұл: Ұнатамын мен сені  бірақ, бірақ, Мейіріміңді қайтейін жылап сұрап.

Ұнатамын дегенім - жасандылық, Саған деген жүрегім құрақ-құрақ.


8 видео Ән «Мен деп ойла» Кабулдинова Меруерт
Жүргізуші 2: Мұқағали Мақатаев- сын родной степи, вдохновленный ее вольным ветром,

впитавший в себя величие гор, чистоту глубоких озер и быстрых рек.


Жүргізуші 1: Mukaghali Makatayev is a son of native steppe,surrounded its willy wind, soaked

great mountains in itself, cleanness of deep lakes and fast rivers .


Жүргізуші 2: Поэзия –песня души. Вечные идеалы воспевал Мұқағали – правду, свободу,

честь и совесть. И с этими ценностями поэт шагнет в грядущий век, навсегда

оставаясь добрым наставником и современником будущих поколений. Как

он любил свою родину! Как он умел ее воспеть.


Жүргізуші 1: The poetry of Mukagali Makatayev glorifies its natural, sensible and spiritual

manner, which is set on the peak of Kazakh literature.


9 видео «Алтай-Атырау» поэмасынан үзінді
Эльдар Адастырмас алдыма ұстап үміт, Нарынқолдан аттандым құсқа мініп.
«Ал енді өзіңді-өзің ұста, жігіт» Дегендей қарап қалды ауыл маған

Ауылдан аттандым мен құсқа мініп. Самға, ұшқыш!

Қазақтың көгіменен. Жүруші едім кездеспей көбіменен,
Берерімді еліме беріп өлем, Мынау алып ақ құстың қанатымен,

Кең өлкеме кетейін сеуіп өлең.


Әсет Уа, Шығыс! Жеріңде емес, көгіңде мен, Үңіліп Бұқтармаңа көңілденем.
Аспаныңа жыр сызып, өтіп барам, Құс болып сенен ұшқан темірменен,

Керемет, керемет қой өмір деген!!! Мынау жатқан Марқакөл, Зайсаным ба?

Шығыстағы кішкене Байқалым ба?
Қос жанары Шығыстың сияқты-ау бір,

Қос жанары, ұшқышым, байқадың ба?


Ұлан Ойхой, Абай даласы, «Абайлаған», Семей десе, Абай деп қарайды адам.
Талай жылдар өтсе де, талай заман Қалам тартар қазақта ақын туса,

Аруағына Абайдың қарайлаған.!


Нұрхат Айқай, заман! Арқаның даласын-ай Даласына қаласы жарасуы-ай!

Павлодар- Арқаның ағасындай,


Бұғып қалған жаутаңкөз – Жасыбайы, Бабалардың құт құйған сабасындай.
Қайтіп, Ертіс, арнаңда ағасың жәй? Сұрапылды сапырып, аласұрмай?!
Серікбол ...О, ғажап! Өзіңбісің Көкше деген?! Тастарын жиған жүктей текшелеген.

Бурабай Оқжетпесті 0кшелеген, Бұлттарың – Ақын айтқан кешпелі өлең,

Біржан ба, тасқа барып өскен емен?! Көлкіген сынаптайын көлдерің бе?

Сәкеннің аққулары кестелеген. Ақаның ардақ еді өскен ерен,

Біржайың алмас еді кеспе-берен. Көкшетау – ән отауы, жыр отауы,

О, ғажап! Осы екен ғой Көкше деген!


Ермухан Қызыл құмның қойнында қазына бар, Кісі болса, болғаны қазып алар.
Шертілмеген осында шежіре бар, Тек иесі табылсын жазып алар!
Кентауым, Қазығұртым, Қаратауым, Әулиеата – әйгілі ақ отауың,

Арыма, Оңтүстігім бақ Отаным


Әсет Басынан Қаратаудың көш келмейді, Қаратау енді ешкімге дес бермейді,
Жатады жайнап, түлеп,Жамбылым да,

Жаншылмайды ешкімнің де хандығында.


Енді қазақ қайғырмас «Елім-ай» деп, Әлдеқашан жерлеген зарды құмға.
Эльдар О, Жетысу! Жеті құт, ырыс маған, Барша халық баурында тыныстаған

Араласып әрбір ұлт достасып жүр. Аралассың Адамдар туыс маған.

Жетісудың байлығын білмек болсан, Бір уыс топырағын ап қарағын.

Айналайын, жетісу –аппақ арым.


Жүргізуші 2: Mukagali is the only bird with big wings, living in the heavens. When birds

ground on the land, they leave their feathers of wings and suffer in such way.


Ән «Бақыт деген» Меруерт пен Іңкәр

Соңғы шумақта барлығы ұлдар астына , Таслима сахнаға шығады
Таслима Уважаемые пассажиры! Внимание, Поезд «Болашақ - Аманат» отправляется

с первого пути. Все, кто сегодня помнит Мукағали Макатаева, знает его

стихи, у кого в сердце живет любовь к поэту, –вы почетные пассажиры

этого поезда. Без прошлого – нет будущего.

Так, давайте возьмем в свое будущее великое наследие – поэзию Мұқағали

Мақатаева.


10 Видео -поезд кетеді.

Жүргізуші 1: Ақынның өміршіл өлеңі, артында қалған асыл мұрасы қандай сыйға болса да

лайық дейміз. «Ғасыр ақыны» аталатын Мұқағали Мақатаев жырлары

жылдан жылға, ғасырдан ғасырға жалғаса бермек! Мұқағали- мәңгілік өмір.

Жүргізуші 2: Өмір жайлы, өзің жайлы, ел жайлы,

Әлі талай келер ұрпақ толғайды.

Туған күні тойланған шын ақынның,

Өлген күні болған емес болмайды! —

дей отырып бүгінгі «Ғасыр ақыны - Мұқағали» атты әдеби - сазды кеш өз



мәресіне жетті.

Жүргізуші 1: Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!
Каталог: files -> blogs
blogs -> Тақырыбы: Ленинград қорғанысы Мақсаты: Білімдік
blogs -> Программа по предмету «Русский язык»
blogs -> Сабақ түрі : Аралас сабақ Әдіс-тәсілдері : баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой туғызу, қызығушылығын ояту,топпен жұмыс
blogs -> «Мұрагер»» бағдарламасы жайлы
blogs -> Негізгі орта білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы пәндерінің
blogs -> Оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы
blogs -> Национальная академия образования им. Ы. Алтынсарина
blogs -> Бастауыш білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы бойынша
blogs -> Сабақ тақырыбы: Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа»
blogs -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет