Программа кодының терезесі



бет1/7
Дата16.04.2020
өлшемі3,12 Mb.
#62698
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ЭОҚ



МАЗМҰНЫ

Кіріспе




І бөлім. Визуалды бағдарламалау негіздері




ІІ бөлім. Borland Delphi объектілі баытталған бағдарламалау ортасы




2.1 Delphi бағдарламасымен танысу




2.2. Delphi тілінде программалау ортасымен танысу




2.3 Негізгі терезе мен компоненттер жинағы




2.4 Программа кодының терезесі




2.2 Delphi бағдарламасының компоненттері




      1. Оқиғаға сезіндіру




2.2.6 Компоненттiң қасиетiн программа орындалу барысында өзгерту




2.2.7 DELPHI тіліндегі программаның құрылымы




2.2.8 Қосымшадағы мәзір




2.3 Дельфи ортасында анимация жасау әдістері




Қорытынды




Пайдаланылған әдебиеттер




ӘДЕБИЕТТЕР





КІРІСПЕ
Жиырма бірінші ғасырдың басталуы жаппай ақпараттық қоғамға көшумен сипатталады. Оған компьютерлік техника, ақпараттық технология және басқа да ғылыми-техникалық прогресс әсерін тигізуде. Қазақстан Республикасы ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі болып табылатын қоғамды ақпараттандырудың жаңа кезеңіне енді. Қоғамды ақпараттандыру – еліміздің экономикасының, мәдениетінің, ғылымының дамуының негізгі алғышарты.

Ақпараттану дәуірі басталды. Оның қазіргі мезгілдегі даму кезеңін телекоммуникациялық деп сипаттауға болады. Бұл ақпарат пен білімнің қатынас аймағы. Кәсіби білім тез ескіретіндіктен оны тұрақты түрде жетілдіріп отыру керек. Қашықтан оқыту формасы бүгінде, уақыт және кеңістік белдеулерінен тәуелсіз, көпшіліктің өз бетінше үздіксіз жалпы білім алу жүйесін, өзара ақпарат алмасуын қалыптастырады және жүзеге асырады. Одан басқа, қашықтан оқыту жүйесі әлеуметтік жағдайына (оқушыға, студентке, азматтар мен әскерилерге, жұмыссыздарға) қарамастан және еліміз бен шет елдің кез-келген ауданында тұрса да адамның білім және ақпарат алу құқығын қамтамасыз етеді. Мамандарды дайындау мен олдардың жоғары квалификациялық деңгейін ұстап тұруда қашықтан оқыту XXI ғасырдағы ең әсерлі жүйе болып табылады. 

Қазіргі заманда электрондық оқулықтар өте үлкен сұранысқа сай және соған байланысты, мұғалімдер мен оқушылардың да ақпаратты оқу кезінде қабылдау мүмкіншілігі жоғары болады. Қазіргі кезеңде мамандарды кәсіптік дайындаудың мәніне көп көңіл бөлінуде. Жаңа қоғам құру, әлемдік білім беру кеңістігіне ену үрдісі ұлттық білім беру жүйесін қайта құру міндетін алға қойып отыр

Білім беру жүйесінің міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыру, дамыту және кәсіби шыңдау бағытында білім беру үшін жағдайлар жасау. Ол үшін мамандарды даярлау сапалы, жүйелі, жоспарлы болуы керек. Оларды ойлаудың жаңа типімен қаруландыру, оқыту мен тәрбиелеу үрдісінің жаңа технологияларын меңгерген мамандар қажет.

Әр саладағы ғылым мен іс тәжірибеде болашақ мұғалімдерді кәсіптік даярлау мәселесі барлық уақытта негізгі орын алады. Осы бағытта оқыту үрдісін ақпараттық технологиямен қамтамасыз ету жағдайларының өзгеруі оқулықтардың дамуының жаңа кезеңі электронды оқулықтардың пайда болуына алып келеді.

Осы дипломдық жобаның тәжірибелік қоры - электронды оқулықтар туралы жалпы түсінік, электронды оқулықтарға қойылатын жалпы талаптар, мультимедиалық оқыту жүйелерін әзірлеу және материалдарды беру қағидалары, электронды оқулықтарды жасаудың құралдары.



Жалпы дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, қолданған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.

Бірінші бөлімінде электронды оқулықтар туралы жалпы түсініктер, электронды оқулықтарға қойылатын жалпы түсініктер, электронды оқулықтың құрылымдық ұйымы және жұмыс режимдері талдаудан өткізілген.

Екінші бөлімінде электронды оқулықты құруда жоғары мәтінді технологияның мүмкіндіктері, Delphi программалық ортасында жобалау үрдісі сипатталған. Бағдарлама жасау кезіндегі қолданылған құралдар және құрылу сатылары қарастырылады.

Дипломдық жұмыстағы зерттеу мәні қорытындыда талқыланған.


I ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚТАР ЖӨНІНДЕ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР


    1. Электрондық оқулықтар туралы жалпы түсініктер

Оқу үрдiсiнде дәстүрлi оқыту мен қоса дәстүрлi емес құралдармен оқыту да кейiнге кезде кең тарауда. Соның бiрiне тоқталатын болсақ, бұл электронды оқулықтың көмегiмен оқыту.

Электронды оқулық дегенiмiз – бұл дидактикалық әдiс-тәсiлдер мен ақпараттық технологияны қолдануға негiзделген түбегейлi жүйе. Электронды оқулықпен оқыту, оқытушының студентпен жеке жұмыс iстегенiндей болады. Дәстүрлi оқытуда кейбiр студенттер түсiнбей қалған материалды оқытушыдан қайталап сұрай беруге кейде қысылады, сол себептi жаңа тақырыпты дұрыс қабылдай алмауына әкеп соғады. Ал электронды оқулықпен жеке жұмыс iстеуiнiң арқасында сол тақырыпты бiрнеше қайталап оқуына, тыңдауына, тiптi түсiнбеген сөздi бөлiп анықтама бөлiмiнен қарауға, сол сөздiң түсiндiрмесiн бiлуiне көптен-көп көмегiн тигiзедi.

Электронды оқулық дегеніміз — мультимедиялық оқулық, сондықтан электронды оқулықтың құрылымы сапалы жаңа деңгейде болуға тиіс. Электронды оқулық студенттің уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оның ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді. Себебі, оның өзіне көрнекілік қолданған тиімді, қажет элементінің жанында жазуы болады.

Электронды оқыту бейне, аудио, мультимедиа технологиясы мен олардың әр түрлі комбинацияларын енгізуге байланысты болып отыр.

Электронды оқытудың негізгі мәселелері ақпараттық-коммуникативтік технология негізінде ақпараттық білім беру ортасын құру және оны тиімді пайдалану болып табылады.

Электронды оқулық мынандай жағдайларда тиімді:


  • кері байланыспен лезде қамтамасыз ете алады;

  • гипермәтіндік түсініктемелердің көп рет қолданған кезде уақытты үнемдейді;

  • белгілі бір бөлім бойынша білімді тексереді;

  • қысқа мәтінмен көрсете, айта және модельдей алады.

Электронды оқулық пен оқытудың негізгі мақсаты - оқыту процесін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту. Білім берудің кез келген саласында электрондық оқулыктарды пайдалану окушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана коймай ойлау жүйесін калыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.

Оқыту үрдісінде оқыту әдістерін тиімді пайдалану, білім беру жүйесін тұтастай ақпараттандыру арқылы жаңа оқыту технологиясын енгізу оқыту процесінде толыққанды дамуына мүмкіндік жасайды. Оқыту процесінде компьютерге негізделген жеке әдістемелер оқу мақсаттары мен жағдайларына байланысты тиімді қолданылуы қажет.

Оқытудың тиімділігі оқытудың жеке тұлғалық стиліне, яғни, оқушыға оқу материалын тиімді сипаттайтындай қабылдау механизміне тәуелді болады. Осыған байланысты оқу іс-әрекетін тиімді қамтамасыз ету бәрінен бұрын оқушылардың өзіндік іс-әрекетін, оқытушының әрбір оқушымен жеке тұлғалық оқу іс-әрекетін сүйемелдеуді және жобалар мен оқу жұмыстарын оқытушылармен бірге ұйымдастыруды жобалайды.

Осылайша ақпараттық технологиялардың дамуы жаңа әдіс-тәсілдердің пайда болуына және сонымен бірге оның сапасын жоғарылатады.


1.2 Электрондық оқулықтарға қойылатын жалпы талаптар
Электрондық оқулық дистанциялық оқу жүйесінде ғана емес әдеттегідей мектеп, лицей, колледж т.б. оқу орындарында кеңінен іске қосылуда. Электрондық оқулық әртүрлі мақсатта қолданылады, жаңа материалды меңгеруде өздік жұмыспен қамтамасыз етеді. Жекелей оқыту сапасын бақылауды қамтиды. Сондықтан салалар бойынша қазіргі кезде электрондық оқулық көптеп құрастырғанда субъективтік түсініктерден аса алмайды. Осы себепті электрондық оқулықтың функционалдық міндеттері кейбір жағдайларда шектеулі, ал бұл оқыту сапасын жақсартуға жеткізбей қалады. Кең тараған кеңшіліктердің қатарына күрделі әлі шатасқан новигация электрондық оқулықтың демонстрациялық материалдарын толтыруы оның мазмұнына кесер келтіруі және керісінше теориялық қағидаларды сипатының болмауы т.б.

Біріншіден, электрондық оқулықты жобалаған кезде оқыту процесін нәтижелі ететін технологиялық мінездемелерді енгізу қажет. Сондықтан электрондық оқулық автоматы оқыту жүйесі ретінде мынадай қызметтерді атқаруы тиіс:



  • Пәнді оқып үйренудегі оқушының қызметіне басшылық жасау;

  • Оқу танымдық әрекетті қолдау;

  • Оқу материалының игерілуіне, дидактикалық ерекшелігіне қарай танымдық әрекеттің түрлерінің үйлесімділігін қамтамасыз ету;

  • Материалды беру технологияларын тиімді үйлесіру (мәтін, графика, аудиовидео, анимация)

  • Коммуникациялық технология негізінде іскерлік ойындар, дискусиялар, вертуалды семинарларды ұйымдастыруды желіде орналастыруға қамтамасыз ету;

Жалпы талаптардан басқа электрондық басылымдарға арналған арнаулы қойылатын талаптар бар. Олар 3 негізгі категорияларға бөлінеді: мазмұны, құрылымы және технологиялық орындалуына қарай. Сол себепті оқытатын пәнінің электрондық дидактикалық материалдарын жасау үшін педагогтарға осы категорияларды орындау пайдалы болар еді.

Электрондық оқулық мына талаптарға сәйкес құрылуы тиіс:



  • Материалдардың мемлекеттік білім стандартына сай келуі, актуальдылығы, жаңалығы және өзіне тән ерекшелігі;

  • Фактографиялық және практикалық маұзмұны мәдени құрам бөліктері жүйелілігі және біртұтастығы;

  • Вариативтік принципке сәйкестігі, оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастыру және жекелей оқытуға сәйкестігі.

Өзіндік жұмыспен қамтамасыз етудің маңыздылығын ескеріп талаптарға мынаны қосуға болады:

  • Арнаулы схемалардың көмегімен теориялық материалдардың берілуінің нақты логикасының жүзеге асуы;

  • Міндет қоюдағы айрықша нақтылық;

  • Оқу және қолданбалы есептерді шығару тапсырмаларды орыдау үшін толық түсініктемелер беру;

  • Оқу тәрбиелік процесінің барлық формаларында танымдылық белсенділікті арттыратын әдістерді қолдану (проблемалық ситуациялар, зерттеу мәні бар мақсат қою, білімді басқа көздермен алу т.б.

Электрондық оқулық жобалаған кезде мынаны ескеру керек. Оқытумен даму өзара байланысты процестер болады. Бұны орындау үшін проблемалық стуацияларды шешу, логикалық мазмұнды тапсырмалар беру, танымдылық мақсаттарды орындау т.б.

Оқу процесінде электрондық оқулықты нәтижелі пайдалану тек мазмұны ғана маңызды роль атқармай оның техникалық параметрлерінің де атап айтқанда жұмыс істеу қабілеті эргономикалық және көркемдік ерекшеліктеріне де зор мән беріледі. Негізгі талаптар мыналар:



  • қажетті есте сақтау қабілетінің тиімділігі автоматы қондырғының дұрыстығы оның пайдаланушыға жеңілділігі;

  • электрондық оқулықтың бағдарламалық қызметімен логикалық ауысуларының толық орындалуы;

  • Бағдарламаның жүзеге асуы әсіресе оның параллель қосылу кезіндегі іске қосылуы сұрақтарға жауап берудің жылдамдығы, шеткі қондырғылармен дұрыс жұмыс жасауы;

  • Мультимедия компоненттерінің сапасы, олардың пайдалану сәйкестігі;

  • Жоғары белсенділікті ұйымдастыру тиімділігі;

  • Бағдарлама өнімінің эргономикалық сапасы барлық талаптарға сай болу.

Электронды оқулықтарды безендіруде қойылатын талаптар

Электронды оқулықты безендіруде мәліметтерді нақты, ұғынықты және қолдануға жеңіл қылып құру қажет. Мұнда сөздердің шегі болуы қажет.

- Мәтіннің қарібі мемлекеттік стандартқа сәйкес болуы шарт. Негізгі қаріпті көрсету үшін, ең қолайлы қаріпті қолдану қажет. Көлемі кіші және ең қолайлы қаріптер керекті кезде қолданылуы қажет.

- Электронды оқулықты безендіруде ашық фондарды тек қана қалың қаріппен жазған кезде қолданылады. Мәтіні бар беттер ашық фонда болуы қажет. Қара түсті фон қолданылмайды. Қаріптің түсін стандартты қара немесе қою көк түсті қолдану керек. Қызыл қаріп тақырыптардың атын немесе қажет мәліметті алу үшін қолданылады.

Фондық түс қолданушының назарын ең төменгі мөлшерде алуы қажет. Негізгі мазмұндағы абзацтар үлкен болмау керек. Олар оқыту материалдарының қабылдауын жеңілдетеді.

- Электронды оқытылу басылымында графикада көмекші мәндер болуы керек және ол оқытудан алшақ кетірмей оқыту материалын меңгерудің жеңілдеуіне көмектеседі. Саяси, діни және басқа материалдарды баспаға берген кезде суреттерге баса назар аудара отырып теріп алу керек. Аудио, видео материалдар негізгі мазмұнның контекстінде үйренушінің өз қалауымен қосылуы керек.

- Басқару элементтері түсінікті, бір мәнді және қарапайым, үйренушінің назарын негізгі оқыту материалынан ауытқуын болдырмауы керек.

- Электронды оқытылу басылымында ашық аумақта басылатын графикалық объектілерін және аудио — видео материалдардың саны мен көлемі минималды болуы керек, өйткені олар компьютердің жадысында көп орын алады және оларды алу кезінде компьютермен желі аралығындағы байланыс арнасы критикалық параметр болып табылады.


1.3 Электрондық оқулықтың құрылымдық ұйымы және жұмыс режимдері
Кез келген оқулық екі негізгі бөлімге бөлінеді: мазмұнды және процессті. Сонымен қатар, тағы да екі бөлім қосылады: басқарушы және диагностикалық.

Оқулықтың мазмұнды бөлімі келесі компоненттерді қосады: танымдық, демонстрациялық.

Процесттік бөлім келесі компонеттерден тұрады: модельдеуші, бақылаушы, бекітуші.

Танымдық компоненет оқушыға білім беруге бағытталған. Бұл мәтіндік ақпарат болып табылады.

Демонстрациялық компонент бұл — бақылау тапсырмалары, яғни танымдық компонентті толыққанды ашушы бөлім. Бақылау — бекітуші компонент оқушының материалдық қадамын көрсетеді.

Бағыттаушы бөлім электронды оқулықтың программалық қабықшасы. Диагностикалық бөлім нақты программаның статистикалық ақпаратын сақтайды.

Электронды басылымның мазмұнының құрылымына қойылатын талаптар.

Электронды басылым контексті оқытудың үш деңгейлі семантикалық бірлігіне бөлінуі тиіс:

1 — деңгей. Модуль

2 — деңгей. Блок

3 — деңгей. Сабақ

-Модуль оқытудың ірі синтаксистік, семантикалық, фрагматикалық бірлігі болып табылады және блоктан блокқа ақпараттар мазмұны және көлемнің біртіндеп өсуінің байланысы бар блоктардың кезектелуінен тұрады.

-Блок оқытудың орташа синтаксистік, сегмантикалық, фрагматикалық бірлігі болып табылады және сабақтан сабаққа өтетін ақпараттар мазмұны және көлемнің біртіндеп өсуінің байланысы бар блоктардың кезектелуінен тұрады

-Сабақ оқытудың минималды синтаксистикалық, сегмантикалық, фрагматикалық бірлігі болып табылады және оқытудың бірнеше элементтерінен тұрады. Сабақ оқытуда теорияның материал, мысалдар, тапсырмалар, сұрақ — жауаптар және тестілер міндетті элементтері болуы тиіс. Оқытуда міндетті емес болатын элементтер: анықтама, графика, аудио және видео.

Әмбебап электронды оқулықты жасаудың негіздемесі

Электронды  оқулықты жасау төрт сатыдан тұрады:

1)                Негізгі жобалау. Бұл сатыда электронды оқулықтың негіздемесі қалыптасады, оның негізгі фуцнкциялары анықталады, мазмұнды бағыты мен архитектурасы құрастырылады, дидактикалық және программалы-техникалық шешімдер қабылданады;

2)                Бөлшектеп жобалау.  Саты қолданушы интерфейсін және ақпараттық базаның құрылымын  құрумен,  ақпараттық компоненттердің шаблондарын жасаумен байланысты. Қажетті жағдайда электронды оқулықтардың прототипі мен алгоритмін құру да қолға алынады;

3)                Жүзеге асыру.  Саты электронды оқулықтың программалық жабдықтауын программалық жүзеге асыруды қарастырады;

4)                Өнімді таралымға дайындау.  Бұл  сатыда құрылған электронды оқулық коммерциялық интеллектуалды өнім ретінде рәсімделеді.

Электрондық оқулық оқу процесінде ізденістік ғылыми әрекет элементтерде қолданады. Атап айтқанда эвристикалық мазмұны бар есептерді шешу олардың шешімін электрондық конференция режимінде талдау. Ғылыми зерттеу элементтерін қолданып зертханалық жұмыстарды орындау т.б, әсіресе телекоммуникациялық жобаларды қазіргі кездегі білім беру ісінің актуалдығына сай болғандықтан электрондық оқулық құрамында кеңінен қолдану қажет.

Электрондық оқулықты қазіргі түсінік бойынша күрделі дидактикалық жүйе деуге болады, ол жүйенің жұмысын информациялық технологияларды оқу тәрбие процесінде қолдау болып табылады. Мониторинг мақсатында оқыту процесін реттеу үшін электрондық оқулық шеңберінде жұмыстың нәтижесі жөнінде түрлі ақпаратты сақтау мәліметтер қорын алуға болады. Электрондық оқулық жүйесіне мына функционалдық блоктар кіреді:



  • Ақпараттың мазмұны ;

  • Бақылау коммуникативті;

  • Түзету қорытындылау және жалпылау;

Ақпараттың мазмұны блогы 2 түрден тұрады:

  1. Ақпараттық блок:

  • Белгілі бір тақырып немесе оқылатын курс жөнінде жалпы мәліметтер ;

  • Берілген курс немесе тақырыптың оқып үйрену мерзімі,

  • Осы пән бойынша тақырыптарды өту кестесі;

  • Есеп беру формасы мен уақыты;

  • Электрондық почта телевидео конференциялары арқылы практикалық және семинар сабақтар кестесі;

  • Қосымша сабақтар кестесі.

  1. Мазмұндық блок:

  • Оқу жоспарлары, оқу және жұмыс бадарламалары;

  • Оқулықтар, есептер жинақтары, оқу құралдары, әдістемелік нұсқаулар, анықтағыштар, энциклопедия, хрестоматиялар;

  • Семинарлардың толық жоспары;

  • Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі, сондай-ақ электрондық кітапханаға және Web серверіне сүйену;

  • әдістемелік нұсқаулар (электрондық материал мен жұмыс үшін).

Электрондық оқулықтар әлі де болса ат үсті пайдаланып келеді. Себебі оқушылар бұл оқулықтың мүмкіндігін біле бермейді. Internet қоры да арнайы дайындықтан өткен пайдаланушыға ғана ашық. Әртүрлі ақпараттар компакт дискілер арқылы немесе оқу орнының серверлік жүйесінде берілуі мүмкін.

Ғылыми жұмыстарды орындау үшін «жалпыға бірдей» пайдалатын мәліметтер қоры жұмсалады. Осы мәліметтерді Internet серверінде немесе оқу орнының локальдық желісінде орналастыруға болады. Бұл әрекет Электрондық оқулық дискетке немесе компакт дискіге жазылған жағдайда да өз күшін жоймайды. Ақпараттық мазмұн блогын құрғанда педагог оның ішкі құрылымына назар аударуы керек. Электрондық оқулық қолдану тәжірибесі көрсеткендей ең нәтижелі курс болып оқу материалдарының альтернативті әдіспен берілуі табылады. Бұның мәнісі материалдардың сызықтық және сызықтық емес схема арқылы берулі.

Сызықтық схема шеңберінде оқу материалын оқушы мемлекеттік білім стандарты талаптарына сай игере алады. Ал сызықтық емес схема электрондық оқулық жағдайында онымен жұмыстың ең жоғарғы дәрежесін қамтамасыз етеді. Яғни қосымша теориялық материал беріліп отырады. Бұданда басқа оқушыға курстың қосымша тарауларын беруге болады. Электрондық материалдармен жұмыс істеу практикасын көрсеткенде ақпараттың бірлігі бір немесе 5 экран бойынан бірақ кез келген ақпаратың мазмұны логикалық жағынан тұтас болуы қажет. Оқу ақпараттың тиімді көлемі ретінде оқушының өзіндік жұмысына 30-40 минут уақыт белгілеп алу қажет. Мысалы, басында 5-10 минут қайталап алып 20-30 минут бойы жаңа материал мен жұмыс жүргізу керек. Соңғы 5-10 минут материалды игеруді тексеруге арналады. Уақытты қате есептеуден бас тарту қажет.

Бақылау коммуникативті блогы:


  • тесілеу жүйелері;

  • өзін-өзі тексеру үшін қойылған талаптар;

  • емтихан және зачет сұрақтары;

  • бағалау критерийлері.

Бақылау коммуникативтік блогы мынаны тексереді. Алдын ала ағымдағы алдыңғы және қорытынды бақылау жүргізеді.

Электрондық оқулық мұның жұмысы тестілеу жұмысын ұйымдастырған кездерде жүзеге асады. Мысалы, бақылау бағдарламалары бойынша кез келген уақытта локальді компьютерлер мен жұмыс кезінде өз білімін тексере алады. Бұл жекеше білім беру траекториясының қамтамасыз етілуі. Ал педагог үшін бақылау жүйесінің желілік нұсқауы тиімділеу. Себебі бағалау арқылы кері байланысты қамтамасыз етеді. Мысалы, педагогика электрондық почта арқылы бақылау нәтижесін жіберу. Ал жалпы білім беретін оқу орындарында тәуелсіз және обьективті оқыту сапасын орталықтандырылған тестілеу жүзеге асырады.



Түзету жалпылау блогына мыналар кіреді:

  • Оқушылардың оқу жұмысының қорытынды нәтижелері оқу танымдық әрекетінің диагностикасы.

  • Бақылау түрлерінің нәтижелеріне талдау жасау.

Соларға сүйене отырып оқу орнында әр оқушының мәлімет қорын жасауға болады. Бұл мәліметке оқу орнының әкімшілігі және сол пәнді жүргізетін педагогтар қол жеткізе алады. Осында ұйымдастырылған мониторинг оқушылардың дамуына болжам жасауды электрондық оқулық құрылымын, мазмұнын жетілдіруге қамтамасыз етеді.

Электрондық оқу құралдарының құрылымының қалыптасуы көп сатылы жағдайда жүреді, сондықтан әртүрлі блоктардағы материалдар өзінің дайындығына қарай құрастырылып отырылады. Әсіресе мұндай жолдар автономиялық электрондық оқу басылымын жасағанда өзін-өзі ақтайды дейміз. Электрондық оқулықтың құрылымын қарастырып отырып оны оқу орнының ақпараттық білім жүйесі ретінде де қабылдауымыз қажет. Бұл тек оқу курсы ғана емес оқу тәрбие процесіне де қажет құрал болып табылады.

Қазіргі заман талабына сай болашақ мұғалімдерді даярлауда электрондық оқулықтар тиімді болып отыр. Мектеп мұғалімдерін жаңа ақпараттық технологиялармен қаруландыру – бүгінгі күннің талабына айналғаны сөзсіз. Сондықтан қазіргі таңда  электронды оқулықтардың көптеп пайдаланылуын міндеттейді.

Білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі талаптарының бірі – оқу үрдісіне электрондық оқулықтарды пайдаланып қана қоймай оны жасау және  пайдалану. Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықтарды пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмай отыр.Сондықтан білім беру жүйесінде электрондық оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес. Соның нәтижесінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артып, шығармашылықпен жұмыс жасауына кең мүмкіндік туғызады.

Мұғалім үшін электрондық оқулық бұл күнделікті дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе. Оны әрбір мұғалім өз педагогикалық тәжіребиесінде материалдармен толықтыра отырып, ары қарай жетілдіре алады.

Электрондық оқулықтың құндылығы әрине, оның тақырыптық мазмұнында. Кейін сынақ не эмтихан тапсырылуы тиіс болса,онда бір материалды үш түрлі құрылымда беруге болады.

1.     Мазмұндау - мәтін, сурет, кескін, схема, кесте, графика т.с.с түрінде беру. Сонымен қатар мұнда аннимация, видео, дыбыстық эффектілер сияқты компьютерге тән  элементтерді де қолдану.

2.     Схемокурс – оқулықтың мазмұнын қысқартылған мәтін, график түрінде бейнелеу. Бұл оқу материалының құрылымын, ондағы негізгі идеяларды түсінуге септігін тигізеді.

3.     Өзін - өзі бақылаудың тесттік жүйесі – оқу материалының мазмұны арнайы интерактивті жүйені пайдалану арқылы сұрақтар мен жауаптар түрінде беріледі. Тесттік жүйе көбіне алған білім деңгейін тексеруге арналғандықтан оқушы үшін оқулықтың ең қызықты бөлігі болып табылуы да мүмкін.
1.4 Электронды оқытудың технологиялық құралдары
Электронды оқытудың технологиялық құралдарын былайша топтастыруға болады:

1. Аппараттық құралдар, мультимедиалық бағдарламалар және Интернет.

2. Электронды оқытуды әзірлеудің бағдарламалық құралдары.

3. Оқу үрдісін басқарудың ақпараттық жүйесі

Интернет ауқымды жүйесінде әр түрлі пәндер бойынша электронды оқулықтар саны өте көп: информатика (Шауцукова, 2004; Jonins, 2004, Короткова, 2004), компьютерлер теориясы (Гуров, 2000), анатомия (Никитов, 2003), ағылшын тілі  (Горчаков, 2004; Mathe, 2004мектеп пәндері (Горелов, 1999) және т.б. Зерттеу үрдісінде 100-ден астам электронды оқулық талдаудан өтті.

Көп жағдайда электрондық оқулық мультимедия мәліметтер қорының басқару жүйесі болып саналады. Бұл жүйелердің негізгі қызметі табылған ақпаратты оқып үйренушіге ыңғайлы түрде беру. Керек ақпаратты іздестіру, арнаулы тілдерді қолдау. Соңғы жылдары HTML технологиясымен көрсетілген әртүрлі бағдарлама комплекстері жасалды. Олардың мәтінді оқу құралдарын жасауға мүмкіндік береді. Microsoft offise пакеттерінен (Microsort Word, Microsort FrontPage) әртүрлі жоғары мәтінді құжаттарды аударуға болады. Бұлар ақпарат іздестіру және новигациялық қолайлы жүйесі бар электрондық кітаптар құру үшін пайдаланылады. Microsort корпорациясы белсенді түрде өз өніміне жоғары мәтінді құжаттарды қарау бағдарламасын енгізіп отырады. Microsort Internet Explorer құжаттарын Microsort HTML Help жүйесіне енгізуге болады. Сондай-ақ әртүрлі электрондық оқулықтар мен жоғары құрылымды үлкен құжаттардың Windows пайдаланушыларына новигация және ізденіс жүйесіне де қажет.

Оқу материалдарын ұтымды игерудегі электрондық құжаттардың атқаратын ролі зор. Электрондық құжаттарда теориялық тақырыптар кеңінен беріліп түсіндіріледі. Теориялық материалдарды графикалық иллюстрация түріндегі әр түрлі суреттер, сұлба тәсілдері арқылы толықтырып отырса, онда теориялық білімді оқып, көзбен көріп, түсініп және мида бекіту үрдістері ұтымды болады.

Барлық пәндер үшін Microsoft Power Point программасы арқылы презентация жасауға болады. Мысалы, «Информатика» пәнін оқытуда «Word редакторын оқыту» электрондық оқулығын құруға  Microsoft Power Point қолданбалы программасын қолдануға болады.

Презентация ұғымының екі түрлі мағынасы бар.

Жалпы жағдайда презентация – баяндама жасау, мінбеге шығып сөйлеу, ғылыми ұсыныс жасау, дипломдық немесе курстық жұмыстарды қорғау, жаңа сабақтарды түсіндіру, пікірталастар жүргізу, т.с.с. қызмет түрлерін ұсыну. Бір сөзбен айтқанда, идеяларды, өндірілген өнімдерді, қызмет түрлерін ұсыну – осының бәрі презентация болып табылады.

Кез келген жаңа  идеяны немесе өндірілген өнімді ұсынуда презентацияның атқаратын ролі зор. Біздің мақсатымыз – презентация даярлаудың техникалық  құралымен таныстыру. Презентация өткізуде көрнекі құралдар(графиктер,диаграммалар,фотоматериалдар т.б.) кеңінен қолданылады. Қазіргі дербес компьютерлердің мүмкіншіліктерінің артуы «интерактивті тақталардың» мектептерде көбеюі презентация даярлау қажеттігін туғызады.

Ал презентация өткізудің ең бір қолайлысы – интернет. Бүгінде интернетте автоматты режимде жұмыс істейтін көптеген презентацияларды көруге болады. «Sabak.kz» форумының «Флипчарт» бөлімінде Қазақстанның түпкір – түкпіріндегі ұстаздардың сабақтарын қалаған уақытта көріп, тәжіребие алмасуға болады.

Екінші жағынан алғанда презентация деп – айрықша текті электрондық құжатты айтады. Ол өзінің мультимедиалық мазмұны мен құжаты экранға шығаруды басқарудың айрықша мүмкіншіліктерімен ерекшеленеді. Құжатты экранға шығару автоматтандырылған, интерактивті және дистанциялық түрде өтеді. Осы тектес құжаттарды арнаулы программалық құралдардың көмегімен дайындайды.

Презентация даярлаудың автоматтандырылған құралдарының бірі – «Microsoft Office» дестесімен бірге қойылатын Microsoft Power Point қолданбалы программасы. Бұл презентация даярлау мен безендіруге арналған әмбебап құрал болып табылады. Power Point құралдарының көмегімен дайындалған жұмысты оның кез келген кезеңінен ұсынып, көрсетуге болады. Сондай - ақ  интернет сайттарына флипчарт ретінде жіберуге болады. Ол үшін Power Point- та жасалған жұмысты «экспорт» жүйесіне келтіріп, көрсетсе де болады.

Power Point-тағы құжат – слайд деп аталатын жеке алынған кадрлардың жиынтығынан тұрады. Презентациядағы слайдтар саны шексіз көп бола алады. Құжаттағы әрбір слайдтың өзінің жеке нөмірі болады, слайд құрылғанда ол автоматты түрде нөмірленеді.

Құжаттағы слайдтар сызықты тізбектеле орналасады. Слайдтарды жою, кірістіру, орын ауыстыру немесе көрсету олардың сызықтық құрылымын бұзбайды. Слайдтар әр текті обьектілерден тұрады. Слайдта орналастырылатын барлық обьектілер Power Point ішкі құралдарымен де, сыртқы қолданбалы программалардан да құрылып, безендірілу мүмкіндігіне ие болады. Microsoft Office дестесіне кіретін барлық қолданбалы программалар сияқты Power Point программасында презентацияны даярламас бұрын, сізде оның мазмұнды бөлігі дайын болуы қажет. Компьютер автор үшін презентацияның мазмұнын, мақсатын, құрылымын анықтай алмайды, ол тек сіздің идеяларыңызды жүзеге асыруда қолданылатын техникалық құрал болып табылады.

Презентация даярлау мынадай кезеңдерден тұрады:

-         презентацияның мазмұнын, мақсатын жоспарлау;

-         оның құрылымын даярлау;

Файл – Құру (Файл - создать) командасының көмегімен презентацияны даярлау (создать презентацию) сұхбат терезесі ашылады. Соның ішінен Автомазмұн шебері (мастер автосодержания) операциясын таңдаймыз. Ондағы үлгілерді толтырып, ары қарай (далее) батырмасын басу арқылы келесі жұмыс кезегіне көшеміз.

Әрбір слайдтың төменгі колонтитулында презентацияның тақырыбын көрсету керек. Тақырып презентация тақырыбымен дәл келуі тиіс.Экранның сол жағында барлық слайдтардың таңбалары мен онда орналасқан мәтін көрсетіледі. Автомазмұн шеберімен жұмыс істеген кезде дайын толтырылған үлгі ұсынылады. Үлгіге өз мәтініңізді енгізуге болады. Бұл кезде мәтіндік редактордағы барлық (әріптің өлшемін,түсін, оның орналасуын анықтайтын) амалдар қолданылады.

Power Point программасында мәтінмен жұмыс істеудің ең маңызды құралы – орфографияны тексеру құралы. Power Point-та  кестелер бірнеше әдіспен құрылады:

-         слайдтар өрісінде кестелер мен шекаралар (таблицы и границы) аспаптар панелінің көмегімен тікелей қолмен салу арқылы;

-         кестені қосу (добавить таблицу) аспаптар панелінің көмегімен жолдар мен бағандар санын көрсету арқылы;

-         сыртқы программалардан (Excel ,Word) алмасу буферінің көмегімен көшіру және кірістіру арқылы;

Слайдта диаграммалармен жұмыс істеуге де болады. Ол үшін Power Point программасының аспаптар панеліндегі диаграмманы қосу (добавление диаграммы) батырмасы арқылы немесе  Excel-де тұрғызылған дайын диаграмманы алмасу буферінің көмегімен кірістіруге болады.

Сыртқы қолданбалы программаларда құрылған графиктік  бейнелер – иллюстрация деп аталады. Дұрыс таңдалып алынған иллюстрация кез – келген стилдегі презентацияны жақсартуға септігін тигізеді. Қарапайым иллюстрацияларды Clip Art, Corel Draw, Adobe Photoshop, Paint программаларының көмегімен дайындайды.

Power Point  программасындағы слайд обьектілерінің шығу реті – анимация деп аталады. Слайдтағы әрбір обьектінің анимация параметрлері өз алдына жеке алынады. Топталған обьектілер бір обьекті болып есептелінеді де, анимация оларға бірге жасалынады. Мәтіндік обьектілердегі әрбір азат жолды, әріпті жеке анимациялауға да болады.

Қорыта келе, электронды оқулықтың құрамында:

-         титул беті;

-         мазмұны;

-         аннотация;

-        оқу материалыңың толық мазмұны (схемалар,кестелер,графиктер, иллюстрациялар);

-         автор жөнінде мәлімет;

-         программамен жұмыс істеу тәсілдері жөнінде нұсқаулар жүйесі болуы тиіс;

Оқытудың компьютерлік құралдары дидактика мен әдістемесінің жаңа қырынан дамуына ықпал ететіні сөзсіз. Яғни оны оқу үрдісінде пайдалану негізінде:

-       оқытудың сапасы артады;

-       оқыту жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізуге кететін шығындар азаяды;

-       уақыт үнемделеді;

-       мұғалімдердің оқыту барысындағы сабақ түсіндіру, бақылау алу, бағалау, білім мен іскерлікті игеру деңгейлерін анықтау сияқты басқару жұмыстарының шығармашылық іс- әрекетке көшуіне алып келеді;

-         түрлі иллюстрациялар пайдаланылады;

-         түрлі әдістемелік құралдармен қамтамасыздандырулар жеделдетіледі;

ІІ ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚ ЖАСАУДАҒЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАР



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет