Пс. Мына қоғам түрлерінің өзіне тән белгілерін атаңыздар Дәстүрлі қоғам



Дата05.08.2020
өлшемі16,74 Kb.
#76244
Байланысты:
Қоғам философиясы
930749628 (1)

ПС. 1. Мына қоғам түрлерінің өзіне тән белгілерін атаңыздар

-          Дәстүрлі қоғам - көбінесе ауылдық қоғам, индустриалды емес, бүгінгі индустриалдық қоғамға қарсы, өндіру мен мәдени мұраларды сақтайтын қоғам. Дәстүрлі қоғам - саяси, әлеуметтік және мәдени дамуы дәстүрлі құндылықтарға, салт-санаға, ата-баба мұраларына негізделетіндігімен ерекшеленетін әлеуметтік орта. Дәстүрлі қоғам адами қызметтің дағдыларын, қарым-қатынас жасаудың, тұрмыс кешудің, мәдени өнегенің пішімдерін кайталап отыруға негізделеді. Мұндай қоғамда дәстүр өмірлік тәжірибені ұрпақтан ұрпаққа жалғаудың, индивидтердің жеке дамуын өзіне бағындыратын әлеуметтік сабақтастықтың басты құралына айналдырады. Дәстүрлі қоғамда әлеуметтік жаңалықтар эволюциялық жолмен біртіндеп жүзеге асады.

-          Индустриалды қоғам ең алдымен еңбек бөлінісінің дамуы және күрделі жүйесі арқылы сипатталады. Ал еңбек бөлінісі өндіріс құрал жабдықтары кімнің меншігі екеніне байланысты. Индустриалды коғамда индивидтің еркіндігі мен мүддесін ортақ принциптермен үйлестіруге мүмкіндік туады. Екіншіден, мұндай қоғамда кең көлемде жаппай тауар өндіру қалыптасады. Үшіншіден, бұл қоғам өндірісті автоматтандыру мен механикаландыруға және басқаруға иелік етеді. Төртіншіден, индустриалды қоғам ғылыми-техникалық революциямен сипатталады.

-          Постиндустриалды қоғам — қоғамның даму сатысы. Постиндустриалды қоғам теориясының негізін қалаған Д.Белл, Д.Рисман, А.Тоффлер, З.Бжезинский, Дж.Гэлбрейт, т.б. Постиндустриалды қоғам термині АҚШ-та 20 ғ-дың 50 — 60-жылдары ғылыми айналымға еніп, 60-жылдардың аяғынан теориясы ғылыми негізделген, жаңа мазмұнға ие болды. Оның айрықша белгілері: шығармашылық, интеллектуалдық еңбектің жаппай таралуы, ғылыми білім мен ақпарат көлемінің сапалы түрде артуы, байланыс құралдарының, ғылым, білім беру, мәдениет салаларының дамуы, т.б.

2.     Постиндустриалды қоғамның жағымды, жағымсыз жақтары.

Постиндустриалды қоғамның негізгі жетістігі — демократиялық процестердің, азаматтық қоғам құндылықтары рөлінің артуы, жұртшылықтың әлеуметтік-экономиялық жағдайының жақсарып, тұрмыс деңгейінің өсуі. Алайда постиндустриалды қоғамда ұлт тілін, төл мәдениет пен өнерді сақтау қиынға соғады.



ОБӨЖ. 1.    Қоғам дамуында оның барлық салалары бірдей дамыту керек пе, әлде маркстік философиядағыдай базис – қондырма жүйесі дұрыс деп санайсыз ба? Өз пікіріңіз.

Базисті өндіріс қатынастардың жиынтығы, қоғамның экономикалық құрылымы деп, оны өндіріс құралдарына меншіктік қатынаспен теңестіреді, сондықтан социалистік революциялардың негізгі ұраны әлі күнге дейін жекеменшікті жою, мемлекеттік меншікті орнату болып саналады.



Қондырма – ол экономикалық саладан тыс барлық өмірді: идеялар мен теорияларды; қоғамдық, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарды; саяси, құқылық, әлеуметтік, ұлттық, көркемдік, тіпті соңғы нәтижесінде (бұл сөз марксистік әдебиетте өте жиі қоданылады) жыныстық, діни, экологиялық, т. б. қатынастарды санайды. Қондырманың негізгі мақсаты, базисті қорғау немесе оны өзгертуге тырысу. Егер базис прогрессивті саналса, оны қабылдамайтындар – реакционерлер, халық жаулары аталып, қондырманың күшімен жойылуы қажет - бұл пролетариаттық диктатураның негізгі саясаты.

Адамды адамның қанауын, таптар күресін жекеменшікпен тікелей байланыстыру таза ғылыми жол емес, әр кезде ауқатты әулеттердің арасында адамгершілік принцип пен нормалардан ауытқымай, ел арасында беделді болғандар, тіпті солардың көтерілісін бастағандар да болған. Яғни, экономикалық қатынастар біршама адамның өнегелік білім деңгейіне, ізгілікке ұмтылуына тәуелді. Ал байлығын пайдаланып қанау, күштеу сананың тарихи дәрежесіне сай, ертеде қазіргіден кең және қатаң қолданылғаны да белгілі. Әр кезде байлықтың негізгі көзі – еңбек екенін түсіну болған. Бірақ атадан қалған байлықты ол қалай жиналса да шашып тастамай ұрпағына жеткізу қажеттілігі, ауқаттылардың да көп бөлігін қалыптасқан экономикалық қатынасқа бейімделуіне арқау болған. Сананың тарихи жетілуі, еркіндік, теңдік, сүйіспеншілік идеяларын, демократиялық билік принципін оятты, бұл жағдайда үстемдік ету, адамды адам қанау тәжірибесін жалғастыру, жалған ғылыми теорияға сүйену, елдің санасын бұрмалау жолымен ғана іске асады.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет