Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары. Сабақтың мақсаты: Білімділік



бет1/2
Дата04.05.2017
өлшемі0,55 Mb.
#15491
түріПрезентация
  1   2
Сабақтың тақырыбы:Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары.
Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушыларды презентация құру және безендіру шаблондары мен таныстырып, пайдалану жолдары мен тәсілдерін үйрету;

Дамытушылық:оқушылардың компьютерде Microsoft PowerPoint бағдарламасында презентациялармен жұмыс істеу қабілетін арттыру;

Тәрбиелілік:Оқушыларды ұқыптылыққа, эстетикалық талғамға және мәдениетке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, баяндау, ойын.
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, компьютер, тесттік тапсырмалар.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды түгендеп, сабаққа әзірлігін қадағалау.

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру. «Сен маған-мен саған» сұрақ қою ойыны арқылы.

  1. Microsoft PowerPoint программасын қалай іске қосамыз?

  2. Microsoft PowerPoint менюі неден тұрады?

  3. Тұсаукесермен жұмыс істеу ыңғайлы болу үшін қандай режимдер қарастырылған.

  4. Әдеттегі режим не үшін арналған?

  5. Презентация дегеніміз не?

  6. Microsoft PowerPoint негізгі мүмкіндіктері қандай?

  7. Microsoft PowerPoint терезесінің құрылымы неден тұрады?

  8. Слайдта орналастырылатын объектілерге қандай объектілер жатады?

ІІІ. Өткен тақырып бойынша білімдерін тексеру: «Ақылды дорба» ойыны

  1. PowerPoint интерфейсі дегеніміз не?

  2. Презентация сөзін латын тілінен аударғанда қандай мағына білдіреді.

  3. Көрсету режимі не үшін арналған?

  4. Түзетудің қызметі қандай?

  5. Терезе элементтерін ата?

  6. Кірістірменің қызметі қандай?

  7. Слайд дегеніміз не?

  8. Слайдтар көрсету командасы

  9. Терезе деген не?

  10. Презентацияның әрбір слайды демонстрация кезінде оның бейнеленуіне әсер ететін қасиеттер.

IV Мақсат қою кезеңі:Презентация құру және безендіру шаблондары мен танысып, пайдалану жолдары мен тәсілдерін үйрену.

V. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі.

Басты Слайд құру бұйрығы тұсаукесерге жаңа слайд қосуға арналған. Мұндай слайдтың макетін таңдауға болады: титулдық, әртүрлі орналасқан нысандары бар және т.б. (1-сурет). Ағымдағы слайдты Delete пернесімен немесе Басты Слайдты жою бұйрығымен жоюға болады.

Тиісті бұйрықтың көмегімен слайдты жасыруға да болады, бұл жағдайда ол әдеттегі режимде және сұрыптағыш режимінде көрінеді де, тұсаукесердің көрсетілуі кезінде өткізіп жібереді.


1-сурет. Слайд құру
Жолақтың дизайн бөлімі слайдты безендіру үшін дайын тақырыптарды пайдалануға мүмкіндік береді (2-сурет). Түстер шешімін өзгерту үшін Дизайн  Түстер  Тақырыптың жаңа түстерін құру бұйрығын орындаңдар. Пайда болған сұқбаттық терезеде (3-сурет) өз түстеріңді таңдап, баптауға болады. Түстер сызбасы-ол слайдтарға, ескертпелер беттеріне немесе үлестіруматериалдарына қолданылатын сегіз үйлесімді түстерден таңдап алынған жиын. Түстік сызба фонның түсінен, сызықтардан және мәтіннен, сонымен қатар слайдтың оқу ыңғайлылығын арттыруға қолдау жасайтын тағы да басқа алты түстен тұрады.

Дизайн  Фонның мәнерлері  Фонның пішім бұйрығы фонның құйып толтыру түсін өзгертуге жағдай жасайды.




Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет