Р. Д. Дарібаева Қазақстандағы педагогика ғылымының дамуы


Ғұмар Қараштың педагогикалық көзқарастары. (1875-1921 жж.)



бет3/4
Дата14.02.2018
өлшемі0,7 Mb.
#37658
1   2   3   4

Ғұмар Қараштың педагогикалық көзқарастары. (1875-1921 жж.) Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстанда қоғамдық-саяси, ағартушылық-педагогикалық ой-пікірдің дамуына өзінің өлшеусіз үлесін қосқан ХХ ғ.бас кезіндегі қазақ әдебиетінің ең көрнекті қайрат керлерінің бірі, ағартушы, педагог Ғұмар Қараш болды. Көп жылдар бойы оның педагогикалық-ағартушылық қызметі, сол кезеңнің көкейтесті мәселелерін көтерген еңбектері коммунистік идеологияның тікелей әсерімен тең басып, кітап қоймаларының түкпір-түкпірінде қажетсіз болып жатты. Халық тарихы мен оның рухани мұрасына балта шапқан коммунистік партияның идеологтары Ғ.Қараштың есімін жазуға да, айтуға да тыйым салды. Тарихи ақиқаттың орнауы нәтижесінде Ғ.Қараштың құнды мұралары ортамызға қайтып оралды.
Ғұмар Қараш 1875 жылы Бөкей Ордасындағы Қырқұдық деген жерде (қазіргі Орал облысы, Казталов ауданы) сіңірі шыққан кедей шаруаның әулетінде дүниеге келген. Әкеден жеті жасында жетім қалады. Жастайынан өз халқының фольклорлық бай қазынасына құштар болған ол небір жыр, киссаларды ой-санасына сіңіріп өседі. Сол заманның талабына сай орта дәрежелі діни білім алады. Жалпақдаладағы Ғұбайдолла Ғалікеев хазіреттен дәріс алып, сол басқарған медресені бітіреді. Халыққа қызмет етуді өмірінің мақсат-мұраты санаған азамат ақын 1918 жылы елге нақты қызмет ету, әлеумет тік-ағартушылық өмірге белсене араласу жолына ойысады. Ғұмар Қараш жәдид оқуды ол күнде медреседе деп аталатын өз мектебіне енгізіп, пән сабақтарын жүргізіп, әсіресе, орыс тілі, табиғат, жаратылыстану пәндеріне өте-мөте көңіл бөледі екен.

Ғұмар Қараш оқу үрдісінде хат таныту әдістерін үйретіп, қараны дұрыс таныту жолын, онымен қатар мағынасына түсініп, мәнерлеп оқуға өлеңді сөздерді әнге салып оқып, әнге үйретеді, соған жаттықтыруды тапсырып отырған. Пән сабақтары ішінде жаратылыстану, табиғат, жағырафия сабақтарының оқыту әдістеріне тоқталып, оларды түсіндіріп оқытуға тырысатын.


Бақылау сұрақтары

1. С. Торайғыров, Ш. Құдайбердиев, М.Ж. Көпеев, Ғ. Қарашев және т.б. педагогикалық ой-пікірлері.



Әдебиеттер тізімі:

1.Жарықбаев Қ. Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. А. Санат. 1995.

2. Әлсатов Т. Орта ғасыр ойшылдарының педагогикалық ой-пікірлері. Тараз. 1999.

3. Молдабаева М. Халықтық салт-дәстүр немесе қазақ феномені. 2003.

4. Бержанов Қ. Мусин С. Педагогика тарихы. А. 1986.

5.Ақынжанова М. Қазақ ағартушылары. А. 1995.



9-лекция тақырыбы: Қазақстанда Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында шыққан педагогикалық еңбектер (20-жылдар)
Жоспары:

1.Алаш қайраткерлерінің педагогикалық мұралары

2.Алаш қайраткерлерінің тәлімгерлік ой – пікірлерінің педагогикалық

негіздері.

2.Алаш қайраткерлері еңбектерінің жалпы білім беретін мектеп

процесіндегі бүгінгі көрінісі.



Лекция мазмұны: 20ғ барысында импералистік патшалы Ресейдегі саяси -әлеумет тік жағдайлар шиеленісе түсті. Халықты қанау басым сипат алды. Ел арасында толқулар басталды. Қазан төңкерісіне дейін шыға бастаған «Дала уәлаяты» (1889 –1902 жж), газеті «Айқап» журналы мен «Қазақ» газеті (1911-1916жж) және басқа да басылымдар қазақ халқының ұлттық ерекшеліктер, мәдениеті, ғылымы, тарихзы мен этнография хахында аса маңызды ой –пікірлер жариялап отырды.

Ұзақ ғесырлардан бері келе жатқан қазақ педагогикасының қоғамдық өмірдің қажеттілігіне айналуына бағытталған туындылар: М.Жұмабаевтың «Педагогика», А.Байтұрсыновтың «Оқу -құралы», «Сауат ашқыш», «Тіл құралы», Ж.Аймауытовтың «Тәрбиеге жетекші», «Психология» атты еңбектері, С.Көбеевтің, Н.Құлжанованың, М.Әуезовтың, М.Дулатовтың, Қ.Жұмалиевтың, М.Ғабдуллиннің, Ә.Марғұланның т.б шығармалары жас ұрпақтың бойына ұлттық сана – сезім көзқарасын қалыптастырды.

XX ғасырдың басындағы қазақ халқының тарихы өзінің аса күрделі әлеуметтік және қоғамдық-саяси қайшылықтарымен ерекшеленеді. Сонымен қатар рухани азаттық пен демократиялық-ағартушылық идеяларға толы бұл кезең халқымыздың небір алып ой иелерін жарыққа шығарған шын мәніндегі қазақ ренесансы дәуірі болды. Осы дәуірді оқушы қауымының ой-санасына жеткізу мақсаты алға қойылды.

Ұлттық педагогикамыздың маңызды бір бөлігі болып есептелінетін азаттық пен тәуелсіздіктің күрес жолына, ағартушылыққа шақырған ірі қоғам қайраткерлерінің педа гогикалық ойларының өзіндік даму, қалыптасу жолын тұтас та толық, белгілі жүйемен жинақты түрде зерттеу көкейкесті мәселенің бірі. Ширек ғасыр аралығында ғана дамыған қоғамдық-саяси, оқу-ағарту саласындағы тұжырымдары мен бір ғасырлық мерзімге жүк боларлық көкейкесті мәселелерді заман сахнасына көтерді. Атап айтқанда олар: ұлттық тәуелсіздік, өзін-өзі басқару, құқықтық мемлекет принциптерін қазақ қоғамына енгізу, ағарту ісін жақсарту, мектеп оқулықтарын баспадан шығару сияқты биік мұрат, мақсаттардан тұрады. Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін олар баспасөзді таңдап алды.

XX ғасыр басындағы ой-сананың даму үрдісінде мейлінше қуатты күшке айналған, азаттық жолындағы күрес әдіс-тәсілін ұйымдастыру орталығы болған «Айқап», «Қазақ» газеттерінің рөлі көрсетілді. Қарастырылып отырған күрделі кезеңде қоғамның ізгілікті даму бағытын армандаған зиялы азаматтар - өз халқын жалпы адамзаттық биік рухани қағидаларға баулып, өркениет биігінен көргісі келген нағыз ұлтжанды қайраткерлеріміз Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулатов, Жақып Ақбаев сияқты қоғам қайраткерлері бостандық идеяларының нағыз жаршылары бола білді. Олар халқын қараң ғылықтан алып шығар жол - оқу-білім екенін дәріптеді. Заман қажеттілігін өтеу үшін педагогика сахнасына шықты. Ахмет Байтұрсынов «Қазақша оқу жайынан» атты мақала сында былай деп жазады: «Әуелі біз елді түзеуді бала оқыту ісін түзеуден бастау керек, неге десек, болыстық та, билік те халықта».

Қазақ халқының ауызекі шығармашылығын ертедегі қазақ даласының ойшылдары мен ағартушыларының, әлемге белгілі педагогтардың тағылымдық мұраларындағы құнды идеялары мен салиқалы көзқарастарына сүйене отырып, олардың құнды шығармаларынан рухани нәр алады. Жан-жақты зерттеу олардың өзіндік ерекшелік тері мен бастау көздерін анықтауға мүмкіндік берді.

Ахмет Байтұрсыновтың жан-жақты энциклопедист ғалым, жазушы, қоғам қайрат кері, педагог, журналист болғандығын дәлелдейді. Біз Ахмет Байтұрсыновтың сан-салалы еңбектерінің ішінде педагогика арнасына тоқталмақпыз.

Ахметтің ұлылығы ұлт ұстазы дәрежесіне көтерілген еңбегінде, Ақаң ұлы ұстаз теоре тик ретінде бала тәрбиесінен бастап, ұлттық санаға дейінгі педагогикалық мәселелерді жан- жақты зерделеді. Ойымыз дәлелді болу үшін Ахмет Байтұрсыновтың мына пікірін келтірейік: «Бұл заманда қолы жетпегендерді теңдікке жеткізетін, әлсіздерге күш беретін, өнер-білім, сол өнер-білімді үйренсек, тұрмысымызды түзетіп, басқалардың аяқ астында жаншылмас едік» -деп армандайды. Ахмет Байтұрсыновты үстіміздегі ғасырдың алдыңғы онжылдықтарындағы қазақ қауымы көшінің басшысы етіп танытқан – оның қазақ халқын іргелі жұрт қатарына қосу үшін жүргізген күресі және сол күресте ұстаған бір қаруы -ағартушылық идеясы болды». Халықты ояту, оның санасына, жүрегіне, сезіміне әсер ету жолдарын іздеген ғалым-педагог А.Байтұрсыновтың 40 беттік қазақша әліппесі «Оқу құралы» деген атпен 1912 жылы Орынбор қаласында М.Ш.Кәрімов пен Ш.Құсайыновтар баспасында жарық көрді.

Туған әдебиетіміз бен мәдениетіміздің бақ-мерейіне туған санаулы да халқымыздың аяулы перзенттерінің бірі – Жүсіпбек Аймауытов. Ол қоғам қайраткері, суреткер ақын, жазушы, драматург,аудармашы, зерделі зерттеуші -ғалым, дарынды педагог, майталман өнер санаткері, әнші, педагог-ғалым. Педагогика саласында Жүсіпбек білгірлік танытып, өз тәжірибесін ұтымды пайдаланды. «Жан жүйесі өнер таңдау» атты еңбегінде былай деп жазды: «Адамның басы алланың добы да емес. Адам өзінің ыңғайымен, еркімен қызмет етеді. Іштен туғаннан-ақ белгілі бір өнерге, қызметке икем болып туады. Басқаша айтқан да, әр адамда бір нәрсеге талап, ыңғай, қабілет, яки зеректік болады. Біреуі бала оқытуға, біреуі етік тігуге, біреуі әкім болуға, біреуі мал бағуға, біреуі іскерлікке, біреуі жазушы лыққа, біреуі дәрігерлікке, біреуі саудаға, біреуі сөзге, біреуі дауға ыңғайланып жаралады. Ж.Аймауытовтың «Психология» атты еңбегінде баланың жан дүниесінің қалыптасуына, әсіресе, оның дүние есігін алғаш ашқан кезеңінде әке- шешенің тәрбиелік рөлі ерекше маңызды екендігі айтылады. Ол баланың жақсы өнегені, тәрбиені біртіндеп жинайтынды ғын, жақсы, жаман қылық та ата-анадан жұғатындығына ерекше мән береді.

Ж.Аймауытов тәлім-тәрбие саласындағы ой-пікірлерін өзінің мақалаларында жалғастыра ды. «Тәрбие» атты көлемді мақаласында тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерді ғылыми тұрғыда баяндайды.

Ұлттық педагогика ғылымының ірге тасын қалаған ғалым-педагог М.Жұмабаев ұзақ жылдардан соң мынау алды кең, тынысы еркін бетбұрыс заманының есігін айқара ашып, ортамызға қайта оралды. Педагогика жөнінен алғашқы іргелі ғылыми еңбек, әрі мұғалім дер мен жоғары мектеп шәкірттеріне арналған оқулық болып табылатын «Педагогика» оқулығы тұңғыш рет 1922 жылы Қызылжар қаласында жарық көрді. Оқулықты даярлаған да Мағжан сол кездің көрнекті педагог-психологтары С.Д.Рубинштейннің, А.А.Смирнов тың т.б.зерттеулеріне сүйенгенмен, өзінің ұстаздық тәжірибесі, Омбы қаласында мұғалім дер семинариясында және өз бетімен зерттеп оқы ған арнайы әдебиеттерді, әр ел ұстаз-ойшылдарының ойын, оның ішінде бала лардың жан дүние қасиеттері және тәрбиесі туралы ойларын сыни көзбен қарастырып, шығармашылықпен жазып шыққан. М. Жұмабаевтың ұлттық мектептегі құру оны қалыптастыру туралы жазған еңбегінің бірі. «Жазылашақ оқу құралы һәм мектебіміз». Ол «бір елдің тағдыры мектебінің құрлысына байланысты. Қазактың тағдыры келешекте ел болуына мектебінің қандай негізге құры луына барып тіреледі. Мектебімізді қазақ жанына қабыса тын, үйлесетін негізге құра білсек, келешегіміз үшін тайыбай-ақ серт тесуге болады» дейді. М.Жұмабаевтың педагогикалық мұраларының ішінде тағы бір құнды еңбегі «Сауатты бол», ересектердің сауатты болуына қолғабыс болатын кітабы. Ол 1926 жылы Мәскеу қаласында басылып шыққан. М.Жұмабаевтың бұл еңбегі А.Байтұрсыновтың «Әліп-би» атты еңбегімен астасып жатыр. Сонымен қатар оқулықта А.Құнанбаевтың, Х.Досмұхаммедовтың, С.Садуақасовтың, Б.Майлиннің т.б. ақын-жазушылардың өлеңдері, әңгімелері берілген. М.Жұмабаевтың бұл еңбегі жүйелі, тілі жеңіл жазылған оқулық.
Бақылау сұрақтары
1.Алаш қайраткерлерінің педагогикалық мұралары

2.Алаш қайраткерлерінің тәлімгерлік ой – пікірлерінің педагогикалық

негіздері.

2.Алаш қайраткерлері еңбектерінің жалпы білім беретін мектеп

процесіндегі бүгінгі көрінісі.
10-лекция тақырыбы: А. Байтұрсыновтың, М. Дулатовтың, М. Жұмабаевтың педагогикалық мұралары.

Жоспары:

1.А. Байтұрсыновтың, педагогикалық көзқарастары.

2.М. Дулатовтың, педагогикалық көзқарастары.

3.М. Жұмабаевтың педагогикалық мұралары.


Лекция мазмұны: Ахмет Байтұрсынов (1873-1937) Бүкiл саналы өмiрiн қазақ халқының бақытты, берекелi, бiрлiкшiл ел болуын аңсаған, сол жолда аянбай еңбек еткен ақын, аудармашы, тiлшi, ғалым, көрнектi қоғам қайраткерi Ахмет Байтұрсынов қазақ елiн отырықшылыққа, мектеп ашып бiлiм алуға шақырған ағартушы. Ол бiрнеше оқулықтардың авторы: (“Әлiпби”, “Тiл құралы”, “Баяншы”, “Әдебиет танытқыш” т.б.) Ол И.А.Крыловтың бiрнеше мысал өлеңдерiн аударып, 1909 ж. Петербургте “Қырық мысал” деген атпен бастырып шығарды.

А.Байтұрсынов М.Дулатовпен бiрiгiп 1913-1917 ж.ж. Орынборда “Қазақ” газетiн шығарды. Онда мектеп, оқу-ағарту iсi, отырықшылық, сауда, ел билеу iсi, Мемлекетiк Думаға қатынас мәселелерiн сөз еттi. Алдыңғы қатарлы елдердi үлгi еттi. Надандықтан құтылудың жолы оқу-ағарту iсi деп қарады. Мектептерге бiлiмдi мұғалiм кадрларын даярлауды көтердi. Қазақ алфавитiн жаңартып араб әрпiне жаңа әлiппе жасады.

Оқыту әдiстерiн жетiлдiрудi, оқытудың әдiс-тәсiлдерiн жаңартуды көредi. “Оқыту жайында” атты мақаласында “Оқу жұмысының үш жағы үш нәрсеге тiреледi. Бiрi ақшаға, бiрi құралға, бiрi мұғалiмге. Осы үш тiреуi бiрдей тең болса, оқу қисаймайды, ауытқымайды, түзу жүредi… дейдi.

Ол сауаттылықты негiзгi жазуға жаттықтыру деп қарады. Жазу дегенiмiз – әрiптердiң суретiн салу, ал оқу дегенiмiз – суретi салынған әрiптердiң дыбысын дұрыс айту. Балалар дыбысты ажыратып үйренген соң, сол дыбыстың таңбасы – қәрiптi көрсету керек. Оны меңгергеннен кейiн оқу, жазу жұмыстарының бәрiне сол тiреу болады деп балаларды оқуға, жазуға үйретудiң әдiс-тәсiлдерiн сөз еттi. 1920 ж. Қазанда “Баяншы” деген атпен тiлдi оқытудың методикасына арналған әдiстемелiк құрал шығарды.

А.Байтұрсынов оқытудың бiлiмдiлiк-танымдық жағымен бiрге тәлiмгерлiк қызметiне де баса көңiл бөлдi. Әрбiр оқылатын тақырыптардың бiлiм бере отырып, тәрби де беруiн қарастыруды талап еттi.

Мiржақып Дулатов (1885-1935)

1897 ж. Торғайдағы орыс-қазақ мектебiне түсiп, оны 1902 ж. бiтiрiп шығып 6-7 жыл ауылда мұғалiм болған Мiржақып кейiн Омбы, Қарқаралы қалаларына барады. 1909 ж. Уфада “Оян, қазақ” атты еңбегiн, кейiн “Бақытсыз Жамал” романын бастырып шығарады. “Айқап” журналына әртүрлi тақырыпта мақалалар жазып тұрады. 1913-1917 ж.ж Орынборда А.Байтұрсыновпен бiрге “Қазақ” газетiн шығарады.

Қазан төңкерiсiне дейiн, сондай-ақ Кеңестiк үкiмет жылдарында Алаш үкiметi мен партиясының белсендi қайраткерi болғаны үшiн бiрнеше рет 1922-26 ж.ж. Орынбордағы қазақ ағарту институтында оқытушы болады. 1922 ж. екi бөлiмнен тұратын бастауыш сыныпқа арналған “Есеп құралы”, 1924 жылы “Қирағат” атты оқулығын басып шығарды.

Ұлы педагог Ы.Алтынсариннiң оқу-ағарту мәселесiне байланысты идеяларын әрмен қарай жалғастырып, ол да А.Байтұрсынов сияқты оқу-тәрбие iстерiн ғылыми тұрғыда қарастырды. Оқытудың жаңа әдiс-тәсiлдерiн марапаттап, шәкiрттердiң жаңа бағдарлама бойынша бiлiм алуына, сабақтың ғылыми дидактикалық негiзде жүргiзiлуiне зер салды. Мәселен “Қирағат” атты кiтабының алғы сөзiнде “балаларды – дейдi ол – оқыту өз алдына бiр ғылым. Ғылыми педагогикада… мектеп программасында бiрiншi орыналатын нәрсе қирағат, баяндап оқыту… Қирағаттың мақсатын түсiнбеген мұғалiм үмiт еткен пайданы бере алмайды… Баланы оқыған нәрсесiн бiр-бiрiне ұйқастырып ойлануына, оқып шыққанын жадында рет-ретiмен һәм толық мағынасымен сақтауға әрекеттендiру керек”. Ал орыс педагогикасының атасы К.Д.Ушинский айтқандай, оқу-тәрбие процесiне (жазу, сызу, есептеу, оқу т.б.) шәкiрттердiң сезiм мүшелерiн (көз, құлақ, қол т.б.) тұтастай қатыстырып отыру қажеттiлiгiн мұғалiмдердiң есiне салады. Ғалым оқыту процесiндегi тәрбиенiң ролiне зор көңiл бөле келiп, “Туысынан қанша зеректiк болса да, ғылымымыз тәрбиесiз кемелiне жетпейдi. Кiмде-кiм өзiнiң табиғатында не нәрсеге шеберлiгi барлығын сезiнiп, өз жолына түссе ғана, көзге көрiнедi”…. деп мамандық таңдаудың адам қабiлетiн ескере асырылуын қалайды.

М.Дулатов өзiнiң “есеп құралы” кiтабын бiрiншiден, қазақ өмiрiмен байланыстырса, екiншiден тұңғыш рет елуге тарта материалдық терминдердi тiлiмiзге енгiзудi, үшiншiден оқулықтағы материалдардың бiлiмдiк және тәлiмдiк жағынан бiрдей қарастырылуына зер салды. Сөйтiп, М.Дулатов математикалық оқудың негiзiн салды.

Мағжан Жұмабаев (1893-1938) әрi лирик ақын, әрi аудармашы, әрi ұстаз-ғалым Мағжан Жұмабаев ондаған поэма, жүздеген лирикалық өлеңдерiмен бiрге, оқытушылық қызметтi атқара жүрiп, тұңғыш педагогикалық оқулықтар жазып қалдырды. Ол жазған “Бастауыш мектепте ана тiлi” (1925), “Сауатты бол” (1926), “Педагогика” (1922) атты оқулықтары педагогика және әдiстеме ғылымдарына қосқан тың үлес болып саналады. М.Жұмабаев орыс, батыс педагог-психолог ғалымдар еңбектерiн оқи отырып, сонымен бiрге тәрбиенiң ұлттық ерекшелiктерiн ескере өзiнiң “Педагогика” атты оқулығын жазудағы ұстанымын былайша сипаттайды: “Тәрбие ғалымдарының пiкiрлерiн (орыс, батыс ғалымдарын айтып отыр – С.Қ.) таңдап алуға ұмтылдым. Шамам келгенше қазақ жанына қабыстыруға тырыстым… Бiзде бұрын пән тiлi болмағандықтан түрлi терминдерге тап басқанда қазақша сөз табу көп күшке тидi. Қалайда курстарда оқыған мұғалiмдердiң жәрдемiмен таза орыс сөздерi қазақшаға айналдырылды. Ал ендi жиһан тiлi (интернацианалдық терминдер – С.Қ.) болып кеткен сөздерi қазақшаға аударам деп азаптануды тиiс таппадым”.

Шынында да ол кезде қазақша педагогикалық терминдар жоқтың қасы едi. М.Жұмабаев жүздеген педагогикалық жаңа терминдердi ойлап тауып, тiлiмiзге енгiзген.

Оның қаламынан сондай –ақ көптеген әңгімелер мен мақалалар, оқу құралдары мен оқулықтар : «Бастауыш мектептегі ана тілі» (1928), ” Сауатты бол”,(1926), т.б. бірнеше зерттеу еңбектері туды. Сонымен бірге оның тәлім – тәрбие ғылымының теориялық жағына төңкерістен кейін тұңғыш терең үңілушілердің бірі болуы Мағжан дарынының тағы бір қырын көрсетеді. Осы тұрғыдан Мағжан 1922 жылы «Педагогика» атты (Ташкент, Орынбор) ғылыми еңбек жазды.

Мағжан сонымен бiрге ұлт тәрбиесiне сын көзiмен қарап, тозығынан озығын айыра бiлуге шақырады.

Қорыта келе айтарымыз, Мағжан орыс педагогикасының атасы К.Д.Ушинскийше, педагогиканың жан сырын терең зерттейтiн психология ғылымы мен байланыстыра қарастырады. Сөйтiп, ол қазақтың халық педагогикасын ғылыми тұрғыда қарастырып, тұңғыш этнопедагогика ғылымының теориясын жасаушы болды.
Бақылау сұрақтары

1.А. Байтұрсыновтың, педагогикалық көзқарастары.

2.М. Дулатовтың, педагогикалық көзқарастары.

3.М. Жұмабаевтың педагогикалық мұралары.


11-лекция тақырыбы: Ж.Аймауытовтың психологиялық және педагогикалық мұрасы және оның дидактика жөніндегі мәселелері.
Жоспары:

1. Ж. Аймауытовтың педагогикалық мұрасы және оның дидактика жөніндегі мәселелері.



2.Жүсіпбек Аймауытов – жантанушы.
Лекция мазмұны: Жүсіпбек Аймауытов (1889ж., Павлодар обл., Баянаулы ауд., Қызылтау мекені, - 1913) - аса көрнекті қазақ жазушы. 1907-1913ж. Баянауыл, Кереку (Павлодар) мектепте рінде, 1914-1919ж. Семей мұғалімдер семинариясын оқыған. 1920-1921ж. ҚазССР халық ағарту комиссариатында бөлім бастығы, коллегия мүшесі. 1921-22ж. Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі, Жастайынан білімге құштар болып, алдымен ауылдағы молда дан, кейін Баянда, содан соң қалада дәріс алған. 1914 жылы Семей қаласындағы мұғалім дер семинариясына түседі де, оны 1919 жылы бітіріп шығады.Семейдегі «Қазақ тілі»газеті нің редакторы болып істеген. 1922-1923ж. Қарқаралыда мектеп мұғалімі, 1923-1926ж. «Ақ жол» газетінің редакциясында (Ташкент) бөлім бастығы. Ташкент институтында мұғалім, 1926-1929ж. Шымкент пед.техникумында директор. 1929ж. «Қазақстандағы ұлтшылық ұйыммен байланысы бар» деген сылтаумен тұтқындалып, 1931ж. атылған.

Ол Семейде оқыған жылдары жастардың ойынсауак үйірмелеріне белсене қатысып, домбыра тартып, ән салып, спектакльдер қойған, өзі басты рольдерде ойнаған. Аймауытовтың пьесаларының негізгі тақырыбы да халықтың азаттағы идеясы. Ол ескі өмірдің мешеу көріністерін сынай отырып, халықты оқуға, өнерге, білімге үндейді.

Ел адамдарын оятып, жаңа тіршілікке шақырады «Рәбиға», «Қанапия мен Шәрбануда», «Ел қорғаны», «Мансапқорлар». Аймауытов пьесалаларының ең елеулісі - «Шернияз». Мұнда жазушы қайшылықты қоғамдық ортада күрделі өмір кешкен өнер адамдарының тағдырын бейнелейді. Жүсіпбек Аймауытов оқу-ағарту мәселелеріне қатысты бірқатар ғылыми еңбектер де жазды. Оның халыққа білім беру орындарында ұстаздық, жетекшілік қызмет атқара жүріп жазған жас ұрпақты жаңаша тәрбиелеу, жаңаша білім беру мақсатын көздеген "Тәрбиеге жетекші" (1924), "Психология" (1926), "Жан жүйесі және өнер таңдау" (1926) атты елеулі кітаптары мен оқу құралдары кезінде халық тағдыры үшін ерекше рөл атқарған еңбектер болды. Психология, педагогика, әдәстеме ғылымдарын ұщтастыра оқытуға терең мән бередi.

Ж.Аймауытов 1929 ж. “Комплекстi оқыту жолдары” деген еңбегiнде баланың бiлiмге деген ынта-ықыласын, зейiн-зердесiн арттыру үшiн мұғалiмдерден төмендегi шарттарды орындауды талап еттi. Олар: жаңа берiлетiн бiлiмдi баланың бұрын меңгерген бiлiмiне негiздеу, оқушылардың жаңа бiлiмдi меңгеруiне бағыттайтын проблемалық сұрақтар қоя отырып, олардың назарын меңгерiлетiн жаңа бiлiмге бағыттау, басы артық, қажетсiз мағлұматтарды айтудан сақтану, салыстыру, теңеу, ұқсату, сияқты тәсiлдердi қолдану арқылы балалардың бiлiмге деген қызығушылығын артыру.

Жүсіпбек Аймауытов кезінде аудармашы ретінде де танылды. Ол аударған А.С. Пушкиннің, Н.В. Гогольдің, А. Дюманың, Дж.Лондонның, Г. Мопассанның, В. Шекспирдің, К. Берковичтің, С. Чуйковтың шығармалары жаңа қалыптасып келе жатқан қазақ аударма өнерінің өрісін барынша кеңейтті.

Тәрбиешіге қоғамда өте үлкен маңыз берген жазушы оны дәрігермен ғана салыстырады, тіпті, одан да жоғары қояды: ''Адамдық көзбен тереңнен тексерсе, дәрігерден де тәрбиешінің көп болғаны артық. Дәрігер адамның денесін сауықтыратын болса, тәрбиеші адамның ақылын, мінезін, жанын сауықтырады'', - дейді. Тәрбие мәселесін мемлекеттік дәрежеге көтеру қажеттігін жете түсініп: ''Тәрбиешіге Отанның келешек өмірін тапсыруға болады, себебі, тәрбие нәтижесінде ақылды адам көбейсе - Отанның күзетшісі, қорғаны'', - деп атап өтеді.

Болашақ ұрпақты озық жетістіктерге тәрбиелеу, оларға білім беру процесін сол халықтың мінез-құлқымен тұрмыс-салтын, әдет-ғұрпын еске ала отырып жүргізудің қажеттігіне Жүсіпбек аса зор көңіл бөледі.

Абайдың көрнекті шәкірттерінің бірі болған Жүсіпбек өзінің туған халқын қатты сүйсе, дәл солай оның кемшіліктерін де көрсетіп, қатаң сынға алып отырады. Мысалы, ''Қазақтың өзгеше мінездері'' деген мақаласында өз халқының бұрынғы уақыттарда ''ұйымшыл, елі жауынгер, биі әділ, намысқор, адамы әрі бітімді, қайратты, сауықшыл, досымен достасып, жауымен жауласуға табанды'' болғанын айта отырып, отаршылдық езгінің әсерінен осы мінездер өзгеріп, ''ұрлық, зорлық, өтірік, өсек, алдау, қулық, айдату, байлату, кісі өлтіру, өтірік мақтану, ынсапсыздық, тұрақ-сыздық, жалқаулық сияқты жағымсыз қылықтар'' көбей-геніне қынжылады, сөйтіп, ''ұсақтап келіп, жаужүрек батыр-ларымыздың батырлығы ауыл үйдің малын ұрлауда. Бұрынғы билердің жұрнағы кішкене дөңгелек жер болып қалды'', - дейді. Ал енді осы жағымсыз қылықтардан құтылудың ең басты құралы, Жүсіпбек түсінігі бойынша, тәрбие, оқу, білім.

Жазықсыз жапа шеккен, қазақ әдебиетi мен мәдениетiнiң көрнектi қайраткерлерiнiң бiрi Ж.Аймауытов қазақ топырағында тұңғыш шыққан педагог, психолог-ғалым. Ол бiрнеше оқулықтар мен оқу құралдарының авторы.

1918 ж. “Абай” журналының бас редакторы бола отырып, тәрбиемен байланысты бiрнеше ғылыми мақалалар жариялады. Солардың iшiнде 1922 ж. жеке кiтап болып шыққан “Тәрбие жетекшiсi” атты еңбегiн ерекше атап өтуге тура келедi. Ол еңбегiнде Ж Аймауытов “Адам мiнезiнiң, ақыл-қайратының әр түрлi болуы – тәрбиенiң түрлi-түрлi болуынан… Адам баласының ұрлық iстеуi, өтiрiк айтуы, кiсi тонауы, өлтiруi сияқты бұзақылықтарды жасауы, тәрбиенiң жетiспегендiгiнен” – дейдi.

Автор бала тәрбиесiндегi отбасының рөлiне зор мән бере келiп, “Баланы бұзуға, яки түзетуге себеп болатын бiр шарт – жас күнiнде көрген өнегеге, ата-анасының берген тәрбиесiне байланысты “ұяда не көрсе, ұшқанда соны iледi” деп бала мiнезiн қалыптастырудағы отбасы мүшелерiнiң ықпалына тоқталады.

Ж.Аймауытов өнегелi үйелменнен де бұзақы мiнездi баланың шығуы немесе тәрбиесi нашар отбасынан да тәрбиелi, өнегелi баланың өсуi мүмкiн дей келедi де, бұл айтылғандар өскен ортаның, замандас, жолдас-жора, құрбы-құрдастың ықпалынан, соларға елiктеуден болатынын дәлелдейдi.

Тәлiмгер-ғалым бала тәрбиесiнде туған елдiң әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрiнiң белгiлi мөлшерде әсер ететiнiн ғылыми тұрғыда дәлелдей түскен.
Бақылау сұрақтары
1. Ж. Аймауытовтың педагогикалық мұрасы және оның дидактика жөніндегі мәселелері.

2.Жүсіпбек Аймауытов – жантанушы.

12-лекция тақырыбы: 1930 ж. және Ұлы Отан соғысына дейінгі педагогика ғылымы негіздерінің қалыптасуы.
Жоспары:

1.1930 ж. және Ұлы Отан соғысына дейінгі педагогика ғылымы негіздерінің қалыптасуы.

2. Нәзипа Құлжанова, Ш. Әлжановтың, Ш. Қоқымбаевтың, С.Қожахметовтың еңбектеріндегі педагогика ғылымдарының теориялық және тарихи мәселелері.
Лекция мазмұны: Бұл кезең қазақ халқына тиiмдi және тиiмсiз әсерiн тигiздi. Қоғам проблемаларының аса күрделi саласы — сауатсыздық жойылды. Көптеген маңызды кәсiпорындар, электр станциялары, су жолы каналдары салынып, жұмысшылардың жағдайлары едәуiр жақсарды. Мектептер, бала-бақшалар және арнаулы орта, жоғары оқу орындары ашылды. Әлемдiк тәжiрибелерге негiзделген кеңестiк ғылыми педагогика мен психология ғылымдарының негiзi қаланды.

Мектептегi оқу-тәрбие жұмыстары, негiзiнен, орыс тiлiнде жүргiзiлуi талап етiлдi. Әрине, орыс тiлiнде бiлiм беру прогрессивтi роль атқарғанымен, онда қазақ мектептерiнiң оқу-тәрбие жұмыстарына қайшы келген жағдайлар көп болды.

Кеңес Одағы кезiнде қалыптасқан педагогикалық тәжiрибелер “коммунистiк идеологияға” негiзделiп, “коммунистiк тәрбие беру” атты саяси-педагогикалық, диктатуралық жүйеге ұласты.

1937—1938 жылғы жүргiзiлген Сталиндiк жаппай қудалаушылық пен 1941-1945 жылдардағы соғыста қазақ халқы өте ұлкен қырғынға ұшырады. Ұлттық тәлiм-тәрбиенiң дамуы мен қалыптасуына үлкен үлес қосқан қазақтың көптеген зиялы азаматтары жеке басқа табынудың құрбаны болды. Мұның өзi ұлт мәдениетiнiң өсуiн үлкен тежелуге әкелiп соқтырды.

30-жылдардың бас кезінде орта және жоғары мектеп туралы партия мен үкіметтің бірнеше қаулы-қадарлары қабылданды. Бұл қаулылар орта және жоғары мектептің дамуы мен оның оқу-тәрбие жұмысын қайта құрудың және педагогика ғылымының теориялық жетістіктерін айқындап берді. Сонымен қатар біз бұл партия мен үкіметтің қаулыларына баға бергенде, кезінде елеуші кемшіліктер жібергендіктен атап өткен жөн.
1931 жылы 5 қыркүекте “Бастауыш және орта мектеп туралы” қаулы шыққаннан кейн мектеп оқушыларының жалпы даярлығына мән беру ерекше артты. Бірақ 4 наурыз 1937 жылы Халық ағарту комиссариатының қаулысымен еңбек сабағы оқу жоспарынан алынып тасталды. 20-жылдардың аяғы мен 30-жылдардың бас кезінде көпшілік политехникалық мектеп туралы, мектептің өмірімен байланысы кең өріс алған қозғалыс Халық ағарту комиссариатының саясаты мен мектеп тәжірибесінде кеннеттен негізсіз өзгерістерге әеп соқтырды. Мектеп пен педагогикалық оқу орындарына өздеріне тән емес міндеттер жүктелді: базалық мекемелердің өндірістік жоспарын орындауға қатысу, өндірісте тәртіп нығайту үшін күрес, мәдени-ағарту жұмыстарының белгілі көлемін орындау. “Проект әдісі” педагогикалық институттарда, техникумдарда әмбебеп әдіс ретінде міндетті енгізілді. Қалыптасқан жағдай “Бастауыш және орта мектеп туралы” (1931 жылы, 5 қыркүектегі) қаулының кезекті “бұрмалаушылықты” болдырмауда мәні орасан зор болды. Сонымен қатар қаулыда еңбекке оқыту және тәрбиелеу идеясына елеулі соққы беріліп, нұсқан келтірді. Екінші жағынан, қаулыда политехникалық білім беруді іске асыруда теория мен практиканың бірлігі мәселесіне ерекше мән берілді және бүкіл оқушылардың қоғамдық пайдалы еңбегі оқу мен тәрбие мақсаттарына бағындырылуға тиіс екендігі атап көрсетілді.

“Бастауыш және орта мектептің оқу бағдарламалары мен режимі туралы” (1932 жылы, 25 тамыздағы) қаулыда мектепте оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі сабақ деп атап көрсетілді. Ол оқушылардың бригадалық жұмысын және басқа да оқу жұмысының ұжымдық түрлерін қамтыды. Бірақ осы қаулыда мақұлданған оқу бағдарламаларының қағидалары шығармашылық жұмысты қатаң көрсетілген шектеушілік пен көптеген орындауға тиісті талаптардың жағдайында тежеп отырды.


“Бастауыш және орта мектеп туралы” қаулыда педагогикалық жоғары оқу орындарында мектеп пен мұғалімге әдістемелік көмек беру жөнінде елеулі жұмыс жүргізуді талап етті.

1934 жылы 15 мамыр айындағы Халық Комиссарлар Кеңесінің “Мектептерде азаматтық тарихты оқыту туралы” және “Бастауыш орта мектепте жағырафияны оқыту туралы” (1935 ж) қаулыларына сәйкес кейбір педагогикалық институттарда тарих және жағырафия факультеттері-ашылды.


Нәзипа Құлжанова (1887-1934)

Ол қазақ әйелдерi арасынан тұңғыш әлеуметтiк iске белсене араласқан әрi мұғалiм, әрi педагог-ғалым, әрi журналист болды. Ол 1902 ж. Қостанайдағы қыздар гимназиясын оқып бiтiрiп, Торғайдағы қыздар училищесiнде, кейiн (1904-1919 ж.ж.) Семейдегi мұғалiмдер семинариясында мұғалiмдiк қызмет атқарды.

Н.Құлжанова 1924 ж. “Мектепке дейiнгi балаларды тәрбиелеу” атты еңбегiн жазып, Орынбордан бастырып шығарды. Кейiн “Әйел теңдiгi” журналында қазақ балабақшаларындағы озат тәжiрибелер жайында бiрнеше мақалалар жазады.

1924 жылы “Ана мен бала” атты еңбегiн жазып шығарады. Бұл еңбекке алғы сөзi атақты – турколог ғалым, қоғам қайраткерi Ахмет Байтұрсынов алғысөз жазды.

Автор мектепке дейiнгi тәрбиенiң мазмұнын, мақсатын баяндай келiп, баланың қимыл-қозғалысына, сезiм мүшелерiне, сөйлеу, ойлау ерiк-жiгерiн жетiлдiру жолдарына тоқталады. Бала ойынының мәнi мен маңызына тоқталады. Жас баланың өсiп-жетiлуiне, дүние-танымына табиғаттың әсерiнiң ерекшелiгiне тоқтала келiп, “суға түсiп, жүгiрiп, құспен бiрге сайрап, көбелек қуып, шыбын-шiркей, құрт-құмырсқамен бiрге көкорай шалғын, тоғай арасын сайрандап жүрiп, көңiлi де, жан-тәнi де бiрдей тегiс өсiп, өркендемек” – дейдi.

Автор баланың елiктегiштiк, айналаны танып-бiлуге деген құмарлық қасиетiн жетiлдiре тәрбиелеуге баса көңiл бөлудi қуаттайды.


Каталог: sites -> default -> files -> kitap
kitap -> Л. С. Динашева K. У. Қарабаева Әлемдік өркениеттер тарихы шымкент 2016
kitap -> «Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістемесі» пәнінен (дәріс жинағы) Шымкент-2017ж
kitap -> ТҮсіндірме жазба пәнді оқыту
kitap -> Жумадуллаева А. А.,Өтеген Қ. О.,Сыдыкова З. Е. ҚАзақ этнопсихологиясы шымкент 2016
kitap -> ТӨлеген ұ. Ш., Жанысбеков м.Ә. ҚАзақстанның Қазіргі заман тарихы пәнінен студенттердің даярлығын жетілдіру
kitap -> Естественные и педагогические науки
kitap -> Қалмұрзаев қ. С, Орынбасар қ. О., Рахымбаев б. О. ҚАзақ КҮресінің ОҚыту әдістемесі
kitap -> ТҮсіндірме жазба пәнді оқыту


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет