Р87 Ғылыми-практикалық конференция материалдарының электрондық жинағы. Алматы: «Өрлеу» баұо ақФ Қр ббжқбари, 2018. 380 б


РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ: ОҚУШЫЛАРДЫҢ  РУХАНИ



Pdf көрінісі
бет10/41
Дата26.09.2019
өлшемі3,87 Mb.
#48908
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   41
Байланысты:
ЖИНАҚ 2018 Рухани жаңғыру
samoanaliz, итн такырыптар, Кейс технологиясын пайдалану, Кейс технологиясын пайдалану, ЛЕКЦИЯ 2, Ministry of Education of the Republic of Kazakhstan Kostanay State Pedagogical University by U

 
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ: ОҚУШЫЛАРДЫҢ  РУХАНИ 
ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ КӨЗІ 
 
Сугурбаева Анаргул Сагинбаевна 
«Өрлеу» БАҰО АҚФ Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ 
Султанова Гүлназ Сайлаубаевна 
Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Қожасай негізгі мектебі 
 
Әрбір  тарихи  дәуір  өзіне  тиесілі  болмысымен  айрықша  ерекшеленеді. 
Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басқан шағында жаһандық жаңғырумен қатар 
рухани  жаңғыруды  тең  ұстауды  нақты  мақсат  ету  -  бүгінгі  күннің  басты 
талаптарының бірі.  «Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – ұлттық 
кодты сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-
оңай»,-деп  Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  өзінің  «Болашаққа  бағдар:  рухани 
жаңғыру»  атты  саяси  бағдарламалық  еңбегінде  басты  назарда  айтып 
өткендей,  адам  баласының  рухани  дамуы,  ұлттық  сананың    өсуі,  еліміздің, 
ұлтымыздың  құндылықтарын  дәріптеу,  тарихты,  мәдениетті,  салт-дәстүрді 

90 
 
насихаттау, туған жерді сүюге, Отанға қамқорлық жасауға тәрбиелеуге үлес 
қосу кез-келген азаматтың парызы.    
Қазіргі  таңда  ұрпақ  тәрбиесіне  рухани  құндылық  бағытта  жаңаша 
көзқараспен қарау, озық мәдениет үлгісіне үйлесімділігін қосу, белсенділікті 
дамыту,  тұлға  еркіндігін  жан-жақты  қалыптастыру  жаңа  формациядағы 
жаңашыл педагогтардың басты мақсатына айналуы тиіс. Тұлғаның даму өзегі 
–  рухани-адамгершілік  құндылық.  Осы  орайда,  «Рухани  жаңғыру» 
бағдарламасы Елбасымыздың рухани жаңғыруға, руханиятқа, білім, ғылымға 
маңыз  беруі  –  үлкен  көрегендік  пен  ұлттың  алға  ілгерілеуін  жылдам 
қарқынмен  жылжытатын  қозғаушы  күш  деп  айтуға  болады.  Аталмыш 
бағдарламаның  еліміздің  болашағы  келер  ұрпақтың  бойына  рухани 
құндылықтарды  қалыптастыруда  алатын  рөлі  зор.  Ал    рухани-адамгершілік 
құндылық дегеніміз  - тұлғаның өмірдегі өз орнын табуға, қоршаған ортадағы 
мәдени  тұтастықты  қалыптастыратын  жиынтық  болса,  ал  құндылық  деген  -  
сезім мен ақылдың ұштасуын және сол арқылы іс-әрекетті  белгілейді.  
Қоғамның дамып өркендеуіне байланысты қазіргі білім беру жүйесіндегі 
өзекті  мәселенің  бірі  –  оқушылардың  бойындағы  рухани  құндылықтар  мен 
адамгершілік  қасиеттерін  қалыптастыру  болып  отыр.    Ғылым  мен 
техниканың орасан зор жетістіктеріне қол жеткізіп, жаңа технологиялардың 
қоғам  өмірінің  түрлі  саласында  кеңінен  еңгізілуіне  байланысты  жастарды 
жаңа  кезеңнің  талаптарына  сай  тәрбиелеу  үшін  оларға  жаңа  мазмұнның 
жоғары деңгейінде білім беру қажет. Білім мен тәрбиенің егіз ұғым екендігін 
еске  түсіре  отырсақ,  оқушылардың  ұлттық  рухани  құндылықтарын 
қалыптастыруда қазақ әдебиеті пәнінің атқаратын ролі зор. Әдебиет сабағы – 
рухани  құндылықты  сіңіртетін,  ұлттық  санаың  кеңеюіне  үлес  қосатын, 
өмірлік  ұстаным  мен  өзіндік  көзқарасты  қалыптастыратын,  тәлім  мен 
тәрбиенің  қайнар  бұлағы  іспеттес.  Әдебиет  -  тәрбиені  үйрететін, 
оқушыларды адамгершілік тұрғыда тәрбиелейтін пәннің негізгі өзегі.[1;84] 
 
 Рухани-адамгершілік, ұлттық  тәрбие берудің маңызды педагогикалық 
міндеттері – оқушылардың белсенді өмірлік позициясын, қоғамдық борышқа 
сапалық  көзқарасын,  сөз  бен  істің  бірлігін,  адамгершілік  нормаларының 
ауытқушылығына  жол  бермеуді  қалыптастыру  болып  табылады.  Ал 
тәрбиенің  негізгі  міндеті  –  қоғамның  қажетті  талаптарын  әрбір  баланың 
борыш, намыс, ождан, қадір-қасиет сияқты биік адамгершілік стимулдарына 
айналдыру  болса,  әдебиет  сол  қасиеттерді  тұлға  бойына  қалыптастыруға 
негіз болатын басты құрал.  
 
Сан  ғасырлық  тарихы  бар  туған  халқымыздың  төл  әдебиеті  оқушыға 
еліміздің  кешегі  өткені  мен  бүгінгі  болашағыннан  сыр  шертетін,  салт-сана 
мен  әдет-ғұрыпты  танытатын,  бабалар  өнегесін  үлгі  ететін,  оларды 
дәріптеуге  баулитын  мол  тәрбие  көзі  болып  саналады.  Бұл  ойымызға  
халықтың ғасырлар бойғы тәжірибесінің түйіні, еліміздің  тарихы, әлеуметтік 
тыныс-тіршілігі,  ақыл-өнегесі  мол  көрініс  тапқан,    ғасыр  шежіресі  –  мақал-
мәтелдер, көркем сөздің хас шеберлері, қазақтың би-шешендерінің шешендік 
сөздері,  даналық  ойлары,  жалпы  айтқанда,  қазақтың  халық  әдебиеті 

91 
 
(фольклор), сондай-ақ, әдебиеттің көрнекті өкілдері, заңғар жазушылары мен 
жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар дарабоз ақындарының тәрбиеге, өнегеге толы 
өлең-жырлары  мен  көркем  шығармалары  дәлел  бола  алады.  Мысалы,  ауыз 
әдебиетінің  бір  үлгісі  ретінде  мақал-мәтелдерді  алсақ,  мақал-мәтелдерде 
халқымыздың  ұлттық  тәрбиесі,  дәстүрі,  ой-өрісі,  әдет-ғұрыптары  бар. 
Оларды  сабақта  жиі  қолдану  арқылы  оқушылардың  ой-өрісін  кеңейтіп,  сөз 
қорларын  байытып,  өнегелі  де  тәрбиелі  болып  өсулеріне  ықпал  жасай 
аламыз.  «Ағаш  тамырымен,  адам  жолдасымен  мықты»,  «Білімді  өлмес  – 
қағазда  аты  қалар,  ұста  өлмес  –  істеген  заты  қалар»,  «Жақсымен  жолдас 
болсаң,  жетерсің  мұратқа,  Жаманмен  жолдас  болсаң,  қаларсың  ұятқа», 
«Көппен  көрген  –  ұлы  той»,  «Жақсыдан  –  үйрен,  жаманнан  –  жирен», 
«Білімдіден шыққан сөз - талаптыға болсын кез» және осы секілді т.б. мақал-
мәтелдер оқушылардың ойына ой тастайтын, өнегесі мол халқымыздың асыл 
қазынасы іспеттес [2;91].  
 
Оқушыларды  адамгершілік-патриоттық  тұрғыда  тәрбиелеуге  ХІХ 
ғасырда жалынды жырымен қазақ әдебиетіне өшпес із қалдырған халықшыл 
ақын  –  Махамбеттің  өлең-жырлары  мен  оның  батыр  да  нар  тұлғасын  үлгі 
етуге  болады.  Ол  бір  жағынан  егеулі  найза  қолға  алып,  егескен  дұшпанына 
атойлап  қарсы  шапса,  екінші  жағынан  отты  жырларымен  төңірегіндегі 
сарбаздарына рухани күш-қуат берді. Мысалы: 
                                     Ереуіл атқа ер салмай, 
                                     Егеулі найза қолға алмай
                                     Еңку-еңку жер шалмай, 
                                     Қоңыр салқын төске алмай, 
                                     Тебенгі терге шірімей
                                  Теріге  майдай  ерімей...    [3;38].  Сондай-ақ,  ақынның 
«Толарсақтан саз кешіп» өлеңіндегі: 
                                     Толарсақтан саз кешіп, 
                                     Тоқтамай тартып шығарға, 
                                     Қас үлектен туған қатепті, 
                                     Қаранар керек бұл іске. 
                                     Қабырғасын қаусатып, 
                                     Бір-біртіндеп сөксе де, 
                                     Қабағын шытпас ер керек
                                     Біздің  бүйткен  бұл  іске...  [3;45],  -  деген  найзаның 
ұшындай өткір өлең жолдары ұлттық сана сезім мен азаматтық патриотизмді 
қалыптастыратын  рухани  қалыптың  өміршең  өнегесінің  үлгісі.  Сол  сияқты 
сонау  ақын-жыраулар  поэзиясындағы  Асан  қайғы,  Ақтамберді,  Қазтуған, 
Шалкиіз,  Тәтіғара  сынды  жыраулардың  өлең-жырларындағы  рухани-
адамгершілік  қасиеттерді  дәріптеу,  ар-намысты  әрдайым  биік  ұстау  сияқты 
тәрбиелік  мәні  зор  мәселелер  жан-жақты  көрініс  тапқан.  Мысалы,  Асан 
қайғының:  
 
                                       Мінезі жаман адамға, 
                                                 Енді қайтіп жуыспа. 

92 
 
                                                 Тәуір көрер кісіңмен, 
                                                 Жалған  айтып  суыспа...[4;27],-  деген  өлең 
жолдары  немесе Майлықожаның ақынның:    
                                                Жаман-жақсы әр істі, 
                                                Пейілінен табады. 
                                                Парасатты ер жігіт
                                               Жақсыдан  ғибрат  алады...[4;98],-  деген  салмақты 
ойы тыңдаушысына тағылым берсе, Шалкиіз жыраудың келесі сөзінен: 
                                                 Атаның ұлы жақсыға, 
                                                 Малыңды бер де басын қос, 
                                                 Бір  күні  болар  керегі...[4;105],-  деп  тәлім-
тәрбиенің лебі ескендей әсер береді. 
 
Мектептің  жоғары  буынында  оқытылатын  жазба  әдебиеттің  өкілдері 
М.Әуезовтің  «Абай  жолы»  роман-эпопеясы,  С.Мұқановтың  «Ботагөз» 
романы, 
Ж.Аймауытовтың 
«Ақбілек», 
«Қартқожа» 
романдары, 
С.Сейфуллиннің    «Қарағанды»,  Ә.Нұрпейісовтің  «Қан  мен  тер» 
романдарындағы  адамгершілік,    жақсы  мен  жаман,  адалдық  пен  арамдық 
арасындағы қарама-қайшылықтар, әділдіктің ақ туын көтерген, елдің бірлігі 
мен  бүтіндігін  ойлайтын  адами  қасеттері  жоғары  азаматтардың  образдары 
арқылы  оқушы  санасына  рухани-адамгершілік  қасиеттерді,  ұлттық 
құндылықтарды  қалыптастыруға  болады.  Мәселен,  «Абай  жолы»  роман-
эпопеясындағы  Ұлжан  ананың,  Зере  әжейдің  ақылдылығы,  мейірімге, 
парасаттылыққа  толы  жүректері,  Құнанбайдың  жақсы  ел  билеуші  азамат, 
саясаткер, Абайдың адалдығы, ел жанын ойлайтын азамат кейіпінде берілген 
образдары,  сондай-ақ,  «Қан  мен  тер»  романындағы  Еламанның,  Райдың, 
Мөңкенің образдары оқушыларға ой салатыны белгілі.  
 
Адам бойындағы асыл қасиеттер – адамгершілік, әділдік, шыншылдық, 
рухани  тазалық,  қамқорлық  қасиеттері  жоғалмаса,  келешек  ұрпақ  та  осыны 
ұғынып  өседі  деп  сенеміз.  Сонымен,  тоқсан  ауыз  сөздің  тобықтай  түйінін 
айтсақ,  ұлы  ұстаз  Әл-Фарабидің  «Тәрбиесіз  қолға  білім  салма...»  деген 
даналық  ойымен,  қазақтың  біртуар  ұлы  Ахмет  Байтұрсыновтың  «...Біз 
әрқашанда  білімге  ұмтыламыз.  Негізінде  ең  бірінші  тәлімге  ұмтылуымыз 
керек.  Бізге  тәлімді  рух,  тәрбиелі  білім  қажет...»  [5;10],  -  деген  қанатты 
сөздерімен түйіндегіміз келеді.  
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» саяси бағдарламалық 
мақаласы, Астана 2017 жыл 
2.Мақпырұлы С. Қазына. Әдеби мақалалар, зерттеулер. Әдістеме. –Алматы: 
«Арыс» баспасы, 2004. 
3. Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. – Алматы: «Рауан», 1997. 
4. Махамбет. Жыр – семсер. – Алматы: «Жазушы», 1979. 
5. Асыл қазына. – Ақтөбе: «Полиграф-услуги», 2001. 

93 
 
6. Әдістемелік еңбектердегі шығарма жұмысының ерекшеліктері. // Ұлағат 
журналы,  №1.2008. 
 
 
ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ – ТІЛІМІЗ ҮШІН ЖАСАЛҒАН 
 ИГІ  ҚАДАМ 
 
                                                       Г.А.Жорабекова 
«Өрлеу» БАҰО АҚФ Түркістан облысы және  Шымкент қаласы 
бойынша ПҚБАИ  «Мектепке дейінгі тәрбие  және бастауыш білім 
беру» кафедрасының аға оқытушысы 
 
 
Латын  әліпбиіне  көшу  туралы  мәселе  тәуелсіздік  алған  жылдардан 
бермен  қарай  көтеріліп  келеді.  Сонау  2006  жылы  Елбасы  Н.Назарбаев 
Қазақстан  халықтары  Ассамблеясының  ХІІ  сессиясында:  «Қазақ  әліпбиін 
латынға  көшіру  жөніндегі  мәселеге  қайта  оралу  керек.  Бір  кездері  біз  оны 
кейінге қалдырған едік. Әйтсе де латын қарпі коммуникациялық кеңістікте 
басымдыққа  ие  және  көптеген  елдер,  соның  ішінде  посткеңестік  елдердің 
латын қарпіне көшуі кездейсоқтық емес. Мамандар жарты жылдың ішінде 
мәселені  зерттеп,  нақты  ұсыныстармен  шығуы  тиіс.  Әлбетте,  біз  бұл 
жерде  асығыстыққа  бой  алдырмай,  оның  артықшылықтары  мен 
кемшіліктерін  зерделеп  алуымыз  керек»,  —  деген  еді.  Бұл  реформаны  алға 
қарай  өркендеудің  төте  жолына  балап,  оны  тезірек  меңгеруге  асыққанымыз 
абзал.  Себебі,  әлем  елдерінің  80  пайызы  осы  әліпбиді  қолданады.  Бұл  –
заңдылық. 
          Кез  келген  ел  өзгерісіз  қалмайды.  Барлық  жерде  өзгеріс,  құбылу  орын 
алады. Сондықтан  өркениетке  қол  созған, ең дамыған отыз елдің қатарына 
қосылуды ұран еткен Қазақстанда да өзгерістің болуы заңдылық. Ең бастысы 
жақсы  қырға  қарай  өзгеруге  ұмтылуымыз  керек.  Бұл  жолда  біздің  еліміздің 
қия басқан тұсы жоқ. Біз дұрыс жолда, дамудың даңғыл жолына қарай қадам 
басып келе жатырмыз. Оған сар даланың төсінен ару Астананың бой көтеруі 
соның  айғағы.  Қазіргі  таңда  барлық  салалар  заманауи  талаптарға  сай  бет 
бұрысты  бойына  дарытып  жатыр.  Солардың  ішінде  ең  маңыздысы  ол  қазақ 
алфавитінің  кириллицадан  латынға  ауысуы  болып  табылады.  Латынға 
көшудің  басты  мақсаты  -  жоғалтқанымызды  түгендеу.  Алдағы  дамуға  сара 
жол салу.   
Тілдің  қоғаммен  бірге  дамып,  ғылым  мен  техника  дамыған  сайын 
көршілес елдерден және басқа да шетелдерден жаңа сөздер кіруі арқылы да 
толығып  отыратыны  табиғи  заңдылық  болып  табылады.  Қазіргідей  басқа 
елдермен  арада  барыс-келіс  жиілеген  замандығы  күнделікті  тіршілікте  өзге 
тіл  сөздерінің  енуі  де,  әсері  де  күшейе  түспесе,  бояуламайды.    Ал  кірме 
сөздердің  барлығын  дер  кезінде  қазақы  айтылымға  икемдеп  отыру  оңай 
шаруа емес. Әрбір оқыған сауатты адам өзге тілден келген сөздің де қазіргі 
кирилл  әріптерінмен  өзгеше  жазылып  тұрғанын  оғаш  көріп  тез  қабылдай 

94 
 
қоймауы  мүмкін.  Ал  латын  әліпбиі  бұл  қиындықты  өзі  реттеп,  жұртшылық 
кірме  сөздерді  қазақы  қылып  жазып,  қазақы  оқып  кеткенін  өздері  де 
байқамай  қалар  еді.  Мысалы  ,  «қ»  фонемасының  реңдеріне  х,  һ  дыбыстары 
жатады.  Сондықтан  қош-хош,  қалық-халық,  қабар-хабар,  қайыр-  хайыр, 
қақарман-қахарман-  қаһарман,  Гауқар  -  Гаухар  -  Гауһар  деген  сөздерде  қай 
дыбысты қолдансаң да мағына өзгермей тұрғаны, бір фанеманы үш әріпппен 
таңбалаудан туындаған заңсыздық, басқаша  айтқанда, бір адамның үш есімі 
бар,  не  үш  төлқұжаты  болғаны  сияқты.  Сөйтіп  қазақтың  «қ»  фонемасымен 
үш  әріппен  таңбалаудан  туындаған  заңсыздық,  басқаша  айтқанда  бір 
адамның үш есімі бар, не үш төлқұжаты бар болған сияқты. Сөйтіп қазақтың 
«қ»  фонемасынмен  айтылатын  сөздер  әліпбиімізге  қазақ  тілінде  жоқ, 
орыстың «х» фонемасынмен, енді бірде араб сөздердегі «һ» фонемасымен әр 
түрлі  жазылып  ,  жұртты  адастырып  тұр.  Мұндай  мысалдарды  көптеп 
келтіруге  болады.    Қысқасы,  тіліміз  шұбарланып,  ұлттық  бояуы  мен  реңін 
жоғалта  бастады.  Қазіргі  әліпбиіміздегі  осы  сияқты  тағы  басқа  кемшіліктер 
латын  әліпбиіне  көшкен  кезде  табады.  Осылай  ғана  тіліміздің  табиғи 
айтылымына қайшы келетін кемшіліктерімізден арылатын кез келді.  
Әрбір сөзді бабалар салған жолмен ұлттық үндесіміне қарай айтуымыз 
үшін жарыса  қапталдап кедергі  келтіретін  ескі  әліпбиімізді  латын  әліпбиіне 
ештеңеден  қорықпай  алмастыра  салуға  мүмкінді  келді.  Демек,  ұрпақ 
келешегін ойласақ, ұлттымыздың негізгі белгісінің бірі тілімізді сақтап қалу 
десек, оған апарар бірден – бір дұрыс жол –латынға көшу. 
Мәселен  қараңызшы,    тауға  барып  тыныстау  үшін  сол  жерде  өзіңізді 
еркін  әрі  жайлы  сезінетін  киімді  киіп  барасыз  емес  пе?  Егер  оған  етегі 
сүйретілген  көйлек кисеңіз демалысыңыздың құны  көк  тиын, бос  әурешілік 
болады. Сол сынды біз әлем елдерінің  басым көпшілігі қолдануға ыңғайлы 
әрі  жеңіл  деп  таңдау  білдірген  әліпбиге  бейімделіп,  ұлы  көшке  ілесуіміз 
қажет.  Осы тұста санамызға ақын Мұқағали Мақатаевқа қарата  «күпі киген 
қазақтың  қара  өлеңін  шекпен  жауып,  өзіне  қайтарған»  деп  айтылған  сөз 
ойға  оралады.  Сол  сынды  біздің  де  алфавитімізге  шапан  емес,  шекпен 
жабылу керек. Қазіргі таңда латын әліпбиі үлкен беделге ие болып, қолданыс 
аясы  да  мүмкіндігі  де  зор  екендігін  танытып  отыр.  Сондай-ақ  графизация 
(әріп  таңбалау)  заңдылықтары  әріптің  дыбысты  таңбалау,  көру,  оқу,  жазу 
талаптарына  сай  келуін  қажет  етеді.  Барлық  дәрі-дәрмек  атаулары, 
математика, 
физика, 
химия 
формулалары, 
көптеген 
терминдер, 
мамандықтарға қатысты ғылыми әдебиеттер — барлығы да латын әліпбиімен 
байланысты екенін байқауға болады. 
               Елбасы  Н.  Назарбаев:  «Біз  ептеп  –  ептеп  латынға  көшуіміз  керек. 
Шетел терминдерін қазақтің тіліне  енгізіп, тілді байытудың орнына  біздің 
лингвистік  комиссия  неше  түрліні  ойлап  тауып,  аударады.  Еркеғали 
Рақымғали:  «Мен  өмір  –бақи  композитор  едім,  енді  сазгер  болдым.    Менің 
пианином  енді  күйсандық  болды»  -  деп  айтқан    еді.  Пианино  барлық  елде 
осылай  айтылады,  неге  осы  сөзді  тілімізге  енгізіп  байытпасқа?  Балконды 
қылтима  дейді,  процентті  пайыз  дедіңдер,  пайыз  деген  сөзді  мен 

95 
 
қолданбаймын.  Барлық  елде  процент  дейді»  деген  пікірі  де  өте  орынды 
айтылған. Біз өскелең ұрпаққа дәріс беру кезінде әлем халықтарының бәріне 
ортақ интернационал,  демократия  сынды пән  сөздерін  өзгертпей еуропаның 
айтып  жүрген  түрінде  алуымыз  қажет.  Бұл  туралы  кезінде  М.Жұмабаев 
«жиһан  тілі  болып  кеткен  шет  сөздерді  қазақшаға  аударамын  деп 
азаптанудың қажеті жоқ» деп орынды айтқан болатын.   
Қиындықтар  болатыны  айқын.  Сондықтан  бізде  тілімізге  бұрынғыдан 
да  жауапкершілікпен  қарап,  Елбасы  айтқандай,  «қазақ  қазақпен  қазақша 
сөйлеуі  керек».  Тіл  сөйлеген  үстіне  сөйлей  берсең  ғана  шыңдалып, 
айналадағы  басқаларға  да  әсер  ете  түсетіні  хақ.  Латын  әліпбиіне  көшу  – 
тіліміз үшін жасалған игі қадам. Ал тіл – халқымыздың негізгі ұлттық  рухы. 
  
Пайдаланған әдебиеттер: 
1.  Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі:  ҚР Білім және ғылым 
министрлігі. Тіл білімі институты, -Өнд. толықт.., 4 – бас. – Алматы: 
Дайк-Пресс, 2001ж 
2.  Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев 
2006ж Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІІ сессиясы. 
3.  Қазақша –орысша халықаралық және саяси сөздік – анықтамалық. 
Құрастырушы – авторы: Болат Жәмкенов. – Астана, 2006ж 
 
 
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУЫМЫЗДЫҢ  БАСТАУЫ – «МӘҢГІЛІК ЕЛ» 
ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ 
 
Рыскулбекова Куралай Калдыбаевна 
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ҚР ББЖ ҚБАРИ 
Тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру кафедрасының аға 
оқытушысы 
 
Шораева Ляйла Алтынбековна 
Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, 
Шәкәрім орта мектебінің орыс тілі пәні мұғалімі 
 
Қазақстан 
Республикасының 
Президенті 
Нұрсұлтан 
Назарбаев 
«Қазақстан  жолы - 2050:  Бір  мақсат,  бір  мүдде,  бір  болашақ»  атты  халыққа 
Жолдауында «Мәңгілік Қазақстан» жобасын ұсынып, «Біз үшін ортақ тағдыр 
–  бұл  біздің  Мәңгілік  Ел,  лайықты  әрі  ұлы  Қазақстан!...  Біз  үшін 
болашағымызға  бағдар  ететін,  ұлтты  ұйыстырып,  ұлы  мақсаттарға 
жетелейтін идея бар. Ол – Мәңгілік Ел идеясы», - деді. 
Жас ұрпақтың рухани дүниетанымын қалыптастыруға ерекше мән беру, 
олардың  бойында  ұлттық  сананы  қалыптастыру  қоғам  болашағының 
өркендеуін,  «Мәңгілік  Ел»  орнату  жолындағы  ұлы  мақсатымызды  жүзеге 
асыруды қамтамасыз ететіні анық. Демек, парасатты қоғам құру, ұлттық және 

96 
 
адамзаттық  құндылықтар  негізінде  қазақстандық  жастардың  тәрбиесін 
жүзеге асыру - әрбіріміздің қасиетті парызымыз болуы тиіс. 
Осы  мақсатта  2016  жылғы  26  сәуірдегі  Қазақстан  халқы 
Ассамблеясының  «Тәуелсіздік.  Келісім.  Болашағы  біртұтас  ұлт»  XXIV 
сессиясында «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі әзірленіп, қабылданды.  
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаев  «Мәңгілік  Ел» 
патриоттық  актісі  –  бұл  –  қазақстандықтардың  біртектілігі  мен  бірлігінің 
ауқымды 
да 
бірегей 
генетикалық 
бағдарламасы. 
Біздің 
рухани 
құндылықтарымыз  бен  ұмтылыстарымыздың  негізгі  форматын  ұрпақтан 
ұрпаққа жеткізуі тиіс. 
Онда  экономика  мен  саясаттың,  мораль  мен  діннің  мәселелері, 
Қазақстанның  жаһандық  әлемдегі  орны  жөніндегі  көзқарастарымыз  бір 
арнаға 
тоғыстырылған. 
Патриоттық 
акті 
біріншіден, 
халқымыз 
қалыптастырған  және  өз  жан-жүйесінен  өткерген  басты  жалпыұлттық 
құндылықтар,  екіншіден,  мемлекеттің,  қоғамның  және  азаматтардың 
Қазақстанның  тағдыры  мен  оны  дамыту,  өркендету  жолындағы  өзара 
жауапкершілігінің  өзегі.  Біз  жаңа  белестерге  қарай  ілгері  басқан 
қадамымыздың  дұрыстығын  компаспен  тексергендей,  Патриоттық  акт 
арқылы анықтайтын боламыз» - деп көрсетілген 
 
«Мәңгілік Ел» Патриоттық актісінде.  
Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  біздің  еліміздің  ұзақ  мерзімді  даму  әлеуеті 
шеңберінде  абзал  міндеттерінің  бірі  ретінде  қазақстандық  патриотизмді 
қалыптастырудың  міндеттерін  айқындап  берді.  Елбасы  жыл  сайынғы  өзінің 
Жолдауында  жастардың  патриоттық  тәрбиесіне  баса  назар  аударады. 
Елбасының  тапсырмасымен  «Мәңгілік  Ел»  патриоттық  актісі  әзірленді.  Бұл 
құжаттың  мемлекеттік  маңыздылығы  Қазақстан  білім  ұйымдарының 
басшыларын,  мұғалім-практиктерді  патриоттық  тәрбиенің  жеті  қағидаты 
формасындағы «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын түсіндіру жұмыстарын 
жүргізуге белсенді кірісуге міндеттейді. 
Мәңгілік  ел  –  жалпы  қазақстандық  ортақ  шаңырағымыздың  ұлттық 
идеясы. Бабаларымыздың арманы. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен 
Астанада  асқақ  рухымыз  бен  мәңгілік  мұраттарымызды  паш  етіп  тұрған 
«Мәңгілік  Ел»  салтанат  қақпасының  салынуы  «Мәңгілік  Ел»  идеясының 
мемлекеттік идеологияға айналғандығының бір дәлелі. 
«Мәңгілік  Ел»  идеясының  мақсаты  -  ұлттық  сана-сезімі,  ұлттық  рухы, 
патриоттық  рухы,  тарихи  санасы  мен  әлеуметтік  жадысы,  кәсіби  біліктілігі 
мен  бәсекеге  қабілеттілігі  жоғары  деңгейлі,  мемлекетіміздің  тұрақтылығын, 
тәуелсіздігін, қауіпсіздігін сақтау бойынша белсенді әрі шешуші әрекеттерге 
даяр, өзге мәдениет өкілдерімен салихалы сұхбат құра алатын мамандардың 
жаңа буынын, қоғамның әлеуметтік белсенді мүшелерін тәрбиелеу.  
 «Мәңгілік Ел» идеясының ерекшеліктері: 
«Мәңгілік  Ел»  идеясының  ерекшелігі  оның  мазмұндық  бөлігіндегі 
құжаттық,  тарихи  сипатында:  болашақ  мамандардың  ұлттық  тәрбиесінің 
мақсаты,  міндеттері,  мазмұны  мемлекетіміз  тәуелсіздік  алған  күннен  бергі 

97 
 
қабылданған  стратегиялық  құжаттар  мен  Қазақстан  Республикасының 
Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан  халқына  Жолдауларының  негізгі 
ережелеріне  ретроспективалық  талдау  жасау  негізінде  анықталып, 
қалыптастырылды;  болашақ  мамандардың  жоғары  деңгейлі  ұлттық  сана-
сезімін,  патриотизмін,  азаматтығы  мен  әлеуметтік  белсенділігін  барынша 
қалыптастыруға  бағытталғанда;  «Мәңгілік  Ел»  пәнінің  бүкіл  мазмұны 
мемлекетіміздің  ұлттық  идеясының  маңызды  құрамдас  бөліктерін  (этнос 
қалыптастырушы,  азаматтық  және  жалпыұлттық),  сондай-ақ  «Қазақстан  - 
2050» Стратегиясының» негізгі алты бағытын ескере отырып, құрылған. Бұл 
аталғандар Мықты да қуатты Қазақстан Мемлекетін құруда назарға алынуы 
тиіс.  Бірінші.  Жаңа  қазақстандық  патриотизмге  тәрбиелеу.  Жаңа 
қазақстандық  патриотизм  дегеніміз  –  этникалық  өзгешелігіне  қарамастан, 
барша  қоғамды  біріктіруші  күш.  Екінші.  Барлық  этнос  азаматтарының 
құқықтық  теңдігі.  Біз  баршамыз  тең  құқылы  және  бірдей  мүмкіндіктері  бар 
қазақстандықтармыз.  Біз  жерімізде  бейбітшілік  пен  тыныштықтың 
сақталуына  тікелей  жауаптымыз.  Үшінші.  Қазақ  тілінің  мемлекеттік  тіл 
ретінде  дамуы  және  үш  тұғырлы  тіл.  Аса  жауапты  тілдік  саясат 
Қазақстанның  біртұтас  халқын  біріктіретін  басты  факторлардың  бірі  болып 
табылады.  
«Мәңгілік  Ел»  идеясының  мақсаты  мен  міндеттері  жаңарған 
қазақстандық 
қоғамның  сұраныстарына 
сай  жастардың 
тұлғасын 
қалыптастыруға бағытталған. Демек, олар тәрбие теориясының әдіснамалық 
көзқарастары негізінде жүзеге асуы тиіс.  
Қазіргі уақыт талабы мектепте әлемдік білім беру тәжірибесін пайдалана 
отырып,  баланың  жан-жақты  дамуын  қамтамасыз  ететін  оқу  –  тәрбие 
үлгілерін  іздестіруге  және  оларды  қолдануға  бағытталған.  Әрбір 
жасөспірімнің  қалыптасып  дамуында  өздері  күнбе-күн  өмірден  сезінетін, 
еститін, көретін заттары мен құбылыстары, оқиғалары үлкен орын алады.   
Орта білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында «Назарбаев Зияткерлік 
мектептерінің» 
ДББҰ 
тәжірибесінде 
«Мәңгілік 
Ел» 
идеясының 
маңыздылығын  сабақта  және  сабақтан  тыс  уақытта  білім  беру  саласындағы 
оқу пәндерінің үлгілік оқу жоспарларын кіріктіру арқылы өткізіледі:  
 «Мәңгілік  Ел»  жалпыұлттық  идеясының  құндылығын  пән  салалары 
бойынша қалай меңгертуге болады? Оның бір нұсқасы жылдық тақырыптық-
күнтізбелік  жоспарды  әзірлеу  барысында  пән  бойынша  оқылатын 
материалдарды  сәйкестендіру.  Егер,  материалдың  көлемі  мен  қайталанып 
келуін ескерсек, пән бойынша оқушыны жүктеу олардың сапалы меңгеруіне 
мүмкіндік бермейді, ал кіріктіріп оқыту және пәнаралық байланысты орнату 
оқу мүмкіндіктерін кеңейтеді. 
1-сыныптағы «Математика және Дүниетану» пәнінен мысалы келтірсек, 
«Мәңгілік  Ел»  құндылықтарын  іске  асыруда  1-сыныпта  тақырыптық- 
күнтізбелік  жоспарлауды  әзірлеу  қажет.  «Мәңгілік  Ел»  құндылықтарына  - 
«Мәңгілік Ел – бұл - Тәуелсіздік және Астана» тақырыбы берілген.  
 Математика пәнінің тақырыбы: «Кеңістік және уақыт туралы түсінік».  

98 
 
Мақсаты: Кеңістік және уақыт туралы түсінігін қалыптастыру  
Міндеттері:  
-бір-біріне 
қарағанда  денелердің  жазықтықта  және  кеңістікте 
орналасуын анықтауды меңгерту;  
- оқиғаларды рет-ретімен қою дағдыларын дамыту;  
- шығармашылық ойлауын дамыту, назары, қиялы.  
Туған Астана қаласына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу .  
Дүниетану пәнінің тақырыбы: «Күз табиғаты».  
Мақсаты: Күз сипатының белгілері туралы түсінігін қалыптастыру; тірі 
табиғаттағы уақыт өзгеруінің байланысын көру (жаз-күз салыстыру);  
Сабақтың міндеттері:  
1.  Күздегі  жануарлар  мен  өсімдік  тіршілігіндегі  өзгерістерге  түсінік 
беру.  
2. Осы өзгерісті өлі табиғатпен байланыстырып көрсету.  
3.  Өзінің  өмірлік  тәжірибесін,  алған  білімін  қолданып,  логикалық 
қорытындылар құрады және жинақтайды.  
4. Астана қаласының табиғатына ұқыпты қарауға тәрбиелейді.  
         «Мәңгілік  Ел»  идеясының  мақсаты  мен  міндеттері  жаңарған 
қазақстандық 
қоғамның  сұраныстарына 
сай  жастардың 
тұлғасын 
қалыптастыруға бағытталған. Демек, олар тәрбие теориясының әдіснамалық 
көзқарастары негізінде жүзеге асуы тиіс.  
Патриоттық  сезім  табиғатында  сан  қырлы,  ол  жеке  тұлғаның  барлық 
қырларын  біріктіреді:  адамгершілік,  еңбек,  ойлау,  эстетикалық,  сонымен 
қатар,  физикалық  дамуын  және  бірыңғай  нәтиже  алу  үшін  әрбір  қырынан 
әсер  етуді  ұсынады.  «Мәңгілік  Ел  -  бұл  -  Тәуелсіздік  және  Астана» 
құндылықтарға  баулудың  негізгі  нәтижесі  сабақ  арқылы  балалардың  туған 
қаласына,  оның  әдемі  көшелеріне,  даңғылдарына,  қаланың  сәулеті  көрікті 
жерлеріне  деген  мақтаныш  сезімі  болуы  қажет.  Экскурсия  барысында  олар 
қаланың  өзеннің  үстінде  және  оның  бір  бөлігі  оң  жағалауда,  бір  бөлігі  сол 
жағалауда  орналасқанын  біледі.  Айнала  қоршаған  күзгі  тірі  табиғатты  – 
саябақты,  бақты,  гүлзарларларды  бақылау  арқылы  олардың  өзгергенін 
байқайды.  Төменгі  сынып  оқушылары  біздің  елімізде  басты  қала  –  Астана 
болып табылатынын білуі қажет. Бұл қала олар үшін басты қала себебі, онда 
олардың үйі, мектебі, достары бар.  
Сабақ түрі: сабақ – экскурсия  
Технологиялар: дидактикалық ойындар, сыни ойлау, зерттеу тәсілі   
Технологияларды  таңдауда  кіріктірілген  сабақтарға  тоқталамыз. 
Материалдарды  осылайша  беру  арқылы  оқушылардың  біліктілігін 
қалыптастыруда ойын технологиялары қамтамасыз етіледі:  
• дидактикалық ойындар;  
• ақпараттық-коммуникативтік технологиялар;  
• рөлдік ойындар;  
• зияткерлік сайыс ойындар;  
• дамыту технологиясы (шығармашылық) ойын және т.б.  

99 
 
Аталған 
технологияларды 
ғалымдар 
және 
педагог-практиктер 
инновациялық факторлардың қатарына жатқызады. 
Жас ерекшеліктеріне қарай бастауыш мектептегі ойын технологиялары:  
- балалар еңбегінің қызықты және өнімді болуы;  
- дидактикалық (ой-өрісін кеңейту, еңбек дағдыларын дамыту);  
- тәрбиелеуші (ұжымдық, ынтымақтастық);  
- дамыту (ес, назар);  
-  әлеуметтендіру  (қоғамдық  құндылықтар  талаптарымен  танысу)  болып 
табылады. 
Қазақстанның  білім  беру  ұйымдарында  «Мәңгілік  Ел»  жалпыұлттық 
идеясының  негізіндегі  тәрбие  процесінің  мазмұны  белгіленген  формалар 
арқылы  іске  асырылады.  Нақты  процесте  қарастырылатын  тәрбие 
жұмысының түрі – «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының негізінде тәрбие 
процесін  ұйымдастыру  тәсілдері,  оқушылардың  қызметін  шығармашылық 
және жеке ұйымдастыру тәсілдері. 
Жоғары  сынып  оқушыларына  патриоттық  тәрбие  беруді  жүзеге 
асырудың  мынадай  формалары  ұсынылады:  экскурсия,  саяхат,  тақырыптық 
кештер,  брейн-рингтер,  дөңгелек  үстел,  қызықты,  іскерлік,  рөлдік  ойындар, 
қабырға  газеті,  конференциялар,  олимпиадалар,  кездесулер,  фестивалдар, 
викториналар, тренингтер, КТК, көрмелер, конкурстар.  
Білім беру ұйымдарында, әсіресе жоғары сыныптарда оқушылар әртүрлі 
іс-шаралар мен қоғамдық-саяси, көркем, еңбек, спорттық, еріктілік, туристік, 
экологиялық  және  т.б.  түрлі  қызмет  түрлеріне  өздері  ұйымдастырушылар 
болады. Әрбір қызмет түрінің өз мақсаты, міндеті, мазмұны болады. Оларды 
процесте іске асырушылар осы қызмет түріне қатысушылар болып табылады. 
Тәрбие  жұмысын  ұйымдастырушылар  іс-шараның  негізгі  мақсатын  ұсыну 
қажет. 
«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы арқылы оқушыларды тәрбиелеудің 
маңызды  шартына  тәрбиелеу  жағдайларының  нақты  соңғы  нәтижесіне 
бағдарлау,  білім  беру  процесінің  сапасын  арттыру;  оқушылардың 
шығармашылық 
белсенділігіне 
тірек 
болу; 
тәрбие 
процесінде 
ынталандырудың,  мадақтау  мен  жазалаудың  үйлесімді  жүйесін  тиімді 
пайдалануды,  жастардың  әлеуметтік  қамқорлығы  туралы  мәселелерді 
шешумен  бірге  тәрбиелік  ықпал  ету  міндеттерінің  байланысын;  тәрбие 
жұмысында  мектеп  оқушыларымен  жұмыс  жасауда  мұғалімдердің  белсенді 
ұстанымын;  тәрбие  жұмысын  оңтайлы  жоспарлауды  және  т.б.  жатқызуға 
болады.  
Кез  келген  іс-әрекет  неғұрлым  тиімді  болады  және  сапалы  нәтижелер 
береді,  ол  үшін  белсенді  әрекет  етуге  ықпал  ететін  барлық  күш-жігерін 
жұмсауға  дайын  болатындай  тұлғаның  күшті,  мықты,  терең  уәждері  болуы 
керек,  кейбір  кездесетін  қиыншылықтарды,  қолайсыз  жағдайларды  және 
басқа  да  жағдайларды  артқа  тастап,  жоспарланған  мақсаттарды  іске  асыру 
үшін  алға  қарай  ұмтылу  қажет.  Әрекет  уәждемесі  оның  ынтасымен  тығыз 
байланысты.  Ынталандыру  –  ойлануға  қозғау  салуға,  итермелеуші  күшке, 

100 
 
сезімге түрткі болу. Тұлғаға ықпал етуді күшейту және нығайту мақсатында 
патриоттық  тәрбиелеу  факторы  ретінде  ынталандырудың  әртүрлі  әдістері 
пайдаланылады, олардың арасында жарыстар, мадақтаулар, жазалау және т.б. 
барынша көп тараған түрлері болып табылады.  
Мысалы,  ынталандыру  әдісін  ұлы,  танымал  адамдардың  үлгісінде 
тәрбиелеу  кезінде  пайдалануға  болады.  Ұлы  тұлғалар  –  саяси  не  болмаса 
рухани қызметі қоғамның қажеттілігін толық көрсеткен және оның дамуына 
айрықша  әсер  еткен,  қызметі  мемлекеттен  тыс  жерлерге  таныс  және 
бүкіләлемдік маңыз бен танымалдылыққа ие болған адамдар. Сондықтан кез 
келген мемлекеттің тарихы неғұрлым жарқын және әсерлі көрініс беруі ұлы 
адамдардың  істерімен  байланысты  болуы  кездейсоқ  емес.  Заман  ағымыныа 
қарай  ұлы  адамдардың  өмірі  мен  қызметін  зерделеу  егер  бұл  адамдар  тек 
тарихты  қана  жасап  қоймай,  мәдени  құндылықтардың,  адамгершілік 
принциптер  мен  аталған  қоғамның  салт-дәстүрлердің  жетекшісі  болып 
табылса айрықша мәнге ие болады.  
Даңқты  тарихқа  ұлы  бабаларымызды  қосу  адамда  өз  еліне,  өзінің  ұлы 
тарихына, ұлы адамдарына деген мақтаныш сезімін қалыптастырады.  
Патриоттық  тәрбие  берудің  ең  күшті  құралының  бірі  өлкетану  болып 
табылады  –  табиғатты  тану,  туған  өлкенің  шаруашылығы  мен  тұрғындары, 
жергілікті  қауымдастықтың  өмірін  жақсарту  мақсатындағы  олардың  өткені 
мен  қазіргісі.  Бұл  бағыт  өзінің  бейнесін  білім  берудің  өңірлік 
қағидаттарынан,  оқушылардың  туған  өлке  туралы  толық,  терең  мазмұнды 
білімі мен туған өлке табиғаты мен туған жерге деген махаббат сезімінен, өз 
халқының салт-дәстүріне арналған құрметінен табады.  
 «Мәңгілік Ел» - бұл инновация негізіндегі тұрақты экономикалық өсім» 
құндылығына  баулу  арқылы  күтілетін  нәтиже:  зерттеу  қызметінің  әдістеме 
негізін  меңгеру.  Оқу  жылының  басы  мен  аяғында  шығармашылық  ойлауға 
тест өткізу арқылы зерттеу қызметінің беріктігі тексеріледі.  
Тұрғындардың  мәдениеті,  дәстүрлері,  тарихи  тұрмысының  ерекшелігі 
мен  өңірдің  экономикалық  дамуының  байланысын  терең  ұғынуға,  тестілеу, 
рөлдік  ойын,  тарихи  және  географиялық  өлкетану  саласындағы  зерттеу 
қызметі бойынша талдаудың қорытындысын жасау негізінде бағаланады.  
Шығармашылық ойлауын дамыта отырып, жұмыс болжамын ұсыну мен 
дәлелдеу  негізінде  шығармашылық  белсенділікті  арттыру  арқылы  зерттеу 
барысында  қойылған  міндеттерді  шешу  үшін  стандартты  емес  тәсілдерді 
қолдану  сапалы  көрсеткіштің  белгісі  болып  табылады.  Шығармашылық 
ойлаудың  дамуы  педагогикалық  бақылау  негізінде  бағаланады  және 
тәрбиеленушінің  зерттеу  қызметі  кезіндегі  жаңа  зерттеу  тақырыптарын 
ұсыну негізгі көрсеткіш болып саналады.  
Туған өлкені сүю, табиғатты аялап өсіру үшін өзінің өңірінде қоршаған 
ортану  жақсарту  негізінде  тәрбиеленушілердің  табиғатты  қорғау  әрекетіне 
дайын болуы маңызды көрсеткіш болып табылады.  
Тәуелсіздігіміздің  негізі  мәңгілік  ел,  қазақтың  мәңгілік  ғұмыры 
ұрпақтың  мәңгілік  болашағын  баянды  етуге  арналады.  Ендігі  ұлттық  және 

101 
 
жалпыадамзаттық құндылықтарды бойына сіңірген, білімді де білікті өскелең 
ұрпақ  мәңгілік  ел  болмақ.  «Мәңгілік  ел»  ұлттық  идеясы  негізінде  ұрпақ 
тәрбиесіндегі  басты  ұлттық  құндылықтарды  білім  беру  ұйымдарында  білім 
мен  тәрбие  беруде,  отбасында,  қоғамдық  іс-шараларда  жүзеге  асыру  қажет. 
Ұрпақ  тәрбиесіндегі  көкейкесті  мәселелердің  бірі  -  жетілген,  адамгершілік 
мәдениеті  қалыптасқан,  ұлттық  құндылықтарды  бойына  сіңірген  тұлға 
тәрбиелеу  болып  табылады.  Сондықтан  жастарға  азаматтық  тәрбие  бере 
отырып,  ұлттық  және  жалпыадамзаттық  құндылықтарды  ұрпақтан  ұрпаққа 
жеткізу,  ұлттық  тәрбие  жүйесін  сақтап  қалу  қажеттігі  туындап  отыр,  ол 
барша ұстаздардың және ата-аналардың міндеті. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   41




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет