Қр тжм «Апаттар медицина орталығы» мм-нің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалында қазақ тілін дамыту бойынша мүшайра болып өтті



Дата15.09.2017
өлшемі88,33 Kb.
#33935
ҚР ТЖМ «Апаттар медицина орталығы» ММ-нің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалында қазақ тілін дамыту бойынша мүшайра болып өтті
ҚР ТЖМ «АМО» ММ ОҚО бойынша филиалының

дәрігері Ж.А. Аманова




Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «Апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалында қазақ тілін дамыту бойынша мүшайра болып өтті. Оған филиал басшылығы мен барлық жеке құрам қатысты.

Шара пікір талас түрінде өтті. Күн тәртібінде мынадай мәселелер қозғалды: мемлекеттік тілдің қазіргі қоғамда қолдану деңгейі және ресми іс-қағаз құжаттарының қазақ тілінде толтырылу қажеттілігі.

Пікір таласты дәрігер Ж.А.Аманова бастады: «Қазақ тілі – дамыған тіл. Оған тек қана қолданыс керек. Қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту үшін оны қоғамның барлық саласына енгізу қажет. Тілге қажеттілік болмай, нәтиже шықпайды. Мәселен, қазақта «Түйеге жантақ керек болса, мойнын созады» деген нақыл бар. Егер Қазақстандағы әрбір азамат мемлекеттік қызметте жұмыс істегісі келсе, онда оның тілін білуге міндетті. Тілді қадірлей біліп, оған деген талапты күшейтсек, қазақ тілін үйренушілер көбейеді».




Пікір таласты дәрігер М.А.Хайруллаев жалғастырды: «Қазақстан Республикасында тіл жөніндегі заң да, бағдарламалар мен қаулылар жетіп артылады. Бірақ мемлекеттік деңгейге көтерілген мемлекетік тіл жоқ. Неге? Себебі бізде заң да, бағдарламалар да толыққанды жұмыс істемей отыр. Қазақ тілін дамыту үшін, ең бірінші оған деген қажеттілік туғызу қажет. Ол үшін ҚР «Тіл туралы» заңы толық орындалу қажет.



Сонымен қатар, қазақтардың өзі намысын оятып, сана сезімін өзгертуі қажет. Елбасымыз «Қазақ қазақпен қазақша сөйлесуі керек» деген сөзі бар. Сондықтан Елбасының осы сөзін негізге ала отырып, заңның орындалуын қадағалауымыз қажет» - деді.

Дәрігер Б.М.Жаңабаев та өз ойын білдірді: «Біріншіден, Қазақстанда тұрған кез-келген азамат осы елдің нанын жеп, суын ішкеннен кейін, оның тілін, дінін, әдебиетін, мәдениетін құрметтеп, үйренуге еркін меңгеруге міндетті. Қазақ тілін білу біреу үшін емес, ең алдымен өзі үшін керек» - деді.

Ал кеңесші-психолог Н.Әлімбаеваның айтуынша: «Кез-келген мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің құжаттарын қатаң түрде қазақ тілінде жүргізілуін талап ететін заң шығарылуы тиіс. Сонда ғана қазақ тілінде сөйлей алмай жүрген көпшілік азаматтарымыз амалсыздан қазақ тілін үйренуге мәжбүр болады және үйренеді де, деп санаймын» - деді.

Пікір таласты жалғастырған Ж.А.Аманова өз ойын былайша өрбітті: «Бүгінгі таңда екі тілде жүргізіліп отырған іс-қағаздарды біртіндеп мемлекеттік тілде дайындауға басымдық беру, яғни іс-қағаздарының орыс тіліндегі нұсқасынсыз, тікелей мемлекеттік тілде жазылуын қолға алсақ, сонда ғана іс-құжаттар қазақ тілінде жүргізілетін болады» - деді.



Шара соңында филиал қызметкерлері өз ойларын қорытты. Қазақ тілін дамыту, қолданыс деңгейін арттыру әрбір қазақстандық азаматтың борышы екендігі сөз болды. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге байланысты шараларды бірізділікпен жүзеге асыру қажет екендігі баса айтылды.
Каталог: images -> stories -> 2013 -> dekabr -> 13.12
stories -> Ғылыми кітапхана Ақпараттық-библиографиялық бөлім
stories -> Емтихан сұРАҚтары
stories -> Бағдарламасы Тақырыбы: «Қазақ тілі мен қазақ әдебиетін оқытудың әдістері»
stories -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
stories -> Батыс қазақстан ауыл шаруашылығЫ 1946-2000 жылдарда
stories -> Ғылыми кітапхана Ақпараттық-библиографиялық бөлім Ақ Жайықтың Хамзасы
stories -> С. торайғыров атындағы павлодар
stories -> Қайрғалиева гулфайруз батырлар институты және оның дәстүрлі қазақ қоғамындағы орны
13.12 -> Қр тжм «Апаттар медицина орталығы» мм-нің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалында қазақ тілін дамыту бойынша мүшайра болып өтті


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет