Р. Д. Дарібаева Қазақстандағы педагогика ғылымының дамуы



бет1/4
Дата14.02.2018
өлшемі0,7 Mb.
#37658
  1   2   3   4
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


Р.Д.Дарібаева


Қазақстандағы педагогика ғылымының дамуы

Дәріс жинағы

Шымкент-2017
ӘОЖ 37.013.42

ББК 74.00

Д.18
Р.Д.Дәрібаева

Қазақстандағы педагогика ғылымы: Дәріс жинағы. – 2017ж. 48бет

ISBN 978-9965-03-461-9

5В010300 – «Педагогика және психология» мамандығының күндізгі, сыртқы және кешкі оқу түріндегі студенттері үшін «Қазақстандағы педагогика ғылымы» пәнінен лекция конспектісі. Оқу жоспары мен бағдарламасының талаптарына сай құрылып, курстың барлық қажетті мәліметтерін қамтиды.

Рецензент: Сыдыкова З.Е. п.ғ.к., доцент

Дилимбетова Б.С., п.ғ.к., доцент

ӘОЖ 37.013.42

ББК 74.00


ISBN 978-9965-03-461-9

Р.Д.Дәрібаева



Кіріспе
Қазақтың ұлттық мәдениетінің басты бір саласы оның психологиялық және педагогикалық ой-пікірлерінің даму тарихы және халықтық педагогикасы мен психологиясы.

Қазақстанда сол мәселелер бойынша біршама еңбектер жарық көрген. Оларда бағалы идеялар, тұжырымдамалар, ғылыми-практикалық әдістемелік баршылық, ал оларды қазіргі кезде оқыту және тәрбиелеу проблемаларын шешуде кеңінен, табыспен пайдалануға болады.

Қазақстанның педагогикалық ғылымдарының теориясы және тарихымен таныстыру мақсатында «Қазақстандағы педагогика ғылымының дамуы» атты арнаулы курстың бағдарламасы жасалды. Бұл курста негізінен ұлттық психологиялық-педагогикалық проблемалар қарастырылған.

Бағдарламада көшпенді – қазақтардың оқыту және тәрбиелеу саласындағы сан ғасырлық мұрасына, Қазақстанда педагогика ғылымдары негіздерінің қалыптасуына, оның соғыстан кейінгі кезеңдеріне, қазақ халқының этнопедагогикасы мен психологиясын зерттеу тарихына, педагогика ғылымдарының қазіргі жайына және олардың болашақ дамуына аса назар аударылған.

«Қазақстандағы педагогика ғылымының дамуы» атты курстың мақсаты: Болашақ мамандарды Қазақстандағы тарихи педагогикалық мұра жөніндегі біліммен қаруландыру, Қазақстандағы педагогика ғылымы негіздерінің қалыптасуы, оқыту және тәрбиелеу саласындағы сан ғасырлық мұрасы, Қазақстанда педагогика ғылымының қазіргі жайы және оның болашақ дамуы жөніндегі түсініктерін кеңейту. Тарихи педагогикалық әдебиетпен жұмыс істей алуы мен бұл білімдерді нақты тарихи жағдайларда қолдана алуға үйрету.

«Қазақстандағы педагогика ғылымының дамуы» атты курстың міндеттері:

- Болашақ мамандарды терең де жан-жақты біліммен, біліктілікпен қаруландыру және олардың дүниетанымында бірыңғай ғылыми көзқарасын қалыптастыру;

- кәсіби педагогикалық білімдердің ғылыми негіздерін қалыптастыру;

- тарихи ұлттық сана-сезімді қалыптастыру, оларды тарихи-педагогикалық, тарихи-мәдени білім-түсініктермен қаруландыру;

- өткен дәуір ғұламаларының оқу-ағарту, тәрбие және білім беру саласындағы еңбектерінің, ой-пікірлерінің тарихи маңызын түсіндіру.




1-лекция тақырыбы: Кіріспе. Арнаулы курстың пәні, мақсаттары, міндеттері мен мазмұны.
Жоспары:

Кіріспе.

1.«Қазақстандағы педагогика ғылымы» пәні, мақсат - міндеттері мен мазмұны.

2.Пәннің зерттеу әдістері.

3. Ұлттық білім беру жүйесінің қалыптасу тарихы.
Лекция мазмұны: «Қазақстандағы педагогика ғылымы» кәсіби-педагогикалық білім беру жүйесіндегі оқу пәндерінің бірі болып табылады. Бұл ретте педагогика тарихы курсының құрамды бір бөлігі ретінде қазақстандағы білім беру мен тәрбиелеуді қамтитын «Қазақстандағы педагогика ғылымы» мәселелері қарастырылады. Отандық тарихи-педагогикалық теория мен тәрбие және білім беру тәжірибесін тарихи динамикада меңгеру болашақ маманға оның кәсіби және адамгершілік жағынан жетілуіне көмектесіп, өзіндік шығармашылық стилін табуға ықпал етеді.

Жоғары кәсіби білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес «Қазақстандағы педагогика ғылымы» курсын оқу барысында студенттер тәрбие теориясы мен тәжірибесінің, мектепте білім берудің, педагогикалық көзқарастың қалыптасуы мен даму тарихы бойынша айтарлықтай білім алып, өз халқының ғұламалары мен ағартушыларының тәлімдік тағылымы, педагогикалық ой-пікірлерімен танысады.

Оқу курсында халқымыздың оқыту және тәрбиелеу саласындағы сан ғасырлық мұрасына, Қазақстанда педагогика ғылымдары негіздерінің қалыптасуына, оның соғыстан кейінгі кезеңдеріне, қазақ халқының этнопедагогикасы мен психологиясын зерттеу тарихына, педагогика ғылымдарының қазіргі жайына және олардың болашақ дамуына аса назар аударылады.

«Қазақстанда педагогика ғылымдарының дамуы» курсының негізгі мақсаты:

- болашақ мұғалімдерді қазіргі педагогика ғылымының теориялық - әдіснамалық білімдерінің негіздерімен қаруландыру;


    • кәсіби педагогикалық білімнің ғылыми негіздерін қалыптастыру;

    • болашақ педагогтардың педагогикалық ойлауы мен көзқарасын қалыптастыру;

    • болашақ педагогтардың Қазақстандағы педагогика ғылымы мен педагогикалық ой-пікірлердің дамуы жөнінде түсінік беру.

Міндеттері:

- өткен ғасырдан біздің ғасырға дейінгі Қазақстандағы педагогикалық ой – пікірлердің пайда болуы мен дамуы;

- отандық педагогика ғылымының даму тенденциялары мен қазіргі кездегі ғылымның даму тенденцияларымен танысу;

- өткен дәуірдегі педагогикалық ой – пікірлердің педагогикалық ғылымның дамуына әсерін көрсету;

- болашақ мамандарға өткен ғасырдағы педагогикалық ой – пікірлердің қазіргі бала тәрбиесінің міндеттерін шешудегі ролін көрсету.

Қазақ балаларын оқытуға арналған ұлттық мектептерін құру туралы мәселені 20-ғасыр басында алаш интелегенциясы көтерген болатын. Зиялылыардың алдында ұлт мектептерінде қандай жастағы балалар оқытылады, мектеп қанша баспалы сыныптан тұрады, балаларды оқыту әдістемесі қандай болу керек, онда білім қай тілде берілуі тиіс, оқу құралдарымен қалай қамтамасыз ету қажет, ұлт мектептерінде қызмет жасайтын оқытушыларға қойылатын талаптар сияқты жалпы ұлттық жүйесін қалыптастыруда тез шешімін табуға тиісбірнеше мәселелер тұрды.

Халық ағарту Комиссариатында қызмет жасаған қазақ зиялылырының жетекшілік қызмет жасаған қазақ зиялылырының жетекшілік етуімен республикада сауатсыздықты жою жүйесі кеңейтіліп , жалпы арнайы, орта жоғары білім беретін мектептер ашылғаны белгілі. Қазақ Мемлекеттік баспасынан қазақ тілінде оқулықтар мен оқу құралдары басылып шыққан.

Зиялылар әсіресе, сол кезде республика оқу ағарту саласы аса қажет еткен қазақ тіліндегі оқу құралдарын шығару ісіне ден қойған. Ол уақытта қазақ тіліндегі оқулықтар жоқтың қасы еді. Сондықтан ұлт зиялылары ең алдымен, ана тіліндегі оқу құралдарын көбейтуді мақсат еткен . Ұлттық мектеп 20-ғасырдың басында қазақ зиялыларының тікелей араласуымен республикада қалыптасқан.

Ұлттық негіз жоқ жерде , ешқандай ұлтта жоқ. Ендеше ұлттық білім беру жүйесіне қатысты ана тіл,і мектеп, оқу құралдары сияқты маңызды мәселелерді мемлекеттік деңгейге көтеріп шешу қажет, бұл заман талабы.

Педагогикалық жоғары оқу орнында білім беру мазмұнын жаңартудың маңызды бағыты- халық тарихы мен рухани мәдениетін басқа халықтардың тарихы және мәдениетімен өзара байланысты пайдалану. Ең бастысы, үздіксіз педагогикалық білім жүйесінің әрбір сатысы нақты өзіндік мақсатқа бағдарлануы қажет. Бұл мақсаттардың бірлігі мұғалімдер даярлаудың толық үрдісін білдіреді.



Бақылау сұрақтары:

1. Арнаулы курстың пәні, мақсаттары.

2. «Қазақстандағы педагогика ғылымы» пәні міндеттері.

3. Ұлттық білім беру жүйесінің қалыптасу тарихы.


2-лекция тақырыбы: Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі тәлім-тәрбие идеялары (VI-ҮІІІ ғ.)
Жоспары:

1. Көне түркі жазба ескерткіштетеріндегі тәлім-тәрбие идеялары.

2.Қорқыт-ата мұрасындағы тағлым мәселелері. (ІХ ғ.)
Лекция мазмұны: Қазақ халқының педагогикалық ой-пікірлер мәдениетінің даму тарихы көне ғасырлар қойнауынан басталады. Кез –келген халық, ру, тайпа ұлт болу үшін оның басынан кешірген тарихы болады. Сол секілді түркі халқының да өзіндік тарихы бар. Түркі халқының дүние жүзіне халық болып танылуы ҮІ ғасыр ортасында басталды.

Халқымыздың жалпы даму тарихына сүйене отырып біз педагогикалық ой пікірлердің қалыптасуын басты үш кезеңге бөліп қарастырамыз.



Бірінші кезең - педагогикалық ой- пікірлердің ілкі бастау, түп – төркіндері, басы ҮІ-ҮІІІ ғасырлырдан басталатын қазіргі түркі тектес халықтардың бәріне ортақ қоғамдық сананың алғаш дүниеге келу кезеңдері.

Бұлар халықтық психология - Орхон – Енисей жазба ескерткіштері, Қорқыт ата, Әл- Фараби, Ж. Баласағұни, т.б. ғұламалардың тағылымдары.



Екінші кезең - Қазақ хандығы дәуірінен басталып, Қазан төнкерісіне дейінгі педагогикалық ой - пікірлердің даму жағдаяттары.

Үшінші кезең– педагогикалық ғылымның Қазақстанда Кеңес өкіметі жылдарында даму тарихы.

Географиялық, тілдік және графикалық ерекшеліктеріне қарай көне түркі ескерткіштері 3 топқа бөлінеді.
1. Енисей есерткіштері
2. Талас ескерткіштері
3. Орхон ескерткіштері

Енисей ескерткіштеріне Енисей өзені, Тува республикасы, Алтай, Хакас облысымен, Краснояр өлкесі территориясынан табылған ескерткіштер жатады. Енисей ескерткіштері көлемі жағынан 10-15 жолдар, кішілері 1-2-3 жолдардан тұрады. Енисей ескерткіштері Ү-ҮІІ ғасырды қамтиды.

ҮІ ғасырда Жетісу Алтай, Орта Азияны мекен еткен ру-тайпалар бірігіп, Түрік қағанаты дейтің үлкен мемлекет құрды. Зерттеушілердің айтуынша «түрік» деген халықтың аты 542 жылдан белгілі болса керек. Түрік қағанатының қоғамдық экономикалық, саяси-әлеуметтік өмірінде сол кездері жаугершілік дәстүр маңызды орын алады. Олардың алғашқы көсемдерінің бірі – Бумын қаған айналасындағы көрші елдерді өзіне қаратады. Қағанаттың орталығы Орхон өзенінің жағасында болады. Истеми қағанының тұсында елдің территориясы бұрынғыдан да ұлғайып, әскери қуаты арта түсті. Көп ұзамай, өзара қырғын соғыстар басталады да, қағанат екіге бөлінеді. Батыс түрік қағанаты аварларды батысқа ығыстырып, Еділ, Жайық бойын өзіне қаратты. Білге қаған мен оның інісі Құлтегін осы ұлан – ғайыр қағанаттының тәуелсіздігін Таң шабуылынан үнемі қорғап келді. Батыс түрік қағандығын құрған әр түрлі тайпалар кейіннен қазақ халқының құрамына еңгені тарихтаң белгілі. Осы кезеңінің саяси – қоғамдық, әдеби өмірін баяндайтың жазба ескерткіштер бізге жетіп отыр. Солардың бірі-«Күлтегін», «Білге қаған», «Тоныкөк» дастандары.

Құлпытасқа жазылған осы ескерткіштер Орхон – Енесей жазбалары деп аталады. Бұлардың авторы Иоллығ – Тегін дейтін шежіреші екендігі белгілі болып отыр, бірақ қайда туып, қашан өлгендігі жөнінде еш мағлұмат жоқ. Шамамен ҮІІІ ғасырдың орта шенінде өмір сүрген болу керек. Жазба ескерткіштердің мазмұнына қарағанда оның өз заманында білімді адамдардың бірі болғаны байқалады. Білге қаған інісі Күлтегін қайтыс болғаннан кейін оны өмірлік есте қалдыру үшін шетжұрттан шеберлер алдырып, Қожа – Сайдам ойпатына үлкен ескеркіш орнатады да, мұндағы өсиет сөздерді өз ағайыны Иоллығ- Тегінге жаздырады. Кейіннен Білге қаған қайтыс болып, інісінің қасына жерленеді. Осы ескерткіштің текстін жазған да Иоллығ- Тегін.

«Күлтегін» ескерткішіне дейін де халық жадында сақталған ежелгі бабаларымыздың ерлік істерін, тұрмыс салтын жалпы жұртқа паш ететін шежірелер болуы ықтимал. Бірақ бұл жөнінде әзірше мәлімет жоқ. Автор түркі тарихын олардың саяси аренаға шыққан кезі – ҮІ ғасыр ортасынан бастайды, яғни түркі ордасын құрған дәуірден бергі 200 жылдық тарихты сөз етеді.

Тасқа жазылған дастандардың тәлім тәрбиелік идеясымен астарлас рухани мұраның бірі – Қорқыт ата тағылымдары. ҮІІІ-ІХ ғғ. төңірегінде Сырдарияның орта және төменгі бойын жайлаған Оғыз –Қыпшақ тайпаларының мемлекеті болды. Оғыздар арасынан шыққан әйгілі күйші, музикант, жыр алыбы, аңыз кейіпкеріұзақ өмір сүріп , жазымышқа қарсы күресіп, адамның мәңгі жасауын арман етіп өткен кемеңгер ғұлама Қорқыт еді.

Өлім қатері, одан құтылу туралы өзінің асыл ойлары мен тебіреністерін қобыздың зарлы әуеніне қосқан Қорқыт туралы аңыз – жырлар, бізге жеткен «Қорқыт ата кітабы»- Орта Азия, Қазақстан мен Әзірбайжан халықтарының аса көрнекті жазба ескеткіші. Қорқыттың музыкалық- этнографиялық мұрасы бұрынғы кеңес одағы мекендейтің түркі тілдес халықтардың барлығының ортақ рухани игілігі. Қорқыт ата тағылымдарында тәлімдік мәні күшті түрлі афоризімдер, қанатты сөздер, ұстаздық ұлағаттар көптеп кездеседі. Бұлар тек тарихи этнографиялық тұрғыдан ғана емес, сонымен бірге осы аймақтағы халықтардың ілкі орта ғасырлардағы тәлім – тәрбиелік ой пікірлерінің өзіндік ерекшелігін бейнелейді. Қорқыт есімі көшпелі қазақ жұртының арасында ерте заманнан- ақ қастерленіп келеді. Сондықтанда халқымыз;

Жыраудың үлкен пірі – Қорқыт ата,

Бата алған барлық бақсы, ақын асқан ата.

Таңқалып жұрттың бәрі тұрады екен,

Қобызбен Қорқыт ата күй тартқанда,-

деп тегін жырламаған. 1980 жылы Сырдарияның төменгі сағасында Жосалы станциясының солтүстік –батысына таман Қорқыт мекенінен бір жарым шақырым жердегі оның зиратының басына тамаша ғимарат ескерткіш орнатылуы оған деген құрметтің белгісі.

Қорқыт ата нақылдарында тәлім – тәрбиелік сипаттағы ақыл – кеңестер әр қырынан сөз болады.

Қорқыт ата жеткіншек жас өспірімдердің жанымен қоса тәнінің шынығуына, елі мен жерін жан – тәнімен сүйіп, оны қасықтай қаны қалғанша жаудан қорғайтың жаужүрек батыр болғаның аңсайды. Осыған орай ол былай дейді: «Жол қиындығын көрмеген, жабы мінген жігітке Кавказ арғымағын мінгізуден келер пайда жоқ . Қолына өткір қылыш алып, соны жұмсай білген қорқаққа қылыш сермеп күшінді сарап етпе. Батыр туған жігіттің садағының оғы да қылыштай кесіп түседі...Қолына ұстаған болат қылышын мұқалмасын. Жауға атқан садағың өткір болсын». Кемеңгер дала ойшылы жас жеткіншектің көпшіл, қонақжай, ата жолын қуған ақ – пейіл адам болғаның қалайды.

От басы, ошақ қасының, үй іші тыныс тіршілігінің берекесі, ұрпақ тәрбиесінің әйел жұртының кескін – келбетімен қатар, әдепті, көрегенді, адамгершілік, иман жүзділік қасиеттерімен де тікелей байланысып жатады. Осыған орай Қорқыт ата әйелдердің төрт түріне берген сипаттамасы психологиялық жағынан ерекше көңіл аудартады.
Бақылау сұрақтары

1. Көне түркі жазба ескерткіштетеріндегі тәлім-тәрбие идеялары.

2.Қорқыт-ата мұрасындағы тағлым мәселелері. (ІХ ғ.)

3.Қорқыт ата нақылдарында тәлім – тәрбиелік сипаттағы ақыл – кеңестер.


3-лекция тақырыбы: Әл-Фарабидің (870-950) педагогикалық идеялары.
Жоспары:

1.Әл-Фараби – дүние жүзі мәдениеті мен ғылымының негізін салушы.

2.Әл-Фараби еңбек тәрбиесі туралы.

3.Әл-Фараби мұрасының зерттелу жайы.



Лекция мазмұны: Әбу-Насыр әл Фараби - өмiр сүрген заман Шығыс әлемiнде бүкiл араб халифатында гылым мен бiлiмнiң дәуірлеп тұрған кезi едi. Ұлы ғұламаның балалық, жiгiгггiк шақтары өткен қазақ даласы, әсiресе оның оңтүстiк өлкесi сол кездегi үлкен мәдени орталықтардың бiрi болатын.

ҮIII-ХII ғасырларда философиядағы басты идеялар араб тiлiнде сөйлейтiн халықтардың еншiсiне тиген едi. Осы кездерi Платон мен Аристотельдiң, Галей мен Архимедтiң еңбектерi Орта Азияда Индияға, одан сонау Испаниядағы Пиреней түбегiне дейiн араб тiлiне сан рет аударылып, көшiрiлiп, түсiндiрiлiп жатгы.

Ғалымдар өз зерттеулерінде табиғат сырларының заңдылықтарын тәжірибе жүзінде ашуға талпынады, олар Платоннан гөрі Аристотель іліміне ден қойып, оны армен қарай дамыта түсті. Шығыс философиясында сол кезде басгы үш бағыт болды. Мұның бiрiншiсi — ортодокстiк ислам (халифатгағы ұстам таптардың идеологиясы), екiншiсi — неоплатондық ағым (суфизм), үшiншiсi — перипатетизм немесе аристотелизм, яғни Аристотельдiң жолын қуушылар Соңғысы қоғамның прогрессивтiк топтарының көзқарасын бейнеледi. Осы ағымның өкiлдерi философияның мәселелердi зертгеуде алдымен табиғатгану заңдарына жүгiндi, прогреске қатысты мәселелердің бәрін табиғат заңдарынан iздедi. Осы ағымның кернектi өкiлдерiнiң бiрi Әл-Фараби болды.

Ұлы ғұлама өзінің пәлсапалық пайымдауларын негізінен идеалистік сарында өрбіткенімен, оның еңбектерінде сол дәуірдегі ғылым жетістіктерін қортыңдылайтың прогрессивтік, материалистік идеялар баршылық.

Кезінде ол болжам жасап, пікір айтпаған ғылым-білім саласы кемде – кем. Мәселен, тек психология саласында ғана жеті еңбек («Жанның мәні туралы», «Түс көру туралы сөз», «Жан туралы», «Ақыл және ұғым», «Жас өспірімнің ақылы жайлы кітап», «Ересектердің ақылы туралы кітап», «Темперамент туралы») жазған екен. Бірақ бұлар біздің заманымызға жетпеген

Фараби адамныңм жан қуаттарының табиғатың қазіргі термин бойынша тәннің құрылысына орайлас түсіндіруге тырысады. Тәннің де, жанның да иесі – жүрек, бұған мидың да қатысы бар, бірақ тәннің басқа мүшелері сияқты ми дс жүрекке бағынышты. Жүрек – тіршілік тірегі, олқан айналысы мен қимыл – қозғалыстың орталығы . Жүрекпен байланыспайтын мүше жоқ, ми да жүректен қорек алып содан кейін ғана адамның жан дүниесін басқарады. Жан туралы іліміде Фараби ұстазы Аристотельдің ықпалында болады.

Ғұлама ғалым адамның тану процестері екі басқыштан тұратыңдығын айтады. Оның біріншісі – сезімдік кезең. Бұған түйсік, қабылдау, ес процестері жатады. Фараби жан қуаттарының басты түрлеріне сипаттама бере келіп , психологияның бүдан басқада ілгері проблеммалары туралы сөз қозғайды. Мәселен ол психиканың қалайша өсіп жетілгендігі жайлы мәселеге де ерекше мән береді. Жан – айрықша сапада тұрған қасиет. Жануармен адамның тән құрылысының өзгешелігіне қарай олардың жан қуаттарыда өзгеше болады. Материялдық элементтердің қосындысынан жануар психикасы түзілген. Осы элементтердің ең жоғарға қосындысынан барып адам психикасы пайда болған. Адам-жанды дүниенің теңдесі жоқ туындысы. Оның жануарлардан негізгі айырмашылығы ақыл – парасатпен сөйлей алу қабілеті, өнермен, белгілі кәсіппен айналасуы. Адам қоғамнан, түрлі топтардан тыс өмір түсіре алмайды, оның бар тіршілігі адам қауымының арасында өтеді. Жеке адам өзінің тілек талпынысымен, мұң – мұқтажын жеке жұріп қанағаттандыра алмайды. Сондықтан ол басқа адамдармен қарым – қатынасқа түседі. Өйткені жеке жүрген адамның тәні де, жаны да ойдағыдай дамымайды.

Ұлы ойшылдың еңбектерінде бала психикасы қалайша дамып, жетілетіндігі жөнінде қызғылықты пікірлер көп. Баланың жасы өскен сайын оның ақылы да, яғни тәнімен бірге жаны да өсіп отырады. Мұның бәрі оның тіршілік қажетінен туындайды.

Фарабидің психологияның түрлі салалары (әлеуметтік, музика, өнер, медецина, т.б.) жайлы айтқан салиқалы пікірлері, сондай – ақ психологиялық терминдердің жүйесін жасағандығы жайлы мәселе өз алдына бір төбе.

Әл-Фараби «Қайырымды қала тұрғындарын ың көз қарастары жайлы трактатында» қала адамдарының әр түрлі топтарына жеке- жеке сипаттама беріп бұларды қоғамдық психологияның негізгі котегориялары ретінде ұсынып, талдау жасайды.

Адам – қоғамның ажырамас бөлшегі. Ол қоғамнан тыс өмір түсіре алмайды, өйткені белгілі бір топтың мүшесі. Адам өмір түсіру үшін көптеген нәрсеге мұқтаж болады. Мұның бәрін ол жалғыз өзі жасай алмайды, сондықтан да ол басқалармен қарым –қатынасқа түсуі қажет. Адам өсіп -өне келіп, түрлі топтарға, қоғамдастыққа бірігеді. Осындай қоғамдардың бірі- толық, екіншісі – толымсыз, яғни толық емес қоғам деп аталады. Толық қоғамның өзі үшке бөлінеді. Олар: үлкен, орта және кіші қоғам. Үлкен қоғам жер бетін мекендеуші барлық адамдардың қауымдастығы. Орта қоғамға белгілі бір халық, тайпалар бірігеді. Ал кіші, шағын қоғамға жекелеген қалалардың тұрғындары, ондағы көшелер мен жеке үй тұрғындары кіреді. Мұндай қоғамның ең шағын түріне отбасы жатады.

Ғұлама қайырымды, қайырымсыз қала тұрғындарының тұрмыс – тіршілігіне талдау жасап, ондағы жекелеген топтардың әлеуметтік жағдайын, атап айтқанда олардың нендей кәсіппен айналысатындығың, тұрмыс салтың, өмір түсіру ерекшеліктерін саралайды. Сөйтіп Әл- Фараби әр алуан топтың өкілдері туралы сөз қозғап, қоғамдық психологияның іргелі мәселелерін күн тәртібіне тұнғыш қоя білген Шығыс ғұламасы.

Әл-Фарабидің шығармашылығындағы психологиялық тұрғыдан маңызды ғылыми проблемалардың бірі – оның музыка жайлы толғаныстары. Ол өз еңбектерінде, әсіресе, «Музыканың үлкен кітабында» әуездің адам сезімдеріне қалайша әсер ететіндігі, оның жағымды, жағымсыз көңіл – күйлерін қалайша туғызатындығы, адамның көріксіздікті бағалай алуы, музыйканың адам организімін бірқалыпты күйге келтіретіндігі жайынан сөз қозғайды.

Ұлы ғұламаның музыка ғылымы түріне сипаттама бере келіп, психологияның бұдан басқа ілгері проблемалары жөнінде сөз қозғайды. туралы айтқандарына қысқа түрде психологияның талдау жасай келiп, төмендегiше түйсiк жасауға болады:

1) музыкалық — адамның жан-дүниесiне көркемдiк жағынан әсер етуде таптырмайтын құрал.

2) музыкалық әуендер жақсы мiнез-кұлық нормаларын, адамның армандары мен мұратгарын калыптастыруда елеулi роль атқарады;

3) Ән мен музыка адамда көркем адамда эстетикалық сезiмдердi туғызу арқылы кiсiнiң өзiн өзi тәрбиелеуіне бойдағы нашар қасиеттерден арылуына ықпал етедi;

4) музыканың дарын гуыстан болатын қасиеттерімен қатар өлшеусiз еңбекпен үздiксiз жаттығу мен дайындықтардың жемiсi;

5) Музыка теориясының есту түйсiкетерiн дамыту елеулi роль атқарады.

Әл-Фараби түсінігі, ғылым, өнер, музыка атауларын бәрі – бәрі – зор дарын, арнаулы қабілеті, өлшеусіз етуінің жемісі. Дарындылық ақыл парасат, қиял қиюласы келіп отырса ғана нағыз өнер туындайды, ол адамды азқиқатқа жетелейді.


Бақылау сұрақтары

1.Әл-Фараби – дүние жүзі мәдениеті мен ғылымының негізін салушы.

2.Әл-Фараби еңбек тәрбиесі туралы.

3.Әл-Фараби мұрасының зерттелу жайы.


4-лекция тақырыбы: ХІ-ХІV ғғ. тәлім-тәрбиелік мұралар
Жоспары:

1.Жүсіп Баласағұнның, Махмұд Қашғаридің, Ахмет Иүгенекидің, Ахмет Яссауидің, Сайфи Сараидің трактаттарындағы оқыту және тәрбиелеу мәселелері.



Лекция мазмұны: Х-Х Амудария мен Сырдарияның төменгi ағысынан бастап, Шығысында Жетiсу мен Кашарға дейiнгi кең өлкеде екi ғасыр бойына түрік тайпасының Қарахан мемлекетi өмір сүрдi (астанасы Баласағұн каласы). Алғашқы-феодалдық турiк мемлекеті экономккалық әлеуметгiк, саяси мәдени, ғылым-бiлiм жақсы жолға қойылған едi. Мұндағы акын жазушылар, ғұлама ғалымдар, сәулетші, сол сол кезегi түрiк дамуына зор үлес қосты. Осылардың арасында бұрынғы кеңес одағын мекендеген түрiк тектес халыкгардың тәлім пiкiрлерiнің iлкi бастау, түп төркiнi болып табылатын рухани мұралардың iшiндегi комақтысы-Ж.Баласағұнидің (Хғ). «Кұдатғу бiлiк» атгы шығармасы. Бұл — дидактикалык және этикалык жанрда жазылған шығарма. «Кудатғу бiлiк» - турiк сөздерi. Мұның бiрiншiсi «Кұдатғу» сөзі «кұт», «бақыт», «құтты» деген мағыны, екiншiсi — «бiлiк» , ягни «бiлiм», «кiтап » деген мағынаны бiлдiредi. «Кудатғу бiлiктi» казақша «Құтты бiлiк» - «бiлiмдi кұтайтушы кiтап» немесе «бақытқа жету ғылымы» деуге болады. Дастан 85 тараудан, 6645 өлең жолынаң (бәйттен) тұрады. Шығарма көшпелi қазактарда айтыс жанрлардың тууы жайында да кызық деректер бередi. Дастан Қарахан мемлекетiн нығайту, оның даңқын зорайту мақсатында жазылған. Ж.Баласағунидың моральдық-этикалык, психология-лық кағидалары Ибн Сина мен Әль Фараби iлiмiмен сабактасып жатады. Өйткені аталмыш дастаннан да адамдарды мемлекет көздейтiн негiзгi шаралардың бiрi зұлымдық барып тұрған әлеуметгiк ауру, оны оқу-тәрбие аркылы ғана жоюға болады. Адамдардың жаксы қылықтары мен қасиеттерiн жетiлдiре берсе қоғамды да, мемлекеттi де жақсартуға болады дейтiн ағартушылық идея аңғарылады. Дастаннан әлем төрт турлi элементтен жер, су, ауа, оттан куралған, мемлекет ел билеушiден әдiлет, дәулет, қанағат, парасат сияқты төрт қасиет тугел табылса онда мұндай басшысы бар елдiң қойының үстiне бозторғай жұмырткалайтын болады, оның әділдiгi тек барша жұртты ғана бакытқа жеткiзбейдi, сонымен бiрге кiмнің өзiн де бакыггы етедi, атын бүкiл әлемге жаяды. Бiлiм мен акыл әдiлетке қосақтасып журуi тиiс. Бұларсыз дәл заң шығаруға болмайды.

«Құтты білікте» Қарахан мемлекетінің ел билеген басшылары мен игі жақсылары жайлы айтылады. Автор бұларды жұртқа үлгі етіп ұсынады, оларға еліктеу қажеттігін еске салады. Жүсіп басшы атаулыға тиянақты білім, мол тәжірибе қажет дейді: «Ақылмен іс қылған бек елге сүйкімді келеді» «Халқының аурытпалығын олармен бірге көтерген адам – басшысының төресі», «Жақсы қызметкер төменнен төрге барады», т.б. осы түйіннің дерегі, Әрбір басшы, ел билеуші жан – жақты, әмбебап білімді, ақыл ойы ерекше жетілген, білгір адам болуы шарт. Ел басы, халық ағасының табанды да қайсар, ерік жігері күшті адам болғаны абзал.

Дастанда көтерілген тәлімдік маңызы зор келесі бір мәселе – адамның мінез-құлқы, оның қоғамдағы орны жәйттер. Адам – бұл дүниеге қонақ, оның өмірі өткінші, сондықтан ол артына ылғи жақсы сөзбен жақсы ісін қалдырып отыруы қажет. Бұл үшін ол әр кез жаман қылықтан сақтанып, адалдықпен жұріп – тұруы тиіс. Екі жүзді болмай, сөз бен істі бір жерден шығару керек.

Ілкі ортағасырылық Қазақстанда «Құтты білікке » тілім – тәрбиелік мағынасы жағынан үндес басқа туындылары да болған. Бұлардың қатарына Махмұд Қашқари, Ахмет Жүйенеки, Қожа Ахмет Иассауилардың шығармаларын жатқызуға болады. Мәселен Қашқари қаласының тұрғыны, ғұлама – ғалым Махмұд Қашқаридің «Диуан лұғат-ат түрік» атты сөздігінде екі жүздени астам өлең, үш жүзге тарта мақал мәтедлдер, сондай-ақ Орта Азия, Шығыс Түркістан ,Қазақстанды Мекендеген халықтардың әлеуметтік және мәдени өмірдің әр алуан салалары туралы қызғылықты деректер көптеп кездеседі. «Сөздіктегі» ғылым –білім, әдеп, тәлім – тәрбие, моралдық психологиялық сипаттағы ой пікірлер Әл – Фараби, Жүсіп Баласағұни идеяларымен астастырылып жатады. Одан адамның кейбір жекелеген жаман қасиеттері айыпталып, ерлік, ізгілік, әділдік, ақ ниеттілік секілді кісінің әр түрлі жақсы қасиеттері дәріптеледі. Автор жастарды батыр, ержүрек, отан сүйгіш болып өсуге шақырады. Тіршілік пен еңбек етуді сүйетін, ел бірлігі мен азамат тірлігін қастерлейтің, білімге құштар, өз бақыты үшін күресетің қарапайым адамдар-«Сөздік», мазмұнының негізгі арқауы. «Диуанның», көптеген тұжырымдары «Құлтегін», «Тоныкөк», «Білге қаған», сондай- ақ «Құтты білікпен» үндесіп жатады. М.Қашқари түрік этносы жайында зор мақтаныш, мақсаттану сезімімен айтады. Олардың ата мекеніне, отанына, өзінің шығу тегіне деген патриоттық сезімі этностық сана сезімі қаншалықты биік деңгейде болғаның жақсы байқауға болады. «Адамға дәулет пен данқ - дұшпан», «Жақсы киімің болса өзің қи», «Жоғалған затқа қайғырма», «Құрмет қылсан қонаққа, артады даңқың халыққа» «Беттің көркі мен көріксіздігіне қарама, адамның тәрбиелігіне имандылығына қара», т.б. осы іспеттес имандылық мазмұндағы тәліми сөздердің психологиялық астары терең, бұларда адамның ойлауы мен жұріс тұрысы, қасиеттері жан – жақты сөз болады.

Қазіргі Түркістан маңындағы Жүйнек қыстағының шыққан Ахмет Жүйнекидің «Хибатул хакайык» атты еңбегі барлық түркі тілдес халықтарға ортақ дүние болып табылатың осы шығарма бұрынғы дастандармен салыстырғанда өзінің бұқаралық, яғни кедей – кепшіктің мұн – мұқтажын көрсетумен ерекшеленеді. Іштен соқыр боп туған ақын тіршіліктегі өмірдің әсемдігін жырлайды, адамгершілікпен, имандылықты, ізгі істерді, қарапайым адамдардың ұнамдыіс - әрекеті мен жарасымды мінез- құлқын дәріптеп, білім алу жалпы, адамзат үшін, әсіресе бұхара халық үшін зор игілік болуы тиіс бейді. 5000-дей өлең жолынан тұратың дастанның бірінші бөлімінде білімнің пайдасы мен надандықтың зияны туралы ақыл – кеңестер берілді.

Қазіргі Оңтүстік Қазақстан обылысының көне Испиджаб, қазіргі Сайрам жеріндедүниеге келегн Қожа Ахмет Иассауи, алғашында ғылым – білімді жергілікті ғұлама шайқы Арыстан бабадан алады. Есейе келе Бұхардағы Жүсіп Хамаданидан сопылық білімін тереңдетіп , сопы ретіңде Иассы қаласына келіп «Иассауишілік » діни тақуалы ағымының негізін салады. Қазақжерінің ортағасырлақ мәдениетінің дамуына Иассауи жазған «Диуани Хикмет» елеулі орын алады. Бұл оғыз- қыпшақ тілінде сол кездегі көпшілік бұхара халыққа түсінікті тілмен жазылған шығарма. Кезінде Орта Азиядан бастап Еділ жағалауына дейінгі көшпелі түркі тайпаларының арасында кең тараған. Мұнда өлеңмен 149 хикмет берілген Иасссауидің өсиеттерінің толық нұсқасы Қазан басылымы болып табылады. Ең ескі нұсқасы ХҮ ғасырдың орта шенінде арап қарпімен көшірілген. Жыр жолдарында оның туған күнінен бастап алпыс үш жасқа дейігі өмір жолы баяндалады.


Каталог: sites -> default -> files -> kitap
kitap -> Л. С. Динашева K. У. Қарабаева Әлемдік өркениеттер тарихы шымкент 2016
kitap -> «Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістемесі» пәнінен (дәріс жинағы) Шымкент-2017ж
kitap -> ТҮсіндірме жазба пәнді оқыту
kitap -> Жумадуллаева А. А.,Өтеген Қ. О.,Сыдыкова З. Е. ҚАзақ этнопсихологиясы шымкент 2016
kitap -> ТӨлеген ұ. Ш., Жанысбеков м.Ә. ҚАзақстанның Қазіргі заман тарихы пәнінен студенттердің даярлығын жетілдіру
kitap -> Естественные и педагогические науки
kitap -> Қалмұрзаев қ. С, Орынбасар қ. О., Рахымбаев б. О. ҚАзақ КҮресінің ОҚыту әдістемесі
kitap -> ТҮсіндірме жазба пәнді оқыту


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет