Психикалық дамуы тежелген білім алушыларға арналған бастауыш білім беру деңгейінің 0-4 сыныптары үшін



бет1/5
Дата02.10.2019
өлшемі140,39 Kb.
#49066
  1   2   3   4   5
Байланысты:
72 Тузету ыргагы
«Мен және менің отбасым», «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде», ДТжС-мәдениеттану-


Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2017 жылғы 27 шілдедегі

№ 352 бұйрығына 72- қосымша


Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2013 жылғы 3 сәуірдегі

№ 115 бұйрығына 290-қосымша



Психикалық дамуы тежелген білім алушыларға арналған бастауыш білім беру деңгейінің 0-4 сыныптары үшін «Түзету ырғағы» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде)

1-тарау. Жалпы ережелер
1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы
23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

2. Оқу бағдарламасы білім алушылардың жас ерекшеліктерінің танымдық мүмкіндіктеріне сәйкес әр оқу пәнінің мазмұнын және олардың білім, білік, дағдыларының көлемін анықтайтын оқу-нормативтік құжат болып табылады.

3. Оқу бағдарламасы оқыту процесін білім алушылардың пән салалары бойынша білім мен біліктерді саналы түрде меңгеруі үшін әр пәннің әдістемелік әлеуетін қолдануға, оқу, жоба, зерттеу іс-әрекеттері тәсілдерін меңгеру арқылы дербестігін дамытуға, әлеуметтік-мәдени кеңістікте орнын таба білуі үшін бағыттайды.

4. Оқу бағдарламасында оқу-нормативтік құжаттың дәстүрлі міндеттері заманауи мектепте білім беру процесін ұйымдастырудың инновациялық тәсілдерімен үйлесімді сабақтасқан. Оқытудағы тәсілдер пән бойынша оқу бағдарламасының түбегейлі жаңа құрылымын құруда негізгі бағдарлары болып табылады.

5. Құндылыққа, іс-әрекетке, тұлғаға бағдарлық коммуникативтік тәсілдер білім берудің классикалық негізі ретінде оқыту мақсаттарының жүйесі мен білім беру процесі нәтижелерінің басымдылығын арттыру үшін қолданылып, оқу бағдарламасының жаңа құрылымында көрініс тапты.

6. Қазіргі кезеңде өздігінен білімді игеруі үшін білім алушының белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру оқу процесіне қойылатын негізгі талаптардың бірі болып табылады. Мұндай тәсіл пәндік білімді, әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларды ғана емес, сонымен бірге өзінің жеке мүдделері мен болашағын сезінуге, сындарлы шешімдер қабылдауына мүмкіндік беретін тұлғалық қасиеттерді де меңгеруге ықпал етеді. Мұғаліммен бірлесіп шығармашылықпен айналысу және серіктес, кеңесші ретінде мұғалімнің қолдауы кезінде білім алушының белсенді танымдық қабілеті тұрақты сипатқа ие болады.

7. Тұлғалық-бағдарлық білім беруді осындай сипатта жақсарту білім беру процесіне барлық қатысушылардың өзара қарым-қатынасында өктемшілікке жол бермей, ынтымақтастығы үшін алғышарттарды құрайтын оқытудың алуан түрлі интерактивті әдістерін қолдану кезінде мүмкін.

8. Білім беру процесін ұйымдастырудың барлық инновациялық тәсілдері оқытуды білім, идеялар және іс-әрекет тәсілдерімен белсенді түрде алмасуды көздейтін білім алушының шынайы шығармашылық процесіндегі


қарым-қатынас моделіне айналдырады.

9. Белгілі бір пәннің оқу бағдарламасы жергілікті сипаттағы материалдарды (нысандар, кәсіпорындар, ақпарат көздері) пайдалануға бағытталған оқу-жобалау іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы танымдық және әлеуметтік тұрғыдан білім алушының белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді. Осы пәннің оқу мақсаттары аясында жүзеге асырылатын тәрбиелік сипаттағы жоба жұмысын ата-аналармен, жергілікті қауымдастық өкілдерімен бірлесе отырып, ұйымдастыруға болады.

10. Оқу бағдарламасында оқу пәнінің мазмұнын анықтаудың негізі болып табылатын оқыту мақсаттарының жүйесі түрінде ұсынылған күтілетін нәтижелері қалыптастырылған. Мазмұны тұрғысынан оқу бағдарламалары білім алушы өзін-өзі оқыту субьектісі және тұлғааралық қарым-қатынас субьектісі ретінде тәрбиелеуде нақты оқу пәнінің қосатын үлесін айқындайды.

11. Пән бойынша күнделікті білім беру процесінің мазмұны оқу мақсаттарына бағынады және білім алушылардың меңгерген білім, икемділік және дағдыларын кез келген оқу процесінде және өмір жағдаяттарында пайдалану даярлылығын қалыптастыруға бағдарланған.

12. Кең ауқымдағы дағдылармен бірлікте жеке қасиеттердің дамуы: «қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік», «құрмет», «ынтымақтастық», «еңбек пен шығармашылық», «ашықтық», «өмір бойы білім алу» сияқты білім берудің басты құндылықтарына білім алушыларды дағдыландырудың негізі болып табылады. Бұл құндылықтар білім алушының тәртібі мен күнделікті іс-әрекеттерін ынталандыратын тұрақты тұлғалық бағдары болады.

2-тарау. «Түзету ырғағы» пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері
13. «Түзету ырғағы» пәні психикалық дамуы тежелген білім алушылардың психофизикалық тұрғыда жетілмеуін және танымдық әрекеттеріндегі кемшіліктерді жеңуге көмектесетін түзету пәндерінің қатарына кіреді.

14. Психикалық дамуы тежелген білім алушылардың еркін қимыл-қозғалыстық әрекетін қалыптастыру, тәртібін реттеу жоғары психикалық атқарымдардың (зейін, есте сақтау, ойлау, қиялдау және сөйлеу тілі) жеткіліксіз дамуы аясында жүзеге асырылады. Осы санаттағы білім алушылар әрекеттерінің әр түрлі түрі ырғақтығының жеткіліксіздігімен сипатталады. Музыкалық дыбыстарға деген зейіннің төмендігі, музыкаға деген эмоциялық әсерінің жеткіліксіздігі байқалады. Қимыл-қозғалыс ырғағы музыканың дыбысталу ырғағына сәйкес келмейді. Ырғақтық дамудың жеткіліксіз деңгейі білім алушылардың қимыл және эмоциялық аясындағы бұзылыстардың болуын ғана емес, сондай-ақ тұлғалық құрылымның рухани жағының да дамымауын айқындайды.

15. Түзету ырғағы сабақтарында қимыл-қозғалыс аясын сөзбен және музыкамен үйлестіре дамыту мен түзету білім алушылардың икемділіктерін жетілдіруге мүмкіндік беретін бейімделу қабілеттерін қалыптастыруға көмектеседі:

1) үйлесімді, икемді және ырғақты қозғалу (жүру, жүгіру, билеу);

2) музыканы тыңдау (оның мазмұнын, қарқынын, ырғағын, көңіл күйін сезіну және бере білу);

3) кез-келген қимылға еркін (белгі бойынша) қосылу және оны еркін аяқтау;

4) дыбысты, сөзді, сөз тіркестерін, мәтінді анық айту;

5) интонацияның әр түрлі түрін беру, сөйлеу тілінің қарқыны мен ырғағын еркін өзгерту, өзінің айтқанын қимылмен, мимикамен және ишаратпен сүйемелдеу;

6) еркін босаңсу және ширығу (бұлшықеттік және психологиялық);

7) барлық әрекеттерді өзі және өзін-өзі бақылау.

16. Түзету ырғағы сабақтарында педагогикалық түзете қолдаудың әр түрлі салаларына қатысты келесі міндеттер шешіледі:

1) сауықтыру саласында:

сүйек-бұлшықеттік аппаратты нығайту;

физиологиялық дұрыс тыныс алу дағдыларын дамыту;

дұрыс мүсінді, жүрісті, қимылдың сәнділігін жетілдіру;

әр білім алушының психикалық денсаулығын сақтау және нығайту, психикалық дамуы тежелген балаларда тұлғалық (эмоциялық) және әлеуметтік туынды бұзылыстардың алдын алу;

2) оқыту саласында:

қимыл-ырғақтық икемділіктер мен дағдыларды дамыту;

метроырғақтық, музыкалық мәдениет, музыкалық қабылдау мен әсершілділік саласындағы теориялық білім жүйесін қалыптастыру;

3) түзету және дамыту саласында:

кеңістіктік және мезгілдік түсініктерді, сенсорлық үдерістерді, жоғары психикалық атқарымдарды дамыту үшін жағдай тудыру;

сөйлеу тілінің жалпы айқындығы мен байланыстылығын жетілдіру;

сөйлеу тілін интонациялау мен мәнерлеу қабілеті мен ұмтылысты дамыту;

қарым-қатынасты тілдік, жартылай тілдік және тілдік емес құралдардың көмегімен бастау және қолдау икемділіктерін қалыптастыру.

17. «Түзету ырғағы» пәні бойынша бағдарламаны меңгеру келесілерге көмектеседі:

1) оқу әрекеттерін мақсатқа және оны жүзеге асыру жағдайларына сәйкес жоспарлау, бақылау және бағалау икемділіктерін қалыптастыру;

2) ұжымдық ішкі іскерлік қарым-қатынас пен шығармашылық қатынас дағдыларын әр түрлі рөлдерді (басшы, орындаушы, сарапшы) орындау арқылы жұптағы, топтағы жұмыстыр және қажетті талаптар мен ережелерді сақтау арқылы қабылдау;

3) оқу әрекетінің сәттілігі\сәтсіздігі себептерін түсіну қабілетін қалыптастыру;

4) белсенділік, ынташылдық, төзімділік, қайсарлық, еңбекқорлық, жауапкершілік сияқты жағымды тұлғалық қасиеттерді нығайту;

5) көп ұлтты Қазақстан халқы мен басқа елдердің мәдениетін құрметтеу және адамгершілік сезімдерді дамыту.



3-тарау. Оқу процесін ұйымдастырудағы педагогикалық тәсілдер
18. Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары (мектеп, гимназия, лицей) білім алушы «оқуға үйренуге» және дербес, уәжді, мүдделі, батыл, жауапкершілікті және зерделік дамыған тұлға болуға міндетті деген қағиданы басшылыққа алады.

19. Осы қасиеттерді білім алушыда түзету ырғағы сабақтарында тәрбиелеу және дамыту үшін мұғалім келесілерді жүзеге асырады және пайдаланады:

1) оқытудағы әрекеттік тәсілдеме қағидасы, ол білім алуда ерекше қажеттіліктері бар білім алушылардың психикалық қабілетін дамыту мәселелерін қазіргі кездегі түсінуді оларды белсенді әрекет негізінде музыкамен қатынас үдерісіне тарту деп білдіреді;

2) оқыту мазмұнының табиғи сәйкестік сипатын көрсететін онтогенез қағидасы;

3) әлемді нақты сезімдік бейнеде қабылдайтын және танитын бастауыш сынып жасындағы психикалық дамуы тежелген бала психикасының табиғи ерекшеліктеріне негізделген бейнелілік қағидасы;

4) құрамындағы өмірлік құбылыстарды ұғыну және түсіну арқылы музыкалық, қимыл-қозғалыстық және тілдік мәдениеттілікке қол жеткізуді бағдарлайтын ұқсастық және айырмашылық қағидасы;

5) өзара шығармашылықпен әрекеттесуді, яғни педагогпен білім алушының қушының, білім алушылардың түзету ырғақтық әрекеті процесіндегі бір-бірімен бірлескен шығармашылық әрекетін білдіретін коммуникативтік бағыттылық пен бірлескен шығармашылық қағидасы;

6) музыка, қимыл және сөйлеу тілінің синкретизм қағидасы. Бұл қағида психикалық дамуы тежелген балалардың музыкалық-ырғақтық қабілетін ырғақ сабақтарында дамытуда жетекші қағида болып табылады.

20. Түзету ырғағы сабақтарында қолдануға ұсынылатын оқытудың стратегиясы, технологиясы мен тәсілдері:

1) стратегиялар: дербестік және белсенділік, тәжірибелік, сыни, коммуникативтік, мәнмәтіндік;

2) технологиялар: шағын топтардағы (команда) жұмыс, рөлдік және іскерлік ойындар, модульдік оқыту, ересектермен бірлесе әрекеттену деңгейі, еліктеу бойынша әрекеттену деңгейі, үлгі бойынша әрекеттену деңгейі, сөздік нұсқау бойынша өздігінен әрекеттену деңгейі кіретін қимыл-қозғалыстық икемділіктерді жетілдірудің төрт деңгейлілігі;

3) тәсілдер: мұғалім мен білім алушылардың бірлескен әрекетіне қатысты сөздік, көрнекілік және тәжірибелік тәсілдер (көрнекілік-кинестикалық тәсілдің басымдылығымен) кіретін дидактиканың классикалық тәсілдері, мәселелік оқыту тәсілі, тәжірибе, жобалық тәсіл негізіндегі пәнаралық оқыту.

21. «Түзету ырғағы» пәні бойынша оқу бағдарламасының мақсаттарының бірі болып табылатын тұлғаны әлеуметтендіру қарым-қатынастың тілдік және тілдік емес тәсілдерін дұрыс қолдана отырып, әр түрлі қоғамда өзара тиімді әрекеттенуге қабілетті азаматтарды тәрбиелеуді білдіретіндіктен, білім алушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту ырғақ мұғалімі әрекетінің негізгі бағыты болып табылады. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін білім алушыларда оқу диалогына қатысу ынтасын, сөйлеу тілінің әр түрлі түрлері мен мәнері туралы, мәдениетті сөйлеу дағдылары, просодика элементтері (қарқын, жоғары, қаттылығы, жылдамдығы үні, ырғақтық, үзіліс, интонация, сондай-ақ мимика мен ишарат) туралы түсініктерді дамыту. Педагог әр білім алушының даму кемшілігіне қарамай, өзінің пікірін сенімді білдіруге, құрдастарымен, мұғалімдермен қарым-қатынаста сөздік және сөздік емес қарым-қатынас құралдарын сауатты пайдалануға, сондай-ақ өзін-өзі шығармашылықпен танытуға үйрене алатын әр түрлі түрдегі коммуникация көтермеленетін және бағаланатын орта құруға міндетті.

22. Заттармен және оларсыз, музыкалық сүйемелдеумен және онсыз орындалатын сан алуан түрлі жаттығулар ырғақтық икемділікті қалыптастыру құралдары болып табылады. Сабақтағы ырғақтық әрекеттердің барлық түрлері кеңістіктік түсініктерді, сенсорлық процестерді, жоғары психикалық атқарымдарды, сөздік және сөздік емес коммуникативтік икемділіктерді, дербестік пен өзін-өзі бақылауды, оқу әрекетінің құрылымын түзетуге және дамытуға көмектеседі.

23. Кеңістіктік түсініктерді түзетуге және дамытуға көмектесуге арналған жаттығулар:

1) әр түрлі бағытта қол мен аяқтың еркін қозғалысымен жүру және марштап жүру;

2) бір-бірден, жұптасып, аяқтың ұшымен шашырап, зал бойымен ырғақтық жеңіл қимылмен жүгіру;

3) «паровоз» құрап қозғалу;

4) қозғалыс кезінде мұғалімнің белгісі бойынша оңға, солға бұрылу;

5) заттардың арасымен жүру және жүгіру.

24. Қимыл-қозғалыстық жадты, көру зейінін, өзін-өзі бақылау мен қимылды үйлестіруге көмектесуге арналған жаттығулар:

1) тұрған, еденде отырған, орындықта отырған қалыптағы қолдың затпен (жалауша, шеңбер, таяқ, доп) және затсыз алға – артқа – жоғары қимылдары;

2) қозғалыс амплитудасын біртіндеп өсіре отырып қолды сермеу;

3) өзінің алдында және артында қолын шапалақтау;

4) қолды айналдыра қозғау және еркін тербелту;

5) аяқтың ұшына көтерілуімен бір мезгілде қолды көтеру және түсіру;

6) орындықтың арқалығын ұстана, тірексіз, затты ұстап тұрып, жүрелеп отыру;

7) аяқтың ұшын кезекпен алға және жанына қарай қою, аяқтың ұшымен тұру;

8) тізенің астынан алақан соғып, тізеден бүгілген сол аяқты және оң аяқты кезекпен көтеру, тізені қолмен, таяқпен, шеңбермен қоршап ұстау;

9) еденде отыру, аяқ бірге – оңға, солға бұрылу;

10) алға, артқа, жанына қарай еңкею (қолды аяқ ұшына тигізу);

11) заттарды өзіне қатысты алға, жанына қою, сол заттарды ұстап алу;

12) жатқан қалыпта аяқты түзулеп, кезекпен көтеру және түсіру;

13) мүсінді дұрыстауға арналған жаттығулар: қолмен еден тіреп, «тізерлеп жатқан» қалыптан қолды еденнен алмай, тізені бүгіп тұру;

14) кілем үстінде заттардың арасымен еркін еңбектеу.

25. Есту жадын, есту зейінін, ырғақтық түсініктер мен ырғақтық-қимылдық дағдыларды дамытуға көмектесуге арналған жаттығулар:

1) музыкалық аспаптардың (домбыра, рояль, металлофон, бубен) дыбысталуын қабылдау;

2) музыкалық шығарманың басталуымен аяқталуын қабылдау: музыканың басталуында бір жерде тұрып жүру, аяқталуында тоқтау және шапалақтау;

3) музыканың орташа және жылдам қарқынын қозғалыспен беру;

4) күшті және әлсіз бөліктерін беру үшін, ырғақтық суреттемені шығару үшін бубенді, даңғараны, маракасты пайдалану арқылы акцент жасау;

5) динамикалық реңктерді қабылдау және бере білу;

6) би элементтерін орындау: жай жүру, аяқтың ұшымен жүгіру, шапқылап жүру (ақырын, жылдам), аяқты тыпырлату, иықтан айналу, қазақ халқының би элементтері: өкшеден жай қадам және бірінші қалыптан жанына қарай қадам басу, «Сәлем» қол қалпы;

7) биді және өлең-биді орындау.

26. Тәртіптегі өзін-өзі бақылауды дамытуға, сөйлеу тілдік мәдениетті және басқа да әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруға көмектесуге арналған жаттығулар:

1) қуаныштың, көңілсіздіктің мимкалық қалыпын бере білу;

2) сезімді мимика бойынша бөлу;

3) ширығуға қарама-қарсы босаңсу;

4) нұсқау бойынша босаңсу (ширығуға кереғарлықсыз);

5) дикциялық жаттығулар;

6) артикуляциялық мүшелерді атау және табу;

7) төменгі көк еттік тыныс алу кезіндегі ауызбен біркелкі дем шығаруды жетілдіру: бөліп шығару, тежей дем алу, жүрісті және ауа ағынының бағытын кезектестіріп дем шығару;

8) жұмсақ және қатты «шабуылдар» қолданылатын дауыстық жаттығулар;

9) ұсақ қимылға берілген жаттығулар: жұдырық түю, жұдырық жазу, санау арқылы көлденең сызықтарды белгі бойынша сызу, саусақтарды үлкен бармақпен санау және музыка бойынша кезектестіре ырғақты жақындату;

10) ырғақтар мен құрылыстарды, сызықтық құрылымдарды, суреттемелерді, ырғақты сызбаларды үлгілеу.



4-тарау. Оқу жетістіктерін бағалау тәсілдері
27. «Түзету ырғағы» пәні аясындағы оқыту нәтижесін бағалау деңгейлік тәсілдемеге негізделген критериалды өлшемді қолдану арқылы жүзеге асырылады. Оқу тоқсаны аяқталғаннан кейін, педагог қимыл-ырғақтық икемділік қалыптасқан деңгейді көрсете отырып, барлық бағдарламалық мақсаттар бойынша мәліметтерді жеке Жетістік картасына тіркейді:

1) әрекет ересекпен бірге көрсетілгеннен кейін орындалады;

2) әрекет еліктеу бойынша орындалады;

3) әрекет үлгі бойынша орындалады;

4) әрекет сөздік нұсқау бойынша орындалады. Қимыл-ырғақтық икемділік білім алушының жауапкершілік және ынталану деңгейін, оның қимыл-қозғалыстық мүмкіндігі мен бұзылыс түрін есепке ала отырып бағаланады. Оқу нәтижесін балдық бағалау пайдаланылмайды. Бағалау сипаттама түрінде болады.

28. Әр білім алушы оқу басталу уақытындағы психомоторлық мүмкіндіктерінің қалыптасуын бағалау үшін педагог оқу жылының бастапқы екі аптасында Озерецкийдің стандартталған шәкілі негізінде экспресс-диагностика жүргізеді. Педагог он даигностикалық тапсырманы таңдайды, тестілеу жүргізеді және келесі сәйкестіктерді пайдаланады:

1) егер диагностикалық нұсқаулықтардың барлығы дәл және қалыпты қарқында орындалған жағдайда, білім алушы он диагностикалық тапсырмадан бір ғана қате жіберсе, яғни тапсырмалардың 90%-ын дұрыс орындаған жағдайда, психомоторлық мүмкіндік оңтайлы деңгейде болады;

2) орындау қарқыны баяу, қимылы сенімсіз, іздеу түрінде болуы, он диагностикалық тапсырмадан кем дегенде үш қате жіберсе, яғни тапсырмалардың 75%-ын дұрыс орындаған жағдайда, психомоторлық мүмкіндік ұйғарымды деңгейде болады;

3) бір тапсырмадан басқасына қиындықпен ауысқанда, орындау үшін нұсқауды үнемі нақтылауды қажет етсе, он диагностикалық тапсырмадан кем дегенде бес қате жіберсе, яғни 50%-ынан аз болмайтын тапсырмаларды дұрыс орындаған жағдайда, психомоторлық мүмкіндік өте қиын деңгейде болады;

4) егер тапсырманың жартысынан азын ғана дұрыс орындаса, онда психомоториканың терең деңгейде дамымауы тіркеледі. Диагностикалық мәліметтер білім алушыларға қатысты жекеленген және жіктелген тәсілдемені жоспарлаған кезде есепке алынады. Түзету ырғақтық әсердің тиімділігін анықтау үшін төртінші сыныпты аяқтағанда, Озерецкий шәкілін пайдаланып, бақылау кесіндісі алынады.



5-тарау. «Түзету ырғағы» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
29. «Түзету ырғағы» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

1) 0-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 33 сағат;

2) 1-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 33 сағат;

3) 2-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;

4) 3-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;

5) 4-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;

30. Үшінші тоқсанында даярлық және бірінші сыныптарда қосымша каникул қарастырылған. Оқу-тәрбиелеу процесін ұйымдастыру үшін кабинеттерді санитарлық-гигиеналық нормаларды есепке ала отырып, қажетті мектептік құрал-жабдықтармен жинақтастыруға міндетті.

31. Түзету ырғағы сабақтарына арналған құрал-жабдықтар: мұғалімге арналған музыкалық аспап, мультимедиалық кешен, бейнекамера; фотоаппарат, сандық тасмалдаушылардағы аудио- және видео- материалдар, әр білім алушының жаттығуды орындауына қажетті заттар (түрлі-түсті жалаушалар, шарлар, ленталар, орамалдар, шеңберлер, доптар, секіртпе жіптер), балаларға арналған шулы және үнді музыкалық құралдар (сылдырмақтар, бубендер, даңғаралар, пианино, үрмелі сырнай, металлофон, үшбұрыштар, маракастар), орындықтар (балалардың бойы мен санына қарай), стационарлық айна, гимнастикалық құрылғы, батут және «сенсорлық жарық бөлме»


құрал-жабдықтары, тақта, көрсету материалдары (оқу кестелері,
қимыл-қозғалыс сызбалары, жағдаяттық және заттық суреттер, сазгерлердің, балет артистерінің, спортшылардың портреттері), үлестірмелі дидактикалық материал (ырғақтық сызба, сөйлеу тілдік тапсырмалар бар карточкалар) жинақтастырылуға міндетті. Түзету ырғағы сабақтарына арналған кабинеттің еденіне жаттығуларды отырған және жатқан қалыпта орындауға, шапшаң қимылды және басқа да белсенді тәсілдерді өткізуге арналған арнайы жабын төселеді. Кітап сөрелеріне, білім алушылардың жұмыстары мен көрнекілік құралдар қойылатын стенділерге арналған орындар алдын ала қарастырылады. Барлық балалар түзету ырғағы сабағына арнайы киімде қатысады.

32. Оқу пәнінің мазмұны. Берілген пәннің мазмұнын анықтау үшін төрт бөлім және жеті бөлімше бойынша ұйымдастырылған мақсаттар жүйесі құрылған. Бөлімдер сынып бойынша оқытудың мақсатын қамтитын күтілетін нәтижелер түріндегі (дағдылар немесе икемділіктер, білім немесе ұғынымдар) бөлімшелерге бөлінген. Әрбір бөлімшенің ішінде бірізділікпен ұйымдастырылған оқытудың мақсаттары мұғалімдерге өзінің жұмысын жоспарлауға және білім алушылардың жетістіктерін бағалауға, сондай-ақ оларды оқытудың келесі кезеңдері туралы ақпараттандыруға мүмкіндік береді:

1) 1-бөлім «Зал кеңістігінде бағдарлау» екі бөлімшеден құралады, олар түзете оқыту мен тәрбиелеу процесіне тәртіп пен жинақылықты ендіруді; жүріс, жүгіріс және секірістердің әр түрлі түрлерін орындаған кезде интервалды сақтауды, сапқа түру мен сапты қайтадан түзеуде нақты сызықты ұстануды; қимыл-қозғалысты музыканың басталуымен және аяқталуымен нақты үйлестіруді; кинестикалық немесе көруге берілген белгіге деген әсерін жетілдіруді; кеңістіктік гнозис пен праксисті дамытуды қамтамасыз етеді;

2) 2-бөлім «Ырғақтық-гимнастикалық жаттығулар» бұлшықеттердің жеке топтарын дамытуды және нығайтуды, мойын, иық, қол, бел аяқ қимылдарын жылдам және бірқалыпты ауыстыру қабілетін дамытуды; барлық қимыл-қозғалыстық аппараттың бөліктері мен мүшелерінің әрекеттерін үйлестіруді; музыканың сүйемелдеуімен жүруді; бұлшықеттік тонусты реттеуді; ми бөлімдерінің өзара әрекеттестігін дамытуды қамтамасыз етеді;

3) 3-бөлім «Би және басқа да музыкалық-ырғақтық қимылдар»
2 бөлімшеден құралады, олар әр түрлі модальдылық ырғақтарды қабылдау және шығару қабілетін дамыту бойынша арнайы ұйымдастырылған жұмысты білдіреді. Бұл бөлімнің мақсаттарын жүзеге асыру процесінде шығармашылық қабілетті, қимыл-қозғалыстық және музыкалық жадты дамытуды, есту зейінін, шоғырлануды, қабылдауды түзету, қарқынды, ырғақты музыканың немесе қимылдың сипатын ажырату және шығару; жеке-дара және ұжымдық қарқын мен ырғақ сезімін дамытуды қамтамыз етеді;

4) 4-бөлім «Психогимнастика және сөйлеу тілдік ырғақ» 2 бөлімшеден құралады. Берілген бөлімнің мақсатын жүзеге асыру білім алушылардың өзінің сезімін, күйзелісін және қалауын білдіру құралы ретіндегі мимика, ишарат, қалып түсініктерін дамытуды; мимика, ишарат, икемділікті қарым-қатынас жағдайын есепке ала отырып, айтылым мағынасына, оның мақсатына сәйкес тани білуді және еркін басқаруды қалыптастыруды; көру-қимыл («көз-қол» механизмі) және қол үйлесімділігін жетілдіру арқылы жазба сөйлеу тілі мен каллиграфияны дамытуды; саусақтық белсенділікке және ұсақ қимылдардың үйлесімділігіне ынталандыра әсер ету арқылы сөйлеу тілінің жалпы айқындығын арттыруды; дерексіз және жалпы сөздік қорды толықтыру, нақтылау және жүйелеуді, сөйлеу тілінің грамматикалық құрылысын және байланыстылығын дамытуды қамтамасыз етеді.

1-кесте




Оқыту мақсаты жүйесінің бөлімдері

Оқыту мақсаты жүйесінің бөлімшелері

1

Зал кеңістігінде бағдарлау

1.1 Бағыттар және орнын ауыстыру

1.2 Сап құру және қайтадан сап түзу

2

Ырғақтық-гимнастикалық жаттығулар

2.1 Ырғақтық-гимнастикалық жаттығулар

3

Би және басқа да музыкалық-ырғақтық қимылдар

3.1 Музыкалық-ырғақты қабылдау

3.2 Музыкалық-ырғақты шығару

4

Психогимнастика және сөйлеу тілдік ырғақ элементтері

4.1 Психогимнастика элементтері

4.2 Сөйлеу тілдік ырғақ



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет