Психологиялық ЖҰмыс орталығЫның негізгі міндеттері



бет1/5
Дата24.10.2019
өлшемі369,89 Kb.
#50564
  1   2   3   4   5
Байланысты:
каз тренинг
мат 4 сын практ, Абай дана

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖҰМЫС ОРТАЛЫҒЫ

 

Психологиялық жұмыс орталығының негізгі міндеттері:

 

-ішкі істер органдары маман-психологтарының негізгі қызметінің бағыты (психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, құқықтық және т.б.) бойынша біліктілігін арттыру және қайта даярлау;

-ішкі істер органдарының қызметі бойынша ғылыми зерттеулер өткізу;

оқу процесінің инновациялық модельдері негізінде білім беру процесін ұйымдастыру және құрастырудың жаңа тәсілдерін әзірлеп енгізу.

 

Желтоқсан айының 8 мен 13 аралығында ҚР ІІМ Қостанай академиясы базасында ҚР ІІМ, ІІД(К), ЖОО инспектор-психологтарының біліктілікті арттыру курстары өтті. Психологиялық жұмыс орталығының бастығы, полиция подполковнигі О.В. Чиржова «Психологиялық кеңес беру», «Моральдық-психологиялық климатты зерттеу үшін сауалнама құрастыру», «Әдістемелер және тесттер интерпретациясы», «Стресстік жағдайдағы өзін-өзі реттеу әдістері» тақырыбында тәжірибелік сабақтар (тренигтер) өткізді.



 

 

Тренинг өткізу кезінде шағын дәріс, ақпараттық блогтар, ми шабуылы, презентациялар, кіші топта жұмыс жасау, жаттығулар, рөлдік ойындар, дисскуссиялар, супервизиялар сияқты жұмыс түрлері қолданылды. Тренинг қатысушыларына ішкі істер органдарындағы психологтарға арналған «ІІО-нда  адами ресурстарды қолдану және персоналдың кәсіби психодиагностикасы» тақырыбында кәсіби бағытталған бағдарлама ұсынылды.



Психологиялық диагностика психологиялық білім берудің бір саласы ретінде адамның психофизиологиялық ерекшелектерін және жеке психологиялық сараптамасы мен бағалауға, өлшеуге, сонымен қатар бір себептер бойынша адамдардың бірлескен топтардың айырмашылығын анықтауға арналған.

Психодиагностың негізгі мақсаты – тәжірибелік міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін диагноз қою. Олардың бәрі, адамдардың арасындағы психологиялық ерекшеліктерін есепке алуға байланысты, ерекше құрал - психодиагностикалық әдістемені қолданатын кәсіби маманның  жұмысын талап етеді.

Психодиагностикалық әдістер – бұл ерекше психологиялық құралдар. Тәжірибелік мақсатта қолданылатын болғандықтан, диагноз қоюда қате жібермеу үшін олар мүмкіндігінше сапалы болуы қажет. Сондықтан психодиагностикалық әдістерге ерекше талаптар қойылады, олар нақты ережелермен әзірленіп критерий қатарымен тексеріледі.  

Осы бағдарлама ІІО персоналының дәл мотивациясы мен кәсіби  әлеуетінің нақты диагностикасына мүдделі ІІО-нда қызмет ететін маман-психологтарға арналған.



Курс  мақсаттары:

1.      Тыңдаушыларға нақты теориялық білім мен ІІО-ның персоналы басқару мен кәсіби іріктеу процессіндегі адами ресурстарын қолдану мен кешенді бағалау технологиясын үйренуге көмектесетін негізгі тәжірибелік дағдыларды беру.

2.      ІІО-ның қызметкерлерін психологиялық зерттеу жүйесіндегі психодиагностикалық әдістерінің рөлі мен орнын, әр әдістің мүмкіндіктері, оң жақтары мен кемшіліктері туралы барабар түсініктерін қалыптастыру.

3.      Психодиагностиканың сапалы және әйгілі әдістерімен таныстыру, психодиагностикалық зерттеу өткізудің тәртібін, өндеу тәсілдерін, әдістер нәтижесінің интерпретациясы мен сараптамасын өткізуге үйрету.

4.      Маман-психодиагност үшін міндетті этикалық нормаларды ұғуын қамтамасыз ету.

«ІІО-нда  адами ресурстарды қолдану және персоналдың кәсіби психодиагностикасы» бағдарламасын зерттеу кезінде ерекше көніл диагностикалық әдістеменің түрлі типтерінің топтастырылуы мен арнайы ерекшеліктеріне назар аудару қажет. Бұл нәтижені дұрыс қолдану мен интерпретация үшін маңызды.



«Тәжірибелік жұмыс құралдар ретінде психодиагностикаға қойылатын негізгі талаптар» тақырыбы ұғынуға қиын әрі маңызды болып табылады. Оның маңыздығы психодиагностикалық тест болып аталуға  ұмтылатын ғылыми психодиагностикалық әдістердің жалғаннан  айырмашылығы бар  критерийларды меңгіруге осы тақырыптың маңыздылығы түсіндіріледі. Шыңдылықтың, сенімділік пен стандартизациясының  сипаттамасын терең ұғыну тәжірибелінуші психодиагностқа сапалы психодиагностикалық құралдарды таңдау кезінде көмектеседі, ал бұл психодиагностың кәсібилігінің белгілерінің бірі  болып табылады. Осы тақырыпты түсінудің қиындығы негізгі түсініктердің абстракциясының жоғары деңгейі сияқты математикалық статистиканың кейбір бөлімдерін білім қажеттілігі болып табылады.

 

 Үкімінде отаңдық мамандары бар негізгі психодиагностикалық әдістемелерімен таныстыруды қамтамасыз ететін тақырыптарды үйрену кезінде негізгі назарында нәтижелері ғылыми  түрде негізделген болғандықтан, дұрыс  интерпретациясына аударылуы қажет. Эксперимент процедурасы және әдістеме көрсеткішін өңдеу ешқандай қиындық туғызбайды. Бұл үшін қажетті мәліметтер әр әдістеменің құралында бар. Ең үлкен қиындықтар нәтижелердің сараптамасы мен түсініктемесіне байланысты, психологияның шектес салалардың білімдерімен және олардың дамуының негізгі үрдісін ұғынуымен, сонымен қатар психологиялық диагностиканың маңызды психологиялық ғылым болып дамуына байланысты. Сондықтан курста  ерекше назар диагностикаға жататын феномен мен сапаның теоретикалық сараптамасына аударылады.



Тәжірибелуші-психодиагносттың жұмысы адамдардың өмірдегі мүдделердін қозғайды, сондықтан оған өз қызметінің этикалық аспектілерді ұғынып және осы қызметті реттейтін этикалық нормалары мен  ережелерді қатаң сақтау қажеттігін есте сақтау керек. «Психолог-диагносттың жұмыстағы этикалық аспектілер» тақырыбын  аса назармен үйренусіз диагностикалық әдістемелерді қолдануға болмайтынын білдіреді.

Қорытындылай келе курсты оқу кезінде тек қана бағдарламада көрсетілген әдебитетті қолдану керек екеніне назар аударамыз. Бұл соңғы жылдары ғылыми мәртебеге жатпайтын басылымдардың санының көбеюімен түсіндіріледі. 





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет