Психолог мамандарға арналған тренингтер



бет2/9
Дата01.04.2017
өлшемі1,4 Mb.
#12913
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Өмірің өз қолыңда

Қай дәуірде болмасын, адамзаттың

алдында тұрған басты міндет- мүдделердің

бірі – есті де, еңбексүйгіш, Отансүйгіш,

қайырымды да, қайратты ұрпақ тәрбиелеу.

Н.Ә.Назарбаев

Мақсаты: оқушыларға өмір,оның мәні туралы түсінік беріп,адамның өмірі өз қолында екендігін түсіндіру.

Міндеттері:

- Оқушыларға адам өмірінің маңыздылығы туралы түсінік беру;

- Оқушылардың адамгершілік қасиеттерін дамытуға ықпал ету;

- Еліне,халқына абыройлы қызмет етуге тәрбиелеу;



Көрнекілік: интерактивтік тақта, нақыл сөздер,суреттер.

 Сабақтың жоспары:

Ұйымдастыру кезені

І. Шаттық шеңбері (2 мин)

ІІ. Топқа бөлу (1 мин.)

ІІІ. Үй жұмысын тексеру( 7 мин)

IV.Сабақ барысы

Әңгімелесу (3 мин.)

V.Ассоциация ( 2мин)

VI.Жеке жұмыс: (5мин )

VII. Видеоролик( 3мин)

VIII. Топпен жұмыс \ шағын көрініс\:( 7мин)

IX. Тапсырма (6 мин)

X. Сергіту сәті(2мин)

XI. .«Сенім почтадан» хат жағдаят: (2 мин)

XII Қорытынды:(4мин)

XIII. Жүректен жүрекке (1мин)

Мұғалімнің сөзі:Бірінші  біз  іс – шарамызды  бастамас  бұрын  Ереже  қабылдап алайық.

Ереже :   - біз  тыныштықты  сақтаймыз ;

-         бір – бірімізді  тыңдаймыз ;

-         өз ойларымызбен  бөлісеміз;

-         сезімдерімізді  сыйлаймыз ;

-         бір – бірімізді  мазақ  етпейміз ;

-         уақытымызды  үнемдеп , қысқа да  нұсқа  жауап  береміз;

-         тәртіппен , өз кезегімізбен  сөйлейміз ;

-         мектеп  ережесін  бұзбаймыз ;



Шаттық шеңбері

Оқушыларды шеңберге шақыру.Бір-бірімен сәлемдеседі. Барлығы қосылып



Өзімді өзім жақтаймын,

Денсаулықты сақтаймын.

Жүректен жылы соншама,

Тілейміз саулық баршаға

Мұғалімнің сөзі: Пазлы бойынша оқушыларды екі топқа бөліп отырғызу. Оқушылар өз топтарына спикерді талдап ат қойып ( жеңіс, мақсат), қорғайды

Үй жұмысын тексеру:( 7 мин)

Эссе «Қазақстан, біз сенің балаларыңызбыз»

вен диаграммасы сызу және

Д-денені шынықтыратын денсаулыққы әсері мол сабақ(дене тәрбиесі)

Е-жалқаудың досы(еріншек)

Н-қандай адамдардың көңіл күйі болмайды?(науқас)

С- жуынбай жүрген бала қандай бала?(салақ)

А-салақ бала неге ұшырайды?( ауруға)

У-вирустың қазақшасы қалай аталады?

Л- қоршаған ортаны неден сақтау керек?(лас)

Ы- не болса бәрін істейсің?(ынта)

Қ- дәрілік шөп(қалақай)

Сабақ барысы:(25 мин)

(3мин)Әңгімелесу әдісі мұғалім мен оқушы арасында қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді.

Өмір деген- театр

Адам оның- әртисі.

Өмір деген- бір кеме,

Алға жүзіп әрлеген.

Өмір деген- найзағай

Жарқ етіп тұрған жұлдыздай.

Былай тұрып қарасаң,

Бір ғанибет қой келгенің

Бұл өмірге келгенің...



Біз бүгін өмір туралы әңгімелейміз

- Өмір – ол  адамға  бір – ақ  рет  берілетін  баға  жетпес  қымбат  сый . Осындай  сыйды  сендерге  сыйлаған  кім ?...Әрине  сендерге осындай  баға  жетпес  сый  сыйлаған  ең  қымбат  адамдарың ,ол  сенің  ата – анаң .Сондықтан  оларды  ренжітпеуіміз  керек ,айтады – ғой,“Анаңды  үш  рет  Меккеге  арқалап апарсаңда борышыңды өтей алмайсың”  -деп. Себебі , біріншіден  ол  саған  “өмір”  сыйлады , саған  жарық  дүние көрсетті , сені  өсірді , сенің  ыстығыңа  күйді , суығыңа  тоңды, түн ұйқысын  төрт  бөліп  сені  аялады , тәрбиелеп  өсірді .Егер  саған  анаң  осындай  баға  жетпес  сый  сыйласа , сен  соған  лайықты  өмір  сүруге  тиіссің.

Өз  өмірің , өз  әлемің  өз  қолыңда ! Біреуге  ренжіп ,біреуді  кінәлап , мінтағу  дұрыс  емес . Өмірдегі  қайғыны , қиындықты , сәтсіздікті  көтере  білу  керек. Жаңа , жақсы  ойлар  ойлау  керек.

Адам  өмірі  жеңіс пен  жеңілістен , сәттілік  пен сәтсіздіктен , қайғы  мен  қуаныштан  құралады . Міне  өмірдің  өзі  біле – білсең  сонысымен  қымбат.

Енді  осы  өмір  туралы  ойларымызды  сұрақ жауап әдіс   арқылы  жалғастырайық .

Сұрақтар: - Өмір  дегеніміз не , қалай  түсінесіңдер ?

-         Өмір  сүру  жақсы ма ,әлде  жаман ба ?

-         Сен  бақыттысың ба ?

-         Сені  не  қобалжытады , сондай  кездерің  болады  ма?

-         Өз - өзіне  қол  жұмсау  ерлік пе ,әлде  әлсіздік  пе ?

-         Егер  саған  біреу  қатты дауыс  көтеріп  ұрысса , сен  не  істейсің ?

-         Сенің  мінезіңнің  жаман , жақсы  жақтары  қандай ? 

-         Келешекте  сен  өз  өміріңді  қалай  құрар  едің ?


( 2 мин)Өмір дегеніміз не? Ассоциация топпен жасау. ( куаныш, қайғы, мансап, білім, күлкі, арман т.б.)

(5мин )Жеке жұмыс: «Менің өмірлік жолым»

Ақ бет қағазға ортасынан өмір жолын сызу. Екі бөлікке бөлінген беттің төменгі жағы өмірде қиналған, сәтсіздік, қорқыныш кездерін, ал жоғарғы жағына өмірдегі бақытты, куанышты, сәтті кездерді сызыкпен белгілеу.



( 3мин)Видеоролик: «Өмір сенің қолында». Әр топ өз пікірін айтады.

-Адам баласы не үшін өмір сұреді?

-Өмір адамға несімен қымбат?

-Сенің өмірдегі мақсатың қандай?

( 7мин)Топпен жұмыс \ шағын көрініс\:

І топ Өмірде кездесетін қиындықтар туралы жоба»

ІІ топ «Өмірде кездесетін қиындықтан шығу жолдарын көрсету»

(6 мин) Тапсырма

Оқушыларға өмірдің мәні туралы өз ойларын түйіндеу үшін тапсырма беру.

Оқулықта берілген Қ.Әлімбектің өлеңін оқып,өмірдің мәні туралы өз ойларыңды түйіндеп айтыңдар.Өлеңнен өздеріңе ұнаған шумақтарды жаттап алыңдар.

Өлең шумақтарындағы «өмір-қымбат,өмір-кітап,жақсылықтар жасасам деп орасан, өмірімнен,өз ортамнан үйреніп, жақсы адамға айналармын түді мен», деген түйінді ойларға оқушылардың назарын аудару.



Мәтінмен жұмыс

«Өзіңе –өзің сену» мәтінін оқытуң арқылы оқушылар өз-өзіне сенудің мәнін түсіндіру.Түсіндіру кезінде «өмірмен бетпе-бет кездесу,өмір сынағы,өмір қиындығы, қиындықпен күресу,өзіңді адам сезіну, өзіңді өзің құндау, ұмтылыс пен табандылық» сияқты түйінді сөздерді басшылыққа алу.



  • Өз –өзіңе сенудің мәні неде?

  • «Жеңіл жол іздеме,қиындықпен күрес» дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Өзіңе-өзі сенімді болған кезде өзіңді қалай сезіндің?

(2мин) Сергіту сәті

Түйіндеме

Биік мақсат,табандылық,өзіңе деген сенімділік,адалдық-өмірдің мағыналы болуының алғышарттары.

Сондай-ақ басқа да қажетті адами қасиеттерді оқушыларға өз тарапынан қосқызып, айтқызу.

Өзіммен-өзім

«Өзіммен-өзім»әдісін қолдану кезінде оқушыларға жайланып отырып,қиялдарына ерік беріп, бір сәт «Мен кіммін?», «Менің мақсатым не?»,«Менің өмірдегі орным қандай?» деген сауалдар төңірегінде ойлануды ұсыну.

(3мин)«Сенім почтадан» хат жағдаят:

«Өмір сүріп жатқан әр секунд минутымызды багалап, өмірдің қиындықтарын және білуіміз керек бірақ мен бүгін түзелмес қате жасадым!!!» Мен не айтарымды білмеймін, маған өмір өте қиын сияқты . Ешкімді көргім келмейді. Өмірде қиындықты көп көрдім 10 жасымда шешемнен айырылдым мүгедек болдым. Қазір мені ешкім менсінбейді. Маған көмектесіңңіздерші қайғыдан өлетін болдым.



Қорытынды:(4мин)

Мұғалімнің сөзі:

Ақиық ақын Мұқағали ағамыз өмір туралы тамаша өлеңдер жазған

Өмір...

Күлдіртіп тұрып, жылатады



Көтеріп тұрып құлатады

«Уф» еткен желге дірілдей көрме

Шыдамдылықты ұнатады

Өмір!!!


Бізде қазіргі уақытта шыдамдылық жетпей жатады. Мен сіздерге шыдамдылық тілеймін. Осы өмір туралы ойымызды қорыта келе түйінді ойымызды ортаға салсақ.

Ой шақыру:

1.Мен кіммін?

2. Мен өмірге не үшін келдім?

3. Өмірдің мәні неде?

4. Адам үшін ең құдіретті не?

5. Адам бақытты болу үшін не керек?

6. Әр адамның жүрегінде махаббат бар ма?

Үй жұмысы:«Менің қолымнан бәрі келеді» деген тақырыпта шығарма жазуға тапсырма беру.

Жүректен жүрекке: А-4 қағаздан көгершін бейнелерін жасап бір біріне тілек жазып ұшырады

Оқушылар қол ұстасып, шеңбер құрып, барлығы бірге « Мен өмірді сүйемін. Өмір мені қолдайды.Өмірім өз қолымда»,-деп айтады.









Каталог: CBEC0794AEE22C49
CBEC0794AEE22C49 -> Сыныбы: 9 Тақырыбы: «Елбасының нұрлы жолы»
CBEC0794AEE22C49 -> «Келісемін»: «Бекітемін»: Тәрбие ісінің меңгерушісі Ақмешіт ауылының №15орта мектеп мм- нің директоры
CBEC0794AEE22C49 -> Сабақтың тақырыбы : Ынтымақ түбі береке. Мақсаты: Оқушыларға ұйымшылдық,береке-бірлік,татулық туралы түсінік беру
CBEC0794AEE22C49 -> Әдістемелік құрал
CBEC0794AEE22C49 -> Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бакиева Айнагүл Олжабаевна Әдебиет 8 сынып Тақырыбы: М. Жұмабаевтың «Батыр Баян»
CBEC0794AEE22C49 -> Сабақтың тақырыбы: «Абай -дана, Абай- дара»
CBEC0794AEE22C49 -> Сабақтың тақырыбы: ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті, негізгі бағыттары, көрнекті өкілдері
CBEC0794AEE22C49 -> Р/с Жұмыстың мазмұны
CBEC0794AEE22C49 -> Эстетикалық пәндер бірлестігінің жылдық жұмыс жоспар 2014-2015 оқу жылы
CBEC0794AEE22C49 -> Патша жүрістері


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет